Бір тойым болатыны сөзсіз менің



жүктеу 1.47 Mb.

бет4/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

–Нұрлан,  жалпы  қазақтілді 

газет-журналдарды оқисыз ба?

–Мен  ен  біріншіден  тек 

сайттарды оқып отырамын. Енді 

көптеген сайттарды қараймын. 

Ал  қазақша  ақпаратты  іздеп 

жатсақ, «Массаған» арқылы із­

деп жатамыз. Үлкен газеттерден 

саяси  ақпарат  іздеп  жата мыз. 

Кобінесе  жастар  компьютері 

болмаса да соткасымен интер­

нетке кіріп, ақпаратты алады.

– сіз әдеби кітаптар оқисыз 

ба? соңғы оқыған кітабыңызды 

атаңызшы.

–  Әдебиет  оқып  жатам... 

Коп  оқуға...  оған...  уақыт 

көп  болмай  жатады.  Сонда 

да  тырысқанымыз...  Сонғы 

оқығаным...  Шынғыс  Айт­

матовтың  фантастика  саласын 

зерттеп жатырмын. Орысша.

– ал қазақша ше?

–  Оқимын...  Енді  ол 

өзінше  Сейфуллиннін...  Қа­

зіргі  кезде  баламмен  қайта 

оқып  жатырмын.  Ол  бірінші 

сы ныпқа барған... Ыбырай Ал­

тынсариннің ертегілерін... өзім 

білмеген...



өзіңіз  секілді  саясаттағы 

жас тар туралы не айтасыз?

Мен  ойлаймын,  қазіргі 

жастардың  ой­санасы  оянған 

деп.  Жастар  саясатта  емес, 

өмірде де белсенді позиция ұстап 

отырса,  ешқашан  да  женіліп 

қалмайды.  Қазіргі  кезде  біздің 

алдымызға қойылып жатқан па­

рыздарымыз... былай... күрделі 

болайын  деп  жатыр.  Ойткені 

қазіргі  кезде  әлем  ...  бөлініс... 

енді  баріміз  көріп  жатырмыз 

ғой... енді сондай рухани ізденіс 

болып  жатыр.  Бір  жағынан, 

экономикалық сондай бір ере­

желер болып жатыр...



–  сіз  екі  баланың  әкесі 

екенсіз.  Балаларыңыз  мектепте 

ме, әлде балабақшаға бара ма?

– Үлкені Астана қаласында 

«Нұрорда»  мектебіне  барды. 

Бірінші сыныпқа. 



– ол қандай мектеп?

– Ол төрт жылдай ма ашыл­

ған мектеп. Қазақ тілді мектеп.

–  солай  деңіз.  ал  екіншісін 

қандай  мектепке  бермексіз? 

Қазақ мектебіне ғой?

– Алла берсе.



– сөз арасында мақал-мәтел 

қолданасыз ба?

–  Енді  сондай  бір  керемет 

мақал­мәтелдерді  білем  деп 

өзімді  мақтай...  мақтана  ал­

маймын.  Бірақ,  Аллаға  шүкір, 

өзімнің  тілімнің  терендігін 

сезінемін. 

– Бұрынғыға қарағанда біраз 

тіл сындырғанға ұқсайсыз. Қазақ 

тілін қалай үйреніп жүрсіз?

– Маған жаны ашитын қазақ 

көп.  Маған  әрдайым  осын­

дай жақсы сөзді, тілекті айтып 

жатса, қанатым өсіп қалады та. 

Қазақтармен қазақша сөйлесуге 

тырысамын.

– Мерейім өседі деңіз.

– Иә, мерейім өседі.



–  өзіңіздің  қазақшаңызға 

қандай баға қоясыз?

– Баяғыда қойдым ғой енді. 

(Бұрын  экс­депутат  Т.Бер­

діоңғаров  өзінің  шала  қазақ­

шасын  «4»  деп  бағалап,  Б.Сыз­

дықова  өтірік  «ұялған»  кез де 

Нұрлан өз қазақшасын тым тө­

мен бағалап, мойындаған еді).



–  Жақсы.  Еңбегіңіз  жемісті 

болсын!

– Маған осындай жақсы сөз 

айтып жатса мен одан да қатты 

тырысып жатам да. 



Дайындаған 

Д.ІЗТІЛЕУ

Фараби,Бурһан  ад­дин  Ахмад  әл  Фара­

би сынды отызға тарта араб­түркі әлеміне 

танылған фарабтықтардың шығуы да мұнда 

оқу­ағартудың болғандығын айғақтаса ке­

рек. 


Жалпы,  қазақты  сауаттандыру  ісіне 

орыс  миссионерлері  келіп  араласқанша 

арабы таңбалы жазу – бірден­бір ақпарат 

көзі,  ру хани  қазына  бұ лағы  болып 

келгені  анық.Қазақ  осы  жазу  арқылы 

күллі дүниелік хабар­ошар алып, зейінін 

кеңейтіп  отырған.  Н.И.Ильминскийдің 

бопсасымен басталған кирилше таңбадағы 

орыс  жазуын  қазіргі  таңбадағы  қазақ 

жазуының  сырт  үлгісі  деуге  болады. 

А лайда,  бұл  әлі  қазақ  әліпбиі  емес­ті. 

Онда  қазақ  сөздері  орыс  дыбыстарына 

бейімделе таңбаланып һәм солай оқылған. 

Ыбырай Алтынсариннің қолжазбаларына 

зер  салсақ,  ұлы  ағартушының  кирил­

ше  негізінде  қазақ  әліпбиін  жасауға  бой 

салмағанын көреміз. Оған – Ыбырайдың 

«Начальное  обучение  киргиз  русскому 

языку» атты еңбегінің екінші басылымға 

дайындаған нұсқасы дәлел. Бұл еңбек 1889 

жылы  Ы.Алтынсарин  қайтыс  болғанда 

қол ж а з ба  к ү й і н де  қ а л ғ а н.  Ұл т т ы қ 

кітапхананың  сирек  кездесетін  кітаптар 

мен  қолжазбалар  орталығының  дирек­

торы  Набат  Асқарбекованың  ұсынуында 

«Ұлтттық  кітапхана»  журналының  2009 

жылғы №1 санында жарияланды. 

Қолжазбаның жариялануы өте орын ды 

іс болған. Бұл ғұлама­ұстаздың ең соң ғы 

қолжазба еңбектерінің бірі. Демек, бұл – 

оның қазақ тілінде жазбаша сөзқолда ныс 

тәжірибесінің  ең  соңғы,  бағдарын  анық 

білдіретін қолжазба деп білеміз. Мұн дағы 

қазақ тіліндегі сөздер: ктап, шакрт, тлин­



де,  кайда,  ким,  мунда,  ага,  ини,  женге,  сиз, 

кси, аель, бул, езги, аке, ул бала, кагаз, калам, 

туе, донгузъ, шошка, торгай, кук, слу, куркти, 

слу эмес, куриксиз, альсизь, сур, кимбат, кунь, 

тюнь, кис, женгиль, ашик, кандай, кай,.. Сен 

кайда кизмет этесин? Биз мунда кизмет эте­

миз, мен куп окыймын. Мен куп окуга тлей­

мин. Бул кшкентай эркек бала ким? Бул бала 

не  истеп  отыр?  Ак  кунгиль  бала.  Ол  менинъ 

акем. Бзде жаз уакты бек киска, кис уакты 

бек  узак...  дегендей  тұлғаларда  жазылып, 

осындай  сөздер  мен  сөйлемдердің  орыс 

тіліне аудармалары жасалған.

Ы б ы р а й   А л т ы н с а р и н д е   қ а з а қ 

сөздеріндегі  таңбалар  орыс  дыбысында, 

кейісі татаршалау да ыңғайда болып кетеді. 

ұлы  ағартушы  қазақтың  ұлттық  жазуын 

араб таңбасы деп бағамдаған да болар.

Өйткені,  ол  тұста  балалар  әуелі  мол­

дадан  қара  танитын  болған.  Ыбырайдың 

өзі  де  солай  оқыған.Қазақ  тіліндегі  өз 

шығармаларын  араб  әрпімен  жазған.  Ал, 

Ыбырайдың ақындығына, жазушылығына, 

аудармашылығына,  әлбетте,  қазақ  тілінде 

жазған  шығармаларының  тіліне,  ойлы, 

өрнекті  кестесіне  ешкім  мін  айта  алмас. 

Ол  қазақ  тілін  де,  ислам  дінін  де  жақсы 

білген  кісі,  алайда,  заманына  сай  орыс 

ағартушылығына қызмет істеген.

Қазақша  жазуда  қазақ  дыбыстары­

на  тән  ерекшелеу  таңбалары  Ыбырай­

дан  кейін,  яғни  ол  қайтыс  болғаннан 

кейінгі оншақты жыл шама сында көрініс 

береді.  Сол  кездегі  Торғай  облысының 

орталығы  болған  Орынбор  қаласында 

1897  ж ы лы  Торғай  облыстық  санақ 

комитеті  шығарған  қазақ  ті лін дегі 

күнтізбеде ү дыбысы у­дың төбесіне қос 

ноқат  (ÿ),  ө  ды бысы  о-ның  төбесіне  қос 

ноқат  (ö),  ә  дыбысы  а-ның  төбесіне  қос 

ноқат  (ä)  қойылуымен  таңбаланған.  Ң 

дыбысы бұлардан сәл басқашалау, н­ның 

екінші таяқшасы ның жоғарғы жағынан 

қос сызықшамен (н



=

) бейнеленген. Яғни, 

бұлар  дыбыс  тұрғы сында  анықталып, 

ерекшеленген  де,  әріп  тұрғысында  әлі 

дараланбаған. Дұрысы – жетілдірілмеген. 

Мұнда  қазіргі  әліпбидегі  ғ,қ,ұ,һ,і  дыбы­

стары анықталмаған. ғ, қ дыбыстарының 

барлығы  бі лінеді,  а лайда  бұлар  г,  к 

әріптеріне жүктелінген. Яғни, бұл дыбы­

стар оқылуда ғана ажыратылған.

Бұл  –  әлі  ереже­қағидасыз  алғаш­

қы  тәжіри бе лер,  қазақ  тілінде  кирилл 

таңбасында  жазуда  дыбыс  ерекшелігін 

неғұрлым бейімдей түсуге ұмтылыс нышан­

дары  болатын.  Ал,  бұл  дыбыстардың  ки­

рилл таңбасына сәйкесті тұлғалануларының 

орнығуы  1940  жылдан  кейінгі  кезеңдерге 

жатады. Әсіресе, ұ­ның қазіргі түріне жетуі 

бірнеше  саты  мен  жылдарға  созылғаны 

мәлім. Қазақ дыбыстарының айқындалып, 

жазуда  һәм  айтылуда  анықтыққа  жетуі 

Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлының араб жазуы 

таңбаларын  қазақ  тіліне  бейімдеу  арқылы 

түзген  әліпби,  тұңғыш  та  түпкілікті  қазақ 

әліпбиі болып табылады. Тиянақтылықтан 

асып,  түбегейлі  біткен  іс  –  түпкілікті 

болмақ.

(Жалғасы келесі санда)

«Өзімізден бастайықтың» бұл жолғы кейіпкері де-

путат емес, бірақ саясаттан да ауылы алыс емес. 

Дұрысы – саяси науқандардан саяқ жүрген кезі 

жоқ. Бұл – жастар жағы жақсы танитын Нұрлан 

Өтешев. Жастайынан белді қызмет тердің тізгінін 

ұстады. Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым министрілігінің Жастар саясаты 

департаментінің директоры болса, қазір Нұрлан – 

«Нұр Отан» Халықтық -Демократиялық партиясы 

жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның Атқарушы хат-

шысы. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 

иегері. 

Сәл ілгерірек бұрын Нұрланның мемлекеттік тілге 

шорқақтығы туралы сын жиі айтылатын. Бірақ со-

нысына қарамай Нұрлан шала қазақшасымен сөйлеп-

ақ жүрді. Жақында біз «Қаншалықты тіл меңгерді 

екен» деген оймен Нұрланмен телефон арқылы 

тілдескен едік. 

о

қырман ойы



Мен  қазақ  әліпбиіндегі  өзге  тілден 

енген әріптерді құптамаймын. Олар са­

наулы ғана ғой, сонда да қазақтың төл 

сөздерінің  табиғылығын  бұзатындай 

көрінеді. Бұл бұрыннан айтылып келеді. 

Бірақ  әлі  ешкім  құлақ  асқан  жоқ.  Төл 

әліпби  болғанға  не  жетсін!  Сонымен 

қатар  «Қазақ  тілі»  оқулықтарында  әлі 

күнге өріп жүрген омоним, синоним, ан­

тоним сынды атауларды неге тұлғаластар, 

мәндестер, қарсы мәндестер деп бермес­

ке? Тағы бір қосарым, «полиция» сөзінің 

орнына  «сақшы»  сөзін  қолданған  жөн. 

Біздің  қазақ  деген  ұлт  атануымыздың 

өзі  «сақ»  сөзінен  шыққанын  ескерсек, 

ішкі тәртіпке сақ көзбен қарайтын кәсіп 

иелеріне «сақшы» деп атаудан және жа­

зудан  артық  құрмет  болмас.  Бүгінде 

бірді­екілі бұқаралық ақпарат құралдары 

«тәртіп сақшалары» деп қолданып жүр. 

Төл сөзіміз болғандықтан ба, жанымызға 

жылы тиеді.



Қайран ШайМаРДаНұЛы

Полицияны «сақшы» деп атаған жөн

5

№11-12 (1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл


АНА ТІЛІ

өзтаным


өзтаным

Наурыз  —  Иран  және  мұсылман 

түркі халықтары ықылым замандардан 

жыл басы ретінде тойлап келе жатқан 

ескі мереке. Әз Наурыз  ­ алты ай қыс 

артынан  жер­жаһанға  жан  бітіріп, 

тіршілік  тынысын  кеңітетін  жарқын 

күн. Қытымыр қысты ығыстырып, жаңа 

күннің  жарығы  мен  жылылық  лебін 

ала келер жайсаң күн. Мифологиялық 

сана  бойынша  дүниедегі  құбылыстар 

шеңбер түрінде бірін­бірі алмастырып, 

қайталанып отырады деп түсініледі. Де­

мек, дүниені билеп тұрған алапат күш 

те  осы  тәртіпке  бағынады.  Күн  мен 

көлеңке, мейірім мен зұлмат жыл бойы 

аңдыса келе, қыстың соңы мен көктем­

нің  алғашқы  күні  бетпе­бет  сайысқа 

түседі.  Біздің  жыл  санауымыздан 

бұрын­ақ  игілікке  айналып  үлгерген 

қасиет ті  «Авеста»  кітабында,  XI  ғ. 

түркі  халықтарының  энциклопедиясы 

–  «Диван­и  лұғат  ат­түрк»  сөздігінде, 

сондай­ақ, қазақ ертегілерінде осыған 

ұқсас  оқиға  сілемдерінің  кездесуі 

жоғарыдағы сөзімізге дәлел бола алады. 

Қазақ түсінігінде бұл шайқас Арыстан 

мен  Өгіз  шоқжұлдыздарының  ғарыш 

алаңында өтеді. «Атасы мен анасы, Үш 



жүз алпыс бес баласы, Он екі ауыл шама­

сы, Отыз ор дуадақ, Бес балақ сан, Елу екі 

қарақшы»  деп,  ойға  қалдырады  қазақ 

жұмбағы. 

Көнекөз  есепшілер  мұның  аста­

рында отыз күннен тұратын жыл он екі 

айды, жылға сыймай қалған «бесқонақ» 

дауылын, елу екі аптаны, «құс қанаты» 

қарын, күннің алғашқы күркіреуін, «сүт 

көп, көмір аз» ырымын атайды. Жұлдызды 

аспанда өткен қан майданда жақсылық 

жеңіп, жыл бойы игіліктің мерейі үстем 

болады. Бұл ұлы текетіресте түн, қараң­

ғылық,  қапас  «қашады»  да,  оның  ар­

тынан жарық, сәуле «қуады». Ол қазақ 

мифологиясында «Іңірді қуалаған Тәңір» 

уәжінен белгі береді. Іңір – зұлмат иесі, 

түн. Тәңір – жарық пен жақсылықтың 

иесі.  Сондықтан  қазақ  ұғымында 

«түн  баласы  ауыр»,  «түнде  кір  жууға», 

«тырнақ алуға», «суға баруға» болмай­

ды  деген  ырымдар  қалыптасқан.  Осы 

бір «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің 

үзілер,  өлінің  әрі  тартар,  тірінің  бері 

тартар» қиын, қысталаң күндері халық 

тілінде «өліара» деп аталады. Қазақтар 

осы  бес  күнде  алыс  жолға  шықпаған, 

қоныс аудармаған. 

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні 

жыл басы саналған. Мифологиялық на­

ным бойынша 21 наурыздың түнінде да­

ланы Қызыр баба аралайды. Жаңаның 

хабаршысы,  жақсылық  жаршысы 

Әз  Наурыз  қазақ  елі  үшін  қашан  да 

қасиетті, киелі саналған. Алдағы жыл­

дан  үмітті  пенде  пейілді  кеңге  салып, 

жақсылық  жоралғысын  жасайды:  үй 

ішін,  қора­қопсысын  тазартып,  жаңа 

киімдерін киіп, көрші­қолаң, ағайын­

туысты жаңа жылмен құттықтайды. Ер­

азаматтар қос қолдасып амандасып, төс 

қағыстырса, әйелдер жағы құшақтасып, 

бір­біріне игі тілектер айтады, арнайы 

даярланған  дастарқаннан  дәм  ауыз 

тиюге,  наурызкөже  ішуге  шақырады. 

Ауыл  ақсақалдары  араларына  жік 

түскен  бауырлас  ел,  руларды,  ағайын, 

дос­жарандарды  бір  дастарқаннан 

дәм  таттырып,  табыстырған,  жалғыз­ 

жарым  жетімдерді  үйлендіріп,  жеке 

отау  еткен.  Кембағал,  мүгедектерді 

жақын туыстарының қарауына арнайы 

міндеттеп  тапсырған.  Жұтқа  ұшырап 

қиналғандарға  жылу  жинап  берген. 

Алтыбақан  басында  ән  айтылып,  күй 

тартылады.  Дәстүрлі  ұлттық  ойындар 

(көкпар,  аударыспақ,  күрес,  қыз  қуу, 

алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. 

Таң  ата  көпшілік  биік  төбенің  басына 

шығып, атқан таңды қарсы алады.

Наурыз айының амалдары: 

Құс қанаты. Наурыз айының соңғы 

күндерінде  жыл  құстары  ұшып  келе 

бастайды.  Олардың  келуімен  қар  ара­

лас  жаңбыр  жауып,  суық  жел  тұрады. 

Мұны ел «құс қанаты» деп атап, амалға 

жатқызған. 



аласапыран. Көктемде наурыз айын­

да,  кейде  сәуірде  қар  күрт  еріп,  жер 

лайсаң  болып,  шаруашылыққа  қиын 

күндер туады. Осындай жайсыз, қолай­

сыз мерзімді «аласапыран» дейді. 

Бес  қонақ.  Наурыз  айының  17­21 

күндері  аралығында  болатын  жауын­

шашынды күндер. Бұл – әр жылы соғып 

өтетін суық, әрі лайсаң мезгіл. Жұрт осы 

«бесқонақтан» қатты сақтанып, күтініп 

отыратын болған. 



отамалы. Отамалының серті: «Қара 

жерге келсем, қар әкелемін, қарға кел­

сем, қар әкетемін».

самарқанның  көк  тасы  жібитін 

күн.  Наурыз  айының  22­і  күні  шығыс 

күнтізбесі бойынша жаңа жыл бастала­

ды. Бұл күні шығыста күн жылып, жер 

жібіп, ашық шуақты мезгілдер бастала­

ды. Самарқандағы Ұлықбек обсервато­

риясына байланысты қағидаға айналған 

бұл  сөз  «көктем,  жаңа  жыл  басталды» 

деген ұғымды білдіреді.



Бетті дайындаған 

Жанат ИсаЕва,

а.Байтұрсынұлы атындағы 

Тіл білімі институты

Тіл мәдениеті бөлімінің 

меңгерушісі, филология 

ғылымдарының кандидаты

ҚаМБар тоғысы 

Б

ұған  қарап  ба йыр ғы 



түркілерде  астро но-

м и я л ы қ   к ү н қ а й ы р у 

болмаған сияқты көрінеді. Шын-

ды ғын да,  сайын  дала  –  дешті 

қып шақ ты ен жайлаған көшпенді 

түркілердің  аспан  денелерінің 

қозғалысын  жіті  бақылауға, 

логикалық  пайымға  негізделген 



тоғыс есебі тәрізді күнқайыруы 

болғаны сөзсіз. Өзге де өркениетті 

халықтар  тәрізді  түркілер  де 

физикалық  уақытты  белгілеудің 

бірнеше кезеңін бастан өткерген. 

Солардың  бірі  –  ойлаудың 

қарапайым жүйесіне негізделген 

күнқайыру (қардың түсуі, судың 

қатуы, көктің шығуы, судың тасуы 

мен  қайтуы,  т.б.  атмосфералық 

құбылыстар)  болса,  екіншісі  – 

аспан шырақтарын жіті бақылап, 

солардың  қозғалысына  сәйкес 

күнқайыру.  Қазақ  қоғамындағы 

астрономиялық  білім-танымды 

жинақтап, жүйелеп, оны ұрпақтан-

ұрпаққа  жеткізіп  отыратын 

есепшілер (халық астрономдары) 

ерте кездің өзінде-ақ айдың 4 ши-

ректен тұратынын, әр ширектің 7 

күнге сәйкес келетінін, сөйтіп бір 

айда 28 күн болатынын байқаған. 

Бірақ  бір  жылда  неше  ай,  неше 

күн  барын  есептеу  әлдеқайда 

күрделі болған. Туатын және ба-

татын  жұлдыздарды  белгілеп 

алып,  жұлдыз  туысымен  күніне 

бір құмалақты кісе қалтасына са-

лып отырған. Сөйтіп, әлгі жұлдыз 

қайта  туғанда  құмалақтың  саны 

365 болып, бір жылда сонша күн 

болатынын  анықтаған.  Мұндай 

әдісті б.д.д. бірнеше ғасыр бұрын 

Мысыр  абыздары  да  қолданған. 

Олар  көкжиектен  жарқырап 

көрінетін  жұлдыздың  бірі  – 

Сүмбілені  (Сириусты)  белгі  етіп 

алса,  қазақ  есепшілері  Қамбар 



жұлдызын  белгі  қылған.  Қазақ 

есепшілерінің  ұстанған  жүйесі 

бойынша Күн, Ай, Жұлдыз тәрізді 

аспан денелері бір-бірімен тығыз 

байланысты  болуы  шарт.  Оның 

үстіне түркілер түсінігіндегі Айға 

табыну  салтының  да  ықпалы 

ескерілген.  Байырғы  есепшілер 

Аймен  кездесетін  Қамбар 

жұлдызына таңдау жасаған. Бұл 

жұлдыз  күз  айларында  туып, 

көктем  айларында  батады.  Қам-

бар  жұлдызы  көк  жүзінде  Ай-

мен бес рет кездеседі, яғни тоғы-

сады.  Алғашқы  рет  қазан  айын-

да  Ай  өзінің  тоғыз  жаңасында 

тоғысады,  соған  сәйкес  ол  ай 

(қазан)  тоғыздың  айы  аталған. 

Одан  әрі  жетінің  айы  (қараша), 

бестің  айы  (желтоқсан),  үштің 

айы (қаңтар), бірдің айы (ақпан) 

келеді.  Әр  айдың  шамасы  28-29 

күн болады. Қамбар тоғысы бой-

ынша, сөйтіп, бес айды кемімелі 

санмен  атаса,  қалған  жеті  айды 

жай  сөзбен  айтқан.  Мысалы, 



аласапыран, отжақпас, құралай, 

жұтшашқан,  т.б.  «Жол  иесі  – 

Қамбар-ау, Шөл иесі – Қамбар-ау, 

қарағыма көз сал-ау» деген тәрізді 

сөз  тіркестерінің  ескі  мұралар 

тілінде  кездесуі  ерте  замандар-

дан  келе  жатқан  күнқайырудан 

хабар береді. Бұл күнқайыру бой-

ынша  жыл  басы  бірдің  айында, 

яғни  14  наурызда  (жылжымалы 

цикл  бойынша  кейде  ақпанның 

соңы – наурыздың басында бо-

луы  да  мүмкін)  қарсы  алынған. 

Мерекенің  аты  –  Қызыр  Ата 

мейрамы немесе ақтың мейрамы 

аталған. Адамдар бір-бірімен төс 

түйістіріп  көріскен  (көрісу  сал-

ты), бір-біріне ақ зат сыйлаған, ақ 

тілектер жаудырған.

Бертін  келе  қазақ  есепшілері 

Қамбар тоғысынан қол үзе бастады 

да, күнқайырудың басқа жүйесіне 

көшті.  Осыған  байланысты  жай 

сөзбен айтылатын жеті айдың аты 

ұмыт болған. Күнқайырудың ескі 

түрін кейінгілерінен ажырату үшін 

ол Қарт Наурыз деп атала бастады. 

Қазіргі кезде есепшілердің басым 

көпшілігі дерлік жылдың шығуы 

мен кіруін парсы стилі, яғни жас 



наурыз бойынша наурыздың 22-

24 күндерінен есептейді. Жас нау-

рыз ел ішінде Көктастың наурызы 

деп те аталады. 

Әз Наурыз...

ҚҰЛ ҚҰРЫҚТАН, 

КҮң СЫРЫҚТАН ҚҰТЫЛАДЫ

Наурызкөже

Ұлыс күніндегі бата-тілектер

Табиғатта. Наурызда күн мен түн 

теңеледі, жұлдыздар теңеседі, яғни 

Сүмбіле,  Үшарқар­Таразы,  Үркер 

және  Сұлу  Сары  бір  түзудің  бо­

йында тізіле орналасады. Есепшілер 

жұлдыздардың  теңесуінен  күн  мен 

түннің теңелуін байқайды. 

Есепшілер әз наурыздың келге­

нін жан­жануарлардың қылығынан 

да  байқайды.  Наурыздың  14­інде 

сарышұнақ  інінен  шығады,  күн 

суық  болса,  ін  аузынан  ұзамайды, 

күн жылы болса, ұзағырақтау жерге 

шығады.


Ал  тасбақа  болса,  күн  мен  түн 

теңелгенде інінен аузына шөп тістеп 

шығады.  Шөптің  аты  мәриям  шөп 

деп аталады. Оны еппен алған адам 

бақытты,  дәулетті  болады  деген 

сенім бар. 

Тағы  бір  ерекшелік  күн  мен 

түн  теңелгенде,  балық  аунап 

түседі.  Кейбір  елдерде  күн  мен 

түннің теңелгенін осы құбылыстан 

байқайды. 

Аңыз  бойынша  Самарқанның 

көк тасы қас­қағым сәтте ериді, дәл 

сол кезде пышақпен, не қылышпен 

тасты кесуге болады. 

Табиғат  пен  қоғамда.  Наурыз 

мейрамында қауымдасып, бұлақтың 

көзін  ашады,  ағаш  егеді,  арық  та­

залайды.  Жылы  аймақтарда  жерге 

алғашқы түрен салынады. 

Қоғамда.  «Ұлыстың  ұлы  күні 

құтты болсын» деп, адамдар бірін­

бірі  түзу  тілек,  ақ  ниетін  білдіреді. 

«Жасыңа жас қосылды, жасың құт­

ты  болсын»  деген  тілек  айтады. 

«Көрмесең – жат, көріспесең – ұят» 

деп, ағайын­туыс бір­бірімен аман­

дасып, көрісіп жатады. «Құлға да бір 



күн бостандық» деп, құл құрықтан, 

күң  сырықтан  құтылады.  Адамдар 

бір­біріне  деген  ренішін  кешіп, 

өкпе қалдықтарынан тазарады. Жеті 

дәмнен дайындалатын наурызкөжеге 

шақырысады. 

Наурыз  нанымдары.  Төрткөз 

сараяқ  итті  өлтіреді,  моғал  ошақ 

қазады,  кетік  аяқ,  кетік  шөмішті 

сындырады. Ескі­құсқыдан арылады. 

Жұп шырақ жағады

* * * 


Жоғарыда  келтірілген  әр  түрлі 

деректердің кейбірінің мәні түсінікті 

болғанымен, қайсыбірінің арғы мәні 

белгісіз. Мысалы, кетік аяқты неге 

сындырады? Ұлы жазушы, халықтық 

дәстүрді  терең  білген  М.Әуезовтің 

көрсетуінше, жұп шырақ жағу дегені 

от иеге арналған тілек. Кетік ыдыс­

аяқты сындыру ескі күннен қалған 

қиындықтар мен бәле­жаладан ары­

лу дегенді меңзейді. 

Наурызкөже неге жеті түрлі дәм­

нен жасалады? Наурыз тойланатын 

елдерде 362 әулиенің ішінде Ғайып 



Ерен, қырық шілтенжеті әулие ерек­

ше деп таныладымұндағы жеті әулие 



абрар деп аталады. Наурызкөжедегі 

жеті дәмнің арғы мәнінде жеті әулие­

ні пір тұту жатады. 

Ал  неге  төрткөз  итті  өлтіреді? 

Мұның  себебін  діни  дастан­қис­

салар да  айтылатын  аңыздармен 

байла нысты қарауға болады. Атақты 

Жүсіпбек қожа Шайхысламұлының 

Кербала  трагедиясын  дастан  етіп 

жазған  «Қисса  уақиға  Кербала» 

жырында  Хазіреті  Ғалидің  Фати­

мадан  туған  баласы  Хұсайынды 

Кербала  шөлінде  қинап  өлтірген 

және  шейіт  болған  сейітзадалар­

дың дүние­мүлкін тонаушылар Хақ 

Тағала  құдіретімен  доңызға  және 

төрткөз итке айналатыны айтылады. 

Солардың  бірі  Шәймір  төрткөз  ит 

кейпінде жүреді. 

Шәймірің төрткөз ит боп Кербалада,

Жүр дейді әлі сусап құр далада.

Ғамири мен Хайназардың басын кесті,

Мұсылман ұстап алып сол арада (Ба­

балар сөзі. Алматы, 2002. ­ 365­б.)

Моғал ошақ деген не? Бұл күнде 

архисемасы  (түпкі  мәні)  ұмытыла 

бастаған  моғал  ошақ,  біздің 

байқауымызша  –  кем­кетік,  ескі­

құсқы заттар өртеліп, артынан беті 

топырақпен  жабылатын  жерошақ 

болуы мүмкін. Себебі – бәле­жаланы 

аластау  мақсатында  өртелетін  ескі 

заттар  үйдегі  ошаққа  салынбаған. 

Егер  оқырмандар  арасынан  осы 

сөздің мағынасын анығырақ білетін 

көзі  қарақты  жандар  кездесіп, 

пікір  білдіріп  жатса,  біз  алдын  ала 

ризашылығымызды білдіреміз. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал