Бір тойым болатыны сөзсіз менің



жүктеу 1.47 Mb.

бет3/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

көлеміндей ғана болса да, әрдайым 

оқылатын, жан-жүрегіңді тебірентетін 

дүниелер. 

көк сАндық

Өзбекстандағы  қандастарымызға  арналған  қазақ  тілді  «Дидар» 

бағдарламасының эфирге шыққанына биыл тура 20 жыл толып отыр. 

«Өзбекстан» ұлттық арнасы арқылы елге тарайтын хабардың жетекшісі 

Замира  Жиенбаеваны  көзі  қарақты  көрермендер  қаламгерлік  қарым­

қабілеті  зор  тілші  ғана  емес,  қазақтың  ұлттық  өнеріне  жанашыр  жан 

ретінде де құрмет тұтады. Ұлттық киімдер үлгісін жасап, «Қыз Жібек» 

би тобын құрған әмбебап әріптесіміздің шәкірттері Өзбекстанда өткен 

өнер фестивалінде бас жүлдені жеңіп алған. Алматыдағы Қазақ Ұлттық 

университетінің  түлегі  Замира  Жиенбаева  бүгінде  Өзбекстанда  эфир­

ге шығатын жалғыз қазақ тілді хабарға жетекшілік етеді. Әріптесі Анар 

Нәлібаева екеуі «Өзбекстан» ұлттық телеарнасының «Дидар» бағдарла­

масы құрылған күннен бастап еңбек етіп келеді. Алғашында апта сайын 

1 сағат эфирге шығатын хабар кейінгі жылдары айына 2 мәрте, небәрі 

15 минут қана қандастарымызбен қауышады. Мазмұны бай, маңызы зор 

бағдарламаны қазақ көрермендері асыға күтетіні анық. 

Қазақша хабар таратқан... 

килокалорияға тең екен. Шұбатта 

табиғи  иммундық  қасиеті  адам 

денсаулығына  пайдалы  түйіршік 

белоктар  бар.  Отандық  және  ба­

тыс  ғалымдарының  мәліметтері 

бойынша, алты ай бойы күнделікті 

астан  30  минут  бұрын  бір  литр 

шұбат  ішкен  жағдайда  оның 

ісік,  тыныс  алу,  ас  қорыту  жол­

дары  және  жүрек­қан  тамыры 

сияқты ауруларды емдеуге ықпал 

жасайтындығы  тұжырымдалған. 

Шұбаттың шипалылығы негізінде 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 

шешімімен Еуропа, Оңтүстік Аме­

рика, Солтүстік Америка, Африка, 

Азия құрлықтарының халқын түйе 

сүтінен  дайындалған  өнімдермен 

қамтамасыз  ету  бағдарламасы 

қабылданды.  Осыған  орай  Жа­

пония,  Еуроодақ,  Америка,  Авс­

тралия  сүт  индустриясының 

белді  компаниялары  түйе  сүтінің 

өнімдерін өңдеу технологиялары­

на қызығушылық танытуда. 

Төрт түліктің төресі саналатын 

МАҚСАТ – 

жАСТАРДЫ 

КІТАп ОҚуғА 

ТАРТу

«Бір тойым болатыны сөзсіз менің...»

ген. Жылқының жас ерекшелігіне 

қарай  уыз  қымыз,  дөнен  қымыз, 

тай  қымыз,  құнан  қымыз,  дөнен 

қымыз,  бесті  қымыз  дейтін  атау­

лары да бар. Қазіргі таңда Алматы 

дүкендерінен «Алтай» және «Сар­

жайлау» орталықтары дайындаған 

бөтелкедегі  қымыз­шұбаттарды 

ғана  көптеп  кездестіреміз.  Рас, 

Маңғыстау,  Атырау,  Қызылорда, 

Семей,  Жамбыл  облыстарын­

да  қымыз  бен  шұбат  өндіретін 

шағын  шаруашылық  серіктестері 

бар. Бірақ, ұлттық сусындарымыз 

көпшіліктің аузына жете бермейді. 

Өйткені, бұрындары бие­түйе сау­

ып, қымыз пісетін, шұбат сапыра­

тын апалар қартайды, бойларынан 

қуат, қолдарынан күш кетті. Қазіргі 

жас  келіндер  биеге  көп  жуымай­

ды. Артық жұмыстан қашады. Әрі 

сауылған  қымызды  өткізудің  жо­

лын да таба алмайтынын біледі. 

Тарихтың көне деректеріне көз 

жіберсек,  грек  ойшылы  Геродот­

тың:  «Сақтардың  сүйікті  сусыны 

Қ

ымыз дертке – шипа, де­



неге – күш. Қымыз ерек­

ше дәмді, кұнарлы, жан 

сарайыңды ашып, адамның зауқын 

келтіретін хош иісті және өте сіңімді 

сусын.  Оның  бұлай  болу  себебі 

жылқы  жануардың  өзіне  ғана  тән 

асыл қасиетінен болса керек. Ады­

мы кең, өрісі ұзақ сәйгүлік саңлақ­

тар  қазақ  даласының  кең  байтақ 

жайлауын емін­еркіндеп, дәмдіден­

дәмдіні,  коректі  мен  құнарлыны 

ғана тереді, өсімдіктің шұрайлысын 

ғана үзеді. Сөйтіп, кең даланың сан 

алуан гүл­бәйшешектері мен мың 

түрлі  дәрі­дәрмектік  шөптерінен 

жылқы  жарықтық  адамға  шипа­

лы,  жағымды  тамақ тық  заттар 

әзірлейтін болса керек.

Қымыздың  бабы  пісу  мен 

сапыруға  байланысты.  Жиі­жиі 

піскен қымыздың дәмі кіре береді. 

Көбірек  пісілсе  тіпті  күшті  де­

ген  қымыздың  өзі  жұмсап,  ішуге 

сүйкімді бола береді. Бал татыған 

барқыт қымыз осындай баптауы­

мен дәмді бола береді. 



Бал  қымыз  –  бал,  қант,  өрік­

мейіз қосылып ашытылған қымыз; 

сырқат  адамға,  балаларға,  жас 

босанған әйелдерге беріледі.



сірге жияр қымызы – күздігүні 

бие ағытарда бірнеше күн жиналған 

қымыз; салт бойынша сірге жияр 

қымызға  елді  шақырып,  бөліп 

ішкен.

Уыз  қымыз  —  бие  сүтінің  уыз 

дәмі  тарамаған  кезде  ашытылған 

қою қымыз. Май қымызы, кейде 

саумал қымыз деп те аталады.



сары  қымыз  —  жаздың  орта­

сында, шөп әбден піскен, буыны 

қатқан кездегі қымыз. Бұл қымыз 

көп пісіледі де, ірімшігі жақсы жа­

зылып, ашуы білінбей, қымыздың 

күші өз бойына сіңіп сарғылт бо­

лады. Сары қымыз өте жұ ғымды, 

шипалық қасиеті мол. Қы  мыз бен 

шұбаттың  технологиясын  мең­

герудің  өзі  өз  алдына  бір  мектеп 

қой. 

Құрамында  С  дәрумені  көп 



болғандықтан  өкпе  ауруларына, 

қант  диабеті,  атеросклероз  және 

жүрек ауруларына қымыз бірден­

бір ем екені көптеген ғалымдардың 

еңбектерінен белгілі.

Өкінішке  қарай,  кең  қолтық 

халқымыз өзінің негізгі өнімін әлі 

күнге дейін әлемдік деңгейде жар­

намалай алмай келеді. 

Қазақ  түйе  малын  да  ерекше 

қастерлеген  ғой.  Сондықтан  да 

түйе сүтінің емдік қасиеттері бағзы 

заманнан  бері  белгілі.  Шұбатты 

бабаларымыз өкпе, асқазан ауру­

ларымен  қатар  түрлі  созылмалы 

дерттерге, жалпы ағза әлсірегенде, 

әрі уланғанда емдік қасиеті жоғары 

мал өнімі ретінде пайдаланған. 

Түйе сүтінің емдік қасиет теріне 

кейінгі кездері қытайлықтар қатты 

мән беруде. Тіпті Қытайдың Алтай 

өңірінде  түйе  сүтінен  ұнтақ  жа­

сайтын,  түйе  сүтін  ұзақ  мерзімде 

сақтайтын  арнайы  зауыт  ашып, 

онымен  елдің  түйе  өсірмейтін 

аймақтарын,  оның  ішінде  Шан­

хай  қаласын  қамтамасыз  етіп 

отыр.  Көңілді  қобалжытатын 

жағдай,  6  мың  жылдық  тарихы 

бар қымызымызды – немістер, ата 

сусынымыз  шұбатты  –  еврейлер, 

қазы­қартамызды – италиялықтар 

меншіктеп,  яғни  патенттеп 

алғаны­ай! 

Түйе  сүтінің,  шұбаттың  емдік 

қасиеттерін  біле  тұра  әлі  күнге 

дейін  оған  тиянақты  мән  бер­

мей  келеміз.  Шығыс  ғұламасы 

Әбу Әли ибн Синаның көз жұмар 

сәтінде  шәкірттері  айналасын 

қаумалап: «Ұлы ұстаз! Сіз кетсеңіз, 

қалың  халқымыздың  сырқатын 

кім емдейді?» деп қиналса керек. 

Сонда  ғұлама:  «Қиналмаңдар, 

анау  жүрген  түйе  бар  емес  пе»­

деген көрінеді. Оны қайтеміз десе: 

«Соның сүтін іше беріңдер» – депті 

данышпан. 

Ең  алдымен  шұбаттың  емдік 

қасиетіне тоқталатын болсақ, бір 

литр шұбат адам ағзасын тәуліктік 

қажет ететін дәрумендермен және 

басқа микроэлементтермен толық 

қамтамасыз  ете  алады.  Бір  литр 

түйе  сүтінің  қуаттылығы  911  ки­

локалория болса, сиыр сүтінікі 660 

Бүгінде Төлегеннің өлеңдерін жырсүйер 

қауым ынта қойып оқиды, Төлеген болып 

тебіренеді, Төлеген болып толқиды. Жыр­

лары кітап бетінен оқырман жүрегіне көшіп 

алды. Бұл – ақынның шын мәнінде асқақ 

дарын екенін, қалам қуатының тегеурінді 

екенін  білдіреді.  «Бір  тойым  болатыны 

сөзсіз менің, дәл қай күні екенін айта ал­

маймын...» деп жырланған өлеңдері жаңа 

лепке, жаңа ойға, шымыр ұйқастарға толы. 

Ол  қазақ  поэзиясына  жастықтың  алауын 

ала келіп, даналықтың дәнін сеуіп кеткен 

ақиық ақын екені күмәнсіз. 

Биыл ақынның 75 жылдық мерейтойы 

өтеді.  Үлкен  тойдың  қарсаңында  поэзия 

сардарын ұлықтау, оның шығармашылығын 

кеңінен  насихаттау  жұмыстары  бүгіннің 

өзінде басталып кетті. Осыдан бірнеше ай 

ілгері  жазба  ақындардың  «Жалғасын  сен 

айт, бұл асқақ әннің...» атты республикалық 

жыр  мүшәйрасы  жарияланған  болатын. 

Жыр бәйгесіне, сайыстың шарты бойынша, 

қырық бес жасқа дейінгі ақындар қатыс ты. 

Аптаның алғашқы күнінде Қазақстан Жазу­

шылар одағының Әдебиетшілер үйінде осы 

мүшәйраның  қорытындысын  шығаруға 

арналған  кеш  өтті.  «Өлеңге  әркімнің­ақ 

бар таласы» демекші, талапты да талантты 

ақындардың  арасынан  11­і  ақтық  сынға 

жолдама алды. Олардың арасында есімдері 

елге белгілі, сондай­ақ өлең өлкесіне енді 

ғана қадам жасаған ақындар бар. Ибрагим 

Иса, Жәркен Бөдешұлы, Әмірхан Балқыбек, 

Маралтай  Райымбекұлы,  Жарас  Сәрсек 

сынды  поэзия  жүйріктерінен  құралған 

қазылар алқасы өз қорытындыларын жа­

– Бұл жарқын іске мұрындық болған 

– университетіміздің басшысы, академик 

Ғалымқайыр  Мұтанұлы.  Ол  кісі  ғылыми 

кеңесте  осы  мәселені  көтерді.  Жиында 

студент жастардың дені көркем әдебиетті 

оқымайтындығы, қазақ жастарының руха­

нияттан алыстап бара жатқандығы сөз бол­

ды. Басшы ұсынысы студенттер арасында 

кеңінен талқыланды. 100 кітапты таңдаған 

жастардың өздері. 

100  кітаптың  жетпіс  пайызы  қазақ 

әдебиеті  классиктерінің  шығармалары 

болса, қалған отыз пайызы – әлем, орыс 

әдебиеттерінің  інжу­маржандары.  Бұл 

алғашқы жүздік қой, кейін ол 300­ге, 500­

ге ұласуы ықтимал.

Ғылыми  кеңесте  осы  мәселеге  орай 

еліміздегі жоғары оқу орындарының сту­

дент теріне  арналып  үндеу  қабылданды. 

Онда қазақ қоғамында кітап оқу мәдение­

тін  қалыптастыру,  кітапты  оқу,  талқылау 

жайттары қамтылды.

Жобаны  ұйымдастырудағы  басты 

мақсат  –  жастарды  кітап  оқуға  баулу. 

Негізі, кітаптың маңызы зор. Кітап арқылы 

ұлттық  болмысымызға  қанығуға  бола­

ды. Кітап – ол біздің тарихымыз, тіліміз, 

діліміз... Біздің бұл бастамамызды өзге оқу 

орындары да қолдар деген сенім бар.

Н.ЖаНДӘУЛЕТұЛы 

Қымыздан


түйе  мен  бие  сүті  динамикалық, 

биологиялық  табиғи  өнімдер  бо­

лып  саналады.  Табиғи  иммуно­

модуляторлық қасиеті көп. Демек, 

ұлттық  сусындарды  қай  жағынан 

алып  қарасаңыз  да,  денсаулыққа 

пайдасы  шексіз.  Жалпы,  сүттің 

екі  түрі  болады.  Көпшілігі,  яғни 

сиыр, қой, ешкі малдарының сүті 

глобулинді сүт делінеді де, ал жылқы 

сүті альбуминді сүтке жатады. Бұл 

дегеніміз,  қазақи  ұғымға  салсақ, 

жылқы сүтінің құнарлылығы адам 

сүтіне  жақын.  Көктем  құлпыра 

шығып, бие алғаш сауылған шақта 

ата­бабамыз  «Қымызмұрындық» 

дәстүрін  жасауға  бел  буа  кірісіп 

кетеді екен. Сондай­ақ, халқымыз 

қымызды дайындау тәсілдері мен 

ырымдарына да ерекше мән бер­

бие сүті екен, егер біреу құпиясын 

ашса,  екі  көзін  ағызып  жібереді» 

деген сөздерін оқыр едік. Ал, сол 

сақтардың  бүгінгі  ұрпақтары  ай­

дың күні аманында қымызымызды 

немістердің  меншіктеуіне  жол 

беріп  қойғанымыз  қалай?  Жыл 

сайын немістер қымызмұрындық 

өткізіп жатқанын естігенде қалай­

ша  күйінбессіз?!  50­ден  астам 

неміс  кәсіпорындары  қымыз 

өндіріп, тіптен ұнтақ түрінде ше­

телдерге шығарып, даңқын асыру­

да. Ал, бізде бәрі басқаша. Алдағы 

уақытта 6 мың жылдық тарихы бар 

сүйікті сусынымызды кең көлемде 

өндіруге, таратуға үкімет тарапы­

нан қолдау болса ғой, шіркін!



салтанат ҚаЖыкЕН

риялап,  жеңімпаздарды  марапаттады. 

Нәтижесінде Жәнібек Елемес, Сайрангүл 

Дарханқызы,  Жақсылық  Қазымұратұлы, 

Әйгерім Қуанышбаева, Қуаныш Медеубай 

жыр бәйгесінің «Ынталандыру» сыйлығына 

ие  болса,  сайыстың  3­ші  орыны  –  Бау­

ыржан Әлқожа, Саят Қамшыгер, Төлеген 

Милатқа бұйырды. Ақын Әлібек Шегебай, 

әнші­сазгер Елена Әбдіқалықова 2­ші орын 

алды. Ал сайыстың 1­ші жүлдесі «Ақтөбе» 

газетінің  бас  редакторы,  ақын  Бауыржан 

Бабажанұлына  берілді.  Бұл  орындардан 

бөлек,  сайысты  ұйымдастырушылардың 

арнайы  жүлдесі  болашағынан  зор  үміт 

күттіретін жас ақын Оралбек Ысқаққа та­

бысталды. 

Жыр кешінің басты жаңалығының бірі 

– «Айбергенов әлемі» журналының өмірге 

келуі. Тұсаукесер рәсіміне Қазақстан Жа­

зушылар одағы басқармасының төрағасы, 

ақын Нұрлан Оразалин, ақын­жазушылар 

Мұхтар  Шаханов,  Смағұл  Елубай,  Зәкір 

Асабаев қатысып, ақын туралы өз ойларын 

ортаға  салды.  Журналдың  бас  редакторы 

Салтанат Төлегенқызы басылым ақынның 

өмірдеректерін, замандастарының естелік­

терін жариялап, ол туралы тың деректер мен 

еш  жерде  жарияланбаған  өлеңдері  табы­

лып қала ма деген мақсатпен шығарылып 

отырғанын жеткізді. 

Ұйымдастырушылардың басты тілегі – 

ақиық  ақынның  75  жылдық  мерейтойын 

биік деңгейде өткізу. Бұған үкімет тарапы­

нан қолдау көрсетіледі деген сенім білдірді. 

Дәуіржан ТөЛЕБаЕв

Суре


тті түсірг

ен А


зама

т ҚҰСАЙЫНОВ



4

№11-12 (1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл


АНА ТІЛІ

Қ Ы З Ы Л О Р Д А   О Б Л Ы С Ы



ЖАңАҚОрғАН АУДАНЫ

Алғыр-салғыр – бекініс, жер ата-

уы.  «Молдақорған»  бекінісінің  шығыс 

жақ бетінде 3-4 шақырым қашықтықта 

орналасқан қорған. Қорған дуалының 

қалыңдығы  –  3-4  салт  атты  қатар 

жүретіндей, биіктігі ХХ ғасырдың аяғына 

дейін  4-5  метрдей  болған.  Қырөзгент 

пен  Алғыр-салғыр  бекінісінің  арасы  – 

20 шақырымдай.

бақсайыс  ата  кесенесі  –  Бай-

кенже  елді  мекенінен  10  шақырым 

жерде,  оңтүстік-батыс  беткейде 

орналасқан.  Бақсайыс  ата  шама-

мен  ХVІ-ХVІІ  ғасырларда  өмір  сүрген. 

Бұрын  тұрғызылған  кесене  тозып, 

1994 жылы ақ қыштан күмбезді кесене 

тұрғызылған. Кесене көлемі – 8 х 8 м, 

биіктігі – 12 м. Бақсайыс ата кесененсі 

жергілікті  маңызы  бар  тарихи-мәдени 

ескерткіштердің бірі.

бескемпір – Қожакент елді мек е   ні  нің 

шығыс жақ бөлігінде, дария жаға  сын да 

әжептәуір ауқымды елді мекен болған. 

Шынайы  атауы  –  Ахметсопы  қыс  тауы. 

Кешегі соғыс жылдарында ер кісі лердің 

барлығы соғысқа аттанып кет  кен нен ке-

йін бес қария кемпір тұр  ғандықтан Бес -

кемпір деп аталып кеткен.



Данабибі – жер атауы. Бұрынғы кез-

де Данабибі деген әйел үлкен әулие кісі 

болған. Қазіргі кезде осы жер сол кісінің 

атымен Данабибі аталып кеткен.



Есжан тоғайы – ауылдың солтүстік 

тұсында,  дарияның  иіріміндегі  жер. 

Қайықшы  Есжан  деген  кісінің  атымен 

аталған.  Елді  мекенде  арғы  бетпен 

қатынас жасап отырған, қол қайықпен 

қызмет көрсеткен кісі.



Жалаңаш  ата  кесенесі  –  аудан 

орталығынан 8 шақырым жерде, Кейден 

елді мекені жанында орналасқан. Үлкен 

күмбезді кесене. жалаңаш ата кесенесі 

жергілікті  маңызы  бар  тарихи-мәдени 

ескерткіштердің бірі.



Желдер  –  құдық.  Қызылқұмның 

солтүстік-шығыс бөлігінде.



Жиделі – өзен. жаңақорған ауданы 

жері мен  ағады.  Бастауын  Қаратаудың 

солтүстік  батысындағы  Ранг  асуы  тұ -

сы   нан  алып,  тар  шатқалдармен  ағып, 

жайыл  ма  ауылы  тұсында  жерге  сіңіп 

кетеді. Өзен дегі су жылдың көктем ай-

ларында (сәуір, мамыр) жауын-шашын, 

қар  сулары мен  толысады.  Осы  кезде 

өзен әжептәуір арна жасап, жыраларды 

қазып  ағады.  Оның  төменгі  ағысында 

шағын  жайылма  бө гені  салынған.  Ол 

қыстағы  қар  суы  мен  көктемгі  жауын 

суларын  бөген  бойына  жинап,  жазғы 

егістікке  пайдаланылады.  жиделі 

өзенінің  төменгі  ағысында  жайыл-

ма  ауылының  шаруашылық  жерлері 

суғарылады. Қаратау биіктерінен пай-

да болған табиғи таза бұлақ көздерінің 

суынан үлкен аңғарларға айналып және 

аңғарларында жиде ағаштары болған-

дықтан жиделі өзені аталған

Келте – өзен. Сырдария алабында, 

жаңақорған ауданының жерімен ағады. 

Қаратау жотасының батыс етегінен бас-

талып, Сырдарияға оң жағынан құяды. 

«Ұзаққа ақпайтын келте өзен» мәніндегі 

атау.


Келінтөбе – көне қала орны. Сыр-

дария  өзеннің  сол  жағалауындағы 

Келінтөбе  қыстағынан  6-7  шақырым 

жерде орналасқан. Көлемі – 100х75 м, 

тік  төртбұрышты,  биіктігі  –  10  м  төбе. 

Қаланың  кіреберіс  қақпасы  шығыс 

жағында  болған.  Қала  орнын  1970 

жылы Отырар археологиялық экспеди-

циясы (жетекшісі К.М.Байпақов) зертте-

ген. Келінтөбе қалашығынан ас дайын-

дайтын, сусын ішетін қыш ыдыстардың 

сынықтары және азық-түлік сақтайтын 

күбі, көзелер табылды. Олардың жасалу 

тәсілдеріне қарағанда, қала тұрғындары 

б.з.б. 7-8 ғасырларда өмір сүрген. Егін, 

мал шаруашылығымен айналысқан.



Кемпірүңгір – үңгір атауы. Қаратау 

жотасында, Бесарық өзенінің бойында 

орналасқан. Аңыз бойынша, ертеректе 

жау шапқыншылығы кезінде сол үңгірде 

тығылып,  бір  кемпір  паналаған  екен. 

Соған байланысты үңгір «Кемпірүңгір» 

аталып кеткен.

Көккесене – күмбез, жер атауы. Көк-

кесененің  орны  Төменарық  темір  жол 

стансасының  солтүстік  күншығысынан 

5 шақырымдай жерде, қазіргі «Қожам-

берді» ауылында. Академик Ә.Марғұлан 

қаланың атақты болуының себебі, Алпа-

мыс батырдың жұбайы Баршын сұлудың 

(Гүлбаршынның)  есімімен  аталуын-

да  екендігін  айтады.  Көккесене,  тари-

хи деректерге қарағанда, осы Баршын 

сұлудың  кесенесі  екендігін  көрсетеді. 

Көккесене – ХІ ғасырларда селжұқ Хо-

резм  шах  заманындағы  сәулет  өнері 

үлгісімен  (биік  мұнара)  тұрғызылған 

сәулетті күмбез. 

Кітәнұшқан – Қаратау жотасындағы 

шың. Кітән деген кісі бүркіттің ұясын ала-

мын деп сол шыңнан құлап кеткен деген 

аңыз бар.



Қарасопы  күмбезі  –  XVIII  -  XIX 

ғасырларда  салынған  архитектуралық 

ескерткіш. Аудан орталығынан оңтүстік-

шығысқа  қарай  5  шақырым  жерде, 

Сырдарияның жағасында орналасқан. 

Биіктігі  –  9  м,  үстінде  8  айшығы  бар, 

шағын  екі  бөлмеден  тұрады.  Қабір 

жатқан  бөлменің  аумағы  –  12,34  х 

8,70 м, қосалқы бөлме аумағы – 6,50 

х 5 м. Есігі құбылаға қараған, алдында 

Қарасопы бейіті бар. Қарасопы күмбезі 

ислам сәулет өнері үлгісінде салынған. 

Осы аймақтағы Қорасан Ата, Қылышты 

Ата,  Айқожа,  т.б.  тарихи  жәдігерлер 

олардың  көшпелі  өзбектер  дәуіріне 

қатысын байқатады. Қарасопы күмбезі 

арнайы  зерттелмеген.  Ескерткіш  1982 

жылы мемлекеттік қорғауға алынған.



Қатынқамал – тарихи үңгір. Қосүйең-

кі ауылының шығыс жағында 40 шақырым 

жерде, Бірлік елді мекені орталығынан 20 

шақырымдай қашықтықта. Қатынқамалға 

нақты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіл-

меген.  жол  жобасын  білетін  жергілікті 

тұрғындар  болмаса,  сырт  адамдар  бұл 

үңгірге жете алмаған. Аңыз бойынша осы 

үңгірге  жоңғар  шапқыншылығы  кезінде 

әйелдер  мен  жас  балалар  жасырынған. 

Қазақ жауын герлері жеңіліске ұшыраған 

соң  жоң ғарлар  Қатынқамалды  тауып 

алып,  жас ырынған  адамдарды  түгелдей 

қырып тастаған. Бұл атау жаудан қорғану 

жолында балаларын үңгірге қамап, өздері 

жауға  қарсы  тұрған,  сол  жолда  құрбан 

болған аналардың ерлігін паш еткен атау 

екені  байқалады.  Содан  бері  бұл  үңгір 

«Қатынқамал» атанған.

 «Қызылорда облысының 



жер-су атаулары»

 кітабы бойынша дайындаған 

Молдияр сЕРІкБайұЛы, 

өлкетанушы

ұлы дАлА АтАулАры

көрШі

өзіМізден бАстАйық



Қырғызстанда қырғызша 

білмеген депутат айыпты болмақ



Қырғыз елі қырғыз тілін қызғыштай қоруға көшкендей. Жақында 

Қырғызстан Парламентінің депутаты Урулкан Аманбаева тосын ұсыныс 

жасады. Мемлекеттік тілде сөйлеуді талап ететін заң жобасын дайындап 

жатқан ол елдің «Мемлекеттік тіл туралы заңы» мен Әкімшілік кодексіне 

өзгертулер енгізу керек деп санайды. 

толғауы тоқсан туған тіл

 Жазу – ойдың шегені. ғылым мен техника һәм технология қаншалықты 

дамысын, компьютер, телефон, интернет, планшет қаншама жетілсін, 

бәрібір жазусыз ой жетістігі бекімейді. Шешім, бұйрық, қаулы, келісім, бар-

ша ой-пікір, бәрі-бәрі тек сөзбен ғана түйінделеді. Қазіргі заманда хатқа 

түспейінше ешбір мәміленің заңдық күші жоқ. Кепіл – заңды түрде хатталып, 

мөрленген құжат. Оқулықтар, заңдар, ғылыми еңбектер, ресми құжаттар

әдебиет – бәрі-бәрі жазумен хатталады. Адамдар қарым-қатынасында сөзді 

ештеңемен ауыстыру мүмкін еместігі тәрізді, жазуды да ештеңеге ауысты-

ра алмайды. Сөз бен жазу – Адамның адамдық болмысы, басқа тіршілік 

иелерінен адамдық ерекшелігі, адамдық сана жетістігі.

сабыржан 

Шүкірұлы,

қазақстан 

республикасына 

еңбек сіңірген 

мәдениет 

қызметкері, 

жазушы

нұрлан ӨтеШев:



қалыптасуы һәм болашағы

МАғАН 

ЖАҚСЫ 

СӨз АйТСА, 

МЕрЕйіМ 

ӨСЕДі...

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ 

Ж

азу  –  білімнің  кілті  де,  құлпы 



да,  сандығы  һәм  базары  да. 

Кілті  –са уаттану,  құлпы  – 

білім дену,  сандығы  –  кемелдену,  базары 

– сол жиған білімді кәдеге жарату. Кәдеге 

жарату  –  баспайдадан  бастап,  ұлт  һәм  исі 

адамзат баласының мүддесіне қызмет еткізу. 

Әбу Нәсір де, Шоқан да, Ыбырай да, Абай 

да, Ахмет те, Мұхтар да, Қаныш та білімнің 

кілтін  тауып,  құлпын  ашып,  сандықтап 

жинап,  базарлай  білген.  Бұлар  –  ел  атын 

алысқа жайып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасар 

асыл мұралар қалдырған ұлт мақтандары.

Соның бәрі бізге жазумен жетіп, жазумен 

мұра болып сақталып, жазумен тұтынылуда. 

Жазу  –  сауат.  Қазақ  тіл  ғылымын 

негіздеген Ахмет Байтұрсынұлы сауаттылық 

негізі – жазу деп білген: – «... негіздік нәрсе 

– жазу, оқу жаза білумен бірге қосыла бірігіп 

кететін қосалқы күйдегі нәрсе»,­ дейді (Ах­

мет Байтұрсынұлы. Шығ. 3 т. 315 б.). Ал, сау­

аттану әліпбиден басталады. Әліпби, ұлттық 

әліпби  –  Қазақ  маңдайына  кеш  біткен 

несібе.  Қазақтық  арғы  тегіміз  түркілікте, 

яғни  қағанаттық  замандарда  қазіргі  «көне 

түркі  жазуы»  атты  таңбаны  қолданды  ма, 

жоқ па, бұл мәлімсіз. Мәлімсіздігі сол, олар­

ды «оқығандар» тікелей қазаққа, қазақ та­

рихына қатысты нақты дерек әзірге тапқан 

жоқ.  Әйтеуір,  исі  түркіге  ортақ  деген  же­

леумен  дуылдасамыз.  Ал,  сол  жазулардың 

түріктің  қай  тегіне  қатыстылығы  және 

оның  бізге  қаншалықты  жалғастылығы 

айқындалған  емес.Мәтіндерді  оқудағы 

көпнұсқалылықтың  себебі  де  осында, 

яғни деректің бастауындағы айқындықтың 

жоқтығында.

Жалпы,  қазақтың  қазақ  болып 

қаратануы,  қазақ  нәсілділер  туралы  анық 

дерек­мағлұматтар дың хатталуы парсы, араб 

жазуларынан басталады. Қытай жазбаларын­

да қазаққа қатысты деректер болғанымен, 

қазақ  өзі  бұрын  ол  таңбаларды  игерген, 

тұтынған емес. Ал, парсы, араб жазуларын 

тұтынды,  сөздерін  түсінді.  Парсы,  араб 

сөздері араласқан шағатай тілі, шағатай жа­

зуы, сол жазуда шыққан кітаптар болғанын 

білеміз.  Мұны  қазақтың  сол  замандағы 

сауаты барлары еркін оқып, түсінген. Он­

дай  кісілер  осы  бертінге  дейін  ауылдарда 

да болды.Шағатай тілінің дендеңкіреп кет­

кен  парсы  араб  сөздерінен  басқасының, 

яғни негізінің қазақ тілімен төркіндес екені 

мәлім.

Біздің жас кезімізде ел ішінде бұрынғы 



сыр,  Ұрым  асып  та  білім  қуған  қазақтың 

әжептәуір бөлігі хат танитын болған.

Сауат ашу, рухани өрлеуде Қожа Ахмет 

Ясауидың  сопылық  ағымы  да  өз  кезінде 

үлкен  міндет  атқарған.  Бұл  –  парсы,  араб 

кітаптарының  қазақ  арасына  кеңінен 

таралған шағы. Ал айтылып жүрген Отырар 

кітапханасының болғандығы рас болса, оны 

қазақтың ежелгі мекендері тұрғындарының 

пайдаланбауы мүмкін емес. Осы өңірден ІХ­

ХV ғасыр аралығында Әбу Нәсір Мұхамед 

бин  Мұхаммед  бин  тархан  бин  Узлағ  әл 

Фараби ат­Түркиден бастап Әбу Ибраһим 

Исхақ  әл  Фараби,  Исмайл  әл  Жауһари 

әл  Фараби,  Әлам  ад­дин  әл  Жауһари  әл 

Бұл сөздік орыстілділерге қазақша үйрету 

мақсатында емес, қазақ балаларына орыс­

ша  үйретуге  арналғандығын  ескерсек, 

ұстаздың  қазақ  сөздерін  қазақ  дыбыста­

рында беруді, қазақтың сөйлеу үрдісіндегі 

мақамдық  дыбыстарын  анықтап,  қазақ 

ә л і п би і н  т ү з у д і  ой л а с т ы рм а ғ а н ы н 

көреміз. Бұл, бәлкім сол тұстағы қазаққа 

арналған мектептердің негізінен орысша, 

кейінірек орысша­қазақша болғандығына 

да  байланыс ты  шығар.  Мұндағы  ба­

сты  мақсат­мүдденің  қазақ  балаларына 

орысша үйрету, сол арқылы оларды ішкі 

қалалардағы оқу орындарына мамандық 

алуға аттандыру болғаны белгілі.Бәлкім, 

кісілер туралы сөз болғанда «түркіні бітір­

ген» деген сауаттылық өлшемі болушы еді. 

Ол ауыл молдасынан сауат ашқаннан кейін 

медреседе оқытылатын сауаттанудың келесі 

бір сатысы болса керек. Бұл түркі қазіргі ай­

тылып жүрген «көне түркі жазуы» емес, араб 

таңбалы болған. Біздің тіл ғылымы мұ ның 

басын ашқан емес. Бұл бағытта мүлде ізденіс 

те жоқ сыңайлы. Қазақ тіл ғылымының та­

сада қалып, бүркеулі жатқан бір саласы осы. 

Ал, бұл халқымызға мол рухани қазына бер­

ген, дүниелік танымдардан хабардар еткен, 

мәдениетіміз  бен  әдебиетімізге  игі  ықпал 

жасаған  жазу  болған.  Ұмытылған  түркілік 

ортақ жазу осы болса керек.

Ресейге қосылғаннан кейінгі бірқатар 

кезеңде  қазақ  арасында  татар  жазуы 

кеңірек таралып, діни оқуларға татар мол­

далары иелік еткен тұс болған. Татар жа­

зуы, татар тілінің үстемдік құрғаны сон­

ша, татар оқығандары «қазақ татар тіліне 

көшуі керек, яғни қазақтың кеңсе тілі та­

тарша болуы керек» деген пікір туып, оны 

қазақтан  да  қолдаушылар  болған.  Бұған 

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы 

бастаған қазақ зиялылары қарсы шығып, 

батыл  тойтарыс  беріп,  бетін  қайтарған. 

Әлихан  Бөкейханов:  –  «Анық  түрік  зат­

ты  халық  тілі  біздің  қазақта...  Біздің 

қазақ осы тілін тастап татарға мінгескені 

адасқандық  болар»,  –  деген  («Алаштың 

тілдік мұрасы» Алматы­2009. 12 б.). Ал, Ах­

мет  Байтұрсынұлы  өзінің  белгілі  «Туған 

тілім» атты өлеңінде:



«Кемсітіп көбің ордамды адасқандар!

Тіліме жау боп найза қадасқандар!

Бір айттым, екінші айтам, бұл үшінші,

Жорта бер, жолың алыс, адассандар.

Мен болман, болдырамын «татар» десең,

Мен жатпан, «бір бөлмеде» жатар десең!

Өтпеймін, тамағыңнан, «жұтам» десең,

Жолым бір, қолым міне, «қатар» десең!», – 

деп тұжырып айтады. (Ахмет Байтұрсынұлы. 

Шығ.3 т. Алматы­2005. 5 б.).

Иә, халық арасында бұрынғы дәстүр бой­

ынша қожа­молдалар,татар молдалар, қазақ 

молдалар дәрістеген араб жазуындағы қара 

тану, яғни сауат ашу жұмыстары ғасырлап 

жалғасты түрде жүргізіліп келген. Кеңестік 

замандағы «қазақ халқы бұрын қараңғы, са­

уатсыз жұрт болған» деген пайым саясаттың 

тым ұшқары сөзі болатын. Ауыл сайын мол­

дасы, болыс сайын мешіт, медресесі болған, 

одан әрі Самарқан, Бұхара, Ыстамбұл, Мы­

Оның  ойынша  елдегі  барлық  ресми 

құжаттар қырғыз тілінде жасалып, дайын­

далып,  мемлекеттік  билік  органдарында, 

жергілікті өзін­өзі басқару орындары мен 

кәсіпорындардағы  барлық  іс  қағаздары 

қырғыз  тілінде  жүргізілуі  тиіс.  Сонымен 

қатар  үкіметтің  барлық  мүшесі,  статс­

хатшылар  қырғыз  тілін  білуге  міндетті; 

мемлекеттік  қызмет  реестріндегі  сая­

си,  арнайы  және  әкімшілік  лауазымдағы 

мемлекеттік  қызметкерлер  қырғыз  тілін 

білуге  міндетті;  мемлекеттік  қызметке 

үміткерлер  қырғыз  тілінен  емтихан  тап­

сырсын;  ұйымдарда,  кәсіпорындар  мен 

мекемелердегі барлық қаржылық, ғылыми­

техникалық  және  жобалық  құжаттар  ең 

әуелі қырғыз тілінде жасалып, содан кейін 

ғана орыс тіліне аударылсын деген сынды 

талаптары бар.

Депутаттың ұсынысында «Мемлекеттік 

тіл  туралы»  заң  талаптарын  орындамаған 

жеке  тұлға  2  мың  сом,  ал  заңды  тұлға  20 

мың  сом  айыппұл  төлеу  тиістігі  де  ай­

тылады.  Ал  егер  олар  екінші  рет  заң 

бұзса,  онда  жеке  тұлға  да,  заңды  тұлға  да 

200  мың  сом  айыппұл  төлеуге  міндетті 

болмақ.  Кәсіпорын  жетекшілері  заң  та­

лабын бұзғаны үшін 20 мың сом айыппұл 

төлеумен  қатар,  қызметінен  босатылсын 

деген ұсынысы да бар.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал