Білім алушыларға арналған жолбасшы-анықтамалығЫ



жүктеу 422 Kb.

бет4/5
Дата14.01.2017
өлшемі422 Kb.
1   2   3   4   5

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Оқу ақысы келісілген негізде ҚР БжҒМ бекіткен (2013-2014 жж.) 

білім грантының мөлшеріне байланысты белгіленді.

Оқу ақысын төлеу жолдары

Келісімшартқа сәйкес 25 тамызға дейін оқу құнының 50%-ын және 

25 қаңтарға дейін қалған 50%-ын төлеу қажет.

 

Білім алушыларға берілетін жеңілдіктер

Білім  алушылар  үшін  көптеген  дүкендерде,  кинотеатрларда, 

мұражайларда және қоғамдық көліктерде жүруге жеңілдіктер бар.



39

ШӘКІРТАҚЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Мемлекеттік  білім  гранты  негізінде  білім  алушыға  мемлекеттік 

шәкіртақы тағайындау және төлеу тәртібі, мемлекеттік шәкіртақы мен 

оған  қосылатын  үстемеақылар  мөлшері  ҚР  Үкіметінің  қаулысымен 

бекітілген Ережелерге және ҚР басқа нормативтік-ұқықтық актілеріне 

сәйкес анықталады.

Мемлекеттік  білім  гранты  бойынша  бірінші  курсқа  оқуға 

қабылданған барлық білім алушыларға бірінші семестрде мемлекеттік 

шәкіртақы тағайындалады.

Кейінгі оқу семестрлерінде мемлекеттік шәкіртақыны тағайындау 

және  төлеу  емтихандық  сессия  қорытындысыбойынша  (білімді 

бақылаудың  барлық  үлгілерін  қосқанда)  білім  алушыдаек  «жақсы» 

(«В+»,  «В»,  «В-»)  және  «үздік»  («А»,  «А-»)  бағалары  болса  ғана 

жүргізіледі. 

Шәкіртақы ай сайын емтихандық сессиядан кейінгі айдың бірінші 

күнінен семестр аяқталатын айдың соңына дейін төленеді. Мемлекеттік 

шәкіртақы тағайындау кезінде білім алушының GPA көрсеткіші емес, 

тек бағалары ғана ескеріледі.

Мемлекеттік  білім  гранты  негізінде  білім  алатын  барлық 

үлгерушілерге (емтихандық сессия нәтижелері бойынша академиялық 

қарызы жоқ), ата-анасы жоқ балаларға және ата-анасының қамқорынсыз 

қалған балаларға мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады. 

Көктемгі  сессия  нәтижелері  бойынша  мемлекеттік  шәкіртақыға 

ұсынылған білім алушыларға жазғы демалыс кезеңі үшін шәкіртақы 

қаржыландырылуға қарай емтихандық сессиядан кейінгі жазғы дема-

лыс айлары үшін жинақталып төленеді.

Өндірістік  тәжірибе  және  жазғы  демалыс  кезеңінде  стипендиат-

тардың жалпы негізде шәкіртақы алу құқығы сақталады.

Академиялық  демалыстан  келген  білім  алушыларға  мемлекеттік 

шәкіртақы тағайындау және төлеу кезекті сессия қорытындысы бой-

ынша белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Науқас болу себебінен 

оқу  жылына  қайта  қалдырылған  білім  алушыларға  мемлекеттік 

шәкіртақы  кезекті  емтихандық  сессия  нәтижелеріне  дейін  жалпы 

негізде тағайындалып төленеді.

Жүкті болу мен босануа байланысты демалыс уақытындағы білім 

алушыларға шәкіртақы қолданыстағы еңбек заңнамасымен белгіленген 

толық  демалыс  мерзімі  ішінде  академиялық  демалысқа  кеткенге 

дейінгі  мөлшерде  төленеді.  Академиялық демалыс  кезінде  жүкті  бо-

луы  себебінен  уақытша  еңбекке  жарамсыздық  туралы  ортақ  үлгідегі 


40

анықтама ұсынылған жағдайда, академиялық демалыс үзіліп, жүктілік 

мен  босануа  байланысты  демалыс  ресімделуі  керек.  Білім  алушы  3 

жасқа дейін бала күтімі бойынша академиялық демалыста болған кез-

де шәкіртақы тағайындалмайды. 

Мемлекеттік  шәкіртақы  төлеу  ҚР  заңнамасында  қарастырылған 

жағдайларда тоқтатылады. 

Мемлекеттік  шәкіртақыны  төлеуді  тоқтату  Ректордың  тиісті 

бұйрығын шығару арқылы жүзеге асырылады.

Басқа шәкіртақыларды тағайындау және төлеу тәртібі (Қазақстан Ре-

спубликасы Президентінің шәкіртақысы, құрылтайшылар шәкіртақысы 

және  т.б.)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  және  Л.Н.  Гу-

милев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінде  білім  алушыларға 

университеттің ішкі грантын, жеңілдіктер ұсыну және әлеуметтік көмек 

көрсету туралы ережеге сәйкес анықталады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі бөлген Президенттік және атаулы 

шәкіртақылар  саны  факультеттер  ішінде  факультеттердегі  студенттер 

мен  магистранттар  контингентіне  байланысты  бөлініп  беріледі.  Жеке-

леген  факультеттерде  Президенттік  шәкіртақыны  тағайындау  туралы 

ережелерінің талаптарына сәйкес келетін студенттер мен магистранттар 

қатарынан үміткерлер болмаған жағдайда, бөлінбеген орындар универ-

ситет  басшылығының  қосымша  өкімі  бойынша  басқа  факультеттерге 

беріледі. 

Факультет  декандары  Президенттік  және  атаулы  шәкіртақыларды 

тағайындау үшін білім алушылардың қатарынан алдын ала үміткерлерді 

іріктеуді  ұйымдастырады,  сонан  соң  олардың  тізімін  белгіленген 

мерзім ішінде Тіркеу офисіне ұсынады. Ұсынысқа келесі құжаттар қоса 

беріледі:

•  білім алушының транскрипті;

•  факультет кеңесі шешімінен көшірме.

Президенттік және атаулы шәкіртақыларды тағайындауға арналған 

үміткерлер  тізімі  Университеттің  Ғылыми  кеңесінде  қарастыру  және 

бекіту үшін ұсынылады. 

Мемлекеттік  тапсырыс  бойынша  (грантта)  оқитындарға  білім 

ұйымдарында  оқитын  кейбір  санаттағы  адамдарға  мемлекеттік 

шәкіртақы  төлеу  (ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  17.02.2008ж. 

№116 бұйрығымен бекітілген) Ережесіне сәйкес ай сайын белгіленген 

мөлшерде (шәкіртақы мөлшері сол жылғы ҚР «Бюджет туралы» заңына 

сәйкес  өзгертіліп  отырылуы  мүмкін)  (5құж.,    2-б.,  5-  т)  мемлекеттік 

шәкіртақы белгіленеді. 

Мемлекеттік оқыту гранты бойынша 1-курсқа қабылданған барлық 


41

білім алушыларға 1-семестрде мемлекеттік шәкіртақы беріледі.

Мемлекеттік  тапсырыс  бойынша  оқитын  білім  алушыларға 

алдыңғы  өткен  семестрдегі  емтихан  сессиясының  қорытындысы  бой-

ынша  шәкіртақы  төленеді.  Басқа  оқу  орындарынан  ауысқан,  ЕҰУ-дің 

ішіндегі бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан білім алушыларға 

мемлекеттік  шәкіртақы  жалпы  негізде  оқу  бағдарламасындағы 

айырмашылықтарды  жойғаннан  кейін  беріледі.  Жазғы  емтихан 

сессиясының  қорытындысы  бойынша  жазғы  демалыс  кезеңіндегі 

екі  айдың  шәкіртақысы  қосылып  (шілде-тамыз),  несиелердің  ашылу 

мерзіміне қарай (яғни жоғары оқу орнының есеп шотына мемлекеттік 

бюджеттен қаржы түскеннен кейін) төленеді. 

Шәкіртақы  мемлекеттік  тапсырыс  бойынша  үлгерімі  жақсы  білім 

алушыларға,  білімді  бақылаудың  барлық  түрлерімен  бірге  емтихан 

сессиясының  қорытындысы  бойынша  «В-»  бағасынын  бастап,  «А» 

бағасын  (немесе  бағаның  дәстүрлі  жүйесіне  сәйкес  –  «жақсы»,  «өте 

жақсы» деген баға) алғандарға беріледі және емтихан сессиясы өткен 

айдан кейінгі айдың бірінен бастап ай сайын төленеді.

Сондай-ақ, мұқтаж және көпбалалы отбасынан шыққан универси-

тет білім алушыларын әлеуметтік қолдау аясында жетім балалар уни-

веситет асханасынан тегін тамақтану талонын алады; ай сайын мұқтаж 

білім алушылар үшін шәкіртақы, жол жүру билеттерін төлейтін білім 

алушылар  мен  магистранттардың  «Сенiм»  атты  кәсіподақ  ұйымы 

жұмыс істейді.



Жол жүру билеттерін қалай алуға болады?

Қажетті құжаттар тізімі:

1.  Жеке куәліктің көшірмесі.

2.  Деканаттан берілген анықтама (түпнұсқасы).

3.  Отбасы  құрамы  туралы  анықтама  (түпнұсқасы  немесе  анасының 

жеке куәлігінің көшірмесі).

4.  Әрбір отбасы мүшелеріне берілген анықтама (түпнұсқасы, егер ол 

мектепте немесе университетте оқыса)

5.  Файл.

Әлеуметтік  көмекті  іске  асырудың  жоғарыдағы  аспектілеріне 

қоса  университетте  жатаханада  тұратын  жетім  балалар  мен  ата-

ана  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  қатарындағы  білім  алушылар 

жатақханаға  төлемақы  төлеуден  босатылады,  сондай-ақ  01.10.2010  ж. 

бұйрығына сәйкес (№767 бұйрық) оларға материалдық көмек беріледі.



42

ГРАНТҚА АУЫСУ МҮМКІНДІГІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 

58 қаулысымен бекітілген Білім грантын беру ережесіне сәйкес ақылы 

негізде оқитын білім алушылардың тегін оқуға ауысуына мүмкіндігі 

бар. 

Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын 

беру тәртібі 

 

Жоғары  білім  алу  үдерісінде  босаған  білім  гранттары  сол 



мамандықтар бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға кон-

курс бойынша беріледі.

Конкурс  аралық  аттестациялау  нәтижелері  бойынша  өткізіледі, 

білім грантының берілуі туралы куәлік беріледі.  

Бос білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде 

үлгерімнің  орташа  балының  көрсеткіштері  бірдей  болған  жағдайда 

барлық  оқу  кезеңі  ішінде  тек  қана  А,  А-  («үздік»),  содан  соң  А,  А- 

(«үздік») бағаларынан В+, В, В- («жақсы») бағаларына дейін бағалары 

бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын 

беру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

•  жоғары  оқу  орындары  қысқы  және  жазғы  емтихан  сессиясы 

қорытындысы бойынша 15 желтоқсанға және 15 маусымға дейін 

босаған  білім  беру  гранттарын  анықтайды  және  факультет  де-

канаттарына  конкурстық  негізде  тиісті  курста  және  мамандықта 

ақылы негізде оқитын білім алушылардың арасынан үміткерлерді 

ұсынуды тапсырады; 

•  факультеттерде  құрылған  комиссия  мамандықтар  бойынша  бос 

білім  беру  грантының  тізімі  бойынша  оқыту  түріне  және  оқуға 

түскен  жылына  сәйкес  20  желтоқсан  мен  20  маусымға  дейін 

конкурстық  негізде  ақылы  негізде  оқитын  білім  алушылардың 

арасынан  үміткерлерді  университет  Ғылыми  кеңесінің  қарауына 

ұсынады.

Мемлекеттік  білім  грантын  алуға  ұсынылған,  ақылы  негізде 

оқитын үміткердің Ғылыми кеңеске келесі құжаттары тапсырылады:

•  өтініш; 

•  барлық оқу кезеңдеріндегі оқу үлгерімінің орташа ұпайы көрсетіл-


43

ген жоғары оқу орны басшысының қолы қойылған транскрипт

•  жеке куәлік көшірмесі. 

Университеттің  Тіркеу  офисі  үміткерлердің  көрсетілген 

құжаттарын университет Ғылыми кеңесінің шешімімен және босаған 

мемлекеттік білім беру гранты туралы куәліктермен бірге білім беру 

саласындағы өкілетті органға бекітуге ұсынады. 

Білім  беру  саласындағы  өкілетті  орган  тарапынан  құжаттар  10 

қаңтарға және 05 тамызға дейін қабылданады.

Білім беру саласындағы өкілетті орган білім грантын беру туралы 

бұйрық шығарады.

Конкурспен бөлінген білім гранттарынан қалған бос білім грант-

тары оқыту формасына қарамай, мамандықтарды дайындаудағы ішкі 

бағыттар  бойынша  үлгерімінің  жоғары  орташа  ұпайына  байланысты 

конкурстық негізде беріледі. 

Халықаралық  «Болашақ»  стипендиясы  туралы  келесі  сайттан 

білулеріңізге болады: www.edu-cip.kz

Сондай-ақ, басқа да халықаралық стипендиялар алуға мүмкіндіктер 

бар, ол туралы толық мәліметті Open University, ACCELS, Edmund S. 

Muskie, Erausmus Mundus, Chevening және т.б. сайттардан алуға бола-

ды.

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

Академиялық ұтқырлық (Academic mobility) – білім алушыларды 

немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: се-

местр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе 

шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде 

сынақ ретінде тапсыра отырып, өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да 

білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру.



1. 

Білім  алушылардың  сыртқы  академиялық  ұтқырлығы 

келесідей қаржыландырылады:

• 

ҚР Білім және ғылым министрлігі есебінен.



• 

Халықаралық бағдарламалар есебінен.

• 

Бағдарламаға қатысушы есебінен.



2. 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білім алушыларының сыртқы 

академиялық ұтқырлығын жүзеге асырудың жалпы рәсімі:

44

2.1 


Білім  алушылар  академиялық  ұтқырлық  бағдарламасына 

бірінші  және  соңғы  семестрден  басқа  оқу  мерзімінің  кез  келген 

уақытында қатыса алады.

2.2 


Білім  алушылар  өз  бетінше  ЖОО-серіктесті,  оқуға  арналған 

пәндер тізімін таңдауға құқылы; бұдан кейін бітіруші кафедраға тап-

сырыс берілу керек.

2.3 


Білім алушылар тапсырысы негізінде факультет деканы кафедра 

меңгерушісімен бірге шетелдік ЖОО-серіктестермен Ынтымақтастық 

туралы  меморандум  жасау  мүмкіндігін  қарастырып,  Халықаралық 

ынтымақтастық департаментіне ұсыныс жазады.

2.4 

Халықаралық 



ынтымақтастық 

департаменті 

ұсыныс 

негізінде  университет,  ЖОО-серіктес  және  білім  алушы  арасында 



Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандум жасайды.

2.5  


Академиялық ұтқырлық үйлестірушісі ЖОО-серіктеспен Білім 

беру туралы келісім жасайды, бұнда курстар атауы, ЖОО-серіктестің 

кредиттері, ECTS кредиттері және оқу семестрі көрсетіледі. 

Білім  беру  туралы  келісімге  ЖОО-серіктес  пен  Университет  қол 

қояды, бұдан кейін ЖОО-серіктес Шақыру жібереді.

2.6 ЖОО-серіктестің Шақыруы негізінде білім алушылар бітіруші ка-

федрамен бірге жеке оқу жоспарын жасап, оны Академиялық мәселелер 

департаментінің келісіміне жібереді.

Жеке  оқу  жоспарын  бекіткеннен  кейін  білім  алушылар  қажетті 

құжаттарды ресімдейді.

2.7  

Білім  алушы  ресімдеген  құжаттар  негізінде  Академиялық 



мәселелер  департаменті  сыртқы  академиялық  ұтқырлық  туралы 

бұйрық шығарады.

2.8  

Қаржы департаменті аталған бұйрық негізінде шығындар сме-



тасын жасап, қаражатты білім алушы шотына аударады.

2.9  


Бұйрық көшірмесін алған соң білім алушы өз бетінше білім ала-

тын мемлекеттің елшілігінде виза (қажет болған жағдайда) ресімдейді, 

медициналық сақтандыру алады.

2.10   ЖОО-серіктестегі  оқу  аяқталған  соң  білім  алушылар  уни-

верситетке  транскрипт,  академиялық  анықтама  мен  аванстық  есеп 

(республикалық  бюджет  қаражаты  есебінен  білім  алған  жағдайда) 

береді.

ҚР  академиялық  ұтқырлығы  концепциясына  сәйкес  транскрипт 



негізінде ECTS үлгісі бойынша кредиттерді қайта санау жүргізіледі.

45

СТУДЕНТТЕР ҮЙІ

Жатақханада тұру ережесі

1.  Білім алушыларға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Студенттер үйіне 

тұру құқығы оқу мезгілінде ұсынылады. 

2.  Жатақханаға  орналасу  университет  әкімшілігімен  берілетін 

бұйрыққа сәйкес келісім-шарт бойынша жүргізіледі. 

3.  Жатақханада  тұру  төлемақысы  1-оқу  жылына  толық  төленеді. 

Төлемақы мөлшері бұйрыққа сәйкес белгіленеді.  

4.  Жатақханаға  тіркеуге  алу  белгіленген  тәртіп  бойынша  жатақхана 

әкімшілігімен жүргізіледі. Тіркеуге алу төлемақысын жатақханаға 

тұрушылар төлейді. 

5.  Жеке қолданысқа арналған жатақхана мүлкі, сонымен қатар ортақ 

қолданыстағы  заттар  акт  бойынша  беріледі.  Бұл  мүліктердің 

сақталуына жауапкершілік осы мүліктерді алған тұлғаға жүктеледі. 

Әрбір  бөлмеде  комендант,  Студенттік  кеңес  және  тұрғындар  қол 

қойған акт болады.  

6.   Жатақхана  ғимараты  мен  мүлкін  бүлдірген  адам  заң  бойынша 

жауапкершілікке  тартылады  және  мүліктердің  құны  2  еселеніп 

қайтарылады.

7.   Білім алушылар үйінде сағат 23.00-ден кейін толық тыныштық ор-

натылады, тек дәліздің ғана шамы жанып тұруы керек.

8.   Өзін-өзі  басқаруды  жүзеге  асыру  мақсатында  студенттер  және 

Үйлестіру кеңестері сайланады.

9.   Әр қабаттың старостасы сайланады. 

  Староста жатақхана тұрғындарынан:

  а)   ішкі тәртіп ережелерін нақты орындауды;

  ә)   бөлмелердегі мүлікті сақтауды;

  б)   бөлмелерде тазалық сақтауды;

  в)   әкімшіліктің барлық шарттарын орындауды.

  д)   Білім  алушылар  үйінің  қоғамдық  өміріне  араласуды  талап 

етеді.


10. Оқу  жылының  соңында  білім  алушының  жатақханада 

қалай  тұрғандығының  қорытындысы  бойынша  комиссия 

мәжілісі  өткізіледі.  Комиссия  білім  алушының  барлық  тәртіп 

бұзушылықтарын,  қоғамдық  жұмысқа  қатысуын,  студенттер 

кеңесіндегі  жұмыстарын,  шығармашылық  жобаларды  жүзеге 

асыруын  ескереді.  Комиссия  мәжілісіне  барлық  білім  алушының 



46

қатысуы міндетті. Комиссия нәтижесі бойынша жоғарғы курс білім 

студенттерінің жатақханаға орналасу тізімі жасалады.

 

 



  Жатақхана тұрғындарының міндеттері:

  Жатақханада тұрушылардың негізгі міндеттері:

•  ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау;

•  жатақханадағы  заттарды  сақтауға,  ағаш,  шөптесін  өсімдіктерге 

ұқыпты  қарап,  Студенттер  үйінің  бөлмелерін  және  айналасын 

шашпау;


•  бөлмелерде  тазалық  және  тәртіп  сақтауға,  өзіне-өзі  қызмет  ету-

ге  байланысты  барлық  қоғамдық  жұмыстарға  және  іс-шараларға 

қатысу;

•  ортақ қолданыстағы орындарда тазалық сақтауға және қадағалау;



•  бөлмеден шығар кезде жарықты сөндіріп, есік-терезелерді жауып 

жүру;


•  сынған,  бұзылған  электр,  сантехника  құралдарын  өз  қаражатына 

жөндету; 

•  бөлмелерде қуат көздерін үнемдейтін шамдар орнату; 

•  жатақханадан  кетерде,  сондай-ақ  уақытша  демалысқа  немесе 

өндірістік  тәжірибеге  кетерден  екі  күн  бұрын  жатақхананың  ко-

мендантына ескерту;

•  электр құралдарын пайдалану және техника қауіпсіздігі ережелерін 

сақтау;


•  жылына екі жобаны жүзеге асыру ;

•  барлық шаралар мен сенбіліктерге қатысу.

 

  Жатақхана тұрғындарына тыйым салынады:



•  спирттік ішімдіктер ішуге және мас күйінде жатақханада жүруге;

•  жатақхана  ішінде  және  аумағында  темекі  шегуге  және  сағыз 

шайнауға;

•  электр  сымдарын  жөндеуге  және  өзгертуге,  электр  шамдарын 

ауыстыруға және қосымша жарық көздерін пайдалануға;

•  қабырғаға  хабарландыру,  сабақ  кестесін,  фотосуреттерді,  т.б. 

жапсыруға;

•  қабырғаға шеге қағуға;

•  бөлмеде қатты ән салуға, репродуктор, радиоқабылдағыш, магни-

тофон дауысын көтеруге;

•  электрлі жылу көздерін қолдануға;

•  бөгде кісілерді бөлмеде түнеуге қалдыруға.



47

Жатақханада  тұратындар  ішкі  тәртіп  ережесін  бұзған  жағдайда 

мынадай шаралар қолданылады:

  1)   ескерту;

  2)   сөгіс;

  3)   қатаң сөгіс;

  4)   ЕҰУ-дан шығару.

КІТАПХАНАЛАР. ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА

Ғылыми  кітапхананың  қызметі  университеттің  оқу-тәрбие 

үдерісі мен ғылыми қызметін қамтамасыз ететін сапалы басылымдар-

мен,  дәстүрлі  және  әлемдік  деректер  базасының  ақпарат  көздерiмен 

толықтыра  отырып,  оқырмандарға  кітапханалық-библиографиялық 

қызмет көрсету, оқу мәдениетіне тәрбиелеу, кітап оқу мәртебесін арт-

тыру.

Ғылыми  кітапхананың  директоры  –  философия  ғылымдарының 

кандидаты Оразалиев Бақытжан Әсетілдәұлы.

 

Оқырмандарды  тіркеу  секторында  (103  каб.)  оқырман  билеті 

беріледі және әр оқу жылының басында тіркеуден өтеді;

Оқу  абонементіндегі  (103  каб.)  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік 

басылымдар бір оқу семестріне беріледі, қажет болған жағдайда оқу 

жылының аяғына дейін ұзартылады.

Кітап сақтау қоры (103 А каб.).

Қорды  жинақтау  және  сандық  өңдеу  бөлімі  (106  каб.)  қорды 

толықтыруға түскен жаңа кітаптарды электрондық каталогқа енгізіп, 

ғылыми  өңдеуден  өткен  соң  кітапхананың  бөлімдеріне  жібереді. 

Сондай-ақ  мамандықтардың  кітаппен  қамтамасыз  етілуі  туралы 

мәліметтер береді. 

Сандық көшірме бөлімі – (108 каб.) қордағы қазақ тіліндегі және 

сұранысы жоғары кітаптарды электрондық нұсқаға айналдырады.



Әдістеме  орталығы  (204  каб.)  Астана  қаласы  мен  Ақмола 

облысының жоғары және орта, арнаулы оқу орындарына әдістемелік 

көмек көрсетеді.

Ғылыми  әдебиеттер  абонементінде  (205  каб.)  ғылыми  басы-

лымдар  мен  монографиялар,  анықтамалықтар  мен  энциклопедиялар 



48

жинақталған. 



Каталогтар  залы  2  қабатта  орналасқан.  Мұндағы  дәстүрлі 

әліпбилік,  жүйелік  және  пәндік  каталогтардан  қордағы  мәліметтерді 

алуға болады.

Көркем  әдебиеттер  абонементінде  (301  каб.)  оқырмандар 

әдебиетттану, көркем әдеби басылымдарға қол жеткізе алады.



Шет  тіліндегі  әдебиеттер  абонементінде  (307  каб.)  қордағы 

барлық  шет  тіліндегі  оқулықтар,  ғылыми  және  көркем  басылымдар 

жинақталған.

Электрондық  оқу  залында  (304  каб.)  электрондық  оқулықтар 

мен  магниттік  тасымалдаушы  басылымдар  жинақталған.  Мұнда 

электрондық каталогқа, интернетке, толық мәтінді деректер базасына 

пайдалануға боладыі. 



Түптеу  шеберханасы  (302  каб.)  газет-журналдарды,  мұқабасы 

жыртылған кітаптарды түптеу жұмыстарымен айналысады.



Оқу залдары оқу-зертханалық ғимараттың 4-қабатында орналасқан:

•  Филология оқу залы (әдебиеттану, тіл білімі, көркем әдеби басы-



лымдар) – 403 каб.;

•  Әлеуметтік-экономикалық оқу залы (экономика, бүкіләлемдік та-



рих, заң ғылымдары, т.б. басылымдар) – 422 каб.;

•    Әмбебап  оқу  залы  (жаратылыстану  ғылымдары,  техника, 



Қазақстан тарихы) – 417 каб.т;

•  Мерзімдік басылымдар оқу залы (отандық және ресейлік газет-



тер мен журналдар) – 413 каб.;

•  Анықтама-библиографиялық ақпарат бөлімі (диссертациялар мен 



авторефераттар, анықтамалық басылымдар) – 404 каб.т;

•  ЕҰУ ғалымдарының еңбектері – 407 каб.



«ОТЫРАР КІТАПХАНАСЫ» ғылыми орталығы

«Отырар  кітапханасы»  ғылыми  орталығында  сирек  кітаптар 

мен қолжазбалар бөлімі, сондай-ақ коллекциялық мұражай бөлімдері 

орналасқан.

Директоры – Тұрсын Жұртбай (каб.110)

Академик Қ. Ақышевтің мұражай-кабинеті (102 каб.); 

Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі (201 каб.);

49

Академик Ә. Марғұланның, жазушы С. Бегалиннің мемориалдық 

мұражай-кітапханасы  және  профессор  Т.  Жұртбайдың  қоры

(202 каб.); 



Академик  М.  Қаратаевтің,  Р.  Сыздықованың,  профессор 

Т.Кәкішевтің, О. Нұрмағамбетованың кітапхана қоры (203 каб.);

А. Сейдімбектің мұражай-кітапханасы (203а каб.); 

Академиктер  С.  Қирабаев  пен  Ә.  Бейсенованың  мұражай-

кітапханасы (303 каб.);

ГФР Сыртқы істер министрі Н.Д. Геншердің кітапхана қоры 

(201 каб.); 



Қазақстан Композиторлар одағының қоры (203 каб.). 


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал