Бір тойым болатыны сөзсіз менің



жүктеу 1.47 Mb.

бет12/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.47 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

АНА ТІЛІ

6

11



«жоқтау»

«Ағайындылар»



зерде

серік БайхоНов

серік БайхоНов

аҚыНДаР

аҚыНДаР

Жастау  күнімізде:  Әке-шешең  бар  ма?»  дейтін 

үлкендер. «Инкубатордан шықтым» дейтінмін. Бүгін сол 

әңгімені күле отырып айтатын болдық. 

Күлетін нәрсе емес, әрине. Бір басында екі-үш әке, екі-

үш шеше бар қазақ аз емес. Өйткені бала асырап алуға 

келгенде алдына жан салмайтын елдің баласымыз ғой. 

Менің Бектұрсыным да сондай қазақтың бірі болуы ке-

рек.

Бектұрсын Тұрлыбек әдебиетке бізден ертерек келді. 



Жетпісінші жылдардың басында жарық көрген тұңғыш 

жыр жинағын Төрехан досым аузының суы құрып айтып 

жүруші еді, неге екенін кім білсін, өлеңнің соңына шын-

дап түспеді. Әлде бұл өмірде өлеңнен де маңызды нәрселер 

бар екенін білді ме екен?.. Сонымен...

...Таң  алакеуімде  әлдекім  алдымен  есікті,  артын-

ша терезені тықылдатты. Бектан. Бектұрсын келіп тұр. 

Түнімен  отырыста  бірге  болған  Бектұрсын.  Қабағы 

салыңқы. Түр-түсіне қарап, дәу де болса айықтырғышқа 

түсіп қалған болар деген күдікпен салқын амандастым. 

–  Келіншек  әкелдім,  –  деді  ол  көздерімен  жер 

шұқылап.


– Қайдағы келіншек?.. Түнде ғана бойдақ секілді едің 

ғой...


– Кешегі Айгүл деген қыз бар еді ғой... Сол...

– Әкелсең, үйге кіргізбейсің бе?

– Айгүл үйде... Сенен сүйінші сұрай келдім...

– Ақша сұрай келсең, ертерек айтпайсың ба?.. Да-

йындалатын едік қой...

–  Кеше  екеуміз  қоштасқан  соң  үйге  келсем,  күтіп 

отыр.  Аяғы  ауыр  көрінеді...  Әке-шешесінің  алдынан 

өтпесек, болмайтын түрі бар...

«Мәссаған, безгелдек» деген осы шығар. Ең қызығы, 

менің  Бектаным  –  қырықта,  ал  мен  білетін  келін  -  он 

сегізде.

– Дохаңа айтпадың ба?

– Доқтырхан аппендицит болып ауруханада жатыр...

– Мұсаға, Мұсабекке бармадың ба?

–  Бардым...  Оның  не  айтқанын  естісең,  құлап 

қаласың... – Әшейінде қарызға сөз сұрап ала алмайтын 

ағама тіл бітті. 

–  «Аға»  деді  Мұсабек,  «бірінші  рет  келіншек 

алғаныңда, аға-жеңгем тірі еді, Таластың жағасында той 

жасады. Тойға жиналған ел өзеннің бір бетіне сыймай, 

қайық  жалдап,  қарсы  жағалауға  барып  арақ  ішті.  Сол 

жеңешем қайда?..

– Сен не дедің?..

–  Үндемедім...  «Аға»  деді  ол,  екінші  жеңешемді 

алғаныңда аға-жеңгем тірі еді, Алматыға келіп той жа-

сады.  Алматы  ресторанына  сыймаған  ел  жолдың  арғы 

бетіндегі «Қарлығашқа» барып арақ ішті... Сол жеңешем 

қайда менің?» деді... 

– Сен не дедің?..

– Үндемедім...

Бұдан  әрі  сөйлеуге  ерінген  ағамыз  қалтасынан  бір 

парақ қағаз шығарып ұсына берді. Доқтырханның хаты 

екен. «Ер мойнында қыл арқан шірімес, бір жолға құтқар, 

досым» деп жазыпты.

Амал  жоқ,  екеуміз  сүйретіліп  жұмысқа  келдік. 

Кезекті демалысымды сұрап өтініш жаздым да, үш жүз 

сомды санап алып, радиода бірге жұмыс істейтін Бақыт 

Табылдиевтің машинасымен Қордай беттегі Ақтерек ауы-

лына тартып кеттік. Қалтада жетім қыздың қалыңмалы 

түгіл, мәслихатына жетпейтін тиын-тебен, ең бастысы, 

Айгүл «келіннің» туған-туыстарына арнап жазып берген 

қолхаты бар. Бұл жерде «келін» деген сөзді тырнақшаға 

алатын жөнім бар. Мен «келіннен» он жас үлкенмін, ал 

Бектұрсын «ініміз» менен сегіз жас үлкен, осыдан екеуінің 

жас айырмашылығын шығарып алу оп-оңай. 

«Ақтерек,  Көктерек,  сізден  бізге  қыз  керек»  деп 

әндетіп  қойып,  құдалардың  ауылын  таптық-ау  ақыры. 

«Келініміздің»  әке-шешесі  малда  екен,  әжесі  мен  апа-

сіңлілерінің ортасында терлеп-тепшіп шәй ішіп, «сцена-

рий бойынша» әңгіме соғып отырдық.

– Кім әке-шешесін арқалап жүр дейсіз, әже, – деймін 

ғой  баяғы.  –  Өзіміз  үш  ағайындымыз.  Үлкені  –  өзім, 

еті тірілігімнің арқасында теледидарда қызмет істеймін. 

Өзімнен  кейінгі  Доқтырхан  да  ешкімнен  сорлы  емес, 

қазақ  халқы  танитын  жорналшы.  Ал  енді  айналайын 

Бектанжанға  келсек,  Димаш  Ахметұлының  арқасында 

Алматыдан екі бөлмелі үй алып, ел қатарына қосылып 

қалды...


–  Бұйымтайыңды  айта  отыр,  балам...  –  деді  мына 

әңгімеден секем алған кейуана.

–  Бұйымтай  айтсам,  сол  Доқтырхан  құдаларың 

операцияға түсіп қалып... Ана Айгүл келініміз басында 

күзетіп отыр...

– Қай Айгүл?!.

– Сіздің немереңізді айтып отырмын...

Қалтамнан сырты жуан, іші арық конвертімді алып 

үлкен кісіге қарай ысырып қойдым.

–  «Орамал  тон  болмайды,  жол  болады»  дейді  ғой, 

әже...

Кенет  сарт  ашылған  есіктен  бұжыр  қара  жігіт 



сығалады.

Далаға шығып кетесіз бе, апа?..

Жуан  конвертті  кимешегінің  қалтасына  асығыс 

сүңгіткен  кейуана  орнынан  екі  ұмсынып  әрең  тұрып 

есікке беттеді.

Бектұрсын екеуміз он жылдай бірге қызмет жасадық. 

Сол бір Ақтерек оқиғасының әсері болар, жасы үлкендігін 

өмір бойы алдыма тартпады. Мына өмірден қыршын кет-

кен  ағасы  жөнінде  Доқтырхан:  «Аузын  ашса,  көмекейі 

көрінетін Бектұрсын адам біткеннің бәрін дәл өзіндей пәк, 

таза, адал көретін. Өкінішке қарай, қулық пен сұмдықты 

білмей өткен кіршіксіз жанды, ақ жүректі ақынды өмір де, 

адамдар да көп алдады. Дарын емес, қарын билеген мынау 

жалған өмірдегі екіжүзділікке, аярлыққа, сатқындыққа, 

қатігездік пен дүниеқоңыздыққа көне алмай, нәзік жаны 

шыдай алмай өмірден әбден түңіліп, үзіліп кетті» деп жа-

зыпты. Мен секілді ағайынды туыс емес, қанша дегенмен, 

туған бауыры ғой, бұған қосып-аларым жоқ.

...Жақында ағасы Бектұрсынды үш рет үйлендірген 

Доқт ырха нның  ұл ы  Дәу рен  ү й леніп,  Жа мбы л 

қаласындағы тойына бардым. Той қызып тұрған шақта 

Дохаң мені оңаша шығарып алып, екі жас баламен таныс-

тырды.

– Баяғы өзің кешірімге баратын Айгүл жеңешеңнен 



туған бауырың ғой, – деді жымыңдай күліп.

Бауырымның  өңі  ақсары  да,  ал  көздері  көкпеңбек-

ау,  көкпеңбек,  тұп-тура  Бектұрсынның  аузынан  түсіп 

қалғандай-ау, түсіп қалғандай. Ал мінезі – аздап Айгүл 

«келінге» ұқсайтын сияқты ма қалай?..

...  Асекеңді,  өлеңдерін  баспасөзден  жиі  оқып 

жүрген  Асқар  Кіребаевты  алғаш  көргенімде 

өзім  пір  тұтатын  Иранбекпен  еріксіз  салысты-

рып  едім.  Қысық  көз,  қырсық  мінез  Ирекеңмен 

салыстырғанда, ұялы көздері боталап тұратын шо-

колад  түстес  Асекең  нағыз  жігіттің  сұлтаны  еді. 

Қазір ойлап отырсам, терең су секілді тұнып ағатын 

Асекеңнің қасында менің сарқырама мінез Ирекем 

жіп есе алмайды екен ғой.

Біз  жұмыс  істейтін  баспасөз  үйінен  Асекең 

жұмыс жасайтын аудан орталығы – Тасбөгетке 

дейін тиіп тұр. Арлы-берлі ағылған такси... жо-жоқ, 

жолшыбай  машиналардың  біріне  қол  көтерсең 

болды, аудандық газеттің редакциясынан бір-ақ 

шығасың. Асекеңді танитын жүргізушілер «қып-

қызыл  ақынның»  үйіне...  үйінен  ақынды  іліп 

алған соң... одан ары дария жағасына да тегін апа-

рып тастай салады. Көкеміздің тірі кезі, үлкен кісі 

мен жеңешем екеуі «атасының баласы» Шыңғыс 

болмаса,  Асекеңді  оншалық  көп  іздей  бермейді. 

Іргелі  мекемеде  кассир  болып  жұмыс  істейтін 

жеңешемнің  әжептеуір  қалтасы  бар,  ал  арқасы 

бар Асқар ақынның жатып-тұрып ойнайтын кар-

тасы  бар.  Ойнайтынымыз  –  Қызылорданың  үш 

картасы, яғни «көзір-карта». Арғы жағы түсінікті, 

әрине...

«Көзір картаның» шарты бойынша қолыңа «ко-

зырь» карта шығуы керек. Ондайды «ұтатын адам-

ның қолына көзір шықты» деді. Күндердің күнінде 

Асекеңнің қолына «көзір шығып», облыстық драма 

театрына директор болып шыға келсін. Қызметке 

тұра сала Алматыға келді, Ирекең екеумізді «Алма-

ты»  мейрамханасына  апарып  ақылдасты.  Театрға 

режиссер керек, режиссер болғанда – бас режис-

сер. Театрдың «майын ішкен» Иранбек бірден сол 

жылдары атағы дүрілдеп тұрған Ерғалидың канди-

датурасын ұсынды.

Сол арада «өтпелі кезеңнің» өткелеңі басталып 

кетті де, ауыл жаққа ат ізін салуды сиреткен едім. Ара-

да екі-үш жыл өткенде Қызылордаға бара қалдым. 

Әлдебір  жұмыстармен  облыстық  газетке  соқсам, 

бұрынғы өзім отыратын бөлменің төрінде Асекең 

отыр.  Түр-түсіне  қарағанда,  жағдайы  оншалық 

мәз емес. Ол кезде жетісіп жүрген кім бар дейсің, 

алғашында оншалық мән бере қоймағанмын.

Алдымен  өлең  тыңдадым.  Әлдебір  бастықтың 

туған  күніне  арнап  жазған  құттықтау  өлең  екен. 

Жақтырмай қалғанымды сезді... 

– Дарияның жағасына бармаймыз ба?

– Осы сен-ақ дариядан жалықпайды екенсің... 

Дариядан күй кеткелі қашан... Машинаң бар ма?.. 

Әлде такси шақыртайын ба?..

– Иномарка болмаса да, «Волга» бар...

Такси  шақыртпайтын  бол ғанына  қуанып 

қалғаны түрінен білінген Асекең апыл-ғұпыл жина-

ла бастады. Ызғытып отырып өзіміздің үйреншікті 

дарияға  жетіп,  құмдауыт  жағалауда  жайғасып 

отырдық. «Ішімізге ел қонғаннан» кейін үйреншікті 

дария жиегінде үйреншікті әңгіме тиегі ағытылды 

дейсің... Көңілге болса да Асекеңнің соңғы өлеңдері 

аздап мұңлылау көрінген.

– Асеке, театрдағы жап-жақсы қызметіңізді неге 

тастап кеткенсіз? – деймін ғой баяғы.

– Өзім кінәлімін...

– Немене... үстіңнен арыз жазды ма?..

– Арыз жазса жақсы ғой...

– Сонда... Сонда қалай?..

– Бәріне өзім... жо-жоқ, үйдегі жеңешең кінәлі...

Әңгіме әйел... әйел болғанда үйдегі әйел жағына 

ойысқан соң, тілімді тістей қойғанмын.

–  Мұның  ойын  қара!..  Жеңешең  әртістермен 

жүрген кезінде ұстап алды деп ойлап отырсың ғой, 

қу бала?.. Ойын қара!.. Бәріне өзім... 

...  Шығысқа  кеткеннен  кейін  Қызылордаға 

араға он үш жыл салып оралдым. Қази досымның 

жылдық асын өткізіп болғаннан соң, Асекең, Сай-

лаубай ағам үшеуміз мейрамханадан ас іштік. От-

ырысымыз алпыс жылдығына «Джип» мініп, орден 

алған Сәкеңнің үйінде жалғасқан. Түн ортасы ауа 

кетуге жиналған маған Асекең «үйге қонып кет...» 

деп,  жата-жабыс қаны.  «Ағаңның  дәмін  таттың... 

Ал менің ал пыс жылдығыма келген сый-сияпаттан 

дәм татпай кет сең, жеңешең өлтіреді...» Өзім оты-

рыстан шаршаңқырап, Асекеңнің де жағдайы бол-

май  тұрғанын  көріп  бас  тарттым  да,  такси  ұстап 

қарындасымның үйіне кеттім.

Өскеменге оралған соң, Қызылордадан шығып 

жатқан  кітабымның  жағдайын  білейін  деп,  ақын 

ағам  Әскербек  Рақымбекке  телефон  шалдым. 

«Кітапты қайтесің... Асекеңнен айрылып қалдық... 

Сен  кеткен  күннің  ертеңіне  Алматыға  кетіп  еді... 

Қазір мәйітін тосып отырмыз... Сен бәрібір үлгере 

алмайсың-ау...»

Әскеңе рахмет... Жаман хабар жеткізгені үшін 

емес, мені ағаның қазасына келіп қалуы мүмкін деп 

сенгені үшін... Өскемен мен Қызылорданың екі ара-

сы – екі мың төрт жүз шақырым. Үлгере алатыным 

мен үлгере алмайтыным басқа мәселе... Осылайша 

ағамызға  менен  топырақ  бұйырмады.  Бір  Асекең 

емес,  ауыл  жақта  менен  топырақ  бұйырмаған 

ағайын  қаншама.  Қу  тірліктің  қамымен  қабынып 

жүріп қырқын да, жүзін де өткізіп алыппын.

Қазір  ойлаймын,  тірі  жүрсем,  Қызылордаға 

да  жетермін,  Асекемнің  үйіне  барып,  жеңешеме 

көңіл де айтармын. Сонда біздің жақтың көргенді 

әйелдерінің  салтын  ұстап,  жеңешем  аңыратып 

жоқтау  айтар...  Бәлкім  айтпас...  «Жеңеше,  ана 

бір  жылы  қарындасымды  оқуға  түсіретін  кез-

де, өзіңіз кассадан алып берген бес жүз сом ақша 

есіңізде ме?..» дейтін шығармын... «Бәрі де жаман 

ағаңның арқасы екен ғой...» дейтін шығар жеңешем. 

«Тереңөзектегі  Серік  Сейтмағамбет  ақын  қайтыс 

болғанда, жеңешемнің айтқан жоқтауы есіңде ме?..» 

дермін мен. «Ағаңды жоқтап-жоқтап болдық қой... 

Қалған жоқтауды өздерің айтыңдар...» дейтін шығар 

жеңешем...

Сөз жоқ, осылай деп айтады. Егер оған дейін мен 

де Асекеңнің соңынан кетіп қалмасам...

О

л  –  көбі  ежелден  еркіндік 



аңсап, төрт құбыласы тең жеке 

мемлекет  болу  жолындағы 

сан ғасырлық талпыныс, талап, арман­

мақсат.  Сол  үшін  көрген  азап­михнат, 

төгілген қан аз ба? ХХ ғасырдың басын­

да  басталған  қомақты  істер  не  тұрады? 

Айталық, ресейлік ақ патшаның кезінде 

қазақ жерінде Алаш қозғалысы бүр жа­

рып,  біртіндеп  шешек  жаймады  ма? 

«Айқап»,  «Қазақ»  сияқты  басылымдар 

тынбай  насихаттаған  азаттық,  теңдік, 

дербестік  жөніндегі  ұран,  бастамалар 

текке кетпей, «Алашорда» партиясының 

құрылғаны  ғажап  емес  пе  еді?  Кеңес 

өкіметі  орнап,  қазақты  темір  құрсауға 

салғанда  да  өліспей  беріскісі  келме­

ген аталмыш партия серкелері амалсыз 

тізе бүгіп, пұшайман болып еді­ау... Ах­

мет,  Міржақып,  Мағжан,  Мұхаметжан, 

Мұстафа,  Әлихан,  Халел...  Барлығы 

сол  жолда  өлім  құшты.  Армандары 

іштерінде кетті. Кеңес өкіметін уақытша 

мойындаған  түр  көрсетсе  де,  райлары­

нан  қайтқан  жоқ.  «Алашордаға»  мүше 

болмаса да, қазақ мүддесі үшін алысқан 

Сәкен,  Ілияс,  Бейімбеттер  ше?  Олар 

кімнен кейін еді? Барлығы «халық жауы» 

деп атылды, асылды, айдауда көз жұмды. 

Атылды демекші...

Ресми  мәліметтерде  Сәкен,  Ілияс, 

Бейімбет  үшеуі  1938  жылы  ақпанның 

екінші  жартысында  –  бір  күнде  атыл­

ды  делінеді.  Оған  сенді  не,  сенбеді  не? 

Арғы-бергіде сонау Алтай таула-

рынан бастап, батыс өңірдегі Еділ-

Жайық, терістігі Омбы, Түмен, Орын-

бордан, оңтүстіктегі қытай, қырғыз, 

өзбек, түрікмен елдерінің шекара-

сына дейінгі аймақтарды (ежел-

ден) мекен еткен қазақ халқының 

ұлтжанды ұл-қыздары аз болмаған

ғасырлар бойы туған жерін қорғап, 

қорған болған, бүгінгі ұрпаққа 

аманаттап тапсырушы ата-бабалар 

рухы ешқашан сөнбеген, сөнбейді 

де. Небір қиямет-қайымды бастан 

өткерген еліміз бүгінде шекарасы 

айқын, баянды бағыт-бағдарға ие 

дербес мемлекет болып саналады. 

Анау-мынау кем-кетік, ойсыраған 

олқылықтарды қоя тұрайық, олар 

жайлы күн сайын айтылып, жария 

боп жатыр ғой. біз бұл жерде бір-

ақ нәрсеге, яғни халқымыздың 

қанында бар ізгі қасиеттердің кей 

парасына ден қойсақ деп отырмыз. 

Ол не?

аты­жөні  –  Сәкен  Сейфуллин.  Міне, 

мына  суреттегі  дәл  сол.  Сен  не,  мені 

мазақ еткің келе ме?!» – деп қорланғандай 

болған  соң,  қалай  сенбейсің?!  Онымен 

қосылып,  мен  де  жыладым.  Сонымен, 

қойшы, «аштан өліп, көштен қалсақ та, 

аруақ алдындағы парызымызды өтейік» 

деп бір топ адам ортадан жиған қаржымен 

Магаданға  аттандық.  Обалдары  қайсы, 

ондағылар  жақсы  қарсы  алып,  қолдан 

келген  көмектерін  жасады.  Аласапы­

ран жылдарда түрмеде төмендеу қызмет 

істеген бір орыс шалға Сәкеннің суретін 

көрсеткенімде: «Мұнда он мыңдаған саяси 

тұтқын болды ғой, қайсыбірі есте тұрады, 

бірақ  мына  адамды  көрген  сияқтымын, 

дәл  есімде  жоқ»,–  деді.  Біз  Магаданға, 

жоғарыда айтқан қарағандылық бұрынғы 

саяси  тұтқын  орыс  қарияның  сөзіне 

барынша  иланғандықтан,  барғанбыз. 

Еріккеннен емес. Әйтпесе, Американың 

бер жағындағы қиян түкпірге барып неміз 

бар?! Сол жерден Аляска алыс емес. Екі 

ортаны  татар  бұғазы  бөліп  тұр.  Әрине, 

«Сәкенді  Алматыдағы  түрмеде  атып 

тастаған» дегенді естігенмін, білемін. Атар 

алдында  түсірген  суретін  де  көргенмін. 

Әйтсе де, «онымен Магаданда бірге бол­

дым» деген арлы адамның сөзіне күмән 

келтіруге де қақымыз жоқ еді. Егер шы­

нымен солай болса, Сәкеннен басқаларды 

да «атылды» деп жариялап, одан соң, көз 

көрмес қиянға апарып, кен қазу, тас уату, 

ағаш  кесу  сияқты  азапты  жұмыстарға 

салған  болып  тұр­ау,  сірә...  Қайран 

арыстардың қайсысы қай түкпірде ажал 

құшқанын кім білсін...

Ендігі  айтарымыз,  бұдан  бірнеше 

жыл бұрын «Сәкен Сейфуллин Магадан 

жақта  айдауда  жүріп  қаза  тапты»  деген 

жорамал  желдей  ессе,  енді  Мағжанды 

кездейсоқ  көргенмін  деген  Бауыржан 

Момышұлының  куәлігі  мен  Колымада 

бірге болған қарияның сөзі жария болып 

отыр. Екеуі де кездейсоқтық па, ақиқат 

па – басқа әңгіме. Сенуге де, сенбеуге де 

еріктіміз. Біз үшін ең бастысы – ұлтжанды 

азаматтардың оларды шарқ ұрып іздеуі, 

шындық үшін шырқырап, шыбын жан­

дарын  шүберекке  түйіп,  ат  сабылтуы. 

Бірін­бірі күстаналап, тобықтан шалып, 

мансапқа  таласып,  түн  ұйқысы  төртке 

(олар да қазақ) бөлінетіндердің қасында 

бұл  деген  адамгершіліктің  биік  шыңы, 

бекзаттық емей немене?

Жә,  тоқсанға  келгендер  жарап  тұр! 

Қазақ осылай болса керек­ті. Сөзі емес, 

ісімен!

Зәкір асаБаЕв

көрген қариялар

Өлетін  адамдар  өліп  кеткен  соң,  қалай 

болса да, наны пәтір деп те қарауға болар 

еді, әрине. Алайда жазықсыз жапа шек­

кендер жайлы ұзақ жыл ауыз ашқызбай, 

сұрқиялық  іс­әрекеттерін  жасырып 

баққан  советтік  жүйе  бәрібір  түбінде 

оларды  ақтады.  Еңсесі  езілген  халық 

соған  да  тәубе  дескенмен,  жан  жарасы 

жазылмақ емес. Ешқашан! Ертеңге үміт 

арта  отырып,  артқа  қарайлауды  да  бір 

сәт ұмытпайтын ел­жұрт, тым болмаса, 

нақты  шындықты  білгісі  келетінін  жа­

сырмайды.  Оған  толып  жатқан  кереғар 

пікір, дүмбілез документтер кедергі бо­

луда.  Айталық,  Сәкен,  Ілияс,  Бейімбет 

үшеуі бір күнде атылғаны рас па? Рас бол­

маса ше? Жазалау органдарының жазба­

ларына түпнұсқа ретінде қарап, зәредей 

шәк  келтірмей,  Құдайдай  сенуге  бола 

ма? Кезінде сендік те. Бірақ бірте­бірте 

күдік­күмән  көбейді,  иланбауға  бол­

майтын айғақ­дәлелдер табылып жатты. 

Солардың бірі...

Өткен жылы, көктемде Атырауда тұр­

атын  жасы  тоқсаннан  асқан  қария  со­

нау  30­жыл дардағы  репрессияға  ілігіп, 

Колыма түбегінде Мағжан Жұмабаевпен 

абақтыда  бірге  болғаны  жөнінде 

мәлімдеді. Жасы егде тартса да, ақыл­есі 

сергек, зерек адамның сөздеріне сенбеу 

мүмкін емес­ті, өйткені айтқандарының 

бәрі нап­нақ, жобаға келіп тұр. Оған «бұл 

жайлы бұрын неге айтпадың?» деуге де 

болмайтын.  Себебі  түсінікті.  Түсінікті 

болған да, Кеңес өкіметі тарапынан әлде­

қашан ақталған Мағжанды тағы да ши­

рек ғасыр тұншықтырып жарық дүниеге 

шығармауға  бар  күшін  жұмсап  баққан 

өзіміз  емес  пе  едік.  Бұл  –  бір  десек, 

екіншіден, «ендігәрі көрмегенім Колыма 

болсын» деп аман оралғанына шүкірлік 

еткен  (Әбдірахман)  қарияның  жүрегі 

қатты шайлыққанын да түсінуге болады.

Бұл  туралы  біреу  біліп,  біреу 

білмеген  де  шығар.  Білгендер  жөнді 

мән  бермеген  де  болуы  мүмкін.  Бірақ 

содан  кейін  атақты  батыр  Бауыржан 

Момышұлының  да  әскерде  жүргенде 

айдаудағы  Мағжанды  көргені  туралы 

жазба деректері жарияланды. Атыраулық 

қария  да,  Момышұлы  да  жалған 

сөйлейтін  адамдар  емес.  Сондық тан 

қызығу күшейді. «Мағжан пәлен жылы, 

пәлен күні сотталған бойда атылды» де­

генге де күдік молайды. Молайғаны сон­

ша, Маңғыстау облысының әкімі болған 

кезде Қырымбек Көшербаев Мағжанды 

көрген қарияның Колымаға осы іске о ба­

стан ұйытқы болған «Жас алаш» газетінің 

қызметкерлерімен  бірге  арнайы  барып 

қайтуы  үшін  қаржы  бөлді.  Аталмыш 

газеттің  редакторы  Рысбек  Сәрсенбаев 

бастаған,  құрамында  Мағжанның 

туысы  да  бар,  экспедиция  мүшелері 

алыс  сапарға  аттанып,  кейін  көрген­

білгендері басылымның бірнеше санын­

да жарияланды. Біздің разы болғанымыз, 

денсаулығы  жарап,  Колымаға  барған 

қарияның  өзі  ұзақ  жыл  отырған  түрме 

орнын жаңыл май тауып, Мағжан жатқан 

баракты бірден көрсетуі, басқа да құнды 

мәліметтер айтқаны еді. Қарияға да, сол 

бастаманы жүзеге асырған жігіттерге де 

риза  болдық.  Қырымбек  Көшербаевқа 

алғысымызда шек болмады. Сонау жыл­

дарда Қызылорда облысының Қармақшы 

аупарткомында бірінші хатшысы болып 

тұрғанда Қорқыт бабаға зәулім ескерткіш 

тұрғызғаны, Тұрмағамбет ақынның ме­

рейтойын  өткізгені  үшін  қызметтен 

алын ған,  мамандығы  журналист  әкесі 

Елеу  Көшербаевтың  ел  үшін  жасаған 

ерен  істері  ойға  оралды.  Ел  сыйлаған 

Елеу ақсақал одан кейін де талай игілікті 

шараларды  жүзеге  асырды.  Оның  ұлы 

Қырымбектің  де  халық  үшін  жасап 

жүрген  ауқымды  жұмыстары  аз  емес. 

Әкім болсаң, сондай бол деуге сыйым­

ды. Әдебиет, мәдениет, өнер өкілдеріне 

қашанда оң қабақпен қарайтыны әмбеге 

аян.


Сонау жер түбіндегі Мағжанның сүйегі 

жатқан  қорымға  барып,  Құран  оқыған 

Әбдірахман  қарияның  жасы  тоқсан нан 

асқандағы  бұл  әрекеті  ерлікпен  бірдей 

еді,  әрине.  Ол  Колымаға  Мағжан  үшін 

барса,  бұдан  бірнеше  жыл  бұрын  Сәкен 

Сейфуллиннің  мүрдесі  жатқан  қорымды 

іздеп Магаданға барған тағы бір қарияның 

жанкештілігі де еске түседі. Ол да – осыған 

ұқсас өзінше хикая. Кезінде ол жөнінде де 

баспасөздерде жазылған. Қысқаша былай.

Қарағанды  жақта  тұратын  бір  ұлты 

орыс  қария  о  жер,  бұ  жерден  Сәкеннің 

суретін  көрген  сайын:  «Ой,  мен  мына 

қазақпен  Магадандағы  абақтыда  бірге 

болдым ғой. Бұл – сол! Нақ өзі! Сонда қаза 

тапты. Мен Сталин өлген соң ақталып, 

елге  оралдым»,  –  дей  береді  екен.  Оны 

естігендер  біріне­бірі  айтып,  ол  хабар 

күндердің  күнінде  аталмыш  облыстың 

Жезқазған  қаласында  тұратын  (қазір 

оның да жасы тоқсанға таяу) қарт қалам­

гер Аппаз Қаражігітовтің құлағына жетеді. 

Аппаз «Сәкенді білемін» деген бұрынғы 

тұтқын орысты іздеп барып, бірнеше рет 

әңгімелеседі. Соның негізінде облыстық, 

республикалық  газеттерге  мақалалар 

жариялайды.  Онымен  қоймай,  жанына 

бірнеше адамды ертіп, өз қаржыларымен 

Магадан облысындағы «Сәкен отырды» 

деген абақтыға барып, іздеу салады. Орыс 

тұтқын денсаулығына байланысты олар­

мен бірге бара алмайды. Әрине, ол заман­

да саяси тұтқындар өлгенде бас­басына 

әспеттеп жерлеу қайда, тіпті аты­жөндерін 

де  тіркемей,  кез  келген  шұңқырға  топ­

тобымен  лақтырып  тастай  берген  ғой. 

Әйтсе де, қарт жазушы Аппаз Қаражігітов 

бастаған  топ  біраз  мәліметтер  тауып, 

көрген­білгендерін баспасөздерде жария­

лаумен ғана шектеледі. Осыған да қанағат. 

Басты орындар атқаруы тиіс міндеттерді 

өз қалауларымен атқарған олардан басқа 

не  күтесің?!  Бір  жолыққанда  Аппаз 

Қаражігітовтің сол сапар жөнінде: «Орыс 

тұтқынмен талай рет сөйлестім. Сәкеннің 

әртүрлі  суреттерін  көрсеттім.  Түр­түсі 

Сәкенге  ұқсайтын  өзге  біреулердің 

суреттерін жорта көрсеткенімде, ол басын 

шайқап: «Бұл – басқа адам»,– деп шорт 

кесетін. «Мүлт кетпес пе екен» деп әртүрлі 

сұрақтар қойдым. Бәріне де берген жауа­

бы дәл шығып отырды. Араға бір ай са­

лып,  тағы  да  барып:  «Ол  адамның  аты­

жөні  кім  еді?!  –  деп  қайталап  сұрадым. 

Сондағы  оның  ашуға  булығып,  жылап 

жібергенін  көрсең.  «Айттым  ғой  саған, 


15

№11-12 (1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал