Биология пәні бойынша мектепішілік олимпиада



жүктеу 498.5 Kb.
Дата30.05.2022
өлшемі498.5 Kb.
#20326
Биология 8-9 Тест
Биология 10-11 Тест, тест био, Биомедицина және биоинформатика 10 кл, 6 ұмж


Биология пәні бойынша мектепішілік олимпиада
8-9 сынып (20 сұрақ – 40 минут- 40 балл)

Әр сұрақтың 1 дұрыс жауабы бар. Барлық сұрақтар 2 балдан.



  1. Гүлді өсімдіктерде аналық қабырғадан не дамып шығады?

а) ұpық (эмбрион);
б) тұқым қабығы;
в) эндосперм;
г) жемiсқaп.

  1. Өсімдіктерде ксилеманың қызметі қандай?

а) тамырдың ұзайып өсуін қамтамасыз ету;
б) су және минералды заттарды өткізу;
в) тамыр ұшын қорғау;
г) топырақтан су және минералды заттарды алу.

  1. Қарағай тұқымының эндоспермында орналасқан жасушалардың хромосомалар жиынтығы қандай?

а) гаплоидты;
б) диплоидты;
в) триплоидты;
г) полиплоидты.

  1. Дөңгелек құрттар жалпақ құрттардан төмендегілердің қайсысының бар болуымен ерекшеленеді:

а) жүйке жүйесі;
б) тік ішек;
в) кутикула;
г) зәр шығару жүйесі.

  1. Мамыр қоңызының қандай зәр шығару органы бар?

а) мальпиги түтікшелері;
б) протонефридилер;
в) бүйректер;
г) жасыл бездер.

  1. Қосмекенділерде қанша қан айналу шеңбері бар?

а) дернәсілдерінде 1, ересектерде 2;
б) ересектерде 1, дернәсілдерінде қан айналу шеңбері жоқ;
в) дернәсілдерінде 2, ересектерде 3;
г) дернәсілдерінде 2, ересектерде 2.

  1. Қызыл қан жасушалары қай жерде жойылады:

а) Айырша безде (тимус)
б) Сары сүйек кемігінде
в) бауырда
г) ұйқы безінде.

  1. Сілекей лизоцимі

а) ақуыздарды қорытады
б) көмірсуларды қорытады
в) майларды қорытады
г) тағамды зарарсыздандырады

  1. Төмендегі ферменттердің қайсысы ащы ішекте әрекет етпейтін болып табылады?

а) химотрипсин;
б) липаза;
в) пепсин;
г) ұйқы безінің амилазасы

  1. Көлденең-жолақты талшықтары бар бұлшық еттер,төмендегілердің қайсысын қамтамасыз етеді:

а) көз алмасының бұрылуы;
б) лимфа тамырларының қабырғаларының қысылуы;
в) көз қарашығының тарылтылуы;
г) көз қарашығының кеңейуі.
11. Ұрықтың қай даму кезеңі ертерек болады?
а) нейрула
б) бластула
в) ерте гаструла
г) гаструла
12. Мейоздың қай фазасында еншілес хроматидтер екі полюсқа ажырайды ?
а) профаза I
б) метафаза II
в) анафаза I
г) анафаза II
13. Төмендегі аталған биополимерлерден айыр (бұтақтасатын) құрылымдысын табыныз:
а) ДНҚ
б) РНҚ
в) ақуыз
г) полисахарид
14. Прокариот пен эйкариот жасушасында бар органоидты аңықтаныз
а) эндоплазматикалық тор
б) митохондрия
в) лизосома
г) рибосома
15. Мысықтарда қара тус Х-хромосамадағы бір аллельмен аңықталады, ал сол локустағы басқа аллель қызғылт сары тусін береді. Гетерозиготалар ала-құла бояуланады. Қызғылт сары ұрғашы мысық пенен қара түсті ер мысықтан қайндай ұрпақ күтуге болады?
а) ала-құла ұрғашы мысық; ала-құла ер мысық
б) қара ер мысық; қызғылт сары ұрғашы мысық
в ала-құла ұрғашы мысық; қызғылт сары ер мысық
г) ала-құла ұрғашы мысық; қара ер мысық
16. Эукариот ядросының хроматинінің негізгі компоненттері олар :
а) ДНҚ мен РНҚ
б) РНҚ мен ақуыз
в) ДНҚ мен ақуыз
г) ДНҚ мен липидтер
17. АТФ- синтетаза ферменті митохондриялардын қай жеріде орналасады?
а) матриксінде
б) мембрана аралас кеңістік
в) сыртқы мембранасында
г) ішкі мембранасында
18. Антикодон қанша нуклеотидтерден тұрады?
а) бір нуклеотид
б) екі нуклеотид
в) үш нуклеотид
г) төрт нуклеотид
19. Фотосинтезде оттегі қай заттан шығады ?
а) рибулозобисфосфаттан
б) глюкозадан
в) судан
г) көмір қышқыл газдан
20. Фотосинтезде көміртектің өзегі қай зат болып табылады?
а) рибулозобисфосфат;
б) глюкоза
в) су
г) көмір қышқыл газ


жүктеу 498.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет