“білім” баспасы Алматы 2012 біртуар академик Евней Бөкетов туралы естеліктер



жүктеу 6.8 Kb.

бет1/18
Дата14.09.2017
өлшемі6.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

1
“БІЛІМ”
баспасы
Алматы 2012
БІРТУАР
Академик Евней Бөкетов 
туралы естеліктер
Әдеби ме
муа
рла
р

2
УДК 21.512.122
ББК  84 Қаз -7  
Б 94
Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
“Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару 
бағдарламасы”  бойынша шығарылды
Б 94  БІРТУАР : Академик Евней Бөкетов туралы  
 
 естеліктер/Құраст., Бөкетов Қ.А., Хасен М. -   
 
 2-ші басылымы.Алматы: Білім,  2012. - 288 бет+12 бет  
  
фото.
ISBN 978-9965-09-762-1
Бұл кітапта даңқты ғалым,  жүйрік ойлы жазушы, Қазақ 
КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО Жазушылар 
одағының мүшесі, ірі қоғам қайраткері Евней Арыстанұлы 
Бөкетов туралы естеліктер жинақталған. Олардың көпшілігін 
Евекеңмен қызметтес болған ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам 
қайраткерлері, біразын азаматты көрген, тілдескен, адамдар 
жазған. Олар дарынды  тұлғаның толассыз ізденістері, тұңғиық 
терең толғаныстары жайлы сөз қозғап, зерделерінде сақталған  
сəттерді жаңғырта отырып, аса биік құрметпен еске алады. Бұл 
кітап тек өз  мамандығының ғана  емес, бүкіл  ғылымның досы,  
қорғаушысы бола білген академик Евней Бөкетовтің ғалымдық, 
шығармашылық, қоғамдық, ұйымдастырушылық еңбегін, зор 
талантын, адамгершілік рухани келбетін, қасиеттерін көпшілік 
қауымға танытары сөзсіз.
УДК 21.512.122
ББК  84 Қаз -7 
ISBN 978-9965-09-762-1         © Бөкетов Қ.А.,  Хасен М., 1998
 
 
 
             © Қарағанды, 1998 
 
 
 
             © Бөкетов Қ.А.,  Хасен М., 2012
 
 
 
             © «Білім» баспасы, 2012 

3
Әбділда ТӘЖІБАЕВ
ЕСІМДЕГІЛЕР
(үзінді)
Ұмытпасам,   1947  жылдың  маусым  айы болуы 
керек,  біз он шақты жазушы отбасымызбен Совмин-
нің ең жоғарғы демалыс үйіне келіп, кішкене сая-
жайлық үйлерге орналастық.
Қыстай қатынаса алмаған, сағынысып, жайлауда 
жаңа ғана табысып жатқан ағайындар секілдіміз. 
Алғашқы он күніміз ерулік берісумен өтті. Содан кейін 
әр нәрсені сылтауратып, жетісіне бір рет жексенбі 
күндері кездесіп тұрамыз. Осындай бір жексенбіде, 
түсте:
— Міне, ағаларыңның жазғы қонысы – осы, — 
деп сөйлеп жақындаған Шахметтің (Құсайынов) 
даусын естідім. Сәлден соң сәлем бере кірген Бөкетов 
Евней мен Есенов Шахмарданды көрдім. Қолдасып 
амандасып, отыруларына орындық ұсындым.
— Міне, екі дәу студент, әдейі сені іздеп келіпті. Бірі 
— қайның, бірі — інің. Аман-есен қабылдағаныңды 
айтып распеске жаз, Тәжібай баласы.
Шахмет бір асығыс шаруамен қалаға кетіп барады 
екен, шапшаң қимылдайтын әдетімен, кепкесін 
 
қисайтып киіп шыға жөнелді. Осы кезде су жағалап 
ойнап жүрген балаларын түгелдеп қайтқан Сара да 
қайта оралды. Ол жастармен  жылы амандасқан соң 
жедел қазан көтеруге кірісті.
Менің ойымнан Шахметтің «Мына екі дәу...» деген 
сөздері шықпапты. Екеуіне кезек көз тастап: «Дәу 
екенсіңдер-ау, расында да», – деймін күліп, екі жас 
дос жарыса күлді.

4
— Біздің Шахаң айта береді, — дейді Евней ағасына 
іш тарта сөйлеп. — Ойына келген сөздің бірі тоқтап 
қалмайды ғой ішінде. Сіз өзіңіз де солай емессіз бе, 
жезде?
— Менің ағам ағаңнан әлдеқайда ұстамды деп 
ойлаймын, солай емес пе, аға? — деп Шахмардан 
араласады. Жеңіл, ерке әзіл жай ғана білінген жылы 
лептей қабылданды.
Мен сағатыма қарадым да, орнымнан тұрдым:
— Маған еріңдер, жігіттер, мені бүгінгі бір зор 
міндеттен босатып алыңдар, — дедім.
— Төбелесі жоқ па, әйтеуір? — деп Шахмардан 
тұрды орнынан.
— Мен несі болса да әзірмін, — деп Евней де 
қозғалды.
Біз үшеуіміз  ең жоғарғы екі қабат саяжайда тұратын 
Мұхтар Әуезовтің үйіне жеттік. Үйдің көлеңкесінде 
төрт бұрышты қызыл столды ортаға алып Мұхаң, 
Ғабит, Ғабиден үшеуі отыр.
— Мынау ылғи алыптарды ертіп келеді екен. 
Шауып алмаса нетсін, — деп Ғабит сүйсіне қарады.
— Түстерінен ондай ызғар сезілмейді, — деп Ғабиден 
жымиды. Ұлы ағаларымен сүйсініп амандасқан екі 
сыпайы жігіт егіз теректей қатар тұр.
— Екеуі де горныйда оқитын талапты ұлдарыңыз. 
Арғысы — сарыарқалық, Шахметтің інісі Евней 
Бөкетов, бергісі — сырбойлық, менің інім Шахмардан 
Есенов, Қаныш Имантаевичтің жақын арада соңынан 
еретін ізбасарлары.
Мен осылай қысқа таныстырып болған соң Мұхаң 
өзі барып, әріректе тұрған екі орындықты жақындатып 
жастарға ұсынды. 
Байқаймын, үлкен ағалар өрімдей әдемі жастармен 
танысқандарына әбден риза сияқты. Екеуіне де 
қызығып, қызықтап қарайды. Сөйте отырып болашақ 
инженерлердің тағы бірдеңелерін білгілері келеді.
— Мен бір орыс инженерінің «Грозаны» жатқа 
оқығанын көрдім, — деді Ғабит.

5
— Орыс интеллигенциясында ол бола береді. 
Ленинградта Чеховтың «Дядя Ванясын» қызығып 
оқитын химик досым болған, — деп Мұхаң қостады.
— Екеуіңіз жабылып, менің інілерімді қинағалы 
отырсыздар-ау, — дедім жастарға ара түскім келіп.
— Жезде, арашаламаңыз бізді. Мүмкін, біз де 
құралақан емес шығармыз, солай емес пе, Шаха? — 
деді Евней жолдасына қарап. Ол: «Әрине», — деп бір-
ақ ауыз сөзбен жауап берді. Содан кейін Шахмардан 
орнынан тұрып, сахнадағы Кебекке ұқсап Евнейге 
бас иді. Ал, Евней бейне бір Абызға айналғандай 
Шахмарданға қызық қарап сөйлеп кетті:
— Мейірің биік шоқыдай,
Келісті көркің тотыдай
Қызықтырған қай ұлсың? — деп бастап,
«Еңлік-Кебектегі» атақты диалогты екі жас 
өздерінің әдемі бейнелерін бұзбай, өзгертпей, табиғи 
қалыптарында тұрып ойнап шықты.
— Ғажап болды ғой, балалар, — деді Мұхаң буланған 
көзін орамалмен сүртіп. Одан соң барып екі жігітті сәл 
шөгере бұқтырып беттерінен сүйді.
— Әдейі туған Абыз, арнап туған Кебек. Мұндай 
жарасымды егізді жылдар іздесең таппассың сахна 
үшін. Далаға шықсаң кеншілер, қалада жүрсе 
сауықшылар, солай емес пе? — деп Мұхаң бізге 
қарады.
— Мен бізге осындай төрт-бес адамға ғана 
ойнайтын театр керек екен деп білдім, — деп Ғабит 
сөйлеп кетті. — Мен Абыз бен Кебекті бірінші көріп, 
бірінші тыңдағандай әсерлендім. Сонда қалай? Бұл 
образдар осы уақытқа дейін маған жетпеген бе? Әй, 
Сары, сен не дейсің бұған? 
Ғабит Ғабиден құрдасына әзіл сөздерін 
лақтырғандай, сонымен мұқатып тастағандай мәз 
болып қарады.
— Сен бүгін қызықтағаныңды ертең ұмытқыш 
тұрақсызсың ғой, сен театрдағы ойыннан кейін де 
Абыз бен Кебекті осылай  мақтағансың, саған сенуге 

6
болмайды, — деді құрдастық есебін жібермеуге 
тырысқан Ғабиден. Содан соң әзілге шақталған 
пішінін молайтып, салмақтандырып алып Мұхаң мен 
оның қасында тұрған екі жігітке қарады:
— Ғабит дұрыс айтты. Бұрын қанша көріп жүрген 
нәрсемізге бүгін басқаша қарадық, тіпті жарасымды 
оқиға болды бүгін, — деді...
Мен төртінші қол ретінде шақырған преферанс 
ойналған жоқ. Мен Мұхаңның рұқсатын алып, жас 
қонақтарымды өзімізге алып келдім. Тамақтанып 
болған соң кештетіп студенттер де күйлі-көңілді 
қалыптарында қайтты.
— Біз бүгін аса қуаныштымыз.
— Аса бақыттымыз, — дедім екі жігіт жарыса 
жамырап қоштасарда шындарын айтты.
— Мен де бақыттымын... — дедім бірінен соң бірін 
құшақтап. Маған осы бір қызықты, жарыққа да, 
үмітке де толы күн өтіп болмайтын, сол сүттей ұйыған, 
жып-жылы нұрлы қалпында тұра беретіндей көрінеді. 
Ал, міне, денелі, ауыздарын ашса, көмекейлері 
көрініп тұрған жас достар — жарық дүниенің 
жазықсыз ақпейіл ұлдары саналып, қабақтарына 
қайғы ұяламай, қастары жоқ, кілең достары ғана бар, 
үлкен махаббаттарына жарықшақ түспей қатар жасап 
келетіндей, келе жатқандай сезінемін.
Бірақ, олар қатар тұрып, қатар жүріп, бірге 
жасай бере алмады. Батырларша қимылдаған, жыл 
сайын емес, күн сайын өскен екі дос аз ғана жылдар 
ішінде-ақ туған жұртының мейірін қандырып, 
кеуделерін қуанышқа толтырған тұлғалы да талғамды 
азаматтарына айналды.
1975 жылы Қарағанды университетінің ректоры, 
академияның сондағы басты өкіліне айналған 
Евней Бөкетов 50-ге толды. Біз оның тойына Есенов 
Шахмардан екеуіміз бірге ұшып бардық (Шахмардан 
онда академия президентінен босаған, оның орнына 
Қонаев Асқар сайланған, ал Шахмардан геология 
министрі кезі еді).

7
Көп адам, аса ірі адамдар барыпты Евнейдің тойына.
— Достарың көп екен, жастарыңа сүйкімді, 
халқыңа қадірлі екенсің, тойың құтты болсын, 
Евнейжан, — дедім мінбеден. Содан кейін: – Елуге 
әркімдер-ақ келеді, сен келдің елуге, еңсең биік, жүзің 
жарқын болып жеттің. Енді мен кеше осында келген 
соң жазған өлеңімді оқимын, — дедім де көзілдірігімді 
кидім.
Елу туралы сөз
Елуді жастар айтады «жарты ғасыр» деп,
Ойлайды олар елудегі адамды масыл деп.
Асықпайды олар «көп қой» деп уақыт алдағы,
— Жеткенше қайда мүшелге менің жасым деп.
Ал, уақыт жүйрік зулайды екен тоқтамай
Өткен күн бейне жанып боп сөнген оттардай.
Қараңдаршы, мына кешегі сәби Евнейге
Аға боп қапты қылаулап шашы, соқталдай.
Үрікпеңдер, жастар, қорықпаңдар әсте елуден,
Қызық жоқ артық елуге аман келуден.
Еркектің ақылы қартая келе кіреді,
Жұптап болған соң «жаспын ғой» деген сеніммен.
Еркек болып туу қазақтар үшін қымбатты,
Әсіресе қызық жігіт боп өссең сымбатты.
Ал толысқан шақта тындырғандарың болмаса
Қалың ел мына сүймейді қу сөз, қылжақты.
Қалай сен өстің? Жаныңа намыс батты ма?
Ойыңда сенің отты армандар жатты ма?
Аталар саған батасын беріп ырзалық,
— Бәрекелді, — деп арқаңнан ағаң қақты ма?
Әркімнен достар сұраймыз бәрін осының,
Ойланған жастың өлгенше мен де досымын,

8
Кешеден келген жолдарың жатсын шаңдатқан,
Ертеңге барар жолдарың жатсын жосылып.
Елуге достар Евнейдей болып келіңдер,
Елуде бәрің Евнейше есеп беріңдер.
Ұрпақпен бірге жалындай берсін жүректер,
Ұрпақпен бірге көгере берсін көңілдер.
Мен осы жолы қанша адам барған бұл тойда толып 
жатқан ірі химиктермен, геологтармен таныстым. 
Орыс, украин, грузиндер, кәрісі-жасы аралас, бәрі 
сөйледі мінбеден. Соның бәрі Евней туралы:
— Ғалым жолдасымыз, қайсар қайраткер досымыз, 
— деп ағынан жарылып жатыр.
Біз осы тойға Шахмардан  екеуіміз бірге ұшып 
бардық деп едім ғой. Алматыға да бірге қайттық. 
Ол самолеттің  тоқтаған жерінде өзін күтіп тұрған 
министрлік машинасымен мені үйге апарып салды. 
Бірге өткізген сапарымызға риза екенімізді ақ 
көңілмен айтып, жақсы қоштастық.
Ишанбай ҚАРАҚҰЛОВ
ЖЫЛДАРҒА ЖАЛҒАСҚАН ДОСТЫҚ
Мен Евнейді көп жыл бойы сыртынан көріп, 
сәлемдесіп жүретін, сыйлайтын кісілердің бірі едім. 
Онымен дәмдес боп, ет жақын дос болуыма себеп 
болған оқиға — чехословак-совет достығы қоғамының 
өкілі жазушы Вацлав Кубиктің мен жөнінде кітап 
жазуы болды. Вацлав Кубик ол кезде партиялық 
журналдың редакторы болып істеп жүрген. Сол 
кісі бірде архив материалдарын ақтарып отырғанда 
«түйе үстінде туған» деген мәлімет кездестіреді. Оқи 
келе оның кейіпкері «Ишанбай Қарақұлов деген кісі 
Қазақстанда, Алматыда тұрады. Денсаулық саласында 
еңбек ететін ғалым» деген мәліметке қанығады да, 
жазушы ол кісінің тағдырын жазсам деп қызығады.

9
Ұзын сөздің қысқасы — сол Вацлов Кубик ақыры 
мені іздеп тапты да, оның ойына алған кітабы 
жарық көрді. Евней ол кітапты оқығанда: «Тағдыры 
қызық адам өз жанымда жүр екен-ау. Енді бұны мен 
тереңдетіп жазамын», – депті. Соған орай, КСРО-
ның құрылғанына 50 жыл толу мерекесіне дайындық 
кезінде Ғабит Мүсірепов «Знамя» журналының 
редакциясында болғанда, ондағылар Ғабекеңе: 
«Тағдыры ешкімге ұқсамайтын, жетімнен жетілген, 
мінезі мен қылығы қызық бір адам тауып беріңіз. 
Және өзі ғалым болсын» деген талап қояды. Ғабең 
қапелімде сасқалақтап қалып, ақыры өзі танитыннан 
мені айтады. Енді оны жазатын кім дегенде, есіне 
Евней Арыстанұлы Бөкетов түсе қояды.
Редакциядан тапсырма алған Евней бір күні мені 
іздеп  телефон шалады да, шақырып қойған жерге 
асығып отырған менімен ілесіп, қонаққа бірге тартып 
кеттік. Әрине, оның мені жазайын деп «зерттеп» 
жүргенін білмеймін. Сондықтан да, барған жерде 
барымды салып, қалжың айтып күлдіріп, дастархан 
маңындағы жұрттың жанын жадыратып отырдым. 
Менің бойыма біткен бір қасиет — жұрт тамақты үн-
түнсіз қотара бастаса, өзімнен-өзім қуыстанып, ұрлық 
істегендей қысылып бітем. Ал, әлгіндей әзіл-қалжың 
айтып жатқан жерде ұзағырақ отырып, мәжілісті 
қыздыруға «үлесімді» қосушы едім. Евней бұл жөнінде 
менен де асып түседі екен. Адамның  жанына жағымды 
сөзді қалай тез ойлап табатынын білмеймін, онымен 
мәжілістес болудың өзі ұмытылмайтын бір оқиға 
сияқты әсер етеді екен. Қазақтар: «Кеме келсе, қайық 
судан таяды» демекші, қасымда Евней отырғанда, мен 
де енді әзіл-қалжыңға шорқақтығымды сезінгендей 
болдым. Бір ғажабы — Евнейдің әзілі әрі сыпайы, 
әрі өтімді, әрі күлкілі. Ешкімнің де жанына кіршік 
жуытпайтын тәрбиелі әзіл болып шығады. Бұрын 
мен өзімді «ойын-сауықтың гүліндей» көретін басым, 
енді іштей қызғанышты қойып, Евнейден «тәлім» 
ала бастадым. «Мінекей, білімді адамның қимылы!» 

10
– деп, оның әр сөзіне сүйсініп қоямын. Сонымен не 
керек, бір күні әңгімеден әңгіме туындап отырғанда, 
Евней:
— Ишеке, осы бәрінен де қызығы — сенің 
астрономиялық қоғамның президенті болуың ғой! 
Соныңды айтшы. Өзі қалай, неден басталып еді? — 
деп қиылды. Шындығында, бұл менің тағдырымда 
болған аса бір күлкілі, әрі қызық, әрі мазақ сияқты 
оқиға еді.
Қазір сол оқиғаны еске түсірсем, өзімнің де күлкім 
келеді. 
Ол  оқиғаның  басында менің атақты ғалым, 
астроном Гавриил Андриянович Тиховпен досты-
ғым жатыр. КСРО және Қазақ КСР Ғылым ака-
демияларының академигі Гавриил Андриянович – 
1909 жылы Марс планетасы жөнінде кітап жазып, 
атағы бүкіл дүние жүзіне танылған адам. Екеуіміз 
тамыр едік. Бірге отырып сұхбаттасамыз, сырласа-
мыз. Жас алшақтығымызға  қарамастан ол кісі менен 
сыр жасырмайды. Өзі ғұмыр бойы бойдақ өткен, бү-
кіл күш-қуатын ғылымға арнаған кісі. Содан бір күні 
кешкісін үйде тыныққалы жатсам, Тихов телефон 
соғады. «Ишанбай Карагулович, поздравляю тебя с 
должностью президента!» – деп, ай-шайға қарамай  
әкетіп барады. «Япырау, мына шалы түспегір, ептеп 
алжасайын деген бе?! Әлде, ұрттап алған ба? Мұндай 
қалжыңы жоқ еді ғой» деп тез ойлап үлгеріп, мәнісін 
сұрасам: «Қаныш Имантаевичке айттым, сенің 
кандидатураңды жалпы жұрт мақұлдап отыр. Енді 
бас тарта көрме! Білмейтін жеріңді айтсаң, өзім 
көмектесем», – деп, менің пікірімді сұрамастан, 
көндіруге айналды. Не дейін, «өзім білмейтін нәрсеге 
тәуекел ететін мені жынды көре ме?» – деген 
бір қисық ой келе қалған. Әйтеуір, ептеп алдап-
сулап, сыпайы  бас тартып, шалдан құтылдым ба 
деп тыныстай беріп едім. Тағы телефон! Бұл жолы 
академик Фесенков! Дүние жүзіне әйгілі ғалым 
Отто Юльевич Шмидтің сүйікті шәкірті. Тыңдап 

11
көрсем, оның да үгіті әлгі астрономиялық қоғамның 
президенті болуға келісім беруімді сұрайды. «Байғұс-
ау, мына шалдар алжасайын дегені ме? Аспан түгіл, 
жер үстіндегіні жете білмей жүрген мені аспандағы 
нәрсеге төрелікке үгіттегені несі?» — деп ойладым. 
Бұл жолы ұсыныстың растығына шын сеніп, қалай 
зорласа да көнбеуге өзімді-өзім қайрап, серт беріп, 
ұйқыға кеттім.
Ертеңіне Қаныш Имантайұлы Сәтпаев шақырып 
алды. Байсалды, ақылды, әрі кемеңгер кісі. Менің 
абыр 
 
 
жыңқы  жүзіме салмақпен қарап алды да 
жымиды.
— Мына екі шалдың қалауына түсіп тұрсың...
— Ойбай-ау, мен аспан түгіл... жердегіні келістіріп...
— Әуелі тыңдап ал мені... — деп Қаныш Имантайұлы 
тағы жымиды.
— Бұл екеуі де қырсық, қисық шалдар. Өз дегендері 
болмаса, өліп кетсе де көнбейді. Президенттік лауазым 
екеу емес, жалғыз. Сондықтан бір адам сайлануы 
керек. Екеуінің бірін сайлай қояйық десек, екеуі де: 
«Бұл орынға гуманный, демократичный жан керек», 
– деп, бастарымен алысып отыр. Екеуі де саған 
тоқтады. Өзің айтқандай аспан түгіл, жерді келістіріп 
алсын деп едік, «өзіміз көмектесеміз» деп безеріп 
отыр. Осыны сен атқарсаң. Жоғарғы жақтың да пікірі 
сол!
Әрине, Қанекеңнің «жоғарғы жақ» дегені — 
Орталық Комитет. Егер ол жақ ұйғарып қойса, менің 
бас тартуым әншейін далбаса. Соны топшылап үлгер-
дім де:  «Жарайды, сіздер ұйғарып қойсаңыздар, мен-
де қандай қауқар бар?» – деп, көнгенімді білдірдім. 
Қанекең рахмет айтып жатыр. Ара-тұра әзіл айтып 
күлдіріп қояды. «Екеуі де өзіңе орынбасар болды. 
Егер төбелесе қалса, арашалайтын да адам керек қой. 
Сен жассың, әрі әділ, шыншыл адамсың. Кімдікі жөн 
екенін біліп отырайық тағы!» – деп қуақыланды.
Сөйтіп, ғұмыр бойына аспанға қарап, қанша 
білгім келсе де, түнге қарай көп жұлдыздың ішінен 
Жетіқарақшы мен Темірқазықты әрең танитын мен 

12
де шалдардың дүрдараздығына орай, астрономия 
қоғамының президенті лауазымын бірнеше жыл 
атқарғанмын. Евней мұны естігенде, тіпті мәз болды!
Фесенков пен Тиховтың «пендешілік» мінездерін 
мен құлпыртып айтып бергенімде, Евнейдің қуа-
нышында шек болмады.  Мені ауызекі әңгімеге ше-
берсің деп мақтаудан да тартынбады.
Ал осы оқиғадан кейін біздің достығымыз нағыз 
мазмұнды, бауырластық сипат алды. Ол Қарағандыдан 
келсе, бізге телефон соқпай, бірге отырып, бір кесе 
шай ішпей ешқайда аттанбайтын. Не керек, отырған 
жері той-думан еді ғой! Екеуміз талай рет қонаққа 
бірге барып та жүрдік. Екі иығына екі кісі мінгендей 
алып тұлғалы, жауырыны қақпақтай, нар тұлғалы 
жігіттің өзі еді Евней!
Оның осындай қасиетіне жібектей мінезі, биязы 
сөзі, әдепті әзілі тым жарасымды көрінетін. Сондық-
тан ба, нәзік жандар арасында оның беделі үстем 
болды. Қандай бір көрікті,  қылықты, білімді  деген  
қыз дардың  өзі  Евнейді көргенде  қалай  төңіректеге-
нін білмей қалатын. Бірақ, Евней – мұндай  мәселеге  
өте   ұстамды, өзін әдеп шегінен асырмайтын жігіт! «Ей, 
Ишеке-ай, мұндай  жарқылдақ асылдар бізге лайық-
сыз ғой. Көріп, көңіл тойғызуға болар. Жар етуге 
жарамайды ғой». Осыдан кейін неге екенін білмеймін, 
Евней терең күрсінетін. «Біз сияқты алаңы көп жанға 
көкейдегіңді айтқызбай түсінетін кісі керек!» – дер 
еді.
Сол ішіндегіні айтқызбай түсінетін кісіні тапты 
да. Ол — Зүбәйра қарындасымыз еді. Зүбәйра — 
республикаға белгілі партия, совет қызметкері Нұртас 
Дәндібайұлы Оңдасыновтың қарындасы. Оқыған, 
көргені көп, тәлім-тәрбиесі мол жан. Евней марқұм 
бір себеппен қарындасымызбен аздап суысып жүрді 
де, әлгіндей бикештердің қылығы жирентті ме, 
кешікпей маған: «Евнейге Зүбәйрадан артық жар жоқ 
екен!» – дегені бар. Шынында да, суысып кеткен 
бірнеше жылда көңілін суытпай, адал жар ретінде 

13
азаматын сырттай бақылаған Зүбәйраның алдында 
борыштылығын ол маған сыр етіп айтқан. «Басқа 
әйел тек жұбайым, әйелім болуға ғана жарайды екен. 
Ал, Зүбәйра досым, жолдасым, сырласым, пікірлесім, 
рухани сүйенішім екен ғой. Соны танытты өмір
Ишеке!» – деді бірде ол.
Зүбәйра   қарындасымызбен  қайта табысқанына 
мен  де қатты қуандым.  Оның бір себебі — Нұртас-
пен өте дос, көңіл тату адам едім. Ол республика 
Министрлер Кеңесінің төрағасы  болған жылдары 
мен денсаулық министрі боп, аралас-құралас, пікірлес 
болғанбыз. Қызметте де, жолдас-жораға да таза, 
қалтқысыз жан. Ол кезде жағымпаздану мен тамыр-
таныстық тарамаған, алым-берім, пара деген атымен 
жоқ. Біреуді біреу таланты мен білімі үшін күндеп, 
қуғынға салмайтын. Соның бәрі кейінірек шықты 
ғой.
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев қайтыс болғаннан 
кейін ғалымдар арасында әңгіме туды. Бұрын 
Қаныштың жан-жақты білімдарлығына қарап, оны 
қазақтың Ломоносовы ғой деп, сырттай мақтан етуші 
едік. Оның орнын енді кім басар екен деген сұрақ 
мазалады. Сонда жұрттың ойланбастан атағаны — 
Евней Арыстанұлы Бөкетов болатын. Бұл кейбір 
іші тар, мансабы жоғары адамдардың қызғанышын 
туғызды. Ақыры сол қызыл көз қызғаныш оның 
тағдыры мен талантына үлкен әсер етті ғой. Егер 
мансабы құдіретті біреулер кедергі келтірмегенде, сөз 
жоқ, республика академиктерінің басшысы болып, 
ғылымды өркендетуге Евней қолдан келгенше үлес 
қосқан да болар еді.
Евнейдің таланты өзіне қырсық болып жармасты. 
Қызғаншақ  жандар оны жазықсыз жазаға тартып, 
баспасөзде қаралатқан науқанды да көрдік. Жарыққа 
шыққалы қол қойылып келген кітабының архивке 
жіберілгенін де естідік. Ол жазған бір шығарма басқа 
автор атымен Мәскеу баспасынан шықты. Неге 
десеңіз, Евнейдің атымен шығып жатқан кітап болса, 
ол жақтан келген хабар «құдіретті мансапқордың» 

14
құлағына салынатын да, кітап тағы да архивке 
жіберілетін  болды.
Евнейдің талантты ақын, әдебиет зерттеушісі, аудар-
машы,  әрі журналист, әрі жазушы екенін жұрттың 
бәрі біледі. Бірақ, жұртшылық оның бойын 
дағыны 
тұтас алып үлгерген жоқ.  Таланты жаңа ашылған кезде 
оның алдынан алынуы қиын асудай кедергі шықты. 
Ол — талант пен әділеттің, шындықтың жауы — 
мансапқорлық, ағайыншылдық дейтін қырсық еді. 
Қазақты жүзге бөлу, ру-руға жіктеу дейтін соңғы 
он бес — жиырма жылдықтың жемісі. Біз соғысқа 
дейін, соғыстан кейін де кімнің қайдан екенін тіпті 
сұрамайтынбыз. Оған мән бермейтінбіз.
Менің өмірімде мынадай қызық оқиға болды. 
Н.С.Хрущев тұсында республика басшыларының 
 
бірі боп Сәлкен Дәуленов сайланды. Сонда бір күні 
маған Ахметжан Қойшығұлов ағамыз: «Сәлкенді 
лауазымымен құттықтадың ба?» – деді. Мен шала 
танитынымды айттым. Ақаң маған жекіп:  «Жерлес 
ағаңды танымайсың!» – деген. Сонда барып білдім, 
оның Ақтөбе облысының Ойыл ауданында туып-
өскенін. Әнекей, біздің ұрпақ сондай еді. Сол жақсы 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал