«Бір кісінің ішіне б І р а қ аяқ ас сияды». А д а м тек б І р ғана өз ақылы- мен алысқа бара алмайды. Ж а н



жүктеу 36.19 Kb.

Дата08.03.2017
өлшемі36.19 Kb.

Жүсіп Алтайбаев 

«Бір кісінің ішіне  б і р - а қ аяқ ас 

сияды».  А д а м тек  б і р ғана өз ақылы-

мен алысқа бара алмайды.  Ж а н -

жағыңда не болып, не қойып жатыр 

- соны қадағала. Білгеннен ақыл ал, 

ептіден әдіс-айла үйрен. Мұнсыз 

ж е р д е - алған  б і л і м і ң де серік 

емес...» 

Ә б д і б е к баласы Төбелге айтар 



ақылын осылайша алыстан жаяу-

лай келіп бастады. 

- Институт бітіргеніңе үш  ж ы л 

болды. Кәне, сонымен не тын-

дырдың? Анда  б а р д ы ң , мында бар-

дың, күні бүгін  е ш н ә р с е н і ң басын 

ұстай алған жоқсың? Рас па? 

Төбел  ү н д е м е д і . 

- Үндемейсің...  М е н і ң  т ү р і м  б о л -

са мынау: төсек тартып жатып қал-

дым. Айтқаным айтқан: басқаны қой 

да, жатпай-тұрмай жазушылықты 

қуза. 


- Жазушы?.. 

- Иә, кәдімгі  ж а з у ш ы .  Ш о ш ы м а . 

Бүгінде әдебиеттің қай түрінен не 

жазбақ болсаң да: әңгіме, повесть, 

р о м а н , пьеса,  к и н о с ц е н а р и й -

осының бәрінің де үлгісі, соқасы 

салулы. Сайрап тұр. Күн сайын 

кітаптан оқып та, экраннан көріп те 

жүрсің. Мәселе бір тақырыпты 

ӘКЕСІНІҢ АҚЫЛЫ 

алып, соның төңірегіне тапқан-таян-

ғаныңның басын құрап соқалай білу-

де.  А р ғ ы жағы оңай. 

- Ол үшін талант керек қой... 

- Ештеңенің де керегі  ж о қ . 

Ұмтыл, талпын - талант деген сол. 

Сен  ө з і ң әлгі Достанбай дейтін-

нің «Майлы бармақ» атты  ә ң г і м е -

сін  о қ ы д ы ң ба? Медеттің «Құтты 

құрығын» ше? 

-  О қ ы д ы м . 

- Оқыған екенсің, сонда не бай-

қадың? Айталық, Достанбай  к о л -

хоздың бір сиырдан үш  м ы ң литр 

сүт сауған озат сауыншысының 

тәжірибесін әңгіме етті. Медет ше? 

Совхоздың  ж ү з биеден  ж ү з құ-

лын алған жылқышысының  т ә ж і р и -

бесін сөз етті. Ақырында Достан-

бай сауыншы мен ферма басты-

ғын айтыстырып, ауыл шаруашылы-

ғы басқармасына жүгініске апар-

ған еді, Медет - жылқышы Сапты-

аяқов пен совхоз директорын шай-

настырып, ауаткомның алдынан  б і р -

ақ шығарды.  К ө р д і ң бе, еліктеу, 

«соқалау» дегеннің не екенін, оған 

қандай жолмен бару керек екенін. 

Талант-талант дейсің. 

Бұл сияқты «қитұрқының» төркіні 

қайда жатқанын енді-енді топшы-

лай бастаған Төбел сонда да әкесі-

не: «ондайдың реті әмбе келе бере 

ме...» дегендей еді. бірақ Әбекең 

тағы да киіп әкетті: 

- Былқ етпе, балам. Сондай бір 

ә ң г і м е н і сен де соқала. Алда-жалда 

о н ы ң арқауын пысытып, ажарын 

енгізе түскің келеді  е к е н , онда 

шекесіне «повесть» деп  ж а з да 

қолынан келетін біреуге беріп 

түзеттір. «Гонорарын» деп ақша 

төле. Ал повесің қолыңа тиген соң 

«роман» деп таңба соқ та, оны тағы 

бір ептіге бер. Романның ізіне 

салып, кеңейтіп,  ж ө н д е с і н . «Гоно-

рарын» төле. Ақша аяма. 

- Оншама ақшаны қайдан ала 

б е р м е к п і н сонда? 

-  А ң қ а у с ы ң , Төбелжан. Барыңды 

бер. Қарыз ал. Романыңды бас-

паға  ө т к і з , басып шығарсын. 

- Баса қойса жақсы  ғ о й . 

- Баспай қойса, бұдан былай 

маған сәлем  б е р м е . Ойбай-ау, 

жылына бір кітап  ш ы ғ а р ы п  ж ү р г е н -

д е р қаншама? Білеміз  о н ы ң қан-

дай романдар  б а с ы п  ш ы ғ а р ы п жат-

қанын. Сен  ү ш і н  е м е с , өзі үшін 

басады.  А қ ш а ,  а қ ш а  д е й с і ң . Пішен-

дей қалың ақшаға  ж а қ ы н д а п келе 

жатқаныңды да  с е з б е й с і ң . 

- Түсіне  а л м а д ы м ,  к ө к е с і . 

- Иә, түсінбейсің,  Т ө б е л і м . Енде-

ше, тыңдай бер,  т ү с і н д і р е й і н . Сен 

енді  р о м а н ы ң н ы ң  б а с ы л ы п  ш ы қ -

қанын күтпе,  о с ы н д а ғ ы  г а з е т - ж у р -

налға, тіпті  с о н а у орталықтағы 

қалың  ж у р н а л д а р ғ а да, үзінділер 

(түгел басса тіпті  ж а қ с ы ) айда. Ол 

онымен тұрсын. Енді бір пысықай-

ды тауып,  о н ы м е н  п а й д а - ш е р і к бол-

да,  р о м а н н ы ң  қ о л ж а з б а с ы н пъесаға 

айналдыр. Бұдан  а р ғ ы жерде оны 

киносценарийге көшіру оп-оңай. 

Екеуінің арасы  т и і п тұр. Бұл екі 

ортада  р о м а н ы ң да  б а с п а д а н шығып 

ү л г е р е д і . Ақша  д е г е н  о с ы . 

Төбелдің ақылы алтау, ойы жетеу. 

Басқа да емес,  ж а н а ш ы р  ә к е н і ң айт-

қандары иланымды  с и я қ т а н с а ,  е к і н -

шіден, түстің  ж о р у ы н а ұқсайды, ал 

ж а з у ш ы болып шыға қалу үміті көз 

ұшында атой бере  к ө л б е ң д е п : 

«Е, не де болса байқап көрмес 

сің бе» дегендей болады. Баласы 

осындай алабұртумен отырғанда 

әке атты әріге айдай түсті: 

-  Ә ң г і м е осымен бітті екен 

деме, батыр. Әлі  ж а р ы м ортада 

ж ү р м і з . Ендігі кезекте романды 

басқа тілге аударту мәселесі тұр. 

Орысшаға баспаның  ө з і - а қ аудар-

тады, оған сен алаң болма. Басқа 

ұлттар тіліне ше? Рас, бұл жағы 

қиындау. Ол мәселені әр жазушы 

әр қилы  ж о л м е н өз бетінше шешіп 

ж ү р . Осылай болғаннан кейін, амал 

ж о қ , сен әзірге Европа жағын қоя 

тұр, алдымен анау  ө з і м і з д і ң Қара-

қалпақстанға барып қайт. Романың-

ды сондағы баспада істейтін беделді 

бір жазушыға бер. Қарақалпақ 

тіліне аудартсын. Сен «башна-баш» 

деп  о н ы ң бір шығармасын ала қайт 

та, оны қазақ тіліне аудар. Бұлай деп 

отырған себебім - бұл екі тіл  б і р і -

не бірі өте ұқсас. Қиналмайсың. 

Тек  о н ы ң некен-саяқ кездесетін 

«гражданская война» деген сияқты 

ж е к е сөздерін қазақшалай білсең 

болды.  М і н е к и ,  ж а з у ш ы л ы қ т ы ң кең 

жолына шықты деген осы.  А қ ш а 

ж а ғ ы ң - п і ш е н . Жетіп жатыр, біле 

білсең. Саған ең керегі де осы емес 

пе? Ал атақ  ж а ғ ы ң д ы одан әрі жетіл-

діре түсем десең, жас  ж а з у ш ы -

лардың шығармасына анда-санда 

алғы сөз жазып қой. Жамандама, 

асыра мақтап та  ж і б е р м е . «Жаңа-

жаңа үдеп келеді. Келешегі  м о л . 

Күні  е р т е ң қазақ әдебиетінің  т і з г і -

нін ұстап қалуы да ықтимал» дей 

сал. Осыдан соң-ақ «тізгіннен» 

дәмелілер сені ұстаз тұтып, төбе-

сіне көтере бастайды. 

Ендігі қалған тек  м е м у а р ғана, 

ө з і ң туралы жазатын болғандық-

тан, ол қиын да нәрсе емес. Және 

к ө р і п те  ж ү р с і ң , қалам ұстаған 

е к і н і ң бірі мемуар жазып шығарып 

ж ү р . Сен кімнен кемсің? Солай, 

Төбелжан. Саған айтар ақыл-өсиетім 

де, берер батам да осы. Тәңірім тек 

бағыңды ашсын!.. 

Сол  к ү н н і ң ертеңіне нағашысы 

Ә н д е м б е к көңілін сұрай келгенде 

Ә б д і б е к әлгі Төбеліне айтқан өсие-

тін оған да бастан-аяқ баяндап 

шыққан еді, онысын нағашысы 

ұнатқан  ж о қ .  О н ы  ж е р д е н алып, 

жерге салды. Бірақ  ж и е н өзінікін 

мақұлдап дес  б е р м е д і : 

- Сен өзің не айтып отырсың? 

Мұнан не адамға, не қоғамға келер 

зиян қайсы?  Д ү н и е г е тағы бір бесас-

пап  ж а з у ш ы келсе, ол әдебиетке 

бағалы үлес қосып,  о қ ы р м а н д а р мен 

к ө р е р м е н д е р д і рухани азықпен 

сусындатса, содан артық не керек?! 

Күйіп-пісіл не істерін білмеген 

Әндембек бұдан әрі шыдай ал-

мады: 


- «Қыран баласы қырымға қарай-

ды, ит баласы  ж ы р ы м ғ а қарайды»! 

Күшігіңді «тура» жолға салған 

екенсің өлмей тұра тұр... қызы-

ғын  к ө р ! - деді де үйден шығын 

ж ү р е  б е р д і . 



Ара. -1985.- №9. - 11 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал