Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы


Термисторды градуирлеу және дененің температурасын анықтау



жүктеу 357.67 Kb.
бет6/9
Дата14.11.2022
өлшемі357.67 Kb.
#23866
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8. датчиктер каз
7т Нервная система
Термисторды градуирлеу және дененің температурасын анықтау.
Термометр құрылысында температураның өзгеруімен өзінің кедергілерін өзгертетін металдар мен жартылай өткізгіштердің қасиеті қолданылады. Металдарда температура жоғарылаған сайын кедергі көбейеді, ал жартылай өткізгіштерде азаяды.
Мына формуланы өткізгіштің кедергісін есептеуге қолданылады
,
мұндағы - заттың табиғатына тәуелді кедергінің температуралық коэффициенті, 10С температурадағы кедергінің өзгеруіне сәйкес.
Қазіргі уақытта температураның өзгеруіне қарай өзінің кедергісін металдарға қарағанда 20-30 есе артық өзгерте алатын термисторлар деп аталатын жартылай өткізгіштер жасалып шығарылды, әрі олардың кедергілері температура өсуіне қарай кемиді. Жартылай өткізгішті материалдардың кедергісі өте үлкен болуы себепті, термисторлар мөлшері өте кішкентай болады.
Медицинада термисторлар электротермометрлер ретінде қолданылады. Өзінің өте аз жылулық инерциясына байланысты олар өте аз уақыт мезетінде температураны өлшеуге мүмкіндік береді, термисторлар кішкене моншақ түрінде жасалып, автоқалам сияқты корпустың ұшына бекітіледі де сол арқылы Уитстон көпіріне қосылады. (3сурет)
Бұл сызбада температура көрсеткіші ретінде көпірдің бір тармағына қосылған термистор қолданылады. Басқа тармақтардың кедергілері белгілі бір бастапқы температурада көпір бейтарап болатындай таңдалып алынады. Термисторлар өте аз жылулық инерцияға ие болатындықтан зерттелетін ортамен немесе объектімен жанасқанда сол беттің температурасын тез қабылдап алады. Термистордың температурасының өзгеруі оның кедергісін өзгертеді де, соның әсерінен көпірдің бейтарап күйі бұзылып гальваномертдің тілі ауытқиды. Гальванометрдің шкаласы тікелей Цельсий бойынша бөлінген болуы мүмкін.
Термисторды қолдану үшін оны бөліктеу керек. Бөліктеу термистор кедергісінің температураға тәуелділігін анықтау үшін жүргізіледі. Термисторды градуирлеу үшін Уитстон сызбасы құрастырылады. Сызбада (3-сурет) көпірдің бір тармағына Rт термистор, екіншісінде кедергілер магазині , басқа екеуінде R1 және R2 тұрақты кедергілер болады. Көпір диагоналіне гальванометр қосылады. Өлшеу кезінде R1 және R2 кедергілерді ток гальванометр арқылы өтпейтіндей етіп таңдап алады. Өлшеуіш тізбектің мұндай күйі бейтарап немесе тепе-теңдікте деп аталады.

жүктеу 357.67 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет