Білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары



жүктеу 52.96 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі52.96 Kb.

БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 

 

Бекенова А.С. 

Орал қ. 

 

Қазіргі  кезде  адамдардың  мәлімет  алмасуына,  қарым-

қатынасына 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың 

кеңінен  қолданысқа  еніп,  жылдам  дамып  келе  жатқан  шағында 

келешек  қоғамымыздың  мүшелері  –  жастардың  бойында 

ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең 

басты міндет. 

Ақпараттық  мәдениетті,  сауатты  адам-ақпараттың  қажет  кезін 

сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, 

ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын 

пайдалана білуі керек. 

Адамның  жас  шaғында  жетiлдiрiлмеген  ойлау  қабiлетi  сол 

қалпында  қалып  қоятыны  белгiлi.  Сондықтан  қазiргi  ақпараттық 

қоғамдaғы  өміpге  балаларды  дайындау  үшiн  олардың  тек  ойлау 

қабiлетін,  анализ  бен  синтез  жасау  мүмкiндiктерiн  ғана  дамытып 

қоймай, оқыту процесiнiң ең маңызды бөлiгi - aқпараттық мәдениет 

элементтерiн  бойларына  сiңiрiп,  ұғындыру  керек.  Ақпараттық 

заманда  өмip  сүpeтiн  адам  бастауыш  мектептің  өзiнде-ақ  өзiн-өзi 

шектей бiлетiн негiзгi нормалар мен ережелердi игеруi тиiс. 

Бұл 


жерде 

мектепте 

машықтан 

өтетін 


біздің 

машықкерлеріміздің ролі зор екені бәрімізге белгілі.   

Қазіргі  мектепке  шығармашылық  ізденіс  қабілеті  дамыған, 

жаңа  педагогикалық  технологияларды  жете  меңгерген  мамандық 

шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Білім беруді ақпараттандыру 

процесі  мұғалімнің  дайындық  деңгейі  мен  мамандық  сапасына 

үлкен  талап  қояды.  Мұғалiмнің  ақпараттық-коммуникациялық 

құзыреттілігі  мен  ақпараттық  мәдениетiн  қалыптастыру  қазiргi 

таңда үздiксiз педагогикалық  бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi 

мәселелердiң бiрiне айналып отыр.  

Сондықтан  педагогикалық  машықтан  өтетін  машықкерлер  де 

бұл талаптарға сай болуы керек.  

Болашақ 

педагогтарды 

дайындауда 

жаңа 


ақпараттық 

технологияны қолданудың екі бағытын қарастыруға болады:  

- информатика пәні бойынша білімділігі


- педагогикалық технология саласындағы білімділігі.  

Педагогтың  кәсіби  шеберлігі  оның  өз  пәнін  жақсы  білуінен 

көрінеді. Сонымен бірге заман талабына сай ақпараттық мәдениетті 

және құзыретті болуы тиіс.  

Әр  түрлі  мамандықтар  үшін  келешектегі  мұғалімдер  АКТ 

саласында  әр  түрлі  дайындықты  алуы  қажет.  Тіл  саласындағы 

машықкер 

үшін 


компьютерде 

жобалау 


немесе 

есептеу 


жұмыстарына,  педагогикалық  жұмыстың  және  ғылыми-зерттеудің 

ақпараттанған  жүйесін  құруға  т.б.  көп  көңіл  бөліп  қажеті  жоқ.  Ал, 

мәтіндерді  өңдеу  бойынша  олар  математика  және  физика  пәндері 

мамандарына  қарағанда  жақсырақ  дайындалуы  тиіс.  Барлық  пән 

мұғалімдеріне  қойылатын  ортақ  талаптар,  жаңа  ақпараттық 

технологияны  қолдану  саласында  психологиялы-педагогикалық 

дайындығы жоғары болуы керек.  

Білім  беруде  жаңа  технологияларды  қолданудың  бірнеше 

бағыттарының  ішінде  оқу  үрдісінде  келесі  негізгі  төртеуінің 

қажеттілігі аса басым:   

 

Компьютерді білімді бақылау құралы ретінде пайдалану;  

 

жаңа  материалды  түсіндіруде  иллюстративті  құрал 



ретінде мультимедиа-технологиялар;  

 

компьютерлік модельдеуді қолдану арқылы лабораториялық 



практикум;  

 

өз бетімен білім жетілдіруде дербес компьютерді қолдану.  

Оқытушы  жұмысында  білімді  бақылау  үшін  тақырыптық 

тесттер  қолданылады.  Ол  үшін  компакт-дискілердегі  оқыту 

программалары  мен  Интернеттен  алынған  тестілік  программалар 

қолданылуы мүмкін. Бұдан басқа тесттер генераторы деп аталатын 

арнайы  компьютерлік  программалар  арқылы  пән  оқытушысы  тест 

сұрақтарын өзі құрып, компьютерге енгізе алады.   

Білім  берудің  маңызды  міндеттерінің  бірі  –  баланың  өз  ойын 

ауызша  және  жазбаша  жеткізе  білуге  үйрету.  Жаңа  ақпараттық 

технологиялар  бір  құжатта  жазылған  және  айтылған  мәтінді  , 

графикалық  және  видео  бейнелерді  біріктіре  алады,  басқа 

құжаттарға  сілтеме  жасай  алады.  Шығарма,  басқа  да  жазбаша 

жұмыстарды өзгерту, түзету мүмкіндігі бар.  

Жаңа 

ақпараттық 



технологиялар 

оқу 

материалын 

иллюстрациялау кезінде пайдаланылады. (мысалы, анимацияланған 

слайд-фильмдер).  Бұл  қажет  жағдайда  меңгерілетін  процесті 



динамикалық  түрде  (дыбыстық  және  видеофрагменттерді) 

демонстрациялауға мүмкіндік береді.  

Соңғы  кезде  зерттеушілер,  оқытушылар  дербес  компьютерге 

әртүрлі  процестерді  модельдеу  құралы  ретінде  назар  аудара 

бастады.  Компьютер  көмегімен  физикалық  құбылыстарды, 

химиялық  реакцияларды,  өндірістік  немесе  экономикалық 

процестерді  басқаруды  т.б.  модельдеуге  болады.  Әрине,  егер  шын 

мәнінде нақты тәжірибе жасау мүмкіндігі бар болса, компьютерлік 

модельдеуді қолданып керегі жоқ. Ал, модельдеуде мультимедиа-

технологиялардың маңызы зор. 

Мультимедиа  –  мәтін,  кескіндер,  видеокадрлар,  анимациялық 

объектілер,  дыбыстар,  музыка  т.б.  қамтитын  құжаттарды  бір 

уақытта  интерактивті  бағдарлама  ретінде  бейнелейтін  жаңа 

ақпараттық  технология.  Электрондық  оқулықтар,  оқу  құралдары, 

анықтамалық  жүйелер  мультимедиа  жүйесі  негізінде  жасалады. 

Алғашында  мультимедиа  технологиялар  тек  оқу  үрдісін 

қамтамасыз етуде оқыту әдістері мен білімнің дәстүрлі формалары 

шеңберінде  жеке  мәселелерді  шешуде  ғана  қолданылды.  Қазірде 

дәстүрлі 

оқу-әдістемелік 

құралдармен 

салыстырғанда 

компьютерлік  оқулықтар  жаңа  мүмкіндіктер  тудырады.  Ал 

көптеген дәстүрлі білім беру әдістерінің келесі жағдайларда сапасы 

артуда:     

 

меңгерілетін  объектілер  мен  процестердің  модельдерімен 



жұмыс  істеу  мүмкіндіктері  (соның  ішінде  практикада  танысуы 

күрделі  процестер),  меңгерілетін  объектілерді  көрнекі  бейнелеу 

және олардың үш өлшемді виртуальды образдарымен интерактивті 

әрекетте 

болу, 

тамаша 


ақпараттық 

материалдардың 

репродукциялары  (картина,  қолжазба,    видеофрагмент,  дыбыс 

жазбалары және басқалары);  

 

ақпаратты іздеудің және оған оңай енудің үлкен мүмкіндіктері 



(гипермәтін,  гипермедиа,  меңзегіш,  сөз  немесе  толық  мәтін 

бойынша іздеу және т.б.);  

 

прогрессивті  психология-педагогикалық  әдістемелерді  тиімді 



жүзеге  асыру  үшін  жағдайлар  жасайды  (оқытудың  ойындық  және 

жарыс  формалары,  тәжірибе  жасау,  виртуальды  шындыққа  енгізу 

және т.б.). 

Жаңа  компьютерлік  мультимедиа  оқулықтары  тек  жеке 

педагогикалық  мәселелерді  шешетін  құрал  қызметін  ғана 

атқармайды,  сонымен  бірге  дидактика  мен  әдістеменің  дамуына 



ықпал етеді, сол арқылы оқытудың жаңа прогрессивті формаларын 

құруға мүмкіндік жасайды.  

Студенттердің  ақпараттық  мәдениетін  дамытуға  жағдай 

жасайтын  келесі  бағыт  біріккен  сабақтар  болып  табылады. 

Информатика  сабағында  алған  білімдерін,  дағдыларын  басқа 

пәндерге  қолдана  алуы  керек.  Біріккен  сабақты  жоспарлау 

барысында  оқытушы  мақсатын,  материал  мазмұнын,  сабақтың 

әдістерін,  оқытудың  құралдары  мен  формаларын  анықтауы  керек, 

нәтижені болжау қажет. 

Интерактивті  технологиялар  біздің  өмірімізге  біртіндеп  ене 

түсуде.  Білім  беруді  ақпараттандыру  мәселесін  қарастырғанда 

студент пен оқытушының басты құралы - тақта мен бор, қалам мен 

дәптерді ұмытуға болмайды. Қазіргі кезде бұл құралдардың орнын 

интерактивті  тақта  алуда.  Интерактивті  тақтаның  педагогикалық 

мүмкіндіктері  дәстүрлі  құралдардан  әлдеқайда  асып  түседі. 

Мультимедиалық  проектор  мен  интерактивті  тақта  көмегімен  өте 

жоғары деңгейдегі сабақтар өткізуге болады. 

 Интерактивті тақта балаларға тақта алдындағы қорқыныш пен 

ұялуды  жеңуге  көмектеседі,  оларды  оқу  процесіне  оңай  тартады. 

Студенттердің  қызығушылығын  арттырады,  басқа  нәрсеге 

алаңдамайды.  Сабақты  видеофайлға  жазу  арқылы  студенттер 

болмаған  сабақтарын  қарауға  мүмкіндік  береді.    PowerPoint 

программасында  орындалған  презентация  материалдары  да 

тақтамен  көрнекі  түрде  түсіндіріледі.  Тақта  сабақ  жылдамдығын 

арттырады  және  түгел  класты  сабаққа  тартады  көрнекілігі  – 

студенттер  назарын  аударудың  бағалы  тәсілі.  Осылайша, 

интерактивті тақта оқытушы жұмысын жетістікке жеткізеді..  

Жаңа  уақыт  жаңа  шарттар  және  жаңа  мәселелер  қояды. 

Олардың  ішінде  әлдеқайда  маңыздысы  педагогтар  мен  студенттер 

үшін білім ресурстарымен қамтамасыз ету және оқу материалын өз 



бетімен өңдеуге тиімді жағдайлар туғызу болып табылады. Осыған 

сәйкес 


Интернет-технологиялардың 

маңызы 


зор. 

Бұл 


технологияны  қолдану  өз  бетімен  білім  алу  тиімділігін  әлдеқайда 

арттырады.  Бұл  бірінші  кезекте,  цифрлық  (электронды)  түрде 

жазылған  ақпаратпен  жұмыс  істеуде  қажетті  мәліметті  автоматты 

түрде  табу  мүмкіндігінің  болуына  байланысты.  Электронды  түрге 

көптеген  әлемге  белгілі  энцеклопедиялар  мен  сөздіктер 

аударылған,  көптеген  электронды  оқулықтар  мен  кітаптар  бар. 

Студент  Интернет  және  электронды  почта  арқылы  тапсырмалар 


мен  әдістемелік  нұсқаулар  алатын  жағдайда  қашықтан  оқыту 

маңыздылығы артуда.  

Компьютердің мүмкіндіктері жан-жақты болғанымен, өкінішке 

орай,  практика  көрсеткендей,  білім  ордаларында  оқыту  үрдісінде 

компьютер  толыққанды  құралға  айналмай  отыр.  Бұл  көптеген 

проблемаларға байланысты. Көбінесе, ақпараттық технологияларды 

тиімді пайдаланудан жағымды, тиімді жетістікке жету үшін белгілі 

бір шарттар орындалуға тиіс: 

 

уақытша.  Әрбір  пәннің  ұйымдастыру-әдістемелік  және 

мазмұндық  ерекшеліктері  болады,  соған  сәйкес  оған  ақпараттық 

технологияларды «енгізу сәті» таңдалу керек;  

 

техникалық. 

Дербес 

компьютерлердің 



техникалық 

сипаттамалары әртүрлі. Қойылған мәселеге байланысты компьютер 

және  оның  қосымша  құрылғыларын  (мысалы,  сканер,  принтер, 

модем,  наушниктер,  микрофон,  т.б.)  таңдау  керек.  Мәселені 

компьютер  қолданып  меңгерілетін  пән  анықтайды.  Мысалы, 

бейнелеу  өнері  немесе  сызу  сабағында  математика  немесе 

информатика пәндерінде қолданылатын компьютерге қарағанда өте 

қуатты компьютер қажет болады.  

 

ұйымдастырушылық. 

Пәнді 


меңгеруде 

ақпараттық 

технологияларды 

қолдануда 

құрал-жабдықтарды 

және 


программаларды  орнатуда  сұрақтар  туындайды.  Бұл  сұрақтарды 

шешуді  әрбір  оқытушы  жүзеге  асыра  алмайды.  Сондықтан  білікті 

көмекші қажет болады.  

«Ақпаратқа  кім  үстемдік  етсе,  әлемді  сол  билейді»  деген  

кеңінен танымал тұжырым бар. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін 

анықтайтын  стратегиялық  ресурсқа  (қорға)  айналып,  ақпараттық 

мәдениетті  қалыптастыру  өркениетті  дамудың  қажетті  шарты 

болып табылады. Сондықтан өзіміз де, студенттеріміз де ақпаратты 

мәдениетті болайық!   



 

Әдебиеттер 

1.

 

А.Т.  Байбақтина  «Информатиканы  оқытуда  проектілер  

әдісін  қолдану  технологиясы  және  программалық  проектілер 

айқындамаларын  құру  негіздері  туралы»  «ММ  ИТОН»  Абай 

атындағы  АМУ  75  жылдығына  арналған  ІІ  Халықаралық  ғылыми 

конференция материалдары, 67 бет, Алматы, 2003  ж. 

2.

 

А.Т.  Байбақтина  «Информатиканы  оқытуда  проектілік 

әдісті  қолдану  мәселесі  туралы»,  Абай  атындағы  АМУ  Вестник 

журналы, Алматы, 2002 жыл, желтоқсан, 47-50 бет. 

3.

 

Бидайбеков Е. Ы. Подготовка специалистов совмещенного с 

иинформатикой  профиля    в  Республике  Казахстан.  Алматы:  АГУ 

им. Абая, 1998 . – 123 с. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал