Бір аптаға ұласқан биылғы Ұбт да осындай «жаңалықтарымен» артта қал­



жүктеу 0.73 Mb.

бет1/6
Дата15.05.2017
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Бір  аптаға  ұласқан  биылғы  ҰБТ  да 

осындай  «жаңалықтарымен»  артта  қал­

ды. Десе де, кеше Астанада баспасөз мәс­

лихатын  өткізген  білім  және  ғылым  ми­

нистрі  Жансейіт  Түймебаев  биылғы 

тестілеудің  мектептердегі  білім  сапа сы­

ның  көтерілгенін  көрсеткенін  айтып,  сү­

йіншілеп отыр. Оның айтуынша, ҰБТ­ның 

орташа  деңгейі  74,9  балды  құраған. 

Өткен  жылы  бұл  көрсет кіш  68  балл  бо­

латын.  Жүзден  асыра  балл  жи наған  тү­

лектер  саны  да  биыл  көбірек  көрінеді. 

Ми нистрдің айтуынша, 11 мыңнан астам 

түлек, яғни барлық тест тапсырушылардың 

10,6 пайы зы жүзден артық балл алған. 

Жалғасы 4-бетте

Ресейлік «Интерфакс» агенттігі таратқан ақпаратқа 

қа рағанда, Қазақстаннан баратын тауық етіне тыйым 

салынуына Ресейге біздің елден ет өнім өте мол тасы­

малдана бастауы себеп болып отыр. Бұл – Қазақстан 

ау мағына шетелдерден, оның ішінде күмәнді елдер­

ден келген импорттық тауық етінің Ресейге өтіп кетуі 

мүм кін деген күдік тудырып отырса керек. Ал Қазақ­

станның  10  облысынан  мал  етінің  тасымалдануына 

тыйым  салуға  эпизоотикалық  қатер  себеп  болып 

отыр. Атап айтқанда, Ресей ветеринарлық және фито­

са нитарлық қадағалау қызметінің «қара тізіміне» ілік­

кен 10 облыс мынау: Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс 

Қазақстан,  Жамбыл,  Батыс  Қазақстан,  Қарағанды, 

Қы зылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан.

Осыған  орай  шұғыл  түсінік  берген  Қазақстанның 

Ауыл  шаруашылығы  министрлігі  Агроөнеркәсіп  ке­

ше ніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төра ға­

сы Серік Сүлейменовтің айтуынша, 2007 жылы еліміз­

дің  бірқатар  облыстарында  аусыл  ауруының 

та  ра  луына  байланысты  мал  етінің  барлық  түрлерін 

көрші  мем ле кеттерге  шығаруға  шектеу  қойылған 

болатын.  Алайда  межелі  12  ай  мерзім  өткен  соң 

елімізге  Халықаралық  эпи зоотикалық  бюро  өкілдері 

шақырылып,  нәтижесін де  Қазақстанның  үш  облы­

сының  Ресейге  ет  өнімдерін  экс порттауына  рұқсат 

беріледі. Оған дейін елімізде ау сылды жоюға бай ла­

нысты барлық шаралар атқа рыл ған. Кейінірек Ресей 

мамандары тағы да инспек торлық зерттеу жұмыстарын 

жүргізіп,  нәтижесінде  Маң ғыстау  облысынан  да  ет 

экспорттауға  қайта  жол  ашы лады.  Ал  Ресей  Вете­

ринарлық және фитосанитар лық қадағалау қызметінің 

кешегі мәлімдемесі түсінік сіз...

2006  жылы  Ресей  Польшадан  ет  әкелуге  тыйым 

салғанда,  оған  саясаткерлердің  тұз  бен  бұрышты 

жақсылап қосқанын ешкім ұмытқан жоқ шығар...



иә

– Жалақы туралы осындай сұрақ 

қойғанда  сіз  өз  жалақыңызды  ата­

ңыз, қаншасынан зейнетақы жар на­

сын төлейсіз, қаншасын конвертпен 

аласыз?  Бөтен  біреудің  жалақысы 

қызығушылық  тудыратын  адамдар, 

соның  ішінде  мәлімдеме  жасаған­

дардың көпшілігі МЖЗҚ төрағасынан 

әлдеқайда жоғары айлық алады. 

Есеп  комитетінің  материалдары 

болды, осыған орай депутаттар мә лім­

деме  жасады.  Осы  сөздер  ара сында 

жұмсартып  айтқанда  нақты  емес 

ақпарат көп болды. Заңды жа зып жүр­

ген адамдардың өздері заң ды оқымай­

тыны  өкінішті.  Жәмі шев  мырза  өте 

орынды айтты: «Заң бұ зыл ған жоқ. Өз 

бетімен  жалақы  та ға йындау  деген 

бол ған  жоқ».  Жала қы  жыл  басында 

дәл  осы  жұ мыс тан  кеткен  төрағаның 

ұсы нысы  бойынша  азайтылған  еді. 

«МЖЗҚ  төрағасы  осы  тексеруден 

кейін  жұмыстан  босатылды»  деген 

әңгіме де шын дыққа жанаспайды.

Жоқ 

– 1 миллион теңге жалақыны аб­

страк тілі  қарауға  болмайды.  Мем ле­

кетте салыстырмалылық болуы керек. 

Мысалы,  депутат  пен  министр  жо ба­

мен  3000  доллар  алады  дейік,  сол 

адам ның  жұмысы  министрдің  жұ мы­

сынан гөрі жауапты ма? «Үлкен қатерге 

барады,  қомақты  басқара ды»  дейді, 

сонда  қатерге  барып,  өз  ісіне  жауап 

беріп отырған адамды көр ген жоқпыз.

Азаматтық  кодексте  қисындық 

қайшылық  бар:  100  пайыз  мемлекет 

ие лігіндегі акционерлік қоғам – же ке­

меншік  кәсіпорын  қатарына  жат қы­

зылады. Сол себепті бізге «Акцио нер лік 

қоғам туралы» Заңнан басқа «Мемлекет 

меншігіндегі кәсіпорын ту ралы», «Мем­

лекеттік активтерді тиім ді пайдалану ту­

ра лы»  заң  керек.  Тек  қана  зейнетақы 

қо ры емес, мем лекет 100 пайыз, 50 па­

йыз дан  артық  ак ционері  болып  табы­

ла тын қоғам дар дың барлығында жала­

қы жүйе сін мемлекеттік реттеу қажет. 



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Владимир ЖириноВский, 

Ресей Мемлекеттік Думасының 

вице-спикері:

«Бізде  Ресейде  мынадай  анек­

дот  бар,  Брежнев  деген  кім?  Ол 

Алла Пугачева дәуірінің саяси қай­

рат кері!»

(www.newsru.com сайтынан)

№94 (94) 

12 маусым

жұма


2009 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

3-бетте

әлихан БәйМЕноВ,

«Ақ жол» партиясының төрағасы:  

(Мемлекеттік қызмет агенттігінің 

төрағасы, 1999-2000жж.)

Григорий МАрЧЕнко,

ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Сын


АҚ

3-бет

5-бет

6-бет

Ой­КӨКПАР 

Үшінші сынып 

оқушысы 


террорлық әрекет 

жасады


Елібай елге 

оралды


Оралмандарды 

орынды 


пайдаланып, 

этнотуризммен елді 

танытуға болады

www.аlashainasy.kz

150,35

212,58

4,87

22,00

8739,02

1131,09

1191,68

71,32

955,90

кремль котлетсiз қалды

Мемлекеттік топ-менеджерлердің жалақысы мен бонустары әділетті тағайындалып отыр ма?

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры 

бұрынғы басқарма төрағасының 1 млн теңге 

жалақысы мен екі орынбасарымен бөліскен 75,5 

миллион теңге (503 мың доллар) бонусы ел-жұртты 

«қазақтелекомның» бұрынғы президенті қайрат 

кәрібжановтың 365 мың доллар айлық жалақысындай 

тамсандыра қойған жоқ. Бірақ Есеп комитеті есебінен 

кейін үш жыл бұрынғы кәрібжанов дауынан еш сабақ 

алынбағаны белгілі болып отыр. Мемлекетке тиесілі 

компаниялар бұрынғыдай «Акционерлік қоғамдар 

туралы» Заң бойынша жұмыс істейді. Яғни жалақыны 

директорлар кеңесі бекітеді. МЖЗқ-ның үш басшысы 

75 миллион теңге бонусты бөліп алғанда, басқа 

мемлекеттік кәсіпорын басшылары бұдан да көп табыс 

алып отыруы әбден мүмкін. Біз қос сарапшыға «МЖЗқ 

бұрынғы басшысы алған жалақы мен бонус әділетті 

тағайындалған ба?» деген сауал қойдық.

Ж

И



ын

ДАТ!

6-б

етте

Бақытбек сМАҒҰЛ:

ӨЗіМіЗ ӨлМЕу ҮШін 

ӨЗгЕлЕРгЕ ҚАРу 

КЕЗЕнДіК


Тест тапсырушы түлектің 

14,5 пайызы «2» алды

Кеше Астанадағы Үкімет үйінде өткен селекторлық 

кеңесте  Кәрім  Қажымқанұлы  қандай  тарту­таралғы 

болмасын,  елдің  игілігі не  жарайтын,  тиімді  дүние 

болу  керек  екенін  ескертті.  «6  шілдеде  әлеуметтік 

маңызы  бар  кез  келген  жобаның  тұсауын  кесе 

аласыздар. Ол инновациялық, индустриялық немесе 

ин фра құрылымдық жоба болуы мүмкін. Әйтеуір елге 

пайдалы болса», – деді ол. «Астана күні кезінде іске 

қосылатын  жобалардың  саны  18­ге  жетіп  отыр. 

Олардың жалпы құны 78 мил лиард теңгені құрайды. 

Осы  жобаларды  жүзеге  асыру  арқылы  3  мың  700 

адамды  жұмыспен  қамти  алатын  боламыз»,  –  деді 

индустрия және сауда министрі Әсет Исекешов. 

Аталған жобалар еліміздің жеті облысында жүзеге 

асырылып  жатыр.  «Ақтөбе  облысында  –  10  жоба, 

Қызылорда  мен  Қарағанды  облыстарында  –  бір­бір 

жобадан,  Маңғыстау  облысында  –  екеу,  Солтүстік 

Қазақстан, Оң түстік Қазақстан, сондай­ақ Астана мен 

Алматы  қалаларында  бір­бір  жобаны  іске  қосу 

жоспарланып  отыр.  Ал  қалған  өңірлерде  шілде 

айында  мұндай  мүмкіндіктер  жоқ»,  –  деді  индустрия 

және сауда министрі. Сондай­ақ ол екінші кезекте 2009 

жылдың соңына дейін іске қосылатын жалпы құны 469 

млрд теңге көлеміндегі тағы 107 жоба бар екенін айтып 

өтті.  «Бұл  жобалар  аясында  13  мың  адам  жұ мыс пен 

қамтылатын болады. 2010­2012 жыл дар аралығында 

толық салынып бітеді», – деп мә лім етті министр.



Жалғасы 2-бетте

Мектептеріміз «Алтын белгіге» бітіреді 

деп Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) үкілеп 

қосқан 3 мыңға жуық үздік түлектің тең 

жартысы дерлік үмітті ақтай алмады. одан 

да қызығы, еліміздегі ең айтулы жоғары 

оқу орны – киМЭП-тің студенттері де тест 

сұрақтарының өздерінше жасалған дұрыс 

жауаптарын саудаламақ болыпты. Яғни 

еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алатын 

азаматтарымыз мемлекеттік құпияны сатып 

жіберуге әзір боп шықты. ҰБТ жауаптарының 

заң бойынша мемлекеттік құпиялар қатарына 

жатқызылатыны белгілі. Абырой болғанда, 

олардың қолына мемлекеттік құпия түспей 

қалған. Егер нақты дұрыс жауаптар қолына тисе 

ештеңеден тартынбай сататыны анық... 

Үкіметбасы 

ысырапқа қарсы

Өткен жылдан бері мемлекеттік мерекелердің 

санатында аталып өтіле бастаған Астана күніне санаулы 

апталар ғана қалды. Биылғы Елорданың туған күніне 

жалпы құны 78 млрд теңге болатын 18 жоба тарту 

етілмек. Өткен жылғы он жылдық дүбірлі тойда облыс-

аймақтардың тарту-таралғы жасаудан жарысқа түсіп, 

шала бүлінгені есімізде. Ал биыл Премьер-министр 

кәрім Мәсімов облыс әкімдерін жаппай бақ таластыру 

мен аста-төк ысыраптан сақ болуға шақырып отыр. 

Мұндай талаптың Елорда күніне қандай сый жасаймыз 

деп алақанын ысқылап отырған әкімдердің біразын 

ойландыратыны түсінікті...

кеше Мәскеуден жеткен 

суыт хабар еліміздің ауыл-

шаруашылық өнімін 

өндірушілерді абдыратып 

тастады. ре сей ауыл 

шаруашылығы министрлігі 

ветеринарлық және 

фитосанитарлық қадағалау 

федералды қызметінің 

хабарлауынша, орыстардың 

қазақстаннан құс етінің 

тасылуына тыйым салғаны 

белгілі болды. Шектеу мұнымен 

ғана шектелмейді. қазақстанның 

он облысынан ет және ет 

өнімдерін ресейге апаруға тағы 

да тосқауыл қойылды.

Жеке және заңды тұлғалар үшін:  индекс – 64259. 

«қазпошта» Ақ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

2009 жылдың екінші 

жартыжылдығына 

жазылу басталды. 

«Алаш айнасына» 

жазылу жалғасады

Бесбоғда АЛТАй

2

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№94 (94) 

12.06.2009 жыл, жұма

www.alashainasy.kz

–140  орындық  балабақшаның  салы­

нуы на республикалық бюджеттен 209 мил­

лион  теңге  бөлінді.  Балабақшада  ақ па рат­

тық,  ойындық  кабинет  ұйымдас ты рылып, 

оның бәрі де соңғы үлгідегі техни калармен 

жабдықталған.  Арнайы  каби нет  те  ин тер­

активті  тақта  мен  10  ноут бук  қойылған,  – 

дейді балабақша дирек торы Асыл Оралбаев. 

Бұдан  кейін  Елбасы  Рудный  қаласында 

құрылысы қызу жүріп жатқан металл өңдеу 

зауытында бол ды. 

–  Жарты  ғасырдан  астам  тарихы  бар 

Соколов­Сарыбай  кен­байыту  өндірістік 

бір лестігінің  бұл  инвестициялық  жобасы 

жы лына 75 мың тонна түпкілікті дайын өнім 

шығаруға бағытталған. Үсті міз дегі жылдың 

төртінші  тоқсанында  іске  қо сыла тын  зауыт 

650 адамды жаңа жұмыс ор ны мен қамта­

ма сыз  ететін  болады,  –  дейді  жа  ңа  зауыт 

ди ректоры  Тәкежан  Қасқатай.  «Қазақстан­

дық  өнім»  бағдар ламасына  бай ланысты 

айт сақ,  бірлестік  болашақта  Ре сей ден  6,3 

млрд  теңгеге  сатып  алатын  45  мың  тонна 

металл  өнімдерін  енді  өздері  шығармақ. 

«ССТӨБ»  АҚ  прези денті  М.Тұр да хуновтың 

ай туынша, кәсіп орын осының өзінде 2,5­3 

млрд теңге таза табыс көрмек. 

Облыстық  кәсіпкерлік  және  өнеркәсіп 

басқармасы  дерегі  бойын ша,  шетелдік 

инвесторлар  кеңесі  өңірдің  өркендеуі  үшін 

де үлкен септігін тигізген. Атап айтсақ, көп­

теген  көшелер  жөнделіп,  ғимараттар  боя­

лып,  қаланың  ажары  кіріп  қалғандығы. 

Әуе жайға  адамға  қажетті  ыңғайлылықтың 

бәрі бар 100 орындық су жаңа автобус пен 

электрлі трап сатып алын ған. 

– Бізге көп қиындық туғызғаны қонақүй 

болды.  Өйткені  облыс  бұған  дейін  өте 

жоғары дәрежелі 300 қонақты бір мез гілде 

қарсы алып көрген емес. Алты ай дың ішінде 

АҚШ,  Англия,  Филиппин,  Ресей,  Түркия, 

Нидерланды, Щвейцария, Жа пония, Италия 

т.б. да мемлекеттерден келе тін vip тұлғаларға 

арналған  озық  үлгідегі  74  люкс  нөмір 

әзірленді,  –  дейді  Қос танай  облыстық 

кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 

бастығы Мей рам Өтешов. 

Шетелдік  инвесторлар  кеңе сі нің  кезекті 

отырысы  Н.Назарбаевтың  Еуропалық  қайта 

құру және даму банкінің президенті Т.Ми ров­

пен кездесуінен басталмақ. Жиында «Джей 

Пи  Морган»  компаниясы ның  Таяу  Шығыс, 

Түркия және Орталық Азия аймағы бойынша 

аға атқа рушы ди ректоры М.Ме гал ли, «Ар се­

лор  Миттал»  компаниясының  бас  шысы 

Л.Миттал, «Лу койл» ААҚ прези денті В.Алек­

перов сынды әлемдік деңгейде аты танымал 

тұлғалар сөз сөйлейтін болады.

Жасұлан МАНАП,

Қостанай

СаяСи  бюро

СЕНАТ

Жақсылық Ақмырзаұлы сөзді алды­



мен депутаттарға алғыс айтудан баста­

ды.  Өйткені  Кодекс  жобасы  бойынша 

жұ мыс  тобында  болған  халық  қалау­

лы лары  өзгерген  әлеуметтік­экономи­

калық жағдайды және денсаулық сақ­

тау  саласындағы  басымдықтарды  іске 

асыру мүддесін есепке ала отырып, Ко­

декске елеулі өзгерістер мен толық ты­

рулар енгізіпті. Әдетте, жаңа дүние да­

йын болған кезде жұрт оның жаңалығы 

қай жерінде екенін білгісі келетіні анық. 

Бұл жолы сенаторлар «терең талданып 

жасалған» деп баға берген аталған құ­

жаттың да ауыз толтырып айтар тұстары 

баршылық. Мысалы, Кодекс жобасын­

да  денсаулық  сақтау  саласында  бір­

ыңғай  мемлекеттік  саясатты  жүзеге 

асы руға байланысты мәселелерді шешу 

кезіндегі басшылардың құзыреттік дең­

гейі айқын белгіленген. Сонымен бірге 

халыққа көрсетілер медициналық қыз­

мет тің  сапасын  арттыру  мақсатында 

ден саулық сақтау саласындағы мемле­

кет тік басқару органдарының, жергілікті 

орындардың,  республикалық  ұйым­

дар дың  басшыларын  аттестациялау 

іске  асырылмақ.  Бұдан  басқа,  Кодекс 

жобасына сай өңірлік денсаулық сақтау 

мекемелерінің  басшыларын  тағайын­

дау  кезінде  министрлікпен  келісу  қа­

жет тігі  айқындалған.  Енді  облыс 

басшы лары  Денсаулық  сақтау  де пар­



Жақсылыққа 

Қуаныш қарсы шықты

Парламент Сенатының депутаттары кешегі жалпы 

отырыста Мәжіліс мақұлдаған «Халық денсаулығы және 

денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жобасын 

бірінші оқылымда мақұлдады. Үнемі орынбасарларын 

жіберетін министрлердей емес, бюрократтығы аз 

денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев 

әдеттегідей өзі келіп, жоғарғы палата өкілдері алдында 

байыпты баяндама жасады.

алу,  қосымша  жәрдемақы  алу  секілді 

т.б. әлеуметтік жеңілдіктер осы Кодексте 

толығымен  қамтылған.  Денсаулық 

сала сының өркендеуіне кең жол ашатын 

құжатқа  Елбасының  2008  жылғы  7 

қарашада  Шымкент  қаласында  өткен 

кеңесте  берген  тапсырмалары  да  тас­

түйін енгізілген. Ол бойынша халықтың 

дәрілік көмектерге қолжетімділігін арт­

БЕ

зБЕН


Мемлекет пен дін арақатынасы 

қандай болуы керек?

Мұрат АЛМАСБЕКҰЛЫ

СА

яСА

тт

Ы

ң  

АЛ

тЫ

  А

уЫ

зЫ

Ғарифолла ЕСІМ, 

сенатор:

– Ақпараттық қоғамда интернет жүйесі шешуші 

рөл атқарады. Интернетте шекара жоқ. Бірақ шекара 

жоқ  болғанымен,  шектеу  деген  болады.  Ол  –  заң 

арқылы  жүзеге  асатын  өркениетті  тәсіл.  Интернет 

ресурсы  біз  үшін  жаңалық  болғаннан  кейін,  интер­

нетке деген тәрбие керек, мәдениет керек. Біз мұны 

мектептегі информатика сабағымен бірге оқытуымыз 

керек  еді.  Осы  тұрғыдағы  білім  аз  болғандықтан, 

көп теген  сұрақтар  туындап  қалады.  Бұл  жердегі 

мәселе  демократияны  болмаса  интернетті  шектеу 

емес, сол интернеттің иесі өзінің жауапкершілігін сезінуі керек. Ол қандай 

мәселені тарата алады, оған моральдық, саяси, заңды, адамгершілік құқы 

бар  ма?  Осыны  біліп  алуы  керек.  Біз  интернетте  нелер  жүргенін  көріп 

отырмыз ғой. Сондықтан оған шектеу болғаны дұрыс.

САПАР


КӨЛіК СТРАТЕгИяСы

Елбасы аграрлы 

аймақты аралады

Ұлы Жібек жолының 

қазіргі заманғы үлгісі 

жасалады

?

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Қазақстанның Туында ғана жанды бейне бар



Дүбірлі спорттық жарыстарда көптеген елдердің мемлекеттік тулары 

желбірейді. Кейбіреуін ажырату қиын. Әлемдегі ұқсас туларды қалай 

ажыратамыз?

Арман БАяХМЕт,  Шығыс Қазақстан облысы

Ата заңды алмастырған «Жасыл кітап»



Естуімше, мемлекеттік конституциясы жоқ елдер де болады екен.

Ата  заңсыз  қоғамдық  қатынастар  қалай  реттелетінін  түсіне  алмай  жүрмін. 

Мүмкін болса, қай елдің конституциясы жоқ екенін атап бере аласыздар ма?

 

 

 

 

 

  

Ермек БАйтІЛЕСҰЛЫ, Қарағанды

Әртүрлі  себептерге  байланысты  мемле­

кет тік конституциясы жоқ мемлекеттер бар. 

Олардың  көбі  дәстүрлі  мемлекеттік  құры­

лым ды ұстанатындар. Ұлыбританияда конс­

ти туция атаулы екібастан болған емес, оның 

орнына  адам  құқықтарын  реттеп  отыратын 

«Құқық  жөніндегі  биль»  кітабы  жүреді. 

Соған  қарамастан,  демократия  заңдылық­

та рын  қалыптастыру  парламентке  ауыр  іс 

болып жатқан жоқ. Сондай­ақ Израиль тұр­

ғындары да конституцияны қажет емес деп 

санайды. Ал аумалы­төкпелі заманды бастан 

кешіріп  отырған  Ауғанстан  елінде  бар  ха­

лық қа ортақ болып есептелетін үкімет жоқ. 

Соның  салдарынан  конституция  жазылмай 

отыр. Тұрғындар қандай да бір мәселені өз­

ара келісім арқылы немесе шариғат заң да­

рымен  шеше  салады.  Сондай­ақ  бірқатар 

мұсылман мемлекеттерінде конституцияның 

орнын Құран кітабы ауыстырады. Мәселен, 

1970 жылы Сауд Арабиясының билік басы­

на  вахабиттік  ислам  өкілдері  келген  соң  ел 

конс титуциясы Құран болып өзгертілді. Өт­

кен  2008  жылы  ғана  Ливия  конституциясы 

Муам мар  Каддафидің  «Жасыл  кітабымен» 

ал

  

мастырылды. 



Әлем  елдері  арасында  мемлекеттік 

тулары арасында ұқсас мемлекеттер бар. 

Мысалы,  еуропалық  елдердің  басым 

көпшілігінің  мемлекеттік  жалаулары  үш 

жолақты  келеді.  Үш  түсті  жолақтар  кей­

бірінде тігінен орналасса (Франция, Ита­

лия, Ирландия, Бельгия, Румыния, Мол­

дова,  т.б.),  енді  бірінде  көлденеңінен 

(гер мания, Нидерланды, Болгария, Сло­

ве ния, Ресей, т.б.) тұрады. Сонымен қа­

тар солтүстік еуропалық елдердің жа лау­

ларына айқыш белгілер тән болып келеді. 

Тек түстерінде ғана айырмашылықтар бар 

Скандинавия (Финляндия, Швеция, Дания 

және Норвегия) елдерінің тулары сол мем­

ле кеттердің  бір­біріне  жақын  екенін  көр­

сетеді. Ал ұқсас байрақтарға келер болсақ, 

Ирландия  мен  Италияның  туларын  бір­

бірінен ажырату қиынырақ. Италия жала уын­

да  (солдан  оңға  қарай)  жасыл­ақ­қызыл 

болса,  Ирландия  жа сыл­ақ­қыз   ғылт­сары 

түстерді  таңдаған.  Осындай ұқсастық Оң­

түс 

 

тік Америка құрлығын мекендейтін Арген­



тина  мен  Уругвайда  да  бар.  Аргентинаның 

жалауында  күннің  бейнесі  орта  тұсында,  ал 

Уругвайдың  туында  сол  жақ  бұрышында 

бейнеленген. Егер АҚШ, Либерия және Ма­

лайзияның  байрақтары  алыста  желбіреп 

тұр са,  ажырата  алмауыңыз  мүмкін.  Себебі 

аталған  мемлекеттердің  туларында  қызыл­

ақ  көлденең  жолақтар  бар.  АҚШ­тың  жа­

лауында Құрама Штаттарды бейнелейтін 50 

жұлдызша  болса,  Либерияда  үлкен  бір 

жұлдыз,  ал  Малайзияның  туында  ай  мен 

шоқ жұлдыз орналасқан. Егер әлем елдерінің 

мемлекеттік  туларын  қарап  шықсаңыз,  ең 

әдемі,  мәнді  және  жанды  бейне  салынған 

тек Қазақстанның ғана мемлекеттік байрағы 

еке нін байқайсыз.



Басы 1-бетте

ӘКІМДЕРДІ тЕРЛЕтКЕН тЕГЕуРІН

Селекторлық кеңесте «Жол картасы» 

бойынша  атқарылып  жатқан  іс­

шаралар қаралған кезде бірқатар әкім­

дер қара терге түсті. Оларды терлеткен 

қазіргі  Үкімет  құрамындағы  жалғыз 

әйел министр гүлшара Әбдіхалықо ва­

ның тегеуріні болатын. «Ақтөбе, Алма­

ты,  Атырау,  Шығыс  Қазақстан,  Қара­

ғанды,  Қостанай  және  Қызылорда 

сияқ ты жеті өңірде конкурстар толығы­

мен  аяқталып,  барлығы  4032  келі­

сімшарт бекітілді. Бұл негізгі жоспардың 

84,4  пайызын  құрайды»,  –  деп  атап 

өтті  еңбек  және  халықты  әлеуметтік 

қор ғау министрі гүлшара Әбдіхалықо­

ва. Ал Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қызыл­

орда облыстары «Жол картасы» бойын­

ша жоспарланған барлық ны  сан дар дағы 

жұмыстарды  енді  бастап  жатқан  сы­

ңайлы.  Әкімдерді  терлеткен  де  осы 

жағдай болатын.

Алайда аталған облыс әкімдері «бұл 

маусымның  5­індегі  ақпарат.  Одан 

бергі бір апта ішінде жоспарды 90 па­

йыз дан асырып орындадық» деп ақта­

лып  әуреге  түсті.  Осыдан  соң  Үкімет 

басшысы еңбек және халықты әлеумет­

тік қорғау министрі гүлшара Әбдіхалық­

оваға «Жол картасының» қорытындысы 

бойынша  толық  сараптама  жасап, 

әрбір облыста тұрғын үй коммуналдық 

шаруашылығы және басқа да нысандар 

бойынша  бір  адамға  қанша  жалақы 

төлен генін  анықтап,  оны  маусымның 

22­сінде баяндауды тапсырды.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал