Бір тойым болатыны сөзсіз менің



жүктеу 1.47 Mb.

бет5/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Нұргелді УӘЛИ,

филология ғылымдарының 

докторы, профессор

Наурыз – қазақтардың байырғы замандардан бері тойланып келе 

жатқан мейрамы. Бағзы бір замандардан дейтініміз, наурыз мейрамы-

мен бірге айтылатын аңыз-әфсаналар, мақал-мәтелдер, бата-тілектер, 

салт-ырым, жоралғылар аз кездеспейді. Мұндай тілдік деректердің аса 

мол болуы наурыз мейрамының әлеуметтік-мәдени маңызының аса зор 

болғанын көрсетеді. 

Жылды айға бөлу, айды апта мен күнге бөлу, күнді (тәулікті) шаққа (сағатқа) бөлу – жылжып аққан 

уақытты белгілеудің бәрімізге таныс жүйесі. Оны белгілеудің тәсілдері әр халықта әртүрлі болған. 

Білдірмей сырғып өтіп жатқан уақыт шамасын біздің ата-бабаларымыз қалай есептеп, қалай белгілеген? 

Бұл сұраудың жауабын сонау көне түркі дәуірлеріндегі деректерден іздеуге тура келеді. Бұл жайында 

алғашқы жазба деректер қытай жылнамасында кездеседі екен. Чу әулетінің (557-581жж.) жылнамасында 

түркілер туралы былай делінеді: «Олар жыл ауысуы мен уақыт есептеуді көгерген шөпке қарап белгілеген».

Наурызкөже  –  келер  жылғы  молшылықтың 

жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта 

міндетті түрде әзірленетін ұлттық тағам. Халықтық 

дәстүр бойынша оған ағарған (сүт, құрт), соғым еті 

(кейде басы), дәнді дақылдар (бидай, тары, арпа, т.б.), 

су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар 

міндетті түрде қосылады. Тақ санын сақтап, мұндай 

заттар көбеюі мүмкін. Соғымнан арнайы сақталған 

мүшелер  (қазы,  қарта,  шұжық,  т.б.)  де  салынады. 

Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс 

тағамымен  (етпен)  қоштасуды,  құрамына  ақтың 

қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. 

Наурыз  көжені  халық  арасында  «тілеу көже», «көп 

көже» деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға ар­

налып сойылған малдың кәделі асына Наурыз батасы 

берілген соң, жиналған халық: «Ақ мол болсын!», «Ұлыс 

оң болсын!», «Жылдан жылға, наурыздан наурызға аман 

жетейік!» деген тілектерін айтып тарқасады.

Наурыз ны-

шандары:

ұзынсары – наурыз 

айындағы ұзарған күн.



алтын күрек – көктемгі жылы жел.

Наурыздың ақша қары – наурызда 

жауатын қар.



Наурызек (наурызторғай) – наурыз айында 

келетін аяғы жіңішке, сары бауыр, көк ала 

торғай.

Наурызек – ақшыл­сарғыш гүлдері бар, ерте 

көктемде гүлдейтін шөптесін өсімдік.



Наурыз салттары

Аруақтарға арнап Құран оқытылады, жеті нан тараты­

лады.

Бұл күндері әр жерге үлкен от жағылып, отқа май 



құйылады.

Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды.

Ескі киімдерін тастайды, ескірген шыны­аяқты сынды­

рады.


Бір­біріне дәм сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек 

ою – “күн символын” салады.

Наурыз таңын қарсы алмаққа жиналған қыздар жағы 

уыз дәмді «Ұйқыашар» дайындайды. «Ұйқыашар» да­

йындап, өздеріне құрмет көрсеткен бойжеткен қыздарға 

жас жігіттер сақина, сырға, білезік сияқты әшекей 

бұйымдарды сыйға тартады. Ол жігіттің «жаман» ойын 

сезген сезімтал қыздар, әрине, «селк» ете қалады. 

Сондықтан да бұл сый «селт еткізер» деп аталады. 

Наурыз нанымдары

Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,

Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар.

Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кiрсе, ол үй ауру­

сырқаудан, пәле­жаладан аман болады.

Наурыз нақылдары:

Әз болмай, мәз болмайды, үт кірмей, құт 

кірмейді.

Бұлақ көрсең, көзін аш,

Атаңнан мал қалғанша, тал 

қалсын,


Бір тал кессең, он тал 

ек.


Ұлыс оң болсын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын, бәле­жала жерге енсін!

Күніміз ұлысты болсын!

Жеріміз ырысты болсын!

***


Дәулетті бас берсін,

Бақытты ас берсін,

¥лыстың ұлы күнінде,

Ұлың оңға қонсын,

Қызың қырға қонсын.

Қыруар малың өріске толсын,

Дәулетіңді асырсын,

Дұшпаның басылсын,

Менің берген бұл батам,

Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам:

О, Жаратқан ием!

Алдымен атыңды атап жалбарынам!

Бүгінгідей ашық күн

Жайнай берсін көгімде,

Осы күннің астында

Жайнай берсін елім де!

Жүрсін ләйім әмісе,

Бақыт қана серік боп!

Тұрсын ләйім әмісе,

Қуанышы көрік боп!

Арандатқан адамды

қаскүнемдер жойылсын!

Мал­басымыз аман боп,

Ел ырысқа тойынсын!

Өрісіміз малға бай, дүбірлі болсын!

Келіндеріміз жанға бай,

Үбірлі­шүбірлі болсын!

Ер жігіттің ту етер

Ар – тұрағы болсын!

Қанат беріп түлетер

Арғымағы болсын! 

Берген батам қабыл болсын! Әумин!

Суре

тті түсірг



ен А

зама


т ҚҰСАЙЫНОВ

6

№11-12 (1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл


АНА ТІЛІ

–  Динара  Нағимуллақызы,  сіз  бұл 

қызметке тағайындалғанға дейін, яғни 2010-

2011  оқу  жылында  ақтау  қалалық  білім 

бөлімінің бастығы қызметін атқардыңыз. 

Демек, бұл қызметте іскерлігіңіз ескерілгені 

айтпай-ақ түсінікті болса керек. Қалалық 

білім басқармасында қандай жетістіктерге 

қол  жеткізгеніңізді  айтып  әңгімеңізді 

бастағаныңыз жөн болар. 

–  Менің  қандай  еңбегім  еленгенін 

нақты  қадап  айта  алмаспын.  Әйтеуір 

қал­қадірімше ізденіп қызмет атқардым 

деген ойдамын. Нақты айтсам, 2010­2011 

оқу  жылында  қалалық  білім  бөлімінде 

8  басым  бағыт  бойынша  нақты  жұмыс 

жүргіздік.  Бұл  бағыттарды  атап  айт­

сам:  1.Тиімді  кадрлық  сая сат.  2.Білім 

сапасының  жүйелі  мониторингін 

қамтамасыз ету. 3.Оқушылардың ғылыми 

жобаларға  қатысуын  жоғары  деңгейде 

ұйымдастыру.  Әрбір  орта  мектепте 

оқушылардың ғылыми қоғамдарын құру 

және бұл жұмысқа мұғалім­зерттеушілерді 

кеңінен тарту; 4.Республикалық жетекші 

оқу  орталықтарымен  байланыс  орнату; 

5.Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық техно­

логияларды  қолдану;  6.Жемқорлыққа 

жол бермеу мақсатында «Қамқоршылық 

кеңестерін» құру; 7.Балаларды мектепке 

дейінгі  мекемелермен  қамтамасыз  ету; 

8.«Жасыл  бақты  Маңғыстау»  акциясы 

шеңберінде аймағымызды гүлденген жа­

сыл желекке орау мақсатында жүргізіліп 

жатқан  іс­шараларға  белсенді  түрде 

қатысу. 

Сөйтіп білім беру ұйымдары басшы­

ларының  кадрлар  резерві  жасақталды. 

«Дарын» облыстық қосымша білім беру 

орталығы, Маңғыстау облыстық білім беру 

ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін 

арттыру институтымен, «Достық» тестілеу 

орталығымен 4 жақты меморандумға қол 

қойылып жүзеге асырылды. 

Соның  нәтижесінде  Халықаралық 

ғылыми  жобалар  сайысынан  биология 

пәні  бойынша  11­сынып  оқушылары 

Әйгерім  Ибраева  Швейцариядағы  Цю­

рих қаласынан «Алтын медаль», Мәдия 

Қарасаева 2­орын «Күміс медаль» иеленді. 

Сол сияқты Венгри я да өткен олимпиа­

дадан  тағы  да  экономика  лық  лицейдің 

11­сынып  оқушысы  Назерке  Ералы 

жүлделі 2­орынмен оралды. Жалпы білім 

беретін пәндер бойынша республикалық 

олимпиадаға жолдама алған 6 оқушының 

арасынан  экономикалық  лицейдің  11­

сынып  оқушысы  Асыл  Қожабекова, 

француз тілі бойынша 3­орынды иеленді. 

Сонымен қатар Экономикалық лицейдің 

8­сынып  оқушысы  Әнел  Нұрғазы 

республикалық ОН­ЛАЙН олимпиадада 

жаратылыстану пәндері бо йынша Астана 

қаласынан 2­орынды иеленіп қайтты.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытын­

дысы бойынша «Алтын белгіге» үміткер 

20  оқушының  16­сы,  үздік  аттестатқа 

үміткерлер ішінде 27 оқушы өз білімдерін 

дәлелдеді.  Өмірзақ  ауылындағы  №27 

орта мектепте бірінші рет мектеп бітіруші 

түлектер  арасынан  Мәриям  Тәңір­

бергенова үздік аттестатқа ие болды.

құрайды, 2010 жылы 39,8 және 38,1 пайы­

зын құраған болатын. Бүгінгі таңда облыс 

мектептерінде  171  мұғалім  жетіспейді. 

Оның ішінде қала мектептеріне 125, ауыл 

мектептеріне 46

 

мұғалім қажет. 



2010­2011  оқу  жылында  еліміздің 

жоғары оқу орындарын облыс әкімінің 

оқу грантымен бітірген алғашқы түлектер 

–  51  жас  маман  ауыл  мектептеріне 

жұмысқа орналасқан болса, жаңа 2011­

2012  оқу  жылында  58  жас  маман  ауыл 

мектептеріне жолдама алды. Биылғы оқу 

жылында  облыс  мектептеріне  210  жас 

маман келді, оның ішінде 153­і жоғары 

оқу  орындарын  бітіргендер,  57­сі  орта 

кәсіптік  оқу  орындарын  бітіргендер. 

Осы жас мамандардың ішінде «Диплом­

мен  –  ауылға»  бағдарламасымен  ауыл 

мектептеріне  124  жас  маман  жолдама 

алды. 

– облыстың техникалық және кәсіптік 



білім беру жүйесіне де тоқталып өтсеңіз.

–  Облыстың  техникалық  және 

кәсіптік  білім  беру  жүйесінде  27  ұйым, 

яғни  5  кәсіптік  лицей,  11  мемлекеттік 

және 11 мемлекеттік емес колледж бар.

Маңғыстау  облысы  әкімдігінің  2011 

жылы 26 мамырдағы №172 қаулысымен 

кәсіптік  лицейлер  мен  колледждерге 

мемлекеттік  тапсырыс  бекітілді.  2011­

2012  оқу  жылында  жергілікті  бюджет 

есебінен техникалық және кәсіптік білім 

беру  ұйымдарына  барлығы  2895  адам 

қабылданды. Сондай­ақ, «Бизнестің жол 

картасы – 2020» және «Жұмыспен қамту 

2020» бағдарламасы аясында 750 орынға 

мемлекеттік тапсырыс берілді. 

2011 жылы техникалық және кәсіптік 

білім  беру  жүйесінен  7189  адам  бітіріп 

шықты.  Оның  жұмысқа  орналасқаны 

және  жоғары  оқу  орнында  оқуын 

жалғастырғаны 78 пайызды құрап отыр. 

Ағымдағы  жылдың  бірінші  жар­

ты  жылдығында  «Болашақ»  студенттер 

қалашығының 150 орындық жатақханасы, 

спорт залы мен акт залының құрылысы 

аяқталды. 480 орындық оқу корпусының 

құрылысы жүріп жатыр.

–  Қазіргі  жағдайда  туындап  отырған 



мәселелер жөнінде де айтып өтсеңіз.

– Облыста 5 мектепте оқушылар үш 

ауысыммен оқиды. Мектептерде 1 ком­

пьютерге 28 баладан келеді. Ал республи­

ка бойынша – 16.

Компьютерлердің моральдық ескіруі­

не және мектептердегі оқушы саны ның 

артуына  байланысты  бұл  көрсеткіш 

жылдан­жылға өсіп барады. 

Орта және кәсіптік білім беру ұйым­

дарының  студенттері  үшін  жатақ­

ханалардағы  орын  тапшылығы  бар. 

Сондықтан,  2012  жылы  Ақтау  және 

Жаңаөзен  қалаларында  әрқайсысы 

кемінде  200  орындық  жатақхана  салу 

жөнінде ұсыныс жасап отырмыз. 



сұхбаттасқан 

Бектұр ТөЛЕУғаЛИЕв,

Қазақстанның құрметті журналисі

Маңғыстау облысы 

ұлт болАМ десең, ұрпАғыңды ойлА

ЕЛ ЕРТЕңІ – БІЛІМдІ ұРПАҚ

Маңғыстау облысы Білім департаментінің бастығы Динара Нағимуллақызымен сұхбат

ғимаратқа  көшірілді.  Республикалық 

бюджет есебінен Мұнайлы ауданы Батыр 

селосында 960 орындық орта мектеп пен 

Қарақия ауданы Жетібай ауылында 200 

орындық жатақханасымен 624 орындық 

орта мектептің құрылыстары жалғасуда.

Облыстың  14  елді  мекенінде  жал­

пы  білім  беретін  мектеп  жоқ.  Облыс 

бойынша  мектепке  шалғай  орналасқан 

және мектебі жоқ елді мекендерден 9372 

оқушы түгелдей тасымалданып оқиды. 

Жаңа оқу жылында мектеп партасына 

отырған 11098 бірінші сынып оқушылары 

толық  мектеп  формасымен  қамтылды, 

оған жергілікті бюджеттен 43 807,0 мың 

теңге қаражат бөлінді. 

Мектеп  оқушылары  оқулықтармен 

тегін  қамтамасыз  етіліп  отыр.  Деген­

мен,  жаңа  оқу  жылының  басталуымен 

мектеп  оқушыларын  оқулықпен  қамту 

мәселесі бойынша қиындықтар туындау­

да. Оқушы санының өсуіне байланысты 

Мұнайлы ауданында оқулықтар жетіспеді. 

Сондықтан,  Білім  бас қар масына 

бағынысты  мекемелер  (Қазақ­түрік 

лицейі мен Дарынды балаларға арнал ған 

мектеп­интернаты) кітапханаларындағы 

артық оқулықтарды Мұнайлы аудандық 

білім бөліміне қарасты мектептердің ба­

лансына өткізу жұмыстары жүргізілуде. 

Облыстың  жалпы  орта  білім 

беретін  114  мектебінде  ыстық  тамақ 

ұйымдастырылып,  оған  53564  оқушы 

тартылған. Ал тегін ыстық тамақпен 18972 

оқушы (36%) қамтылып отыр. Тұрмысы 

нашар отбасының балалары тегін ыстық 

тамақпен қамтылған. 

Мектептерде  оқыту  сапасын  артты­

ру  бағытында  нақты  шаралар  алынды. 

Бұл шаралардың іске асуына облыстық 

«Дарын» қосымша білім орталығының, 

облыстық  білім  беруді  ақпараттандыру 

оқу ­ әдістемелік орталығының құрылуы 

және оқыту сапасын бағалаудың мони­

торинг  жүйесін  жасақтаудың  үлесі  зор 

болды.  Қабылданған  шаралар  облыс 

мектептері  түлектерінің  Ұлттық  бірың­

ғай тестіні (ҰБТ) сәтті тапсыруына және 

екі жыл қатарынан орта балл бойынша 

республикадағы ең жоғары көрсеткішке 

қол жеткізуге ықпал етті.

«Алтын  белгіге»  ие  болған  түлектер 

саны 2007 жыл мен 2011 жылдар аралы­

ғында 22­ден 71­ге, ал республи калық және 

халықаралық  пәндік  олимпиадалар  мен 

ғылыми  жобалардың  жеңімпаздарының 

саны 6­дан 47­ге дейін өсті. Өткен оқу жы­

лында оқушылардың білімін сынау жарыс­

тарында  облыстағы  мектеп  оқушылары 

өлкеміздің  даңқын  асқақтатты.  Мек­

теп  оқушылары  13  халықаралық  және 

республикалық олимпиадалар мен ғылыми 

жобалар сайыстарында 12 алтын, 13 күміс 

және 22 қоладан алқа тақты.

– Білім сапасын арттыруда облыстың 



білім  саласы  біршама  жетістіктерге 

жеткендігін  айттыңыз.  Білімді  оқушы 

білікті де білімді ұстаз еңбегінің нәтижесі 

емес пе? олай болса, облысымыздың педа-

гог кадрлар деңгейін де әңгімелеп берсеңіз. 

–  Облыстың  күндізгі  жалпы  білім 

беретін мектептерінде 7890 мұғалім бар, 

оның  5852­і  жоғары  білімді.  Жоғары 

және  бірінші  санатты  мұғалімдер  үлесі 

барлық  мұғалімдердің  41,9  пайызын 

(ауылдық  мектептерде  38,4  пайызын) 

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты 

26 жалпы білім беретін мектептің барлығы 

компьютерлік  техникамен  қамтамасыз 

етілген  болатын.  2007  жылдан  бастап 

қала мектептерін интерактивті тақтамен 

қамтама сыз  ету  жұмыстары  жүргізіле 

бастады. Бүгінгі күні барлық мектептер 

интерактивті  тақтамен  жабдықталып 

отыр. Жалпы білім беру ұйымдарындағы 

м у л ь т и м е д и я л ы қ ­ л и н г а ф о н д ы қ 

кабинеттердің  жалпы  саны  –  39.  Мек­

тептерде компьютерлік сыныптар және 

мультимедиялық  кабинеттер  түгелдей 

интернет  желісіне  қосылды.  Білім  беру 

ұйымдарында  ата­аналардың  мектеп­

пен  байланысын  нығайту,  сыбайлас 

жемқорлыққа  жол  бермеу  мақсатында 

қамқоршылық кеңес тері құрылды. «Ба­

лапан»  бағдарлама сын  одан  әрі  жүзеге 

асыру  мақсатында  2015  жылға  дейін 

коммуналдық  меншікте  тұрған  және 

жекеменшік  балабақша  ғимараттарын 

қайтару  мәселесі  қозғалып  бұл  жұмыс 

нәтижелі жүргізіле бастады. 

– 2011-2020 жылдарға арналған білім 

беру ді  дамытудың  мемлекеттік  бағдар-

ламасында  да  балалардың  денсаулығын 

қамтамасыз етудің басты назарға қойылып 

отырғаны белгілі. осы орайда қандай іс-

шаралар жүзеге асырылды? 

–  Жоғарыда  айтып  кеткенімдей, 

«Жасыл  бақты  Маңғыстау»  акциясы 

шеңберінде  аймағымызды  гүлденген 

жасыл  желекке  айналдыру  мақсатында 

жүргізіліп жатқан іс­шараларға белсенді 

түрде  қатысу  жас  ұрпағымыздың 

денсаулығын  нығайтуды  көздейді.  Осы 

мақсатта  Қазақстан  Респу бли   касының 

заңнамаларына  сәйкес  жет кін шектер 

үшін «Көктем» мемлекеттік коммуналдық 

кәсіпорны  жанынан  жазғы  демалыс 

кезеңінде еңбек лагері құрылып, оған 309 

бала қамтылды. Мемлекетіміздің саяса­

тында дарынды балалар мен кедей отба­

сы балалары басты назарға алынды.

– 2011-2012 оқу жылын облыстық білім 

басқармасы  бастығы  қызметімен  бастап 

жатырсыз. Енді облыстың білім жүйесінде 

шешім ін  күткен,  өзіңізді  толғандырған 

мәселелер төңірегінде сөз қозғасақ...

–  Маңғыстау  облыстық  білім 

б а с қ а р м а с ы   б о й ы н ш а   ш е ш і м і н 

күткен  мәселелер  дегенде  ең  бірінші 

материалдық­техникалық  жабдықтауға 

т о қ т а л с а м :   2 0 1 1   ж ы л ғ ы   б і л і м 

саласының бюджеті өткен 2010 жылмен 

салыстырғанда, 4,9 млрд. теңгеге ұлғайып, 

29,4  млрд.  теңгені  немесе  жалпы  об­

лыс бюджетінің үштен бірін құрап отыр. 

«Жол  картасы»  аясында  облыстың  27 

білім нысанында 1,4 млрд теңгеге, оның 

ішінде  16  мектепке,  7  мектептің  жылу 

қазандығына,  оқушылардың  шығарма­

шылық  ғимаратында,  3  балабақшаға 

күрделі  жөндеу  жұмыстары  жүргізілді. 

Жергілікті бюджеттен бөлінген 229 459,0 

мың теңгеге 99 білім мекемесі ағымдағы 

жөндеуден  өткізілді.  Республикалық 

бюджет есебінен облыстың жалпы білім 

беретін мектептерінде 25 лингафондық­

мультимедиалық және 25 химия, биоло­

гия кабинеттері ашылды. 

– Мемлекеттік «Балапан» бағдарлама-



сының облыс көлеміндегі орындалуы, мек-

тепке дейінгі білім беру ұйымдарының жай-

күйі қалай?

– 2007 мен 2011 жылдар аралығында 

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 

саны 44­тен 151­ге, бала саны 9350­ден 

21368­ге  артты.  Қазіргі  таңда  облыста 

21368  баланы  қамтитын  151  мектепке 

дейінгі білім беру ұйым дары жұмыс жа­

сайды. Мектепалды дайын дық пен баста­

уыш сыныпта отырған бала ларды есепте­

мегенде, 3­6 жастағы балаларды мектеп­

ке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту 

60,7 пайызды құрайды. 

– «Ел ертеңі-білімді ұрпақ» дегендей, 

жалпы білім беретін мектептердің жай-күйі 

мен білім сапасы қандай деңгейде?

–  Жаңа  оқу  жылында  Жаңаөзен 

қаласында 1200 орындық орта мектеп пен 

Мұнайлы ауданында 640 орындық орта 

мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға 

берілді.  Түрлі  пәндерді  тереңдетіп 

оқытатын  дарынды  балаларға  арналған 

облыстық мектеп­интернат 200 орындық 

жатақханасы  бар  600  орындық  жаңа 

имандылық иірімдері

шапағатты

жырлар

Өткен ғасыр мен одан арғы замандарда қазақ жырауларының бізге жеткен 

бірен-саран туындыларында Жаратушыға жалбарыну, көмек сұрау, қиын-қыстау 

сәттерде Құдайға сыйынып, медет тілеу сарынында шыққан жыр жолдары 

кездеседі. бірақ қазақ жыр өнері тарихында Алла тағаланың қадір-қасиетін 

мадақтап, оның шуақты шарафатын арнайылап өлеңге қосып ұлықтаған, сол 

тақырыпқа бүтіндей бір кітап жазып шығарған ақын болған емес. 

Адамзат тарихында біреудің екіншіге 

үстемдік етуі, өсіп, өркен жайып өзімен­

өзі отырған елді «адам құқықтары бұзылып 

жатыр»  деген  желеумен  талқандау, 

мемлекетаралық дау­дамай туғызып, бір 

ұлтты әлем алдында оңбаған етіп көрсетуге 

тырысу – осының бәрі байлыққа, билікке 

таласудан шығатын саясат. 

Алдыңыздағы шағын кітапта әлемдік 

саясаттағы  жүгенсіздік,  үстемдік, 

дүние қоңыздық  Алланың  жолынан 

тайғандардың ісі екенін ақын салыстыр­

малы  түрде  айқын  меңзейді.  Мысалы, 

Алланың  төртінші  есімі  Әл­Мәлікке 

отырып тілек айтады; пенделердің азғын­

дық қылықтары үшін кешірім сұрап, бая­

ғыдай топан су қаптатып, тауларды тула­

тып,  адамдарды  апатқа  ұшырытпауды 

өтінеді; елге­жерге ғұмыр тілейді:

...Жер дегенің тұнып тұрған сұлулық,

Сұлулықты  өртке  қалай  қиясың? 

–деп, қиыла тіл қатады. Ал, адамдардың 

өздерінен  азғындық  қылықтармен  Ал­

ланы  ашындырмауды,  күнәкәрлікпен 

қаһарына ұшырамауды сұрайды. 

«Тәңірге таңғы тілек» деген жырының 

түйініндегі:



Айта алмайды шындықты 

ешкім ақындай,

Ақын батыр, ақын аңғал, ақын бай.

Жалбарынам құдіретіңе бас иіп,

Жоя көрме тіршілікті, а­Құдай! – де­

ген жыр жолдары шын жүректен шыққан 

сезім шынайылығымен баурайды. Оқып 

отырып  ақынға  қосыла  тілек  тілейсің 

Алладан. Гуманистік, азаматтық жырлар 

дегеніңіз  осындай  болса  керек­ті.  Сол 

сияқты «Алматыда ақмешіт», «Астанада 

бас мешіт» атты өлеңдерінде де Құдайға 

құлшылық жасауға, адамдарды ізгілікке, 

бірлікке үндейді.

 

Мешіттер—дініміздің діңгектері,

Мұсылманның көп парыз міндеттері.

Бөлінбейік суннит пен шиіт болып,

Бәріміз де Мұхаммед үмметтері, – деп 

түйіндей  келіп,  пайғамбарымыз  салған 

сара жолмен жүруді уағыз етеді. 

Білем, Алла, түзетпек боп заманды,

Жасағансың талай ізгі қадамды.

Құран бердің, бірақ әлі адамдар,

Айырмай жүр жақсы менен жаманды.

Әулиелер шығып жатыр қазір де,

Патшалар жоқ бірақ тыңдар әзірге.

Олар қанша уағыз­үгіт айтқанмен,

Сөзі өтпейді министр мен уәзірге.

Ақын  бұл  тараудағы  өлеңдерінде  де 

өмір шындығын оқырманның көз алдына 

келтіріп жыр етеді.



Көргем жоқ қамын ойлап қара бастың,

«Ел, ел» деп күреске ерте араластым.

Шындық­сәби шырылдап жатқан жерде,

Алысып жамандықпен жағаластым.

Міне,  ойлы,  кеудесінде  Алла  тағала 

бер ген сәулесі бар талант осылай жырлар 

болар. 


Жұма­Назар  ақынның  Астана 

қаласындағы  «Сарыарқа»  баспасынан 

шыққан бұл кітабы – әр қазақтың ғана 

емес,  Мұхаммедтің  үмметімін  деген  әр 

мұсылманның  төрінде  тұруға  лайық 

шапағатты шығарма.

бас қойып, ұйқыға кетер алдында бірнеше 

рет  қайталап  үйренген  мен  қасиетті  аят 

сүрелерінің мән­мағынасын түсінбесем де, 

олардың әр сөзінде адам баласына көмек 

беретін ғажайып күш бар деп ұғатынмын.

Бірақ  осы  күнге  дейін  Алланың  99 

есімі  бар  екенін  естімеппін.  Замандас, 

рухтас  ақын  Жұма­Назар  Сомжүректің 

«Алланың 99 көркем есіміне – 99 көркем 

жыр»  шығармасын  қолжазба  күйінде 

оқып  таныстым.  Танысқаным  сондай, 

сүйсініп қайта­қайта оқыдым. 

Сөзімнің басында айтқанымдай, бұл 

шығармада Аллаға табынуды, сыйынуды 

ғана емес, ақын оның қасиетті бейнесін, 

болмыс­сыйпаттарын жан­жақты ашуды 

мақсат еткен. Ақын Жаратушының ұлы 

қасиеттерін ашатын әрбір есімнің киесін 

жыр етіп қана қоймай, адамзат жаралғалы 

онымен  бірге  жасасып  келе  жатқан 

қоғамдағы кемшіліктер мен кеселдердің 

адамды  имансыздыққа,  алауыздық  пен 

өзімшілдікке  итермелейтінін,  осыдан 

ел  мен  елдің,  ұлт  пен  ұлттың  арасын­

да  бітіспес  талас­тартыс,  үстемдік  пен 

жауыздық туындайтынын әдемі өрнектей 

білген.

(патша, билік иесі) арналған өлеңде мы­



нандай жолдар бар: 

Ел­жұртын сүйген патшалар,

Ақылмен елді басқарар.

Халқына құл боп өтуді,

Өзіне нағыз бақ санар.

Еститін құлағы, түсінетін жүрегі бар 

жан болса, билік тағын меншіктеп алған­

дарға ой салатын осындай жыр­маржан­

дарды шариғат сөзіндей жаттап алғандары 

жөн болар еді.

Жаратушының  енді  бір  есімі  Әл­

Мүтәкәббир  –  Тәкаппар,  аса  жоғары 

деген  ұғымды  білдіреді.  Ақын  Алла 

тағаланың осы болмысын, мінезін жыр­

лай келіп, былай дейді: 

Құрасың шексіз билік жоғарыдан, 

Бергеніңе шүкір деп тоба қылам.

Әттең, Алла, қорықпас қорқаулар көп,

Жетім­жесір кедейдің обалынан.

Алланың 99 есімінің әрқайсысы жа­

лаң  сипат талмай,  күнделікті  өмірде 

кездесетін көріністермен байланыстыра 

жырлануы шығарманың құнын арттыра 

түседі. «Әділетті» деген мағынаны білдір­

етін  Әл­Мұқсит  есімді  ақын  былайша 

түйін дейді:



Көркем есім, әдемі сөз ­ Әділет!

Өзің, Алла, иманымды кәміл ет.

«Елді илемей, әділетпен биле!» ­ деп,

Әділетсіз  әкімдерге  әмір  ет!  –  деген 

жыр жолдарына өзің де қосыла кетерің 

анық.  Кітаптың  бұл  бірінші  бөлімін 

қорыта  келгенде  айтарымыз,  Рудаки­

ден  басталатын  «Шығыс  жұлдыздары» 

аталатын  атақты  ақындар:  Фирдауси, 

Сағди, Жәми, Хафиз, Омар Һәями, Ни­

зами, Әлішер Науаи және басқа шығыс 

ақындарының өлеңдері мен дастандары 

қазақ тіліне аударылған. Олардың өлең­

жырларының ішінде Алланың 99 көркем 

есімдеріне арналған өлеңдер кездеспейді. 

Егер  ондай  ж ырлар  болған  болса, 

баяғыда­ақ тілімізге тәржімеленген бо­

лар еді ғой. Демек, бұл тың тақырыпқа 

қа зақ ақыны, өз ақынымыз Жұма­Назар 

Сом жүрек бірінші болып қалам тар тып 

отыр деуге толық негіз бар деп білеміз. 

Кітаптың  бірінші  бөлімінде  Жұма­

Назар Алланың 99 көркем есімін жырлай 

отырып  сыр  толғаса,  екінші  бөлімінде 

ақын  шеңберден  шығып,  қаламына 

еркіндік  береді.  Аллаға  өз  атынан  да, 

адамзат атынан да сыр ақтарады, тілдесе 

А

л,  кеңестік  дәуірде  Алланың 



атын  айтудың  өзі  қылмыс 

болғанын  өзіміз  басымыздан 

кешіріп, көзімізбен көрдік. 

Өле­өлгенше  бес  уақыт  намазы 

мен  оразасын  қаза  қылмай,  мешіт  бол­

мағандықтан,  қайыр­садақасы  мен 

пітірін  жетім­жесірлерге  беруді  ұмыт­

паған  анамның  құлағыма  сыбырлап 

үйреткен  «Құлқуалласын»  түнде  төсекке 

Фариза оңғАрсыновА,

ақын, қазақстанның халық жазушысы, 

мемлекеттік сыйлықтың иегері

Беташар

шын махаббат өшпесін деп сезімде,



Көктем нұры жайнасын деп көзінде,

Жаңа түскен жас келінді қарсы алып,

Бетін ашқан Наурыз тойы кезінде.

БесіК


«Жетті» деп наурыз салты осы күнге

Ұрпақтар кірсін дәйім есігіне»,

Деп тілеп жас анаға қариялар 

сәбиін бөлейді екен бесігіне.



Наурыз нақыштары

Суреттерді түсірген Азамат ҚҰСАЙЫНОВ



7

№11-12 (1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл


АНА ТІЛІ

Ғалым еңбектері өзінің көзі тірісінде-

ақ күнделікті баспасөзден бастап, Ал-

маты, Мәскеу, Ленинград, т.б. қалалар 

мен шет елдердегі баспалардан түгелге 

дерлік жарық көрген. Монографиялық 

күрделі зерттеулері кезінде жеке кітап 

болып  басылған.  Ал  ғұламаның  өмірі 

мен шығармашылық жолына арналған 

жеке зерттеу кітаптар қаншама! 1967 

жылы 5 томдық таңдамалы еңбектері, 

2001  жылы  шығармаларының  8 

томдығы  баспадан  шықты,  табанды 

зерттеуші  М.Сәрсекеевтің  Сәтбаев 

өмірін  сан  қырынан  баяндайтын 

ғұмырнамалық  кітабы  Мәскеуде  ба-

сылатын «Тамаша адамдар өмірі» топ-

тамасынан бірнеше рет жарық көрді, 

қазақ тілінде «Қазақтың Қанышы» деп 

атаған роман-эссесі жарияланды, ака-

демик Е.Бөкетов «Жас Қаныш» деректі 

хикаятын,  ақын  К.Салықов  ғалым 

ағасына арнап поэма, қызы Ш.Сәтбаева 

«Сәулелі әулет» естеліктер кітабын жаз-

ды. Ғалым немересі Ғ.Батырбековтың 

Сәтбаевтың  қоғамдық  ғылымдарға 

қатысты  мұрасын  зерттеген  көлемді 

монографиясы жарық көрді, жұртшы-

лық  замандастары  мен  шәкірттерінің 

«Заңғар»  естеліктер  жинағымен  та-

нысты,  деректі  фильмдер  түсірілді. 

Осыны  ескерсек,  бір  адамның,  өмір 

жолы  осындай-ақ  зерттелсін  деп 

қанағат тұтуымызға болар еді. Деген-

мен уақыт пен бүгінгі ұрпақ талаптары 

басқаша.  Олар  сан  саланың  сардары 

болған  ұлы  ғалым  туралы  неғұрлым 

көбірек  біліп  және  сол  деректердің 

барлығын бір кітаптан тапқысы келеді. 

Шынында  да  жоғарыда  аталған  және 

аталмаған  толып  жатқан  зерттеу-

лер алған тақырыптарына қарай дара 

қарастырсақ  Сәтбаев  деген  заңғар 

таудың  жеке-жеке  жоталарына  ғана 

арналған. Өйткені ғұламаның сегіз емес 

сексенге жететін сала-сала бұлақтары 

бір  көлге,  бір  еңбекке  сыймайды. 

Оқырманға  әрі  ықшам,  әрі  деректері 

анық,  мағлұматтары  мол  кітап  керек. 

Бұл  талапты  тек  энциклопедия  ғана 

атқара алады. 

Энциклопедия  белгілі  бір  ұлы 

тұлғаға  көрсетілген  құрмет  десек 

қателескен  болар  едік.  Ол,  ең  ал­

дымен,  сол  ғұлама  туралы  жалпы 

оқырманға  арналған  оқу  құралы. 

Онда  энциклопедиялық  тұлғаның 

барлық қыры ашылуы керек. Зерде­

леп қарасақ, кітапқа енген материал­

дар  мынадай  ортақ  тақырыптар  бо­

йынша жиналғанын айқын көреміз: 1. 

Ғалымның төл еңбектері; 2. Ғылыми 

еңбектері мен ашқан жаңалықтары; 3. 

Ғалымдық, қайраткерлік, азаматтық 

тұлғасы;  4.  Сәтбаев  есіміне  қатысты 

ғылыми  мекемелер,  кенді  аймақтар 

мен  кен,  өндіріс  орындары,  ғылым 

салалары, мекемелер, елді мекендер, 

білім ошақтары; 5. Ғалымның отандық 

және  шет  елдердегі  әріптестері, 

ұстаздары  мен  шәкірттері;  6.  Ғалым 

еңбектеріне арналған зерттеулер мен 

зерттеушілер, мұрағаттық мекемелер; 

7.  Сәтбаевтың  өскен  ортасы,  заман­

дастары,  ізбасарлары;  8.  Ғалымның 

еңбектері  жарияланған  баспалар 

мен  күнделікті  газет­журналдар; 

9.  Иллюстрациялық  материалдар, 

карталар, сызбалар, деректі фотосу­

реттер. Кітаптың бір ұтымдылығы – 

осыншама тақырыптағы қыруар ма­

териал шамамен бір көлемде, қысқа 

ғана, тұжырымды етіп берілген, артық 

дәріптеу жоқ, нақты баяндалған. Егер 

ғұламаның геологтық, қайраткерлік, 

басшылық,  күрескерлік,  азаматтық, 

ұстаздық,  әдебиетшілік,  әншілік, 

т.б.  қасиеттері  туралы  жеке­жеке 

көлемді  мақалалар  берілсе,  кітап 

анықтамалық  қасиетінен  айрылып, 

зерттеу­очерк  сияқты  бірдеме  бо­

лып  шығар  еді.  Энциклопедияшы­

лар  Қаныш  ағамыздың  осыншама 

қырларының  барлығын  атап­атап 

жатпай­ақ, шағын ғана нақты матери­

алдар арқылы қолға ұстатқандай етіп 

көрсете алған. 

Кітаптың  сәтті  шығарылуына 

ғалымның  2001  жылы  соңғы  кітабы 

жарық көрген 8 томнан тұратын толық 

шығармалар  жинағының  көп  пайда-

сы  тиген  сияқты.  Оның  осы  кітапқа 

енген  барлық  еңбек теріне,  күрделі 

монографиялық шығармаларынан бас-

тап,  газет-журналдарда  жарияланған 

мақалалары,  ғылыми  конференция-

ларда жасаған баяндамалары мен кез-

десулерде  сөйлеген  сөздері,  ғылыми 

есептері түгел қамтылып, түсініктеме 

берілген.  Бұл  түсініктемелермен 

т а н ы с у   б а р ы с ы н д а   ғ а л ы м н ы ң 

еңбекқорлығына,  ыжда хаттылығына 



лог  қазақ  тілі  мен  әдебиеті,  өнері 

мәселелеріне ерекше қамқорлық керек 

екенін  ерте  ұққан  сияқты.  Ол  қазақ 

тілін ғылым тіліне айналдыру мәселесін 

естен  шығармаған.  Өзі  жазған  «Алге-

бра»  оқулығында  220  математикалық 

атаудың  қазақша  баламасын  ұсынған. 

Бұлардың  бірқатары  қазіргі  уақытқа 

дейін  қолданыстан  түспей  келеді. 

Заманымыздың  заңғар  жазушысы 

М.Әуезовтың  «Абай  жолы»  романына 

алғаш  жоғары  баға  берген  де  Қаныш 

Имантайұлы.  Оқырман  қауым  халқы­

мыздың ұмыт қалып бара жатқан «Ер 

Едіге»  деп  аталатын  батырлық  жы­

рының  Ш.Уәлиханов  нұсқасын  та уып 

алып,  оны  көшірмешілер  жіберген 

қателіктерден тазартып, алғысөзін жа­

зып, алғаш бастырған да Сәтбаев еке­

нін білді. Ғалым осынау ұлтжандылығы 

үшін  таяқ  та  жеді.  Энциклопедияға 

енген  «Жезқазған  жеріндегі  көне 

ескерткіштер»,  «Сарысу  күмбездері», 

«Жезқазған  ауданындағы  біздің 

заманымызға  дейінгі  ескерткіштер», 

«Ұлытау өңірінің ескерткіштері» сияқты 

мақалалардан ғалымның көне мұраларды 

сақтауға деген айырықша қамқорлығын 

көреміз.  Ұлытаудағы  Алтыншоқы  жо-

тасынан  ұлы  қолбасшы  Әмір  Темір 

орнатқан  тас  белгіні  тапқан  да  – 

Сәтбаев.  Қазақ  халқының  музыкалық 

мұрасын ерінбей жинаған А.В.Затаевич 



жас инженердің орындауында 25 ән жа­

зып алғанын айта келіп, оны «Баянауыл 

әндерінің білгірі» деп бағалаған. Қаныш 

музыкантқа 19 әннің мәтінін орыс тіліне 

аударып, түсініктемесін қоса тапсырған. 

«Обаған» әнінің шығу тарихы хақында 

арнайы мақала жазыпты. Геолог Торғай 

мен Ұлытау даласының жер астындағы 

байлықтарын  іздей  жүріп,  оның  жер 

бетіндегі қазынасын да ұмытпаған екен. 

Мен  1916  жылғы  Торғай  көтер ілі   -

сі нің  қолбасшысы  Амангелді  Иманов          -

тың  ұрпағымын,  батыр  туралы  жаз-

ыл     ған  жаңалықтарды  жіті  қада ғалап 

жү ре тін  адаммын.  Соған  қарамастан, 

Қаныш  ағаның  Амангелдінің  ата-

бабалары  ту ралы  мақала  жазғанын 

білгенім   де  қайран  қалдым.  Ғалым 

әңгімені  Кене сары  Қасымовтың  бас 

батыр  лары ның бірі болған Иман батыр-

дан бас тап, азаттық соғысына қатысқан 

оның балаларының есімдеріне дейін ата-

ғаны, осы тұста 2000 үйге жеткен Бегім -

бет руын түгендеп шыққаны айтылған. 

  Кітапқа  енгізілген  жеке  тұлғалар, 

ғалымның  замандастары  мен  ізбасар-

лары,  шәкірттері  жайлы  мақалаларда 

олардың өмірбаяндары барынша қысқа 

айтылып, Сәтбаевпен ғылыми байланы-

сы, жеке басы туралы пікірлері берілген. 

Мысалы,  ұлы  жазушы  М.Әуезов  гео-

логты Абаймен, Шоқанмен теңестіреді, 

С.Мұқанов  ғылымның  бар  саласын 

жете  білетінін  айтады,  белгілі  биолог-

ғалым  Кәрім  Мыңбаев  Қазақстан 

Орталық  комитетінің  1-хатшысы 

Ж.Шаяхметовтың  алдында  өзін  Қазақ 

академиясының президентіне ұсыну ту-

ралы сөз болғанда: «Жұмеке, Қанекеңдей 

арысымыз тұрғанда мені ондай бәсекеге 

салмаңыз» деп бас тартқан. Бұл тектілікті, 

даналықты мойындау деп білеміз. 



тұғырлы тұлға

қАзАқ ғылымының



асқар шыңы

дамзат тарихында сонау ежелгі дүниеден бастап бүгінгі біздің уақытымызға дейін есімдері әлемге жайылған 

ғұлама данышпандар мен ойшылдар жеткілікті. Сол абыздардың ішінен ағылшындардың В.Шекспирге, орыстардың 

А.С.Пушкинге, М.Ю.Лермонтовқа, украиндардың Я.Колас пен Я.Купалаға, қазақтардың Абайға, М.Әуезовке арнап 

энциклопедия шығарғанын білеміз. Тым аз. Мұның басты себебі – энциклопедия шығаратын тұлға ғұлама білімімен, 

терең ойымен, үздік шығармаларымен, ерекше еңбектерімен әлем жұртшылығына танымал адам болуымен қатар 

кейінге қалдырған мұрасы мол, кітапқа енгізілетін деректі материалдары жеткілікті болуы шарт. біздің қазақ елінде 

осындай құрметке ұлы ойшыл ақын, тұтас бір жаңа әдебиеттің көшбасшысы болған Абайдан соң, Қазақстан ғылымы 

ғана емес, әлемдік геология ғылымында соны еңбектерімен ерекше орын алатын академик Қаныш Имантайұлы 

Сәтбаев еді. Сондықтан да қазақ энциклопедияшыларынан өткен ғасырдың соңында ұлы геологтің өмірі мен 

ғалымдық жолын жан-жақты көрсетуді мақсат еткен энциклопедия шығаруды қазақ зиялылары талап ете баста-

ды. бұл игі бастаманы Қазақстан ғылым академиясы, Халықаралық Сәтбаев қоры, ғалымның туған жері – бая-

науыл ауданының азаматтары, ғасырлар бойы қойнауында жасырын жатқан аса мол кен қорын ашқан Жезқазған 

аймағындағы шәкірттері қызу қолдады. Академиктер Ж.Сыдықов, Ә.Нысанбаев, профессор В.Ли, Қазақстан ғылым 

академиясының вице-президенті С.Қожахметов қызу қуаттады. Сөйтіп, осы жолдардың авторы болашақ «Қаныш 

Сәтбаев» энциклопедиясы сөзтізбесінің алғашқы нұсқасын жасауға кірісіп те кеткен болатын. Дегенмен қаржы 

тапшылығы, өзге де себептермен бұл кітапты баспадан шығару ісі кейіндеп қала берген. Халқымыз «игіліктің ерте-

кеші жоқ» дейді ғой. Қазіргі кезеңде филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын бауыржан Жақып бастаған 

қазақ энциклопедияшыларының бүгінгі буыны осынау ұлы азаматқа арналған кітапты шығару жауапкершілігі мен 

бақытына ие болды. Сөйтіп, жуықта «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан «Қаныш Сәтбаев» энциклопедиясы басы-

лып, жарыққа шықты. 

КСрО Мемлекеттік сыйлығының, 

Лениндік сыйлықтың лауреа-

ты, 4 мәрте Ленин орденімен, 

2-дәрежелі Отан соғысы орденімен 

марапатталған, толып жатқан 

елді мекендер мен мектептерге 

есімі берілген, әлденеше рет КСрО, 

Қазақ КСр Жоғарғы Кеңесінің 

депутаты болып сайланған Қаныш 

Имантайұлы Сәтбаев – туған еліміз 

бен бұрынғы кеңестік кеңістік 

мемлекеттері ғана емес, бүкіл әлем 

мақтан тұтатын аса көрнекті тұлға. 

Оның ұлан-байтақ әлемі кейінгі 

ұрпаққа қалдырған ғажайып 

мұрасымен, уақыт өлшеміне 

қарамай, ғасырдан ғасырға ұласа 

бермек. Жер мен Көк осынау алып 

әлеммен тұтасып жатыр. Көк 

тіреген мұзарт тауда шоқтығы 

жоталанып «Сәтбаев мұздығы» 

тұр, жер қойнауында сіресіп 

«Сәтбаевит» минералы жатыр, 

бақтарда «Сәтбаев есімізде» сирень 

гүлі бүр жарған, көгілдір аспанда 

«Сәтбаев» шағын планетасы жүзіп 

жүр. Ұлы ғалымның теңдесі жоқ 

өз әлемі осылардың барлығынан 

да бай, мәңгілік. бүгінде 

«Қазақ энциклопедиясының» 

шығармашылық ұжымы ұсынып 

отырған осынау аса құнды кітап 

оқырманды қызықтыра түсетін, 

Уақыт пен Кеңістік шегін мойында-

майтын, адамзатты өнер-білімге, 

мәдениетке, адамгершілікке 

үндейтін алып әлемнің айнасы 

іспеттес. 

А

А

таң қаласыз. Геологтік ізденістерінің 

алғашқы  15  жылын  Торғай-Ұлытау 

аталатын  жалпақ  даланың  жер 

қойнауындағы кен байлықтарын ашуға 

жұмсаған  алғашқы  қадамдарынан 

бастап-ақ  кен  қазу  жұмыстарын 

кешенді түрде жүргізу идеясын қайта-

қайта ұсынудан жалықпаған ғалым бір 

Жезқазған кенін игеруге байланысты 

38  мақала,  Қарсақбай  кені  жайлы  7 

мақала жазған екен. Бұлардың сыртын-

да Торғай бокситі, Алтай металлургия 

аймақтары, Ұлытау марганец, Баянау-

ыл, Балқаш, Обаған кенді аудандары, 

Қияқты  көмір  бассейні,  Маңғыстау 

марганец кендерінің тобы, Мұғалжар 

мыс, Қаратау фосфорит кендері тура-

лы,  т.б.  зерттеулері  мен  ұсыныстары 

қаншама.  Қысқасын  айтқанда,  энци-

клопедияны оқу барысында Қазақстан 

аумағында  Қаныш  Имантайұлының 

араласпаған ашылған кен көздері мен 

өндіріс орындары болмағанына көзіміз 

жетті. 

Қ.Сәтбаев,  ең  алдымен,  геолог.  Ол 

біздің жұртымызда, әсіресе, сол кезеңде, 

онша  танып,  мойындай  қоймаған,  сыры 

белгісіздеу бұл мамандықты неге таң дап, 

қалай  келді,  инженер-барлаушы  болып 

қалай  қалыптасты?  Бұл  жайлы  энци-

клопедияда  орыс  ғалымы  М.А.Усов  ту-

ралы  берілген  мақалаларда  айтылады. 

Шынында да 1921 жылы жазда Имантай ау-

ылына емделуге келген Одақтық геология 

комитетінің төрағасы Михаил Антонович 

орыс тілінде таза сөйлейтін, білімді де ойлы 

жас жігітті өз мамандығына еліктіріп, оның 

Томск  технолгиялық  институтына  оқуға 

түсуіне бірден-бір себепші болған. Қиын-

қыстау сәттерде қазақ ғалымының жаны-

нан  табылып,  дем  беріп  отырған.  Кейін 

Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда 

оның алғашқы толық мүшелерінің бірі бо-

лып сайланды. Біз жалғыз Усов қана емес, 

орыстың көптеген көрнекті ғалымдарының 

жас  геологқа  дем  беріп,  қолтығынан 

сүйеп отырғанын көреміз. Бүгінгі ұрпақ 

ұлы  ғалымымыз  Қ.Сәтбаевтың  ғылым 

шыңына  шығар  жолының  тым  даңғыл 

бола  бермегенін  біле  қоймаулары  да 

мүмкін.  Ол  «Жезқазған  кенін  игеруге 

байланысты  алғашқы  үлкен  тартысқа 

тап болды. Бұл уақытқа дейін орыс гео­

логия  ғылымында  Жезқазған  кенінің 

қоры мардымсыз, ол шы ғарған шығынды 

ақтамайды»  деген  пікір  қалыптасқан. 

Аз  жылда  осы  орныққан  пікірді  бұзып, 

Жезқазған  мыс  қоры  дүниежүзіндегі 

ең бай кен көзі екендігін дәлелдеп шығу 

«түйе мінген қазақтың» баласына оңайға 

түскен жоқ. 

Кейін Жезқазғанда мыс қорытатын 

зауыт  салу  мәселесі  де  қатты  қар-

сылық қа  ұшырады.  Бұл  қуатты 

өндіріс  орнын  Кеңгір  жағасында, 

Нұра  бойында  тұрғызу  туралы 

ұсыныс  болды.  Ақырында  Қоңырат 

мыс-молибден  кенін  ашқан  беделді 

ғалым  М.П.Русаковтың  ұсынысы 

қабылданып, зауыт Балқаш жағасында 

салынды.  Осы  жаңсақтықтың  сал-

дарынан  республикамыздағы  аса 

үлкен тұщы су қоймасы экологиялық 

күйзеліске ұшырып, балығынан бастап 

жағалауында  жайылған  аң  біткеннің 

азайып  кеткенін  көріп  отырмыз.  Ал 

Қоңырат  кен  қоры  айналдырған  20 

жылдан аспай таусылғаны белгілі. Бұл 

қателік  ұлы  ғалым  өмірден  озғаннан 

көп  кейін  ғана  түзетіліп,  бір  кезде 

Сәтбаев ұсынған зауыт Жезқазғанда 

1973 жылы ғана іске қосылды. Энцикло-

педияда келтірілген осы бір деректің 

өзі,  әсіресе,  жас  ғалымдар  үшін  есте 

ұстарлық, таптырмайтын өнеге. 

Қазақ  ғалымы  бұдан  кейінгі  жыл-

дары  да  КСРО  Ғылым  академия сы-

ның  пре зиденттері  С.И.Вавилов, 

В.А.Комаров,  А.Н.Несмеяновтар 

тара пы  нан  үнемі  қолдау  көріп  отыр-

ды.  Қаныш  Имантайұлы  Украина, 

Тәжікстан,  Өзбекстан  Ғылым  акаде-

мияларының президенттері Б.Е.Патон, 

С.Айни,  Х.Абдуллаевпен  достық 

қарым-қатынаста  болған.  Кітапқа 

осынау  көрнекті  ғалымдар  туралы 

мақала лардың  енгізілуі  жарасып-

ақ  тұр.  Бұл  материалдар  белгілі  бір 

дәрежеде Сәтбаев өресінің өлшемін де 

аңғартқандай.

Замандастары  Қаныш  Имантай-

ұлы ның  өз  идеясын  ақырына  дейін 

жеткізбей тоқтамайтын табандылығы 

мен  іскерлігі  жайлы  көп  жазған.  Ол 

қиыншылықтан қорықпаған, күрестен 

тайсақтамаған,  сеніміне  берік  адам 

болған.  Энциклопедиядағы  бірқатар 

материалдар  ғалым-азаматтың  осы-

нау абзал қасиетін қолға ұстатқандай 

көрсетіп береді. 



1946  жылы  Қазақстан  Ғылым 

акаде миясының  тізгінін  ұстаған 

Қ.Сәтбаевтың  негізгі  ұстанған 

бағыттарының  бірі  –  ғылымның 

ұлттық  кадрларын  әзірлеу  мәселесі 

болған.  Ғалымның  бұл  мәселеге 

ерекше  мән  бергенін  кітаптағы  ұлы 

орыс  ғалымы  М.В.Ломоносов  туралы 

шағын  мақаладан-ақ  көруге  болады. 

Қаныш  ағамыз  Михаил  Васильевичті 

ғылымның  барлық  саласына  сүбелі 

үлес  қосқан  данышпан  ретінде  ғана 

емес,  оның  ғылыми  еңбектерін  ана 

тілінде жазып, орыс тілінің ғылым, тех-

ника жөніндегі атауларды жасауға көп 

еңбек  сіңірген  тұңғыш  орыс  ғалымы 

болғандығы  үшін  де  қатты  құрмет 

тұтып, ғылымға енді келген қазақ жас-

тарына үлгі етіп ұсынады. 



Қазақ  ғалымдарын  тәрбиелеу, 

қазақ  тілінің  құзыретін  көтеру, 

халқымыздың  көне  мұраларын, 

ұлттық фольклорын қайта жаңғырту 

мәселелері  төңірегіндегі  тар­

тыс  ұшқына  келіп,  1952  жылы 

Ғылым  академиясының  президенті 

қызметінен  босатылған  сәтте  оның 

қайсар  мінезі  мен  алған  бағытына 

деген  адалдығы  айқын  көрінген.  Ол 

мәртебелі  қызметтен  босадым  де­

мей, ғылыми жұмыстарын ілгері да­

мытты. 1950 жылы құрылған беделді 

ғылыми  топты  басқаруды  тікелей 

қолға алып, Орталық Қазақстанның 

металлогендік  болжам  картасын 

жасауға құлшына кірісті. Тынымсыз 

ізденістер мен қауырт жұмыстардың 

нәтижесі  белгілі.  Республиканың 

көрнекті  ғалымдары  мен  ғылыми 

мекемелері,  барлығы  екі  мыңға  тар­

та  маман  жұмылдырылған  бұл  кар­

та ойдағыдай әзірленіп, Қ.И.Сәтбаев 

бастаған  жеті  ғалымға  Лениндік 

сыйлық берілді. 

Бір  өкініштісі,  кен  орындарын 

анықтау ісінде жаңа ғылымның негізін 

салған  ғалымның  есімін  дүниежүзіне 

танытып, Қазақстан геология ғылымын 

әлемдік  геологияның  алдыңғы  сапына 

көтерген  осы  еңбек  «Қаныш  Сәтбаев» 

энциклопедиясына жеке термин ретінде 

енгізілмепті.  Мүмкін  баспа  редактор-

лары  бұл  күрделі  ғылыми  жаңалықты 

«ұжымдық  еңбек»  деп  қарастырып, 

кітаптың  бірқатар  мақалаларында 

металлогендік  болжам  карта  туралы 

айтылатындығын місе тұтқан болулары 

керек. Бұл да бір қисын. Дегенмен, әлем 

оны «Сәтбаевтың металлогендік карта­



сы» деп қабылдағанын естен шығармай, 

картаның  ғылыми  мәнін,  құрылымын, 

жасалу  принциптерін  барынша  ашып 

түсіндіретін көлемді мақала жариялауы 

керек еді. 

Қазақ  геологінің  табандылық, 

өтімділік  қасиеттерін  айтқанда,  тағы 

да  бір  материалға  тоқтала  кетуге  тура 

келеді. Мыс қана емес, темір, марганец, 

қорғасын  кендері  табылып  отырған 

Үлкен Жезқазғанның кен байлықтарын 

игеру  идеясын  ту  етіп  ұстаған  Қаныш 

Имантайұлы 1934 жылы СОКП Орталық 

комитеті  Саяси  бюросының  мүшесі, 

Қазақстан  индустриясының  көрнекті 

жанашыры  Г.К.Орджоникидзенің 

қабылдауында болып, Жезқазған кенін 

кешенді игеру мәселесін арнайы сөз ет-

кен. Комиссар 1935 жылы осы мәселеге 

орай И.В.Сталинге арнайы хат жазған. 

Осыған  орай  кітаптағы  екі  мақала 

арқылы оқырман істің анық-қанығымен 

танысады.  Реті  келген  тұста  айта  кету 

керек,  оқырман  үшін  тосын  жаңалық 

болып  табылатын  мұндай  мағлұматтар 

аталмыш кітапта жеткілікті. 



Қаныш  ағамыз  ұлттық  намыс, 

азаматтық  борыш  мәселелеріне 

келгенде  аса  табанды,  көздеген 

мақсатынан  қайтпайтын  бірбеткей. 

Ол  ұлтшыл­шовинист  ғалымдар  ғана 

емес,  үкімет  тарапынан  да  қысым 

көргеніне  қарамастан,  Едігені  елдің 

үміт­арманы  тудырған  халық  баты­

ры  деуінен  танбаған.  Ғалымның  бұл 

табандылығы  Едіге  жырына  байла-

нысты  берілген  мақалаларда  жақсы 

дәлелденген.  1952  жылы  М.Әуезов, 

Е.Бекмаханов  бастаған  бір  топ  қазақ 

ғалымдары  қудалау  құрығына  іліккен-

де  жан  сауғалап,  бұғып  қалмай,  іргелі 

ғылыми  мекеменің  басшысы  ретінде 

М.В.Сталинге,  Г.М.Маленковқа,  Ю.А. 

Ждановқа, Ж.Ш.Шаяхметовке арнайы 

хат  жолдаған.  Бұл  да  бүгінгі  оқырман 

үшін аса маңызды соны хабар. Кеңестік 

зорлық-зомбылық  пен  коммунистік 

идеологияның  қылышынан  қан  тамған 

тұсында  ұлтжандылық  таныту  нағыз 

ерлікке сай батылдық еді. Осының өзінен 

қайраткердің  азаматтық  алып  тұлғасы 

мен  адамгершілік  адал  қасиеттерін 

көреміз.

Оқырман қауымның ұлы ғалым тура-

лы арнайы анықтамалық кітаптан оның 

туған өлкесі, өскен ортасы, ата-бабалары 

жайлы мағлұматтарды іздейтіні белгілі. 

Осы тақырыптың мейлінше мол ашылу-

ына Баянауыл өлкесінің білгірі, көрнекті 

жазушы – Қалмұқан Исабаев бастаған 

ақын-жазушылар Кәкімбек Салықов, Ме-

деу Сәрсекеев, Ахат Жақсыбаевтардың 

айтарлықтай  үлес  қосқандары  көрініп-

ақ тұр. Ғалым есіміне қатысты өзен, көл, 

елді мекендердің өзі бір тарих. 

Қаныш  ағаның  жетінші  ата­

сы  Анай  Теліұлынан  бастап,  бүгінгі 

немере­шөберелеріне дейін қамтылған 

мақалалардан,  ғасырлар  бойы  заңды 

жалғасын тауып келе жатқан «сәулелі 

әулеттің»  зиялы  ұрпақтарымен  таны­

самыз.  Осы  орайда  кітапқа  енгізілген 

ата таралымын танытатын кесте де оры-

нын тапқан дерек. Болашақ академиктің 

Сегіз Серіден бата алған әкесі Имантай 

заманында Г.Н.Потанинмен, Ш.Ш.Уәли-

хановпен,  ағайынды  Белослюдов-

тармен  достық  қарым-қатынаста  бо-

лып,  қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті 

үлгілерін  жинауға  елеулі  үлес  қосқан, 

Ф.А.Щербинаның  экспе дициясына 

қазақ батырлары хақында құнды дерек-

тер  берген  кісі.  Інілерінің  ұрпақтарын 

қоспағанның  өзінде  кітапта  Имантай 

Сәтбаевтың өзінен ғана тараған 22 ғалым 

туралы  мақалалар  жарияланған.  Бая-

науыл жал ғыз Сәтбай тұқымы ғана емес 

Шормановтар,  Жұматовтар,  Шөкин-

дер,  Қыдырбаевтар,  Аймановтар,  Ша-

ниндер,  Күленовтер,  т.б.  зиялы  ұрпақ-

тар өсірген киелі өлке. Өткен ғасыр дың 

60-жылдарының  басында  «Оқымыс ты 

ауыл» деген айдармен «Лениншіл жас» 

газетінің  тұтас  бір  санын  Баянауыл 

аймағына арнаған едік. Газетте бір Бая-

науылдан  ғана  260  ғылым  қайраткері 

шыққаны  жазылған-ды.  Бұл,  сөз  жоқ, 

Қаныш  Имантайұлының  өнегесі.  Сол 

ауыл  балаларының  мектепте  жүрген 

кездерінен-ақ  ағаларын  үлгі  тұтқаны, 

білімге ұмтылып, ғалым болуды мақсат 

еткен дері  өзінен-өзі  белгілі.  Ендеше 

сол  260  ғалымның  барлығы  болмаған-

мен, жекелеген көрнекті өкілдері жайлы 

мақалаларда Сәтбаевпен ғылыми байла-

нысы аталмаған дегенді «баспаның мүлт 

кеткен жері» дей алмаймыз. 



Энциклопедиядағы  мәліметтерден 

ғалымның  жаны  сүйген  геология 

ғылымымен  ғана  айналыспай,  ма­



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал