Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы



жүктеу 0.79 Mb.

бет4/9
Дата22.04.2017
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

      4. Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны мыналарды:

      1) кәсіптік пәндерімен қатар жоғары білім берудің 1-2 курстарынын кәсіптік оқу 

бағдарламаларымен интеграцияланған әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін оқуды;

      2) оқыту аяқталғаннан кейін қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші маман біліктілігін

беруді көздейді.

      5. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруда:

      1) кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған 

кезде циклдар және пәндер үшін оқу уақытының көлемін 25% дейін өзгертуге;

      2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылаудың нысандарын, 

әдістерін пайдалануға құқылы.

      6. Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары міндетті пәндермен қатар білім беру 

ұйымдары анықтайтын пәндерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.

      Консультациялар мен факультативтік сабақтар білім алушылардың жеке қабілеттері мен 

сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.

      7. Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру базалық жоғары, 

техникалық және кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән бейініне сәйкес және жүйелі түрде 

педагогикалық және әдістемелік қызметпен айналысатын инженерлік-педагогикалық кадрлармен 

қамтамасыз етіледі.

      8. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы ұйымдастыру:

      1) кәсіптік дағдыларды игеру мен бекіту бойынша оқу-өндірістік жұмыстар;

      2) кәсіптік практика (технологиялық, дипломалды).

      Практиканың әрбір түрінің ұзақтығы маманның біліктілігіне байланысты маманның біліктілік 

сипаттамасына қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.

      Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында

өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен жүзеге асырылады.

      Кәсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс бағдарламаларымен және оқу жұмыс 

жоспарларымен айқындалады.

      Практикадан өту кезінде білім алушыларға разряд, санат беріле отырып, жұмысшы 

біліктілігінің бір немесе бірнеше жақын мамандықтарды меңгеру көзделеді.

      Кәсіптік даярлық (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық 

сабақтар, курстық және дипломдық жобалау, өндірістік оқыту, кәсіптік практика). Кәсіптік 

практика міндетті оқытудың жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40%-ын құрауы тиіс.

      Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда, шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын дербес жұмыс 

орындарында өткізіледі және оқыту процесінде алынған білімді бекітуге, практикалық дағдылар мен

кәсіптік құзыреттерді меңгеруге бағытталған.

      9. Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыруда оқу әдебиеттері мен 

оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық оқу құралдары, аудио

және бейне материалдар, әдістемелік көрнекі құралдар және пәндер, кәсіптік практикалар, 

жазбаша-біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен қамтамасыз 

етіледі.

      10. Оқыту процесін материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім беру 

саласындағы уәкілетті органмен белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      11. Оқыту процесін жоспарлау кезінде орта білінен кейінгі білім берудің әзірлеушілері осы

стандартқа 

 сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделін 

1-қосымшаға

басшылыққа алады.



3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

      12. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең көп көлемі аудиториялық және аудиториядан тыс 

оқу жұмысының барлық түрлерімен қоса, аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.

      13. Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі (

медицина мамандығынан басқасы) жалпы орта білімі бар тұлғаларға екі жылдан кем емес, ал 

техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғаларға – кемінде бір жылды құрайды.

      14. Теориялық оқытудың күндізгі нысанында оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 

сағат болатын міндетті оқу жүктемесі есебінен айқындалады (бұл ретте көрсетілген көлемге 

факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді).

      1) Факультативтік пәндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде көзделеді.

      2) Оқытудың күндізгі нысанындағы білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылындағы 

оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді.

      Консультациялар емтихандар мен курстық және дипломдық жұмыстарды орындау түрінде аралық 

және қорытынды аттестаттау көзделген пәндер бойынша, сондай-ақ кәсіптік даярлық деңгейін 

бағалау мен біліктілік беруді ұйымдастыру және өткізу рәсімдеріне арналып жоспарланады.

      3) Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын

бақылаудың мынадай түрлері:

      аралық аттестаттау;

      білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау;

      кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру көрсетіледі.

      Пәндер бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушы меңгеруі тиіс білім, 

шеберлік пен құзырет деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.

      Бақылау жұмыстары пәндерді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен жүргізіледі.

      Семестрдегі курстық жобалардың саны, әдеттегідей біреуден аспауы тиіс.

      Бір оқу жылы бойындағы емтихандық сессияның жалпы ұзақтығы 4 аптадан аспауы тиіс. 

Емтихандық сессияның бір аптада тапсырылатын емтихандардың саны екеуден аспауы тиіс.

      Барлық пәндер бойынша негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан болып 

табылатын аралық аттестаттау өткізу көзделеді.

      Бақылау жұмысы мен сынақтар аталған пәнді оқытуға бөлінген оқу уақытының есебінен; 

емтихандар – аралық аттестаттауға бөлінген мерзімде жүргізіледі.

      Кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергеннен кейін білім алушылардың даярлық деңгейін бағалау 

үшін қорытынды аттестаттау өткізіледі.

      Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау:

      білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау;

      кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беруді қамтиды.

      Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау оқытудың толық курсының қорытындысы 

бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 

жүргізіледі.

      Кәсіптік оқу бағдарламаларын оқытуды аяқтағаннан кейін орта білімнен кейінгі білім беру 

ұйымдарындағы қорытынды аттестаттаудың мүмкін нысандары: арнайы пәндер бойынша емтихандар 

тапсыру немесе дипломдық жобаны орындау және қорғау немесе арнайы пәндердің бірі бойынша 

қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыра отырып, дипломдық жұмысты орындау, қорғау.

      Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны мен оны өткізуге 

бөлінген оқу уақытының көлемі 2 аптадан артық айқындалмайды.

      Кәсіптік даярлығының деңгейін бағалау және мамандық бойынша біліктілікті беру (бұдан әрі 

– КДДБББ) екі кезеңнен:

      арнайы пәндер бойынша теориялық тестілеуден;

      біліктілік деңгейлері бойынша практикалық тапсырмаларды орындаудан тұрады.

      Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беруді ұйымдастыру мен өткізуге 

арналған оқу уақытының көлемі бір білім алушыға кемінде 12 сағат көлемінде анықталады.

      Практикалық емтихандар әрбір мамандық бойынша өндірістік алаңдарда, қажетті құралдармен 

жабдықталған зертханаларда, шеберханаларда немесе оқу орталықтарында өткізіледі.

      4) Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау және қорытынды аттестаттау) бөлінген уақыт 8 


аптадан аспауы тиіс. Дипломалды (біліктілік) практиканың ұзақтығы мамандықтың күрделілігі мен 

маманның біліктілік деңгейіне байланысты 6 аптаға дейін жоспарланады.

      Оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, 1 шілдеге дейін аяқталады. Каникул уақыты 11 аптаны 

құрайды, оның ішінде кысқы мерзімде – кемінде 2 апта.

      15. Оқу пәндерін зерделеудің бірізділігін белгілеу, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын

курстарға және семестрлерге бөлу пәнаралық байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.

      Арнайы пәндердің тізбесін анықтау мен оларды зерделеуді жоспарлау кезінде көрсетілген 

пәндерді зерделеу бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және жоғары білім берудің 1-2 

курстарына арналған кәсіптік оқу бағдарламаларымен интеграциялау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге

бағытталғандығын басшылыққа алу қажет.



4. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

      16. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды даярлау деңгейіне 

қойылатын талаптар оқытуды аяқтау бойынша қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші 

мамандарының біліктілігін беру мүмкіндігін көздейді.

      17. Базалық құзыретке қойылатын талаптар қазіргі қоғамда кәсіби ұтқырлықты, бәсекеге 

қабілеттілікті және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін әмбебап білім, шеберлік пен дағды, 

қасиеттер мен қабілеттіліктер ретінде мазмұндалады.

      18. Кәсіптік құзыреттілікке қойылатын талаптар маманның кәсіптік қызметін жеке орындауға,

өз еңбегінің нәтижелерін бағалауға, қызметінің негізгі міндеттерін шешуге, сондай-ақ білімнің, 

шеберліктің, дағдының белгілі бір көлемін меңгеруге деген даярлығы ретінде мазмұндалады.

Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына          

1-қосымша                     

Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі

Р/с 


Циклдердің, пәндер мен оқу 

жұмыстарының атауы

Жалпы орта білім базасында

Техникалық және 

кәсіптік білім 

базасында*

1 ж. 6 а.

1 ж. 10а.

10 а.


1

Жалпы гуманитарлық пәндер

+

+

+



………………………

2

Әлеуметтік экономикалық пәндер



+

+

+



………………………

3

Жалпы кәсіптік пәндер



+

+

+



………………………

4

Арнайы пәндер



+

+

+



………………………

5

Білім беру ұйымдары анықтайтын 



пәндер

+

+



+

6

Кәсіптік практика



Міндетті оқытудың жалпы оқу сағатының 

көлемінен кемінде 40% болуы керек**

7

Аралық аттестаттау



+

+

+



8

Қорытынды аттестаттау:

8.1

Білім беру ұйымында оқытудың 



толық курсының қорытындысы 

бойынша қорытынды аттестаттау

2 аптадан артық болмауы керек

8.2


Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау

және біліктілікті беру

Кемінде 12 сағат болуы керек

9

Барлығы міндетті оқуға



2304

2880


1440

10

Консультациялар



Оқу жылында 100 сағаттан артық болмауы керек

11

Факультативтік сабақтар



Теориялық оқыту кезеңінде аптасына 4 сағаттан

артық болмауы керек

Барлығы

2680


3312

1656


      Ескертпе:

      * оқу мерзімі білім деңгейіне және оқу бейініне байланысты белгіленеді.

      ** оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтар

, курстық және дипломдық жобалар.

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің       

2012 жылғы 23 тамыздағы

№ 1080 қаулысымен   

бекітілген      

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт)

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі 

 негізінде әзірленді, 

Заңының

білім беру мазмұнына, студенттердің білім траекториясына, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге,



олардың құрылымына және студенттердің даярлық деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды 

белгілейді.

      Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) жоғары арнаулы білім – кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде 

теориялық оқудың кемінде 161 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, 

тиісті мамандық бойынша біліктілікті бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім 

берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;

      2) бакалавриат – кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық оқудың 

кемінде 129 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті мамандық 

бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары 

білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;

      3) дескрипторлар (descriptors) – студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 

білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім

, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту 

нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне

) негізделеді;

      4) дипломдық жұмыс (жоба) – тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын 

студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;

      5) жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде 


эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;

      6) элективті пәндер каталогы (ЭПК) – зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер

) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімі, шеберлігі, дағдысы мен 

құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасы берілетін таңдау компоненттері бойынша

барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;

      7) таңдау компоненті – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін 

есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдай алатын оқу 

пәндерінің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;

      8) құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын 

кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;

      9) міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім беру бағдарламасы 

бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз 

көлемінің тізбесі;

      10) оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ) – мамандық бойынша әзірленетін үлгілік оқу жоспары мен 

студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;

      11) үлгілік оқу бағдарламасы (ҮОБ) – оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті 

анықтайтын және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтың үлгілік оқу 

жоспарының міндетті компоненттегі пәннің оқу құжаты;

      12) үлгілік оқу жоспары (ҮОЖ) – Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан 

кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен осы стандарт негізінде әзірленетін, міндетті 

компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз көлемін және практиканың, қорытынды 

аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының 

құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу 

құжаты.


      2. Жоғары білім беру бағдарламаларын ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына 

қарамастан, бакалавриаттың тиісті мамандықтары және жоғары арнаулы білім бойынша білім беру 

қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары іске асырады.

      3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жоғары білімді мамандар (бакалаврлар мен

дипломды мамандар) даярлауды:

      1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының

жіктеуішіне;

      2) осы стандартқа және жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;

      3) академиялық күнтізбеге;

      4) студенттердің жеке оқу жоспарларына;

      5) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына;

      6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан 

табысты өткен тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесі немесе біліктілік беріледі.

      5. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:

      1) студенттердің дайындық деңгейіне және жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне 

қойылатын міндетті талаптардың негізінде жоғары білім сапасын арттыру;

      2) білім беру қызметінің барлық субъектілерінің құқықтарын реттеу;

      3) студенттерді оқыту деңгейін және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың 

объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;

      4) студенттердің академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;

      5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан Республикасының халықаралық білім кеңістігіне тең дәрежеде қатысуы үшін 

жоғары білім туралы құжаттардың конвертациялануын қамтамасыз ету.

      6. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жоғары оқу орындары заңнамаға сәйкес оқытудың 

түрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылаудың нысандарын, әдістерін таңдай 

алады.

      7. Жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы стандарттың ережелеріне сәйкес



келуі және білім беру бағдарламаларының құрылымына, мазмұны мен көлеміне, оқытудың нормативті 

мерзімі мен студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын анықтауы тиіс.



      8. Жоғары оқу орны мамандықтарының тізбесі бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары 

және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.

      9. Жоғары білім мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары 

Ұлттық біліктілік шеңберіне



 сәйкес және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен

кәсіптік стандарттарға

келісілген білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.

      10. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің (сатысының) білім 

беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттің алған білімінің, шеберлігінің, дағдысы мен 

құзыретінің деңгейі мен көлемін сипаттайтын Дублин дескрипторлары оқу нәтижелеріне, қалыптасқан

құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына негізделеді.

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

      11. Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім беру мазмұнын анықтайтын оқу жұмыстарының

түрлерінен қалыптастырылады және олардың арақатынасын, өлшемін және есебін көрсетеді.

      12. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы:

      1) жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын 

теориялық оқытуды;

      2) оқытудың қосымша түрлері – кәсіптік практиканың түрлерін, дене шынықтыруды, әскери 

дайындықты және т.б.;

      3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.

      Бұл ретте бакалавриаттың білім беру бағдарламалары пәнді оқытудың модульді жүйесі 

негізінде жобаланады.

      13. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің 

негізінде жүзеге асырылады.

      Мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің нысанын, құрылымын және әзірлеу 

тәртібін білім беру ұйымы өзі анықтайды.

      14. Оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есепке алу оқытылатын материалдың көлемі бойынша 

жүзеге асады және оқытудың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті студенттер мен 

оқытушылардың еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.

      Кредиттер білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерінің және/немесе модульдерінің (

элементтерінің) шартты «бағасын» көрсетеді. Жалпы еңбек сыйымдылығы ұғымына лекциялық, 

практикалық (семинарлық), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысы, 

курстық, есептік-графикалық жұмыстар (жобалар), кәсіптік практиканың барлық түрлері, қорытынды 

аттестаттауға дайындық және одан өту кіреді.

      15. Теориялық оқытудың жалпы еңбек сыйымдылығы оқытылатын оқу пәндерінің тізбесімен 

анықталады.

      16. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің 

көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде 3 кредит көлемімен 

бағаланады.

      Ерекше жағдайда пәнді 2 кредитпен бағалауға жол беріледі.

      17. Дене шынықтыруды, тілдік пәндерді қоспағанда басқа әрбір оқу пәні қайталанбайтын бір 

атауға ие болуы тиіс.

      18. Студенттер әр оқу пәнін бір академиялық кезеңде меңгеріп, оны аяқтаған соң емтихан 

нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады, ал кәсіптік практиканың барлық түрлері, курстық 

жұмыстар (жобалар) бойынша дифференциалды сынақ тапсырады.

      19. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарындағы әр пәнге тиісті әріптік және 

сандық таңбалар түрінде кодтың берілуін қарастыратын пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі 

қолданылады.

      20. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларына қолданыстағы 

заңнаманың нормаларын іске асыратын пәндер міндетті түрде кіреді. Оларға мемлекеттік және орыс 

тілдері («Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 

шілдедегі 

), дене шынықтыру («Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 

Заңы

1999 жылғы 2 желтоқсандағы 



), еңбекті қорғау (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 

Заңы


мамырдағы Еңбек 

) жатады.

кодексі

      21. Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі міндетті компонент пәндерінен тұрады және 



таңдау компоненттерін де қоса алады. Базалық пәндер (БП) және бейіндеуші пәндер циклдері 

міндетті компонентті және таңдау компонентін қамтиды.

      22. Міндетті компонент – жалпы мәдениеттік, жалпы мемлекеттік мәні бар білім беру 

бағдарламасының және жалпы мамандықтың елдің бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ететін 

іргелі өзегі болып саналады.

      Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті 

компонент пәндерінің көлемін қысқартуға жол берілмейді. Бұл шарт техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында оқытылатын қысқартылған білім беру 

бағдарламалары үшін ғана орындалмауы мүмкін.

      23. Таңдау компоненті нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен еңбек 

нарығының сұранысын, нақты жоғары оқу орнындағы ғылыми мектептің қалыптасуын, сондай-ақ білім 

алушының жеке қызығушылығын ескереді.

      Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды.

      24. ЖБП циклінің мазмұны үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе

33 кредитті құрайды және мынадай пәндерден тұрады: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (Орыс) 

тілі, Шет тілі, Информатика, Экология және тұрақты даму, Саясаттану, Әлеуметтану, Экономикалық 

теория негіздері, Құқық негіздері, Өмір қауіпсіздігі негіздері және Дене шынықтыру.

      Бұл ретте Дене шынықтыру оқытудың қосымша түрлері шеңберінде жүргізіледі және ЖБП циклі 

кредиттерінің жалпы көлеміне кірмейді.

      25. Мамандықтарға байланысты ЖБП циклының жекелеген пәндері алынып тасталады немесе БП 

цикліне ауыстырылады. Бұл жағдайда, босатылған кредиттер таңдау компонентіне беріледі. Мысалы, 

«Құқық» тобындағы мамандықтар бойынша «Құқық негіздері» пәні алынып тасталады; «Әлеуметтік 

ғылымдар, экономика және бизнес» тобындағы экономикалық мамандықтар бойынша «Экономикалық 

теория негіздері» пәні ЖБП циклінен БП цикліне ауыстырылады.

      «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Жаратылыстану 

ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар» тобындағы жекелеген мамандықтарға да ЖБП 

циклындағы аттас пәндер бойынша осындай әдістер қолданылады. Бұл ретте босатылған кредиттер 

таңдау компонентіне беріледі.

      ЖБП циклінде таңдау компоненті ретінде аталған пәндер базалық немесе бейіндеуші пәндер 

циклінің міндетті компонентіне енген мамандықтарды қоспағанда, Мәдениеттану, Психология

Өзін-өзі тану, Инновациялық менеджмент пәндерін қолдану ұсынылады.

      26. БП цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 50%-ын

немесе 64 кредитті құрайды, оның ішінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және 44 кредит 

таңдау компоненті пәндеріне бөлінеді.

      Бұл ретте таңдау компоненті жоғары оқу орнының шешімімен, сондай-ақ кафедраның, білім 

алушының, жұмыс берушінің ұсынысы бойынша әзірленуі мүмкін.

      27. БП циклінің міндетті компонентіне әрбіреуі кемінде 2 кредит көлемінде «Кәсіби қазақ (

орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндері енгізіледі.

      Көрсетілген пәндер тілдік және тиісті мамандықтар бойынша бейіндеуші кафедраларға 

бекітіледі.

      28. Бейіндеуші пәндер цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы 

көлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті құрайды, оның ішінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне 

және 27 кредит таңдау компоненті пәндеріне бөлінеді.

      29. «Өнер», «Әскери іс және қауіпсіздік», «Ветеринария», «Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топтары бойынша жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін 

ескере отырып, білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемі ретінде осы стандарттың 64

 сәйкес студенттердің теориялық оқудың 129-дан артық кредитін меңгеруі болуы мүмкін. 

-тармағына

Бұл жағдайда ЖБП циклінің мазмұны 33 кредит көлемінде сақталса, БП және бейінді пәндер циклінің

жалпы еңбек сыйымдылығы мен олардың арақатынасы осы стандарттың 

 және 

 

26



28-тармақтарында

белгіленгеннен өзгеше болуы мүмкін.

      30. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы 

 көрсетілген.

1-кестеде


1-кесте

Циклдер мен пәндер атауы



Жалпы еңбек сыйымдылығы

Байланыс сағаты 

бойынша (50 мин.)

Кредит 


бойынша

1

2



3

4

1



Жалпы білім беру пәндерінің циклі (ЖБП)

1485


33

1)

Міндетті компонент



1485

33

Қазақстан тарихы



135

3

Философия



135

3

Шет тілі



270

6

Қазақ (Орыс) тілі



270

6

Информатика



135

3

Экология және тұрақты даму



90

2

Әлеуметтану



90

2

Саясаттану



90

2

Экономикалық теория негіздері



90

2

Құқық негіздері



90

2

Өмір қауіпсіздігі негіздері



90

2

2)



Таңдау компоненті

2

Базалық пәндер циклі (БП)



2880

64

1)



Міндетті компонент

900


20

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

90

2

Кәсіби бағытталған шет тілі



90

2

2)



Таңдау компоненті

1980


44

3

Бейіндеуші пәндер циклі (БПә)



1440

32

1)



Міндетті компонент

225


5

2)

Таңдау компоненті



1215

27

Теориялық оқыту бойынша барлығы



5805

129


4

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)

1)

Міндетті компонент



Дене шынықтыру

240


8

Кәсіптік практика (КП) (түрлері бойынша)

Практиканың түріне

қарай


кемінде 6*

2)

Таңдау компоненті



5

Қорытынды аттестаттау

1)

Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау



210

2

2)



Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан(дар) (1 МЕ 

үшін)


105

1


ЕСКЕРТПЕ:

* «Білім» тобының мамандықтары бойынша 6 кредиттен 20 кредитке дейін;

«Техникалық ғылымдар мен технологиялар» тобының мамандықтары бойынша 6 кредиттен 15 

кредитке дейін.

Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын іске асыру кезінде жоғары оқу орны:

1 кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру логикасын бұзбай пәнді оқуды бір семестрден басқа

семестрге ауыстыруға;

2 оқытудың қосымша түрлері есебінен міндетті компонент пәндерінің көлемін ұлғайтуға;

3 пререквизиттерді ескере отырып, практикаларды өткізу уақытын дербес бекітуге құқылы.

      31. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу 

сабақтарын жүргізу тәсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды 

бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.

      32. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары 

мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық 

сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.

      33. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге 

асырылады.

      Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.

      34. ҮОЖ осы стандарт негізінде жоғары білімнің нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және

оны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу 

қызметінің түрі (практика, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты жазу және қорғау) 

кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы 

санымен көрсетіледі.

      35. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны таңдау компонентіндегі барлық пәндердің 

жүйеленген, аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК) әзірлейді.

      ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК студенттерге 

элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      36. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде студент эдвайзердің көмегімен ЖОЖ құрады. ЖОЖ 

әрбір студенттің жеке білім алу траекториясын анықтайды.

      ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері мен оқу қызметінің түрлері (практикалар, 

мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау 

компоненті пәндері кіреді.

      Студенттердің элективті пәндерді ретсіз таңдауының алдын алу және жоғары оқу орны 

әзірлеген білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында студенттердің таңдауына ЭПК 

шеңберінде бірнеше білім траекториясын – еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұранысын есепке 

ала отырып, жоғары білім мамандығы бойынша қызметтің нақты бір саласына бағытталған білім беру 

бағдарламасын меңгеруге мүмкіндік беретін элективті пәндер тізбесін және оларды меңгеру ретін 

ұсынуға болады.

      37. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен студенттердің ЖОЖ-ы негізінде әзірленеді және

оны ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

      ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбек 

сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері, бақылау нысандары, сондай-ақ оқу 

қызметінің басқа да түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты (жобаны) 

жазу және қорғау) айқындалады.

      ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын 

есептеуге негіз болады.

      38. ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту ретін жоғары оқу орны 

өзі анықтайды.

      39. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары 

үлгілік, жұмыс, сондай-ақ силлабус болып бөлінеді.

      40. Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және 



оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      41. Оқу жұмыс бағдарламалары мен силлабустар (студенттерге арналған пән бағдарламалары) 

оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленеді және оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл 

ретте оларды әзірлеу міндетті компонент пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде 

жүзеге асырылады, ал таңдау компонентінің пәндері бойынша жоғары оқу орны өзі әзірлейді. Оқу 

жұмыс бағдарламалары мен силлабустардың нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары

оқу орны өзі анықтайды.

      42. Білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу процесін ұйымдастыру мен жүргізу тәсілін жоғары 

оқу орны кредиттік оқыту технологиясы негізінде өз бетінше жүзеге асырады.

      43. Кредиттік оқыту технологиясында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының – 

тестілер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар, есептер және т.б. түрінде 

тексерілетін, оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулықтармен қамтамасыз етілген белгіленген 

тақырыптар тізбесі бойынша жұмыстардың (оның ішінде өзі бетінше оқып меңгеруге бөлінген) көлемі

артады.


      44. Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің 

өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) және студенттің толығымен өзі орындайтын жұмысы (СӨЖ).

      45. ОСӨЖ жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын студенттің аудиториядан 

тыс жұмыс түрі болып табылады, ол жалпы оқу сабақтарының кестесіне енбейді.

      46. ОСӨЖ бен СӨЖ-нің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі арақатынасын жоғары оқу орны өзі 

айқындайды.

      ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй тапсырмалары, курстық 

жобалар (жұмыстар) бойынша консультациялар және семестрлік жұмыстардың, есептер мен басқа да 

СӨЖ тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізіледі.

      47. Кредиттік оқыту технологиясының міндеті – студенттердің өзін-өзі ұйымдастыру және 

өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту. Тиісінше, оқытушылар мен студенттер жұмыстарының мынадай

үлгілік циклдері іске асырылады.

      1) Оқытушының студенттермен жұмысының (ОСЖ) үлгілік бірлік циклі үш негізгі функцияны 

қамтиды.


      Оқытушының бірінші функциясы – бағыттаушы-бағдарлаушылық (тақырыпқа кіріспе, мақсат, 

міндеттерді қою, практикалық тиімділігін, материал мазмұнының негізгі бөлімдерінің мәні мен 

өзара байланысын сипаттау, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жөнінде ұсынымдар т.б.). Бұл 

студенттің алдағы өзіндік жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс.

      Оқытушының екінші функциясы – консультативтік-түзетушілік. Бұл – студенттің өзіндік 

жұмысында оқу әрекетін жүзеге асыруда консультативтік көмек беру, жеке консультация жүргізу 

және тиісті түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Білім беру процесінде бұл функцияны тьюторлар 

атқарады.

      Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушылық-бағалаушылық. Бұл студенттердің білімін

шеберлігін және дағдысын бағалауды әртүрлі нысанда жүргізу (жазбаша немесе ауызша емтихан, 

тестілеу және т.б.), оларға кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог ұйымдастыру,

оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» әрекеттерді, өзара әрекеттестікті, 

эталондық тәсілдерді көрсетуін қарастырады.

      2) Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) үлгілік 

бірлік цикліне мынадай төрт негізгі функция кіреді:

      Бірінші функция – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген 

ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді.

      Екінші функция оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік 

құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. 

орындауын көздейді.

      Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, 

өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі.

      Студенттердің үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен 

жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін 

орындау. Студенттер шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне 

айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын



дайындайды.

      Студенттердің төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен

сұхбаттасуын білдіреді.

      48. Жоғары оқу орны оқу процесін барлық қажетті ақпарат көздерімен, атап айтқанда, 

оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдармен, нұсқаулықтармен, 

өзіндік жұмыс бойынша белсенді үлестірмелі материалдармен және нұсқаулықтармен, электронды 

оқулықтармен, желілік білім беру ресурстарының қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

      Әрбір студент оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен қамтамасыз етіледі.

      49. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны бакалавриаттың білім беру бағдарламасы

компоненттерін бөлу нормаларын осы стандартқа 

 (бакалавриат үшін) және 

 (

1-қосымшаға



2-қосымшаға

жоғары арнаулы білім үшін) сәйкес басшылыққа алады.




1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал