Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос. Абай



жүктеу 0.51 Mb.

бет1/5
Дата10.03.2017
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3   4   5

Қ

қ

1



№ 44 (154) 7 қараша 2014 жыл

Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос.

Абай.

Құрыш


қала

  теміртау қалалық қоғамдық газет    7 қараша  жұма  2014 жыл   №  44 (154)

khurysh_khala@mail.ru

2 - бет


10 - бет

4 - бет


Орталықта 160 түрлі 

мемлекеттік қызмет 

көрсетіледі

Осыдан оншақты жыл бұрын пәтерге тіркелу неме-

се мекен-жайдан шығу жұмыстарының қаншалықты 

жүйке жұқартар болғанын байырғы тұрғындар әлі 

ұмыта қойған жоқ. Бұл тек біздің Теміртау қаласында 

ғана емес жалпы елімізде аса күрделі проблема 

болды. Соған байланысты ел үкіметі «бір терезе» 

қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін 

орталықтарды қолға алды. Қазір біздің қаламызда 

жұмыс істеп тұрған № 1 халыққа қызмет көрсету 

орталығы ашылғалы да біраз жылдардың жүзі болды. 

Ақынды 

еске алды

Теміртаулықтар Григорий Григориади есімін 

ұмытқан жоқ. Ол қаламызға өткен ғасырдың 60-

шы жылдары келді. ҰОС-на қатысқан ардагер 

денсаулығының кемдігіне қарамастан металлургтер 

шаһарының барлық мәдени-рухани өміріне белсе-

не араласты. Ең бастысы өзінің қуатты да құнарлы 

жырларымен шапағатшы болды. Бірнеше кітаптары 

жарыққа шықты. 

Қазақ хандығының 

мерейтойы мемлекеттік 

деңгейде мерекеленеді


№ 44 (154)  7 қараша 2014 жыл

Қ

қ



2

Апта-ақпар

Комбинатта

– Техникалық прогрестің 

нәтижесінде көптеген 

жаңалықтардың өмірге келуі 

өндірістік процестерді де 

жақсартты және осында жұмыс 

істейтін адамдарға сенімділік 

пен қуаныш сыйлады, – дейді 

цех бастығы.

Әрине, техниканың 

атқаратын рөлі орасан зор, де-

Үкіметтің арнайы 

қаулысына орай жер-су, 

көше аттарын өзгертуге 

алдымен сол жерде тұратын 

адамдардың нақты пікірі, 

өтініштері қажет болады. 

Теміртау қалалық әкімдігінде 

құрамында 15 адам бар 

ономастикалық комиссия 

құрылған еді. Әкімнің орынба-

сары Шолпан Мырзақасымова 

төрағалық ететін бұл қоғамдық 

топ мәдениет бөлімі арқылы 

түскен бірнеше өтінішті қарап 

комиссия мүшелері өздерінің 

салиқалы да салмақты ой-

пікірлерн білдірді. Заңдағы 

өзгерістерге орай енді қайта 

атаулар, өзгерістер көпшілік 

тыңдауларда талқыланып 

барып, депутаттық корпустың 

қарауынан кейін ғана 

жүзеге асатын болады. Бір 

ерекшелігі түпкілікті шешімді 

республикалық ономастикалық 

комиссия қабылдайды. Ал 

көше аттарын өзгерту онда 

тұратын барлық тұрғындардың 

ортақ шемімінен кейін ғана 

қозғалысқа түседі.

Қалалық мәдениет және 

тілдерді дамыту бөлімі көше 

аттарын өзгертуге байланысты 

4 арыз-шағымды қарады. Оның 

ішінде біреуі талқылаудан 

алынды, өйткені қалалық 

ардагерлер кеңесі танымал 

металлург Арғын Жүнісов 

есімін бір көшеге беруді өтінген 

Ономастика

төрт көше атауы өзгереді

тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жер-

су, көше аттарын қазақшалау, бұрынғы тарихи 

атауларын қайтарып беру үдерісі қарқынды 

жүрген еді. Өкінішке орай бұл істе асыра 

сілтеушілік пен орынсыз жағдайларға жол 

берілді. Сондықтан болар аймақтық билік 

атқарып келген жұмысқа біршама уақыт тоқтам 

салынғаны белгілі, енді үстіміздегі жылдан 

бас тап ономастика мәселесіне енгізілген 

заңдық өзгерістер нәтижесінде бұл жағдай 

қайта қолға алынды.

Үстіміздегі  жылдың  желтоқсан  айында  Семей  қаласнда  Ядролық 

медицина орталығы ашылатын болады. Бұл жөнінде денсаулық сақтау 

және әлеуметтік даму вице-министрі С.Мусинов мәлімдеді.

Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  онкологиялық  қызметтің  жетілдірудің 

іргелі  қдамдары  жасалып  жатыр.  алдағы  жылы  5  ірі  жоғары 

технологиялық  радиациялық  онкология  орталығы  Семей,  Астана,  ал-

маты, Ақтөбе, Қарағанды қалаларында ашылады. Басшы бүгінгі таңда 

Қазақстанда онкология сырқаттары барлық қажетті дәрі-дәрмектермен 

тегін қамтамасыз етілуде. Әңгіме барысына балалар мен жасөспірімдер 

денсаулығы  мәселесі  де  талқыланды.  Соңғы  жылдары  бала  өлімі 

азайды. Мәселен 2009 жылмен салыстырғанда 1,6 есе төмендеді де-

ген  дерек  тіркелген.  Сондай-ақ  босану  жасындағы  әйелдерге  қажетті 

медициналық көмекті жақсарту үшін бұл қызмет жаңалануда.

Вице-Министр елімізде 10 мектеп, 100 аурухана жобасы аясында 92 

емдеу орны ашылғанын айтты. Сондай-ақ жол бойында 26 санитарлық 

құтқару тіректері жұмыс істеуде. Соңғы жылдары 40 инсуль орталығы 

іске қосылған тағы да 30-ын ашу жоспарланып отыр.

Орталық коммуникация қызметі хабарлайды

Кеше  Үкімет  отырысында  алдағы  жылы  Қазақ  хандығының  550 

жылдығын  атап  өту  шаралары  және  елімізде  адам  капиталын  дамы-

ту  мәселелері  талқыланды.  Бұл  туралы  Орталық  коммуникациялар 

қызметінде өткен отырыстың қорытынды брифингінде мәлім етіледі.

Қазақ  хандығының  550  жылдығына  орай  ұйымдастырылатын  ша-

ралар жайында брифингте Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек 

Мұхамедиұлы баяндады.

«2015  жылы  біздің  еліміздегі  елеулі  оқиғалар  ауқымды  түрде 

өткізілетін  ерекше  жыл  болады.  Осы  орайда  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  20  жылдығы,  Қазақстан  Конституциясының  20 

жылдығы, сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қамтылмақ. Атап 

айтқанда,  алдағы  жылдағы  үлкен  шара  Қазақ  хандығы  құрылуының 

550  жылдығына  байланысты  болады»,  деді  министр.  Оның  сөзіне 

қарағанда,  Елбасының  тапсырмасы  бойынша  министрлік  қазіргі  кез-

де  үлкен  тұжырымдама  жасап,  кешегі  Үкімет  отырысында  осы  құжат 

кеңінен  талқылаудан  өтті.  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  «Тарих-и-

Рашиди» атты еңбегіне сүйене отырып, бүкіл ғалымдар бір тұжырымға 

келді.  Яғни,  осыған  сәйкес,  1465  жылы  Қазақ  хандығының  алғаш 

құрылған кезі атап өтіледі.



Қазақ хандығының 

мерейтойы мемлекеттік 

деңгейде мерекеленеді

Елімізде  Қазақ  хандығы  туралы  сыр  шертетін  20  сериялы  теле-

хикая түсіріледі. Бұл туралы алдыңғы күні Орталық коммуникациялар 

қызметіндегі  брифингте  Мәдениет  және  спорт  министрі  Арыстанбек 

Мұхамедиұлы мәлімдеді.

«Алдағы жылы Қазақ хандығына байланысты ғылыми конференци-

ялар, деректі және көркем фильмдер шығады. Оның ішінде, Елбасының 

тапсырмасымен Қазақ хандығына арналған 20 cериялы үлкен телехи-

кая түсіріледі», – деді министр.

Айта  кетейік,  алдағы  жылы  Қазақ  хандығының  550  жылдығына 

қатысты ауқымды шаралар ұйымдастырылады. Мерейтойға орай 100-

ге жуық ірі іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдық мерейтойына арналған шараларға 

қанша қаржы жұмсалатыны әзірге белгісіз. «Қазіргі уақытта іс-шаралар 

жоспарына сәйкес республикалық бюджеттен және жергілікті атқарушы 

органдар  тарапынан,  сонымен  қатар,  өзге  де  қаржы  көздері  тартылу-

да», – деді министр. Оның айтуынша, шаралардың басым бөлігі тарихи 

әрі идеологиялық бағытта ұйымдастырылатын болады.

Керей  және  Жәнібек  хандардың  Шу  мен  Талас  өзендерінің 

арасындағы  аймаққа  орналасып,  Қазақ  елі  туын  көтергеніне  550  жыл 

толады. Осыған орай, 2015 жылдың қыркүйек айында Елбасының және 

халықаралық  мәртебелі  меймандардың  қатысуымен  мерейтойдың 

қорытынды  шарасын  дәл  осы  Шу  мен  Талас  өзендері  аралығындағы 

алқапта өткізу жоспарланып отыр.

«2015 жыл елімізде елеулі оқиғалар ауқымды түрде өткізілетін ерек-

ше  жыл  болады.  Осы  орайда,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  20 

жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, сонымен қатар, 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қамтылады», – деді А.Мұхамедиұлы.



Қазақ хандығы туралы 

телехикая түсіріледі

Ядролық медицина 

орталығы ашылады

еді, әрине  қалаға еңбегі сіңген, 

қара металлургияның батыры, 

Президенттің үзеңгілесі  көше 

атауын алуға әбден лайық, 

дегенмен жаңа заң бойынша 

көзі тірі адамның есімін беруге 

тыйым салынған. Сондықтан 

бұл ұсыныс бірден кейін 

қайтарылды, ал журналист 

әрі жазушы Өтеген Әбдіраман 

Теміртау металлургтері туралы 

тұңғыш рет кітап жазған та-

нымал жазушы Зейін Шаш-

кин есіміне бір көше атауды 

ұсыныпты. Әрине, комиссия 

мүшелері бұл ұсынысқа ешбір 

қарсылық білдірген жоқ, 

қаралды, шығыс бөліктегі 

Калинин көшесін жазушы 

есімімен атау мүмкін болар 

деген ой да қарастырылды. 

Дегенмен соңғы сөзді мәслихат 

депутаттары, содан кейін 

республикалық комиссия айта-

ды. Тағы бір ұсыныс қаланың 

Металлургтер даңғылынан 8 

шағын, ауданға дейін созы-

лып жатқан жаңа көше бой-

ынша түсті, мұнда құрылыс 

әлдеқашан жүріп жатқанынан 

қарамастан көшенің ата-

уы жоқ. Осыдан бірер жыл 

бұрын дауылпаз ақын Қасым 

Аманжоловтың есімін есте 

қалдыру сөз болғанда осы 

жаңа көше тілге тиек етілген-

ді. Бұл ұсыныс елдің бәріне 

ұнады, дегенмен мораторий 

болғандықтан тиісті құжаттар 

жазылған жоқ, енді бұл про-

блема нақты шешімін табуға 

тиіс. Тағы бір ұсыныс белгілі 

жазушы Д.Оськиннің есімін 

бұрынырақта осы отбасы 

тұрған Степан Разин көшесіне 

беру туралы болды. Бұл 

ретте де ономастикалық топ 

оны жалпы жұртшылықтың 

талқылауына ұсынбақ. 

Комиссия мүшелері Мир 

даңғылы делініп жартылай 

орысша, жартылай қазақша 

шұбарланып тұрған қаланың 

басты көшесінің атын бірыңғай 

қазақтандыру керек дегенге 

тоқталды. 

Міне осылайша алты жылға 

созылған тоқтам мәресіне 

жетті. Енді жер-су, көше 

аттарын бүгінгі заманға және 

тарихқа лайықтап өзгерту 

мүмкіндігі бар. Дегенмен оның 

да өз тәртібі, заңда белгіленген 

реті, жолдары бар. Қалалық 

ономастикалық комиссияның 

отырысы жылына 2 рет өтіп 

тұратын болады. Мамандар 

әр жылы 7-8 көшенің атын 

өзгертіп отырсақ деген үмітте. 

Бұған дейінгі бір мақалада 

Теміртаудағы 150 көшенің 

тек оншақтысы ғана қазақша 

екенін жазған едік, қазіргі 

есеппен енді бір жиырма 

жылда қала көшелері түгел 

қазақшаланады деп ойлаймыз.

Серікгүл АлтАйБАЕвА

Əк күйдіру цехы коминаттағы жанама өндірістердің бірі болғанымен, оның 

өнімі мартен үшін аса қажет. Сондықтан 1964 жылы барлық жабдықтары 

қамтылып, №3 айналмалы пеш салынған еді. Қазір цехтың пештері де, басқа 

жабдықтары да толық жаңартылған. Мұнда жаңа газ тазалау қондырғысы 

қойылды. Соңғы бес жылда ғана көптеген жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 180-

200 градусқа шыдайтын құрылғылар қойылды. 

Əк – қажетті өнім

генмен қандай жұмыс болмасын

оны табысқа жеткізетін адамдар. 

Сондықтан бұл цех ұжымының 

ұйымшылдығы алдымен айтуға 

тұрарлық. Цех өнімі тек өндіріс 

процесіне ғана емес, жалпы қала 

шаруашылығына да тиімді. Жыл 

сайны көктемгі және күзгі жиын-

терін және тазалық жұмыстары 

кезінде осы цехтың өнімі пайда-

ланылып, барлық ағаштар, жол 

жиектері ағартылады. негізгі 

тұтынушы комбинат болғанымен, 

жылына 500 мың тонна  әк осы 

қала шаруашылығына да көп 

көмегін тигізуде. Әк өнідірісі әлі 

де толастамайды. 



Қ

қ

3



№ 44 (154) 7 қараша 2014 жыл

Экономика

Қалалық әкімдікте

Ел Үкіметі «Бизнестің жол кар-

тасы – 2020» арқылы Қазақстанда 

ірі,  орта  және  шағын  кәсіпкерлікті 

дамытуға  ерекше  қарқын  берді.

Мұны  біздің  Теміртау  қаласының 

өмірінен  де  көруге  болады. 

Үстіміздегі  жылы  осы  іргелі  істің 

2  жобасы  жүзеге  асуда,  оның  бірі 

«Қазгазоблок»  ЖШС  жүзеге  асы-

рып  отырған  құрылыс  материал-

дары  өндірісі.  Облысымыздың 

аймағындағы  бірегей  осы  жоба 

арқылы қазіргі заманғы қабырғалық 

панельдер 

мен 


газоблоктар 

шығарылуда, бұл материалдардың 

негізгі қасиеті мықтылығы, жеңілдігі, 

аязға  шыдамдылығы  болып  табы-

лады.  Алдағы  наурыз  айында  іске 

қосылатын    жобаның  құны  982,8 

млн. теңге, жаңадан 80 жұмыс орны 

ашылады.  Бизнестің  жол  картасы 

бағдарламасы  бойынша  құпталып 

пайыздық 

төлеміне 

кепілдік 

берілген 

жаңа 


кәсірпорынның 

басқалардан 

артықшылығы 

жабдықтарының  заманауи,  әрі 

бәсекеге 

қабілеттілігінде 

бо-

лып  отыр.  Тағы  бір  жобаны 



«Іңкәр-1»  ЖШС  қолға  алды.  Темір 

өндіріп  өндіріске  қажетті  жабдық 

шығаратын  бұл  кәсіпорын  30  млн. 

теңгелік жаңа жобаны игеру арқылы 

5 адамды еңбекпен қамтиды.

Әрине  шағын  және  орта 

бизнестің төрт аяғы тең басып кетті 

деп айтуға әлі ертерек, осы жылғы 

1  қазандағы  дерек  бойынша  2422 

кәсіпорынның  1716-ы  жұмыс  істеп 

тұрғанымен  559-ы  іс-әрекетсіз 

қарап  тұрғанын  білеміз.  Ал  679-ы 

туралы  ешбір  хабар  жоқ.  Жалпы 

тіркелген ұжымның 23 пайызы бос 

тұрғандар  қатарында  болуы  бұл 

экономикаға аз шығын емес. Бүгінгі 

таңда  солардың  40-ы  қайтадан 

өзінің  жұмысын  жандандыруда., 

ал  403-і  жұмыс  істеп  тұрғанына 

қарамастан  экономикаға  ешбір 

пайда  бермей  отыр,  сондықтан 

қаладағы 

салық, 

статистика 



басқарма  мамандары  біріккен 

жұмысшы  тобын  құрып,  олардың 

нақты жағдайын сараптауда.

Бизнестің  жол  картасы  –  2020 

бағдарламасы аясында өз жұмысын 

қайта 


бастаған 

кәсіпорынның 

бірі  «Бидай  –  нан»  ЖШС-ның 

кондитерлік  цехы,  биылғы  тоғыз 

айда  326  млн.  теңгенің  2499  тон-

на  өнімі  шығарылды.  Сондай-ақ 

«Теміртау кірпіші» жылына 35 млн. 

дана  құрылыстық  кірпіш  өнімдерін 

өндіруге  қадам  жасауда.  ТЭМК 

АҚ  өндірісінде  де  жаңа  цехты  іске 

қосуға  бағытталған  жұмыс  қарқын 

алды.


Қазақстандық мазмұн

Өндіріс өркендеп, елдің экономикасы инновациялық мазмұнда дамып келе жатқан қазіргі кезеңде 

тек шетелдік өнімдерге ғана арқа сүйемей, алдымен Қазақстанда шығарылатын тауарлар мен қызметті 

пайдаланудың маңызы зор. Бұл міндетті Елбасымыз Н.Назарбаев әрбір басқосуларда үнемі қадағалап 

тапсырып келеді. Осы ретте үлкен өндіріс ошағы Теміртауда тоғыз ірі кәсіпорын қазақстандық мазмұнға  

қосылатын үлесті арттыру үшін үнемі мониторинг арқылы бақыланады. Бұл жөнінде қалалық әкімдіктің 

кезекті аппарат мәжілісінде «Кәсіпкерлік және өнеркәіп бөлімнің» басшысы міндетін атқарушы Самат Зия-

шев жан-жақты баяндады.

Қаламыздағы  ірі  тоғыз  кәсіп-

орын ның  үстіміздегі  жылғы  ал ғаш-

қы үш тоқсанда  елде шығарылатын 

тауарлар  мен  қыз метті  пайда-

лануы  жағынан    қазақстандық 

мазмұнның  89,3  пайызға  жеткенін 

айтуға  болады.  Жалпы  жыл  ба-

сынан  бері  24096,7  млн.  теңгенің 

құрал-жабдығы алынып, қызметтер 

пайдаланылса,  соның  21  518,3 

млн.  теңгесі  отандық  өнімдер.  Бір 

айта  кетерлігі,  жергілікті  өнімді 

тұтыну осыдан екі жыл бұрынғыдан 

2,7  пайыз  өскен.  Сонымен  бірге 

қаланың  24  кәсіпорны  отандық 

өнім  деген  арнайы  сертификатқа 

ие  болды.  Бұл  облыс  бойынша 

көрсеткіштің  15  пайызына  тең.  Ел 

Үкіметінің  мұндай  құжатты  алуды 

барынша  жеңілдетуі  және  оның 

жарамдылық  мерзімін  үш  жылға 

дейін ұлғайтуы кәсіпкерлерге үлкен 

көмек болды. 

Отандық 

мазмұн 


дегенде 

қала  ұстаушы  «АрселорМиттал 

Теміртау»  АҚ  үлесін  бөле-жара 

айтпауға  болмайды.  Металлургтер 

жыл  басынан  бері  19306,0  млн. 

теңгенің өнімдерін сатып алған бол-

са,  соның  77,3  пайызы  жергілікті 

тауарлар.  Компания  қазақстандық 

мазмұнды 

ұдайы 


арттырудың 

нақты жоспарын жасаған. Мәселен,  

кәсіпорын төңірегінде «Промтехно-

логия» ЖШС сияқты қосымша биз-

нестер  дамуда.  Сондай-ақ  бұрын 

осы  өндіріс  құрамында  болған 

бірнеше  бөлімшелер  жеке  бөлініп, 

аутсорсинг  бойынша  дербестік 

алды.  Жыл  сайын  жергілікті  ма-

мандарды  оқытып  дайындауға  үш 

млн.  доллар  қаражат  бөлінуде. 

Өнімдерді өткізудің жолын кеңейту 

үшін республиканың бес аймағында 

сервис  орталықтары  ашылды. 

Үстіміздегі  жылы  «Қазақс танның 

ең үздік тауары» конкурс-көрмесіне 

біздің  қаланың  кәсіпкерлері  де 

қатысты. 

Экономиканың 

қозғаушы 

күштерінің  бірі  шағын  бизнес 

екені  белгілі.  Бұл  ретте  Теміртау 

белсенді  жұмыс  істейтін  бизнестің 

орталығы  деп  айтуға  болады. 

Қаламызда 6039 шағын кәсіпкерлік 

мекемесі тіркелген, бұл цифр был-

тыр  5770  еді.  Шағын  және  орта 

бизнес  жыл  басынан  бері  35  600 

млн.  теңгенің  өнімін  шығарды, 

қала бюджетіне  2520,0 млн. теңге 

салық  төленді,  бұл  былтырғы 

сәйкес  мерзімдегіден  әлдеқайда 

көп.  Олай  болса,  қаламызда  ірі 

кәсіпорындармен қатар шағын биз-

нес  те  ілгерілеп  келеді.  Үдемелі 

индустриялық-инновациялық  даму 

бағдлар лама сы  аясында  бес  жоба 

аймақтың  индустрияландыру  кар-

тасына  енгізілді.  Олар  «Арселор-

Миттал  Теміртау»  өндірісінде  бо-

лат шығаруды 6 млн. тоннаға дейін 

жеткізу,  құрғақ  әдіспен  цемент 

өндіру, бетоннан теміржол шпалда-

рын  шығару,  ірі  жүк  машиналарын 

жөндейтін  станция  құру  ісі  екенін 

жұртшылық жақсы біледі. 

Кәсіпкерлік –

қозғаушы 

күш

Теміртау  2012-2020  жылдары  шағын  қалаларды  дамыту 



бағдарламасына енген  еліміздегі 28 шаһардың бірі. Осы ретте аймақтық 

үйлестіру кеңесі шағын бизнесті дамытуға мемлекеттік гранттар мен суб-

сидия  бөлуге  мол  мүмкіндік  алып  отыр.  Биыл  және  алдағы  жылы  құны 

20 млн. теңге тұратын жеті жоба қолдау тауып, шағын бизнестің қатары 

көбейді. Олардың ішінде механикалық цех, балық өсіруді дамыту, су таза-

лайтын кәсіпорын, ағылшын тілінде бос уақытты өткізетін клуб, тоқылмаған 

материалдарды  қайта  өңдеу  цехы,  ағаштан  есік-терезе  жасау  шеберха-

насы  сияқты  күнделікті  тұрмысқа  қажетті  өнімдер  шығарып,  қызметтер 

көрсететін жаңа шағын мекемелер бар. Дәл осы шағын қалаларды дамы-

ту бағдарламасы кәсіпкерлерге үлкен қолдау білдіруде. Биыл ұсынылған 

он жеті өтініштің он алтысы аймақтық үйлестіру кеңесі тарапынан қолдау 

тапты. Бұл мақсатқа 100 млн. теңге жұмсалмақ, ал мемлекеттен бөлінген 

субсидия қаражаты ар қылы төменгі пайызбен несие алып, бизнесін дамы-

татын кәсіпкерлердің қолға алған істері қаланы одан әрі өркендетуге және 

халыққа көрсетілетін қызметті барынша дамытуға бағытталған. Солардың 

бірнешеуін  атайтын  болсақ,  құрылыс  материалдарын,  мықты  арматура 

темірлерді шығару, тасымалдау көліктерін жаңарту, дүкендер мен монша, 

медициналық орталық, аспазхана құрылыстарын салу болып табылады. 

Еңбекпен қамту орталығының өтініші бойынша сегіз адамға шағын не-

сие беру мәселесі шешілді. Оның алтауы жұмыссыз болса, екеуі өзін-өзі 

еңбекпен қамтығандар. Қазіргі кезеңде осыдан төрт адам алғашқы іріктеу 

сатысынан  өтті.  Міне,  шағын  қалаларды  дамыту  бағ дар ламасы  аясын-

да  бөлінген  қара жатты  ұтымды  пайдаланып,  қайтарымсыз  несие  бөлу, 

банктің қарызын субсидиялау арқылы кәсіпкерлерге үлкен қамқорлық жа-

салып отыр. 

Шағын қала шырайы

Іскерлік

Ілгерілеу бағытымен

Міне қаламыздағы шағын және орта кәсіпкерліктің бүгінгі таңдағы аяқ алысы осындай. 

Экономиканың қозғаушы күші саналатын бизнес өркен жайса, елдің әл-ауқаты, тұрмысы 

жақсарып әлеуеті артатын болады, сондықтан ел үкіметі де дамудың дәл осы саласына 

ерекше қамқорлық жасап үлкен сенім артуда.

Бетті дайындаған Серікгүл АлтАйБАевА

Тоғыз айда 

тындырылған іс

«Кәсіпкерлік  және  өнеркәсіп  бөлімі»  елу  адамнан  жоғары  ұжымнан 

тұратын  отыз  өндіріс  ошағын  ай  сайын  зерттеп,  бағамдап  тұрады.  Бұл 

ретте  цифрлардың  көңіл  көншітерлік  екенін  атап  айтқан  жөн.  Жыл  ба-

сынан  бері  қаланың  өнеркәсіп  орындары  311,6  млрд.  теңгенің  өнімін 

шығарған,  өткен  жылдың  сәйкес  мерзімінде  бұл  көрсеткіш  245,9  млрд. 

теңге болған еді. Өсім 114 пайыз. Негізгі өнеркәсіп ошағы болып санала-

тын «АрселорМиттал Теміртау» жыл басынан бері 250,5 млрд. теңгенің 

өнімін шығарды, бұл қала бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімінің сексен 

пайызы. 2013 жылдың сәйкес мерзіміндегіден 136,1 пайыз артық. Қала 

бойынша  ірі,  орта  және  шағын  бизнес  тоғыз  айда  61,1  млрд.  теңгенің 

өнімін  шығарды.  Ал  «АрселорМиттал  Теміртау»  АҚ  жыл  басынан  бері 

24  08,1  мың  тонна  өнімді  тұтынушыларына  жөнелтті.  Мұның  өзі  қазіргі 

жаһандық  дағдарыс  жағдайында  қаламыздағы  өнеркәсіп  орындары 

өздерінің  ырғағынан  жаңылмай,  даму  бағытымен  қалыпты  жұмыс  істеп 

келе жатқанын көрсетеді.

Өнеркәсіпті  алға  жетелейтін  инвестиция  екені  мәлім,  бұл  ретте 

қаланың  іргелі кәсіпорындары мен ұйымдары негізгі қорға 45261,3 млрд. 

теңге  қаражат  қосу  мүмкіндігіне  ие  болды.  Бұл  цифр  осыдан  екі  жыл 

бұрын  42502  млрд.  теңге  көлемінде  еді.  Қосымша  инвестиция  ол  жаңа 

жұмыс  орны,  өсу-өркендеу  деген  сөз.  Жыл  басынан  бері  жаңадан  451 

жұмыс орнының құрылуы бұрынғы кәсіпорындардың ұлғаюы және жаңа 

өндірістердің ашылуы арқылы қол жеткен өрелі істердің бірі. Былтыр осы 

мерзімде 336 жаңа жұмыс орны құрылғанын айта кетсек, биылғы өсудің 

әлдеқайда қарқынды екенін көруге болады. 


№ 44 (154)  7 қараша 2014 жыл

Қ

қ



4

Халыққа қызмет

Әлеумет және әлеует



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал