Бір тойым болатыны сөзсіз менің



жүктеу 1.47 Mb.

бет7/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

– Ендігі арманың қандай?

– Жуықта Дінмұхамед Қонаевтың 

туғанына  100  жыл  толуына  орай 

Алматыдағы  Абай  атындағы  Опера 

және  балет  театрында  еске  алу  жиы­

ны  болды  емес  пе?!  Мен  сол  жиынға 

барып,  театрда  екінші  қатарда  отыр 

едім,  кенет  Елбасымыз  Нұрсұлтан 

Әбішұлы кіріп келіп, алдыңғы қатарда 

отырған зиялылармен түгел қол беріп 

сәлемдесіп  шыққанда  жүзін  анық 

көрдім.  Сол  сәтте,  «әттең,  Елбасыға 

кездесіп  замандастарымның  оқуы, 

еңбегі, жалпы өмір тірлігі жөнінде өзім 

көзбен көрген, көңіліме түйген сырла­

рымды бөліссем» деген ойға берілдім. 

Енді  Елбасымен  жүздесіп,  тілдессем 

деймін.


–  Қарағым,  Ербол!  Баспасөзге 

қ а т ы с ы п ,   ө з і ң д і   т о л ғ а н д ы р ғ а н 

мәселелерді  жалықпай  жаза  берсең 

журналист  те  боласың,  ел  ағаларымен 

де  кездесіп  ой-толғаныстарыңды 

да  жеткізетінің  кәміл.  «арман  алға 

жетелейді»  дейді  ғой.  арманың  жақсы 

екен. Мұндай арман саған қанат беретіні 

сөзсіз.

Айтқан ақылыңызға рахмет, аға!



сұхбаттасқан 

Қ.ЖұМахаНұЛы

ұлыс оң болсын!

көне ертегі­жырларымызда алтын қазан іздеу 

салты кездеседі:

Сөз тыңда, құлақ салып, балам, маган, 

Астында дарияның алтын қазан. 

Әкелсең сол қазанды ерлік қылып

Беремін Күнсұлуды қосып саған.

(«Құламерген»).

Ертеректе Наурыз мейрамында ауылдың 

тайқазанына әр үй өзінің 7 түрлі тағам қосып 

пісіріп  әкелген  көжелерін  құятын,  сонда 

30–50 тамақ қоспасынан жасалған «наурыз 

көже»  немесе  «көп  көже»  болып  шығады. 

Бұл аспаздық жұмыстың бәрін елге қадірлі, 

ауылға  белгілі  әйел  –  бәйбіше  басқарады. 

Қазанды  иесіне  қайтарғанда  әбден  жуып, 

түбіне міндетті түрде піскен тамақ (бауырсақ, 

тоқаш,  ет)  салып,  құлағына  ақтық  бай­

лап қайтарады, өйтпесе «қазан өкпелейді», 

«қазан  шамданады»  деп  ырым  қылады. 

Қазақ арасында екі адам ренжіскенде «өкпесі 

қазандай», «өкпесі қара қазандай» деп айты­

латын сөз тіркестері осыдан шыққан. «Қара 

қазан, сар баланың қамы үшін», «Қара қазан 

сар бала, жылап жатыр көп бала» дегеніміз 

– халық, бұқара халық дегеннің баламасы. 

Атадан мирас болып келе жатқан қазаннан 

айырылу – құт­береке, байлықтан айыры­

лу,  оны  біреу  тартып  алса,  масқарашылық 

саналатын. Абылай хан 1780 ж. шамасында 

Ботаханды тірідей жерге көміп өлтіргенде, 

Олжабай бастаған батырлар ханның ауылы­

на ат ойнатып, ата­бабасынан келе жатқан 

қазанын алып кетеді.

Наурыздың басталуы екен. Наурызды қарсы 

алудың  бірінші  нышаны  –  үлкендердің 

балаларға сұрау салуы: 



Самалық, самалық, 

Көк құс көзін ашты ма? 

Аяғын жерге басты ма?

Самалық, самалық, 

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе? 

Самалық, самалық,

 Қап тауының көк құсы 

Жүгірді ме, көрдің бе?

Қазақтардың  астрономиялық  түсінігі 

бойынша, Жаңа жылда Күннің көзі көрінген 

уақыттан кейінгі екі сағат уақыт «күн сәті» 

деп саналады. Егер кімде­кім Ұлыс күнінің 

күн сәтінде күн шұғыласын маңдайымен то­

сып қарсы алса, оған Наурыз құты дариды 

деген дәстүрлі ұғымға сай, Жаңа күнді қарсы 

алу салты қалыптасқан. Күлімдеп көрінген 

Күнге иіліп сәлем беріп, «құт дарысын» деп, 

айнала төңірекке ақ бүркіп тарасады.

Жаңа жылдың бірінші күнінде күннің 

қалай атқаны, оның түр­түсі есепшілердің 

үнемі назарында болады. Жұлдызшылардың 

тәжірибесіне сүйенсек, күн бұл таңда төрт 

түрлі болып атуы мүмкін екен: 1) Күн егер 

жанған  оттай  қызарып,  қанқызыл  болып 

шықса,  ол  жылы  өлім­жітім,  өрт  көп  бо­

лады, соғыс, қантөгістер де болуы мүмкін; 

2)  Егер  күн  түсі  сары  қызыл  тартып, 

ыстық леп бір ден бетке ұрып, шақырайып 

шықса,  ол  жылы  құрғақшылық  болады. 

ғИбрАт

ұлыларымызды 



ұлықтай білейік

Иә,  жақсының  көлеңкесі  де  ыстық. 

Ғабеңнің  шығармаларымен  есейдік, 

ержеттік.  «Талпақ  танауынан»  бастап 

«Этнографиялық әңгіме», «Кездеспей кет­

кен бір бейне», «Қазақ солдаты», «Оянған 

өлкесінен»  бастап  «Ұлпан»  романына 

дейін, тіпті ең соңғы «Жат қолында» атты 

туындысын  түгел  дерлік  оқып  шықтым 

десем,  артық  болмас.  Мен  қос  Ғабеңді 

де  драматург  Шахмет  Хұсайынов  пен 

халық әртісі Бикен Римованың берекелі 

шаңырағында  кішкентай  бала  кезімде 

көргем. Ол кісілердің жиен қызы, егіздің 

сыңары Айманға менің марқұм ағам, про­

фессор Жамбыл Ошақбайұлы үйленген­

тұғын.  Шахаң  болса  талантына  қоса 

ақжарқын  да  көпшіл  болатын,  сөйтіп 

үйіне  әдебиетіміз  бен  өнеріміздің  небір 

марқасқалары  жиналатын.  Мұқаңмен 

де,  қос  Ғабеңмен,  Сәбеңмен  де  ол  дос 

еді.  Туған  ұлының  есімін  Мұқаңның 

«Еңлік­Кебек« трагедиясының кейіпкері, 

би  Көбейге  арнап  Серағаң­Серке 

Қожамқұлов қойған. Ғабеңе екі қолымды 

ұсынып «Ассалаумағалайкүм» деп сәлем 

бердім,  басында  бөркі,  қасында  асқан 

сұлу келбетті Рая апамыз. Баламын ғой, 

таңырқап  қарап  қалыппын.  Шахаңның 

жеке жұмыс кабинетінің төрт қабырғасы 

да кітаптарға лықа толы, креслосына оты­

рып көргенмін, сөйтсем, жазу үстеліндегі 

қолжазбалардың  бәрі  араб  қарпімен 

жазылған.  Алдында  драматургтің  өзі 

оңнан  солға  қарай  жазып  отырғанына 

таңқалғанмын.  Мұны  айтып  отырған 

себебім, 2002 жылы Ғабеңнің мұражайы 

ашылғанда,  кейбір  қолжазбалары  араб 

әрпімен құсниланғанын байқағам. 

Студенттік шәкірт кезімде политех­

энерго институтында оқып жүріп, ата­

анам  қайтыс  болып  кеткеннен  кейін 

жатақханада да, ағаларымның үйінде де 

тұрдым. Бірде Жамбыл ағам «моншаға 

барамыз,  Мүсіреповтың  кейіпкерін 

көресің»  деді.  Үйіміз  Мұратбаев  пен 

Құрманғазы көшелерінің қиылысында 

болатын,  ал  монша  Құрманғазының 

бойында,  Сейфуллин  көшесінің 

бұрышында еді. Кірдік буы бұрқыраған 

кең  залға.  Егделеу  тартқан,  арықша 

тарамыс  келген  ақсары  өңді  кісі 

моншадағы  легендерді  бірінің  үстіне 

бірін  тарсылдатып  қойып  текшелеп 

жүр  екен.  Түрі  бөтен  ұлтқа  ұқсайды. 

Иә, дәп сол! Ғабеңнің «Димка­Тимка» 

есімді кейіпкері! Өзі дұнған, тек орыс­

ша  сөйлейді,  қимылдары  шалт,  арсы­

гүрсі, артық ауыс жүргізбейді, тек қатал 

тәртіпті  сүйеді.  Ғажап,  классик  жазу­

шымыз қалай дәл суреттеген!

1976 жылы Мүсіреповтың «Ұлпан» ро­

маны басылып шықты. Бас алмай оқыдық. 

Сол  жылы  тұңғыш  қызым  Балжан  туып 

еді де, ара­гідік кешкесалым Алматыдағы 

Опера және балет театрының маңындағы 

гүлзарға баламды қыдырыстауға апаратын­

мын. Ол жерге сол маңайдағы ақсақалдар 

жиналатын, соның ішінде өзім танитын, 

әкемнің Қарқаралыдан бергі туыс досы, 

халық әртісі Жүсекең де (Жүсіпбек Елебе­

ков) бар. 

1982 жылдың ғажайып көркем сәуір 

айында  бұрынғы  Жоғарғы  Кеңестің 

үлкен  залында  Қазақстан  Жазушылар 

одағының  кезекті  съезі  өтті.  Төралқада 

халқымыздың  кемеңгер  ұлы  Димаш 

Ахметұлы  Қонаевтан  бастап  республи­

ка  басшылары  қаз­қатар  отырды.  Сол 

жолы  Олжас  Сүлейменов  Одақтың 

1­хатшысы  болып  сайланды.  Үзілісте 

көзінде  көзілдірік,  төсіне  Со циалистік 

Еңбек  Ерінің  алтын  жұлды зын  таққан 

Ғабең  Бауыржан  Момышұлымен 

қолтықтасып  жүрді.  Біз,  бір  топ  жас, 

арамызда  Асқар  Егеубаев,  Ұлықбек 

Есдәулетов  бар,  қаумаласа  қоршап  қос 

дүлдүлге сәлем бердік. Қолтығымда халық 

жазушысының  жаңадан  шыққан  «Жат 

қолында» шығармасы бар еді, сол кітапқа 

қолтаңбасын қойып берді жарықтық.

«Мүсіреповті  мақтамайық,  Мүсі­

репов пен  мақтанайық».  Осы  бір  Зей­

нолла Қабдоловтың дәлме­дәл айтыл ған 

сөзі тасқа қашалып жазылғандай! Сәбит 

ағамыз да Ғабеңнің сан қырын санама­

лай  көктей  шыққан  екен.  Республика 

жұртшылығы  аяулы  сөз  зергерін  1986 

жылдың  3  қаңтарында  ақтық  сапарға 

шығарып салды. Тарлан таланттың ру­

хына тағзым етіп топырақ салдық. Сон­

да Олжекеңнің айтқан сөзі мынау еді:

–  Мұхтар,  Сәбит,  Ғабиден,  Ғабит 

әдебиетіміз бен күллі көркем өнеріміздің 

төрт  қабырғасы,  төрт  діңгегі,  төрт 

ұстыны іспетті еді. Міне, енді төртінші 

тірегіміз ден,  тіреуімізден,  дара  біткен 

дарағымыз дан айрылып отырмыз!

Ұлы  адам  дүниеден  озды,  бірақ  та 

мұрасы оның ұшан­теңіз... 2002 жылы 

ұлы  дарабоздың  100  жылдығы  ЮНЕ­

СКО  шеңберінде  тойланып  еді.  Енді, 

міне, 110 жылдығы келе жатыр. Осыған 

«Ана  тілі»  басылымы  алғаш  болып  үн 

қосты. Ендеше, халайық, еліміздің ерен 

ұлының  есімін  тағы  да  асқақтата  зау 

биікке көтеріп, мерейін одан әрі үстем 

етуге атсалысайық бірігіп!



Бақытжан ТоБаяҚов

АСТАНА


«Ана тілі» газетінің үстіміздегі жылғы 1-наурыздағы санында белгілі қаламгер

М.Шолохов атындағы сыйлықтың лауреаты Сәбит Досановтың қазақтың ұлы клас-

сик жазушысы ғабит Мүсірепов туралы «Аты аңызға айналған суреткер» атты эссе-

мақаласы шыққан еді. заманының заңғар саңлақкер шежірешісі болған ғабеңмен 

кездескен сәттер жөніндегі Сәбит ағамыздың ой иірімдерін, шығармалары туралы 

шырайлы толғамдарын сүйсіне оқып шықтық. 

жыл басы


Әз Наурыз –

Түрік армиясының янычарлары сұлтанға 

қарсы  болғанда  асханадағы  үлкен  қазанды 

төңкеріп  тастайтын,  қазақта  да  бір  адам 

екінші  адамға  ашуланғанда  «қазаныңды 

төңкеріп кетейін» деп айбат шегеді. Қазан да 

шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі, қазан 

толы, тоқ болса, ел де мықты.

Наурыз  күнінің  бір  ерекшелігі  — 

«көрісу». 

– Амансыз ба? 

Ұлыс оң болсын, 

Қайда барса жол болсын!

– Ұлыс бақты болсын



Төрт түлік ақты болсын!

– Ұлыс береке берсін,

Бәле­жала жерге кірсін! – деп құшақта­

сып көріседі.

Бозбалалар мен қыздар да Ұлыстың ұлы 

күні емін­еркін бас қосып, ауылды, елді той­

думанға бөлегенін мына өлең жолдарынан 

көреміз:


Есік алды қара су бойлағаным

Жалғанның қызығына тоймағаным. 

Көмілсем де кетер ме көкейімнен, 

Қалқаммен Ұлыс күні ойнағаным.

Ауыл  қыздары  өздері  жақсы  көрген 

жігіттерге  арнап,  соғымның  қалған  етін 

уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» деп атала­

тын тамақ дайындайды.

Осы  арада  бір  айта  кететін  жайт, 

наурыздың  қазақ  халқының  тамақтану 

мәдениетіне тікелей қатынасы бар. Наурыз­

да  соғымның  қалған­құтқаны  көжемен, 

сыбағамен бітеді, халық жаппай «қызылдан 

–  аққа»,  яғни  сүтті  тағамдарға  (айран, 

қымыз, құрт, ірімшік, т.б.) көшеді. Жаздың 

шіліңгір ыстығында қойдан – бағлан, байлар 

жылқыдан  –  тай,  кедейлер  ешкіден  –  лақ 

жеген,  бұл  төлдердің  еті  қара  күзге,  күздік 

сойғанға дейін адам ағзасына жеңіл болған, 

мұны  маусымдық  тамақтану  жүйесі,  яғни 

маусымдық диета деуге болады.

Жігіттер  мен  бозбалалар  қыздарға  ар­

нап  «селт  еткізер»,  «дір  еткізер»  деген 

сыйлықтарын ұсынады. Бұл сыйлыққа айна, 

тарақ, иісмай, күміс жүзік жатады. Айна – 

пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік мен 

сұлулықтың, иісмай – бүршігін жаңа жарған 

жауқазынның,  күміс  жүзік  –  тазалықтың 

белгісі.


Халықтың  мифологиялық  түсінігінде 

21­ші  наурыз  түні  даланы,  үй­үйді  Қызыр 

аралайды,  сондықтан  «Қызыр  түні»  деп 

аталады. Қызыр үй іші, қора­қопсысы, ау­

ласы  және  киген  киімі  мен  ішкен  тамағы 

таза  адамдарға  қонады.  Сол  себепті  ауыл­

үй түгел Наурыздың алдында кір­қоңдарын 

жуып,  таза  киімдерін  киіп,  үй  ішін,  қора­

қопсысын тазалайды. «Қызыр бас бармағы 

былқылдап тұратын, ақ сақалды қария екен, 

амандасқанда  бармағынан  білуге  болады» 

деп жатады.

Қызыр ата табиғатты аралап жүріп, на­

зары жерге түссе, қыстың тоң­мұзын ерітіп 

жібереді,  ал  тасқа  түссе  тас  та  балқиды 

екен.  Самарқанның  көк  тасы  еріген  күн 

Таулы аймақтарда жиі­жиі тасқын болып, 

шалғынды далада жиі­жиі өрт шығады; 3) 

Күннің  түсі  күңгірт  тартып,  қораланып, 

солғын  көрінсе,  ол  жылы  жауын­шашын 

ерекше  көп  болады;  4)  Күн  сәулесі  жан­

жаққа  шашырап,  шапағын  төге  рауандап 

шықса, ол жылы жанға жайлы молшылық 

болады.


Наурыз  күні  таңертең  ертемен  ерлер 

қолдарына күрек, кетпен, ал қыз­келіншек­

тер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға 

шығады.  «Бұлақ  көрсең,  көзін  аш»  деп 

сына  берген.  Жәнібек  өлгенде  сол  қызы 

келіп, әкесін жоқтаған мына өкпе­назынан 

осыны көруге болады:

Айналайын әке­кем!

Неге бердің кедейге?

Қанша ақылды десең де,

Кедейді кедей демей ме?

Байға берсең әке­кем,

Қазысы қарыс айғырды,

Сүбесі сүйем қошқарды,

Ұлыс күні соймас па ем?

Тамам сорлы тоймас па еді?

Ұлыс сайын басыңа

Жұп шырақ жағып қоймас па ем... 

Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық ат ­

тап, үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле бол­

мас» деп төрге қос шырақ жағылады.

Ұ л ы с   к ү н і н д е   с ә л е м д е с у д і ң 

қалыптасқан дәстүрі бар, ер адамдар қос 

қолдасып төс соғыстырады, әйелдер болса 

құшақтасады, ерлер мен әйелдер кездессе 

құшақ айқастырады. Қос қолдап аманда­

сып, төс соғыстыру «өмір тірегім – төсім, 

тіршілік көзім – екі қолым аман­сау бол­

сын» дегенді білдіреді.

Наурызда әр үйдің есігі ашық, дастарқа­

ны  жаюлы  тұрады.  Дәстүр  бойынша  әр 

адам міндетті түрде қырық үйге кіріп дәм 

татқаны дұрыс деген тәмсіл бар. 



Ұлыс күні кәр­жас

Құшақтасып көріскен,

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өрістен.

Шалдар бата беріскен:

Сақтай көр деп терістен,

Кел, таза Бақ, кел десіп,

Ием, тілек бер десіп,

Көш, Қайрақан, көш десіп,

Көз көрмеске өш десіп...

Қайрақан – қазақтың исламға дейінгі 

пантеонында жаманшылық иесі. Бұл ту­

ралы  М.Әуезов  былай  дейді:  «...  Мұнда 

баяғы заманда, Ұлыстың ұлы күні қалың 

елдің  жаңа  тілек  тілейтіні  көрінеді.  Жұп 

шырақ жағу, кетік аяқ, кетік шөміш сын­

дыру, көріскенде «Таза бақ кел» деп, «Көш, 

Қайрақан көш» аластау – барлығы да сол 

заманның тілегі». 

Ежелгі  түркілердің  мифологиялық 

көне түсінігі бойынша да жақсылық жар­

шысы – аспан шамшырағы, Күн бейнелі 

Ұмай  ана.  Сондықтан  да  қазақ  елі  жаңа 

түскен келінді табал дырықтан оң аяғымен 

аттата сала, «От­ана! Май­ана! Жарылқа! 

Жарылқа!»  деп,  отқа  май  құйғызады. 

Осы  ізгі  ниетті  ақ  тілеудегі  «От­ана»  – 

қазақтардың мифологиялық кейіпкері Үт 

бикеш те, ал «Май­анамыз» – Ұмай ана.

Ата­бабаларымыздың  ұғымынша, 

«Күн»,  «Ана»,  «Құт­береке»,  «Молшы­

лық», «Мейірім» – барлығы да бір ұғымға 

саятын дықтан, қыз бен жігіт тартысында 

Жаңа жылдың, қасиетті Күннің құрметіне 

қыз баланың жеңгенін мақұл көрген.

келсе, атаңның құнын кеш», «Жақсылықка 

жақсылық – жай адамның ісі, жамандыққа 

жақсылық – ер жігіттің ісі», «Тас атқанға – ас 

ат» секілді нақылдарды өзек етіп, ту көтерген 

билер, ақсақалдар ат құйрығын кесісіп, араға 

жік  түскен  бауырлас  ел,  руларды,  ағайын, 

дос­жарандарды бір дастарқаннан дәм тат­

тырып, табыстырған, осылайша ел бірлігін 

күшейткен.

Отбасын тентіретіп жібергендерді қайта 

қосып, жалғыз­жарым жетімдерді үйлендіріп, 

жеке отау қылған. «Сүйекке дақ, етке таңба 

болмасын»  деп  кембағал,  мүгедектерді 

жақын  туыстарының  қарауына  арнайы 

міндеттеп тапсырған. Ауылда, елде отырып 

қалған қыз, үйленбей жүрген жігіт болса ел­

басылары  –  ақсақалдар  кеңесіп,  басқа  ау­

ылда  сондай  адамдар  болса  қосып,  жанұя 

қылатын. Әсіресе, «отырып қалған қыздың 

кесірі тиеді» деп теңін тауып береді.

XX ғасырдың басында қазақ ағартушы­

ойшылдары жаңа ғасырдан жаңа үміт күтіп, 

отарлық  езгіден,  көшпенділік  тұрмыстан 

қалжыраған халқының ұлыстың ұлы күніне 

балаша  қуанып,  өздерінің  жүрек  жарды 

өлеңдерін арнаған.



Ұлыстың ұлы күнінде 

Бай шығады балбырап

Қасында жас жеткіншек 

Тұлымшағы салбырап. 

Бәйбіше шығар балпиып

Күндіктері қайқиып. 

Келіншек шығар керіліп,

Немесе:


Сәукелесі саудырап. 

Қыз шығады қылтиып

Екі көзі жаудырап. 

Бозбала шығар бұрқырап, 

Ақбөкендей сырқырап.

 (Шәкәрім)

Немесе:


Аспанда күннің нұры, 

Мақпалдай жердің түрі. 

Қуаныш – мал мен жанда

Қыс шыққан өлмей тірі.

 (М. Дулатов)

Мейрамдар  –  ұлттық  сананың  бір 

көрінісі,  керек  десеңіз,  ұлттық  идеямен 

сарындас,  сол  себепті  де  Алаш  арыстары 

Наурыз ды барынша насихаттап, елін езгіден 

алып  шығып,  ұлтының  рухын  көтермекші 

болды. Енді егеменді ел болғанда, Ұлыстың 

ұлы күнінің халық жадынан ұмтылған сырла­

ры мен қырларын қайта жаңғырту – бүгінгі 

күннің талабы.

Қазақстанда Ұлыс күнін тойлау асыра сіл­

теушіліктің салдарынан 1926 жылдан кейін 

тоқтап қалды. Одан кейінгі жылдарда Наурыз 

мерекесінің бағы ашылды деп айта қою қиын. 

Ол  бірде  «діни  мейрам»,  бірде  «ескіліктің 

сарқыншағы» деген жалған жала мен қуғынға 

ұшырады.  Халық  жадында  еміс­еміс,  үзік­

үзік болып сақталған Наурыз Қазақстанның 

кейбір өңірлерінде жасырын тойланып кел­

се, кейбір аймақтарында ұмытыла бастады. 

Бір халыққа тиесілі ұлттық мереке ғана емес, 

жалпы халықтың интернационалдық мейра­

мы – Наурыздың қайта тіріліп, жаңғырып, 

халқымен қауышуына бүгінгі тәуелсіздік сал­

танаты ғана мүмкіндік алып берді. Қоғамдық 

пікірге  көңіл  қойған  үкімет  орындарының 

тікелей басшылығымен 1988 жылғы көктемде 

Алматы  қаласы  мен  астаналық  облыстың 

кейбір  аудандарында  62  жылдан  соң  өз 

мәнінде Наурыз тойы тойланды. Осыдан бас­

тап ежелгі Күн мейрамы – Жыл басы тойын 

жалпы халық болып қарсы ала бастады. 

Наурыз мерекесімен қауышқалы 23 жыл 

уақыт  болған  екен,  бұл  аз  емес.  Наурыз, 

біріншіден, Еуразия кеңістігіндегі көптеген 

шығыс елдерінің Жаңа жылы. Біз әлі күнге 

дейін  1­қаңтарды  Жаңа  жыл  басы  деп, 

оған  ерекше  дайындалып,  зор  құрметпен 

атап  өтеміз.  Сондағы  бар  жетіскеніміз  – 

Христостың туған күнін атап өтіп, мәз бола­

ды екенбіз. Келешекте біздің елімізде Нау­

рыз мейрамының қадір­қасиеті, мейрамдалу 

дәрежесі 1­қаңтар – Жаңа жылдан мәртебесі 

жоғары тұруы керек. Сондықтан 3000 жылға 

жуық  тарихы  бар  және  ешқандай  дінге 

қатысы жоқ, табиғаттың өз қойнынан туған 

Наурыз  тойымыздың  маңызы  мен  мәнін 

түсініп, аспандата берейік. 



ахмет 

ТоҚТаБай,

тарих 

ғылымдарының 

докторы

қаумаласқан  жігіттер  айнала  төңіректсгі 

бастаулардың  көзін  ашса,  «Атаңнан  мал 

қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессең, он 

тал  ек!»  деген  қариялар  бұлақ  басына  тал 

егеді. Әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу 

етіп, «Армысың, қайырымды Күн­ана!» деп 

иіліп сәлем береді, «Кеудесі түкті Жер­ана, 

құт  дарыт,  жарылқа!»  деп  ашылған  бұлақ 

көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ 

бүркеді.

Ақ түйенің қарны жарылған бұл күні 

ха лық  ішіндегі  жас  ерекшелігіне  қарай 

қалып тас қан  дәстүрлі  ілтипат,  ізеттер 

біршама жұмсарады. Тіптен, келіні қайын 

атасымен, күйеу баласы қайын енесімен 

әзілдесуіне  болады.  Наурыз  күні  бұндай 

іс  көзге  сөлекет  көрінбейді.  «Ұлыс  күні 

қариялармен  көріссем,  батасын  алсам, 

болашақ ұрпағыма олардың күш­қуаты да­

риды» деген сенім бойынша, бұл күні жас 

келіндер  көп  жасаған,  балалы­шағалы, 

шежіре қарттармен көбірек көрісуге тыры­

сады.


Жаңа  жыл  Наурызды  мерекелеумен 

қатар,  төрт  түлік  мал  өсірген  халқымыз, 

әсіресе қолы жеткендер, ата­бабаларына, 

аруақтарға міндетті түрде еркек мал сойып 

құдайы тамақ берген. Мысалы, Шақшақ 

Жәнібек кенже қызын бір досының бала­

Қазақтардың Жаңа жылда алғаш шапақ 

атқан күнді қарсы алып, оған иіліп сәлем 

етуі  немесе  қымызмұрындық  тойында 

алғашқы  қымызды  Күнге  иіліп,  тәжім 

етіп ішуі секілді көне дәстүрлері олардың 

ежелден­ақ Күнге табынған сақ жұртының 

жұрағаты екенін дәлелдей түседі. 

Аузы дуалы қариялар мен ел басқарған 

көсемдер Наурыз мейрамы үстінде ұрпақта­

ры ұмытпай айта жүретін аталы, ұлағатты бір 

сөз артына қалдыратын дәстүр болған екен. 

Бір күн ойланып, ойлы сөз таппаған адамды 

көп алдында айыптап, тіптен ағынды өзенге 

лақтыратын  да  болған.  «Осындай  сынға 

ұшырап, қанша ойланса да жүйелі сөз айта 

алмаған бір батыр суға лақтырылар тұста ау­

зынан «Көп қорқытады, терең батырады» де­

ген сөз шығып, жазадан аман қалыпты­мыс» 

деген ел аузында әңгіме де бар.

Наурыздың  бір  мәні  –  теңдік  күні 

ұлылық  пен  кішілік  жасалатын,  бай  мен 

жарлы  жарасатұғын  күн.  Хан  қарашаның 

халін ұғып, қараша ханның төріне шығатын 

күн.  Тіпті  шығыс  елдерінде  патша  наурыз 

күні тағынан түсіп, құлды таққа отырғызған 

уақиғалар болған.

Наурыз  күні  адамдар  бақай  есеп, 

пендешілік  атаулыдан  тазарып,  ар­ұжданы 

алдында арылуы керек. «Ұлыс күні алдыңа 


10

№11-12 (1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал