Бір шаңырақ астында 3 бет Студенттік көктем топ жарды



жүктеу 0.66 Mb.

бет1/5
Дата12.09.2017
өлшемі0.66 Mb.
  1   2   3   4   5

  2 бет

Салтанатты рәсімге куә болды

Ассамблея – бірлік пен татулықтың тірегі

  5 бет


 2 бет

Бір шаңырақ астында

 3 бет


Студенттік көктем  

топ жарды

29  сәуір  күні  Астана 

қаласында  Қазақстан  Рес- 

публикасы 

Президенті 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  ла-

уазымына  ресми  кірісуіне 

арналған  рәсім  болып  өтті. 

Бірер  күн  бұрын  болған  ке-

зектен  тыс  сайлау  барысында 

халықтың  сеніміне  ие  болып, 

жеңіске жеткен Елбасына Пре-

зидент  куәлігі  табысталып, 

мемлекет  басшысы  халыққа 

адал қызмет етуге салтанатты 

түрде ант етті.  

 5 бет

ҚАЗАҚСТАН 



ХАЛҚЫ

АССАМБЛЕЯСЫНА

ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КОНСТИТУЦИЯСЫНА

20 жыл


20 жыл

70 


    жыл

550 


жыл

170


жыл

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ

ҚАЗАҚ

ХАНДЫҒЫНА



ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 

ТУҒАНЫНА


№18 (281) 

30 сәуір, 2015 жыл

85 теңге

Ардагерлерді ардақтайық

  14-15 бет



2

Өскемен


№18 (281)

30.04.2015

ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚҰТТЫҚТАУ

ҚОЛДАУ

АКЦИЯ


Қымбатты өскемендіктер! 

Сіздерді бейбітшілік пен келісімге үндейтін жалпыхалықтық  мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнімен 

шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсiздiгiмiздi тұғырлы ететiн де, елiмiздi жаңа белестерге жетелейтiн де халқымыздың  ауызбiршiлiгi.

Қазақстан халқы  ешкiмдi нәсiлiне, дiнi мен тiлiне және ата-дәстүр-ұстанымына бөлiп жармастан, әр ұлтты 

шын құрметтеу арқылы бүкiл әлемге достық пен бiрлiктiң нағыз үлгiсiн көрсетiп келеді. Қашан да жанынан арын 

биiк қойған халқымыз тектiлiктiң үлгiсiн көрсетiп, төңiрегiндегi барлық ұлттар мен ұлыстарды 

ұйыстырып отыр.

Тек «Бір халық – бір ел – бір тағдыр!»  деген ұранмен ғана біз жеткен жетістіктерімізді сақтап 

қана қоймай, ең үздік 30-дың қатарынан көрінеміз.

 Біз бүгінгі мерекеге Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы сынды тарихи оқиғадан 

алған ерекше көңіл-күймен келіп отырмыз. Сайлау нәтижелері Қазақстанның көпэтникалық  

халқының өз Елбасына деген сенімі мен құрметін білдіріп отыр. 

Баршаңызға көктемгі көтеріңкі  көңіл-күй, болашаққа деген сенім мен жақсылық тілеймін!

Достығымыз жарасып, Отанымыз Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

Өскемен қаласының әкімі          

                            Темірбек Қасымжанов

Қалалық мәслихат хатшысы  

 

 

 



Александр Абакумов

МЕЙРАМ


Елжан Қайырханов

 

С



әуір айының 26 жұлдызында 

қазақстандықтар белсен-

ді түрде сайлауға қатысып, 

мемлекет басшысын сайласа, 

29-ында барша қауым тікелей 

эфирден Қазақстан Республи-

касы Президентінің инаугура-

циясын тамашалай алды. 

Қалың көштен Өскемен 

қаласының жұртшылығы да 

шет қалмады. Атап айтар 

болсақ, Шығыс Қазақстан 

облыстық Халықтар 

достастығы үйіне жиналған 

өзге ұлт өкілдері, қоғамдық 

бірлестік мүшелері тіке-

лей эфирден айтулы шараға 

куә болып, өздерінің 

әсерлерімен бөлісті. 

– Бүгін, «сәрсенбінің сәтті 

күнінде» Елбасымыздың 

инаугурациясын тікелей 

эфир арқылы көріп, өзіміздің 

шынайы ықыласымызды 

білдіріп отырмыз. Қазақ 

халқы болашағы үшін, 

еліміздің бірлігі мен ке-

лешегі үшін дауыс беріп, 

мемлекет басшысын келесі 

мерзімге сайлап алды. Ен-

дігі кезекте халық таңдауы 

жерімізге тыныштық, еліміз-

ге бақыт және әлеуметтік 

жағдайымызға даму сыйлай-

тын жайт деп есептеймін, – 

деді «Атамұра» ансамблінің 

мүшесі, қалалық ақсақалдар 

алқасының мүшесі Сейсен-

бай Өмірзақов. 

Естеріңізде болса, сәуір 

айының 26 жұлдызында 

Қазақстан Республика-

сында кезектен тыс Прези-

дент сайлауы өтіп, сайлауға 

түскен үш үміткердің ара-

сынан Нұрсұлтан Назарбаев 

жеңіп шыққан еді. Сайлау 

науқаны барысында алыс-

жақын шет елдерден келген 

бақылаушылар әсіресе 

жастардың белсенділігін 

көріп, таңдана айтып өткен. 

Сол жастардың бір үлесі 

бүгін өздерінің жасаған 

таңдауының қорытындысын 

тікелей эфирден тамаша-

лауда. 

Жастар қауымы тарапы-



нан өзінің ойымен бөліскен 

Айдана Жалдыбаеваның ай-

туы бойынша, ол өмірінде 

екінші рет сайлауға 

қатысып, қос мәрте Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаевқа да-

уыс берген. 

Дәл  осылай, Өскемен 

қаласы бойынша 

Қазақстан Республикасы 

Президентінің инаугура- 

циясы салтанатын С. Аман-

жолов атындағы Шығыс 

Қазақстан мемлекеттік 

университетінің ұжымы да 

тамашалады. 

Салтанатты рәсімге куә болды

Айдана Аумадиева 

 

2

9 сәуір күні Өскемен 



қаласы әкімдігінің «Жа-

стар орталығы» шаһар 

е р і к т і - с т у д е н т т е р і м е н 

бірлесіп «Ардагерлерді 

ардақтайық» акциясын 

өткізуде. 

Аталмыш акцияның 

негізгі мақсаты Отан 

үшін от кешкен ардагер-

лер мен жалғызбасты 

қарияларға көмек қолын 

созу, қолдау көрсету. 

Жастар бастамалары 

секторының инспекто-

ры Алтынай Комчубае-

ва ҚАЕУ студенттерімен 

бірге келіп жастарға 

үлгі болар қариялардың 

бірі Алексей Егишев 

Степановичтің үйінде бақша 

қазу, отын жару сынды 

жұмыстарды дөңгелетіп 

әкетті. 

Алексей Степанович 1944 

жылы Алтай өлкесінен 

Кеңес әскері қатарына 

шақыртылып, 76-шы 

қосымша атқыштар пол-

кінде, 612 майдан полкін-

де қызмет еткен. Соғыстағы 

еңбегі үшін Отан 

соғысының 2 дәрежелі 

төсбелгісімен, «Ерлік 

үшін», «Соғыстағы еңбегі 

үшін», «Жапониядағы 

жеңіс үшін» сынды 

көптеген төсбелгілердің 

иесі. 


– Денсаулығым жақсы, 

шүкір. Шақырған уақытта 

жастар келіп, барлық ша-

руаларды атқарып кетеді. 

Бізді елеп-ескеріп келіп

көмектесіп жүргендері 

үшін оларға деген алғысым 

зор, - деді ардагер Алексей 

Егишев. 

Айта кетейік, биылғы 

жылы Ұлы Отан 

соғысының 70 жылдық 

мерейтойы тойланбақ, осы 

орайда аталған акциялар 

алдағы уақытта жалғасын 

табатын болады. 

– Біздің құрметті арда-

герлер бүгінгі ашық аспан, 

бейбіт өмір үшін аянбай тер 

төгіп, шайқасты. Олардың 

ерліктерін біз ешқашан 

ұмытпаймыз, қолымыздан 

келгенше көмек көрсетіп, 

басқа да жастарды осы-

нау игі іске ат салысуға 

шақырамыз, - деді ҚАЕУ 3 

курс студенті  Сәкен Апен-

динов. 


Жастарымыз әрі қарай 

да осы беттерінен тай-

май алдағы уақытта да 

ҰОС ардагерлері мен 

тыл еңбеккерлеріне 

қолдау көрсетіп, көмек-

тесетіндеріне сеніміміз 

 

мол. 



Ардагерлерді ардақтайық

Мерейлі мерекелер 

қалай өтеді?

Әсел Алтынбекқызы

 

С

әуір айының 29 күні қала әкімінің орынбасары 



Бакинова Бұлбұл Рамазанқызы және  қалалық 

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас-

шысы Мұхамедчинов Азамат Маратұлының 

қатысуымен баспасөз орталығында журнали-

стермен біріккен отырыс  болып өтті.  Жиында  

алдағы мереке күндерінде қалалықтарды қандай 

бағдарламалар күтетіні жайлы сөз қозғалды.

Сонымен, мерекенің басы 1 Мамыр 

күнінде бастау алатын «Мен – Қазақстан 

патриотымын!» атты шеруден басталмақ. 

Қаламыздағы жоғары оқу орындары, 

колледждер, кәсіпорындар және тағыда 

басқа білікті мекемелердің қатысуымен 

өтетін шеру Астана көшесінен басталып, 

орталық алаңға дейін жалғасатын болады. 

Сонымен қатар дәл осы күні 

қаламыздағы «Сәулетай», «Метал-

лургтер», «Жастар» сынды саябақтар 

есігін ашатын болады. Онда түрлі кон-

церттік бағдарламалармен қатар 

балаларға арналған түрлі ойын-

сауық ұйымдастырылатын болады. Ал 

мамырдың 2-сі күні «Су бұрқақ шеруі»  

ұйымдастырылып, барлық субұрқақтар 

іске қосылатын болады.

Осы жылғы  мән-маңызы жоғары 

мерекелердің бірі Ұлы Жеңістің 70 

жылдығы екені белгілі. 6-мамыр 

ұландар күніне арналған концерттік 

бағдарламадан басталатын мереке 7-сі 

күні қаламыздағы барлық әскери мекеме-

лердегі ашық есік күніне ұласпақ. 8-і күні 

жылдағы дәстүр бойынша «Өз шырағыңды 

жақ» атты сұрапыл соғыстан оралмаған 9 

мың боздақтардың рухына бағышталған 

шарада 9 мың шырақ жағылатын болады. 

9 Мамыр Жеңіс күнгі мереке гүл 

қою рәсімімен бастау алмақ. Ары 

қарай салтанатты шеру-

ге 


ұласатын марш, «Жам-

был» саябағындағы те-

гін таратылатын солдат 

ботқасын  үлестірумен 

жалғаспақ. Кешкісін 

Орталық алаңда жастарға 

арналған би кеші мен ме-

рекелік от-

шашумен 

аяқталмақ.  

«Өлмейтін полк» және 

«Өз шырағыңды жақ»

2015 жылдың  8-мамырында Өскемен 

қаласында Жеңіс күніне арналған бірқатар 

шаралар өткізілмек. 

18.00-де – Амфитеатр алаңында 

«Өлмейтін полк» акциясы басталып, ол 

Даңқ ескерткішінде аяқталады. 

20.00-де – Даңқ ескерткішінде жыл 

сайынғы «Өз отыңды жақ» акциясы 

жалғасын табатын болады. 

ХАБАРЛАНДЫРУ



Өскемен

3

№18 (281)



30.04.2015

ҚАЛА ТЫНЫСЫ

БӘСЕКЕ

ЖЕҢІМПАЗДАР ФОРУМЫ



ҚОРЫТЫНДЫ

Елжан Қайырханов

 

2

9 сәуір күні Өскемен 



қаласында Ұлы Жеңістің 

70 жылдығы және Қазақстан 

Халқы Ассамблеясының 20 

жылдығы қарсаңында жоғарғы 

және мамандандырылған 

оқу орындарының арасында 

облыстық «Студенттік көктем 

2015» атты фестивалі топ жар-

ды. 

Аталған шараның мақсаты 



облыс аумағындағы ең үздік 

оқу орнын таңдау болып та-

былады. Осы орайда, әрбір 

қатысушы оқу орны кәсіптік 

бағдар беру жұмысын 

жүргізіп, жастардың наза-

рын өздеріне аударды. 

– Бүгінгі өтіп отырған сай-

ыс дәстүрлі болып кеткен 

«Студенттік көктем» сайы-

сы болып табылады. Оған 

облыс аумағындағы барлық 

дерлік жоғары оқу орын-

дары және басқа да білім 

беру орындары қатысуда. 

Сонымен қатар, бұл жер-

де басты назарға олардың 

шығармашылық кештері 

емес, кәсіптік бағдарлау 

жұмыстары алынатын бо-

лады. Осынау жүргізіліп 

отырған жұмыстардың басты 

мақсаты, жоғарыда айтылған 

білім мекемелерін бәсекеге 

қабілетті етіп, олардың да-

муына үлес қосу, – деді 

Шығыс Қазақстан облысы 

Ішкі саясат басқармасының 

«Жастар орталығы» КММ 

директоры Арайлым 

 

Есімбекова. 



Кәсіптік бағыт беру сала-

сында қалалық медициналық 

колледж студенттері алды-

на жан салмады. Болашақ 

«ақ халатты абзал жан-

дар» өздеріне келген әрбір 

азаматтың қан қысымын

салмағы мен бойын өлшеп, 

дәрігер ретінде салауатты 

өмір салтын ұстануға түрлі 

кеңестер беріп жатты. 

Сонымен қатар, аталған 

шарадан Д. Серікбаев 

атындағы Шығыс Қазақстан 

мемлекеттік техникалық 

университетінің де студент-

тері шет қалмаған. Өткен 

жылғы сайыста екі бірдей 

номинацияны жеңіп алған 

жоғары оқу орны жеңістен 

дәмелі. 

Ұйымдастырушылар 

қатарында жүрген Шығыс 

Қазақстан облысы Ішкі сая-

сат басқармасының «Жастар 

орталығы» КММ директо-

ры Арайлым Есімбекованың 

сөзіне сенетін болсақ, өткен 

жылы «Студенттік көктем» 

байқауында ханзада мен хан-

шайым анықталып, оларға 

серуендеуге табысталған.

Дегенмен, ағымдағы жылы 

оларды байкерлер өздерінің 

темір тұлпарларында серу-

ендетпек.  

Студенттік көктем топ жарды

Назерке Кәрімова

2

7  сәуір  күні шаһарымыздың 



орталық алаңында 8 мыңнан 

астам тұрғын жиналды. 

Бұл – Қазақстан Республи-

касы Президентінің кезек-

тен тыс сайлауында айқын 

басымдылықпен жеңіске 

жеткен Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың құрметіне 

арналған жеңімпаздар фо-

румы. Айта кетсек, сай-

лау учаскелеріне келген 

сайлаушылардың 97,7 пайы-

зы Нұрсұлтан Назарбаев 

үшін дауыс берген.  Соның 

ішінде Шығыс Қазақстан 

облысы бойынша сайлауға 

қатысу көрсеткіші 95,1%. 

Мерекелік жиынға облыстық 

және қалалық кәсіпорын 

мүшелері мен студенттер, 

жас волонтерлер қатысып, 

мемлекет басшысының 

жеңісін бірге тойлады.

– Бұл жеңіс – барша 

қазақстандықтардың жеңісі. 

Біз Қазақстанның кемелді 

келешегі үшін дауыс беріп, 

таңдауымызды жасадық. 

Бұл таңдауымыздың дұрыс 

екеніне кәміл сенімдіміз. 

Өйткені, Елбасының сараб-

дал  саясатының  арқасында 

біз бүгінгі күні бақытты өмір 

кешудеміз. Алдағы уақытта 

да  еліміз талай белестерге 

шығып, өркендей береді деп 

сенеміз, - дейді қала тұрғыны 

Жадыра Қалиякперова. 

Шығысқазақстандықтар 

экраннан Елбасының ізгі ті-

легін тыңдап, көк туымызды 

желбіретті, ал форум соңы 

мерекелік концертке ұласты. 

Концертте эстрадамыздың 

жарық 

жұлдыздары,  



жастардың сүйікті әншілері  

«Орда» тобы мен «Ке-

шью» тобының экс мүшесі 

Кәмшат Жолдыбаева қала 

тұрғындарының қуанышына 

ортақтасты. Сонымен қатар, 

жергілікті өнер майталман-

дары да қалыс қалмады.  

Елжан Қуанышұлы

 

2



6 сәуір күні Қазақстан Респуб-

ликасы Президентінің кезек-

тен тыс сайлауы өте салысымен, 

Өскемен қаласында ТМД миссия-

сы бойынша бақылаушылар 

тобының қатысуымен 

баспасөз конференциясы өтті. 

Естеріңізге сала кетсек, 

аталған бақылаушылар то-

бынан 25 сәуір күні Шығыс 

Қазақстан облысы бойын-

ша сайлау комиссиясының 

төрағасы Ерсаин На-

биев Алтай өлкесінен 

келген бақылаушыларға 

салтанатты түрде акре-

диттеу құжатын тапсы-

рып, сайлау жұмысын 

бақылауда сәттілік ті-

леген еді. Көрші елден 

келген бақылаушылар 

тобы осылайша 26 сәуір 

күні Шығыс Қазақстан 

облысы бойынша сайлау 

учаскелерін аралап, айту-

лы шара барысында заң 

бұзушылықтар орын ал-

мауын бақылаған еді. 

– Бүгінгі сайлау өте жоғары 

деңгейде өтті деп толыққанды 

айта аламыз. Себебі жергілік-

ті тұрғындар сайлауға белсен-

ді түрде қатысып, ешқандай 

заңбұзушылық орын ал-

мады. Оның үстіне сайлау 

уақыты басталған сәтте, яғни 

сағат 07.00 шамасында сай-

лау учаскелерінің алдын-

да жиналып тұрған қалың 

бұқараны көрген сәтте, 

шыны керек таңдана 

қарадым. Оның үстіне 

бірқатар учаскелерде 

концерттік бағдарлама 

ұйымдастырылып, 

кішігірім мереке ретін-

де де аталып өтті десек 

артық айтпаспыз, – деді 

Алтай өлкесі сайлау ко-

миссиясы басшысының 

орынбасары Юрий Сме-

танин. 


Сонымен қатар, 

бірқатар елден келген 

сайлауды бақылаушылар 

тобы да өздерінің 

әсерлерімен бөлісіп 

жатқан еді. Айтуларын-

ша сайлау жұмысына 

жергілікті тұрғындар 

арасынан жастардың 

белсене қатысуы көңілге 

қонымды жайт. 

– Әрбір аумақтың 

тұрғындары сайлау 

жұмыстарына толыққанды 

қатысып отырды. Бір сөзбен 

айтқанда, халық мемлекет 

басшысын сайлаудағы ал-

дарына қойылған жауап-

кершілікті сезінгендей бол-

ды. Оның үстіне әсіресе 

жастардың үлесі жоғары 

болғандығы соншалық, сай-

лау учаскелерінде көбінесе 

жастар қауымы дауыс беру-

мен болды. Яғни, сіздердің 

мемлекеттеріңіздің болашағы 

зор дегім келеді, – деді Бар-

наул қаласы әкімшілігі 

басшылығының бірінші орын-

басары, Барнаул қаласы 

әкімшілігі аппаратының бас-

шысы Петр Фризен.  

Елбасымен бірге жаңа жетістіктерге

Сайлау жоғары деңгейде өтті



4

Өскемен


№18 (281)

30.04.2015

ӘЛЕУМЕТ

СЕРПІН


КӨМЕК

АЗАЛЫ КҮН

Әсел Алтынбекқызы

 

Ж



ақында баспасөз 

орталығында Өскемен 

қаласының қорғаныс 

істері жөніндегі басқарма 

бастығының орынбасары, под-

полковник Қаңтарбаев Алтай 

Дулатбекұлы әскер қатарына 

шақыртылудың жолдары мен 

талаптары жайында журна-

листермен арнайы баспасөз 

отырысын өткізіп, бірқатар 

сұрақтарға жауап берді.

2015 жылдың сәуір айы-

нан бастап «Әскери қызмет 

және әскери қызметшілердің 

мәртебесі туралы» Заң 

мен осы жылғы 20 

ақпандағы №1011 «Әскери 

қызметтің белгіленген мер-

зімін өткерген мерзімді 

әскери қызметтегі әскери 

қызметшілерді запасқа 

шығару және Қазақстан 

Республикасының азамат-

тарын үстіміздегі жылдың 

сәуір-маусымында және 

қазан-желтоқсанында мер-

зімді әскери қызметке ке-

зекті шақыру туралы» 

Қазақстан Республикасы 

Президентінің Жарлығына 

сәйкес азаматтарды 

көктемгі мерзімді әскери 

қызметке шақыру бойынша 

іс-шаралар науқаны  баста-

лып кеткен. 

– Әскер қатарына 

әскерге шақыруды кейін-

ге қалдыруға немесе одан 

босатылуға құқығы жоқ 18 

жастан 27 жасқа дейінгі ер 

азаматтар, сондай-ақ, оқу 

орындарынан шығарылған, 

27 жасқа толмаған және 

әскерге шақыру бойынша 

әскери қызметтің белгілен-

ген мерзімдерін өткермеген 

ер азамат мерзімді әскери 

қызметке шақырылуға 

жатады,-дейді Өскемен 

қаласының қорғаныс 

істері жөніндегі басқарма 

бастығының орынбасары, 

подполковник Қаңтарбаев 

Алтай Дулатбекұлы.

Сонымен қатар соңғы 

уақытта әскерге бармай-

ақ, ақылы әскери билет са-

тып алу кеңінен тарала бас-

тады. Қазақстанда әскери 

мамандандырылған ре-

зерв  құрамын ақылы түрде 

дайындау бағдарламасы өз 

жұмысын бастағалы бері 

көптеген тілек білдірушілер 

қысқа мерзім ішінде әскери 

істің оң-солын меңгеріп 

үлгерген. Бұл нағыз әскер бол-

маса да мұндағы шарт жағдай 

әскердегідей қалыптасқан. 

Барлығы да әскери жарғыға 

сай: қатаң тәртіп, саппен жүру, 

бұйрықтарды еш талқыға сал-

май орындау сынды ереже-

лермен жүргізіледі. Бұнда ке-

летін жігіттер түрлі себептер-

мен әскерге бармаған. Бірақ, 

әскери билет алу үшін 287 000 

теңге төлеп отыр. Олар 40 күн 

мерзімге азаматтық өмірді 

ұмытып, әскери билетке ие 

бола алады.

Тағы бір тілге тиек 

ете кететін жайт, әскер 

қатарына денсаулығы 

жарамағандықтан 

өтпей қалған ер 

азаматтардың көбіне 

жүрек қантамырларының 

ақауы деген диагноз 

қойылады екен. Соны-

мен қатар әскер қатарына 

қосылуға ниеттілердің 

ішінде қыздар да бар. 

Бүгінде облысымыздағы 

әскерилердің 10 %-ын   нәзік 

жандылар құрап отыр. 

Отанға қызмет – мерейлі міндет

Елжан Қайырханов

С

әуір айының 24 жұлдызында 



Өскемен қаласынан 

Қарағанды облысында то-

пан судың зардабын тартып 

жатқан қазақстандықтарға 

көмек қоры жіберілді. Тілсіз 

жаудың құрбаны болып жатқан 

қарағандылықтарға қол ұшын 

созуда қала жастары, қала 

әкімдігі және жастар тарапы 

белсенділік танытқан. 

Осылайша, 17 тоннаға 

жуық азық-түлік пен бірінші 

қажеттілік тауарлары қала 

әкімдігінен Қарағанды об-

лысына жол тартты.

– Қарағанды облысын-

дағы топан су басу салдары-

нан қиындық көріп жүрген 

отандастарымызға бүгінгі 

күні Қазақстанның барлық 

өңірінен қолдау көрсетіліп 

жатыр. Міне, бүгінгі күні біз 

Өскемен қаласы, Қарағанды 

облысына 17 тонна азық-

түліктер, керек-жарақтармен 

жасақтандырып көлік 

аттандырдық, дейді қала 

әкімінің орынбасары Бұлбұл 

Бакинова.

Қарағандылық жерлес-

терімізге қала әкімдігінің 

көмекке шақыруына қала 

тұрғындарының көпшілігі 

ат салысқан. Соның ішін-

де, қала кәсіпкерлерінің бірі 

жалпы құны 1 млн. теңгенің 

өнімін тапсырған.

Қолданысқа қажетті 

дүние-мүлік жинауда қала 

жастары да қарап қалмаған. 

Олар ең бірінші болып киім-

кешек пен азық-түлік қорын 

тапсырып, мейірімділіктерін 

білдірген.

– Дана қазағымыз «көппен 

көтерген жүк жеңіл» деген, 

Қарағанды облысында орын 

алып жатқан қиындықтарға 

жәрдем ретінде Шығыс 

Қазақстан облысының фи-

лиалынан көлік бөлініп 

отыр. Азды-көпті көмегіміз 

Қарағанды облысындағы 

арнайы штабқа жеткізіліп, 

қажетті заттар өлшеніп, тек-

серіліп, тиісті мекенжайға 

жеткізіледі, – деді Шығыс 

Қазақстан облысы бойын-

ша «Қазпочта» акционер-

лік қоғам жетекшісі Ербол 

Күбентаев.

Өскемендіктердің қайырымдылығы

Айдана Аумадиева 

Ж

ыл сайын сәуір айының 



24 жұлдызында армяндар 

1915 жылы орын алған армян 

геноцидінің құрбандарын еске 

алды. 


Азалы күн биылғы жылы 

да елеусіз қалған жоқ. 

Облыстық Достық үйі армян 

этно-мәдени бірлестігімен 

бірлесіп құрбандарды еске 

алу күніне арналған ша-

ралар өткізді. Славский 

жағалауындағы «Даңқ 

 

ескерткішінде» гүл қою 



рәсімімен басталған 

шараның негізгі мақсаты 

1915 жылғы армян 

геноцидінің құрбандары 

мен Ұлы Отан соғысының 70 

жылдығына өз құрметтерін 

көрсету болып табылады. 

Аймақтағы барлық этно-

мәдени бірлестіктердің бас-

шылары армяндарға осынау 

ауыр күні қолдау көрсетіп, 

жұбату сөздерін айтты. 

– Корей халқы да 

депортацияланған, бірақ 

қазір ондай күндер алыс-

та қалды. Қай ұлттың бол-

масын басынан осындай 

ауыр да қайғылы жайттар 

өткен. Сол жайттар енді 

қайталанбаса екен дейміз. 

Қазір барлығымыз бір аспан 

астында тату-тәтті ғұмыр 

кешудеміз, осы келісім мен 

ынтымаққа толы өміріміз 

таусылмасын, болашағымыз 

баянды болсын, - деді корей 

этно-мәдени бірлестігінің 

басшысы Никифор Кан. 

Гүл шоқтарын қою 

рәсімінен 

соң барлық 

жиналғандар Андреев-

ский шіркеуіндегі «Хач-

кар» ескерткішіне қарай 

бет алып, гүл шоқтары мен 

шырақтар қойды. Осы-

дан 100 жыл бұрын орын 

алған оқиғаны еске алуға 

арналған митингке барлығы 

200-ге жуық адам қатысты. 

НАЗАР АУДАР

Мерекелік 

бағдарламалар



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал