Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың Әдістемелік аспектілері куспанов С. Т




Дата22.04.2017
өлшемі70 Kb.

 

УДК 371.64/.69:373.1 

 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ 

 

Куспанов С.Т. 

БҚО, Зеленов ауданы, 

Егіндібұлақ ауылы 

 

"Адам баласы көзімен көріп, құлақпен естіп,қолмен ұстап, 

тілмен татып, мұрнымен иіске тыстағы дүниеден хабар 

алады” 

А. Құнанбаев 

 

Оқытудың  жаңа  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын 

меңгеру  –  қазіргі  заман  талабы.  ХХІ  ғасыр  ақпараттық  технология 

ғасыры.  Қазіргі  қоғамдағы  білім  жүйесін  дамытуда  ақпараттық  – 

коммуникациялық  технологиялардың  маңызы  зор.  Білім  беруді 

ақпараттандыру және пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту 

мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы 

кезеңінде  осы  заманға  сай  білімді,  әрі  білікті  мамандарын  даярлау 

оқытушының 

басты 


міндеті 

болып 


табылады. 

Қоғамдағы 

ақпараттандыру  процестерінің  қарқынды  дамуы  жан  –  жақты 

технологияны  жеке  тұлға  қалыптастыруды  талап  етеді.  Мектептегі 

білім  беруді  ақпараттандыру  –  бұл  заман  талабы,  ғасыр  ағымы. 

Ұрпағымыздың  кемеңгерлікке  ұласқан  ақыл-ойының,  парасат  – 

пайымының  және  жаңа  арнада  өріс  алған  мәдениетінің  асқар  шыңы  

болып табылады. 

Білім  беруді  жаңарту,  12  жылдық  білім  беруге  көшу-бұл 

барлық  ұлттық  білім  беру  жүйесіндегі  реформа,  ол  «жылдам  

дамушы  ортада  өмір  сүруге  қабілетті,  өзіндік  дамуға  даяр,  өзін 

таныта  алатын  және  өзі  үшін  де,  қоғам  үшін  де  бар  мүмкіндігін 

пайдаланатын  жоғары  білімді  шығармашыл,  құзіретті  тұлғаны 

қалыптастыру және дамыту» болып  табылады.  Біздің қоғамымыз 



дамудың  жаңа  кезеңіне  көшіп  келеді,  бұл  кезең  ақпараттық 

кезең,  яғни  компьютерлік  техника  мен  оған  байланысты 

барлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар педогог 

қызметінің  барлық  саласына  кірігіп,  оның  табиғи  ортасына 

айналып  отыр.  Бүгінгі  таңда  қазақ  тілі  мұғалімдерінің  кәсіби 

 

құзырлылығы 



құрылымынан 

оқытудың 

ақпараттық-

коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  өз 

Жолдауында  айтқандай:  «Болашақта  өркениетті  дамыған  елдердің 

қатарына  ену  үшін  заман  талабына  сай  білім  қажет.  Қазақстанды 

дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». 

Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту 

үрдісінің  технологияландыру  мәселесін  басты  орынға  қойылып 

отыр.  Педагогикалық  қызметімде  теориялық  білімді  тәжірибемен 

байланыстыра  отырып,  жан-жақты  мүмкіндіктерімді  ашуға,білім 

берудегі  ақпараттық-  коммуникациялық    технологияларды 

қолданамын. 

Қазіргі  кездегі  білім  берудегі  мақсат  жан-жақты,білімді,өмір 

сүруге  бейім,  өзіндік  ой  талғамы  бар,қабілетті  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне 

тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау саналарын жетілдіріп,өз 

алған білімдерін іс жүзімен ұштастыра алуға жол ашу. 

Қазіргі  заман  мұғалімінен  тек  өз  пәнінің  терең  білгір  болуы 

емес, тарихи танымдық,педагогикалық психологиялық сауаттылық, 

саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап 

етілуде ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, 

шығармашылықпен  жұмыс  жасап,  оқу  мен  тәрбие  ісіне 

еніп,оқытыудың  жаңа  технологиясын  шебер  меңгерген  жан 

болғанда  ғана  білігі  мен  білімі  жоғары  жетекші  тұлға  ретінде 

ұлағатты саналады. 

ХХІ  ғасыр  ақпарат  ғасыры  болғандықтан  адамзатқа 

компьютерлік  сауаттылық  қажет,  ал  бұл  сауаттылықтың  алғаш 

баспалдағы мектептен басталады. Осы модуль қысқаша теориялық 

кіріспеден, суреттермен анимациялық материялдардан, жұмысынан 

тұрады.  Ақпараттық  –  коммуникациялық  технология  электрондық 

есептеуіш  техникасымен  жұмыс  істеуге,  оқу  барысында 

компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, 

интерактивті  құралдарды  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге, 

компьютерлік  оқыту  бағдарламаларына  негізделеді.  Ақпараттық 

әдістемелік  материалдар  коммуникациялық  байланыс  құралдарын 

пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. 

 

 


 

1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың негізгі 



міндеттері: 

1. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану; 

2. Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру; 

3.  Ғылыми  ізденушілік  және  оқу-әдістемелік  жұмыстар 

жүргізу. 

Ақпараттық технологиялардың қағидалары: 

-  жеке  тұлғаның  интеллектуалдық  және  шығармашылық 

қабілеттерін дамыту; 

-  технологиялық  құрал  арқылы  алынатын  білімдер  мен 

мәліметтердің түсініктілігі; 

- білім мен тәрбиенің бірізділігі; 

- жалпы компьютерлік сауаттылық

- оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы. 

Жаңа  ақпараттық  технологиялық  құралдары  оқыту  құралы 

қызметін атқарады. 



2.  АКТ-ны  пайдалануда  сабақтың  мынадай  ерекшеліктері 

бар: 

1. Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап 

береді; 

2. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді; 

3.  Оқушының  компьютермен  жұмыс  барысында  пайда  болған 

қиындықтарды уақытында шешуге болады

4.  Кейбір  амалдарды  оқушы  өз  бетінше  орындайды, 

компьютерді жұмыс істеуге үйренеді; 

5.  Сыныптағы  оқушылардың  барлығынан  жауап  алуға  болады 

және алған білімдерін практикамен ұштастырады; 

6.  Білімі  төмен  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істеуіне 

мүмкіндік береді. 



3. АКТ-ны қалай қолдану керек: Мектептегі технологияларға 

мыналар жатады: 

1. Теледидар бағдарламалары; 

2. Сандық теледидар; 

3. Интернет/WWW; 

4. Ұялы телефон; 

5. Ұтқыр қондырғыштар; 

6. Компьютер/ноутбук. 



 

4.  Жеке  тұлғаның  ақпараттық  технология  негіздерімен 



сауаттылығын  арттыру  арқылы  Физика  пәнінен  алған  білімі 

не үшін керек? 

1. пәнге қызығушылығы артады, құлшыныс, жігерін оятады,; 

2. шығармашылық қабілеттері артады; 

3. өз күш-жігеріне сенімділік, ширақтық пайда болады

4. жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады; 

5. оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. 

Жалпы  ақпараттық  технологияны  сабақ  барыстарында 

оқушыларға қолдану, қызығушылығының артқанын байқатады. 

Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық, 

кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  қалыптасуына  әсерін  тигізеді,  әрі 

өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына 

көмектеседі.  Яғни  жаңа  технологияларды  меңгеру  негізгі  талап 

болып  отыр.  Жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолдану, 

оқушының  жеке  басының  ерекшіліктерін  ескергенде  ғана,  нәтиже 

береді. 

Қазіргі  заман  –  физика  ғылымының  өте  жан-жақты  тараған 

кезеңі.  Математиканы  оқытудың  мазмұнын  жүзеге  асыру  үшін 

жаңа  білім  беру  технологиялары  ауадай  қажет.  Қазіргі  ақпараттық 

коммуникациялық  технологияның  озық  жетістіктерін  физика 

сабағында  қолдану  арқылы  танымдық  іс-әрекеттерін  ұйымдастыра 

отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға болады. 

Жаңа  ақпараттық  технология  мұғалімнің  жүйелі  жұмыс 

істеуіне  мүмкіндік  береді.  Бүгінгі  күнде  осы  технологияны 

қолдануда  интерактивті  тақта  ерекше  орын  алады.  Оқушы 

интерактивті 

тақтамен 

жаңа 

материалдарды 



арнаулы 

бағдарламамен  мүмкіндігінше  пайдалана  алады.  Ондағы  мақсат  – 

оқушының  өзінше  ойлау  қабілетін  арттыру  және  қазіргі  заманғы 

интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Физиканы оқытудағы 

негізгі  талап  –  оқушыға  есептер  шығара  білу  жолдары  мен 

тәсілдерін  үйрету.  Интерактивті  тақтамен  сабақ  берген  кезде 

мұғалім,  шәкірт  және  интерактивті  тақтамен  қарым-қатынас 

жүргізіледі. 

Физика  сабағында  ақпараттық  технологияны  тиімді  пайдалану 

білім  сапасының  артуына  әкеледі,  оқушының  логикалық  ойлау 

қабілеттерін  дамытып,  интернет  желісінен  сабаққа  қажетті 

деректерді  өз  бетімен  іздеуіне  компьютерлік  сауаттылықтарына 

жол  ашады.  Физика  математика  сабағында  жаңа  ақпараттық 


 

технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы 



–  есептерді  шығара  білу,  шапшаңдылық,  шеберлік  дағдыларын 

ұйымдастыра  отырып,  сабақтар  өткізуді  қолға  алдым.  Оқушылар 

білімін  бекіту  кезінде  сатылай  кешенді  талдау  технологиясын 

пайдалануға болады. 

Мен  өз  тәжірибемде  компьютер  көмегімен  өз  пәнім  бойынша, 

яғни  физика  сабақтарында  слайд  немесе  сабақ  барысында 

интерактивті  тақтаны  қолданамын.  Сабақты  өткізу  барысына 

келсем: мысалы сандық бейнені (видео) сабақ кезінде қолданғанда 

оқушылардың  бейжай  отырғанын  аңғардым.  Әсіресе,  оқулықтағы 

тарауларды  қорытындылау  кезінде  оқушылар  электрондық 

оқулықты пайдаланып, қосымша материалдар жинақтап, білімдерін 

кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды 

ойлау  жүйесін  қалыптасып,  шығармашылығы  дамиды.  Тесттік 

тапсырмалар  орындайды.  Компьютер  көмегімен  оқыту  оң 

нәтижелер береді. 

Оқушылар  білімін  бекіту  кезінде  сатылай  кешенді  талдау 

технологиясын пайдалануға болады. 

Менің  мақсатым  әдістемелік  тақырыбыма  сүйене  отырып, 

Физика  сабақтарында  «Логикалық  есептерді  тиімді  қолдану 

арқылы,  оқушылардың  іскерлік  белсенділігін  арттыру»  арқылы, 

шығармашылық  потенциалын  нығайту  үшін,  жағдайлар  жасау. 

Сабақтың  тиімділігін  арттыру  және  оқушылардың  пәнге 

қызығушылығын  тудыру  жолдарының  бірі  –  сабақ  барысында 

Физика  тарихының  элементтерін,  қызықты  материалдар,  әр  түрлі 

қызықты есептер, логикалық тапсырмалар, түрлі ойындар қолдану. 

Физикалық 

ұғымдарды 

түсіндіру, 

бекіту 

кезінде 


халық 

педагогикасының  элементтерін  қолдану  оқытудың  сапасын 

біршама  жақсартады.Физика  оқу  процесінде  оқушылардың 

шығармашылық  қабілетін  дамыту  үшін  ең  қолайлы  шарттарды 

беретін  оқыту  пәні  болып  табылады.  Қазіргі  ғылыми-техниканың 

жоғары  дәрежеге  жетуі  физика  ғылымының  жетістіктерінің 

нәтижесін көрсетеді. Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-

әрекеттері 

арқылы 

шығармашылықты 



дамыту 

көптеген 

ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. 

Көрнекті  педагог  В.П.Сухомлинский  «егер  мен  сабақ  беруші 

ғана  болсам  педагогтық  деңгейге  көтеріле  алмас  едім, 

шәкірттерімнің  жүрегі  мен  үшін  қақпасын  мәңгі  ашпас  тас 

қамалдай  болып  қала  берер  еді»,  деген  тұжырымдамасы 


 

педагогикалық  қызметтің  мәнін  аша  түседі.  Жаңару  жолындағы 



Қазақстанға  жаңаша  ойлайтын  өмірге  көзқарасы  тың,  ақыл  –  ой 

және  шығармашылық  әлеуеті  қалыптасқан,  рухани  адамгершілік 

мәдениеті жоғары шығармашыл мұғалім қажет. Осыған орай оқыту 

технологиялары 

жаңартылып, 

педагогика 

мамандарының 

шығармашылық  бастамасына  қолдау  жасалуда.  Жеке  тұлға 

қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік 

білім  аймағында  игерілетін  білімдерімен  анықталады.  Мұғалім 

қазіргі  заман  технологияларын  игеру  мәселесіне  көбірек  көңіл 

бөлуі  қажет.  Орта  білім  берудің  негізгі  мақсат-  міндеттерінің  бірі-

білім  алушылардың  тұлғалық  қалыптасуына,  олардың  рухани 

әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете 

алуына жағдай жасау болып табылады. 

Білім  –  теңіз,  оның  тереңіне  сипатын  жетік  білетін,  сырын 

меңгерген,  құпиясын  аша  алатындар  ғана  бойлай  алмақ,  мұндай 

адамдарды  мұғалімдер  ғана  тәрбиелеп,  дайындайды.  Мұғалім 

білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ал сабақ сапасын 

арттыру  –  барлық  мұғалімдерді  толғандыратын  маңызды  мәселе. 

Күнделікті  бірыңғай  өтетін  сабақтар  оқушыларды  жалықтырып, 

білімге  ынтасын  төмендетері  сөзсіз.  Сондықтан  сабақты 

жандандырудың  әдіс-тәсілдерін  іздестіріп,  бұған  оқушыларды 

тартып, 


олардың 

шығармашылықпен 

жұмыс 

істеуін 


ұйымдастыруды алдыма міндет етіп қойдым. 

Білім  туралы  Заңның  41-бабында  мұғалімнің  міндеттері 

көрсетілген  нормаға  сәйкес  оқыту  нәтижесінде  оқушының  алатын 

білімі  мемлекеттік  білім  стандарты  талаптарынан  төмен  болмауы 

көрсетілген. Тәжірибе көрсеткендей дәстүрлі оқыту әдістері мұндай 

нәтижеге қол жеткізуге кепілдік бермейді. Солсебепті қазіргі білім 

жүйелерінде  жаңа  технологияларды  пайдалану  педагогикалық 

практиканың жаңа болашағына негізгі  бағыт деп есептеліп отыр. 



Сөзімді  қорытындылай  келе  төмендегідей  ұсыныстарға 

тоқталамын: 

- кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа 

ақпараттық құрал; 

-  жабдықтармен  жабдықтау,  интерактивті  тақталар  мен 

мультимедиялық  кабинеттермен  және  арнаулы  пәндер  бойынша 

электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету



 

-  кәсіптік  білім  саласында  оқытудың  жаңа  ақпараттық 



технологияларын  пайдалану  бойынша  білім  жетілдіру  курстарын 

жиі ұйымдастыру. 



Күтілетін нәтиже: 

- жеке тұлға қалыптасып ақпараттық мәдениеті дамиды



-  кең  ауқымды  ақпараттар  мен  пайдалы  мәліметтер  алады, 

өзінің  жеке  болашағына  бағыт-бағдар  жасайды,  сауаттылығы 

артады; 

жаңалықты меңгереді, жаңа  шешімдер табуға дағдыланды; 

- дүниетанымы кеңейіп, өз бетімен білім алуға және ойлауға 

үйренді; 

- оқушының қабілеті дамып, өз бейімділігін таниды; 



ұстаз 

бен 

дара 

тұлға 

арасындағы 

байланыс 

ынтымақтастығы артады. 

Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі ақпараттық  технология 

негіздері  Абай  айтқандай,  жас  баланың  -  «дара  тұлғаның»  әр 

нәрсені білсем, үйренсем деген ой – сезім, тілек, мүдделерді өсіру, 

қанағаттандыру, өрістету үшін қажет технология деп ойлаймын. 

Бұл  технология    жан-жақты  білім,  тәрбие  беретін, 

өміртанытқыш қызмет атқаратын құрал. Ұлт болашағы, өркениетті 

елдер  қатарына  жету  үшін  білім  алу,  жас  тұлғаның  ғылымды 

игеруге, имандылыққа, адамгершілікке, өнерлі болуға тәрбиелейді. 

Болашақта  ақпараттық  технологияны  жекелеген  пәндерді  оқытуға 

білім  технологияларын  интеграциялау  мұғалімнің  қарқынды 

дамуына,  өзара  байланыста  белсенді  қолдануына  өте  қажет  деп 

түсінем. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



С.Дайырбеков.  Ш.  Ерматов  «Білім  берушінің  Ақпараттық 

технологияны  қолдануда  біліктілігін  жоғарылату  мәселелері»  «Білім 

Образование» ғылыми- педогогикалық журнал. Алматы-2009ж. №6. 

2.

 



Аюбаева Т. Ақпараттық технологиялар оқыту үрдісінде/Қазақстан 

мектебі.-2008 №11-50бет. 

3.

 



12 жылдық білім беру №2. 2010 жыл. 

4.

 



Н.Ә.Назарбаев 

«Қазақстанның 

әлемдегі 

бәсекеге 

барынша 

қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». 

5.

 



Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Жаңа  әлемдегі-жаңа    Қазақстан»  атты 

Жолдауы. 

6.

 



Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың  2005-2010 

жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 

 

7.



 

Қ.Қанаева  «Сабақта  деңгейлеп  оқыту  технологиясын  қолдану» 

«Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журналы,№1-2008 ж 

8.

 



А. 

Салихова 

«Оқушылардың 

шығармашылығын 

дамыту» 

«Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журналы, №5-2009 ж 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал