Білім беру мекемесі мен отбасының бала



жүктеу 37.17 Kb.

Дата10.04.2017
өлшемі37.17 Kb.

 

24

 



УДК

 152.22 

 

БІЛІМ

 БЕРУ МЕКЕМЕСІ МЕН ОТБАСЫНЫҢ БАЛА 

ТƏРБИЕСІНДЕГІ

 АЛАТЫН ОРНЫ 

 

Долобаева

 А.Е. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

Зейнелгабиденова

 А.Е. 

Балдырған» балабақшасы)  

Рахимжанова

 М.А. 

(зППСу-10к) 

 

 



 

Білім  беру  үдерісінің  нəтижесіне  тікелей  қатысты  болатындықтан  ата  –  аналар 

бағдарлама бойынша ұсынылатын барлық жұмыстардан хабардар болуы керек. 

Балаларды əлеуметтендірудің екі маңызды институты бар – ол отбасы жəне білім 

беру мекемесі. Отбасының маңызды сипаттамасының бірі оның атқаратын қызметінде 

болып  табылады.  Қызмет  –  бұл  отбасы  мүшелерінің  қажеттілігін  қанағаттандыруға 

бағытталған  отбасының  өмірлік  əрекеті.  Отбасының  тəрбиелік  қызметі  ер  адам  мен 

əйелдің  əкелік  жəне  аналық  қажеттілігін  қанағаттандырады,  сондай  –  ақ,  ата  –  ана  өз 

балаларының тəрбиесінде өздерінің білімдері мен тəжірибесін қолдана алады. 

Отбасы  тəрбиесінің  ең  басты  ерекшелігі  –  бұл  балалардығ  өзіне  деген  қарым  – 

қатынасы  қалыптастыратын,  өзін  -  өзі  бағалау  сезімін  анықтайтын  эмоционалдық 

микроклиматтың  болуы.  Отбасы  əлеуметтік  –  адамгершілік  тəжірибені  ұрпақтан  – 

ұрпаққа жеткізіп келеді, отбасында балаға ата – ананың махаббатын, ата – анаға деген 

сенім,  оларға  ұқсауға  қмтылу,  отбасының  жалпы  психологиялық  ахуалы  сияқты 

əлеуметтік  ақпаратты  берудің  тамаша  жүйесі  қалыптасқан.  Баланың  алдында  ата-ана 

беделге  ие  болуы  керек.  Беделдің  мəні:  ол  ешқандай  дəлелдеуді  қажет  етпей,  балалық 

көзге  көрінетін  ересек  адамның  күмəнсіз  артықшылығы,  күштілігі  мен  бағалығы 

ретінде қабылданады.  

Бедел табиғаттан берілмейді, ол əрбір жанұяда ұйымдастырылуы мүмкін. Алайда 

көптеген  ата-аналар  мұны  жалған  негіздерде  ұйымдастырады.  Олар  балаларының 

тыңдағандығын қалайды, ол тəрбиенің басты, бірақ жалған мақсатына айналады.  

Ата  –  аналар  мен  отбасындағы  ересектердің  үлгісі  тəрбиелік  қызметтің 

нəтижелілігін анықтайды. 

Соңғы  уақытта  ата  –  аналарды  балабақша,  мектеп  іс-əрекетіне  тартудың  жаңа, 

перспективалық түрлері байқалып отыр. Балабақшалардың іс - əрекетіне ата – аналарды 

татыстырудың  басты  принципы  болып  табылатын  «Тəй  –  тəй»  жаңашыл 

технологиясымен  жұмыс  істейтін  отбасымен  жұмысты  ұйымдастырудың  əр  түрлі 

жолдарын пайдаланады. 

Алайда  кейбір  ата  –  аналар  мен  тəрбиешілер  бала  жəне  оның  тəрбиесімен 

шұғылданып отырса да, бірлесе əрекет етуге ұмтылмайды. 

Екі  жақ  бірлеспей  –  ақ,  баланың  тəрбиесі  жəне  оған  білім  берумен  шұғылдануға 

болады  деп  санайды.  Ата  –  аналар  педагогтармен  бірден  байланысқа  түспейді.  Ата  – 

аналармен  жұмыс  барысында  көбіне  бірлесе  əрекет  ету  субъектісі  ретінде  емес, 

əрекеттің  объектісі  болып  табылады.  Бұндай  жағдайда  ата  –  ана  мен  педагогтардың 

өзара  əрекеті  біржақты    сипатқа  ие  болып,  қарым  –  қатынас  жағдайға  байланысты 

жүреді.  Жұмысты  ұйымдастыру  баланың  оқуы  мен  тəртібіне  қатысты:  «немен 

айналыстық»,  «қандай  сабақ  өттік»,  «бала  қандай  жетістікке  жетті»,  «тақпақ  жаттау», 


 

25

 



«көмек  керке  пе?», 

«ата  –  аналардың  төлемақысы» 

сұрақтар  жəне  т.б. 

ұйымдастырушылық сипатқа ие мəселелер төңірегінде болады. 

Балаларды  мектептегі  оқуға  əзірлеу  –  өте  күрделі  іс.  Мұнда  ата-аналар  мен 

тəрбиешілер  ынтымақтастықта  əрекет  етіп,  олардың  жаңа  кезеңге  қиындықсыз  өтуін 

қамтамасыз етуі тиіс. 

Балалардың  мектепке  дайындығы  бірнеше  өрістердің  толыққанды  дамуын  талап 

етеді, оны төмендегі сызбадан көруге болады 

Балалардың

  мектепке  жалпы  физикалық  дайындығы  қалыпты  салмақтың, 

бойдың,  кеуде  аумағының,  жастың  физикалық  дамуының  орта  нормасына  сай 

пропорциясының болуымен сипатталады.  

Мектепке

 əлеуметтік дайындық басқа балалармен қарым-қатынасты қажетсіну, 

мектептегі  оқушы  рөлін  қабылдау,  мектептің  жəне  сыныптың  талаптарына,  топ 

қызығушылықтары мен дəстүрлеріне бағынуда көрінеді. 

Психологиялық

  дайындық  келесі  құрам  бөліктердің  дамуымен  жəне  дұрыс 

қызмет етуімен шартталады:  

Сондықтан  да  отбасымен  жұмысты  тек  дəстүрлі  түрде  ғана  емес  (ата  –  аналар 

жиналысы, сауалнама жүргізу, ақпараттық қабырға), сондай – ақ үйге бару, кеңес беру, 

əңгімелесу, топтың оқу үдерісіне ата – аналарды  қатыстыру сияқты жеке жұмыстарды 

ұйымдастыру маңызды болып табылады. 

Семинарлар,  жиналыстар  немесе  лекциялар  мен  кеңестер  ата  –  аналардың 

педагогикалық біліктілігінің деңгейін көтеруге əсер етеді.Бірақ бұл білімдер: 

• баламен күнделікті қарым – қатынаста қолдануға даярлықтың жетіспеушілігі; 

• өз жұмыстарынан өзгеге уақыттың жетіспеушілігі; 

•  баламен  шұғылдануға  құлықсыздық  жəне  білім  беру  ұйымына  жауапкершілікті 

жүктеуі негізінде практикалық түрде жүзеге аспай жатады. 

Нəтижесінде  отбасымен  кері  байланыс  орнамайды  да,  сондықтан  отбасы 

тəрбиесінің мүмкіншіліктері толық пайдаланылмайды. 

Педагог-психологтар баланың оқуы мен тəрбиесіндегі отбасының рөлін түсінгені 

жөн,  өйткені  мектепке  даярлық,  бала  дамуы  мəселелері  қоғамдық  тəрбиенің  негізі 

болып табылады. 

Педагогикалық 

білімді 

насихаттаудың 

маңызы 

өте 


зор. 

«Қарлығаш» 

бағдарламасында  педагогпен  тығыз  байланыста  бола  отырып,  ата  –  аналар  тəрбиелеу 

мен оқытудың барысы, жұмыс бағдарламасы жəне əдістемесімен танысады. 

Өз  баласын  бақылап,  оның  жетістіктерін  серіктерімен  салыстыра  отырып,  ата  – 

аналар мамандардың ақыл – кеңесіне құлақ асу қажеттігін түсінеді. 

Интербелсенді тренинг түрінде кездесу жүргізу арқылы ата – аналармен жұмысты 

нəтижелендіруге болады. 

Дəстүрлі жиналыспен салыстырғанда  ата – аналармен  кездесуді тренинг түрінде 

өткізу ұғымды болады. 

Ата  –  аналарға  педагогпен  бірлескен  іс  -  əрекет  барысында  «баланың»  рөліне 

еніп: 


• ертеңгілік жиынның; 

• балалар əрекетінің түрлерімен оларды ауыстырудың; 

• ұжымдық жұмыстардың; 

Ата  –  аналар  таңдаған  рөлге  еніп,  балалардың  өз  табысына  жəне  педагогтың 

мадақтауына шынайы əрі эмоционалды қуанатының түсінеді.Олар педагогпен белсенді 

əрекет 


етудің 

жəне 


оқу 

жадығаттарының 

көмегімен, 

бастамашылдық 

пен 

жауапкершіліктің,  іс  -  əрекеттің,  таңдау  құқығының  маңызын  бағалайды.Сондай  –  ақ 



оқу жоспары қарастыраиын тапсырмаларды орындау мүмкіншілігін қамтамассыз ететін 

тəртіп пен тəлімнің механизмін түсінеді. 



 

26

 



Мұндай  тренингтен кейін  ата  –  аналардың  түрлі  іс  –  шараларға,  оқыту  үдерісіне 

қатыстырудың мүмкіндіктері нақты əрі  нəтижелі талқыланады.Тренингтер: 

• ересектер арасында сенімді, жылы қарым – қатынастың қалыптасуына; 

•  педагогтың  рөлінің  жауапты,  маңызыды  екенін  бала  дамуынада  нəтижелі, 

толыққанды бірлесе əрекет етудің қажеттілігін түсінуге; 

• үй тапсырмасын орындаудағы, сабақты өткізуге көмек көрсетудегі, топ ісінде өз 

көмегінің маңыздылығын түсінуге, өз мүмкіншіліктерін бағалауға көмектеседі. 

Отбасы мен балабақшаның арасында ынтымақтастық педагогикасы орнайды жəне 

бірлескен  іс  -  əрекеттің  нəтижесінде  ата  –  аналардың  өз  баласының  тəрбиесіне  деген  

педагогикалық ұстанымы қалыптасады. 

Ата    -  аналар  балалар  қоғамына  араласудың  нақты  нəтижесін  көреді.Олар 

біртіндеп  өзінің  топ  ісіне  араласуы  педагог  қалап  тұрғандықтан  емес,  өз  баласының 

дамуы үшін маңызды екенін түсінеді. 

Ата – аналарды тəрбиелеудің міндеттердің бірі – оларға өзін түсінуге, өз баласын 

түсінуге көмектесу болып табылады. 

Келесі  міндет  –  ата  –  аналарды  өзін  -  өзі  сыйлауға  тəрбиелеу  болып  табылады, 

өйткені өзіне сенімді ата – ана ғана психикалық тұрғыдан дені сау бала тəрбиелейді. 

Ата  –  аналармен  мектепке  дейіегі  ұйымның  арасындағы  бірлескен  əрекет  балаға 

үйде  де,  балабақшада  да  бірдей  талап  қоятын  бірыңғай  оқу  түрінде  кеңістігін  құруға 

мүмкіндік береді. 

 

 

 

Əдебиет

1.

 



Əбдіқадірова  Ғ.  «Білім  əлемі»  журналы.  №7  2005  жыл.  «Балалардың  қабілетін  дамыту  үшін» 

(9-11 бет). 

2.

 

Жұмабаев М «Педагогика» (255-260 бет). 



3.

 

Сəдуақасов Д. «Дəстүр мектебі» журналы. №5 2005 жыл.  «Біздің болашағымыз» (20-25 бет). 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал