Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы


Ақпараттық-дидактикалық блок



жүктеу 357.67 Kb.
бет2/9
Дата14.11.2022
өлшемі357.67 Kb.
#23866
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8. датчиктер каз
7т Нервная система
Ақпараттық-дидактикалық блок:
Биоэлектрлік потенциалдар көптеген аурулардың диагностикалық көрсеткіштері болып табылады. Сондықтан, біріншіден, осы потенциалдарды дұрыс тіркеу, екіншіден, алынғын көрсеткіштерден қажетті медициналық ақпаратты алу маңызды.
Клиникалық практикада биопотенциалдарды теріге жалғанатын электродтар арқылы алып, аналогтық тіркеуші құралдар арқылы жазады. Бір тармақтан екінші тармаққа өту арнайы ауыстырып­қосқыш арқылы жүзеге асады. Биопотенциалдар шамасы оте кішкентай болған себепті құралдарда күшейткіш блогы болады. Электрокардиографияда тіркелетін биопотенциалдар бірнеше миллиВольт, электроэнцефалографияда — микровольт болғандықтан, оларды бірнеше мың есе арттыру үшін көп каскадты күшейткіш қолданылады.
Электрлік сигналдардың күшейткіштері (электрондық күшейткіштер) деп басқа ток көзінің энергиясы арқылы сигналдарды күшейтетін құралдарды айтады.
Генераторлар (электрондық генераторлар) деп тұрақты кернеу көзінің энергиясын түрлі пішіндегі электрмагниттік тербелістер энергиясына түрлендіретін құралдарды айтады.
Әсер принципі бойынша датчиктерді екі топқа бөлінеді: генераторлық және параметрлік (датчиктер-модуляторлар).
Генераторлық датчиктер тікелей кіріс шамасын электрлік сигналға түрлендіреді.
Параметрлік датчиктер кіріс шамасын датчиктің қандай да бір электрлік параметрдің (R, L немесе C) өзгеруіне әкеледі.
Жұмыс істеу принципі бойынша датчиктерді омдық, реостаттық, фотоэлектрлік (оптикалық-электрондық), индуктивтік, сиымдылықтық және т.б болып бөлінеді.

Датчиктерге қойылатын талаптар:
- шығыс шамасының кіріс шамасына тікелей тәуелділігі;
- сипаттамалардың уақытқа тәуелді тұрақтылығы;
- жоғары сезгіштігі;
- кіші өлшемі мен массасы;
- әр түрлі жағдайда жұмыс жасауға бейімділігі.
Пьезоэлектрлік датчиктер. Жұмыс істеу принципі пьезоэлектрлік эффектке - деформацияға ұшыраған кезде кристаллдық диэлектриктердің поляризациялануы - негізделеді. Бұл датчиктерде кіріс шамасы қысым, механикалық кернеу, орын ауыстыру, ал шығыс шамасы электрлік кернеу болады. Медицинада пьезодатчиктер артериялық қысымды автоматты түрде өлшеу құрылғыларында қолданылады.

жүктеу 357.67 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет