Бір тойым болатыны сөзсіз менің



жүктеу 1.47 Mb.

бет10/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.47 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ҚАЗАҚ 

ҚОЛЖАЗБАЛАРЫ 

Оңласын  “Ара­Шмель”  журна­

лында жауапты хатшы болып жүргенде 

де  фельетон  жазумен  айналысты. 

Ал,  “Заң  газетінде”  бірге  қызмет 

атқардық. Бұл газетте де фельетон жа­

зуын жалғастырды. Ол уақытта, заман 

ағымы  солай  болды  ма,  газеттер  фе­

льетон жанрын елеусіз қалдырған еді. 

Еш  газет  фельетон  жария  ла майтын. 

Белгілі  сатирик­жазушы  Сабыржан 

Шүкіров  ағасы  сол  кезде  Оңласынға 

“Көзі тірі фельетонист” деп әзілдейтіні 

де  сондықтан  болар.  Ол  бұл  газет­

те  фельетон  жазумен  қатар,  “Бір 

қылмыстың  хикаясы”  деген  айдар­

мен небір қандықол қылмыстың бетін 

ашқан  мақалалар  жазды.  “Шытыр­

ман оқиғалы шығармалар” сериясын 

жүргізді.

Газеттің қиын да ауыр жұмысынан 

қолы қалт етсе әдеби шығарма жазды. 

Со ның  бірі  –  “Дерт”  повесі  кезінде 

Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер 

министрлігі мен “Жалын” журналының 

бас бәйгесін жеңіп алды. Ол уақытта 

мен  Қазақ  радио сында  қызмет 

атқаратынмын.  “Дерт”  повесі  біздің 

радиода радиодрама ретінде де берілді. 

Оның алдында мен Оңласынның осы 

радиоға “Қайсар ғұмыр” деген радио­

драмасын бекіттіріп, редактор болған 

едім. Ұмытпасам, Ұлы Отан соғысынан 

қайтқан солдаттың ауыр тағдыры тілге 

тиек етілетін. Ауылда қатар өскен орыс 

қызы  жаны  жаралы  қазақ  жігітіне 

сақ, кекештендіру кеңес кезінде Қазақстанды 

басқарған  көкелердің  орысшылдығынан, 

мәскеушілдігінен және қазақ ұлтының аман-

есен сақталып қалуын ойламауынан болды 

десек ше? Мұндайда өткеннің бәрін керемет 

деуге  құмарлық  па,  әлде  тайпашылдық  па 

–  кім  білсін,  сол  кездегі  Қазақстан  басшы-

сына шаң жуытпай, кінәнің бәрін Мәскеуге 

ғана  жауып  өте  шыққысы  келетіндер  көп-

ақ.  Олардың  сөзіне  сенейін  десең,  мына 

тұрған Өзбекстанның сол кездегі басшылығы 

қандай керемет ұлт саясатын жүргізгенінен 

хабарымыз бар. Олар Өзбекстанда тұратын 

бүкіл  қазақ,  ұйғыр,  қырым  татары,  ноғай 

атаулының  ұлтын  «өзбек»  қып  жаздыр-

ды.  Сөйтіп,  республика  халқының  басым 

көпшілігі «өзбек ұлты» болып шыға келді. Де-

керек» деп байбалам салғанына да Шараф 

Рашидов акаңыз құлақ асқан жоқ. Сол кезде 

Қазақстанда  700-ден  астам  қазақ  мектебі 

жабылып жатты.

Міне, біздің кекештенуіміз содан бастал-

ды. Осы күні жаңағы ақсақал қазақтың теле-

дидар  алдында  ыңқылдап-сыңқылдап,  өз 

ойын өз ана тілінде жеткізе алмай тұтығып, әр 

сөзін орысшамен «укреплять» етіп, «утружда-

ющее состояниеге» тап болып тұруы сол «ла-

боратория дружбы народов» болуымыздың 

зардабы  екеніне  келісіңіз.  Иә,  қазақта 

«өспейтін бала иткөсік қазады» немесе



«ӨСПЕйТіН ЖігіТ ӨНбЕйТіН ДАУДЫ 

ДАУЛАйДЫ»

деген ұлағат бар. Сондықтан өткенді қаужап, 

өнбесті даулап жатпай-ақ Ресейден азаттық 

алдық  деуге  әлдекімдерден,  әлдебір  мем-

лекеттен үркіп, «егемендік алдық» дегеннен 

бері де тіліміздің сол заманда басынан тайған 

бағын қайтара алмай отырғанымызды күніге 

жүз мәрте қайталасақ та, ұлтымызды аман 

сақтаудың ең басты жолы – оның тілін, ең бол-

маса, өз елінде бақытты тіл ету үшін қандай 

іске барсақ та айып емес. Амал не, оның ор-

нына бүгінгі азат қазақтың қазақ ша сы күн-

нен-күнге орысшаның аудармасына ай налып 

барады.  Әлгінде  мысалға  келтірілген  бала 

қазақтың  да,  қырықтың  қырқылжыңынан 

асып, елуді еңсерген, алпысты алқымдаған 

аға қазақтың да өз тілінде қақалып-шашалып, 

кекештеніп сөйлеуі де қазақ тілінің қолданылу 

кеңістігі  тар,  яғни  отбасы-ошақ  қасылық, 

туған күн-жуған күндердің ғана тілі болудан ә 

рі аса алмай қалуының кесірінен болып отыр. 

Ол аз болса...

Иә, ол аз болса, қазір қазақ балаларына 

мектептен  бастап-ақ  үш  тіл  үйретілу  қолға 

алынды. Ал бір ұлтты жойып жіберу үшін оны 

екі тілде сөйлету, яғни қос тілділікті енгізудің 

өзі-ақ  жетіп  жатқаны  әлемдік  тәжірибеде 

дәлелденген. Оны тар кеудесі терең ойдың 

қисапсыз  қазынасындай  болған  ғаламат 

шайыр  Әбубәкір  Кердері  «тілі  екеудің  – 

діні  екеу»  деп  бекер  айтпаған.  Айтпақшы, 

Ресейдің Астрахан (Хажы Тархан), Оренбург 

(Орынбор),  Саратов  (Сарытау),  Орск  (Ор 

немесе  жаманқала),  Челябинск  (Селебе), 

Омск (Омбы) облыстарында тұратын қалың 

қазақтың  бірде-бір  мектебі  жоқ.  Өйткені 

Ресей қашаннан, ең алдымен, тіл саясатын 

–  орыс  тілінің  қай  жерде  де  үстем  болуы 

саясатын ұстанады. Қазір Қазақстанда Ресей 

құзырындағы  телеарналардың  күндіз-түні 

орысша  сарнап  тұруы  да,  Астана,  Алматы 

шаһарларын айтпағанда, негізінен, қазақтар 

тұратын аудан орталықтарының өзінде орыс 

газет-журналдары қардай борап жатқаны – 

бәрі-бәрі қайткенде орыс тілінің үстемдігін 

орнату саясатына тікелей байланысты.

Міне, өз мемлекетінде өзге тілдің қана-

тын кең жаюына жағдай жасап қойғандық-

тан да қазекең өз тілінде кекештеніп, өз тілін 

орысшаның сөзбе-сөз аудармасына айнал-

дырды. Дәл осы мақаланы жазып отырғанда 

«31 канал» телеарнасынан журналистің «Елік-

ті заңсыз атудың екі фактісі тіркелді» дегенін 

естіп, «шынымен-ақ, осылай кеткеніміз бе, 

қазақ бір нәрсені айту үшін оны орысшадан 

аудармаса, шынымен-ақ өз ойын жеткізе ал-

майтын күйге түскені ме?» деп қамықтық (4 

қараша, 2011). Енді бірде «Биыл бұл көрсет-

кіш 18,7-ні құрап отыр» дегенді құлағымыз 

шалды. Біле білген қазаққа мұның бәрі тілдің 

құнын әбден түсіріп, түкке тұрғысыз етудің 

әлде әдейі жасалған тәсілі, әлде барып тұрған 

надандығы  емес  пе?  Дәл  сол  сәтте  мына 

жақта «Хабар» арнасынан Д.Қуатбай деген 

журналист  қыз  «жайнагүл  жиырма  жасқа 

жаңадан толғанына қарамастан» деп қуана 

хабарлап жатты. Бұл қыз өзі журналист бола 

тұра, есті қазақ ешқашан «жаңадан толған» 

демей, «биыл ғана толған», «жақында ғана 

толған» дейтінін білмеуі неліктен дер едіңіз?

Иә, қазақтың тіліне төнген қауіп бұрын-

ғы дан зәредей де кеміген жоқ. Қазір тілдің 

бұлайша бүлінуіне қазақ журналистері мен 

өздерін жазушы деп атап жүрген тіл білмей-

тін жаз ғыштардың өздері де себепкер бо лып 

отыр.  Олар  қазір  «ортақол»  және  «ор тан-

қол дай»  немесе  «бел  байлады»,  «самар-

қау»,  «керенау»,  «енжар»  деген  сөздер ді 

шатастырып, жұртты адастырып жүр. Қазақ 

онша білікті емес, онша шебер емес адамды, 

тұрмысы  нашарлау  отбасын  «ортақолдау» 

десе, мықты, алымды-шалымды, беткеұстар 

адамды  «ортаңқолдай»,  «міне,  мынадай» 

деп ортаңғы саусағын көрсетеді. Қазақ бір 

іске  батыл  кіріскен  адамды  «бел  буды», 

«белін буып кірісті», «тәуекелге бел байлады» 

дейтін еді. Оны осы күнгі жазғышсымақтар 

мен айтқышсымақтар «бел шешіп кірісті» деп 

надандыққа жол беріп жүргенін байқамай-

тын сияқты. Әдетте, адам баласы белін шешіп 

демалады,  тынығады  көліктен  түсіп,  белін 

шешіп тынығуға беттейді. Әсіресе, теледидар 

журналистері «алға тартты» деген сөзді өте 

орынсыз пайдаланатын болды. Бұл – барып 

тұрған жұртты адастырудың нақ өзі. Әйтпе-

се, олар «алға тартты» деген сөз тіркесі «бір 

нәрсені дәлелдеуге тырысты», «соны сылтау 

қылды, желеу қылды» деген мағынада пай-

даланылатын еді. Ал бұлар оны мүлде теріс 

мағынада, жағымды іс-қимыл ретінде пай-

даланатын болды. «Немқұрайды» деген сөз 

А


12

№11-12 (1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл


АНА ТІЛІ

ағалардың алақаны

Мектептен 

кеткен МҰғаліМ

Қара халық ауырса,

Дәрігерді шақырады.

Қаратерең ауырса,

Сенетіні – Шәкірат...

(журналистік фольклордан)

Біздің  ауылдың  адамдары  алқа­қотан 

бас  қоса  қалғанда  теңіз  қолтығындағы 

түбекте  туып,  есімі  жалпақ  жұртқа  мәлім 

болған танымал перзенттері туралы дамыл­

сыз әңгімелеп отырар еді. Бұл Қаратереңнен 

кім  шықпаған?!  Аралдың  атын  әйгілеген 

атпал балықшылар да, зеңгір көкті шарлап 

жүрген ұшқыштар да, күміс көмей әншілер 

де, сылаң қаққан сылқым артистер де осы 

топырақтан өрген. Жұрт солардың бір кез­

де ауыл ішінде алшаң басып жүрген кезін 

емірене еске алады. 

Осылардың  ішінде  менің  екі  ағамның 

есімі  ерекше  аталатын.  Өздері  ағалы­інілі 

кісілер. Мамандықтары журналист болған 

соң ба, осы екеуі әңгіме арқауына айналды 

дегенде,  өз  басым  елең  ете  қалам.  Аттары 

да  қатты  ұқсас.  Ағасы  –  Шәкірат,  інісі  – 

Шәкізат. Екеуі де ауылдан ілгеріде кеткен. 

Бірақ дақпырты ел ішіне күнде жетіп жатады. 

Шәкірат және Шәкізат Дәрмағамбетовтер 

Сыр  өңірінің  ең  мықты  журналистерінің 

қатарында  бағаланады.  Бірі  –  Аралды, 

екіншісі  –  Қызылорданы  мекен  етсе  де, 

республикалық басылымдарда олардың сала 

құлаш мақалалары жиі жарияланып тұрады. 

Мектепке  алғаш  барған  кезіміз  еді. 

Күн  сайын  бір  қызыққа  бататын  бастау­

ыш  кластың  кәдуілгі  тіршілігі.  Үзілісте 

кластасым  Талас  Баймағамбетов  өкіріп 

жылап келді. Сірә, жоғары класта оқитын 

балалар танауынан сүйкеп жіберсе керек. 

Келді де, бізге мұңын шақты. «Мен оларды 

Шәкірат ағама айтып, с­о­о­т­та­а­там!» – 

деді. Өзі әлі солығын баса алмай тұр. Сол 

күні мен Шәкірат деген есімді бірінші рет 

естідім.  Таластың  арқа  сүйей  сөйлегені 

соншалық,  маған  біздің  аймақта  одан 

қауқарлы,  одан  құдіретті  кісі  жоқ  секілді 

көрінді.  Сөйтсем,  Шәкірат  ағам  сұсты 

сот та емес, сесті сақшы да емес, жай ғана 

собкор  екен,  яғни  қолына  қалам  ұстаған 

журналист. Қызылорда облыстық «Ленин 

жолы» («Сыр бойы») газетінің Арал және 

Қазалы аудандарындағы меншікті тілшісі 

көрінеді.  Оны  өсе  келе  ұғындық.  Ал  Та­

лас досым таяқ жеп қалған күннен бастап 

мен оның күн сайын жарық көріп жататын 

мақалаларының  аяғындағы  есіміне  үнемі 

көз салып жүретін болдым.

Әрине, Таласқа тиісті екен деп Шәкірат 

ағам үшінші кластың балалаларын шетінен 

шырылдатып соттатып жіберген жоқ. Бірақ 

бәрібір оның ел ішіндегі журналист ретіндегі 

беделі өте жоғары еді. Басшылар жаппай са­

насады.  Күллі  Қаратерең  оған  шаруа  айту 

үшін  Аралға  ағылып  кетіп  жатады.  Біздің 

ауылдың беймаза адамдары қазаны піспей 

қалса  да,  ауына  балық  түспей  қалса  да 

Шәкіратқа барып шағынады. 

Кейін  өзін  де  көрдік.  Жауырыны 

қақпақтай, еңселі кісі екен. Түрі сұстылау. 

Қоңыз  мұрты  бар.  «Жауыз  Гитлерге  ғана 

үйлесетін  империалистік  икемсіз  үлгідегі 

жексұрын  мұртты  мына  кісі  қалай  қойып 

жүр екен» деп таңғалғаным есімде. 

Мені  таңдай  қақтырған  нәрсе  мынау 

болды.  Бұл  ағамның  әу  бастағы  таңдаған 

мамандығы журналист емес, мұғалім екен. 

Бір  кезде  ол  Қаратереңдегі  жеті  жылдық 

мектептің  директоры  болыпты.  Одан  соң 

Та  рас Шевченко атындағы балық колхозы­

ның партком хатшысы болып істеген. Кейін 

«Социалистік Арал» газетінің редакциясына 

қызметке тұрған. Сол «Социалистік Арал» 

Шәкірат ағама құт болған. Тілшіден бастап, 

редактордың орынбасарына дейін өскен. Ал 

облыстық газеттің меншікті тілшісі қызметін 

ұзақ жыл атқарды. 

Әсіресе оған ауыл әйелдерінің ықыласы 

тіпті бөлек­ті. Төртқаралардың түтінін түзу 

ұшырып отырған келін­кепшіктердің бәрі 

оны «жазушы қайнаға» деп атайды. Айтқанда 

да,  соны  бір  аса  жағымды  әдемі  әуенмен 

айтады.  Соны  естіп,  танауы  құрғамаған 

қарасирақ екенімізге қарамастан, жазушы 

болғымыз  да,  қайын  аға  болғымыз  да  кеп 

кетеді. Былай қарасаң, кім облыстық газеттің 

меншікті тілшісі болмай жатыр?! Бірақ соған 

қарамастан, оның ел арасындағы абыройы 

әкім­қаралардан  кем  емес­ті.  Ауылымыз 

оны пірмен бірдей көреді. Сол тұста айты­

латын ол туралы әсерлі эпитеттерді шұбырта 

беруге  болар  еді.  Журналист­жазушы, 

қарымды  қалам гер,  қажырлы  қайраткер, 

қадірлі қайын аға... Енді одан артық не ке­

рек? Соның бәрі құлағымызға тиген сайын 

аузымыздың суы құри түседі.

Бір күні Шәкірат ағамның «Арал арайы» 

деген кітабы шықты. Бұл кітапты бүкіл ауыл 

үтір­нүктесіне дейін оқыды. Ағамыздың сол 

тұстағы  осы  жалғыз  жинағынан  теңіздегі 

шағаланың  шаңқылы,  дарияның  суының 

сылдыры естіліп, Қаратерең құмының табан 

тигізбейтін ыстығы сезіліп тұратын секілді 

көрінетін маған. 

Бәлкім,  қос  Шәкеңнің  әсері  шығар, 

біздің  ауыл  штаттан  тыс  тілшіге  жарыған 

ауыл  еді.  «Тіс  қаққан  үш  тілшіге  бергісіз 

бір  штаттан  тыс  тілші  болады»  дегендей, 

төрт­бес бөлімшесі бар біздің Қаратереңнің 

әр  бөлігінде  бір  жазғыш  тұрады.  Көне 

Қаратереңнен  –  Аралбай  Нарымбе­

тов,  Көлжағадан  –  Дәріқұл  Махамбетов, 

Жаңақоныстан Жылқайдар Әбдірейімов пен 

Роза Ілиясова үзбей жазып тұратын. Әсіресе, 

Арекең мен Жылқайдардың қарымы бөлек­

ті.  Мақалалары  өте  жиі  жарық  көреді. 

Аралбай ағам аудандық «Толқын» газетінің 

тілшілерінің  өзіндей  тым  белсенді  еді.  Ал 

Жылқайдардың жазған дары кейде талайдың 

қолы жетпейтін «Ленин  шіл жастың» бетінде 

көсіліп жатар еді.

Қаратерең  жазу­сызуға  о  бастан  сау­

атты ауыл­ды. Тіпті ет қызуымен желпініп 

отырып, жоғарыға ашумен жазып жіберген 

інілі екеуі ауыл адамдарының аманат айта­

тын депутаты секілді еді. Әйтеуір, ертелі­

кеш ағылып келіп жатқан жұрт. Біріне – оқу, 

біріне  жұмыс  керек.  Шаруасы  біткендері 

көп  аялдамай,  елге  қайтып  бара  жатады. 

Жұмысы  бітпегендері  аяғына  оралғы  бо­

лып,  редакцияның  босағасында  сарылып 

күтіп отырады. 

Университеттің журналистика факуль­

тетінде  де  небір  марғасқалармен  бірге 

оқыпты.  Мардан  Байділдаев,  Сейдахмет 

Бердіқұлов,  Жанәбіл  Темірбеков,  Жол­

барыс  Баязитовтермен  студент  көжесін 

бөліп ішкен. Қашан да тақырып пен теңеу 

тапқыштығымен ерекшеленетін Сейдағаң 

Шәкізатты  ірі  денесіне  қарап,  «Добал­

дай»  деп  атапты.  Бұл  есім  содан  соң  оған 

желімдей жабыса қалған.

Шәкізат  Дәрмағамбетов  үнемі  тың 

тақырыптарды  қаузады.  Ол,  жасы  ұлғай­

ғанына  қарамастан,  журналистикада 

эксперименттік  дүниелерге  батыл  барды. 

Заман ның  тынысын  жақсы  сезіне  білді. 

Мысалы,  «Ғажайып  сол  кезді  аңсаймын» 

деген дүниесі осы үрдіспен он жыл бұрын 

жазылған. Автор Тәуелсіздіктің 20 жылдығы 

тойланатын  жылдың  оқиғалары  туралы 

қалам  тербейді.  Аралдың  ертеңіне  үлкен 

үмітпен үңіледі. Оның толғаныстарын оқи 

отырып, бүгінде өмірден өтіп кеткен қадірлі 

ағамыздың  көрегендігіне  тәнті  боласың. 

Оптимистік  көзқарасқа  толы  ойлы  очерк 

жүрегіңді  жылытады.  Соңғы  жылдарда 

ол  жұмбағы  көп  тылсым  тақырыптарға 

қалам  тербеді.  «Қызыл  қашар  хикаясы», 

«О  дүниеде  үйленгендер»,  «Ат  қоюды 

сұраған түсік», «Белбеу мен шапалақ», «Ат 

үстіндегі операция», «Айнұр ару», «Мәриям 

шөбі» атты туындылары оқырманды бірден 

еліктіріп әкетеді. Тақырыбының өзі оқуға 

жетелеп тұрады. 

Әсіресе  оның  «Мәриям  шөбі»  деген 

эссесі – өте қызықты дүние. Бала кезінде 

біреуден Мәриям шөбінің қасиеті жөнінде 

әңгіме  естиді.  Ол  шөпті  қолға  түсірген 

адамның айы оңынан туады­мыс. Кез кел­

көтеріп,  қоштасқандай  болады.  Балалық 

па қайдам, жол Қаратереңге бұрылып кет­

кенше ізіне еріп жүрдік. Сол көрініс әлі көз 

алдымда тұрғандай болады. Сол кезде Ер­

назарды жек көрдім бе, аядым ба – есімде 

жоқ...». Міне, Шыңғыс Айтматов пен Ва­

лентин Распутин, Нодар Думбадзе, Василий 

Песков  шығармашылығына  арқау  болған 

майдан қашқынының шынайы суреті біздің 

ауылдан да шыға келді. Бұлай болады деп 

кім ойлаған? Тек Шәкізат ағамның жазғаны 

көркем дүние емес. Өзі куә болған оқиға. 

Соғыстың шерлі шындығы. 

Арал балықшыларының кәсіби лекси­

конына  қанығып,  олардың  тыныс­

тіршілігіне  терең  бойлағыңыз  келсе, 

Шәкізаттың  жазған  очерктерін  оқыңыз. 

Теңізден несібе терген балықшының жан­

дүниесіне  ол  кісідей  үңілген  қаламгер 

кемде­кем.  Ол  ата­бабасынан  бері  осы 

кәсіпті  серік  етіп,  қайық  ұстап,  ау  салып 

келе жатқан берекелі әулеттердің шежіресін 

жазды. Бала шағында толқынмен алысып, 

жігіт шағында дауылмен жарысып, теңізге 

тағдырын байлаған ауыл адамдарының бояу­

сыз  болмысын  бедерледі.  Осындай  терең 

талғампаздықпен,  шынайы  шеберлікпен 

жаза білгендігінің арқасында Журналистер 

одағының  сыйлығын  екі  мәрте  иеленді. 

Оқырманға «Менің замандастарым», «Қос 

қайың»,  «Еңбек  бақыты»,  «Өмір  толқын­

дары»  атты  кітаптарын  ұсынды.  Зейнет­

ке  шыққан  соң  Қорқыт  ата  атындағы 

Қызылорда  мемлекеттік  университетінің 

редакциялық­баспа  бөлімінде,  «Ақмешіт 

апталығы»,  «Сыр  мектебі»  газеттерінде 

қызмет  істеді.  Өмірден  өткенше  қаламын 

қолдан түсірген жоқ.

Ал,  Шәкірат  ағаның  жасы  сексеннен 

асты. Былтыр елге бір барғанымда сәлем бе­

ріп, кіріп шыққанмын. Бабында отыр екен. 

Алдында буда­буда қағаз. Қимыл­қозғалы­

сы ширақ. «Тұран­Қазалы» газетімен жаса­

ған контрактім бар еді. Сол бойынша жұмыс 

істеп жатырмын», – деп қояды. Сүйегі асыл 

сырбаз ағам сексеннің бел ортасына келсе 

де, қажыры мен қайратынан ажыраған емес. 

Ақ парақтың бетінде қаламын сусылда тып, 

дамылсыз жазып жатыр. «Жаз, жаз, қалам, 

жаза түс!» – деп сүйсіндік іштей. Аға йынды 

қоңыр қаз қазақ журналистикасы ның қос 

бәйтерегіндей еді. Енді сыңарынан айыр­

ылған шынардың амандығын тілейік.

Шәкірат және Шәкізат Дәрмағамбетов­

тер қазақтың талай қалам ұстаған балалары­

на ұстаз болды. Бірқатар ұландарды жазуға 

баулыды. Біразын сөз саптай білуге үйретті. 

Сондықтан  ол  екеуінің  тікелей  ен  таққан 

шәкірттері өте көп. Ал енді олардың туып­

өскен ауылы – Қаратереңнен де журнали­

стер  қаптап  шықты.  Ағалармыз  ел  ішіне 

көп  ат  ізін  сала  бермегендіктен,  олардың 

бәрі бірдей соларға шәкірт болды деп айта 

алмаймын. Мысалы, өз басым осы уақытқа 

дейін  бірде­бір  мақаламды  ағайынды 

Дәрмағамбетовтерге оқуға ұсынып көрмеп­

пін.  Елден  жырақта  жүрдік,  реті  солай 

болды. Бірақ еңселі екі ағамыздың бәріміз 

үшін бұлжымас бағдаршам, мызғымас меже 

болғанын  мойындауға  тиіспіз.  Алдымыз­

да  асқар  таудай  болып,  сол  екеуі  тұрды. 

Теңіз жағасынан жылт еткен маяк көрген 

балаңдау балықшыдай ессіздік танытып, со­

лар кеткен жаққа қарай жаныға ұмтылдық. 

Қазақ журналистикасындағы діңгегі берік 

қос шынар адастырмас белгі, айнымас үлгі 

болды.  Алдымызда  солар  тұрмағанда,  кім 

біледі... 

Шәкізат  ағаның  өзі  Шәкірат  ағасына 

шәкірт  болғаны  айдан  анық.  Олардың 

соңынан Бегімбай Ұзақбаев деген қарымды 

журналист өз соқпағын салды. Көсем сөзге 

ғана  емес,  көркем  сөзге  де  бейім  екенін 

байқатып, тарихи тұлғалар туралы тағылымды 

туындылар  жазды.  Осы  үшеуін  қазақтың 

үш биіндей көрмесем де, үйлесімді үштаған 

санағаныма  дау  жоқ.  Шама­шарқымызша 

жазу­сызуға  үлес  қосып,  үштағанды 

төрттағанға  айналдыр ған дай  болдық.  Ал 

бізден кейін ауылдан шыққан журналистер 

жауыннан соңғы саңырауқұлақтай жиі бой 

көрсетті. Қазақтың қара шаңырағы – КазГУ­

дің журналистика факультетін бітіргендерінің 

өзі он шақты болып қалар. Басқа оқу орын­

дарын  тәмамдап,  журналистиканың  бел 

баласына  айналғандар  да  жетіп­артылады. 

Әрқайсысы өз бетінше жортты. Әрқайсысы 

журналистиканың  әр  саласын  таңда ды. 

Шәкірат пен Шәкізат ағаларым салған қас­

қа жолға өз соқпағымен келіп қосылғандар­

дың  ішінен  «Алматы  ақшамы»  газетінің 

бөлім меңгерушісі Айнабай Мәдиев, «Аста­

на»  журналының  шолушысы  Әмірхан 

Алмағамбетов,  Қорқыт  ата  атындағы 

Қызылорда  мемлекеттік  университетінің 

журналис тика  кафедрасының  доценті, 

филология ғылымдарының кандидаты Зух­

ра Ермағанбетова, «Хабар» агенттігінің ре­

дакторлары  Шынар  Омарова  мен  Нұрбек 

Әмиша,  «Қазақстан»  ұлттық  арнасының 

репортері  Бақытжан  Омаров  сияқты  қыз­

жігіттердің бұл мамандыққа адалдық таны­

тып келе жатқанын айта кеткен жөн. Қазір 

интернеттің иіріміне зер салсаң, Қаратерең 

орта  мектебінің  бірқатар  оқушыларының 

бұрқыратып  жазып  жүргенін  көресің.  Қос 

Шәкең жаққан шырақтың жарығы бүгінде, 

осылайша, алысқа кетті. Олар көзін ашқан 

бұлақ арнасын кеңейтіп, ағынды дарияға ай­

налды. Ағайынды қоңыр қаздың тағылымды 

тұлғасы бізге сонысымен де қымбат.

 

* * *

...Баяғыда беделді бір мұғалімнің мек­

тепте көп тұрақтамай, басқа салаға ауысып, 

тыңнан жол салғаны өте оңды бопты. Сол 

жолдың  жолаушылары  жыл  өткен  сайын 

көбейіп келеді... Айтпақшы, бірқатар белесті 

игеріп,  ердің  жасы  елуге  келіп  қалсақ  та, 

бізді ешкім Шәкірат ағам сияқты «жазушы 

қайнаға» деп атамайды. Соған қарағанда не 

жазушы, не қайын аға болып жарытпадық, 

білем...

Бауыржан оМаРұЛы

АҒАЙЫНДЫ


қоңыр қаз

арыздарының  өзінен  грамматикалық  қате 

табу қиынның қиыны болатын.

Осындай  сөз  қонған  ауылдан  шыққан 

Шәкірат ағам бүтіндей бір саланың көшін 

бастады. Өзі салып, өзі кеңейткен сол кісінің 

сүрлеуіне кейін біз де келіп түстік. 

«ықпаған балықшы 

балықшы Ма?!»

Білетіні – бір сала,

Бүк түсірер белдіні.

Аралда өзі тұрса да,

Алты алашқа белгілі.

(журналистік фольклордан)

Шәкірат  ағам  тақырып  табудан, 

кейіпкер таңдаудан алдына жан салған емес. 

Оның  кейіпкерлерінің  тағдырына  әлемге 

аты мәшһүр Василий Песковтің өзі қызығар 

еді.  Аудан  орталығында  отырып­ақ  алты 

алашты елең еткізген ойлы очерктер жазды. 

Егер оның кейіпкерлері Василий Песковтің 

немесе  Ярослав  Головановтың  қолына 

түссе, бұл кісілер абырой мен атақтан кен­

де  болмас  еді.  Алайда  қазаққа  қырындау 

келген заманда Шәкеңнің облыстық және 

республикалық  баспасөзде  жарияланған 

мақалаларын  жұрт  сүйсіне  оқығанымен, 

оның  кейіпкерлерін  ұлықтауға  ешкім 

құлықты бола қоймады. 

1948 жылы ақпан айында Арал теңізінің 

төсінде  бұрын­соңды  құлақ  естіп,  көз 

көрмеген  ерлік  жасалды.  Қазақ  ұшқышы 

Хамит  Қалиев  бес  күн,  бес  түн  бойы  мұз 

үстінде  ығып  кеткен  балықшыларды 

құтқарып  қалды.  Қалай  дейсіз  ғой?!  Ол 

ұзындығы  жүз  метрден  сәл  ғана  асатын, 

жиегі әбден мүжілген мұздың үстіне ұшақты 

қондырды! Сөйтіп, қатты қалжыраған екі 

балықшыны ұшақ ішіне көтеріп мінгізеді. 

Соғыстағы  бар  тәжірибесіне  сүйеніп, 

асқан  шеберлікпен  әуеге  көтеріледі.  Жан 

баласы  сенбейтін  оқиға!  Бауырын  жа­

зып, жүгіріп ұшып, жорғалап қонатын сол 

заманғы  «Кукурузник»  ұшағының  басқа 

ұшқыштары мұндай тәуекелге өлсе де бар­

мас еді! Қаһарлы қыс, долы дауыл, арыстан 

жал толқын... Ұшақ алға ұмсына бергенде 

мұз  жарылып  кетіпті...  Бәрінің  де  көрер 

жарығы  бар  екен.  Алланың  құдіретін­ай! 

Сондағы челюскиншілердің өзі жіп есе ал­

майтын ғаламат ерлігі үшін ұшқыштың не 

марапат алғаны қызықтыратын шығар сізді. 

Аралдағы «Рыбакколхозсоюз» мекемесінің 

төрағасы  Қали  Құмаров  шын  жүректен 

алғыс айтып, ақшалай сыйлық береді. Соны­

мен болды. Хамит Қалиев соғыста да жой­

қын  ұшқыш  болыпты.  Шағын  ғана  ПО­2 

ұшағымен жауға бүйідей тиген. Майдан дағы 

ерліктері  үшін  «Қызыл  жұлдыз»  орденіне 

ұсынылған. Ал бейбіт күндегі ғажайып ерлігі 

үшін көрген сыйы – жаңағы. Жоғарғы жақ 

та, қарап қалмай, Хамит Қалиевті «Құрмет 

белгісі» орденіне ұсынғанға ұқсайды. Бірақ 

оның  құжаттары  түрлі  себептермен  тиісті 

орындарға жіберілмей қалған. 

Бұл  тұста  «Правданың»  сол  жылғы 

2  наурыздағы  нөмірінде  «Самолет 

балықшылар ды тапты» деген қысқаша ха­

барлама жарияланды. Онда: «Осы жақында 

аса  күшті  дауыл  үстінде  адамы  бар  мұзды 

жағадан  бөліп,  Арал  теңізіне  алып  кетті. 

Ол  адамдарды  құтқару  үшін  Қазақстан 

азаматтық  әуе  флотынан  тәжірибелі 

ұшқыштар Қалиев, Захарченко жолдастар 

басқарған  самолет  жіберілді.  Ұшқыштар 

оларды теңізден тауып, үлкен қауіпке бел 

байлап,  кішігірім  ыққан  мұзға  қонды. 

Сөйтіп, балықшылар апаттан құтқарылды. 

Азаматтық  әуе  флотының  басқармасы 

ұшқыштардың бұл ержүрек ісін атап өтті». 

Ал  олардың  атап  қарық  қылмағанын 

жоғарыда айттық. 

Негізінде  Хамит  Қалиевтің  орнына 

Гончаров деген ұшқыш баруы керек екен. 

Ол  мұндай  күрделі  тапсырманы  орындай 

алмайтынын айтып, бірден бас тартыпты. 

Ал «Правдада» аты аталған авиатехник За­

харченко алғашқы сапарда өзін өте жайсыз 

сезінеді. Хамит соған бола жағалауға қайтып 

оралады.  Ақыры  мұз  үстіне  қонуға  бел 

байлаған кезде ол Захарченконы ұшақтан 

түсіріп  кетеді.  Ерлікке  қатысы  болса  да, 

болмаса да, іргелі ұлттардың өкілдерін да­

мылсыз  дәріптеп  отыратын  «Правданың» 

пиғылы­ай...  Кейде  «сол  кезде  Хамит 

ағамыздың  орнында  Гончаров  немесе  За­

харченко  болғанда,  олар  кеңес  елінің  ең 

жоғары марапатын иеленуі мүмкін екен­ау» 

деген де ой келеді...

Сол  тұста  мектеп  оқушысы  болсам 

да,  осындай  жер­көкті  шулатқан  көлемді 

очерктің авторы менің ауылдас ағам екенін 

керемет  мақтан  тұттым.  Газетті  қолдан 

түсірмей, жүз қайтара оқыған шығармын. 

Оқыған сайын қиялымды қытықтай түседі. 

Менің  де  елді  таңғалдыратын  бірдеңе 

жазғым  келеді.  Хамит  Қалиев  Шәкеңнің 

шығармашылығының  төлқұжаты  болып 

қалды.  Ол  әр  жылдарда  бұл  тақырыпқа 

қайта  айналып  соғып,  атақты  ұшқыштың 

кейінгі тағдыры жөнінде оқырманға үнемі 

мәлімет  беріп  отырды.  Осы  жағынан  да 

оның туындылары Песковтің очерктерімен 

берік үндесетін. 

Ең қызығы, мынау еді. Әлгі мұзға ыққан 

екі балықшы біздің Қаратереңнің кісілері 

екен. Бірі – Баймахан ақсақал, екіншісі – 

оның келіні Балпаң. Көрші тұратын Балпаң 

әжем үнемі біздің үйге келіп, жүн түтіп оты­

рып, менің Імия әжеммен күн ұзаққа сыр­

ласатын. Мен ол кісіден мұз хикаясын үнемі 

сұрағым  келетін.  Бірақ  батылым  бармай, 

тұрып­тұрып кетіп қалушы едім. Себебі – 

одан бұл мәселені тек Шәкірат ағамның ғана 

сұрауға  құқы  бар  секілді  көрінетін.  Ауыл 

сыртындағы қатар қонған қос төмпешік – 

екі әжемнің зиратына қарап тұрып, баяғыда 

Балпаң әжемнің бауырын жазып, армансыз 

сөйлетіп алмағаныма қазір қатты өкінемін. 

Тағы бір әсерлі мақаласының кейіпкері – 

қалмақ қызы Байыр Саранкиеваға үйленіп, 

түтін түтеткен Қожантай Нұрқасымов біздің 

ауылда тұратын еді. Бұл біздің «Қаратереңнің 

кісілері де шығармаға тақырып бола алады 

екен ғой» деген сенімімізді орнықтырды.

Шәкірат  Дәрмағамбетовтің  тағы  бір 

ғажайып  кейіпкері  –  Арал  теңізінде  он 

төрт тәулік ыққан балықшы Әбілда Меңов. 

Бұл очерктен де терең тағылым алуға бола­

ды. Көктемнің салқын ызғары есіп тұрған 

күні өмірге келген Әбілданы әкесі туа сала 

ұлы теңізге бір сүңгітіп алыпты. Жұрттың 

«суыққа қатып қалады» дегеніне көнбеген. 

Тіпті олар: «Бұл ұл емес, қыз бала ғой», – 

деп ақсақалды алдап, райынан қайтармақ 

болады. «Немене, қыз теңізге шығып, балық 

аулай  алмайды  ғой  дейсіңдер  ме?»  –  деп 

тыңдамапты. Сөйтіп, ол шарананы дүниеге 

есік ашқан күні балықшылыққа қабылдап 

жіберген. Кейін теңізде он төрт тәулік ығып, 

аман қалған баяғы сол шарананың – бүгінгі 

әйгілі балықшының өзіндік берік ұстанымы 

бар. «Ықпаған балықшы балықшы ма?!» – 

дейді ол. 

Шәкірат  Дәрмағамбетовтің  кейіпкер­

лері  осындай  өршілдігімен  ерекшеленеді. 

Ал  оның  тағылымды  туындыларын  Арал 

энциклопедиясының  немесе  Арал  этно­

графия сының  алтын  үзіктері  десе  де 

болғандай...

  Жазушы  Молдахмет  Қаназ  Жанқожа 

туралы «Егемен Қазақстанда» жарияланған 

мақаласында  былай  депті:  «Көпті  көрген 

қарт  журналист  Шәкізат  Дәрмағамбетов 

халық аузынан мынадай дерек жазып ала­

ды:  «Қан  мен  тер»  романының  авторы 

әйгілі  Әбекең  –  Әбдіжәмілдің  арғы  ата­

сы  Жанқожамен  құрдас  екен.  Бірде  ол 

батырға:


–  Жәке­ау,  пішіміңнің  бары  мы­

нау,  жауыңды  қалай  алып  жүрсің?  –  деп 

әзілдепті.

–  Алатын  жауыма  ірі  болып  көрінем 

ғой, – депті де қойыпты». Көкірегі қазынаға 

толы  қарт  журналист  сәт  сайын  мұндай 

құнды мәліметке қанықтыра алады.

Шәкірат  Аралда  тұрған  соң  ауылға 

көбірек келетін. Әңгімесі қара тасты май­

дай  ерітеді.  Бір  балықшының  өзін  «көл 

балықшысы»,  «өзен  балықшысы»,  «теңіз 

балықшысы»  деп  жіліктеп  тастайды.  Со­

дан осылардың ішінде ең беделді саналатын 

теңіз балықшысының жай­жапсарын таңды 

таңға ұрып айтудан жалықпайды. 

Шәкірат ағам елге келгенде үстіне ба­

тып кіре алмай, түскен үйінің босағасынан 

сығалап,  қоңыз  мұртына  қарап  тұратын­

быз.  Қоңыз  мұрт  әңгіме  қызған  сайын 

қозғалады.  Біздің  жұдырықтай  жүрегіміз 

бен бала қиялымыз да қоңыз мұртқа қоса 

тербеледі...

сейдахМет 

бердіқҰловтың 

курстасы

Қара халық қиналса,

Әкіматқа бет бұрар.

Қаратерең қиналса,

Шәкізатқа кеп тұрар...

(журналистік фольклордан)

Шәкірат ағаның Қаратереңнен шығып, 

қалам ұстаған он бестей ұл­қыздың көшін 

бастап  тұрғанына  дау  жоқ.  Бірақ  кәсіби 

білімге бет бұрып, КазГУ­дің журналис тика 

факультетін ауылымыздан алғаш рет бітірген 

оның інісі Шәкізат еді. Ағасының ықпалымен 

ол  да  қаламгерлік  жолына  түсті.  Қабілетін 

бірден ұштап, алысқа құлаш сермеді. Алды­

мен Қазалы аудандық газетінде өмір жолын 

бастады.  Содан  соң  Қармақшы  аудандық 

газетінің  редакторы  болды.  Кейіннен 

еліміздің  бас  басылымы  –  «Социалистік 

Қазақстанның» аппаратында қызмет істеді. 

Он бес жылға жуық өмірі осында өтті.

«Социалистік  Қазақстанның»  бас 

редактор лары  Кеңесбай  Үсебаев  пен 

Ұзақ  Бағаевтың  тәлімін  алды.  Қазақ 

журналис тикасының  сардарлары  Әзілхан 

Нұршайықов, Жекен Жұмаханов, Балғабек 

Қыдырбекұлы,  Әбілмәжін  Жұмабаев, 

Әбіраш  Жәмішев,  Құрманғали  Ұябаев, 

Нұрғазы Шәкеевтермен бірге жұмыс істеді. 

Кейінірек осы газеттің Ақтөбе облыс­

ын дағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. 

Одан  соң  елге  оралып,  ұзақ  жыл  бойы 

облыстық «Ленин жолы» газетінің жауапты 

хатшысы болды. Ол Сыр бойы халқының 

есінде  жаны  жайсаң,  жүйкесі  берік  жау­

хатшы  ретінде  қалды.  Талай  ұланға  жол 

көрсетті.  Талай  мәселеге  қозғау  салды. 

Ауылымыздың адамы болған соң ел азамат­

тары Шәкізатты да үнемі іздеп жүретін. Күн 

ұзаққа оның кеңсесін босатпайтын. Ағалы­

ген  кісінің  денесіне  шөпті  тигізіп  қалсаң 

болды, ол сенің тілегіңді бірден орындай­

тын көрінеді. Алдыңда ебелек қаға жөнеледі 

дейді.  Ойын  баласына  одан  артық  не  ке­

рек?!  Ал  енді  ол  шөпті  қайдан  таппақ?! 

Білетіндердің  айтуынша,  Мәриям  шөбін 

табу үшін тостаған бақаның мекенін іздеу 

керек.  Әр  айдың  он  төртінші  жаңасында 

әлгі шөпті бақа біткен жинап алады екен. 

Сөйтіп, бойына күш­қуат дарытатын болса 

керек.  Содан  бұл  қасына  Тағыберген  мен 

Нұрғали деген достарын ертіп, Терістүбек­

тің бүкіл тостаған бақасына жаудай тиеді. 

Шөпті  табуын  тапқанмен  құдіретін  көре 

алмай қиналады. Дүкен ұстайтын Тәуекел 

ағаларының қолына байқатпай шөпті қанша 

сүйкесе де, ол кәмпит­сәмпитінен татыр­

май кетеді. Ас әзірлейтін Айша апайлары­

нан  да  қайран  болмайды.  Қайта  бұларды 

қалағанынша жұмсап, бітпей тұрған бар ша­

руасын тындырып алады. Балық үлестіретін 

бригадир  де  шөпті  үйкегеніңе  мүлде 

пысқырмайды. Бұлар әбден күдерін үзеді... 

Ал енді осы туынды былай аяқталады: 

«Бір  күні  жасы  жиырмадан  асқан 

Мырзағали есімді ағамыз бізге сынай қарап 

тұрып:

– Осы үшеуің жұптарыңды жазбайтын 



болдыңдар  ғой.  Анау  не,  қойындарыңа 

тығып, жасырып жүргендерің, – деп жабы­

са кеткені бар емес пе!

–  Мәриям  шөбіміз  ғой,  аға,  –  деді 

Тағыберген қарап тұрмай.

– Оны қайдан алдыңдар?!

Болған оқиғаны түгелдей айтып беруден 

басқа амал қалмады. Ол әбден тыңдап алды 

да:

–  Беріңдер  маған,  сыртын  беріп, 



маңайына  жолатпай  жүрген  Қарлығаға 

барайын,  –  деп  шөбімізді  жинап  алды  да 

кетті.

...  Бір  айдай  уақыт  өтті  ме,  өтпеді  ме, 



әлгі ағамыздың Қарлығаға үйленген тойын­

да болдық. Сонда бір тойдық­ау, әйтеуір...». 

Міне,  осындай  оқырманды  еліктіріп,  ой 

тастап  отыратын  сәтті  мысалдар  Шәкізат 

ағаның мақалаларында жетіп­артылады.

қашқынды 

қуған қайсар Ұл

Биік ұстап бітімін,

Бар ізгіні бөктерген.

Салиқалы «СҚ»­ның,

Сарбазы да боп көрген

(журналистік фольклордан)

Шәкізат ағаның «Қашақ» деген деректі 

хикаясын  оқып  біраз  нәрсеге  қанықтым. 

Біздің  ауылдың  бір  жігіті  Отан  соғысы 

жылдарында  әскерден  қашып,  ауылдағы 

сай­сайдың  арасын  паналапты.  Онысы­

мен  қоймай,  әлгі  антұрған  ауылдың  уыл­

жып пісіп отырған бір бойжеткенімен түн 

қараңғысында  кездесіп  жүріпті.  Ақыры 

оған  ұл  таптырып  тынады.  Қыз  не  деген 

жанкешті  десеңізші...  Бала  Шәкізат  досы 

Нұрғали  екеуі  қашқынның  ізіне  түсіпті. 

Бір күні «Ерназар ұсталды» деген суыт ха­

бар  жетеді.  Тұтқынға  түскен  оны  түйеге 

мінгізіп, ауылдың ішімен алып өтеді. Сол 

сәтті Шәкең былайша сипаттайды: «Өңінде 

ешқандай  уайымның,  не  қорқыныштың 

белгісі білінбейді. Ентелей қараған жұртқа 

жымиып,  күле  қарап,  кісендеген  қолын 

Шәкізат пен Шәкірат



13

№11-12 (1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал