Бір тойым болатыны сөзсіз менің



жүктеу 1.47 Mb.

бет6/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
тематика,  биология,  палеонтология, 

топырақтану, өлкетану ғылымдарымен 

жақсы  таныс  болғанын  білдік.  Гео­

Таңатқан РсаЕв, 

энциклопедияшы, 

Қазақстан 

Республикасының 

мәдениет 

қайраткері

8

№11-12 (1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл


АНА ТІЛІ

ЖАзылғАн ЖАйдың ЖАлғАсы

суыр туралы 

суыртпаҚ ойлар

З

ороастризм  дінін,  оның  негізі 



жазылған үндіеуропа тілдерінің түп 

қазығы болып табылатын «Авеста­

ны»  ұзақ  зерттеген  ағылшын  шығыстану­

шысы Мэри Бойстың пікірінше «Ең үлкен 

зороастрлық наурыз мерекесін Зәрдөштің өзі 

жасаған». Сондай­ақ ол «Зәрдөш көне дәуірде 

өмір сүрген, оның жолын ұстаушылардың өзі 

оның қашан, қайда пайда болғанын ұмытқан, 

бұрын әртүрлі ирандық тайпалар Заратуштра­

ны өз отандарында болған деп көрсетуге ты­

рысты. Көпке дейін ол Иранның солтүстік­

батысында,  Әзірбайжанда  өмір  сүрген  деп 

те көрсетілді. Шын мәнінде ол Азия дала­

сында, Еділдің шығыс жағында өмір сүргені 

анықталды» – деп тұжырымдайды. Ал ғалым 

Е.Э.Бертельс  «Зәрдөш  б.з.д.  VI  ғасырдың 

аяғында өмір сүрген» – деп нақтылай түседі. 

Қазақ шежірелеріне қарағанда, «Наурыз 

бен Алаш бірге туған адамдар»:

Қазақтан – Наурыз, Алаш екі ұл туған,

Наурыздың деп айтады үлкен жасын.

Ұрпақсыз өлген Наурыз жазғытұры,

Келер жыл көктемде оның беріпті асын.

Қазақтың балалары сонан бері,

«Наурыз» деп қойыпты атап 

жылдың басын

Наурыздың қазақ қоғамындағы рөлі кез 

келген астан, тойдан, басқа да шаралардан 

жоғары.  Абай  «Біраз  сөз  қазақтың  қайдан 

шыққаны туралы» деген қарасөзінде Наурыз 

тарихын  көшпелі  халықтардың  «хибағи», 

«хұзағи» деп аталған заманына дейін апарып, 

Әкем  шопан  болғандықтан,  бал 

дәурен  балалық  шағым  Тарбағатай 

тауының қуысында, қатал табиғаттың 

уысында  өтті.  Елуінші  жылдардың 

басы, әлі Қытайдан ел бері қарай келме­

ген шақ еді. Тауда мал бағатындардың 

көбі соғыстың жаралы мүгедектері мен 

күні еңкейген қарттар еді. Бір таудың 

қуысындағы жалғыз­жарым үйлерден 

өрбитін  балаларға  таудың  аң­құсы  да 

қызық  көрінуші  еді.  Наурыздың  он 

төртінен бастап інінен шығатын суыр 

біздер  үшін  ермек.  Кейде  аңдып  ит 

қосамыз.  Сол  кездегі  үлкендер  бізге 

ұрсып,  тыйып  тастап  отырушы  еді. 

Суыр туралы қорқынышты әңгімелер 

айтып, біздің зәре­құтымызды алатын. 

Олардың айтуынша, суыр адамнан 

азған.  Мұсылман  баласы  етін  жеуге 

болмайды. Бұрын осы тауды мекен ет­

кен қалмақтар, моңғолдар ғана жейді. 

Тарбатай  қалмақ  немесе  моңғол  сөзі. 

Тарбаған – моңғолша суыр, тай – тау, 

жалпы алғанда, «суырлы тау» деген сөз. 

Тағы сол үлкендер айтатын: «Қалмақ тар 

Тарбағатай тауымыз­ай, тарбаған деген 

аңымыз­ай» – деп жылайды екен.

«Кімдер сері болмаған бойдағында» 

– деп халық әнінде айтылғандай, жігіт 

шағымда суырды көп аулаған қазақтың 

бірі  менмін.  Жетпісінші  жылдары 

аржақтан келген Әнсейіт, Әлімжан де­

ген екі қартпен таныстым. Ағайынды 

екеуі  өмірбойы  еншісі  бөлінбей  тату 

өтті.  Ел  «қос  шал»  деп  атаушы  еді. 

Суырдың  әбден  толысып  семірген 

жаздың бір жайсаң күндерінде өзімді 

қатты сыйлайтын «қос шалдың» үйінде 

суыр  аулап  жаттым.  Бір  күні  «қос 

шалдың»  үлкені  маған  мынандай  бір 

әңгіме айтты. 

«Ата тегіміз осы жерден болғандық­

тан, бұл тауды біз ежелден мекен етіп 

келеміз. Жайлауымыз – Тарбағатайдың 

жоны.  Ертеде  Кеңес  өкіметі  алғаш 

орнаған  кезде  орыстар  суырдың 

терісіне пұл, шай берді. Соған қызығып 

ел  суырды  көп  аулады.  Ол  кезде 

мылтық жоқтың қасы, қақпан да жоқ. 

Суырды көбінесе іннен қазып алушы 

еді.  Сонда  іннің  түбін  қазып  жеткен 

кезде барар жер, басар тауы қалмағанда 

байғұс суыр бірін­бірі құшақтап бала­

ша жылайды екен. Кейіннен әлгі суыр 

қазғыштардың көбінен тұқым қалмады 

деп  естиміз.  Шырағым,  тіл  алсаң 

осыған жолама, жалпы, қоңыр аңның 

киесі қиын болады».

Қарттардың сөзі ем болды ма, суыр 

аулаудан  біртіндеп  суынып,  ақыры 

мүлде доғардым. Суырдың майы ем де­

генге өз басым күдікпен қараушы едім. 

Себебі – суыр іннен жүз метр ұзақ жай­

ыла алмайтын бейкүнә да әлсіз хайуан. 

Сәл  суық  болса  тоңғақ.  Майы  қатты 

қайыстың өзін жөндеп жібіте алмайды. 

Ақсуат өңірінің білікті азаматы, мар­

құм Шәріп Жылқыбаев «Суырда ем дік 

қа  сиет аз, ол борсық секілді жүз  де ген 

шөптің тамырын қазып жемейді. Уынан 

дәрі алынатын құмырсқа мен жы лан  ға, 

жемек түгіл, суыр жолай да алмай ды», 

– деп. Сол Шәріптің сөзі әбден дұрыс. 

Егер суырдың еті мен майы керемет ем 

болса, моңғолдар кавказдықтар секілді 

жүз, жүз қырық жасаса керек еді.

Қайнардың аталмыш мақаласы бай 

тілмен төгілте жазылған. Бірақ қиялдың 

жетегіне көбірек беріліп кеткен. Мына 

жолдарға назар аударайық:

«Майы – мүлде қазыналар қойма­

сы.  Онымен  түрлі  ауруларды  емде­

ген.  Үсіген  жерді  майлайды.  Суықта 

үсіп қалмау үшін алдын ала беті­қолға 

жағады,  жөтелгенде,  суық  тигенде 

ішеді.  Өзі  қысқы  аязда  тоңазымай, 

сұйық күйде тұрады. Бір ғажабы, темір 

немесе  шыны  ыдыста  сақталмайды. 

Ондай  ыдыстың  еш  тесігі  болмаса  да, 

арасына  сіңіп  кетеді.  Сондықтан  са­

рымай сияқты сиырдың қарнына сала­

ды. Аңшылар қысқы аязға тоңбау үшін 

жазда  тарбағанның  майын  жақсылап 

жейді».

«Сиырдың сүті тілінде» – демекші 



кез  келген  хайуанның  емдік  қасиеті 

жеген  азығына  байланысты  екенін 

жоғарыда  шамамыз  жеткенінше 

айттық.  Үсіген  жерді  атамыз  қазақ 

жылқының  майымен  немесе  күзде 

сойылған қаздың майымен майлаушы 

еді. Олардың жанында суырдың майы 

жіп  есе  алмайды.  Темір  мен  шыны 

ыдыста  сақталмайды  дегенді  кім  ай­

тып жүр. Суыр аулаған орыстар оның 

майын  темір  флягаға  ерітіп  құятын. 

Ал  дәріханаларда  суыр  майы  шыны 

бөтелкелермен сатылады. Еріп, ұшып 

кеткенін  көргеніміз  жоқ.  «Сарымай 

сияқты  сиырдың  қарнына  сақтайды» 

– деген не сөз. Атамыз қазақ ежелден 

сарымайды  қойдың  қарнына  салып 

сақтамаушы ма еді? Сиырдың қарнына 

май салған қай қазақты көрдік.

Ал  енді  суыр  терісінің  сапасына 

келер  болсақ.  Қыста  інде  ұйқыда  жа­

татын  аңдардың  терісі  онша  сапалы 

болмайды.  Суыр  терісінен  жасалған 

құлақшыннан  қоян  терісінен  тігілген 

құлақшын әлдеқайда жеңіл әрі жылы. 

Бұрынғы  бабаларымыз  суыр  терісі 

басқа зиян деп одан бас киім кимеген. 

Арқада  терісінің  беріктігімен, 

әдемілігі  жағынан  күзен  түрлерімен 

бәсекелесе  алатын  бірде­бір  аң  жоқ 

десек,  артық  айтқандық  болмас. 

Тарбағатай мен Арқаның ұсақ шоқылы 

тауларында  көбінесе  сарғыш  күзен 

мекендейді. Бұл өңірдің қазақтары оны 

қорғаныс  үшін  шығаратын  жағымсыз 

иісіне  байланысты  «сасық  күзен»  деп 

атайды. Осы бір шағын аңның терісінің 

ғажап беріктігі жайында аңызға бергісіз 

бір  әңгімені  халық  ақыны  марқұм 

Тәңірберген Әміреновтан естіп едім.

1973  жылы  «Семей  таңы»  газетін­

де әдеби қызметкерліктен журналистік 

жолым басталып еді. Бір күні редакция­

ға  ұзын  бойлы,  қошқар  мұрынды, 

ақсары өңді бір ақсақал келді. Атақты 

халық  ақыны  Тәңірберген  Әміренов 

осы кісі екен. Ол кісінің түрін көргенде 

ұлы жырау Жамбылдың «Қойдан бөлі­

ніп  қалған  қошқардай  екен»  –  деген 

әзілі  еріксіз  еске  түскендей  еді.  Сол 

Тәкең редакцияға бір тұрмыс қажетін 

өтеу комбинатының үстінен арыз айта 

келіпті. Оның мәнісі мынандай екен.

«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ 

қалмасын!»  деген  атақты  кәмпеске 

жылдары  Тәңірберген  ақынның  қыл­

шылдаған  бозбала  шағы  екен.  За­

ман  талабына  сай  байлардың  малын 

тәркілеудің  алғы  шебінде  болмаса 

да,  белортасында  жүріпті.  Сол  1928 

жылдары оның үлесіне бір күзен ішік 

бұйырыпты. Сол ішікті 45 жыл өткенде 

сырты  тозған  соң  қайтадан  тыстатуға 

аталмыш  комбинатқа  беріп ті.  Олар 

тігілгеніне жарты ғасырға жуық уақыт 

өткен  күзен  ішікті  сол  кездегі  кеңес 

өкіметінің  ақшасымен  700  сомға 

бағалапты.  Бұл  ол  кезде  екі  бұзаулы 

сиырдың құны. Комбинат әлдебір се­

беппен өртеніп кетіп, ішік қоса жанып 

кетеді. Тәкең келісілген ақшаны даулап 

ала алмай жүрсе керек. Сол кезде жасы 

егделеу,  облысқа  танымал  журналист 

Боранбай  Мауқаев  ақсақал  ақынға 

қалжыңдап:  «Сіздің  қолға  түскелі  45 

жыл  болса,  сізден  бұрын  қанша  жыл 

киілгенін  бір  құдай  біледі.  Тышқан 

терісінен  тігілген  сол  ішігі  құрғырды 

қайтесіз» – деп әзілдеген болды. 

– Ей, шырағым, күзен терісі елуге 

жетпей жидіп түсіп қалатын сендердің 

шашың  емес,  бір  қылшығы  қисайса, 

мұрнымды кесіп берейін. Жыл са йын 

қарға бір қағып алсам сары алтындай 

құлпырып  сала  беруші  еді.  Қадірін 

білгенге күзен ішік киімнің төресі ғой, 

– деп қарсы уәж айтып еді.

«Суырдың терісі күзеннің терісінің 

жанында  жіп  есе  алмайды»  деуімізге 

негізгі бір дәлел – осы.

Кеңес  Одағы  бүкіл  дүниежүзіне 

үстемдігін жүргізіп дүрілдеп тұрған кез­

де терісі бағалы аңдар туралы бір кітап 

жарық көрді. Қазақ тіліне де аударылды. 

Соның бір жерінде «ғалымдар суырдың 

майынан адам ағзасына аса пайдалы зат 

тапты» деген пікір айтылды. Осы пікірді 

суырдың  майының  емдік  қасиетіне 

үнемі күдікпен қарайтын аздаған үлкен 

ағалығы  бар  жоғарыдағы  аты  аталған 

Шәріп  Жылқыбаев  марқұмға  білдіріп 

едім,  «орыс  ойына  келгенін  істейді» 

деп  атаң  қазақ  бекер  айтпаған  ғой. 

Суырдың  майы  керемет  болса,  алды­

мен монғолдар жүз жасар еді ғой» деп 

өз ойын бекіте түсті.

Суыр  тірі  табиғатқа  ешбір  зияны 

жоқ, құдай тағала жыртқыш аңдардың 

жазғы  тамағына  арнап  жаратқан 

бейкүнә хайуаны секілді. Ол қорлауға 

емес, қорғауға лайықты хайуан. Адам­

нан азса азған шығар. Тек оның еті мен 

майын жеймін деп қазақ азбаса екен?!

Мейрам оРаЛов,

журналист

Шығыс Қазақстан облысы, 

Тарбағатай ауданы,

Ақсуат ауылы.



«Ана тілі» апталығының биылғы жылдың алғашқы санында белгілі журналист Қайнар 

Олжайдың «Тарбаған қайда бармаған деңізші, мына жалпақ жер үстінде» – деген 

танымдық мақаласын қызыға да құныға оқып шықтым. «Суыр туралы суыртпақ ой-

лар» соның әсерінен туындады.

жыл басы


Әз Наурыз –

Наурыз қазақ пен оған бауырлас шығыс халықтарының ықылым замандарда 

отқа, күнге, айға, суға табынған кездерінде пайда болған, яғни табиғаттың 

қойнынан, күн мен түннің теңелуінен шыққан маусымдық мейрамы.

«Ол күнде Наурыз бір жазғытұрым мейрамы 

болып,  наурызнама  қыламыз  деп,  тамаша 

қылады екен. Сол күнін «ұлыстың ұлы күні» 

дейді  екен»  –  деп  жазады.  Ақын  Наурыз 

тойын дінге жалғастырмай, көктем мерекесі 

екенін ашық айта келе, «ұлыстың ұлы күні» 

деген  сөздің  өз  заманында  алғашқы  мәнін 

өзгертіп, Құрбан айтқа байланысты айтыла 

бастағанын былай деп ескертеді:

Жаз жіберіп жан берген қара жерге,

Рақметіне Алланың көңіл сенер,

Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,

Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.

Қазір  біраз  жұрт  Наурыз  мейрамы 

басталғалы  бері  «Наурыз  парсы  тілінде 

жаңа күн» деген ұғымды білдірсе, «бұл өзі 

бізге  парсыдан,  шығыстан  келген  мейрам 

екен  ғой»  дейді.  Шын  мәнінде  солай  ма? 

Біздің ойымызша, XVIII ғасырдың басын­

да қазақтар жоңғардан шегініп, ата­жұртын 

тас тап, Бұхара, Самарқан, Жиделібай сын ға 

барып, ел­жұрт азат болған соң ата қо ны­

сына  қайта  оралғанда  «Наурыз»  сөзін  ала 

келген.  Бұған  дейін  қазақ  халқы  бұл  мей­

рамды  «Ұлыс»,  «Ұлыстың  ұлы  күні»  деп, 

соңынан «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» деп 

айтатын  болған.  Шәкәрім  бұл  үрдісті  ай­

қын ашып көрсетеді: «Наурыз – парсы тілі: 

Жаңа күн деген сөз. Мұны қазақтар Бұқар, 

тәшкендік  қожалардан  үйренген.  Ескі 

қазақта (ескі түрікте) Жаңа жылғы күннің 

аты  –  Ұлыс».  Қожа­молдалар  «ескі  әдетті 

қалдырамыз» деп Құрбан, Ораза айттарын 

Ұлыс күні дегізіп, Ұлысты Наурыз дегізген. 

Жыл басының Ұлыс екенінің тағы бір дәлелі 

мынау: Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол 



болар, Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы 

болар».

Наурыз — қазақтың ұлттық мейрамы, 

төл  мерекесі  екеніне  Алаш  арыстары  да 

қалам тербеген.

Ахмет  Байтұрсынұлы:  «Наурыз  – 

қазақша  жыл  басы.  Бұрынғы  кезде  һәр 

елде  наурыз  туғанда  мейрам  қылып  бас 

асып,  қазан­қазан  көже  істеп,  ауылдан­

ауылға,  үйден­үйге  жүріп,  кәрі­жас, 

қатын­қалаш  бәрі  де  мәз  болып,  көрісіп, 

араласып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып 

қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, 

құтты наурыздың қай айда, қай күні болуы 

хақында һәр түрлі сөйленеді. Біреулер нау­

рыз марттың бірінде, екіншілері тоғызында 

келеді  деседі,  һәр  жұрттың  белгілі  күнде 

жаңа  жылы  туады.  Ескі  жыл  бітіп,  жаңа 

жыл  басталғанда:  «Жаңа  жыл  қайырлы 

болсын!  Жаңа  бақыт  кәсіп  болсын!»  деп 

құттықтасады,  ол  күнді  мейрам  қылып 

шаттықпен өткізеді».

Міржақып  Дулатов  «Орыста  мейрам 

көп, қазақта айран көп» деген мәтелді тілге 

тиек ете келе былай деп жазады: «Мұсылман 

жұрттарына ортақ, жылына екі рет келетін 

Ораза, Құрбан айттарын есепке алмағанда, 

бізде жалғыз мейрам бар, ол – Наурыз.

Наурыз  –  қазақтың  шын  мағынасын­

дағы  ұлт  мейрамы...  Наурызды  біздің 

қазақтың мейрам етуі – айырықша сыйым­

ды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, наурыз 

(марттың) ескіше 9­да, жаңаша 22­інде күн 

мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, ша­

руа кенеледі. Қыс бойы ақ кебінін жамылып 

өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды­

жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне 

шаттық  беретіні  анық  болса,  тіршілік 

жағынан  қыстың  өтуіне,  жаздың  жетуіне 

қазақтан  артық  тілектес,  қазақтан  артық 

қуанатын ел жоқ деуге сияды».

Наурыз  ұлан­байтақ  қазақ  жерінің  ауа 

райына  байланысты  әр  түрлі  кезеңде  атап 

өтілген. 

Киіз үйдің есігінен күн түссе мұны «үт» 

деген. Бұл ақпанның 19­ы мен наурыздың 20­

сы аралығында болады. Осыған байланысты 

Сыр қазақтарында «Үйге үт кірді, егіншінің 

көкейіне құт кірді» деген мәтел бар. Оңтүстік 

өңірде  «Жыл  басы  жылқышы  торғайдың 

ұшып келуімен» орайластыра мерекеленеді. 

Батыс  Қазақстанда  14–15­ші  наурызда 

«көрісу»  дәстүрі  бар,  бұл  күн:  олар  туған­

туыс,  дос­жаранға  қонаққа  барып,  әртүрлі 

тарту  жасайды.  Ал  Орталық  Қазақстан 

тұрғындары жаңа жылды Үркердің аспанның 

батыс  бөлігіндегі  жас  Аймен  тоғысуына 

қарап, кешірек қарсы алады.

Екі батыр соғысты, 

Үркер мен Айдай тоғысты, —

дейді  халық  ауыз  әдебиетінде,  себебі, 

Сәуір (Үркер) жұлдызы Наурыз айына дәл 

келеді.  «Сәуір  болмай,  тәуір  болмайды»  – 

деген мәтел көктемгі күн мен түн теңелген 

тұстағы, Айдың жаңа орағының алдындағы 

Сәуір (Өгіз) жұлдызының тоғысына байла­

нысты айтылған. Бірақ қазақ Сәуір мен Ай 

тоғысты  демейді,  Ай  мен  Үркер  тоғысты 

дейді.  Бұл  тұрғыдан  келген  сәуір  (Өгіз)  – 

жұл дыздың  аты  және  амал.  Сондықтан 

апрель айын «сәуір» демей «көкек» деп атаған 

дұрыс.

Қазақ  есепшілерінің  тәжірибесіне 



сүйенсек, Үркер күздің басында шығыстан, 

қыстың  басында  төбеден,  ал  көктем  ба­

сында аспан етегінен көрініп, жазға қарай 

мүлдем  батып  кетеді.  «Үркердің  жерге 

түсуі» делінетін осы кезеңге 40 күн жазғы 

шілде сәйкес келеді. Бұл кезеңде Үркердің 

көкжиектен  көрінбеу  себебі  –  Күн  жолы 

наурыз  айында  дәл  соның  үстінен  өтеді. 

Қазақстанның  кейбір  жерлерінде  ғана, 

мәселен,  Орталық  өңірлерде  осы  кезде 

Үркердің  қос  жұлдызы,  бұқаның  мүйізі 

секілді, батқан күн жолының екі жағынан 

қылтиып  көрінеді.  Аспан  көгіндегі  дәл 

осы  көріністі  Қазақстан  жартастарына 

шимайлаған петроглифтерден — мүйізімен 

Күн  көтеріп  тұрған  алып  Көк  өгіздердің 

суреттерінен  көруге  болады.  Біздіңше, 

бұл  сахна  арқылы  ежелгі  түркілер  аспан 

белдеуіндегі Күннің жолы мен Жерге келген 

Жаңа жылдың символын бейнелеген.

Наурызда  өгізді  құрбандыққа  шалу 

олардың  қадым  замандардан  келе  жатқан 

астрономиялық  түсініктерімен  байланыс­

ты, ал жас балалардың маңдайына қанмен 

дөңгелек салу дәстүрі – Күнді құрметтеуден 

туған көне ырым (культ).

Ертедегі  Шығыс  астрономдары  мен 

жұлдызнамашылары  Наурыздың  аптаның 

қай күні кіретіне қарай, бүкіл жылдың сипат­

тамасын берген. Қожа Әли Термизидің (859–

932)  «Наурызнамасында»  Наурыз  сәрсенбі 

күні  кірсе  өте  қиын  жыл  (қымбатшылық, 

апат, ашаршылық, т.б.) сонымен қатар жұма, 

сенбі күндері кірген жылдар жақсы болмай­

тынын көрсетеді, ал аптаның басқа күндері 

«жақсылық жылдары» деп есептелінеді. 80­

нен  аса  тарих,  пәлсафа,  дін,  діни  наным­

сенімдер туралы жазған шығыс ғұламасының 

бұл еңбегі Наурыз тарихын зерттеушілерге 

таптырмайтын жәдігер.

Наурызды  мейрамдаудың  дәстүрлі 

белгілерімен  (көрісу,  көже,  ұйқыашар, 

самалық айту, дір еткізер, селт еткізер, т.б.) 

қатар әр аймақта өзіндік сахналық рәсімдер 

өткізілген. Мысалы: Шыңжаң қазақтарында 

он екі бала әр жылдың атына бөлініп: тыш­

қан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, 

қой, мешін, тауық, ит, доңыз болып бетпер­

Сиыр жылы мен Жылқы жылының ай­

тысы:


Емшегім – сүт, терім – бұйым, 

денем – ет, 

Сен, Жылқы, мен тұрғанда адамға шет. 

Әрбір үйдің әрдайым мен қасында, 

Сен бір безбе, кісендеулі қашанда, – деген­

де, жылқы бүркеншігіне жасырынған бала: 



Жау келгенде жұртта қалдың сен сасып,

 Жақсы болсаң кетер едің бел асып. 

Қымыз барда сүт қазаққа тамақ па?!

Сенің құның татымайды жармаққа, – деп 

кісінеген болады. Тегінде осы жыл айтысының 

әр жылға арнап ақындар мәтінін жазып, оқу­

ағарту саласына таратса, Наурыздың мазмұны 

байи түсер еді. Халқымызда дастарқан бата­

сы, мал батасы, жан батасы, жорық батасы, аң 

батасы секілді Наурыздың өз батасы бар. Әр 

үйде көже жасалып, ел аттылы­жаяу, ілгерінді­

кейінді, мәз­мейрам болып үйлерге кіріп, көп 

көжеге бата қылады. 



«Жаз періште» – «Әз» кепті, 

Әзден үркіп қар кетті. 

Ақ қар, көк мұз жұтатқан 

Наурыз келіп, жаз кірді. 

«Жаз періште» – «Әз» кірді, 

Күнеске тосып арқасын 

Жан біткенге наз кірді, – деп басталады, 

одан  әрі  елді­жерді  пәле­жаладан,  апаттан 

қорғап, аяғында тілектер айтылады:

Көже істеген келіндер, 

Көпке жаққан елшіл бол

Бозторғайдай төлшіл бол, 

Кірсе байқар көзді бол

Ағайынға тұрар сөзді бол! 

Қыстан қысыр аладық, 

Жаздағыдай жадырамадық... 

Өткен күн өзімен кетіп,

Келген күн жарылқасын! 

Күнікей – наурыз жарылқасын! 

Аллаһу әкбар!

Қазақта  сонымен  қатар  Ұлыстың  ұлы 

күні — Наурызды «Ұзын сары» деп те атайды. 

Мұндайда  Наурыз  келгенде  –  «Ұзын  сары 

келді» дейді. 

Қазақ  ауылдарында  ертеде  тайқазан, 

нарқазан деп аталатын үлкен қазандар болған. 

Қазан – сонау скиф­сақ, ғұн заманынан келе 

жатқан  «жеті  қазынаның  бірі»,  ғұрыптық 

тамақ  пісіретін  ыдыс.  Қожа  Ахмет  Иасауи 

кесенесіндегі  тайқазан  –  көшпенділердегі 

береке  мен  бірліктің  символы.  Сондай­ақ, 

де жасап, жылан болып ысқырып, ит болып 

ұлып,  сиырша  мөңіреп,  қойша  маңырап, 

жылқыша  кісінеп,  әр  жыл  бір­бірімен 

айтысқан  (жалпы,  қазақта:  ата­тек  айтыс, 

тау айтыс, өзен айтыс, жыл айтыс, т.б. айтыс 

түрлері болған – А.Т.).

Суре

тт

ерді түсірг



ен А

зама


т ҚҰСАЙЫНОВ

9

№11-12 (1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл


АНА ТІЛІ

өнер – ЖАстАн



Редакциямызға  мұнтаздай  болып 

киінген жас жігіт келді. Әңгімеге тартып, 

сыр бөлістік.

– атың кім?

– Ербол Кәрімұлы Ақшолақов бо­

ламын.

– Жасың нешеде?

– Тәуелсіздігіміздің құрдасымын.



– 20 жастамын де?

– Иә.


–  Жұмыс  істейсің  бе,  әлде  оқисың 

ба?

–  Жұмыс  та  істеймін,  әрі  оқи­

мын.  Талдықорған  қаласындағы 

Ілияс  Жансүгіров  атындағы  Жетісу 

Мемлекеттік  университетінің  фило­

логия факультетінің 2 курсында сырт­

тай оқимын. Әрі бір фирмада менеж­

дер болып жұмыс істеймін. Әкем ерте 

қайтыс  болыпты.  Өзім  нағашы  апам 

Бәтиманың  бауырында  өстім.  Ол 

кісі зейнеткер. Сөйтіп еңбек етіп оқу 

ақысын  төлейтін  ақшаны  өзім  тауып 

жүрмін.

–  Филология  факультетін  неге 

таңдадың? Мұғалім боласың ба, ғылым 

жолын қуасың ба?

– Жоқ, журналист болғым келеді. 



– себеп?

–  Себебі  –  нағашы  апам  мұғалім, 

кітапханашы  болған  соң  кітап  оқуға 

баулыды. Сөйтіп бала күнімнен әдеби 

кітаптарды  көп  оқыдым.  Газеттерге 

мақала жаздым. Мақалаларым «Ұлан», 

«Жас  Алаш»,  «Жетісу»  газеттерінде 

жиі  жарияланатын.  Сөйтіп  Алакөл 

ауданындағы «Қарлығаш» ауылындағы 

қазақ орта мектебінің 9 сыныбын және 

Алма ты дағы академик Шал тай Сма ғұ­

лов атындағы дарынды балаларға ар нал­

ған  мектеп­интернатты  тәмамдадым. 

Университетке оқуға түстім. Халық ара­

лық «Шалқар», АҚШ­тың «Нью­Йорк 

таймс»,  Мәскеуде  шығатын  «Русская 

литература» газеттерінде мақалаларым 

жарияланды. 2010 жылы әйгілі жазушы 

Әнуар Әлімжановтың туғанына 80 жыл 

толуына орай, қаламгердің мақалалары 

мен  ол  туралы  естеліктерді  жинап 

құрастырып,  облыстың  сол  кездегі 

әкімі  Серік  Үмбетовтың  қолдауымен 

кітап етіп шығардым.

арман алға жетелейді



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал