Бір тойым болатыны сөзсіз менің



жүктеу 1.47 Mb.

бет1/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.47 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

№11-12 


(1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл

1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

6-бет


15-бет

3-бет


«Бір тойым болатыны 

сөзсіз менің...»

Қайта 

«тірілген» 



аспаптар

Ел ертеңі – 

білімді ұрпақ

Наурыз

7

« А н А   т і л і н е »   ж А з ы л у   ж А л ғ А с у д А

Индекс


Мерзімі

Алматы


Аймақ/қала

Аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

3 ай


492,15

549,48


584,25

6 ай


984,30

1098,96


1168,50

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

3 ай


970,32

1027,65


1062,42

6 ай


1940,64

2055,30


2124,84

Қазпошт


а

Әз Наурызда әдемі киіз үйлер тігіледі. Иә, жылына бір рет Ұлыстың ұлы күнінде ғана көресіз. 

Ал жай күндері киіз үй мұражай жәдігеріндей. Киіз үйге көңіл бөлінбегелі қай заман... Қала 

берді, қазіргі кей қазақтың ұғымында «киіз үй ежелгі қазақтардың ғана уақытша қонысы 

болған» деген түсінік бар. Тек мемлекеттік деңгейдегі кей мерекелерге арналып шетелден 

аттай қалап алдырылған киіз үйлер ғана бар. Оның өзі бүгін тігілсе, ертең орнын сипап 

қаласыз. Дереу жинап алады. Келесі науқанға сақтап қоятын шығар. Осылайша бір кездері 

қазақ тіршілігінің ажырамас бөлігіндей болған киіз үй көз алдымызда көмескіленіп барады...

ЖАнАйқАй

бАспАсөз – 2012

дәстүр

бет қАттАлып ЖАтқАндА:



зерде

  Қызылордадағы  Қорқыт  Ата 

атындағы мемлекеттік университет те 

«Абай күндері» іс-шарасы басталды.

***

 Астанадағы С.Сейфуллин атын-

дағы ҚазАТУ-да тұңғыш рет «Амал» 

ме рекесі тойланды. 

***

  Павлодар  қаласындағы  Ы.Ал-

тынсарин  атындағы  дарынды  бала-

ларға арналған мектеп-интернатын-

да  «Жырла,  Жас  өркен!»  атты  жас 

ақындардың байқауы болды. 

***

 Қазақстанның батыс аймағын  да 

көрісу күні өтті. 

***

  Елордада  мүмкіндіктері  шек-

теулі  балалардың  «Жұлдызай»  VII 

республикалық  шығармашылық 

фестивалі  басталды.  Фестивальдың 

мақсаты  шығармашыл  балалар-

ды  анықтап,  талаптарын  шың-

дауға  қолдау  көрсету,  қоғамда 

бейімделуіне  қолғабыс  ету, 

мүгедек  балалардың  мәсе-

лелеріне қоғамның наза-

рын аударту болып та-

былады.

АтАдАн Жеткен Асыл сөз

ЖүрекЖАрды

(Жаңа жыл)

Аспанда Күннің нұры,

Мақпалдай жердің түрі.

Қуаныш мал мен жанда,

Қыс шыққан өлмей тірі.

Ойнаған анау бала,

Көк орай жалын дала.

Егіндік егін еккен,

Ұзамай болар жаңа.

Бай, жарлы келген күйі,

Ойын-той ауыл, үйі.

Қой сойып, қонақ асы,

Мырзалық еткен сыйы.

Келіпті жылдың құсы,

Күнде шу көлдің тұсы.

Күн жылы ызғары жоқ,

Жаз шығып, кеткен қысы.

Боздаған анау түйе,

Құлындап жатыр бие.

Гүлдеуге бет алып тұр,

Қызарып қызыл шие.

Егінші егін егіп,

Қостанып арба жегіп.

Тыныш жоқ ерте мен кеш,

Еңбекпен азап шегіп.

Ат шауып, тай жарысқан,

Таласып бәйгі алысқан.

Көтерем арық-тұрық,

Жаз шығып жайланысқан.

Ойын-той болып жатқан,

Ел көшіп, қонып жатқан.

Жаз шығып, жазғытұры,

Анау мал толып жатқан.

Жайнаған терең сайлар,

Ойнаған құлын, тайлар.

Ел қонып көл жағалай,

Өріске малын айдар.

Гүл өсіп гүл-гүл жайнар,

Бұтақта бұлбұл сайрар.

Тіріліп құрт-құмырсқа,

Жер жүзі быж-быж қайнар.

Сұлу жүр сылаңдаған,

Күлімдеп қылаңдаған.

Ерініп бір басуға,

Жас талдай бұраңдаған.

Қыдырып жігіт салқам,

Ерігіп күнде дарқан.

Жеңгесі жылы жүзді,

Ат қойып «кенже қалқам».

Аспанда Күннің нұры,

Мақпалдай жердің түрі.

Қуаныш мал мен жанда,

Қыс шыққан өлмей тірі.

Бұл  бұған  дейін  баспасөз  бетінде 

бірнеше  мәрте  жазылды  һәм  айтылды. 

Алайда құлақ асқандар аз. Ең сорақысы 

сол,  қадірі  азайған  қара  шаңырақты 

өзгелер қорлауға көшті. Кезінде бұл ту-

ралы  біз  де  жазғанбыз.  («Мағжанды 

масқаралап,  киіз  үйді  қорлағандар 

кешірім сұрасын!» «Ана тілі», 8 маусым, 

2011ж.)  Кім  біледі,  киіз  үйдің  киесін 

сезіне  алмай  жүргенімізден  шығар. 

Әйтпесе қазақтың баспанасын басқалар 

басынар ма еді... 

Қазақ  елінің  кей  түкпірлерінде 

әлі  күнге  киіз  үйін  жықпаған  жандар 

жетерлік. Көшіп-қонуға да жеңіл әрі ба-

бадан  қалған  баспана  болғандықтан 

болар.  Ендеше  киіз  үйді  көне  жәдігер 

деп  жүргендердікі  қай  сасқаны?  Қала 

берді, қалада тұрғанымызбен жаз бола 

қалса, тауды төңіректеп, таза ауамен ты-

ныстау  үшін  сол  маңдағы  киіз  үйлерді 

іздеп  кетеміз.  Алатаудың  бауырында 

ақ  шаңқан  киіз  үйлер  жетерлік.  Бірақ 

оның  табалдырығынан  аттап,  төрінен 

шыққанда қалтаңыз кәдімгідей қағылып-

ақ қалады. 

Ал киіз үйді кайдан, қандай бағаға 

алуға  болады?  Бұл  туралы  сұрай 

бастасаңыз,  батыста  –  қарақалпақ, 

шығыста қытай кәдімгі киіз үйдің түр ата-

сын ұсынады. Бағасы удай. Көріктілігі һәм 

көлеміне қарай (қанша қанаттылығына 

қарай)  құны  кей  қымбат  көліктерден 

еш кем түспейді. Ал енді мына қызығын 

қараңыз. Қытайлықтар киіз үйдің демде 

құрап, лезде жиналатын заманауи түрін 

де  жасап  шығарыпты.  Қалай  десек  те 

оларға  қазақтың  қара  шаңырағы  емес, 

одан түсер қаржы қымбат екені түсінікті 

жайт. 

Бір ғана киіз үйдің ішінде қазақтың 



күллі  тарихы,  мәдениеті,  салт-дәстүрі, 

әдеп-ибасы  тұнып  тұрған  жоқ  па? 

Бірақ  бүгінде  оның  бағасын  білген  кім 

бар  дейсіз?..  Киіз  үйдің  ішкі-сыртқы 

құрылысы, безендірілуі, оның ішіндегі от-

басы мүшелерінің әрқайсының өз орны, 

арнайы киіз үйге лайықталып жасалған 

жиһаздар – осылар жайында бүгінгі ұрпақ 

біле  ме?  Қазақтың  киіз  үйі  өзгелерден 

ерекше. Көп қанаттылығымен ғана емес, 

сән-салтанатымен  де  елдікінен  бөлек. 

Бүкіл ел «бренд» дегенді ғана бағалайтын 

тұста  неге  қазақтың  киіз  үйін  ұлттық 

брендке  айналдырмасқа!  Ұлттық  түр-

сипатын сақтай отырып, заманға сай жа-

сандыра түсуге де болар еді ғой. Байқап 

отырсаңыз,  қадірін  білгенге  қазақтың 

бір  киіз  үйінің  өзі  бір  энциклопедияға 

татырлық.  Энциклопедия  демекші, 

үлкен  бір  академиялық  жинаққа  жүк 

боларлық  киіз  үй  туралы  кейінгі  жыл-

дары  қазақ  тарихынан  хабарсыз  кім 

көрінгендер жазғаны өтірік емес. Онысын 

үш тілде бірдей шығарып, шетелге дейін 

таратқан. Ол кітапта киіз үй туралы түрлі 

керағар  ұғымдар  мен  еш  қиыспайтын 

анықтамалардың  өріп  жүргені,  бұл 

қазақтың тарихын бұрмалаудың бір түрі 

болып шыққаны, яғни жинақтың ұлтына 

жаны  ашымақ  түгілі  қазақ  тарихынан 

бейхабар  адам дар дың  құрастырғаны 

туралы кезінде әйгілі этнограф, марқұм 

Сейіт Кенжеах метов ағамыздың қынжыла 

айтқаны бар. 

Ұлттық  құндылықтарына  ұқыпты 

қарайтын  елдер  әр  дүниесін  көзінің 

қарашығындай  сақтап  қана  қоймай, 

заманға лайықты заңдастырып – патент-

теп алып жатыр. Оның ішінде қазақтың 

төл дүниелерінің қолды болып кеткендері 

қаншама...  Қысқасы,  қазақтың  киіз 

үйіне  көңіл  бөлетін  кез  жетті.  Киіз  үй  – 

қазақтың  баспанасы  ғана  емес,  қара 

шаңырағы. Қара шаңырақтың қазақ үшін 

қаншалықты  киелі  ұғым  екенін  түйсігі 

барға түсіндірудің өзі артық. Ендеше ата-

дан балаға мұраға қалған қарашаңыраққа 

ие бола алып жүрміз бе?.. Ойланайық һәм 

қолға алайық!

Динара ІЗТІЛЕУ

Еліміздің батыс өңірінде наурыздың 14-і 

көрісу  күні  –  ескі  Жаңа  жыл  мейрамы. 

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Аты-

рау үшін бұл көнеден қалыптасқан мереке. 

Бұл  күні  кішілер  үлкенге  сәлем  бере  бара-

ды, аға буын төс қағыстырады. Бұл наурыз 

мейрамының  бастауы.  14-інен  басталған 

Ұлыстың ұлы мерекесі 22-сіне дейін тойла-

нады. Апта бойы жақын- жұрағатқа барып 

сәлемдеседі.  Көрісу  күні  табиғатты  сүюге, 

адамгершілікке, үлкенді сыйлауға үйретеді. 

Бұл  күн  халық  жадында  әлі  күнге  дейін 

сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. 

Мейрам көктемнің адамзатқа берер ырысы 

мен шуағына құрмет, қыстан аман шығып, 

күн нұрымен қауышқаны үшін табиғат анаға 

білдірер  ізет  іспетті.  Сол  үшін  де  адамдар 

«Сыйластығымыз үзілмесін, ынтымағымыз 

жарассын, дастарқанымыз мол болсын» деп 

бір-бірімен жамырай құшақтасып, көріседі.

Көрісу күні – бағзы мереке



Адамзат тарихында сонау ежелгі дүниеден бастап бүгінгі 

біздің уақытымызға дейін есімдері әлемге жайылған ғұлама 

данышпандар мен ойшылдар жеткілікті. Сол абыздардың 

ішінен ағылшындардың В.Шекспирге, орыстардың 

А.С.Пушкинге, М.Ю.Лермонтовқа, украиндардың Я.Колас 

пен Я.Купалаға, қазақтардың Абайға, М.Әуезовке ар-

нап энциклопедия шығарғанын білеміз. Тым аз. Мұның 

басты себебі – энциклопедия шығаратын тұлға ғұлама 

білімімен, терең ойымен, үздік шығармаларымен, ерек-

ше еңбектерімен әлем жұртшылығына танымал адам 

болуымен қатар, кейінге қалдырған мұрасы мол, кітапқа 

енгізілетін деректі материалдары жеткілікті болуы шарт.

Киіз үйдің киесінен қорықпаймыз ба?



Міржақып ДУЛаТұЛы

асқар шыңы

ҚазаҚ 

ғылымының



Елордада Астана қалалық Тілдерді дамыту 

басқармасының ұйымдастыруымен өткен 

дөңгелек үстел «Тегі бірдің тілі ортақ» 

деп аталады. Оған Халықаралық түркі 

академиясының президенті, профессор 

Ш.Ыбыраев, жазушы Т.Әбдік, профессор 

Д.Қамзабек, белгілі журналист С.Шүкірұлы 

және этно-мәдени орталықтардың 

басшылары қатысып, мемлекеттік тілдің 

қолданыс аясын кеңейтуде түркі тілдес 

халықтардың ынтымағын нығайтуға 

байланысты ойларын ортаға салды.

бір бәйтерек бұтағымыз

ЖүрекЖАрды

Халықаралық  түркі  академиясының 

президенті  Шәкір  Ыбыраевтың  пікірінше, 

мемлекеттік тіліміздің мәртебесіне, ол тілде 

сөйлейтін  ұлттарға  қатысты  айтқанда  көп 

жағдайда саясаткерлеріміз қазақ тіліне туыс 

тілдерді, басқа халықтардың тілін көп есеп­

ке  алмайды  екен.  Іс  жүзінде  қазақ  тілін 

білетіндер  тек  қазақ  ұлтынан  емес,  туыстас 

халықтың өкілдері де осы тілді білетін өкілдер 

деуге толық негіз бар екен. «Мемлекеттік тілде 

сөйлеушілердің  санын  неғұрлым  төмендете 

беру мемлекеттік тілге пайда беретін құбылыс 

емес. Сан өлшемінде «егер де белгілі бір дәре­

жеде үлес салмағы елу пайыздан асатын болса, 

ол үдерістің жүз пайызға дейін көтерілуі тездеп 

жүреді» деген қағида бар. Ал енді елу пайыз­

дан төмен, «тоқтап тұр, жүрмейді» дей беретін 

болсақ, ол сол қалпында төмендейді немесе 

елу пайыздан асып кете алмайды», – дейді ол.

«Жаһандану кезеңінде, кей ғалымдардың 

айтуына қарағанда, бүкіл ұлттық ерекшелік­

тер:  салт­дәстүр,  әдет­ғұрыптың  барлығы 

жоға лады  екен.  Бұған  белгілі  бір  дәрежеде 

келісуге болады. Әлемдегі халықтар осындай 

жаһан дану  үрдісіне  түскеннен  кейін  бәрібір 

белгілі  бір  әдет­ғұрыппен,  белгілі  бір  этни­

калық  қарым­қатынаспен  жүріп  тұрады. 

Осыған  қазақ,  өзбек,  қырғыз,  түрік  болып 

жеке­жеке келетін болсақ, бәлкім осы жерде 

біздің дау сымыз шықпай да көрінбей де қалуы 

мүмкін. Егер түркілік үлкен бір тұтас өркениет 

аясында осы үрдіске араласатын болсақ, онда 

біз жаһанданудың ішіндегі үлкен бір бөлігінде 

басымдық көрсете алар едік» деп сөзін қорытты 

Шәкір Ыбыраев 



Бейбітгүл ИсаЕва

«Өлмеген құлға келді жаз» дегендей, 

әне­міне Әз Наурызға да иек артқалы 

тұрмыз.


Наурыз. Жыл басы. Жаңа жыл.

Наурыздың басты ерекшелігі – күн 

мен түн теңеледі. Табиғат түрленеді. Ауа­

да  жан­сезіміңді  елжіретер  жылылық 

пайда болады.

Мал төлдейді. Жәндіктер ұйқысы­

нан оянады.

Табиғаттың өзі тепе­теңдік заңды­

лы  ғын сақтап тұрғанда адамдар арасын­

да да бөлінушілік, алалау болмауы тиіс.

«Құл құтылар құрықтан,

Күң құтылар сырықтан...» – деген 

бағзыдан келе жатқан сөздің астарында 

көп мән жатыр. Тіпті, бұл күні реніш, 

өкпе  дегенге  орын  берілмеуі  қажет. 

«Ұлыс  күні  алдыңа  келсе,  атаңның 

құнын кеш». «Жақсылыққа жақсылық 

–  жай  адамның  ісі,  жамандыққа 

жақсылық  –  ер  жігіттің  ісі»,  «Тас  ат­

қанға  –  ас  ат»  секілді  нақылдар  осы­

нау қасиетті де қадірлі күндері өмірге 

келсе керек. Наурыз тойында үлкендер 

ат  құйрығын  кесісіп,  бір­бірлерінен 

көңілдері  қалған  бауырларды,  дос­

жаранды  табыстырып,  ел  ішіндегі 

бірлік­ынтымақты  күшейтуге  үлес 

қосқан. 

Әрине, жер бетінде мереке де, той да 

көп. Бірақ, солардың ішінде Наурызға 

жететіні жоқ. Бұл атам заманнан той­

ланып келе жатқан байырғы, көне ме­

реке.


Міне,  осы  айтулы  мерекеге, 

ұлыстың  ұлы  күніне  біз  де  аман­есен 

жетіп  отырмыз.  Бұған  да  шүкіршілік 

жасайық.


Ұлыс күні құтты болсын!

Еліміз еңселі болып, асқаралы асу­

ларымызға абыроймен жете берейік.

Нұрперзент ДоМБай 

Тегі бірдің 

Тілі орТақ

Ұлыс оң болсын!

Суретті түсірген Самат СЕРІКБАЙҰЛЫ


2

№11-12 (1112-1113) 

15 – 28 наурыз

2012 жыл


АНА ТІЛІ

елбасы және ел мұраты

А

пта айшықтары



А

пта айшықтары



 Әзірлеген Нұрлан ҚұМаР

8 (727) 394-41-30

Ағымдағы  жылдың  сәуір  айында  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Индонезияға ресми сапармен барады. Елордада сапарда жүрген Индоне зия 

– Қазақстан Іскерлік кеңесінің құрметті төрағасы Ирван Идинг Қазақстан 

Президентінің  келесі  айда  жасайтын  сапарына  жоғары  баға  берді.  Ол 

тараптардың екіжақты байланысы нығая түсетініне сенім білдірді. Елбасы 

Индонезия  астанасы  –  Джакартада  Қазақстанның  елшілігін  ашуды 

жоспарлауда. Мұның бәрі қос мемлекет байланыстарын жаңа деңгейге 

көтеруге септігін тигізеді. 

Мемлекет басшысы Индонезияға барады

Жастарға 

сенім зор

Тілді дамытуда мүмкіндік мол

«Біздің нАғыз жАңА жылымыз осы 

нАурыз мейрАмы Болуы қАжет»



Нұрсұлтан НАзАрбАЕВ:

Мәдени Мұра – 

рухани тіреК

елбАсы


әкіМ бол, хАлқыңА ЖАқын бол

үкіМет


ынтыМАқ

бАсқосу


кездесу

пАрлАМент

қАрыМ-қАтынАс

ҚР Премьер­министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен кезекті 

селекторлық  режімдегі  Үкімет  отырысы  болып  өтті.  Онда  еліміздің 

электр энергиясы саласын 2020 жылға дейін, болашақта 2030 жылға дейін 

дамытудың  жаңа  тұжырымдамасы  талқыланды  және  «Халықтық  IPO» 

бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты дайындық мәселелері қаралды. 

Отырыста  алдымен  Индустрия  және  жаңа  технологиялар  министрі 

Әсет Исекешев баяндама жасады. Ол 2020 жылға қарай елімізде электр 

энергиясын тұтыну көлемі екі есеге дейін артатындығын айтты. «Самұрық­

Энергия» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қосымша баяндама 

жасап,  ел  экономикасын  2030  жылға  дейін  дамыту  бағдарламасында 

қолданыстағы электр энергиясын өндіру салаларын түбегейлі қайта құру 

қажет екендігін тілге тиек етті. 

Еліміздің  Сыртқы  істер  министрі  Ержан  Қазыханов  БҰҰ  Бас 

хатшысының арнаулы өкілі, Орталық Азиядағы алдын алу дипломатиясы 

жөніндегі  БҰҰ  өңірлік  орталығының  басшысы  Мирослав  Енчаны 

қабылдады. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның БҰҰ мүшелігіне 

енгеніне 20 жыл толғанын, осы уақыт аралығында еліміз жемісті істер 

атқарғанын атап өтті. Ержан Қазыхановтың айтуынша, Астананың қол 

жеткізген жетістіктері және БҰҰ­мен өзара әрекеттестікті дамыту бүгінгі 

күні  ынтымақтастықтың  жаңа  деңгейіне  көтерілуге  жол  ашып  отыр. 

Сондықтан, алда Алматыға БҰҰ­ның аймақтық орталығы мәртебесін беру 

Қазақстан мен БҰҰ­ның арасындағы жаңа кезеңге аяқ басу болар еді деп 

атап өтті ведомство басшысы. Ал өз кезегінде Мирослав Енча Жаңаөзен 

мен  Ақтау  қалаларына  барған  сапарының  қорытындыларын  жеткізіп, 

қазіргі жағдайға байланысты өз пікірін білдірді. 

Алматыда Қазақстан­Ресей эксперттік кеңесінің Ресей Федерация­

сында өткен сайлауға арналған отырысы өтті. Ғылыми форумға Қазақстан 

Республикасындағы  Ресей  Федерациясының  төтенше  және  өкілетті 

елшісі М.Бочарников, Қазақстан сарапшылары мен экономистері және 

саясаттанушылары  қатысты.  Басқосуда  РФ  президенттік  сайлауында 

Путиннің жеңіске жетуі екі ел арасындағы осы уақытқа дейін қол жеткізіл­

ген келісімдердің сақталуына және олардың жүйелі түрде жүзеге асуына, 

өзара сенім мен достыққа негізделген байланыстардың нығаюына кепіл 

болып табылатындығы сөз болды. Отырыс барысында екі мемлекеттің 

жетекші  ғалымдары  және  дипломатиялық  корпус  өкілдері  Ресейдегі 

президенттік  сайлау  қорытындысы  мен  екі  жақты  ынтымақтастықтың 

өткенін әрі болашағын талқылады. 

Алматы  қаласының  әкімі  Ахметжан  Есімов 

ҚР  Көлік  және  коммуникация  министрі  Асқар 

Жұмағалиевпен  кездесті.  Кездесу  барысында 

мегаполис  пен  оған  жақын  орналасқан 

аумақтардың  көлік  инфрақұрылымын  дамыту 

жөнінде  бірқатар  мәселелер  талқыланды. 

Қала  әкімі  Мемлекет  басшысының  халыққа 

арнаған Жолдауында Алматыда шаңғы туризмін 

дамытудың  негізгі  міндеттердің  бірі  екендігін 

атап  өтті.  А.Есімов  Алматы  метрополитенінің 

бірінші  кезегінің  екінші  желісінің  құрылысын 

да тілге тиек етті. 2013 жылдың аяғына дейін тағы да қосымша 2 станция 

салынатын  болады.  Бұдан  өзге  мәжіліс  барысында  автокөлік  иелеріне 

қызмет көрсететін ХҚКО­ны Алатау ауданында салу қажеттігі сөз болды. 

Бірлескен  отырыстың  қорытындысында  А.Есімов  пен  А.Жұмағалиев 

«Көктөбе» телемұнарасын туризм нысаны ретінде пайдалану жөніндегі 

меморандумға қол қойды. 

Қайрат  Мәмидің  төрағалық  етуімен 

Парламент  Сенатының  бюро  отырысы  болды. 

Онда  күн  тәртібіндегі  ұсыныстар  талқыланды. 

Депутаттардың  талқысына  «Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  қорынан  2012­2014 

жылдарға  арналған  кепілдендірілген  трансферт 

туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына 

өзгеріс енгізу туралы» және «2012 – 2014 жылдарға 

арналған  республикалық  бюджет  туралы»  заң 

жобалары ұсынылатын болды. Отырыста ҰҚШҰ­

ға  мүше  мемлекеттердің  ұжымдық  қауіпсіздігін 

нығайтуға  бағытталған  заң  жобалары  да  талқыланды.  Сондай­ақ, 

депутаттардың  қарауына  тауар  таңбалары  жөніндегі  заңдар  туралы 

Сингапур шарты мен азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек көрсету 

туралы  Қазақстан  мен  Үндістан  арасындағы  шартты  ратификациялау 

туралы заң жобалары ұсынылды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Астанаға 

Стен  Кристенсен  бастап  келген  Халықаралық  көрмелер  Бюросының 

сараптамалық комиссиясының делегациясымен кездесті. Кездесудің басты 

тақырыбы Астана қаласының ЕХРО­2017 көрмесін өткізуге берген өтінімі 

туралы болды. Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин өз сөзінде халықаралық 

көрме өткізу қозғалысының маңызды рөлін айта келіп, Мемлекет басшысы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қоғамның барлық 

саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін және ауқымды іс­

шараларды әлемдік деңгейде өткізуде үлкен тәжірбиесі бар екенін атап өтті. 

Сон дай­ақ, Мәжіліс төрағасы дайындық жұмыстарының басталып кетке­

нін, халықаралық көрме өткізу мемлекетіміздің әлеуметтік­экономикалық 

жағдайына оң әсер ететінін алға тартты. Жиын барысында Халықаралық 

көрмелер Бюросының сарапшылар комиссиясының мүшелері ЕХРО­2017 

көрмесін Астанада өткізуді қолдайтын парламентшілердің сұрақтарына 

жауап  беріп,  барлық  қазақстандықтардың  бұл  шараға  қатысуы  туралы 

ойларымен бөлісті. 

«Халықтық жекешелендіру» бағдарламасы 

БҰҰ-ның арнайы өкілімен кездесті

Сайлау қорытындысы сөз болды 

Алматы көркейе береді 

Бюро отырысы өтті 

Дайындық мәселелері қаралды

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын облыс 

мәслихатының V шақырылымдағы сессиясының 

кеңейтілген отырысында өңірдің 2011 жылғы әлеу-

меттік-экономикалық дамуының қорытындысы бой-

ынша жұртшылық алдында есеп берді. Әкімнің есебін 

тыңдауға қалалар мен аудандардың делегациялары, 

мемлекеттік органдар мен ірі кәсіпорындардың бас-

шылары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар

сондай-ақ бАҚ өкілдері келді. Сессия жұмысына 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал