Бір тойым болатыны сөзсіз менің



жүктеу 1.47 Mb.

бет11/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.47 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

АНА ТІЛІ

Өлең – сӨздің патшасы

12

5



...  Сексенінші  жылдың  басында  «Қазақфильм»  сту­

диясына  қызметке  келдім.  Ең  қызығы,  сол  жылдары 

аты дүрілдеп тұрған «Қазақфильм» жылына төрт көркем 

фильм, бірер қысқаметражды, бірер телевизиялық фильм 

түсіруші  еді.  Ұзын  сөздің  қысқасы,  жаңағы  ұзынсонар 

тізімдегі «жақсы­жайсаңдардың» илейтін терісі осы ғана.

Бір халықтың ұлысы мен ұлығы иін қандырып жатқан 

сол теріні илесуге аты жарты әлемді шарлап кеткен Ол­

жас Сүлейменов көкем келгенде, нанын кинодан айырса 

да, болашағын жазушылықтан күтіп жүрген біз секілділер 

қуанбағанда кім қуансын... 

Олжекеңнің қызметі де дардай, дардай емес­ау, жар­

дай.  Қазақстан  Кинематографистер  одағының  бірінші 

хатшысы.  Кәдімгі  көрші  қырғызда  Шыңғыс  Айтматов 

көкем  тізгінін  ұстап  отырған  қызмет.  «Айымыз  туды 

оңынан, күніміз туды солынан» деп қойып, ағамыздың 

аттап басқан қадамын, аңдап та, аңдамай айтқан сөздерін 

аңдимыз ғой баяғы...

Қазақтың  арысы  мен  барысы  жиналған  сценарлық 

коллегияда жұмыс істейтіндердің ішіндегі жасы кішісі – 

мен. Сондықтан арысы – Мәскеуден, берісі – ауыл ара­

сынан келіп түсетін киносценарилерді Олжекеңе жеткізіп 

беретін курьер де өзім. Күн сайын болмаса да, күн ара­

латып Олжекең отыратын Кино үйіне қаздиып барам да 

тұрам.

Ол  кезде  Қазақстан  Кинематографистер  одағына 



қарайтын Кино үйіне кіру зерделілік пен тәрбиеліліктің 

шыңы секілді көрінетін. Жылына төрт фильм түсіретін 

«Қазақфильмді» төңіректейтін мың сан адамды осы Кино 

үйінен табасың.

Сценарлық  коллегияның  мүшесі  ретінде  сол  Кино 

үйіне кіретін куәлігіміз бар, кім болса соның қолы жете 

бермейтін  сол  үйге  көзіміз  тұманданып  біз  де  барамыз. 

Қымбат сигареттерін бұрқылдатып, көк түтінге көміліп 

отырған  жалаңаш  кеуделі  қыздарды  көргенде  көзіңіз 

тұманданбай  қайтсін.  Жанында  орысы,  қазағы,  жөйіті, 

шала қазағы бар нөкерлерін иіріп қойып Олжекең де оты­

рады сол үйде. Көп ұзамай қалтаның түбі көрініп қалады 

да, үйді­үйімізге тарауға қам жасаймыз. Біз тарағанмен, 

Олжекең бастағандар тарамайды.

Таңертең жұмысқа әлтек­тәлтек басып әрең жетемін. 

Коллегия мүшелерінің ең жасы ретінде Олжекеңе оқуға 

берген сценарилерді әкелу де осы мекеменің жүгірмек ба­

ласы – менің міндетім. Аяғымның ұшынан басып келіп 

есіктен сығалаймын. «Есіктен сығалама деп қанша айт­

тым  саған?»  Бірнеше  пәпкіні  қолтығыма  қысып  зытып 

отырамын.  Ең  қызығы,  кеше  түнде  ғана  Кино  үйіндегі 

қырғын отырыстың төрінде отырған ағамыздың екі жүз­

екі жүз елу беттік сценарилерді қай кезде оқып, қай кезде 

пікір жазып қойғанын түсіне алмаймын. Әсте «адамдар 

«жұмыс істейтін» және «жұмыс істемейтіндер» болып екіге 

бөлінеді» деген пікірге сол кезде келген болармын.

Студияға  жұмысқа  партия  қатарына  кандидат  бо­

лып  келгенмін.  Арада  бір  жыл  мерзім  өткен  соң,  мені 

партияға қабылдайтын партбюроның жиналысы өтті. Бес 

адамнан  тұратын  бюроның  маған  деген  бір  дауысы  кем 

болды. «Мосфильмде» жұмыс істеп келген Ольга Бонда­

ренко деген бойдақ апамыз: «Редакторлық пікір жазбақ 

түгілі, орысша нанын сұрап жей алмайтындарды жұмысқа 

алғандарыңа қарсымын» деп, бүйректен сирақ шығарды. 

Жоғарыда  айтқан  төрт  фильмнің  титрінде  аты­жөні 

тұратын апамыздың сөзі өтіп кетер ме еді, бюро мүшесі 

–  Кино  үйінің  директоры  Розахунова:  «Бұл  бала  жазу­

шы көрінеді. Менің де күйеуім – жазушы. Жазудың оңай 

емесін  білемін.  Жиырма  бес  жасында  екі  кітап  шығару 

оңай емес» деп отырып алғаны. Ұзын сөздің қысқасы, сту­

дия партия ұйымының жалпы жиналысына да жеттім­ау.

Жылына  төрт  фильм  түсіретін  студияда  оншақты 

басшы  барын  білеміз,  ал  жүзден  астам  коммунист  бар 

деп кім ойлаған. Ольга апамыздың маған, маған емес­ау 

қазақ тіліне қарсы болғанын сезген мүйізі қарағайдай аға­

апаларымызға тіл бітті.

Олжекеңе  де  кезек  тиді­ау  ақыры.  «Суреткер  өзін­

өзі көре алуы керек, өз денесінен бөлініп шығып, өзін­

өзі  көре  алмайтын  адам  қиялындағы  кейіпкерін  қалай 

көреді» деп бастап, өзінің «Жас суреткерлерге» деген ұлағат 

сөзін  айтты.  Үлкен  кісінің  мына  сөзінен  кейін  партия 

тақырыбы жайына қалып, әңгіме біржола шығармашылық 

тақырыбына ауысқанын ішіңіз сезіп отырған шығар... 

Өз басым Олжекеңнің сол жолғы сенімін ақтадым деп 

айта алмаймын. Айнаға да талай қарадым, өзімнен­өзім 

бөлініп, өзімді­өзім сырттан көре алмасам, қайтейін...

Ол жекеңнің  көз  шырымын  а лмайтынын  бі ліп 

қалғанмын,  күндердің  күнінде  таңалакеуімнен  Кино 

үйіне бара қалдым. Жалғыз өзі отыр екен.

– Ағаңды құттықтамайсың ба? – дейді.

Олжекеңнің  күн  сайын  болмаса  да,  ай  аралатып  бір 

атақ алып жатқанына бой үйретіп алғанбыз.

– Құттықтаймын, аға...

– Нені құттықтайсың?.. – Ағамыз күледі. – Министр 

болдым... Әзірге сенен басқа ешкім естіген жоқ.

Ақын деген де бала секілді ғой. Олжекең Мемлекеттік 

кино  комитетінің  төрағасы  болып  бекіген  екен.  Түк  те 

таң қалғаным жоқ. Өйткені Олжекең БҰҰ­ның төрағасы 

болыпты десе, таң қалмас едім. Далаға шықтым. «Сенен 

басқалар естімеді» дегені бекер екен. Қабылдау бөлмесі 

топырлаған  адам.  Іштен  сүмірейіп  шығып  келе  жатқан 

ауылдың қара баласына, яғни мына маған қызғанышты 

көзбен қараса да өздері білсін...

...Өз  басым  Олжекеңнен  жомарт  қазақты  көргенім 

жоқ.  Байқап  та,  байқамай  да  Олжекеңнің  сарқытын 

ішкен қазақтың алды да, арты да мен емес. Жалпы, сол 

жылдары жанына қысым келгендердің ішінде Олжекеңді 

сағаламағаны жоқ. Желтоқсан оқиғасы кезінде өлім жаза­

сына кесілген жігіттердің ішіндегі ары да, жаны да тазасы 

Түгелбайға өз үйін босатып бергенінің өзі неге тұрады... 

Мұны сол жылдары Семейдің Қайнары мен Дегелеңінде 

Олжекеңнің бір ауыз сөзіне сеніп, асылу үшін дайындап 

қойған тұзағын лақтырып тастаған азаматтар біледі.

Өз басым Олжекеңнен шешен қазақты көргенім жоқ. 

Біреу – сөйлейді, біреу – жұмыс істейді... Жұмыс істейтін 

адамның артық ауыз сөз айтуға уақыты да жоқ, әрине... Ал 

Олжекең болса бәріне де уақыт табады...

Ал айтатын жерінде айтпай қалған жері болса... тағы да 

бір білгені бар шығар...

Өз  басым  Олжекеңнен  әдемі  қазақты  көргенім  жоқ. 

Табиғаттың төл перзенті – қазақ баласының бала мінезді 

екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар. Ал бала – қашан да 

бала... жүз жылда қолына бір түскен әдемі ойыншығын 

жақсы көрмей қайтсін... Ал жек көріп жатса... Бала болған 

соң, сол әдемі ойыншығын жақсы көремін десе де, жек 

көремін  десе  де  өздері  біледі  ғой  олар...  Өйткені  өзінің 

жекеменшік ойыншығы...

Баламысың деген...

...  Жетпіс  бірінші  жылдың  қоңыр  күзі  еді. 

Арман даған астанаға, армандаған «журфакқа» қол 

жеткізіп,  шалқақтай  басып  жүрген  кезіміз.  Ақын 

інім  Ғабиден  Құлахметов  екеуміз  өзіміз  оқитын 

Бас корпустың жанын дағы асханаға кіре қалдық. 

Бұрышта  қолтоқпақтай  шақар  ақын,  тентек  ақын 

Тоқаш  Бердияров  көкеміз  жалғыз  өзі  отыр  екен, 

жанына жас қана жақындап келіп сәлем бердік. Бұл 

Тоқаңның ұлы Әуезовтің өз аузынан мақтау естіп, 

«жарнамасы» жүріп тұрған кезі, бетімізге одырая 

қарады.

–  Сәлемші  болсаң,  төрге  шық...  –  деді  сосын 



қабағы жылып.

Тоқаңның  мына  сөзінен  соң  Ғабаң  арсалаңдап 

асхана буфетіне қарай жүгірді де, мен үлкендік жо-

лымен столдың шетіне тізе бүктім. Өзіміздің уни-

верситетте оқитынымызды айтып мақтана бастап 

едім, ағамыз сөзімді бөліп жіберді.

– Қай жердің қуы боласың?..

–  Қызылорданың  жігіті...  Иә,  иә,  Шиелінің 

қуымын... Ана бала Семейдікі... Бірақ ол да біздің 

Шиеліде оқыған...

– Бір жақтың қуы екенбіз... Ақынсың ба?..

– Жоқ... Ақын бала ана Ғабиден ғой...

«Ақын  бала»  жанымызға  келіп  отырған  соң, 

әңгімеміз жарасып жүре берген. Ұстазымыз Мәлік 

Ғабдуллиннің өз аузымен «ақын» атанған Ғабаңның 

өлеңді шындап жазып жүрген кезі, құлаққа жағымды 

қоңыр даусымен өлеңді бұрқыратты дейсің...

–  Мынауың  шынымен  ақын  ғой,  әй...  –  деді 

Тоқаң жүзі жылып. – Мұндай өлеңдерді бастырмай 

болмайды...

Өңі масайрай, көзі жасаурай қалған Ғабаңның 

буфетке қарай жалтақтай бергенін байқаған ағамыз 

қалтасынан көк қағаздардың бірін шығарып қолына 

ұстатты. 

– Мені кедей деп кім айтты?.. Менің Келестікі 

екенімді білесіңдер ғой... Сол жақтағы үлкен трест-

ке жұмысшы болып тіркеліп қойғам. Алматыда сай-

рандап жүрген ағаларың ауыл жақтан трактористің 

айлығын шытырлатып санап алады... 

Сусын  мәселесі  шешілген  соң,  өлең  мәселесін 

шешу үшін үшеуміз іркес-тіркес тізіліп жанымыз-

дағы Жазушылар үйіне қарай беттедік. 

…Ұмытпасам,  сексенінші  жылдардың  аяғы  бо-

лар,  Жазушылардың  шығармашылық  үйінде  дем 

алып жаттым. Күндердің күнінде тауға Тоқаң келе 

қалып,  Төлеген  Тоқбергенов  ағамның  бөлмесінде 

қонақта  бол ды.  Мұндайда  менің  қызметім  – 

«жабдықтаушылық». Бірнеше рет түнгі «қара базар-

ға» жүгіріп барып та келгенмін. Түн ортасы ауа оты-

рыс шырқау шегіне жетіп, дастархан басындағылар 

әңгімені өзеуреп бастап, өкпелесіп тарауға айналған. 

Әдеттегідей «даудың басы» – Тоқаш көкем. Менің 

де мінезім көкеме тартқан ғой:

–  Көке  десе,  сіз  осы  Марат  Отаралиев  де-

ген  ақын мен  қосылып  арақ  ішіп  пе  едіңіз?  –  деп 

көңірсітпеймін бе. 

– Мен кіммен ішпеді дейсің?.. Ана Тайырмен де, 

Жұмағали Сайынмен де, Қасыммен де ішкенмін... 

Ішпек түгілі, мас болып талай сабағам өздерін... 

–  Әй,  тентек,  Тайыр  мен  Қасымың  дұрыс,  ана 

Жұмағалиды сабадым дегеніңе кім сенеді... – деді 

менің қырылдақ көкем. Мен де қарап қалмадым. 

–  Осы  өзіңіз  талай  сабаған  Жақан  Смақов 

пен  Нұрсұлтан  Әлімқұлов  қайтыс  болып  кетті-ау 

деймін... Әбілахат көкем мен Мұқағали да жоқ...

–  Әй,  нені  көңірсітіп  отырсың?  –  деді  бетіме 

сезіктене қараған көкем.

– Менікі әшейін ғой... Қойларды ет комбинаты-

на бастап апаратын «провокатор ешкі» есіме түсіп 

отырғаны...

«Ешкі» жайлы әңгімеден соң, онсыз да бырттай 

болып отырған Тоқаң ешкікөзденіп сала берген.

– Өй, шешеңді!.. – деді шымкентшелеп.

Көкем тұра қуды, мен тұра қаштым. Столды ай-

нала  қашып  жүрмін.  Сол  қашқаннан  мол  қашып, 

жоғары қабаттағы өз бөлмемнен бір-ақ шығыппын. 

Есікті іштен құлыптап алып, дымымды шығармай 

отырмын. Көп ұзамай сырттан тарсылдата басқан 

аяқ дыбысы естіліп, артынша есік тоқылдады. Іште 

ешкім жоқ деп ойласа керек, тұрып-тұрып қайтадан 

кетті. Көңілім орнына түсіп бір мезет қалғып кеткен 

екенмін, ояна келсем, есікті әлдекім қағып тұр. 

– Бұл мен ғой... Төлеген ағаңмын... Аша ғой енді... 

– деді өзіме соншалық таныс қырылдақ дауыс.

Амал жоқ, есікті аштым. Қызара бөрткен Төкең 

мен Тоқаң диванға келіп отырды. Мен болсам Тоқаш 

көкем жаққа қауіптене қарап қойып, қаша жөнелуге 

дайын отырмын.

–  Қопаңдай  бересің...  Немене,  астыңнан  су 

шықты ма?.. Әлде бір жерге жүгіріп барып келейін 

деп отырсың ба? – деді Төкең қасқа басын бір сипап 

қойып. Мен бәрін түсіндім, әрине.

– Мигом... Қазір... Қазір-ақ... – деп орысша мен 

қазақшаны  араластыра  сөйлеген  күйде  сыртқа 

қарай ата жөнеліппін...

Атам  заманғы  әңгімені  көңірсітіп  отырған 

себебім,  –  бұл  менің  Тоқаш  көкеммен  соңғы 

кездесуім еді...

«Балалар  өле  берген  соң,  әкең  мені  Оқшы-ата 

әулиеге апарып, сен туған соң, Түркістандағы әулие-

ге  апарып,  құдайдан  әрең  сұрап  алғанбыз.  Кісіге 

тура қарама, беталды сөйлей берме...» – деуші еді, 

сол түні Тоқаңнан сырттай боқтық сөз естіген ше-

шем байғұс... 

Шығармашылық  үйіндегі  дастархан  басын-

да  айтылған  сол  бір  ауыр  сөзді  ойласам,  ойыма 

апамның сол сөздері келеді. Бетіне тура қарап, бе-

талды сөйледім бе екен?..

Әдетте атам қазақ «тентек» сөзіне «телі» теңеуін 

қосып айтады ғой. «Тентегі» қайсы, «телісі» қайсы, 

өзіңіз  танып  алыңыз.  Ал  маған  сол  сексенінші 

жылдары  Алматының  көшелерін  «тіліп»  жүретін 

Тоқаш көкемнің «тентектігінен» гөрі «телілігі» мен 

«тектілігі» басым секілді көрінеді де тұрады.

Бү гінде  ақын-жазу шыларға  көзі  тірісінде 

бұрынғыдай ат-шапан емес, бір үйдің құнына бара-

бар «Джип» машинасын мінгізу, өмірден өткен соң 

бір ауданның бюджетіне барабар ақшаға той өткізу 

дәстүрге  енгені  қандай  жақсы.  Ал  көзі  тірісінде 

машина  мен  үйдің  қызығын  көрмеген  арқалы 

Тоқаш көкемнің де «бір тойының боларына» сеніп 

жүрмін...

«Тентек-телі» 

«Әдемі ойыншық»



Әділбек ЫбЫрАйЫМҰЛЫ,

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты 

Ажарланып Ай маған сығалайды,

Сәуле шашып арбайды, дұғалайды.

Быжынаған кетсем­ау жұлдыздарға,

Адамдардың арасы ұнамайды.

Шәлі таққан сұлу Ай қара көктен,

Алыс еді... Амал жоқ, ара неткен.

Мен болғанмен мүдуар сәулем, шырақ,

Сөйлескің де келмейді қарабетпен.

Ғарыш ғажап, жаһанға ұмсынамын,

Қысқа күнде бір тұрып, мың сынамын.

Быт­шыт болып күйреймін, нәшім кетіп, 

Таң бозарса, қайтадан құлшынамын.

...Көкке кетсем, көкжалқақ мұнарланып,

Ұшар едім биікке құмарланып.

Алла сөзі – ақиқат, ақыреттік,

Апарар ем өзіне Құранды алып. 

***

Мәңгіліктің аясы да тар маған,

Билік құрсам, аздық етер, бар ғалам.

Сонау, сонау ғарыштардың қойнауы – 

Жайлау, шіркін, қона жатып, шарлағам.

Бәрі сонда пайғамбар да, пірлер де,

Періштелер сықылықтар іргеңде.

Қоңыз­тірлік, неге саған келдім мен?!

Жайсаңдармен қанаттасып жүргенде. 

Таңғаласың, талай әлем ашасың,

Құлагер жүр шаң қаппаған шашасын.

Баба түкті шашты Әзизім батасын,

Асан Қайғы сыйға берді асасын.

Неге келдім, бұ жалғанға бопсалап?

Өзегіңе бықсысын деп от салат.

Пенделіктің пәтерінде күн кешіп,

Алданасың көңіліңе тоқ санап.

Мәңгіліктің аясы да тар маған,

Билік құрсам, аздық етер бар ғалам.

...Мың сан ойдың шырмауымен буынып,

Түсіп қаппын өгіз жеккен арбадан. 

***

Ғарыш... Ғарыш...

Тылсым жұтқан Көк, Құдай,

Қалдырмашы қара жерде, шет бұлай.

Бақилықтың баршыны кім, баябан?!

Іл де әкетші, салмағым жоқ тоқтыдай.

Рухтардың ортасында жебелсем,

Аруақпен аруақ боп теңелсем.

Бұ пәниден пәтуасыз, пәтшағар,

Ауып кетіп, жыламаңдар, 

Мен өлсем.

Қызығы жоқ жалғаныңның аңдасам,

Ғайып болып, ғарышқа ұшып, 

Самғасам.

Неге көрдім, жарық сені, жалтарғыш?

Тездеп барып тозақ отқа жанбасам...

Сар түйе күйіске енген шөгерілген,

Көк езу болып апты көк өрімнен.

Ілінген көк төсіне бір тал ноқат –

Бозторғай шырылдайды шебер үнмен.

Кеудесі қоңыр дөңнің балбыраған,

Бойында бере салып барды маған.

Мүлгиді, ат үстінде қойшы байқұс,

Бишігі тақымында салбыраған.

Төгіліп алтын шапақ шартараптан,

Жоғалды ізім­ғайым қар танаптан.

Мейірім­махаббатты идіріп күн,

Бір уақ бәрімізге арқалатқан.

***

Жанымды жай таптырмай…

Елегіздім,

Бал жағып, бармағыңды неге еміздің?

серік БайхоНов

серік БайхоНов

аҚыНДаР

аҚыНДаР

(Жалғасы. Басы өткен санда)

Сенің назың, қылығың,

Еркелігің, ұғымың –

Тұп­тұнық­ау кіршіксіз,

Мөлдіріндей шынының.

Жаның тұнған нәркестік,

Сезіміңді әлпеш қып.

Маған құшақ жаясың,

Қылық тауып әр кештік.

Ақ зерім­ау, 

лағылым,

Арман, қиял, сағымым –

Мың бір түндік ләззат,

Ал ұғынсаң – тағылым...

***

Қағасың қанатыңды қалықтатып,

Табасың жәннатыңды шалықтатып,

Жәут еткен қарашығың – Тынық мұхит,

Тымыққа батып кету – анық бақыт.

Қайдағы қиялымды қозғағандай,

Жұтынам ес алдырған бозбаладай. 

Деміңнен ескен жұпар мас қылады,

Кеудемде егде жүрек қоздағандай.

Әйтеуір, 

есірікше 

елігемін,

Өзіңді 

Ай­періге телігемін.

Шалығың тиіп маған кеткендей­ақ,

Көркіңе көзімді алмай 

емінемін.

Жаныма маза бермей 

тызақтаттың,

Қасыңнан ұзатпайтын тұзақ таптың.

Жұтылам кездейсоқтан –

жұмбағыңа,

Көзіме елестейді: қыз... әппақ... түн...

***

Сілбілеп жауын жауды...

Сұрқай ғалам,

Түксиіп, басты еңсені – сырт, айналам.

Сезімнің терезесін тамшы ұрады,

Жан таппай бебеу қағып, шырқ айналам.

Ақ нөсер апай­топай селдетеді,

Бір сәтке дамылдасаң нең кетеді?

Көк аспан – көз шарасы ақ зер қыздың

Сағыныш саған деген шөлдетеді. 

Сілбілеп жауын жауды түніменен,

Көңілге кірген еді, күнім, елең.

Жымиып бір күлесің, ынтықтырып,

Бітеді –

Біле алмаймын, түбі немен?

Ақ нөсер ақ жүзіңді шимайлайды, 

Кеудемде 

 

асқындайды сыймай қайғы.

...Кетермін батқан күннің шапағымен,

Өзіңнің қылығыңды қимай мәңгі.

СҮТТЕЙ ТҮНДЕ



Ғарыш мені әкетеді ақталап,

Періштеге айналамын ақ қанат.

Бақилықтың босағасы – 

Ақ зәулім,

Мәңгі сені 

Әппақ етіп сақтамақ.

***

Сын сағатта жалт беретін жалғандық,

Біле тұра... қанша соған алдандық.

Қалпағымды «алшы киген» тұстарда,

Кісіліктің бетін кеттік дал­дал ғып.

Мұртым аздап несібеңе майланса,

Менсінбедік жабағы мен тайды онша.

Ертең күні ат боларын ойламай

Шайналады бармақ, шіркін, шайналса.

Ұстап қалсам пенделіктің мансабын,

Өз буыма өзім пістім қанша күн.

Ақша шаштым бей­берекет әспенсіп,

Ықыласын аламын деп ханшаның.

Күйіп­жанып неше мәрте қапылдым,

Жоқ екенін біле тұра қақымның.

Жалғандықтың ұстаймын деп жалынан,

Ақиқаттың арқанына шатылдым.

***

Төгіліп, алтын шапақ шартараптан,

Жоғалды ізім­ғайым қар танаптан.

Мейірім­махаббатты идіріп күн,

Қатыгез қара жерге арқалатқан.

Шарбы бұлт қол шапаттап жөңкіледі,

Бу шашып бықсып қорда, төл түледі.

Шоңқиып сар бәйбіше рахаттанды,

Көңге сап, екі аяғын көлкімелі.

Көңілдің көк жиегі тас қараңғы,

Тастанды қыстаулардай көне біздің.

Шабамын есім шығып, андағайлап,

Басымнан ауған екен, жалған­ай, бақ.

Дүние көзге түртсе көрінбейді,

Мен бір жан кеткен дұшпан талға байлап.

Жүрегім қасіреттен қан қақсаған,

Кім болды қол жұмсаған алғаш маған?

Айналып шапақ­нұрға

Зәуде ғалам,

Әлемге кетсем ұшып жан баспаған.

Байқасам, әлдеқашан өлген екем,

Болыпсың баяғыда­ақ сен де бөтен.

Қалайша ессіз соқыр күйге түстің?

Бір басым қалың сордан кенде ме екен?

Жанымды жай таптырмай…

Елегіздім,

Білдім де адасқанын кемеміздің.

Кеудемнің қазынасы – қалың құса,

Жолымыз екі айрылды неге біздің?

***

Тереземнен телміреді түн дүлей,

Аңдып отыр қимылымды мүлгімей.

Далада – аяз, 

Өзек те – аяз.

Саршұнақ,

Кірпігіме мұз қатады сүңгідей.

Соқты боран күртік қарға малтығып,

Шарбақта – уіл, 

Жүректе – уіл: «шалқыдық».

Сарсаң ойға қор болдым­ау лажсыз,

Жабағыдай бөрі жеген талқы ғып.

Тылсым әлем.

Көк пен жерің тұтасқан,

Көрінбейді көңілімнің құты – Аспан.

Мәңгүрт түнде малжаңдаймын қи шайнап,

Тірлігімнен кетіп тұр ғой тұтас мән.

Қуыс кеудем азынайды...

Ұқпаймын,

Жұтып тынар жүрегімді 

Жұт­қайғым...

Құрсауынан мына түннің құтылсам, 

Қарсы алдымнан шығатындай шыттай Күн.

Уайымың қарап тұрсам – ит.

Батам,

Кетіп қалды бойымыздан күйт, ботам.

...Шарылдаған жылауықтай, тым заржақ,

Қу боранды қайтсем енді

«Ұйықтатам»?

***

Жасырынып, шарбы бұлтқа 

Ай­сылаң,

Бұғынады,

Ұялды екен қайсыдан?

Көкірегін көк жүзінің көк шулан,

Серуендеп,

...сезім қанат жайса лаң.

Быжынаған ал жұлдызы 

Аспанның,

Сүттей түнде 

Көк майсаны жастандым.

Тынбай, танбай 

шырылдайды шілделік,

Қарап тұрып, 

у шапаққа мастандым.

Маңдайымнан аймалайды самалы,

Көңілімді қобалжытты

шамалы.

Жүрегімнің шүпілдеген шеріне,

Көктен жұлдыз шолп­шолп етіп, 

тамады...

Әп сәтінде­ақ, күйге түстім шырғалаң,

Құшағына тартты әкетіп, 

...бір ғалам.

Шілде түні шымырлатып жүйкені,

Ай­сәулімім, ақыл­есті 

ұрлаған.

Онша қашық емес екен 

Жерден 

Күн

Тәңірілік сұлулықты көрген кім?

...Ай­арумен ақ ұлпаға құладым,

...Есім жидым 

 

иісінен 

 

 ерменнің.

***

Сенің назың...

Қабағың...

Әппақ қандай тамағың.

Ал мойның –

Алманың –

елестетер сабағын.

Көзің неткен аялы

Мейірімін жаяды.

Жаның әркез, 

Қиналсам –

болар маған саялы. 

14

№11-12 (1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал