Бір тойым болатыны сөзсіз менің



жүктеу 1.47 Mb.

бет13/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.47 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

АНА ТІЛІ

немесе Болат Сарыбаевтың

бір мақаласы жайында

қ

ұрақ көрпе



қ

ұрақ көрпе



 Әзірлеген Нұрлан ҚұМаР 

Үкіметтің  қаулысымен  Ал­

маты  облысының  оңтүстік­

шығысында  Жоңғар  Алатауы 

мемлекеттік  ұлттық  табиғи  бағы 

құрылды.  Бұл  жоба  айрықша 

экологиялық,  генетикалық,  тари­

хи  және  эстетикалық  құндылығы 

бар биологиялық түрлер мен ланд­

шафты  сақтау  мақсатында  пайда 

болды.  Жаңа  табиғи  бақ  Алматы 

облысының  Алакөл,  Ақсу  және  Сарқан  аудандарында 

орналасқан.  Жалпы  аумағы  356  022  гектарды  құрайды. 

Мұнда  1600  өсімдік  тіркелген.  Оның  76­сы  Жоңғар 

Алатауының жотасынан табылады. Одан басқа бақтағы 

хайуанаттар дүниесінде екі түрлі сүйекті балық, екі қос 

мекенді және сегіз бауырымен жорғалаушы, 238 құс, ша­

мамен 58 сүтқоректі мекендейді. Бақ аумағында еліміздің 

Қызыл  кітабына  енгізілген,  жойылудың  аз­ақ  алдында 

тұрған, сирек кездесетін өсімдіктер мен жан­жануарлар 

бар. Олардың ішінде Сиверс алма ағашы, бозғылт түсті 

шіл, данат құрбақасы, қара ләйлек, бүркіт, үкі, Тянь­Шань 

сұр  аюы,  Түркістан  сілеусіні,  тасты  сусар,  барыс  және 

басқа да жануарлар бар. 

Көзге ілінбейді, 

Жұтсаң білінбейді.

 

(Ауа).


Cіз білесіз бе? 

ЖАсырдыМ ЖұМбАқ 

Арқада алты арқар бар, 

Қырқада қырық арқар бар. 

Қырық арқарда ақ арқар бар, 

Алты арқарда марқа арқар бар. 

Бразилияда сүт беретін ағаш бар, 

ол  Амазонка  өзенінің  жағасында 

өседі.  Жергілікті  халық  оны  «со­

рвейра»  деп  атайды,  қазақшаға 

аударғанда «емшек» дегенді білдіреді 

екен. Сол сорвейра ағашының бір 

жерін кертіп қалса, одан сүт тәрізді 

ақ  шырын  саулап  қоя  береді.  Өзі 

сүттен сәл қышқылдау. Сондықтан, 

оны алғашқыда тағам ретінде пай­

далана  қоймаған.  Кейіннен  ботаниктер  зерттеп,  оның 

сиыр сүтінен ешбір кем еместігін анықтаған. Халықтың 

айтуынша, ақ шырынға аздап су қосып пісірсе, сүттен дәмі 

айнымай қалатын көрінеді. Ағашты бір сауғанда 2­4 лит­

рге дейін сүт алуға болады екен.

Бұл дүниеде есімнің ұзындығы жөнінен үнділік Брах­

матмамен таласа қояр пенде табыла қояр ма екен?! Оның 

атының ұзындығы сондай, есте сақтау мүмкін емес. Есімді 

айту үшін кемінде 10 минут керек. Ол 1478 әріптен тұрады, 

иесі өзіне­өзі қойып алған бұл есім тарихи орындардың, 

атақты адамдардың, тағы басқа нәрселердің атауларынан 

біріктіріліп құрастырылған екен. Брахматманың бұрынғы 

аты да тілге оңай емес екен: Хумананоджасваматашетар­

гандас.


Ең  алғашқы  ағаштан  жасал ған 

дөңгелек шамамен б.э.д. 3500 жыл 

бұрын  пайда  болған  деген  бол­

жам  бар.  Бірақ,  дөңгелекті  кім 

ойлап  тапқанын  ешкім  білмей­

ді.  Қазіргі  уақыт та  адам дар  бір 

кездерде дөңгелек сіз тіршілік етті 

дегенге сенгің келмейді. Бағзы за­

манда жүктер ді жануар лармен тасуға 

тура келген. Ал өте ауыр жүктерді тасу мүмкін болмады. 

Күймелер мен вагондар, машиналар мен шайтанарбалар 

кейінгі уақыттарда ойлап табылған. 

Халықаралық  мекемелердің  арасында  бюджетінің 

көлемі  жағынан  БҰҰ  бірінші  орында  тұр.  Жер  бетін 

қамтитын бұл ұйымның қаржы қоры 2,6 миллиард дол­

ларды құрайды. Аталған қаражаттың 22 пайызын АҚШ 

мемлекеті береді. Ал Қазақстан бұл ұйымға жыл сайын 

650 мың доллар жарна төлейді. 

Екінші орында Халықаралық валюта қоры тұр. Атом 

энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік тің (МА­

ГАТЭ) бюджеті 250 миллион долларды құрайды. Оның 

шамамен 25 пайызын АҚШ құяды. 

Келесі кезекте Дүниежүзілік сауда ұйымын атауға бо­

лады. Оның бір жылдық бюджеті 100 миллион доллардан 

асып жығылады. ЕурАзЭҚ­тың жылдық бюджеті – 4­5 

миллион доллар шамасында. Ондағы Қазақстанның үлесі 

– шамамен 760 мың доллар. Ал Шанхай ынтымақтастық 

ұйымының бір жылдық бюджеті шамамен 15­17 миллион 

долларды құрайды. 

Камбоджада  каучук  өндіру  ісі  елдегі  өнеркәсіп 

саласының басты табыс көзі саналады. Резеңке өндіретін 

гевея ағашының өмір сүру ұзақтығы – 30 жыл. Жергілікті 

ғалымдар  ағаштың  ғұмыр  жасын  ұзартудың  жолда­

рын іздестіріп отыр. Ақыры, өсімдіктанушылар ағашқа 

кәдімгі  әуеннің  әсер  ете  алатынын  анықтапты.  Енді 

Камбоджадағы гевея ағаштары өскен ормандарда күндіз­

түні әуен ойнап тұрады.

қАйтАлАп көріңіз

ең...ең...

білгенге – МАрЖАн 

өсіМдіктер әлеМі

қАрЖы әлеМі 

тАбИғАт сыры

Жаңа табиғи бақ 

Ең ұзақ есім

Дөңгелектің шығу тарихы 

Ерекше ағаш 

Беделді мекемелердің 

бюджеттері қанша? 

Әуенмен өсетін ағаш

кӨзіңнің қарашығындай

Бір күні ол мені өз үйіне шақырды. 

Бұл  –  1965  жылдың  көктемі  еді. 

Үйіне  келген  соң,  екі  қонақпен  та­

ныстырды.  Оның  бірі  аты  аңызға 

айналған  қылқобызшы  –  Жаппас 

Қаламбаев,  екіншісі  Болат  ағаның 

ғылыми  ізденісіне  көмектесіп,  көне 

аспаптарды  қалпына  келтіруші  ше­

бер – Оразғазы Бисембиев деген аза­

мат  екен.  Дастарқан  үстінде  Болат 

аға қазақтың бір кездерде халық ара­

сында қолданыста болып, небір қилы 

замандарда  жоғалып  кеткен  көне 

аспаптары  жайында  әңгіме  қозғап 

отырып,  сөз  арасында  маған  өзінің 

жинағындағы  аспаптарды  фотоға 

түсіріп беруімді өтінді (мен ол кезде 

суретке түсірумен де шұғылданатын 

едім). Содан фотоаппаратымды алып 

келіп,  жеке  жинақтағы  музыкалық 

аспаптарды фотоға басып бердім...

Болат  аға  Кеңес  үкіметінің 

көптеген  мұражайларын  аралап, 

олардан  табылған  құнды  деректерді 

республикалық газет беттерінде жа­

риялап жүрді. Мысалы, 1968 жылдың 

8­ші  желтоқсан  күні  «Ленинская 

смена»  газетінде  жарық  көрген  «С 

песней  сквозь  века…»  деп  аталатын 

мақаласында біраз дүниелердің бетін 

ашты.  Ендігі  әңгімені  сол  мақала 

жайына  бұрайын.  Мақала  орыс­

ша  жазылғандықтан  көп  жерлерін 

қазақшалай отырып таныстырамын. 

«Моя  музыкальная  коллекция 

состоит  из  фотоколлекций  и  самих 

музыкальных инструментов. В фото­

коллекций насчитывается около се­

мисот снимков. Среди инструментов 

– десять домбр, три сыбызги, джеты­

ган,  шертер,  асатаяк,  трехструнный 

кобыз,  двухструнный  старинный 

кылкобыз, два вида шанкобыза и нес­

колько  оригинальных  футляров  от 

этих  инструментов.  Каждый  из  них 

отличается друг от друга тембровыми 

особеннос тями звучания, оригиналь­

ной  формой,  интересным  орнамен­

том. 


А  «началась»  моя  коллекция  с 

домбры известной исполнительницы 

Дины Нурпеисовой. Среди уникаль­

ных  инструментов  –  одна  домбра, 

богато  украшенная  резьбой,  со  ста­

ринным  устройством  и  интересной 

формой  корпуса  изготовленная  за­

мечательным  народным  умельцем 

Абикулом Аккозевым (1891­1963) из 

Меркенского  района,  Джамбулской 

области.  Другая  домбра  с  красивой 

инкрустацией из кости и с древным 

устройством верхнего порожка (шай­

тан тиек), принадлежала известному 

мастеру в Тамдинском районе, Бухар­

ской области Узбекской ССР Бекжа­

сару  Есембаеву  (1886­1958)  Все  его 

домбры,  встречающиеся  в  районе, 

мастерски инкрустрированы костью. 

Среди его инструментов – кылкобыз, 

сделанный целиком из склееных кос­

тей». 


Ары қарай Болат аға Талдықорған 

аймағынан табылған үш домбыра жө­

нінде  жазады.  «Бұл  домбыралар дың 

біреуі сым ішектен жасалғандығымен 

таңқалдырды» – дейді. – Бұл кездей­

соқ емес. Үш және төрт ішекті дом­

быра  туралы  мәлімет  өткен  ғасыр 

саяхатшыларының  жазбаларында 

кездеседі.  Шанағы  дөңгелек  болып 

келген  домбыра  Қазақстанның  ба­

тыс  өңірлеріне  тән.  Олар  Гурьев 

облысының  Махамбет  ауданынан 

жеткізілді. Оны әкелген – Өтепберген 

Хамзин.  Дина  Нұрпейісованың 

ұлы  Мұрат  Нұрпейісовтың  сөзіне 

қарағанда,  бұл  домбыра  атақты 

Құрман ғазы ның  Динаға  сыйға 

Мен болат Сарыбаевты «аға» 

деп құрметтейтін едім. Ол кісімен 

1961 жылдан бері таныс бол-

дым. Құрманғазы атындағы 

консерваторияда ағаның сыны-

бында екі ай сабақ алып, әскерге 

шақырылдым. Әскери міндетімді 

өтеп, қайтып келгенімде болат аға 

Мәскеу консерваториясына білімін 

жетілдіруге бір жылға кеткен екен. 

Тағдырдың жазуы шығар, мен бо-

лат ағаның бас-қобыз сыныбынан 

Н.А.Лапченковтың «домбыра- 

прима» сыныбына ауыстым. болат 

аға Мәскеуден келгеннен кейін 

бұрынғы қарым-қатынасымыз өз 

жалғасын тапты. 

Алматы қаласында балалар дәрігері 

болып қызмет етіп жүрген Бекбо-

лат Сүлейменов Шығыс Қазақстан 

облысының Ақсуат өңірінде 

туып-өскен. 1987 жылы Семей 

медициналық институтын бітірді. Бала-

лар ауруханаларында, аудандық емха-

наларда бала дәрігері, бас дәрігер бол-

ды. Алматыдағы Х.жұматов атындағы 

гигиена және эпидемиология 

ғылыми-зерттеу институтында ғылыми 

жұмыстармен шұғылданды. Меди-

цина ғылымының кандидаты. 70-тен 

астам ғылыми еңбектері елімізде және 

шетелдерде жарық көрген. Сондай-

ақ бірнеше монография мен оқу-

әдістемелік оқу құралдарының авторы.

Сонымен қатар Бекболат ақындықты 

да серік еткен. Өлең-жырлары 

жергілікті баспасөзде жарияланып 

жүр. Біз бүгін Бекболаттың бір топ 

өлеңдерін оқырмандар назарына 

ұсынып отырмыз.

Жыр ЖолдАрынАн

Көктем келді қырларға, көктем келді.

Тал­теректер тұр міне, көктегелі.

Менің дағы жүрегім тулап жатыр,

 Дүрсілімен тербелтіп от денені.

Көктем келді, аймаққа, көктем келді.

Көрмеп едім серпіліп көптен бері.

Бұлаң қағып, жымиып ақты жылға

Ақ бұлақтар суарып кепкен белді.

Көктем келді, мен күткен, көктем келді.

Жасандырып, түрлентіп, Көктөбемді.

 Қос қарлығаш, ақ тамақ, ұя басар,

Айналып жүр үйімді. Кетпейді енді. 

 

Көктем келді, өңірге, көктем келді.



Құлпыртып гүлге бөлеп көк белдерді.

Көктеп жатыр төңірек, бүкіл дала.

Жадыраған күн нұры өктем енді.

* * * 


Көктемнің құшып шуағын,

Тауларға жиі шығамын.

Ысырып түннің тұмарын,

Таң болып атты бұла күн.

Айнала сылқым сұлудай,

Таң нұрына бөленді.

Бұлақтың мөлдір суыңдай,

Жазсам ғой, шіркін, өлеңді.

Бәйшешек әсем күйге еніп

Шешегін атып жайнайды.

Көбелек пенен инелік,

Аралап гүлді ойнайды.

Шық жамылған жапырақ,

Бусанып сәл терледі.

Шегіртке бәрін бақылап,

Бұталарға өрледі.

Ғажайып ғалам дүрілдеп,

Күнге қолын созады.

Көктем келді күлімдеп,

Кетіп қыстың азабы.

Құлпырады шоқ гүлдер

Қөшесінде қаланың.

Сыңғыр­сыңғыр шат үндер

Күлкісіндей баланың.

Арулардың көркіндей

Құлпырып тұр айнала.

Ғашықтық дерт өртіндей

Сезім құяр санаға.

Саған інкәр сезімдер

Гүл көктемнен табылды.

Жалт қараған көзіңді

Жан­жүрегім сағынды.

* * * 

Көктем келді. Кеттік қырға. 



Бүкіл дала көктеді.

Аралап бір қайтайықшы,

Тамашалап көк белді.

Жалаң аяқ жүгірейік.

Қол ұстасып, қыр асып.

Шаршап қалсаң отырайық.

Жүректерден сыр ашып. 

Есіңде ме салған әнің.

Сол әніңді сағындым.

Шырқа тағы маған арнап,

Сезім сырын Лағылым!

Бетімізді жуайықшы.

Таудың мөлдір суымен.

Өкпе­мұңды қуайықшы

Махаббаттың жырымен. 

* * * 


Білесің бе? Бәйшешектің 

Алуан түрін сыйладым.

Жан сырымды жырмен айттым.

Жауап қатпай қинадың.

Ал мен болсам, үнсіз қалып,

Нұр жүзіңе қараймын.

Жанарыңмен ұғындырдың,

Жан сырыңды, арайлым.

Әлі есімде, самал соқты.

Екеумізді аялап.

Сезімге жыр құйғандай­ақ,

Біз отырған саябақ.

 

Дәл сол кезде төбемізден,



Қаздар ұшты қаңқылдап.

Ақ армандар самғағандай,

Ақ көңілден шалқып­ақ.

Мен сонан соң жырмен айттым,

Бір өзінді құшуды.

Ал сен болсаң, армандадың,

Қол ұстасып ұшуды.

Көп отырдық көк майсада,

Көк аспанға көз тігіп.

Армандаушы ек сол кездерде,

Болашақты сөз қылып. 

Сол армандар алыс емес,

Қасыңда еді, Жарқыным

Бүгін міне, болды елес

Тербеп сезім толқынын.

Бәлкім тағы кездесерміз.

Кездесерміз басқа әнмен.

Бір кездегі біз сияқты,

Арман қуған жастармен.

Ғашық жырын әлдилейік.

Әлдилейік шат әнмен. 

Олар да бір табыссыншы,

Арманымен, ақ таңмен.

Көктем әуендері

Қайта «тірілген» 

аспаптар


тартқан домбырасына ұқсайды екен» 

деп жазады Болат Сарыбаев. 

Осы жерде айта кететін бір жайт, 

менің туып­өскен ауылым «Манаш» 

ауылы деп аталады. Бұл ауылдан та­

лай  домбырашылар  шыққан.  Атап 

айтсам,  Алдамберген  Хамзин,  На­

риман Үлкенбаев, Еммат және Лепес 

Мардановтар,  Қисмет  Меңдіғалиев, 

т.б.  Біздің  бала  кезімізде  «Нарын 

құмы»  жайлауында,  Бимұқан  деген 

қарт домбырашы болған. Сол кісінің 

үйінде  Болат  ағамыз  айтқандай, 

сүйекпен  көмкерілген  домбыра  бар 

еді.  Бимұқан  ақсақалды  ел  «арқалы 

домбырашы» деп атайтын­ды. Ол кісі 

домбыра тартқанда, бір орында отыра 

алмай, орнынан жылжып кете беруші 

еді. Осы күндері орындалып жүрген 

Құрманғазының  «Алатау»  күйінің 

екінші нұсқасын менің ағам Алдам­

берген  сол  қарттан  үйренген  бола­

тын. Сүйектен жасалған домбыраны 

іздестіріп, Бимұқанның Рамазан де­

ген  баласынан  сұрастырсам,  ол  кісі 

тұшымды ештеңе айта алмады. 

Әңгімемді Болат ағаның орысша 

жазылған мақаласынан үзінді бере от­

ырып сабақтайын. «Многочисленные 

материалы  этнографов  ХVІІІ­ХІХ 

веков свидетельствуют о бытований 

у казахов трех очень древних и при­

митивных по устройству инструмен­

тов – джетыгана, шертера и асатаяка. 

Практически они уже исчезли. В на­

роде сохранилась интересная леген­

да  о  происхождений  одного  из  них 

– джетыгана. «В глубокой древности 

в  одном  ауле  жил  старик,  у  которо­

го  была  семь  сыновей.  В  холодную 

зиму погиб весь скот, люди остались 

без еды, и в доме старика поселилось 

горе. Смерть одного за другим унес­

ла семерых сыновей. Выдолбив кусок 

иссохшего дерева, убитый горем ста­

рик, со смертью каждого сына натя­

гивал на него по одной струне, ставил 

подставку и слагал печальный Жок­

тау – плач. Извлекая из инструмента 

звуки, полные скорби, исполнитель 

в этих различных по характеру пла­

чах  показывает  образ  своих  детей». 

Бұдан  ары  Болат  аға  осы  аңыздың 

мән­жайын тарқатып әкетеді. Аңызда 

баян етілген жайға қарасақ, «бір қа­

рия ның жеті ұлы о дүниелік болады. 

Солардың әрқайсысына арнап қария 

ішек жасайды. Әр ішекті жасаған сай­

ын,  ұлдарына  бір­бір  күй  арнайды. 

Бірінші  ішекті  салғанда  «Қарағым» 

күйін, екінші ішекті салғанда «Қанат 

сынар» күйін, үшінші ішекті салғанда 

«Құмарым»,  одан  кейін  «От  сөнер», 

«Бақыт көшті», «Күн тұтылды», «Жеті 

баламнан  айырылып  құса  болдым» 

деген  күйлер  шығарады.  Осылай­

ша, дүниеге жаңа аспап пен жеті күй 

келеді.  Бұл  күйлер  халық  арасын­

да  «Жетігеннің  жетеуі»  деген  атпен 

тараған.  Жетіген  аспабы  жөніндегі 

аңызды  1966  жылы  Өзбекстан 

елінің Бұхар облысы Тамды ауданы­

на  жасаған  сапарымда  жазып  алған 

едім. Аңызды жергілікті домбырашы 

Жақсылық Елеусінов айтып берді. Ол 

оны  өзінің  атасынан  есітіпті.  XVIII 

ғасыр дың  соңы,  XIX  ғасырдың  бас 

кезін де жетігенді алғаш естіген орыс 

сая хат шылары  «етиган»,  «ята ган», 

«джетыган» деп атаған. 1860 жыл дары 

Орынбор  даласының  қазақтары нан 

жетіген  аспабының  беймәлім  фото­

нұсқасы табылды. Ол кесек ағаш тан 

ойылып жасалған. Ішектерінің саны 

жетеу.  Әр  ішектің  астына  қойдың 

асығы қойылған. Асықтың көмегімен 

жетіген  аспабының  құлақ  күйі 

келтірілетін болған». Бұдан ары Бо­

лат аға қазақтың ұлттық аспабының 

бірі  –  шертерге  тоқталады.  Шер­

тер  аспабының  құрылысын,  дау­

ыс  ерекшелігін,  аспаптың  жасалу 

әдісіне жан­жақты тоқталады. «Шер­

тер»  аспабы  туралы  дерек  поляк 

революционері  Бронислав  Залес­

скийдің 1865 жылы Парижде шыққан 

альбомында  кездесетіндігін,  Залес­

ский ұзақ жылдар бойы Маңғыстауда 

тұрып,  қазақтардың  әдет­ғұрпын 

терең зерттегенін айтады. 

М а қ а л а д а   қ а з а қ т ы ң   к ө н е 

аспаптарының бірі – асатаяқ туралы 

да деректерді жазады. Болат ағаның 

айтуынша,  асатаяқ  бақсы­шаман­

дардың қолданған аспабы болыпты. 

Асатаяқтың бір түрін кезінде атақты 

суретші Әбілхан Қастеев салыпты. Ол 

нұсқа өзінің жеке жинағында барын 

жазады. 

Мақалада Болат Сарыбаев «халық 

аспаптарының  бұл  күнге  дейін 

аман  сақталып  қалғанына  біз  қазақ 

оқы мысты ларына  қарыздармыз» 

дейді.  Онда  әйгілі  ғалым  Шоқан 

Уәлихановтың қалбырына салынған 

сыбызғы  аспабы  Ленинград  мұра­

жайында тұрғанын, Абайдың Семей 

қаласындағы  мұражайға  бірнеше 

музыкалық аспаптарды тапсырғанын 

айтады.  Солардың  арасында  бір 

қызықты  дерек,  ол  –  қылқобыз 

аспабының  ертедегі  нобайы  1768 

жылы суретші Иван Борисовтың ту­

ындыларынан  табылғаны.  Бұл  да 

құнды  мәлімет.  Болат  аға  барлық 

аспаптардың шығу тарихын бірнеше 

дереккөздерге  сүйене  отырып 

баяндаған,  әрбір  аспапқа  шын 

жанашырлық сезіммен қараған. 

Мен ол кісінің іздеп тапқан көне 

музыкалық аспаптарын фотоға түсі­

ріп,  кандидаттық  және  докторлық 

диссертациясын қорғауына атсалыс­

қанымды  өзіме  бақыт  санаймын, 

және  ең  алғаш  жасалған  шертер 

аспабының бұрауын келтіріп, өмірге 

жолдама  беруді  маған  тапсырғаны 

үшін  өзімді  ағаның  алдында  мәңгі­ 

бақи  қарыздар  санаймын.  Болат 

ағамен  көп  жылдар  байланыста  бо­

лып,  айтқан  әңгімелерін  тыңдап 

отырып, «доспын» деп жүрген талай 

әріптестерінің  Мәскеуге  хат  жазып, 

докторлығын  қорғатпағандарының 

куәсі  болдым.  Ол  кісі  атқарған 

жұмыстар бір ғылым докторы түгілі, 

он  шақты  ғылым  докторының 

еңбегіне бара­бар дүние еді. 

Өз  қолымен  құрған  байырғы 

ұлт  аспаптары  ансамблімен  ел  ара­

лап,  концерттер  қойдық.  Бірде 

Мәскеу,  Ленинград  қалаларынан 

экспедиция  келген  еді.  Сол  кезде 

Алматы  телестудиясында  Болат  аға 

екеуміз  қонақтарға  халық  әндерін 

(ол  сыбызғыда,  мен  шертерде)  ой­

нап бердік. Қазір ойлап отырсам, ол 

жылдар  қазақ  аспаптарының  Болат 

Сарыбаевтың  еңбегінің  арқасында 

қайта жаңғырған жылдары екен­ау... 



өтепберген хаМЗИН

АЛМАТЫ


16

№11-12 (1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл


АНА ТІЛІ

Құрылтайшы және шығарушы: 



“ҚАзАҚ гАзЕТТЕрI” 

жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Бас директор – Редакторлар кеңесiнiң 

төрағасы 



Жұмабек КЕНЖАЛИН

қабылдау бөлмесi 394-42-90 

жарнама бөлiмi 394-41-27

kaz_gazeta@mail.ru

Бас редактор 

Самат ИбрАИМ

Бас редактордың 

бiрiншi орынбасары 

Нұрперзент ДОМбАй

Бас редактордың 

орынбасары міндетін 

атқарушы


Сұлтан ТАйғАрИН

бөлiм редакторлары:

Динара ІЗТІЛЕу — Тiл мәселелерi

Қуанбек БОҚАЕВ – Білім және ғылым

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ – Саясат және әлеумет

Нұрлан ҚҰМАР 

– Ақпарат



Фототiлшi

Азамат ҚҰСАЙЫНОВ



беттеуші

Нұржан АСАНОВ

Назгүл БЕЙСЕМБАЕВА

Терімші

Бағдагүл БАЛАуБАЕВА



Корректор

Бейбіт МЕКЕЕВ



Хатшы-референт

Күмісай МЕРЕЙХАН

Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 

Ақпарат және мұрағат комитетiнде қайта тiркеуден өтiп, 2006 жылғы 4 маусымда 

№7345-Г куәлiгi берiлдi.

“Ана тiлi” газетiнде жарияланған материалдардың авторлық құқы “Қазақ 

газеттерi” жШС-ға тиесiлi, жарнаманың мәтiнi мен тiлiне редакция жауапты емес.

“Ана тiлiнде” жарияланған материалдарды көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн 

редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.

жарияланған мақала авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. 

Газет авторларынан мақалалардың 3 беттен (14 кегль) аспауын, электрондық 

нұсқасымен қоса әкелуiн сұраймыз. Редакция оқырман хаттарына жауап 

бермейді, қолжазба кері қайтарылмайды. 

Газеттiң терiлуi мен бет қатталуы «Қазақ газеттерi» жШС-ның компьютерлiк 

орталығында жасалды. Индекс 65367. Офсеттiк басылым. 

Газет: Алматы қаласы, Мұқанов көшесі, 223 “в”. 

 «Алматы-Болашақ» АҚ, Тел: 378-42-00 (бухг.), 378-36-76 (факс); 

 Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 190, “А-полиграфия” баспаханаларында басылып шықты



Тапсырыс №336/523

“Қазақ газеттерi” ЖШС-ның 

аймақтардағы өкiлдiктерi:

Толымбек ӘБДІРАЙЫМ 8 701 345 7938 (Астана)

Шәрипа БЕКМАМБЕТОВА 8 (7132) 55-31-48 (Ақтөбе обл.)

Батырбек МЫРЗАБЕКОВ 8 (7102) 90-19-73 (Қарағанды обл.)

Бектұр ТӨЛЕуғАЛИЕВ 8 (7292) 40-41-01 (Маңғыстау обл.)

Меншікті тілшілер:

Бейбітгүл ИСАЕВА (Астана) 8 701 180 81 75

Өтеген НӘуКИЕВ (Атырау) 8 701 518 46 81

Орал ШӘРІпБАЕВ (Шығ.Қаз.обл.) 8 705 661 14 33

Оразалы жАҚСАНОВ (Қостанай) 8 777 230 71 84

жарқын ӨТЕШОВА (Мәскеу) Zharkyn-1@yandex.ru



Қоғамдық негіздегі кеңесшілер:

ғарифолла ӘНЕС – филология ғылымдарының докторы

Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ – филология ғылымдарының докторы, профессор

Аягүл МИРАЗОВА – педагог-ұстаз, Қазақстанның Еңбек Ері

Талас ОМАРБЕКОВ – тарих ғылымдарының докторы, профессор

материалдың жариялану 

ақысы төленген

кезекшi редактор




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал