Бір тойым болатыны сөзсіз менің



жүктеу 1.47 Mb.

бет8/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.47 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

АНА ТІЛІ

ж

аһанның жүрек лүпілі



Әзірлеген Нұрлан ҚұМаР

ж

аһанның жүрек лүпілі



тағзым

Сексеннің сеңгірі деп, 

бұл жасты құдайдың 

ілуде бір сүйген құлы 

ғана жететін құзар 

шың деп жүрсек, етегіне 

табанымыз тиюге таяу 

қалғанда көш жер деп 

жүргеніміз осы жер 

екеніне көзіміз енді 

жетті. Сол сексеннің 

сеңгіріне бастауыштан 

бастап бірге оқыған 

сыныптас досым, 

Қазақстанның құрметті 

құрылысшыларының бірі 

Қайролла Ахметжанов 

та алшаң басып шығып 

отыр. Оның қасында 

иық тірестіріп адасым, 

әрі қаламдасым, эфир 

насихатының нарқасқа 

тұлғасы Саркен Оспа-

нов та тұруы керек еді. 

Алайда бейдауа тағдыр 

төтелеп келіп, төпелеп 

соғып, мерейлі жасы-

на жеткізбей берендей 

берік, тереңдей тұнық 

досымызды арамыздан 

ертерек алып кетті. 

Сәкеңнің  журнал  ұжымындағы  беделі 

жақсы екен. Жазғандарының бәрі жария­

ланып тұрады. Әсіресе, оның отбасының 

іріңгезегін сынайтын, некебұзарлар мен 

көрсеқызарларды  мінейтін  сықақ  өлең­

дері  жұртшылық  жүрегіне  жол  тапқан 

тәп­тәуір туындылар еді. Бірақ ол сықақ 

жанрын  түп  ізіне  түсіп,  түбегейлі  кәсіп 

етіп қумады. Асылы, ол туа бітті юморист 

болатын. Сықақты түпкілікті кәсіп қып 

қумағанымен, өз ортамызда әрқайсымызға 

арнаған  әзіл­оспақтары  күлкіден  езу 

жиғызбай, шек­сілемізді қатыратын. 

Қызығынан қиындығы көп, құрметі­

нен міндеті көп, сауаптылығынан жауап­

ты лығы  көп  журналистік  жұмыстың 

алғашқы баспалдағынан қазақтың маңда­

йына  басқан  марқасқа  Ілияс  Омаров, 

Ілияс Есенберлин, Әмина Жәкетова сын­

ды  зиялыларының  қамқор  қанатының 

аясында  өтіп,  тәлім­тәрбиесін  көрген, 

академик­жазушы Ғабиден Мұстафиннің 

әдеби хатшысы ретінде таным көкжиегін 

кеңейткен  ол  1965  жылы  Қазақ  радио­

сының табалдырығын аттағанда өмірден 

жиған  тәжірибесі,  өнерден  алған 

тағылымы әжептәуір азамат еді. Мағлұмат­

ының молдығы, талабының зорлығы жаңа 

жұмыста да оны соны өрістерге ұмтылтып, 

жаңалық  ашуға  құлшынтты.  Оның  игі 

жемісі  –  «Шалқар»  ақпараттық­сазды 

бағдарламасының дүниеге келуі еді.

«Алпысыншы  жылдары  кеңестік 

кеңістіктің  пиғылы  тарылып,  қазақ 

мектептері мен балабақшалары жабылып, 

радиохабарлардың алпыс пайыздан аста­

мы өзіміз ұлы деп өрге көтеріп, өктем ет­

кен орыс тілінде өріс алып тұрған шақ еді 

ғой. Мұндайда ашық әңгіме құру қайда, 

сыбырласудың өзінен секем алатын кез­

де ұлттық бағдарлама ашу жөнінде батыл 

қадам жасау ерлікке бара­бар іс болатын», 

–  деп  жазады  Саркен  Оспановтың  өзі. 

Бұл арада ізгі ниеттің жүзеге асуына сол 

тұстағы Телерадио комитетінің төрағасы, 

көшелі  қайраткер,  көрнекті  қаламгер 

Кенжеболат  Шалабаевтың  таланты  мен 

табандылығы,  өткірлігі  мен  өтімділігі, 

беделі мен білгірлігі айрықша рөл атқар­

ды. «Шалғайдағы ауылдарға, жайлаудағы 

малшыларға,  кен  барлаушыларға  радио 

нүктелері  жетпей  жатыр»  деген  желеуді 

бетке ұстап, ол мәселені өзіміздің Орталық 

партия комитетіне ғана емес, Мәскеудің 

өзіне  де  қойды.  Сөйтіп,  Бүкілодақтық 

радионың  «Маягы»  мен  Украинаның 

«Промингінен» кейін Кеңестер Одағында 

үшінші болып «Шалқар» ұлттық бағдар­

ламасы шаңырақ көтерді.

Әрине, ұлт намысын арқалап, ұлттық 

құндылықтарды, өркені өскен елдің өрелі 

істерін насихаттайтын бұл бағдарламаны 

ойдағыдай  етіп  эфирге  алып  шығу  бір 

ғана редакция қызметкерлерінің қолынан 

келетін  шаруа  емес.  Сондықтан  оның 

жұмысына  ой  өрісі  кең  штаттан  тыс 

шолушылар  мен  атақ­даңқы  бар  айту­

лы  авторларды  тарту  керек  болды.  Сол 

тұста  Сұлтан  Сартаев,  Құдыс  Бижанов, 

Аяп  Нұрқанов,  Ғани  Ермекбаев,  Сара 

Сәбитова сияқты санаткер ғалымдар, ер­

теде оқыған этнограф Садық Қасиманов 

сынды сыйлы ақсақалдар бағдарламаның 

бедел алуына, жұртқа жағуына өлшеусіз 

үлес  қосты.  Әлбетте,  оларды  ортақ  іске 

жұмылдырып, жұмысты ың­шыңсыз жү­

йелі ұйымдастыруда аз сөйлеп, көп тын­

дыратын  басты  бағдарламаның  тұң ғыш 

бас редакторы Саркен Шұғайыпұлының 

еңбегі өз алдына бір төбе. Оған өзі «тұң­

ғыш» деген сөз жарасып тұратын. Ол Қа­

зақ стан журналистері арасынан тұң  ғыш 

рет  Кремльдің  Съездер  сарайынан  ре­

портаж жүргізген қазақ, Байқоңыр ғарыш 

айлағынан қазақ тілінде тұңғыш хабарды 

тарату да соның еншісіне тиген. Шетел­

дерден тікелей ақпарат алуды да тұңғыш 

бастаған  сол.  «Шалқарды»  бір  шыңға 

көтерген соң ол шетел қазақтарына хабар 

тарататын «Атамекен» радиостансасына 

бас редактор болды. 

С.Оспановтың осы кездегі басшылық 

алғырлығы,  журналистік  тапқырлығы, 

азаматтық  имандылығы  туралы  кезінде 

қызметтес  болған  белгілі  сазгер,  өнер 

зерттеуші Әшірхан Телғозы елжірей еске 

алады.


– Сәкең қызметте жан­жағына сер­

гек қарап, айналасындағы әріптестеріне 

жаймашуақ  жеңіл  әзіл­қалжыңдарын 

үзбей айта жүріп, шаршамай­шалдық пай 

еңбек еткен ақжарқын, абзал азамат бол­

ды. Онымен өткен қызықты күндерді қа­

лай ұмытарсыз. Бірде мынадай бір қызық 

жайт боп қалды, – дейді сазгер сөзін әрі 

қарай  сабақтап.  –  Республикамызда 

Наурыз  мейрамының  қайтадан  тойлана 

бастаған тұсы. Сәкеңнің басшылығымен 

бір жылы біздің редакция ұжымы Наурыз­

ды  бөлек  тойладық.  Қыз­келіншектер 

наурыз  көже  әзірлеп,  жеміс­жидек, 

тәттілермен,  түрлі  тағамдармен  үлкен 

бөлмеге жайылған дастарқанды жайнат­

ты да қойды. Жұрт дастарқанға жайғасып 

болған соң бәріміз төрге озған бас редак­

торымыз  Сәкеңнің  аузына  қарадық.  Ол 

бәрімізді айнала бір шолып өтті де, бетін 

сипап,  «Ағызуу­биллаһи»  деп  бастап 

Құран  оқуға  кірісті.  Жиналғандардың 

бәрі  оның  ашық  үніне  ұйып  селт  етпей 

тыңдай қалды. Аят сүрелерін оқып шығып 

ол қолын жайып, наурызға бағыштап бата 

берді.  Басқа  дін  өкілдері  де  алақан  жа­

йып  бетін  сипаған  сыңай  танытты.  Біз 

болсақ, бастығымызға іштей риза болып, 

бір көтеріліп қалдық. Бас редактордың аят 

оқып, мерекені батамен бастауы күтпеген 

жайт еді. Ол күнде Құран оқымақ түгілі, 

көпшіліктің дін туралы ұғымының өзі ша­

малы. Мұсылман деген тек аты ғана. Сол 

кездің  өзінде  Сәкеңнің  бұл  бастамасы 

үлкен ерлік екен ғой. Тіпті, керек десеңіз 

– көрегендік, елдің ғана емес, діннің де 

ертеңіне деген сенім, ұлағат, имандылық 

болатын.


Зайыры,  кісінің  дінге  ұюы,  иман­

дылықты әспеттеуі, Құранды қастер леуі 

тегіне де байланысты болса керек. Көкше 

өңірінің  атақты  тәуіп­балгері  Сүйіндік 

бақсы  Саркеннің  жамағайыны  ғана 

емес, жақын туыстарының бірі болатын. 

Сүйекең менің әдейі іздеп барып көрген, 

дастарқанынан  дәм  татқан  кісім.  Қияқ 

мұртты,  кеспелтек,  аса  қияпатты  адам 

болатын. Қара домбырасын күмбірлетіп, 

жырлай жөнелгенде еліге тыңдап, еріксіз 

ұйып қалатынсың. Отқа сап қып­қызыл 

ғып  қыздырған  балтаны,  шыжылда­

та  жалап,  зікір  салатыны,  жүйке  ауру­

ларын  үшкіріп  емдейтіні,  сынық  салу 

шеберлігі өз алдына, оның тамақ бездерін 

сылығанда ешқандай із қалдырмайтыны 

таңқаларлық. Оған қоса оның сиқыршы 

гипнозы және бар. Бұның бір мысалы мы­

нау.


–  Бірде  менің  жездем  Мүбәрак 

қадырмен  құрдасы  Сүйіндіктің  үйіне 

әпкемді  алып  қонаққа  барады.  Көптен 

кездеспеген қос құрдас қуана қауышып, 

арғы­бергіні еске салып, ара­тұра ақаңнан 

да сілтеп қойып, бір күн, бір түн думанда­

тады. Мейман ертеңіне «елге қайтайын» 

деп ат жеккізсе, Сүйіндік «тағы бір күн қон, 

кетпе»  деп  құрдасына  жатта­жабысады. 

«Қой, қонақ бір қонса құт, екі қонса жұт» 

деген, кетеміз, ауылда да шаруа бар» деп 

Мүкең  көнбейді.  «Көнбесең,  әуселеңді 

көрейін, кетіп көр» дейді Сүйекең. Жоқ, 

жүреміз деп қақпадан шықса, жегулі аты 

осқырып, арындап маңына жолат пай  ды. 

Жағдайды замат түсіне қойған қонақ: «Жа­

райды, сен жеңдің, енді атымды қал  пы на 

келтіріп бер, әйтпесе жетекті сын  дыр ар 

түрі бар ғой» деп, райынан қайтыпты. «Ә, 

солай ма» деп күлген Сүйінді «сап, жану­

ар, сап» деп сауырынан сипап жібер ген­

де бір оқыранып қойып, көк ат бұрынғы 

қалпына келіпті.

Сүйіндік бақсының бұндай қарекет­

қылықтары жайында ел аузында сан алу­

ан  әңгіме  бар.  Сексенінші  жылдардың 

басында бақсы ата өмірден өтіп, Саркен 

топырақ салуға Алматыдан арнайы барып 

қайтқанда  Жәкең,  Жәнәбіл  Темірбеков 

екеуміз оның үйіне көңіл айтқалы кіріп 

шыққанбыз.  Сонда  Сәкең  ағасының  өз 

оқуында  микрофонға  жаздырған  Құран 

сүрелерін тыңдатқаны бар. Күмбірлеген 

үн, келісті мақам жан жүйемізді босатқан 

еді.  «Жарықтық,  мені  еске  алғанда  осы 

үнтаспаны қосып отырсаңдар болды, ар­

тымда  іздеушім  бар  екен,  деп  бір  аунап 

түсіп  жатам  ғой»  деп  балаларына  өсиет 

етіпті», – деп Сәкеңнің көзіне жас алға­

нын көргенбіз. Содан бастап ол пайғамбар 

хадистерін жаттап, құран сүрелерін оқи 

бастады  да,  біз  оны  батагөй  үлкеніміз 

деп қадір тұттық. Сонда да қалжыңымыз 

қалмай: «молдеке, бір ағамыз ішіп алып 

сәждеге жығылып жатып, әлгі арақты ка­

маз жыпыртады» деген екен. Мына таһил 

шарабынан тартып жіберсеңіз қайтеді?» 

дегенімізде: «Әй, балалар, қой оларыңды, 

қойыңдар» деп жүзі нұрланып ыржия бір 

күліп қоюшы еді.

Бауырымыз бүтін, төрт көзіміз түгел, 

отырған жеріміз – ойын­күлкі, әзіл­қал­

жыңға  толы  сол  бір  күндер­ай!  Көзден 

бұлбұл  ұштыңдар­ау!  Саркеннің  жетпіс 

жасқа толғанын желпілдетіп атап өткенде 

де қатарымыз онша көп сирей қоймаған, 

бауыр етіміз – балалар аман кез еді.

Саркеннің  әкесі  Шұғайып  отыз 

жеті мүшелінде кенеттен қайтыс болған 

екен.  Сондықтан  ол  мүшел  қатер  деп 

қорқатын. Соған қарамастан, ол қырық 

тоғызды  төпелеп,  алпыс  бірді  артқа  са­

лып, жетпіс үш мүшелге таяп қалған­ды. 

Сол  себепті  «енді  сен  әкеңнің  жасын­

дай үш ғұмыр кешесің» деп игі тілекпен 

өлең  арнағанмын.  Оған  эпиграф  етіп 

Шөже  ақынның  Орынбайға  айтқан 

«Нағыз Көлдей емессің, Жаулыбайсың» 

деген  сөзін  алғанмын.  Ал  Жаулыбай 

Қарауылдың  ішіндегі  менің  атам.  Тілек 

былай толқиды:

Бабаң іздеп бағзыда жерді байсын,

Ағайыннан шет кеткен Жаулыбайсың.

Шоқтыбайдың ішінде жүрсең­дағы,

Орынбайдан сөз берсе айнымайсың.

Әміредей кей кезде тақуасың,

Сүйіндіктей аруақ та шақырасың.

Аруақ буып, сөз қуып отырғанда,

Туады өлең ойы ұшқыр, оты басым.

Сол үрдіспен ұрпаққа сөз таныттың,

Көмейден – күй, 

көңілден қаптап ұшқын.

Әліппесін өлеңнің қолға алғанбыз,

Газеттен жырын 

оқып «С.Оспановтың».

Жетпістің шығып, міне, желкесіне,

Сол «С.Оспанов» айналды ел еркесіне.

Ол­пұлымен елу жыл және толды

Шыққаныңа Ақсораң өркешіне.

Ұдайы өмір өрінде жүзіп келдің,

Қиындық, қызықты да біліп, көрдің.

Динарыңнан хат күтіп жемі болдың

Құлқыны кең Құрмаштай жігіттердің.

Елге аян елеулі ердің бірі екенің,

Еңбегіңмен тұлғаңның ірі екені.

Қатар жүріп бірге еңсер 

жан жарыңмен

Үш ғұмырын өз әкең Шұғекеңнің, 

Динармен бірге жасап жүр екеуің. 

Бірақ таскерең тағдыр қай тілекке құлақ 

аса береді дейсің? Саркеннің өзі қорқатын 

әке мүшеліне әне­міне жеткелі жүргенінде 

сүйікті ұлы, өзінің жолын қуып жап­жақсы 

радиожурналист боп қалыптасып қалған 

Жанғали ойда жоқта өмірден өтіп кетті де, 

соның қайғысы жүрегіне ажал қанжары боп 

қадалды. Араға жыл салып Жанғалиының 

соңынан Саркен де пәниден бақиға аттан­

ды. Артында аңырап құдай қосқан қосағы 

Динар, тұңғышы Байғали мен қызы Анар, 

үш  немересі  қалды,  қабырғасы  қайысып 

ағайын­туыс,  дос­жараны,  отыз  жылдай 

ай­шай деспей, тізе қосып еңбек еткен тату 

ұжымы қалды. Жазғандарын түгел де р лік 

эфир  жұтқан  жаны  жомарт  қалам гер дің 

негізінен  қойын  дәптеріндегі  өлең­жыр, 

әзіл­оспақ арнауларынан құрастыр ылған 

«Шыным да, сырым да осы...» атты кітабы 

қалды. Ардан аттамаған адал да ақжарқын, 

ибалы  да  иманды  азаматтың  көзіндей, 

кейінгіге айтар сөзіндей бұл жинақ жолдас­

жораларының, туыс­тумаларының жаны­

на  майдай  жағатын  мөлдір  де  мазмұнды 

еңбек. 


Әдеттегідей  жүзіне  күлкі  үйіріліп, 

көзінен мейірім төгіліп, діні берік, дені бе­

рен досымыз Саркен жарқылдап ортамыз­

да жүрсе ғой, сексеннің сайгүлігін ерттеп 

мінген Қайролла досына: 

Қайроллаға бес ата қолын беріп,

Бес әжеге Розаның жолын беріп,

Немерелер көбейді үпір­шүпір,

Қарттар  енді  ысырыл,  орын  беріп, 

–  деп  әзілдейтіні  айдан  анық  болатын. 

Өйткені  ол  әдемі  әзілімен,  қуақы  қал­

жыңымен жүрген жеріне қуаныш сыйлай­

тын дінге бейіл, ділге берік жан еді ғой.

сарбас аҚТаЕв,

жазушы 

Дінге бейіл, 

Ділге берік Дос

сәл  қысылып,  мейірім  шашып  тұрады. 

Қайратты  қара  шашы  ырыққа  көнбей 

күзелген құланның жалындай тікірейеді. 

Дастарқан басында әңгіме­дүкеннің кілті 

ашылып:


– Қожа, Құрмаш және мен, өзге жер 

өңменімізден  итеретіндей,  өзіміз  деп 

өзегіміз  өртеніп  Көкшеге  келдік.  Ал, 

өзіңнің не ойың бар? – деген Нөгербектің 

сауалына ол: 

– Динардың әлі бір жыл оқуы керек. 

Маған киностудиядан редакторлық орын 

дайындап  отыр.  Әзір  Алматыдан  табан 

аудара қоймаспыз, – деп байсалды жауап 

берді. – Астанадағы ең қиыны пәтер ғой. 

Әзір «жетім бұрышты» жағалай тұрамыз 

да.


Саркенге мен бірден іш тартып, бауыр 

басып кеттім. Бір жағынан екеуміз адас 

та сияқты екенбіз. Ағайын­туғандарым, 

әсіресе, нағашы жұртым еркелетіп, мені 

де  «Саркен»  атайды.  Екіншіден,  ол  ай­

тыс ақындарының атасы, атақты Орын­

бай Бертағыұлының кіндік қаны тамған 

Үш  қыз,  екі  ұл  өсіріп,  олардан  он 

немере,  бес  шөбере  сүйіп,  сексенге 

шалқып­толқып  жеткен  Қайролланы 

ауызға  алғанда,  ақ  ниетті  абзал  жан 

Саркеннің еске түсуі әсте де тегін емес. 

Ортамыздың  көркі,  сауығымыздың 

сәні  болып  екеуі  тізе  қосып  төрімізде 

отырғанда  тай­құлындай  тебісіп,  бір 

өңірде бірге өскен баршамыздың да төрт 

құбыламыз  тең,  дүние­мүлкіміз  түгел 

тәрізді көрінетін. Бірі әрқайсымызға әзіл 

арнап,  дос  дастарқанына  өлең  жазып 

әкеп оқыса, бірі құрылысшының салалы 

саусақтарымен домбыра шанағынан күй 

саумалап, «ақ білек» деп ән салып, думан­

ды отырысымызға жан кіргізіп, әрін ашып 

жүруші еді.

Бәлкім,  бастағы  тәрбиенің  тат 

баспаған  игі  әсері  болар,  екеуі  де  дінге 

бәрімізден бұрын бет бұрған­ды. Екеуі де 

пайғамбар хадистерін жырдай ғып, балын 

тамыза  айтып,  жарыса  Құран  оқығанда 

мақамдары  анау­мынау  молдаңды  он 

орап алатын. Кейде бір құдайы ас беріп, 

дұға оқытуға тура келсе, молда іздеп әуре 

болмайтынбыз.  Қос  құрдасты  төрдің 

төбесіне  шығарып  қойып,  біріне  аят 

оқытып, бірінен бата сұрайтынбыз. Кей­

де  «дұға  ақысы»  деп  орамалдың  шетіне 

әдейі  тиын­тебен  түйіп  беріп,  «тәбәрік 

болсын, алғандарыңды жуыңдар» деп те 

қалжыңдайтынбыз.  Арамыздағы  бірер 

жас  айырмашылыққа  қарамай,  әзіл­

қалжыңымыз  жарасатын  қос  құрдастан 

қауқылдап  Қайролла  ғана  қалып  отыр.

Сыйлас, қимас досы Саркені жарқылдап 

ортамызда  жүрсе,  сексеннің  сеңгіріне 

шыққан  оған  алпысқа  толғанында 

айтқанындай: 



Міне, сол Раушангүлдің еркесі 

сексеніңнен аттады,

Үйдің де, түздің де сенімін адал 

ақтады.

Өз өмірінде ащыны да, 

тұщыны да татқанмен,

Өкінбеді, өрекпімеді, 

дос­жаранды сатпады.

Бір кереметі құрылысшы деген 

құрметті істі меңгерген,

Бірақ кемерінен аспайды 

баяғы қалпы мен көрген.

Тойы деп бүкпей, түбіттей түтпей, 

ақиқатын айтсақ, ағайын,

Кімің бар кәне Ахметжанұлына 

тең келген?! 

– деп мәртебесін тағы да бір аспандатып 

тастар еді­ау.

Өз  басым,  сол  Саркенмен  Қайрол­

ладан  көп  кейін  таныстым.  Ол  екеуі 

кезінде  Көкшетаудың  жұрт  қысқартып 

«Қазпед»  атап  кеткен  Қазақ  педаго­

гика  училищесінде  бірге  оқыпты.  Бұл 

терістік  өңірдегі  оқытушылар  даярлай­

тын тұңғыш оқу орыны. Оны алғаш Алаш 

арыстарының  бірі  Жұмағали  Өтеулин 

Қызылжарда ұйымдастырып, онда ақиық 

ақын  Мағжан  Жұмабаев  дәріс  оқыған. 

Кейін Ұлы Отан соғысы басталған кезде 

ол Көкшетауға көшіріліп, оқып білім ала­

мын деген жастарға ырыс болды.

Саркен  Оспанов  сол  педучилищені 

елу төртінші жылы ойдағыдай тәмамдап, 

Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 

оның филология факультетін үздік дип­

ломмен бітіріп, Мәдениет министрлігінің 

жолдамасымен  «Қазақфильм»  кино­

студиясының  сценарий  бөліміне  редак­

тор болып барады. Саркенмен мені алғаш 

ауылдасым, бауырлас әріптесім Нөгербек 

Мағзұмов таныстырды.

–  Саркен  Оспановты  білесің  ғой, 

сол каникулға келіп, ауылынан оралған 

екен.  Бүгін  Алматыға  жүретін  көрінеді. 

Жүр,  шығарып  салайық,  –  деді  бірден. 

«С.Оспанов» дегеннің әредік газет­жур­

нал дарда жарияланып тұратын өлеңдері 

мен  мақалаларын  оқығаным  болмаса, 

түсін түстеп көрген жігітім емес. Жаңада 

үйленген жары Динардың нағашы апасы­

ның  үйіне  кеп  түскен  екен.  Орта  бой­

лы, ашаң жүзді, биік қабақ, ақсары жігіт 

бұрыннан  білетіндей  жарқылдап  кеп 

құшақтап  амандасты.  Биік  қабағының 

астынан күлкі үйірген көздері жымиғанда 

Палестина  автономиясының  Газа  аймағы 

Израиль дің әуе соққыларынан зардап шекті. Одан 

10 палестина лық қаза тауып, оннан астам адам жа­

раланды. Израиль ұшақтары атқан зымырандардың 

бірі  Палестинаның  Заң  шығарушы  Кеңесінің 

ғимаратына жақын жерде жарылды. Нәтижесінде екі 

адам опат болды. Осыдан бұрын Израиль ұшақтары 

палестиналық жасақшылардың төртеуін өлтірген бо­

латын. 

Халықаралық  Валюта  Қорының  басшысы 



Кристин  Лагард  Грекияға  көрсетілетін  қаржылай 

көмектің екінші легінің аясында осы елге қордан 28 

миллиард евро бөлуді ұсынды. Бұл ақшаны келесі 4 

жылдың ішінде беру жоспарланып отыр. Лагардтың 

ұсынысы Қордың басқарушы кеңесінде келесі апта­

да талқыланбақ. Афиныға ұсынылып отырған жаңа 

несие көптеген сарапшылар болжағаннан біршама 

көбірек болып шықты. Қаржылай көмектің көлемінің 

ұлғайтылуы  Грекия  үкіметінің  жекеменшік  сала 

инвесторларымен келісімге келуімен байланысты. 

Үкімет  пен  инвесторлар  несиелерді  құрылымдық 

жағынан қайта қарау бо йынша ортақ пікірге келген 

болатын. Мұның өзі елдің мемлекеттік қарыздарын 

107 миллиард долларға азайту ға жол ашты. Деген­

мен,  халықаралық  «Мудис»  рейтинг  агенттігі  Гре­

кияны қаржылық міндеттемелерін орындау жағынан 

дефолт жағдайындағы ел деп көрсетті. 

Әлемдегі  миллиардерлері  ең  көп  қала  Мәскеу 

болды. «Форбс» журналы мәлім еткендей, әлемдегі ең 

бай адамдардың тізімі бойынша Ресей астанасында 

78 адам, Нью­Йоркта 58 адам және Лондонда 39 адам 

тұрады. Дегенмен, «Форбс» журналының мәліметіне 

сүйенсек, ең көп миллиардер АҚШ­та өмір сүреді 

екен. Бұл елде 425 адам өте бай дәрежеде өмір сүреді. 

Ресей  бұл  көрсеткіш  бойынша  екінші  орынды 

иеленді, бұнда тұратын бақуатты адамдардың саны – 

96. Қытай 95 адаммен үшінші орынға табан тіреген. 

Аталмыш  журналдың  мәліметіне  сәйкес,  әлемдегі 

ең бай адам мексикалық медиамагнат Карлос Слим 

атанды.  Ең  бай  адамдардың  екінші  қатарында 

«Майкрософттың»  негізін  салушы  Билл  Гейтс  ор­

наласты. Ал, америкалық инвестор Уоррен Баффет 

44 миллиард доллар қаражатымен «қола» жүлдегер 

атанды. 2012 жылы әлемдегі ең бай адамдардың тізімі 

рекордтық 1226 адамға жетті. «Форбс» журналының 

мәліметі  бойынша,  олардың  жалпы  дәулеті  4,6 

триллион  долларды  құрады.  Бұл  өткен  жылғы 

көрсеткішпен салыстырғанда 100 миллардқа артық.

Англияда адам сенбес оқиға 

орын алды. Мұхит қойнауының 

тереңінде  өмір  сүретін  кит 

жағадан  бір  шақырымдай 

алыстағы  жазық  алаңнан 

табылған.  Ғалымдар  мұндай 

жағдай дың  мүмкін  еместігін 

айтып, бастары қатуда. Әзірше 

белгілі  болғаны,  бұл  олжа 

ала  киттер  тобына  жатады. 

Жануардың  мұндай  түрі  осы 

аймақта өте сирек кездеседі. Соңғы 20 жылда жергілікті 

өзен­көлдерде осы түрге жататын 3 кит қана тіркелген. 

АҚШ­тың  Ньюпорт  қаласының  тұрғыны  81 

жастағы Луиз Уайт «Пауэрбол» лотореясынан 336,4 

миллион доллар ұтты. Бағы жанған әже бұл билетті 

жергілікті азық­түлік дүкенінен сатып алыпты. Аяқ 

астынан байыған ол қомақты ұтысты бөлшектемей, 

барлық ақшасын алатынын айтты. Жалпы, «Пауэр­

бол» лотореясының тарихында болған ең үлкен ұтыс 

2006 жылы тіркелген. Сол кезде жолы болғыш адам 

365 миллион долларды ұтқан болатын. 

Мадагаскарда 65 адам қуатты «Ирина» тропикалық 

дауылының құрбаны болды. Апат салдарынан әсіресе, 

Мадагаскардың шығыс жағалауы елеулі зардап шекті. 

Мұнда  сағатына  200  шақырымға  жеткен  дауылды 

желдің екпіні үйлерді қиратып, ағаштарды құлатты. 

Аралдың  70  мыңнан  астам  тұрғыны  үйлерін  тастап 

шықты, бірнеше адам хабар­ошарсыз кетті.



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал