Білім беру бағдарламасы мамандығы 0502000 Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу жəне қызмет көрсету



жүктеу 1.07 Mb.

бет1/10
Дата22.04.2017
өлшемі1.07 Mb.
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі

 «Кəсіпқор» Холдингі»коммерциялық емес акционерлік қоғамы

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандығы 0502000 Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық 

техникаларды жөндеу жəне қызмет көрсету 

(салалар бойынша)

Біліктіліктері:           Теле коммуникациялық жəне электрондық

         құрылғыларды жөндеу жəне қызмет көрсету

шебері

Бейнебақылау жəне күзет дабылдамасы



жүйесін баптаушы 

Техник-электроншы

Кіші инженер-электроншы

Астана – 2016 


ƏЗІРЛЕНДІ

Sanjeev Ohri –Vice Principal, International & Business Development, Dudley 

college (Ұлыбритания);

Н.Э.Финк – Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжінің арнайы 

пəндер оқытушысы;

А.В. Недавний– Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжінің арнайы 

пəндер оқытушысы;

А.К.  Султанова– Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжінің əдіскері;

 

«Кəсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.



ЭКСПЕРТТЕР:

Operatives Projektmanagement (Польша);

«Мечта-Сервис Астана» ЖШС;

 «Экономика жəне басқару» бейіні бойынша КМҚҚ «Қостанай тұрмыстық 

қызмет көрсету» колледжіндегі оқу-əдістемелік бірлестігі 

ЕНГІЗІЛДІ

«Кəсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.



ҚАРАСТЫРЫЛДЫ, КЕЛІСІЛДІ ЖƏНЕ ҰСЫНЫЛДЫ

ҚР БҒМ Техникалық жəне кəсіптік білім беру мəселелері бойынша 

республикалық оқу-əдістемелік кеңесінің отырысында

Хаттама №_

4_ , күні  «_21__» __12__ 2016 жыл

Осы білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының аумағында 

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің рұқсатынсыз 

толықтай немесе жартылай қайта басылмайды, көбейтілмейді жəне ресми 

басылым ретінде таратылмайды


3

МАЗМҰНЫ

 

 



 

Білім бағдарламасына түсіндірме жазба

4

Қысқартулар мен белгілеулер тізімі



8

Функционалдық талдау

9

Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



10

Бағдарламаның құрылымы

12

Білім беру бағдарламаның (модульдердің) мазмұны



24

Оқу үрдісінің жоспары

64

Оқу үрдісі жоспарына түсініктеме жазба



69

Ұсынылатын құрылғылар тізімі

75

Ұсынылатын əдебиеттер тізімі



85

4

1.  Білім бағдарламасына түсіндірме жазба

Білім беру бағдарламасы орта буын мамандары мен білікті жұмысшы 

кадрларға қойылатын халықаралық заманауи талаптарды ескере отырып, 

шетелдік серіктес Dudley college (Ұлыбритания) қатысуымен модульдік-

құзыреттілік тəсілдеме негізінде дайындалды. 

Бірқатар еуропалық елдерде қолданылатын техникалық жəне қызмет 

көрсету еңбегі кадрларын кəсіптік оқыту жəне даярлаудың білім беру 

бағдарламаларының халықаралық тəжірибесі, құрылымы жəне мазмұны:

- бір мамандық бойынша оқу жоспары мен білім беру бағдарламасы 

аясында бірнеше құзыретті алуға бағдарланған; 

- құрылымы жəне мазмұны жөнінен техникалық жəне арнайы пəндер 

мазмұны мен оқу-өндірістік жұмыс түрлерін сипаттаумен дəстүрлі пəндік-

циклдық тəсілдемеден ерекшеленеді;

-  жалпы  кəсіптік  жəне  кəсіптік  даярлық  пəндері  нақты  біліктілік 

құзыреттеріне бағдарланған бірнеше модульге біріктірілген;

- болашақ кəсіптік қызметтің біліктілік құзыретінің белгілі бір түрлерін 

орындауға бағдарланған оқу модульдерінің қалыптасуын талап етеді. 

Аталмыш  білім  беру  бағдарламасын  дайындаушылар  еуропалық 

елдердің  білім  беру  бағдарламаларын,  өмір  бойы  оқытудың  халықаралық 

тұжырымдамаларының  жоғарыда  аталған  ерекшеліктерін  ескерді,  себебі 

білім  беру  бағдарламаларының  мазмұны,  бір  жағынан,  еңбек  саласындағы 

өзгермелі жағдайға бейімделуге, екінші жағынан, кəсіби өсу мен білім алуды 

жалғастыруға  қабілетті  болашақ  мамандардың  кəсіптік  құзыреттілігінің 

қалыптасуына бағытталған. 

Сонымен қатар техникалық жəне кəсіптік білім беру МЕМББСТ 

жалпы талаптары, сондай-ақ оған қоса тіркелген оқу жоспарлары мен 

кəсіптік стандарттар белгілеген біліктілік деңгейлері бойынша білім, білік, 

дағдылар мен құзыреттерге қойылатын талаптар үлгісінің құрылымы 

ескерілді. 

Осы білім беру бағдарламасын дайындау кезінде модульдік-құзыреттілік 

тəсілдеме жəне орта буындағы білікті жұмысшы кадрлар мен мамандарды 

даярлау бойынша модульдік оқытуды енгізу қажеттілігі негізінде мынандай 

түйінді анықтамалар пайдаланылды:

модульдік  оқыту  бағдарламасы – бір  мамандық  аясында  кəсіптік 

қызметтің  белгілі  бір  түрлерін  орындауға  қажет  білімдер,  біліктер  мен 

құзыреттерді игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының бір бөлігі;

модуль –білім беру бағдарламасының тəуелсіз, толыққанды жəне тұтас 

бөлімі; 

жұмыс оқу бағдарламасы – техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымы 

типтік оқу бағдарламасы негізінде нақты пəн, іс-тəжірибелер, оқу қызметінің 

өзге түрлері (модульдер) үшін дайындайтын құжат; 

модульдік бірлік – бұл бөлінуі мүмкін еңбектің басы мен аяғы болатын, 

белгілі  бір  кəсіпте  еңбектің  қисынды  қолайлы  бөлінісі,  бұдан  əрі  мұның 

нəтижесі  өнім,  қызмет  немесе  жұмыстың  бір  бөлігі  (жұмысшы  операция) 

болады – ХЕҰ (халықаралық еңбек ұйымы) анықтамасы;

оқу  модулі  (модульдік  оқу  бірлігі) – болашақ  біліктіліктің  нақты 


5

дағдыларын білуді жəне орындалуын қамтамасыз ететін бір оқу модулі (пəні) 

аясындағы оқыту мазмұны бөлімдерінің (тақырыптарының) жиынтығы;

біліктілік – алынған  мамандық  бойынша  белгілі  бір  қызмет  түрін 

құзыретті орындауға даярлық деңгейі;

оқу  процесінің  жоспары  (оқу  жоспары) – сəйкес  білім  деңгейі  мен 

бақылау нысанындағы білім алушылардың оқу пəндерінің (модульдерінің), 

іс-тəжірибелердің  жəне  оқу  əрекетінің  өзге  түрлері  тізбесін,  реттілігін, 

көлемін (еңбек сыйымдылығын) реттемелейтін құжат; 

Арнайы  модульдер  немесе  жалпы  кəсіптік  пəндер  бойынша  жəне 

оқу  жұмысының  барлық  түрлері  бойынша  білім  беру  бағдарламаларының 

мазмұнының қалыптасу құрылымы мен тəртібін таңдауды дайындаушылар 

модульдік-құзыреттік тəсілдеме негізінде жүзеге асырды. 

Оқытуды ұйымдастыруға модульдік тұрғыдан келу оқу орындарының 

білім алушылардың оқу процесін ұйымдастыру барысында қажет біліктілік 

алуына  қажет  кəсіптік  модульдерді  таңдауына  жағдай  жасауға  мүмкіндік 

береді,  оның  аясында  білім  алушы  өзінің  оқуын  өзі  басқара  алады  жəне 

басқаруға  тиіс.  Бұл  оны  оқуы  үшін,  ал  болашақта  кəсіби  өсуі  мен  мансап 

жолы үшін жауапкершілік алуға үйретеді. Осылайша, білім алушы тұтынушы 

ретінде  білім  беруге  қанағаттанады,  ол  еңбек  нарығындағы  өзгерістерге 

жауап қата отырып, өмір бойы білімін жетілдіре алады.

Аталмыш  білім  беру  бағдарламасында  мамандық  бойынша  сəйкес 

біліктілік  деңгейлері,  кəсіптік  бейіндер,  оқу  жоспары,  білім  алушыларға 

жəне  кəсіптік  білім  беруді  жүзеге  асыруға  қойылатын  талаптар  жайлы 

ақпарат берілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық біліктілік аясы 3, 4 жəне 

5 біліктілік деңгейлері құзыретіне қойылатын талаптар ескерілген. 

Мамандық бойынша білім беру бағдарламасы негізгі ережелерді ескере 

отырып дайындалған: 

- «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17, 20 жəне 

28 баптары;

- Техникалық  жəне  кəсіптік  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті стандарты. Жалпы ережелер;

- «Қазақстан-2050»  Стратегиясы»  ҚР  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауы;

- 2015-2019 

жылдарға 

арналған 

Қазақстан 

Республикасы 

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы; 

- 2016-2019  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасы  Білім  мен 

ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

- 2012-2021  жылдарға  арналған  «Кəсіпқор»  Холдингі»  КАҚ  даму 

стратегиясы;

Дайындаушылар  кəсіптік  (арнайы)  модульдер  атаулары  мен  санын 

ҰБШ жəне Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техниканы 



жөндеу  жəне  қызмет  көрсету  (салалар  бойынша)  мамандығы  бойынша 

кəсіптік стандарттарда көзделген кəсіптік қызмет (құзырет) түреліне сəйкес 

айқындалған. Мамандық бойынша кəсіптік стандарт талаптарына/біліктілік 

талаптарға (маман құзыретіне) қарай, оқытудың болжамды мерзімін ескере 

отырып  дайындаушылар  мына  біліктіліктер  бойынша  кəсіптік  қызметтің 

барлық  түрлері  үшін  ортақ  жалпы  кəсіптік  модульдерді  айқындады: 



6

(«Материалтану», «Еңбекті  қорғау  жəне  жұмысты  ұйымдастырудың 

қауіпсіздік техникасы» жəне т.б.). 

Негізгі арнайы модульдер атауын айқындау кезінде таңдалған мамандық 

аясында  ықтимал  біліктіліктің  барлық  түрлері  мен  деңгейлері  көрсетілген 

Техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру  мамандықтарының  жіктеуіші, 

кəсіптік  стандарттар  қолданылды.  Сондай-ақ  аталмыш  мамандықтардың 

функционалдық  талдауында  көрсетілген  өндірістік  əрекеттердің  толық 

циклы реттілігінің сипаттамасы.

Біліктілік  түрлері  мен  деңгейлері  бойынша  функционалдық  талдау 

негізінде  аталмыш  «Телекоммуникациялық  құралдар  мен  тұрмыстық 

техниканы жөндеу жəне қызмет көрсету (салалар бойынша)» мамандығының 

білім  беру  бағдарламасы  мазмұнына  қарай  мына  біліктіліктерді  алуға 

мүмкіндік беретін кəсіптік қызметтің аз дегенде 4 түрі айқындалды:

1. Телекоммуникациялық  жəне  электрондық  құрылғыларды  жөндеу 

жəне қызмет көрсету шебері;

2. Бейнебақылау жəне күзет дабылдамасы жүйесін баптаушы;

3. Техник -электроншы;

4. Кіші инженер- электроншы.

Техникалық жəне кəсіптік жəне ортадан кейінгі білім беру деңгейінде 

осы  мамандықтың  білім  беру  бағдарламалары  құрылымы  мен  мазмұнына 

қойылатын талаптар:

1)  оқытуды  аяқтап,  білім  алушылардың  қорытынды  аттестациясынан 

өткеннен  кейін – осы  мамандық  бойынша  телекоммуникациялық  жəне 

электронды жабдықты жөндеу жəне қызмет көрсету жөніндегі жөндеуші шебер; 

бейнебақылау  жүйелерін  жəне  күзет  дабылын  жөндеуші  біліктіліктерінің 

белгіленген жəне/немесе көтеріңкі деңгейлерін (разряд, санат) беру;

2)  оқыту  даярлығының  сəйкес  деңгейін  аяқтап,  білім  алушылардың 

қорытынды аттестациясынан өткеннен кейін – техник-электроншы орта буын 

маманының біліктілігін беру;

3) жоғары колледжде оқытуды аяқтап, білім алушылардың қорытынды 

аттестациясынан  өткеннен  кейін – қолданбалы  бакалавр  біліктілік  деңгейін 

(кіші инженер-электроншы) беру мүмкіндігі көзделген.

Техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру  бағдарламаларын  жобалаудың 

халықаралық тəжірибесін ескере отырып:

- осы білім беру бағдарламасында барлық оқу модульдері осы мамандық 

аясында  біліктілікте  көзделген  түрлер  мен  деңгейлер  бойынша  құзыретке 

бағдарланған;

- білім беру бағдарламасы жұмыс оқу бағдарламаларын даярлауда салада 

орын алатын өзгерістер мен нақты жұмыс берушілердің талаптарын ескере 

отырып  оқу  модульдерінің  мазмұнын  нақтылау  бойынша  оқытушылардың 

шығармашылық еңбегін дамытуға бағдарланған; 

- жеке оқу модульдерінің толық мазмұнын айқындау жəне сипаттауды 

білім  беру  ұйымы,  яғни  оқытушылар  əрбір  модуль  бойынша  көрсетілген 

оқыту нəтижелері негізінде орындайды.

- кəсіптік оқу модульдерінің құрылымы мен мазмұнына зертханалық-

тəжірибелік сабақтардың сəйкес бөлімдері мен тақырыбы кіргізілген. 


7

Сонымен  бірге  оқу  процесінің  қоса  тіркелген  (болжалды)  жоспары 

құрылымында  өндірістік  оқыту  жəне  кəсіптік  тəжірибе  сабақтарын  өткізу 

бойынша жеке модульдер көзделген. Бұл модульдің мақсаты мен тақырыбы 

өндірістегі  шынайы  жұмыс  жағдайында  кəсіптік  оқу  модульдері  аясында 

оқу процесінде алынған біліктер мен дағдыларды бекітуге жəне пысықтауға 

бағдарланған. Өндірістік оқытудың жəне кəсіптік тəжірибенің оқу модульдері 

шынайы  өндірістік  жағдайларда  өндірістегі  таныстыру  практикасының, 

өндірістік  жəне  технологиялық  практиканың  өткізілуін  көздейді.  Оқу 

жұмысының  (кəсіптік  модульдер)  аталмыш  түрлерінің  мазмұнын  КжТББ 

мекемесі  практика  базасы  ретінде  таңдап  алған  өндіріс  өкілдерімен  бірге 

анықтайды.  Себебі  кəсіптік  практика  оқу  бағдарламаларына  кіргізілетін 

өндірістік  жұмыс  түрлері  тікелей  кəсіпорындарда  ұйымдастырылған 

технологиялық процес жағдайларына тəуелді.

Теориялық  даярлықтан  басқа  оқу  жұмысының  барлық  түрлеріне 

бөлінетін оқу уақытының жалпы көлемі орта буын жұмысшы кадрлары мен 

мамандарын даярлаудың білім беру бағдарламалары интеграциясын ескерумен 

жалпы көлемінде кем дегенде 50% құрайды. 

Осы білім беру бағдарламасын оқу орнының тəжірибесіне енгізу үшін 

өңірдегі  еңбек  нарығы  ерекшеліктері  мен  тапсырыс  беруші-жұмыс  беруші 

қалауына қарай оқу орындары жұмыс оқу бағдарламалары мен жоспарларын 

дайындайды. 



8

2. Қысқартулар мен белгілеулер тізімі

ТжКОБ – техникалық, кəсіптік жəне орта білімнен кейінгі білім беру;

ББ–білім беру бағдарламасы – бұл білім берудің негізгі 

сипаттамаларының бірегей кешені, ол оқу мақсаты мен нəтижелерін, білім 

беру үдерісін  ұйымдастыруды, оны жүзеге асыру əдістері мен тəсілдерін, 

білім беру нəтижелерін бағалау критерийлерін қамтиды;



ҰБШ– салалық біліктілік шеңберін анықтау үшін қажеттіұлттық 

біліктілік шеңберін жалпы кəсіби деңгейлерін, кəсіптік стандарттарды 

анықтайды. ҰБШ біліктілік пен құзыреттілікті салааралық салыстыруды 

қамтамасыз етеді жəне мамандарға біліктілік беру мен сəйкестігін растау 

негізі болып табылады;

СБШ–салалық біліктілік шеңбері – бұл салада қабылданатын 

біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы болып табылады; 



КҚ–кəсіби құзыреттілік;

 

БҚ– базалық құзыреттілік



ММ – міндетті модульдер;

ЖБМ – жалпы білім беру модульдері;

ЖГМ – жалпы гуманитарлық модульдер;

СƏЭМ– əлеуметтік-экономикалық модульдер;

КМ – кəсіптік (арнайы) модульдер;

БЖМ – базалық жалпы кəсіптік модульдер;

БҰМ– білім беру ұйымы анықтайтын моудульдер;

ӨО жəне КТ– өндірістік оқыту жəне кəсіптік тəжірибе;

ХАССП – қауіп жəне кризистік бақылау нүктесін талдау;

ҚР ҮК– Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы;

9

 3. 

Функциона

лдық

 т

алда

у

Мам

андық

 0502000 

Т

елек

оммуник

ациялық

 құра

лдар

 мен

 тұр

мыстық

 те

хник

алар

ды

 жөнде

у 

жəне

 қыз

мет

 

көрс

ет

у (

са

ла

лар

 б

ойынша

)

10

4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын 

талаптар

«Білім алушылардың дайындықдеңгейіне қойылатын талаптар» бөлімінде 

мамандық біліктілігі деңгейлері бойынша базалық құзыреттілік жəне 

кəсіптік құзыреттілік (1 кесте) Ұлттық біліктілік шеңберіне, салалық 

біліктілік шеңберлеріне жəне кəсіптік стандарттарға сəйкес анықталады.

1 кесте


Құзы-

рет-

тілік 

Өнеркəсіп/кəсіпорынның оқушылардың дайындық деңгейіне 

қоятын талаптары 

База-


лық 

құзы-


ретті-

лік


Қол-

дан-

балы 

бака-

лавр: 

- Кіші 

инже-

нер-

элект-

рон-

шы)

«Тех-

ник-

элек-

трон-

шы» 

(орта 

буын 

мама-

ны)

Телеком-

муника-

циялық 

жəне 

электрон-

дық 

құрылғы-

ларды 

жөндеу 

жəне 

қызмет 

көрсету 

шебері; 

- Бейнеба-

қылау жəне 

күзет да-

был-дамасы 

жүйесін 

баптаушы;

(жоғары 


деңгей)

БҚ 2.1.болашақ мамандығының мəні 

мен əлеуметтік маңызын түсіну, оған 

тұрақты қызығушылық таныту;

БҚ 2.2. кəсіби жағдайда жүйелі 

əрекет етуге,  өз қызметін талдау 

жəне жобалауға дайын болуы, бел-

гісіз жағдайда өз бетінше əрекет ету;

БҚ 2.3. өзінің дағдыларын тұрақты 

жетілдіру, өз білімі деңгейін замана-

уи талаптарға сəйкес арттыру;

БҚ 2.4. жұмысты бөлімше 

жағдайында біліктілігі жоғары ма-

ман басшылығымен жүргізу;

БҚ 2.5. Қазақстан Республикасының 

заңдары талаптарын жəне 

бекітілген нормативті салалық 

заңнаманы  сақтау;

БҚ 2.6. қауіпсіздік техникасын, 

еңбекті қорғау, өндірістік санитария 

жəне өртке қарсы қауіпсіздік ереже-

лерін сақтау.

БҚ 3.1.  орындалатын  жұмысқа  жауапкершілік 

алуға дайын болу жəне кəсіби қызмет саласындағы 

жұмыстар өз бетінше тиімді орындау;

БҚ 3.2. тапсырмаларды  өз  бетінше  орындауға 

қабілетті болу жəне бағынышты жұмыскерлердің 

нормаларды  жүзеге  асыруын  орындау  жəне 

нəтижелер үшін жауапкершілік алу.

БҚ 4.1. əр түрлі ұйымдастырушылық – құқықтық фор-

маларды ұйымдастыруда кəсіптік міндеттерді қолдануға 

қабілетті болу;

БҚ 4.2. кəсіпорын қызметінің стратегиясы жəне 

технологиялық үдеріс шеңберінде басқару қызметтеріне 

дайын болу.


11

Кəсіби 


құзы-

рет-


тілік

Қол-

дан-

балы 

бака-

лавр:

 - Кіші 

инж-

енер-

элек-

трон-

шы

-Тех-

ник-

элект-

роншы

(орта 


буын ма-

ма-ны)




Телеком-

муни-

кация-

лық 

жəне 

элект-

рондық 

құрыл-

ғылары 

жөндеу 

жəне 

қызмет 

көрсету 

шебері; 

-Бейне-

бақылау 

жəне 

күзет 

дабыл-

дамасы 

жүйесін 

бапта-

ушы;

(жоғары 


деңгей)

ПК 2.1. өзінің жұмыс орнын 

жоспарланған жұмысты орындау 

үшін қажетті қауіпсіздік талаптарын 

сақтай отырып дайындау;

ПК 2.2. əр түрлі 

телекоммуникациялық жəне элек-

тронды құрылғылардың, антен-

налар мен тарату желілерінің 

техникалық талаптарға сəйкес 

жөндеу жұмыстарын жүргізу, 

технологиялық операцияларды 

ретімен орындау;

ПК 2.3. бақылау-өлшеу 

құралдарымен жұмыс жасау бары-

сында нұсқауларды сақтау;

ПК 2.4. арнайы электрлік, 

монтаждық жəне құрылымдық сыз-

баларды оқу жəне түсіну;

ПК 2.5. диагностика жүргізу 

жəне ақаулықтарды анықтау үшін 

компьютерлік бағдарламаларды 

қолдану білу;

ПК 2.6. техникалық əдебиеттермен 

жəне құжаттамамен жұмыс жасау;

ПК 2.7.электрлік өлшеу 

құралдарының көрсеткіштерін 

анықтау жəне нəтижелерін талдау.

ПК 3.1. алынған тапсырмаларды нақтылау, 

қарамағындағыларға тапсырма беру жəне 

қызметтерінің нəтижелерін бағалау;

 ПК 3.2. олардың білім мен біліктілігі жетіспе-

ушілігін анықтау жəне қарамағындағы 

жұмыскерлер біліктілігін арттыру;

ПК 3.3. Қолданыстағы нормативті базаға 

сəйкес техникалық құжаттаманы ресімдеу.

ПК 4.1. жағдайды өз бетінше талдау жəне жүзеге асыруға 

жағдай жасай отырып, шешім қабылдау;

ПК 4.2. басқару жəне атқару кəсібилігін қолданып, топтық 

жұмыс барысындағы қызметті үйлестіру.



12

5 .  Бағдарламаның құрылымы

Кəсіби 

құзы-

рет-

тілік

Оқу модулі

Оқу мақсаттары

Қа

лыпт

ас

атын

 

құзыреттілік

 

ко

ды

Білім 

Білік 

Дағды  

Базалық модульдер

КҚ 2.1


КҚ 2.2

ҚК 2.3


КҚ 2.4


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал