Білім беру бағдарламасы Негізгі тақырыптардың қысқаша мазмұны Ботаника



жүктеу 59.31 Kb.

Дата22.04.2017
өлшемі59.31 Kb.

 

6М011300- Биология мамандығы  бойынша талапкерлерге арналған 

магистрлік білім беру бағдарламасы 

 

Негізгі тақырыптардың қысқаша мазмұны 

 

Ботаника 

Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерге қысқаша сипаттама. Төменгі сатыдағы 

өсімдіктердің  анатомиялық,  морфологиялық  және  көбеюдегі  ерекшеліктері. 

Вегетативті,  жыныссыз  және  жынысты  көбею:  ядролық  фазалардың  ауысуы  және 

ұрпақ  алмасу.  Жоғары  сатыдағы  өсімдіктерге  жалпы  сипаттама.  Құрлықтық 

жағдайдағы  өсімдік  тіршілігіндегі  ерекшеліктер.  Жоғары  сатыдағы  өсімдіктердің 

көбеюі:  вегетативті,  жыныссыз  және  жынысты  көбею.  Жыныссыз  көбею. 

Споратүзуші  жоғары  сатыдағы  өсімдіктердің  жынысты  көбеюі:  жоғары  сатыдағы 

өсімдіктердің  жынысты  көбею  процесінің  ерекшеліктері,  жынысты  мүшелерінің 

құрылыстары (антеридийлер мен архегонийлер) және гаметалар. Жоғары сатыдағы 

өсімдіктердің  ядро  фазаларының  алмасуы  және  олардың  экологиялық  жағдайы. 

Жабықтұқымды  өсімдіктердің  тіршілік  кезеңдері,  жабықтұқымды  өсімдіктердің 

адам өміріндегі маңызы. Өсімдік бірлестіктеріне түсінік.  



Зоология  

Тірі  дүниедегі  жануарлар  патшалығының  жағдайы.  Жануарлардың  көптүрлілігі: 

біржасушалылар,  көпжасушалылар,  омыртқасыздар,  хордалылар.  Жануарлардың 

көптүрлілікке  бөлінуі;  таксондардың  жағдайы:  тип,  класс,  отряд,  тұқымдас,  туыс, 

түр. Зоология құрылымы: морфология, онтогенез, тіршілік кезеңі, экология, түрдің 

құрылымы.  Жануарлардың  ұйымдасу  деңгейлері  және  жануарлардың  құрылысы, 

жануарлар патшалығының эволюциясындағы негізгі бағыттар, жануарлардың әрбір 

кластарының 

құрылысындағы 

нақтылы 


ерекшеліктер, 

таксондардық 

категориялардың  систематикасы.  Қазақстанның  жануарлар  әлемі.  Қазақстан 

территориясындағы  омыртқалы  жануарлардың  негізгі  таксономдық  топ 

өнімдерінің  биологиясы,  систематикасы  және  таралуы.  Қазақстандағы  жануарлар 

дүниесін қорғау және қалпына келтіру.  



Адам анатомиясы және адам 

Адам  анатомиясы.  Адам  мүшелерінің  маңызды  жүйесінің  құрылымына  және 

еңбектік    қабілет  пен  денсаулықты  сақтаудың  генетикалық  шарттарына  жалпы 

шолу  жасау.  Тірек-қимыл  жүйесі  және  еңбек  қабілеті  мен  тік  жүрудегі 

байланыстарының  ерекшеліктері.  Адамның  негізгі  морфологиялық  типтері:  адам 

морфологиясының индекстері. Ішкі мүшелерге шолу: ас қорыту жүйесі, тыны салу, 

қан  айналу.  Эндокринді  және  жүйке  жүйесі,  олардың  онто-және  филогенездегі 

дамуы  мен  құрылымы.    Эндокринді  және  жүйке  жүйесі,  олардың  онто-және 

филогенездегі  дамуы  мен  құрылымы.Антропогенез.  Адам  отаны  ретінде 

Африканың геологиялық және  экологиялық сипаттамасы. 



Цитология 

Жасуша  теориясы.  Жасушалар  мен  ұлпаларды  зерттеу  әдістері.  Эукариоттар  мен 

прокариоттар 

 

жасушаларының 



құрылымындағы 

ерекшеліктері 

мен 

айырмашылықтары.  Жасуша  ядросы,  оның  маңызы  мен  құрылымы.    Хроматин, 



оның химиялық сипаттамасы. Хромосомалар, олардың морфологиясы мен  и ульт-

рақұрылымы.  Цитоплазма  күрделі  құрылымды  жүйе  ретінде.  Жасуша 

мембраналары  және  олардың  молекулалық  ұйымдасуы.  Плазматикалық 

мембраналардың 

құрылымы 

мен 


қызметі. 

Жасушаның 

екімембраналы 

органоидтары.  Вакуольдық  жүйе.  Митохондриялар  –  жасушаның  энергиямен 

қамтамасыз  ету  жүйесі.  Митохондрия  құрылымы.  Хлоропластардың    нәзік 

құрылымдары және  олардың  қызметі  мен  дамуы. Цитоскелет  –  жасушаның  тірек-

қимыл  жүйесі.  Жасушаның  тіршілік  циклі.  Прокариоттар  жасушасының  бөлінуі. 

Жануарлар  жасушасының  митозы.  Амитоз-  жасушаның  тікелей  бөлінуі.  Мейоз,  

мейоз кезеңдері. 

Өсімдіктер физиологиясы 

Өсімдіктердің функционалдық жүйесін  координациялау және ұйымдастыру. Тұтас 

организм 

жүйесіндегі 

өсімдіктер 

физиологиясының 

физико-химиялық, 

экологиялық  және  эволюциялық  аспектілері.  Фотосинтез.  Фотосинтетикалық 

аппараттың  структуралық  құрылымы.  Судың  фотототығу  жүйесі  және  оттегінің 

бөлінуі.  Кальвин  циклі.  Фототыныс  алу.  Тыныс  алудың  каталитикалық  жүйесі. 

Көмірсу диссимиляциясының негізгі жолдары. Тотықтандырушы және субстратты 

фосфорлану. "Өсу" және "даму" ұғымы. Өсімдік өсуінің жасушалық негіздері. Өсу 

және дамуды реттеуші сыртқы факторлар. Өсімдіктер функциясында гормоналдық 

жүйенің  реттелуі.  Қоршаған  орта  стресіне  өсімдіктердің  бейімделу  реакциясының 

негізгі  қағидалары.  Қоршаған  ортаның  қолайсыз  факторлары  (температура, 

құрғақшылық, тұзды стрес т.б) әсеріне өсімдіктердің жауап беру реакциялары.  



Адам және жануарлар физиологиясы 

Қозғыш  ұлпалардың  физиологиясы.  Жүйке  жүйесінің  негізгі  құрылымдық-

функционалдық  элементтері.  Тежелу.  Пресинаптикалық  және  постсинаптикалық 

тежелу,  олардың  функциоанлдық  ролі.  Рефлекс  және  рефлекторлық  доға  туралы 

ұғым.  Орталық  жүйке  жүйесінің  физиологиясы.  Жұлын.  Жұлынның  өткізгіш 

функциясы.  Ішкі  сөлініс  бездері  жүйесі  және  оның  реттегіш  физиологиялық 

функциялары.  «Ішкі  секреция»  және  «гормон»  ұғымдары.  Омыртқалы 

жануарлардың басты ішкі сөлініс бездері және олар бөлетін гормондар: гонадалар 

және  жыныс  гормондары.  Қанның  негізгі  қызметтері.  Қанның  формалық 

элементтері және олардың қызметтері. Қаның ұюы және оның гомеостаздағы ролі. 

Қан мен лимфа жүйесінің қорғаныс қызметі. Қан топтары. Резус-фактор. Асқорыту 

жүйесінің  сипаттамасы.  Асқорыту  ферменттері  және  олардың  асқорытудағы  ролі. 

Адам  және  жануарлардың  жоғарғы  жүйке  қызметінің  типтері,  олардың 

физиологиялық сипаттамасы. 



Биохимия 

Биохимия 

ілімінің 

биология, 

медицина, 

ауылшарушылығы, 

өндірістік 

технологиядағы  маңызы.  Белок  қызметі  және  маңызы.  Белоктардың  химиялық 

құрамы.  Аминқышқылы-  белоктардың  құрылымдық  бірлігі,  олардың  құрамы, 

құрылымы  және  классификациясы.  Бірінші,  екінші,  үшінші  және  төртінші  реттік 

белок  құрылымы  және  оларды  зерттеу  әдістері.  Белоктардың  физико-химиялық 

қасиеттері.  Белоктар  классификациясы  және  олардың  топтарына  сипаттама. 

Ферменттердің  химиялық  құрылымы.  Жәй  және  күрделі  ферменттер. 

Коферменттер,  олардың  құрылымы  және  қызметтері.  Ферменттердің  әсер  ету 



механизмдері.  Ферменттер  әсерінің  арнайылығы.  Ферменттер  активтілігінің 

бірліктері.  Ферментативті  реакциялардың  кинетикасы.  Михаэлис-Ментен  теңдеуі. 

Фермент  ингибиторлары.  Бәсекелес  және  бәсекелес  емес  ингибиторлар.  Фермент 

активаторлары.  Фермент  активтілігінің  аллостерикалық  реттелуі.  Пуринді  және 

пиримидинді  негіздер.  Нуклеин  қышқылдарының  құрылымы  және  құрамы. 

Аденозинтрифосфат,  құрамы,  құрылымы  және  биологиялық  рөлі.  Көмірсулардың 

тотығуы.  Анаэробты  тотығу-  гликолиз  және  гликогенолиздің  реттелуі,  маңызы 

және механизмі. Көмірсулардың аэробты тотығуы. Адам және жануарлар азығында 

көмірсулардың  биологиялық  рөлі.  Липидті  алмасу  және  оның  реттелуі.  Зат 

алмасуды  реттеудегі  гормондардың  рөлі.  Гормондар  әсерінің  механизмі  және 

химиялық сипаты.  

Жалпы және  молекулалық генетика 

Ағзалардың тұқымқуалаушылығын және өзгергіштігін зерттеудің негізгі жолдары. 

Генетиканың  нысандары.  Моногибридті  будандастырудың,  тұқымқуалаушлықтың 

заңдылықтары.  Негізгі  генетикалық  түсініктер:  аллель,  фенотип,  генотип. 

Реципрокты  будандастыру,  талдаушы  будандастыру,  толымсыз  доминаттылық, 

кодоминанттылық.  Дигибридті  және  полигибридті  будандастыру.  Г.Мендель 

заңдары.    Гендердің  өзара  әрекеттесуі:  комплементарлық,  эпистаз,  полимерия, 

гендердің плейотроптық және модификациялаушы әсері. Жыныстың хромосомдық 

белгіленуі.  Жынысты  анықтаудың  баланстық  теориясы.  Жыныспен  тіркескен 

белгілердің  тұқымқуалауы.  Тіркесе  тұқымқуалау.  Тіркесу  топтары.  Кроссинговер. 

Тұқымқуалаушылықтың  хромосомалық  теориясы.  Генетикалық  материалдың 

өзгергіштігі.  Өзгергіштік  түрлерінің  классификациясы.  Мутация  класификациясы. 

Хромосомдық  емес  тұқымқуалаушылық.  Митохондриялар  және  хлоропласттар  

генетикасы. 

Цитоплазматикалқ 

аталық 


ұрықсыздық, 

цитоплазма 

предетерминациясы.  Тұқымқуалаушылықтың  молекулалық  негізі.  ДНҚ-ның 

генетикалық қызметінің дәлелдері. Прокариоттардағы трансформация, трансдукция 

және  конъюгация  үрдістері.    ДНҚ  қасиеттері:  репликация,  репарация,  рестрикция 

және  модификация.  Геннің  құрылымы  мен  қызметі.  Аллелизм  критерийлері. 

Сатылы  аллеломорфизм.  Псевдоаллелизм.  Геннің  күрделі  құрылымы.  Адам 

генетикасы. Адам генетикасының әдістері. Медициналық генетиканың мәселелері. 

Селекция  пәні  мен  әдістері.  Өсімдіктер  мен  жануарлар  селекциясындағы 

будандастыру  жүйелері.  Селекция  әдістері.  Заманауи  селекцияның  жетістіктері. 

Биотехнология.  Популяциялар  генетикасы.  Агамды,    автогамды  және  аллогамды 

ағзалардың  популяциялары.    Харди-Вайнберг  заңы.  Популяция  динамикасының 

факторлары. Геномның хромосомдық құрылымы. Хроматиннің компактизациясына 

қатысатын  белоктардың  ролі,  ДНҚ  және  гистондық  белоктардың  әрекеттесу 

механизмдері,  гендердің  экспрессиясындағы  гистондар  модификациясының  ролі, 

жасушалық  циклдың  әр  кезеңінде  хромосомалардың  құрылымы.  Прокариоттар 

және  эукариоттардағы  транскрипция  және  трансляция  үрдістері.  Прокариоттық 

және  эукариоттық  гендердің  салыстырмалы  сипаттамасы  және  олардың 

экспрессиясының реттелуі.  

Биологияны оқытудың әдістері 

Биологияны  оқытудың  әдістеріндегі  ғылыми  зерттеу  әдістері.  Қазіргі  заманғы 

мектептерде  биологяны  оқытудың  міндеттері.  Биологияны  оқыту  әдістемесі 


пәнінің  негізгі  проблемалары.  Қазіргі  заманғы  мектепте  биология  курсының 

мазмұны,  жүйесі  және  құру  принциптері.  Биологиялық  түсініктер  жүйесі. 

Биологияны  оқыту  әдістері  туралы  түсінік,  олардың  классификациясы. 

Дидактикалық  ойындардың  әдістері.  Проблемалық  оқыту. 

 

Биология 



оқушыларының  білімін,  қабілеті  мен  икемділігін  бағалау  және  бақылау.  Сабақ  -  

биология  бойынша  оқу-тәрбиелік  жұмыстарын  ұйымдастырудың  негізгі  формасы. 

Биология  сабақтарының  типтері  мен  құрылымы.  Сабақтан  тыс  жұмыстарын 

ұйымдастыру  ерекшеліктері.  Экскурсиялар,биологияны  оқыту  жүйесіндегі  орны 

мен  маңызы.    Биологиялық  түсініктерді  қалыптастыру  және  дамыту,  пәнаралық 

байланыстар,  білім  берудің  әдістері  мен  әдістемелерінің  тәсілдері,  оқу  процесін 

ұйымдастыру  формалары,  мектеп  бағдарламаларының  және  оқулықтардың 

құрылымы  және  оларды  талдау,  мектепте  биологияның  негізгі  бөлімдерін  оқыту 

әдістемелері,  жеке  әдістемелер  сұрақтары,  оқу  міндеттерінің  таксономиясы,  білім 

берудің жаңа технологиялары, мұғалімнің әдістемелік жұмыстары. 

 

Әдебиеттер  

1.

 



Берсімбай Р.І. Генетика. Оқулық. – Астана, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті, 2015. – 400 б. 

2.

 

Берсімбай  Р.І.  Молекулалық  биология.  Оқулық.  –  Астана,  Л.Н.  Гумилев 



атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2014. – 303 б. 

3.

 



Берсімбай  Р.  И.  Молекулярная  биология.  Учебник.  Астана,  «ЕНУ  им.  Л.Н. 

Гумилева», 265 с. 

4.

 

 



5.

 

Васильев  А.Е.  и  др.  Ботаника.  Морфология  и  анатомия  растений.  М.  1988. 



480 c. 

6.

 



Рейвн  П.,Эверт  Р.,Айкхорн  С.  Современная  ботаника.  В  2-х  т.  Пер.с  англ., 

М.,Мир, 1990. 

7.

 

Курсанов Н.А, Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Ботаника:Систематика растений. 



М., Просвещение, 1975, 608 с. 

8.

 



Курсанов и др. Ботаника в 2-х т. М., 1966. 

9.

 



Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных. М., 1999. 592 с. 

10.


 

Константинов В.М., Наумов С.П., Шаталова С.П. Зоология позвоночных. М.: 

«Академия», 2000. 

11.


 

Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1, . М., 1979.  

12.

 

Ченцов Ю.С.Общая цитология. Учебник. М.: МГУ, 1995.384 с. 



13.

 

Хем А., Кормак Д. Гистология: в 5 –ти томах. Т.1.: Мир, 1983 – 1984. 



14.

 

Полевой В.В.Физиология растений.М., Высшая школа,1989 



15.

 

Кузнецов,  В.  В.  Дмитриева.    Физиология  растений  .  М.  :  Высшая  школа., 



2006.  

16.


 

Медведев, С. С. Физиология растений .СПб.,Изд-во С.-Петерб. ун-та, 2004.  

17.

 

Общий  курс  физиологии человека и животных /Под ред.Ноздрачева А.Д. в 



2-х т.,М., Высшая школа,1991 

18.


 

Северин Е.С. и др.Биохимия., М.,Медицина, 2000 

19.

 

Ленинджер А. Основы биохимии,  Т.1-3, М.,Мир.,1981.  



20.

 

Сеитов З.С. Биохимия, Алматы, 2000 



21.

 

Анисимов А.А. Основы биохимии.  М., Высшая школа. 1986 



22.

 

Уайт А.и др. Основы биохимии. Т.1-3, М., Мир, 1981 



23.

 

Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск, НГУ. 2004. 



24.

 

Инге-Вечтомов  С.Г. Генетика с основами селекции.М., Высшая школа,1989. 



25.

 

Берсимбаев Р., Мухамбетжанов  К.Қ. Генетика. Алматы, Казақ  университеті, 



2002 

26.


 

Берсимбаев  Р.,  Мухамбетжанов  К.Қ.  Жалпы  және  молекулық  генетика. 

Алматы, Казақ университеті, 2005 

27.


 

Сапин М.Р., Билич Г.Д. Анатомия человека, М., 1995. 

28.

 

 Курепина М.М. Анатомия человека, М., 1979. 



29.

 

Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии – 



М.: Просвещение 1983. 

30.


 

Зверев  И.Д.,  Мягкова  А.Н.  Общая  методика  преподавания  биологии  –  М.: 

Просвещение 1985.  

 

Бағдарлама  Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ  жалпы  биология  және  геномика 



кафедрасында дайындалды.  

 

 



 

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал