Бір тойым болатыны сөзсіз менің



жүктеу 1.47 Mb.

бет14/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.47 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Қуанбек БОҚАЕВ

Нұрлан ҚҰМАР

Таралымы 27325

РЕДАКцИя ТЕлЕфОНДАРы: 

394-42-46 (қаб.бөлмесi/факс),

394-41-30

E-mail: anatili_gazetі@mail.ru

МЕКЕНЖАйыМыз:

050009, Алматы қаласы

Абай даңғылы, 143, 6-қабат

А

Әсерлі әңгіменің ықпалы



ИМА

ндылық


Құттықтау!

Бала – болашағымыз



Алла тағала біреуге шектеулі, енді біреуге ұзақ ғұмыр сыйлап, өмірді молынан тануына, 

ағайын-туыстың ортасында аман-есен болуына мүмкіндік береді. Адамның ғұмыр-

жасы қанша ұзақ болса, ол өмірдегі сонша нәрселерге куә болып, әрқайсысынан ой түйіп, 

көңілдегі ой сандығын небір жауһарларға толтыра түседі. Қазақта «Көп жасағаннан 

сұрама, көпті көргеннен сұра» дейтін әдемі мақал бар. Бұл сөздің астарына үңілсек, көп 

жасаған бір бөлек, көпті көрген бір бөлек екенін байқаймыз. Көп және ұзақ жасаудың 

өзіне тән артықшылықтары да жоқ емес. Бірнеше ұрпақтың куәгері болып, заманының 

өзгергенін көру, өмірдің мәнін тереңірек ұғыну – жылдардың еншісіндегі дүние бол-

са керек-ті. Аз жасау, көп жасау маңызды да емес шығар, ең бастысы - өзіңе берілген 

өміріңді жете бағалап, оны мәнді де сәнді өткізе білу. 

шаңырақ шуағы

Алматы  қаласының  тұрғыны  Күлия 

Ертісбаева бүгінде 105 жасқа келіп, 16 не­

мере,  19  шөбере  сүйіп  отырған  ардақты 

ана, аяулы әже, әулеттің сыйлысы. «Адам 

екі нәрсе арқылы қартаймайды. Біріншісі – 

қайырымды ісі, екіншісі – мейірімге толы 

сөзі»  деп  дана  бабамыз  Жүсіп  Баласағұн 

айтқандай, Күлия апамыз 105 жасқа келді 

демесеңіз,  өңін  уақыт  дейтін  ұғымға  көп 

жеңдіре қоймаған сияқты. Өзі жүріп­тұра ды. 

Әңгімешіл, ашық­жарқын. Біз барған нан 

құшақ жая қарсы алып, «Айналайын» де­

ген жылы сөзі жан­жүрегімізді елжіреткен­

дей  болды.  Ғасырдан  да  ұзақ  жасаған 

адамның  қасында  отырып,  оның  айтқан 

әңгімесін  есту,  тұнып  тұрған  көкірегінен 

ақтарылған сырға құлақ түрудің өзі ғажап. 

Бұл  кісінің  қасында  отырғаныңның  өзі 

өмір  мен  уақыттың  парқын  сездіргендей 

болады екен. 1907 жылдан бері жер бетінде 

қаншама  оқиғалар  болмады  десеңізші. 

Соның  бәрін  әжеміз  көзімен  көріп,  жан­

жүрегімен  сезініп,  қиындығына  налып, 

Қызыл, жасыл гүл қаптап қыр басына,

Бар адамның бақ қонар дүр басына.

Күн сығалап қарайды мейіріммен

Ағаштардың тағынған сырғасына.

Жылу сыйлап жүрекке жүзік көңіл,

Жер бетінде басталар қызықты өмір.

Тырналардың әуені, көңіліңнің

Жіберердей пернесін үзіп те бір.

Ғаламат ғой шынында көктем деген,

Өмір деген не десе, көктем дер ем.

Алай­дүлей азапты тіршіліктен

Дүр сілкініп тазарар шөккен денең.

Жасағанмен көкке Күн, Ай төрелік,

Егер көктем болмаса қайтер едік.

Сұлулықты көктемнен көрмегенде

Сұлусың – деп, біз кімге айтар едік.

Солай досым, арманы асқаралы,

Көктем жайлы жырлайды жастар әлі.

Махаббат та, мейірім, шапағат та,

Барлығы да көктемнен басталады.

Аққу ұшып, қаз қонып, көл бетінде,

Сұлудың да нұр ойнар келбетінде.

Тамырына қан құяр тіршіліктің

Көктем мәңгі жасасын жер бетінде.



Әлібек ШЕгЕБай

Ұлыс  күні  қарсаңында  Орал  қа­

ла сының  тұрғыны  Анатолий  Ре­

венко  мұсылман  дінін  қабылдады. 

БҚО  орталық  мешітінің  баспасөз 

хатшысы  Нұрлан  Саматұлының 

хабарлағанындай, бұған себепкер болған 

облыстағы орталық мешіттің бас има­

мы Бауыржан Әлиұлы екен. Имамның 

Ислам туралы, Құранның құндылығы, 

пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с.) 

өнегелі  істері  туралы  әсерлі  әңгімесі 

Анатолийдің тілін кәлимаға келтіруіне 

түрткі  болыпты.  Жасы  22­дегі  Анато­

лий Орал қаласында туып­өскен. Батыс 

Қазақстан инженерлік­тех нологиялық 

университетін маркетолог мамандығы 

бойынша  2009  жылы  тә мәмдаған. 

Спортпен шұғылданады. Ислам тура­

лы діни кітаптарды көп оқиды. Анато­

лий Алланың ақ жолына түскенін көп 

оқығанының арқасы деп біледі. «Мен 

әлемдегі барлық діндер тарихымен ба­

рынша таныстым. Ислам дінін зерде­

леп  жүріп,  дұрыс  әрі  анық  жолымды 

тапқаныма көз жеткіздім.  Біздің қазіргі 

қоғамға  ауадай  қажет  нәрсенің  бірі 

осы ғой. Көп жұрт Жаратушы туралы 

ұмытып, қарақан басын ойлайды, осы­

лайша  қателік  жібереді.  Мен  исламға 

әбден  көзім  жеткен  соң  келдім.  Бізге 

Алла Тағаланың көмегі тиіп, барлық ада­

сушыларды дұрыс жолға бағыттасын!» ­ 

дейді түрі басқа болғанымен, тілегі бір 

отандасымыз Анатолий Ревенко.

Қ.НұРЛаН

  Менің  бала  кезімде  Қазақ  радиосынан 

Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің 

орындауында  Құрманғазының,  Тәттімбеттің, 

Дәулеткерейдің,  Динаның  күйлері  күн  сай-

ын, тіпті сағат сайын берілетін. Оларды қанша 

тыңдасаң  да  жалықпайсың.  жалығу  былай 

тұрсын өн бойың балқып тыңдағың келе беретін. 

Күй орындалған кезде қарттар радио дауысын 

күшейтіп,  «жастардың  зердесіне  сіңе  берсін» 

дейтін. 

Өкінішке  қарай  радиодан,  теледидардан, 

тіпті көптеген концерттерден де домбыра үнін 

ести  алмайтын  болдық.  Ертеден  кешке  дейін 

қазіргі  «жұлдыз»  атанған  әуесқой  әншілердің 

әндерін тыңдауға мәжбүр боламыз. Мұның ба-

сты себебі қазіргі қазақ жастарының зердесіне 

бала кезінен бастап халқымыздың ұлттық сазда-

рын сіңірмегендіктен десем, жаңсақ айтқандық 

болмас. Ал бала күнінен ұлт аспаптарының үнін, 

халқымыздың саздарын тыңдап өскен азамат-

тар өзінің ұлты нан, ұлттық мәдениетінен, тілінен 

ажырауы да мүмкін емес екені педагогика, пси-

хология ғылымдарында нақты дәлелденген. 

Қазақ  ежелден  домбыраны  киелі  аспап 

санаған.  Домбырамен  асқақтата  ән  салып, 

күмбірлетіп күй төккен халықпыз ғой. Сондықтан 

домбыраға  үкі  тағып,  аялап  төріне  іліп  қою 

қазақтың дәстүріне айналған. Әсіресе, ауылдық 

жерлерде қай қазақтың үйіне барсаңыз төрінде 

домбыра ілулі тұрғанын көресің. 

Қазақтың ұлт-аспаптар оркестрінде ең негізі 

аспап  домбыра,  ал  домбыраға  өзге  аспаптар 

қосылғанда ерекше ғажайып дауысқа айналады. 

Құрманғазы атындағы Мемлекеттік ұлт аспаптар 

оркестрінің концертін теледидардан, радиодан 

мұны айқын аңғаруға болады. Оркестрде қаптап 

отырған  көптеген  домбырашыларды  көреміз. 

Мұнда баян, қобыз, сазсырнай ойнап отырғандар 

көп емес, бірлі-жарым ғана. Оркестрде домбыра 

үні басым болғандықтан күйлерді орындағанда 

әсіресе, қазақтың делебесі қозып не елжіреп ра-

хат күй кешетінін байқайсың. Сондықтан да мек-

тепте балаларға домбыраны ойнауды үйретіп, 

олардың санасына қазақтың ән-күйлерін жастай 

сіңірсе, олар нағыз қазақ болып өседі. 

Мұндай пікірлерді Тұздыбастау ауы лындағы 

№31 орта мектептің музыкадан сабақ беретін 

мұғалімі  Тәжібай  Сарыпбеков  ағай  айтудан 

жалықпайды. Шынында да бала психологиясы-

на музыканың ықпалы зор. Үйінде де, мектепте 

де, көшеде де, концерттерде де қазақтың ұлттық 

ән-күйлерін тыңдамай өскен бала есейе келе шет 

жұрттардың саздарын, аспаптарын ғана ұнататын 

болады, сөйтіп тіпті ана тілінен де безініп орыс-

ша, ағылшынша сөйлеуді мақтан етеді. 

–  Ал  қазіргі  орыс  мектептерінде,  аралас 

мектептерде  оқушылардың  домбыра  оркестрі 

де, қобыз үйірмесі де жоқ. Мұндағы оқушылар 

скрипка, баян немесе үрмелі аспаптар үйірмесіне 

қатысады.  Таланттылары  скрипкамен  Батыс 

әуендерін орындауға бейімделеді. Мұндай бала-

лар домбыраға да, қазақтың ұлттық ән күйлеріне 

де, ана тіліне де тосырқай қарайды. Қазақ тілін 

үйренгісі келмейді, – дейді Тәжібай аға. 

Тәжібай ағаның өзі 1974 жылы Алма ты дағы 

Құрманғазы атындағы Мем лекеттік консерва-

торияны бітіріп, Контрабас оркестерінің солисі, 

оқытушысы мамандығын алған екен. 2004 жыл-

дан бері Тұздыбастау ауылындағы №31 мектепте 

музыкадан сабақ берумен қатар, оқушылардың 

ұлт-аспаптар оркестрін ұйымдастырып балалар-

ды қазақтың ұлттық аспаптарын үйренуге бау-

лып келеді.

– Баланың ішкі жан дүниесіне үңіле білмеген 

адам мұғалім бола алмайды. Мұғалімде тәуіптің 

көзі, ақынның жүрегі, суреткердің қиялы болуы 

тиіс, – дейді ол. Сөйтіп Тәжібай аға балалардың 

музыкаға деген қабілетін бірден аңғара қояды 

екен. Ол құрған оқушылар оркестрінде домбы-

ра, баян, қобыз, прима, сазсырнай, бас дом-

быра, контрабас, дауылпаз аспаптарын шебер 

ойнайды. Себебі мұндай музыкалық аспаптарды 

оқушыларға үйретуден ол жалықпайды. жалығу 

былай тұрсын тіпті, ләззат алатын секілді. Бұл 

аспаптардың бәрінде де Тәжібай аға шебер ой-

най біледі.

–  Қазір  5-сынып  оқушысы  Аяулым  жа-

манбалаева, 7-сынып оқушысы Диана Қайрат, 

9-сынып оқушысы Айша Мергенова, 8-сынып 

оқушысы Ая Бектұрған домбырада шебер ой-

найды. Бұлардан көп үміт күтемін, – дейді ұстаз. 

Ол баулыған Сержан Мұсаев, Әлібек Түгелбаев, 

Айжан Бектұрған секілді оқушылар А.жұбанов 

атындағы дарынды балаларға арналған музыка 

мектеп-интернатына оқуға түсіпті. Ал Тәжібай 

ағаның өзінің баласы Айдын да осы интернатты 

бітіріп Құрманғазы атындағы консерваторияда 

оқып, республикалық жарыста лауреат болған. 

Үлкен қызы Айман Қазақ Қыздар мемлекеттік 

университетінің  музыка  факультетін  бітірген, 

қазір мұғалім. Кіші баласы Әлисасы колледжде 

оқып жүр. 

жалпы, Тәжібай ағаның отбасын сазгерлер 

отбасы  деп  айтуға  болады.  Зайыбы  Күлдария 

апай Чайковский атындағы музыка училищесін 

бітірген.  Қазір  балабақшада  бүлдіршіндерді 

музыкаға баулып жүр.

Әрине,  өнерлі  адамды,  әсіресе  жастарды 

өнерге баулып жүрген ұстазды халқымыз құрмет 

тұтады  емес  пе?!  Бүкіл  ауыл-аймақ  оны  тіпті, 

мақтан тұтады. Ал оның шәкірттері де, оркестрі 

де  аудандық,  облыстық  жарыстардан  үнемі 

жүлдемен оралатыны өз алдына бір төбе әңгіме. 

Талғар  аудандық  әкімшілігінің  алғыс  хаты, 

аудандық білім бөлімінің дипломы, аудан дық 

Қазақ тілі қоғамының Құрмет грамотасы, «Нұр 

Отан»  партиясының  аудан   дық  филиалының 

мақтау қағазы Тәжібай аға   ның өнерін, ұстаздық 

еңбегін  бағалағаны  еке ні  даусыз.  Ал  Тәжібай 

ағаны  сабақтан  тыс  кезде  қашанда  домбыра 

ұстаған балалар дың ортасынан көресіз. Сөйтіп 

балаларға  киелі  домбыраны  үйрету  оның  ең 

сүйікті ісі еке нін ұғына түсесіз.



Мөлдір асИЛова,

психолог-оқытушы

Алматы облысы

Талғар ауданы

шаттығына  қуанды  емес  пе!?  Патшалық 

режімнің  халыққа  көрсеткен  қысымы, 

сталиндік  зұлмат  жылдар,  Ұлы  Отан 

соғысы дейсіз бе...әжеміз сол жайлардың 

тірі  куәгері,  тірі  шежірешісіндей.  Жас 

кезінде мал шаруашылығында жұмыс істеп, 

тұрмыстың  тауқыметін  де  көп  тартыпты. 

Күйеуі Әділхан екеуі – Зайсан ауданында 

тіршілік етіп, сол жерде бала­шаға өсіріп, 

өнегелі,  үлгілі  отбасылардың  бірі  болған 

екен. Кеудесінде екі медалі бар. Бірі – Отан 

соғысы  жылдарындағы  қажырлы  еңбегі 

үшін, екіншісі – көп балалы ана болғаны 

үшін берілген. 

–  Ол  кезде  біз  тек  өзіміздің  адал 

еңбегімізге  сеніп  өмір  сүрдік.  Шалым 

екеуміз  жеті  бала  көрдік.  Ол  ертеректе 

дүние  салып,  мен  балаларыммен  жалғыз 

қалдым. Оларды бағып­қағып өсіру де оңай 

болмады.  Жас  кезімде  трактор  жүргізіп, 

жарақат алған кездерім де болды. Өмірдегі 

барлық  ауыртпалықтарға  шыдап  бақтық 

қой.  Қазір  балалар  үйлі­баранды  болды. 

Өздерінің  бала­шағасы,  немерелері  бар. 

Мен солардың ортасында өзімді бақытты 

сезінемін.  Кенже  баламыз  дүниеге  кел­

генде өмірде бейбітшілік болсын деп атын 

«Бейбітхан» деп қойған едік... 

Әжеміздің  әңгімесін  тыңдай  отырып, 

арасында кенже ұлы Бейбітхан мен келіні 

Анаргүлді де әңгімеге тартқан едік. 

– Біз Алматыға 1987 жылы көшіп келдік. 

Одан  бұрын  Зайсан,  Тарбағатай  ауданда­

рында тұрдық. Әке­шешеміз өмір бойы мал 

шаруашылығында  еңбек  еткен  адамдар. 

Адал еңбектерімен халқына қалаулы, еліне 

елеулі болды. Әкеміз дүниеден ертерек өтіп 

кетті. Ол кезде мен бес­алты жастағы бала­

мын. Шешеміз біздерді жалғыз өзі өсірді. 

Мен  үйдің  кенжесімін.  1963  жылы  дүние 

есігін ашқан екем. Қазір өзімнің үш балам 

бар.  Біздің  ардақтымыз  –  осы  шешеміз. 

Әрдайым  көңілін  аулап,  тілектерін 

орындауға тырысамыз. Бұрын бұл кісі өте 

қарулы,  қайратты  адам  болды.  Біздерге 

қатты қарады. Қақпаға допты тебейін деп 

тұрған жеріңде тәтең шақырып жатыр десе, 

добыңды қоя тұрып, жүгіріп кететінбіз, – 

деп күледі Бейбітхан. 

Біздің  әңгімемізге  осы  үйдің  келіні 

Анаргүл де қосылды. 

– Апамыздың күтіміне қараймыз. Жа­

там  десе  жатқызамыз,  қалаған  нәрсесін 

алып береміз. Ағарғанды жақсы көреді. Әлі 

күнге  дейін  кітап  оқиды,  газет  қарайды, 

теледидар көреді. Соңғы жылдары құлағы 

естіңкіремей, көзі нашарлағаны болмаса, 

былайша денсаулығына шағымы жоқ. Тама­

ғын уақытылы ішеді. Қыдырғанды жақсы 

көреді,  таза  киінгенді  ұнатады.  Ағайын­

туыс,  жора­жолдастарымыз  құрметтеп, 

той­томалақтарға көп шақырады, батасын 

алып қалғысы келеді. 



Дәуіржан айТҚоЖа

Өмір бойы біздерді мәпелеп өсірумен қатар балалар дәрігері, медбике бо­

лып сәбилерді ажалдан арашалауға, емдеуге белсене қатысқан анамыз Мусина 

Раушан Қанатханқызы 60 жасқа толып мерейтойын шаттыққа бөлеп тойлап 

жатырмыз. Әкеміз Айдар Үкібаев Алмұханбетұлы екеуі шаттығымыз болып 

жасай берсе деп тілеп, анамыздың тойына жырдан шашу шашамыз:



Үлгілі ана атанып Наймандағы,

Ел­жұртың саған қарап жайраңдады.

Құда боп Ұлы жүзбен, Кіші жүзбен

Қанатын бүгін кеңге жайған бағы.

Құт болсын мерейтойың асыл ана!

Біз үшін сен заңғар шың, жасыл дала.

Өзіңді аялаймыз, саялаймыз

Жасай бер, жүзден ассын жасың, ана!

өнер өлкесінде



«ҚазаҚ газеттері»

жАуАпКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕуЛІ СЕРІКТЕСТІГІНЕ ҚАРАСТЫ БАСЫЛЫМДАР:

Газеттер: 

«АНА ТіЛі», «ЭКОНОМИКА», «УйғУр АВАзИ»

журналдар: 



«АҚИҚАТ», «МЫСЛь», «ҮрКЕр» 

«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты газет-журналдарға 

берілетін жарнама-хабарландырулар ақысының баға мөлшері

Шағын хабарландыру – 1200-5800 теңге

Бірінші бет – 300 тг. Екінші бет – 300 тг. Соңғы бет – 300 тг. 

Фотоочерк – 360 тг. Мақалалар – 5000 - 10000 тенге

ішкі беттердегі әр сурет 3000 – 6000 тг.

Бұған ҚҚС (НДС) қоса есептелген



Кәсіпорындар, банктер және өзге де құрылымдар газет бетінің әр шаршы 

сантиметріне тг/см



есеп айырысады

ЖУрНАЛ бЕТіНДЕгі ТҮрЛі-ТҮСТі СУрЕТ бАғАМДАрЫ 

(әр шаршы сантиметріне - тг/см

2

 )

4,5,... соңғы бет – (келісім/шарт бойынша) 580 теңге



ҚҰТТЫҚТАУ

Суретімен - 5000-11500 

теңге

Суретсіз – 2300-9200 теңге



(көлемі шектеулі) 

ЕСКЕ АЛУ

Суретімен – 10000-25000 

теңге

Суретсіз – 7000-15000 



теңге (көлемі шектеулі)

КӨңіЛ АйТУ

Қолма-қол төлегенде 

3500 теңге

Ақша аудару арқылы 

4600-5800 теңге

Ұлдарың: Айдын, Асқар, Ербол, Олжас, қызың – Ардақ, келіндерің: Айжан, Әсел, Дана, Гүлзада, күйеу балаң – Бақтыбай

немерелерің: Елдар, Ернар, Еркебұлан, жанна, жанель, Ерасыл, Құралай, Асылжан, жансая, Сымбат, Алдияр, Асылай

«нағыз қазақ – домбыра»

ж

ыр жолдарынан



Наурыз нақыштары

Суретті түсірген Самат СЕРІКБАЙҰЛЫ



Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор 

мәні бар. Мұндай тұжырымның астарында қазақтың осынау киелі аспабын құрметтемеген, домбы-

ра үніне елтімеген адамда қазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Мұндай жайтты өмірден көріп-біліп

ұшырастырып та жүрміз. Адамдардың бәрінің бірдей музыкалық қабілеті бола бермейді ғой. Ал 

қандай адам болсын музыканы сүйіп тыңдайды. Демек, музыка адамдардың рухани қорегі деуге 

болады. Ал өзге халықтар секілді қазақтар да өзінің ұлттық аспаптарын құрметтеп, ән-күйлерін 

тыңдап ләззат алады. Әсіресе, домбыраның үні естілгенде елеңдемейтін қазақ жоқ.

“ЕЛ ТыНышТығы –  

БӘРІНЕН ҚыМБАТ”

дейді 105 жастағы Күлия әже



Көктем

Суретті түсірген Азамат ҚҰСАЙЫНОВ




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал