Білім алушыларға арналған жолбасшы-анықтамалығЫ



жүктеу 422 Kb.

бет5/5
Дата14.01.2017
өлшемі422 Kb.
1   2   3   4   5

Кітапхананы пайдаланудың жалпы ережелері

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың кез келген қызметкері мен білім 

алушысы кітапхана оқырманы бола алады.

1.   Кітапхана қорындағы басылымдар бойынша оқырмандарға қызмет 

көрсетуді ұйымдастырады.

2.   Әдебиеттерді  үйге  беру  абонементтерде  жүргізіледі.  Оқу  залда-

ры кітаптарды сол жерде отырып пайдалануға ғана рұқсат береді. 

Кітапханада жоқ басылымдарға оқырман талабы бойынша тапсы-

рыс бере алады.  

3.  Энциклопедиялар,  анықтамалық  басылымдар,  диссертациялар, 

ағымдағы  мерзімді  басылымдар,  сирек  және  құнды  кітаптар  тек 

оқу залдарында отырып жұмыс істеу үшін ғана беріледі.

  Соңғы  және  жалғыз  дана,  сондай-ақ  «Міндетті  дана»  үйге 

берілмейді.

4.   Оқырман басылымды белгіленген мерзімінде қайтармаса кітапхана 

бөлімдері қызмет көрсетпейді.

5.   Оқырмандарды кітапханаға тіркеу үшін жеке басын және жоғары 

оқу орнына қатыстылығын куәландыратын құжаты, сондай-ақ 3х4 

см көлеміндегі екі фотосуреті бойынша жүргізіледі.

6.  Жоғарыда  аталған  құжаттардың  негізінде  оқырманға  бірыңғай 

оқырман билеті беріледі және оқырман формуляры толтырылады.

7.   Оқырман кітапханаға жазылар алдында кітапхананың Ережесімен 

танысып, оны орындайтыны туралы міндеттемені оқырман форму-

лярына қол қоюы арқылы растауы керек.

9.   Оқырман  билеттері  бір  оқу  жылына  жарамды.  Жыл  сайын 

оқырмандар  кітапхананың  «Оқырмандарды  тіркеу»  бөлмесіне 



50

келіп,  тіркеуден  өтіп,  оқырман  билеттеріне  белгі  соқтырып  оты-

рады.  Тіркеуден  өтер  алдында  оқырмандар  қолындағы  барлық 

кітаптарын өткізуі қажет. Тіркеуден өтпеген жағдайда оқырманға 

қызмет көрсетілмейді.

10. Оқырман  оқу  орнын  бітірсе,  басқа  оқу  орнына  ауысса  немесе 

оқудан шығып қалған болса, қолында бар барлық оқу әдебиеттерін 

және оқырман билетін өткізеді.        

11. Оқырман  кітаптарды  алған  кезде  мұқият  тексеріп  алуы  керек. 

Егер  тексеру  барысында  кітаптың  бүлінгенін,  жыртылғанын 

анықтайтын  болса,  кітапханашыға  көрсетуі  тиіс.  Олай  болмаған 

жағдайда,  кітапты  алып  пайдаланған  оқырман  кітаптың  жырты-

лып, бүлінгеніне жауап береді.

12. Кітаптың  формулярына  аты-жөніңізді  жазар  алдында  кітап  пен 

формулярдың  сәйкес  келетінін  мұқият  тексеріп  алыңыз.  Егер 

кітаптың  инвентарьлық  нөмірі  мен  кітаптың  формулярындағы 

нөмір сай келмесе, кітапханашыға ескертіңіз.

13. Кітапты  жоғалтқан  не  бүлдіріп  алған  оқырман  кітаптың  орнына 

кітапхана қызметерлері қажет деп тапқан сондай кітаппен орнын 

толтырады  немесе  қазіргі  нарықтық  құны  бойынша  университет 

кассасына ақысын төлейді.

ОҚУ ЗАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.  Оқырман оқу залында қажетті оқу әдебиеттеріне тапсырыс берер 

алдында  кітапханашыға  оқырман  билетін  көрсетеді,  алған  оқу 

әдебиеттерін  тексеріп,  әрбір  оқулықтың  формулярына  аты-жөнін 

жазады.    

2.  Оқу залынан оқу әдебиеттерін алып кетуге тыйым салынған. Оқу 

әдебиеттерінің  көшірмесін  түсіріп  алу  үшін  кітапханашының 

рұқсатымен  ғана  оқу  залынан  шығуға  болады.  Ережені  бұзған 

оқырман  кітапхана  басшылығы  белгілеген  мерзімге  дейін 

кітапхананы пайдалана алмайды және ол туралы мәлімет факультет 

деканының қарауына жіберіледі.


51

КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

Абонементтер: 

9.00 – 19.00

Сенбі: 9.00 – 14.00

Оқу залдары:

9.00 – 20.00

           Сенбі: 9.00 – 17.00

  Жексенбі – демалыс

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні.

Кітапхананың мекен-жайы:

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасы

010008, Астана қаласы, А. Пушкин көшесі, 11

8 (7172) 709 500, ішкі тел.: 36 101, 36 105

e-mail: ibrary.enu.kz

ҚАЛА КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ

Балалар кітапханасының № 2 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. Кравцов көш., 1/1

Телефон: 371329

ҚР Президенттік Мәдениет 

Орталығы

Мекен-жайы: Астана қ. Республика 

даңғ., 2

Тел.: 223319, 221513 Факс: 223290



Балалар кітапханасының № 4 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. 2 ш/а, 20-үй. 

Тел.: 364812

Зағиптар мен нашар көретіндерге 

арналған мамандандаралған 

кітапхана

Мекен-жайы: Астана қ. Ташенов көш., 

2/1

Тел.: 373141



Балалар кітапханасының № 5 филиалы

Мекен -жайы: Астана қ. Кенесары көш., 81

Тел.: 376582

Орталық қалалық кітапхананың

№ 8 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. Беляков көш., 

24

Балалар кітапханасының № 8 филиалы

Мекен-жайы: Астана қаласы, Конституция 

көш., 2/2

Тел.: 382807



Орталық балалар кітапханасының 

№ 3 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. Жеңіс даңғ., 61

Тел.: 382058


52

Астана қ. бойынша орталық 

кітапханалар жүйесі

Мекен-жайы: Астана қ. Бөгенбай батыр 

даңғ., 26

Тел.: 318713 Факс: 318713



Орталық қалалық кітапхананың № 

2 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. Алатау ш/а, 12

Тел.: 372079

Мұхтар Әуезов атындағы орталық 

қалалық кітапхана

Мекен-жайы: Астана қ. Абылай хан даңғ., 2 

Тел.: 359869

Орталық қалалық кітапхананың № 

4 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. Қошке 

Кемеңгерұлы көш., 21

Тел.: 312532



Орталық қалалық кітапхананың № 1 

филиалы

Мекен жайы: Астана қ. Әл-Фараби ш/а



Орталық қалалық кітапхананың № 

5 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. 1 ш/а, 18-үй

Тел.: 361907

Орталық қалалық кітапхананың № 12 

филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. Л. Пастер көш., 73

Тел.: 217771

 

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ЖАСТАР САЯСАТЫ 



ОРТАЛЫҒЫ

2011  жылдың  2  желтоқсан  күні  Ғылыми  кеңестің  шешімімен 

құрамына  12  факультеттің  жастар  орталығы  кіретін  Жастар  саясаты 

орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ең 

жоғарғы білім алушылық өзін-өзі басқару ұйымы болып тағайындалды.

Ұйымның басты мақсаты – білім алушылардың белсенді азаматтық 

ұстанымдарын  қалыптастыру,  олардың  әлеуметтік  кемелдегі  мен 

дербестігін  дамытуға  үлес  қосу,  білім  алушыларды  қоғамдық  өмірге 

белсенді араласуға баулу, білім беру жүйесі мен ғылыми мәселелерді 

шешу  мақсатында  университеттің  басқару  органдарында,  факультет 

деканаттарына, кафедраларға, департаменттерге және проректорларға 

барынша көмек көрсету.

Жастар  саясаты  орталығы  ғылыми-зерттеу  бағытынан  бастап, 

жастардың  бос  уақытын  тиімді  өткізуін  ұйымдастыруға  дейінгі 



53

студенттік өмірдегі барлық саланы қамтиды. Нәтижелі әрі тез жұмыс 

жасау мақсатында ұйымның ішінен мәдениет, ақпарат, Болон үдерісі, 

салауатты өмір салты, сыртқы істер салалары сияқты әр түрлі бағытта 

жұмыс атқаратын бес комитеттен тұратын жаңа құрылым жасалды.

Сайт: zhastar.enu.kz, vk.com/zhastarenu, twitter, instagram: cmpenu

Орналасуы:  Мирзоян көш., 2, 116 каб. Тел.: 709-500 (iшкі нөм. 

31-192)

ЖСО ic-шаралары

СТУДЕНТТЕР ӨМІРІ МЕН ДЕМАЛЫСЫ

Университет білім алушыларының сабақтан тыс уақыттағы өмірі 

қызықты және әр қилы. Университетте дарынды білім алушылардың 

шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндіктері мол. Университеттегі 

сабақтан  тыс  жұмыстарды  Әлеуметтік  және  азаматтық  даму 

жөніндегі департамент жүзеге асырады. (Астана қ., Мирзоян көш. 2, 

ЕҰУ-дің Бас ғимараты, 100каб. Тел. 70-95-00, ішкі тел.: 31-104, 31-115. 

mail: dsgr@enu.kz

Студеннтер қатарына

қабылдау

Жаңа жылдық Бал-маскарад

ENUVISION 2013

Welcome to Univer


54

Сабақтан  тыс  бос  уақытты  пайдалы  өткізуге  байланысты  идея, 

ойларыңыз болса, жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімге 

хабарласыңыздар (e-mail: dsgr@enu.kz. Тел.: +7 (7172) 70-95-00, ішкі 

тел.: 31-104,31-115).

Бұл жерде сіздің ұсыныстарыңызды қабылдап, білім алушылардың 

қызықты жобалары сіздің қатысуыңызбен іске асырылады.

ЕҰУ-де  білім  алушылардың  өзін  өзі  басқару  ісі  белсенді  түрде 

дамуда  және  мынандай  студенттік  клубтар  мен  бірлестіктер  жұмыс 

істеуде:  «Дипломатиялық  альянс»,  «Көшбасшы  (Лидер)», 



«Көңілділер  мен  тапқырлар  клубы»,  «Қаржыгер  (Финансист)» 

ғылыми-студенттік клубы, «Парасат» және «Оратор» дебат клуб-

тары, «Жас маман (Молодой специалист)» экономика бюросы және 

т.б. ЕҰУ-дің Жастар үкіметі (www.studentenu.kz) білім алушылық ме-

неджмент жүйесін үйлестіру, шығармашылық бастамаларды іске асы-

ру, білім алушылардың қоғамдық белсенділігін, ұлттық сана-сезімін, 

әлеуметтік  кемелдігі  мен  жауапкершілігін,  зияткерлік  және  мәдени 

деңгейін көтеру мақсатында құрылған. 

Егер сіз шығармашылыққа жақын болсаңыз немесе сүйікті ісіңізді 

жалғастырғыңыз  келсе,  «Шабыт»  шығармашылық  бірлестігі  сізді 

күтеді (Астана қ., Пушкин көш.,13, «Шабыт» ШБ, 5 каб.).

Университеттің әр түрлі шығармашылық ұжымдарында өнер 

көрсеткісі  келетін  білім  алушыларға  «Шабыт»  шығармашылық 

бірлестігі мен студия координаторлары кастинг өткізеді.

Шығармашылық  бiрлестiктiң  барлық  мүшелерiне  арнайы  билет 

және үйренудi аяқтауына орай сертификат беріледі.

Студенттік бiрлестіктің түпкi мақсаты – бұл білім алушылардың 

шығармашылық қабiлеттерiн дамыту, шығармашылық ұжымдарды жа-

сау, өз елiнiң патриоттар музыкалық мұрасын насихаттау, ұйымының 



Ақындар студиясы

«Дала сазы» ұлт аспаптар оркестрі

55

сапасын жақсарту.

«Шабыт» шығармашылық бiрлестiгiнiң мүшелерi республикалық 

және халықаралық деңгейлердегі бірнеше шараларға қатысып, жоғары 

бағаларды алды.

«Шабыт»  шығармашылық  бірлестігі  мына  бағыттар  бойынша 

жұмыс жүргізеді:

•  «Дала сазы» халық аспаптар оркестрі;

•  «Еуразия әуендері» вокал студиясы;

•  КТК («Нұр», «Күлтегін», «Алтын белгі» және т.б.);

•  Хореография  («Самұрық», «Еуразия») бишілер тобы;

•  «Шаңырақ» білім алушылар театры;

•  ЕҰУ білім алушылар театры;

•  «Арай» білім алушылар радиосы;

•  Әйгілі «Кәусар» сән студиясы.

Университеттің  көркемөнерпаздар  тобына  қатысқыңыз  келсе, 

білім алушылар филармониясына хабарласуыңызға болады (Астана қ., 

Пушкин көш. 13, Білім алушылық өнер ордасы, 5 каб.



КТК жеңімпаздары

«Қазына» бишілер тобы

56

Егер сіз спортты ұнататын болсаңыз, онда спорт клубына келіңіз.                  

Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ-дің  спорт  клубында  бокс,  гир  спор-

ты, регби, еркін күрес, волейбол (әйелдер, ерлер арасында), қазақша 

күрес, шаңғы жарысы, тоғызқұмалақ, шахмат ойыны, жеңіл атлетика, 

жазғы көпсайыс, таэквандо, қысқы көпсайыс, гандбол, футбол, баскет-

бол (әйелдер, ерлер арасында), мини-футбол (әйелдер, ерлер арасын-

да), армреслинг, үстел теннисі, синхронды жүзу, джиу-джитсу сияқты 

барлығы 37 секция жұмыс істейді.

Мына телефон арқылы хабарласа аласыз: (31- 007)

Университетте:

1.  бірінші  курстар  арасында  спорттың  11  түрінен  спартакиада-

лар өткізу; 

2.  университет  ОПҚ  мен  қызметкерлері  арасында  «Денсаулық 

және сергектік»  жарысын ұйымдастыру;

3.  университет  студенттері  арасында  «Жылдамырақ.  Биігірек. 

Күштірек» спартакиядасын өткізу дәстүрге айналған.

Жыл сайын университетте көптеген қызықты мәдени-көпшілік іс-

шаралар өткізіледі, оның көпшілігі дәстүрге айналып кеткен: Бірінші 

курс  білім  алушыларын  студенттер  қатарына  қабылдау,  «Ер 

Жігіт», «Қыз Жібек» байқауы, «Күлтегін» онкүндігі және басқалар. 

Білім алушылардың көркемөнерпаздар үйірмелері жыл бойы өздерінің 

жеке концерттерін беріп отырады. 

Жыл  сайын  «Күлтегін»  күніне  арналған  «Еуразия  болашағы» 

байқауы өткізіледі. Бұл байқауға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің үздік 

білім  алушылары,  студенттік  клубтары,  шығармашылық  ұжымдары 

мен  жеке  орындаушылар,  студенттік  еңбек  отрядтары,  клубтардың, 

бірлестіктердің басшылары мен көшбасшылары қатысады. 



«Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны 

«Асық ату» ұлттық ойыны

57

Егер  Сіз  өзіңіздің  дарыныңызды  таныта  алмаған  болсаңыз 

немесе  оған  уақытыңыз  жеткіліксіз  болса,  онда  сіз  көрермен 

ретінде  қалада,  университетте  өтіп  жатқан  түрлі  концерттердің, 

байқаулардың, фестивальдердің тұрақты көрермені бола аласыз.

Конкурс «Ер Жігіт»

Конкурс «Қыз Жібек»

58

СПОРТ КЕШЕНДЕРІ

«Еуразия» спорт кешені

Астана қ., Достық көшесі, 23 үй, тел.: 396118 



«Қазақстан» спорт сарайы

Астана қ., Мұңайтпасов көшесі, 9 үй, тел.: 35-21-25



«Алатау» спорт кешені

Астана қ., Манас көшесі, 4 үй, тел.: 72-28-58  



«Астана» спорт кешені

Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 85, 74-90-84 



«Динамо» спорт кешені

Астана қ., Потанин кешені, 14 үй, тел.: 387807 



«Каспий» спорт кешені

Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 3 үй, тел.: 56-39-00 



«Эверест» спорт кешені

Астана қ., Фурманов көшесі, 7/1 үй, тел.: 345983



«Достық» спорт комбинаты (Орталық стадион)

Астана қ., Кенесары көшесі, 14 үй, тел.: 390660, 39-07-38



«Дәулет» спорт комбинаты (Ұлттық теннис орталығы)

Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 6/3 үй, тел.: 48-46-15



«Астана-Арена» стадионы

Астана қ., Сол жағалау



«Мұз айдыны» коньки тебу алаңы 

Астана қ., тел.: 70-67-43



59

КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жеке компьютерлердің саны, олардың ғимараттарда

орналастырылуы

Компьютерлік сыныптардың тізімі

Ғимарат


№ аудитория

Жеке компьютерлердің саны



ЦИҚИ

200


44

201


58

202


45

412


21

413


15

416


12

ОЗҒ 

112а


20

112б


20

113а


20

113б


20

ОӘҒ

237


12

238


12

239


12

242


12

245


10

260


10

261


12

263


13

268


16

270а


15

270б


15

271


15

356


13

366


15

405


12

 

 



469

Сымсыз  Интернет  жүйесі  ЕҰУ-дің  барлық  оқу  ғимараттарында 

бар.  Барлық  оқу  ғимараттарының  атриумдары  мен  ЕҰУ  кітапханасы 

қолжетімді интернет жүйесімен қамтамасыз етілген.



60

ҚАЖЕТТІ МЕКЕН-ЖАЙЛАР МЕН БАЙЛАНЫСТАР

•  ЕҰУ медициналық орталығы

Астана қ., Абылай хан даңғылы, 8/1 үй, т.: 36-10-79



•  Білім алушылар емханасы

Мекен-жайы: Астана қ., Республика даңғылы, 56 үй.

Тіркеу бөлімі: +7 (7172) 39-72-41

•  Ақпараттық қызметтің жедел желісі, сенім қызметі,

«Қызыл алма» психологиялық көмек ұйымы. 

Мекен-жайы: Астана қ., Бараев көшесі, 16

Телефондары: 324324, 34-22-11

•  Жатақхана. Қабылдау бөлімі: 70-95-68

•  Учаскелік полиция инспекторы

заң факультетінің ғимараты, жертөле қабаты, 6 каб.



Қоңырау кестесі

1. 


8.00 – 8.50

2.

9.00 – 9.50



3.

10.00 – 10.50

4.

11.00 – 11.50



5.

12.10 – 13.00

6.

13.10 – 14.00



7.

14.10 – 15.00

8.

15.10 – 16.00



9.

16.10 – 17.00

10.

17.10 – 18.00



11.

18.10 – 19.00

12.

19.10 – 20.00



13.

20.10 – 21.00



61

УНИВЕРСИТЕТ КАРТАСЫ

www.enu.kz

62

ЕСКЕРТУ ҮШІН

____________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

____________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

63

МАЗМҰНЫ

Университет туралы мәліметтер ............................................................

5

Университет құрылымы .............................................................................. 7

Университет басшылығы ............................................................................ 8

Факультеттер туралы жалпы ақпарат ................................................... 10

Университет білім алушыларының құқықтары мен міндеттері ........... 23

Білім алушыларды кредиттік технология бойынша оқытудың 

ерекшеліктері ................................................................................................ 24

Курстан  курсқа  өтуге  қажетті  орташа  ұпайды  (GPA)  есептеу                             

әдістемесі ...................................................................................................... 27

Жадынама: дәрісті қалай жазу керек?...................................................... 30

Оқулықтармен және әдебиеттермен жұмыс істеу ................................ 31

Білім алушылардың өздік жұмыстары ...................................................... 32

Емтихан сессиясы ........................................................................................ 33

Білім  алушыларды  ауыстыру,  оқудан  шығару  және  қайта  қабылдау 

жолдары ........................................................................................................ 34

Оқу  ақысын  төлеу ....................................................................................... 38

Шәкіртақымен қамтамасыз ету ............................................................... 39

Грантқа ауысу мүмкіндігі ............................................................................ 42

Л.Н.Гумилев  атындағы  ЕҰУ  білім  алушыларының  академиялық 

ұтқырлығы .................................................................................................... 43

Студенттер үйі ............................................................................................ 45

Кітапханалар. Оны пайдалану ережелері .................................................. 47

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жастар саясаты орталығы  .................... 52

Студенттер өмірі мен  демалысы ............................................................. 53

Спорт кешендері ........................................................................................... 58

Компьютермен қамтамасыз ету ............................................................... 59

Қажетті мекен-жайлар мен байланыстар .............................................. 60

Университет картасы ................................................................................. 61

Ескерту үшін ................................................................................................. 62

64

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН

ЖОЛБАСШЫ-АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Көлемі: 4,3 б.т.

Формат 60х84/16

Офсетті қағаз

Қаріп түрі «Тimes New Roman»

Басылым мазмұнына баспа жауап бермейді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасы.



010008, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал