Білім алушыларға арналған жолбасшы-анықтамалығЫ



жүктеу 422 Kb.

бет3/5
Дата14.01.2017
өлшемі422 Kb.
1   2   3   4   5

есептеледі:

ОҰ=(О

1

 х К

1



2

 х К

2

+…+О

n

 х К

n

)/(К

1



2

+…К

а

),

О

1



2

,..,  О



–  4  балдық  жүйенің  бағасы  (балдардың  сандық 

эквиваленті), К

1

, К



2

, …, К


n

 – кредиттің саны

Оқу жылының қорытындысы бойынша жазғы семестр нәтижелерін 

ескере  отырып,  тіркеу  офисі  білім  алушының  оқудағы  жетістіктері 

деңгейінің  орташа  бағасы  ретінде  орташа  үлгерім  балын  (GPA) 

есептейді. Бұл ретте курстан курсқа көшу балын (GPA) есептеу кезінде 

барлық оқу кезеңіндегі академиялық қарыздар ескеріледі. 

Орташа  балл  (GPA)  кредит-сандық  эквивалент  жүйесі  негізінде 

есептеледі. 

Қорытынды  өлшем  бағаның  сандық  эквивалентін  модульге 

берілген кредиттер санына қосып, білім алушы тіркелген жалпы кре-

диттер санына бөлгендегі сома болып табылады.



GPA есептеу үлгісі:

Модуль

Кредиттер  

саны

Әріптік жүйе 

бойынша баға 

Сандық 

эквивалент

Математика 

3

А

4.00



Информатика

2

В



3.00

Физика


3

F

0



Математика  

 

 4.00 х 3 = 12.00

Информатика  

 

 3.00 х 2 = 6.00

Физика 

      

 

 0 х 3 = 0

Қорытынды өлшем 

 = 12 + 6 + 0 = 18.00

Жалпы кредиттер саны     = 3+2+3 = 8

 

28

Егер GPA есептеу кезінде орташа балл үтірден кейін екі белгісі бар 

сан болса, онда математика ережелеріне сәйкес GPA-ді ондыққа дейін 

дөңгелектеу керек (үтірден кейін бір белгіге дейін): егер үтірден кейінгі 

екінші сан 0,1,2,3 немесе 4 болып аяқталса, онда үтірден кейінгі бірінші 

сан өзгермейді; егер үтірден кейінгі екінші сан 5,6,7,8 немесе 9 болса, 

онда үтірден кейінгі бірінші сан бір бірлікке арттырылады, мысалы: 

2,23 = 2,2; 2,25 = 2,3; 2,27 = 2,3 және т.с.с.

Университетте білім алушының келесі курсқа көшірілуіне рұқсат 

беретін  минималды  орташа  үлгерім  балының  (GPA)  келесі  өлшемі 

белгіленген:

•  1-курстан 2-курсқа – 2,0;

•  2-курстан 3-курсқа – 2,2;

•  3-курстан 4-курсқа – 2,3;

•  4-курстан 5-курсқа – 2,5.

Магистранттар мен докторанттар үшін:

•  1-курстан 2-курсқа – 2,5.

Курстан-курсқа  өту  балын  есептеуде  сол  оқу  жылында  оқып, 

тапсырған  пәндермен  бірге  алғашқы  академиялық  кезеңдерде  «F» 

бағасын алған пәндер де есепке алынады.

Курс  бағдарламасын  толық  көлемде  орындаған,  бірақ  курстан 

курсқа  көшу  балын  жинай  алмаған  білім  алушыға  өзінің  орташа 

үлгерім балын (GPA) жоғарылату мақсатында жазғы семестрде жеке-

леген модульдерді (пәндерді) ақылы негізде (мемлекеттік емтихан тап-

сырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқалары) қайта оқып, олар 

бойынша қайтадан емтихан тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Курстан  курсқа  көшу  кезінде  орташа  курстан  курсқа  көшу  ба-

лын  (GPA)  анықтау  кезінде  тәжірибеден  өту  мерзіміне  сәйкес  келсе, 

тәжірибе  бағалары  да  ескеріледі  (егер  тәжірибе  каникул  уақытында, 

шілде-тамызда аяқталса, оның нәтижелері келесі семестрде ескеріледі).   

Жазғы семестрде де курстан курсқа көшу балын жинай алмаған 

білім  алушы  ақылы  негізде  қайта  оқу  курсында  қалдырылады. 

Мемлекеттік білім  грантының иегері болған білім алушы қайта оқу 


29

курсына қалдырылса, бұл ретте мемлекеттік білім грантынан айрыла-

ды, одан әрі өз оқуын ақылы негізде жалғастырады.

Ақылы  негізде  оқуын  жалғастыру  үшін  қайталама  курсқа 

қалдырылған білім алушы келесі оқу жылының 10 қыркүйегіне дейінгі 

мерзімде  ақылы  білім  қызметтерін  көрсету  келісім-шартын  жасауға 

міндетті. 

Курсты  қайта  меңгеру  кезінде  оқу  үшін  төлемақы  іс  жүзінде 

меңгерілетін  академиялық  пәндер  есебінен  (игерілетін  кредиттер) 

жүргізіледі.  Аталған  жағдайда  бұйрық  ресімделеді,  оған  факультет 

деканының  ұсынысы  негіздеме  болады.  Білім  беру  қызметтерінің 

құнын  төлеу  оқудан  шығарылған  сәтке  дейін,  яғни  шығару  туралы 

бұйрық оқудан шыққанға дейін төленеді. 

Қайта оқу курсына қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған 

жеке оқу жоспарын ерте орындап шығуы мүмкін немесе белгіленген 

тәртіпте жасалған жаңа жеке оқу жоспарын құруы мүмкін.

Келесі  курсқа  көшірілген  білім  алушы  академиялық  қарызы  бар 

болса,  тиісті  пәнін  қайта  оқуда  міндетті  компонентті  ақылы  негізде 

оқиды.

Қайта  оқу  курсы  немесе  академиялық  қарыздарын  жабу 



мақсатымен қайта оқитын сабақтары ақылы негізде оқылады.

Курстан  курсқа  өтуге  қажетті  орташа  ұпайы  (GPA)  жеткілікті, 

келесі курсқа көшірілген, бірақ академиялық қарызы бар білім алушы 

бұл қарыздарын жазғы семестрде жабуы тиіс.

Академиялық қарыздардарын тапсыру үшін және курстан курсқа 

өтуге қажетті орташа ұпайы (GPA) жеткіліксіз білім алушы жазғы се-

местр кезінде курсты қайта оқып, емтихан тапсыруға міндетті. 

  Ескертпе:  Білім  алушы  курстан  курсқа  көшірілу  үшін  оқу 



жылының  аяғында  өзінің  курстан  курсқа  өтуге  қажетті  ұпай 

санының  (GPA)  жеткілікті  екенін  анықтап,  көз  жеткізіп  барып 

жазғы демалысқа шығуы тиіс.

Сабақтарға қатысу

Күндізгі  оқу  бөлімінде  оқитын  білім  алушылар  бекітілген  сабақ 

кестесіне  сай  барлық  аудиториялық  сабақтарға  қатысуы  тиіс.  Кеңес 

беру  сипатындағы  аудиториядан  тыс  СӨЖО  сабақтарға  оқытушыға 

сұрақтары бар болса және өздік жұмыстар мен жіберген сабақтарының 

материалдарын  тапсыру  үшін  ғана  қатысуға  болады.  Жекелеген 

жағдайда  осындай  сипаттағы  сабақтарға  қатысу  оқытушының  талап 

етілуімен міндеттеледі.



30

Білім алушының дәрісханадағы жұмысы  

Аудиториядағы  сабақ  барысында  әрбір  білім  алушы  барлық 

үлгідегі өткізілген сабақтарға қатысып отыруы керек (ауызша жауап, 

жазбаша жұмыс, ой бөлісу, пікірталас, топтық жұмыс, жобаның орын-

далуы, т.б. )

ЖАДЫНАМА: ДӘРІСТІ ҚАЛАЙ ЖАЗУ КЕРЕК?

Дәрісті тыңдау және жазу өзің үшін қажет. Әрбір адам ақпаратты 

өзі үшін өздігінше бекітеді. Оқытушының барлық сөзін сөзбе-сөз жа-

зып алуға тырыспаңыз. Керекті жерлерін түртіп алып, кейбір сөздерді 

мүмкіндігінше белгілермен ауыстырыңыз. 

Түсінікті етіп жазыңыз, әйтпесе өз жазуыңызды өзіңіз түсіне ал-

майсыз. 

Қосымша  белгілерді  жазып  отыру  үшін  парақтың  шетінен  орын 

қалдыруды ұмытпаңыз.

Конспектілеу әдісін жеңілдететін ерекшеліктерін шартты жүйемен 

енгізіңіз. 

Жазулар ықшамды және ұқыпты болуы керек. Бұл олардың шолу-

ды жақсартады. 

Жазуларды ерекшелеп қою тиімді, мәтіннің тармақтарын керегінше 

нөмірлеп, мәтіндегі әр түрлі үзінділерді басқа бояулармен белгілеу ке-

рек. 


Жолдардың арасынан жеткілікті орын қалдырыңыздар. Бұл қатенің 

үстінен дұрыс нұсқасын жазу үшін керек.

Мәтінді өзіңізге ыңғайлы қаламмен жазыңыздар, қарындашты тек 

белгілеу мен түзетулерді енгізу үшін қолданыңыз.

Қолжазбаға мерзім қою кедергі келтірмейді. 

Кез  келген  ерекшеліктерді  жете  ұғыныңқы  пайдаланыңыз.  Ала-

құла, шимайланған бет көзге жаман түседі және мұндай конспектінің 

тиімділігі аз болады.

Шартты белгілеріңізді үнемі бірдей белгілеңіз, шартты және басқа 

да  белгілеріңізді  қандай  жағдайда  қолданғаныңызды  есте  сақтаңыз. 

Әйтпесе  біраз  уақыт  өткеннен  кейін  шартты  белгіңізді  ұмытып,  өз 

жазғаныңызды түсінбей қалуыңыз мүмкін.



31

ОҚУЛЫҚТАРМЕН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРМЕН 

ЖҰМЫС ІСТЕУ

Әдебиетті  қалай  оқу  керек?  Ұсынылған  әдебиетті  оқу  барлық 

жазылғанды пассивті түрде қабылдап, мәтінге жақын мазмұндап беру 

емес. Мәтінді талдап, ол туралы ойлау, яғни оқуды белсенді үдеріске 

айналдыру керек:

•  жазбаны оқу барысында қарапайым немесе күрделі жоспар құру 

(яғни қарастырылған негізгі сұрақтар тізбесін құру);

•  тезистер құрастыру (мақаланың маңызды тұстары және автордың 

негізгі ойы);

•  аннотация дайындау (жұмыстың мәселелер тудыратын сұрақтарына 

қатысты );

•  конспектілер  жасау  (нақты  дәлелдері  бар  толықтырылған  тезис-

тер).

Конспект жасау ережесі

1.  Пайдаланылған әдебиеттер туралы анықтама – авторы, аты, жылы 

және баспа орны, бет саны.

2.  Өз ойыңызды нақтылауға және толықтыруға орын қалдырыңыз.

3.  Конспектіні құрылымды түрде жоспарға сәйкес бөліңіз.

4.  Қысқартуларды пайдаланбай, тек қана негізгілерін жазу қажет.

5.  Оқылған еңбектің ең маңызды тұсын көрсету керек.

6.  Конспектіге,  әсіресе  тақырыптық  конспектіге  бірнеше  еңбектен 

алынған  көшірме,  тезистер,  қаралып  отырған  мәселеге  қатысты 

монографияларды енгізуге болады.



32

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Білім алушылардың өздік жұмысы. (СӨЖ) аудиторялық уақыттан 

тыс оқытушының қатысуымен (СӨЖО), сондай-ақ, сабақ кестесіне сай 

аудиториялық уақытта оқытушының қатысуынсыз жасалады.

СӨЖ және СӨЖО бойынша әдістемелік нұсқаулықтар кафедраның 

профессорлық-оқытушылық  құрамымен  дайындалып,  мынадай 

құжаттарды қажет етеді:

•  СӨЖ графигі, пәндердің оқытылу барысының уақытына арналған;

•  тапсырмалар құрылымы;

•  рефераттар,  баяндамалар  мен  шығармашылық  жұмыстардың 

тақырыптары;

•  курс және диплом жұмыстарының тақырыптары;

•  негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі;

•  кеңес беру түрлері;

•  бақылаудың түрлері мен формасы;

•  бағалау критерийлері мен жұмыс көлемі, дайындалу мерзімі және 

т.б.


СӨЖО  әрбір  жеке  пән  бойынша  барлық  академиялық  кезеңде 

кафедраның кеңес беру кестесіне сәйкес өткізіледі.

Сол  себепті  егер  сіздің  ағымдағы  рейтингіңіз  төмен  болып, 

қосымша кеңес алғыңыз келсе және берілген тапсырмаларды орындауға 

қиналатын  болсаңыз,  онда  оқытушы  дәстүрлі  түрде  сабақ  жүргізеді. 

Ал  егер  сіздің  академиялық  рейтінгіңіз  жоғары  болса,  оқытушы  өз 

қалауы бойынша сізді дәстүрлі сабақтан босата алады. Сонымен қатар 

оқытушы  сізге  жеке  немесе  топпен  бірге  тапсырма  беріп,  олардың 

орындалуын бақылау түрінде тексеріп отырады.

Өздік жұмыстарды орындап отыру Сіздің оқытушының көмегінсіз-

ақ сабақтар мен емтихандарға дайындығыңызды арттырады.

СӨЖ  материалдарын  өз  бетінше  меңгеруде  кітапхана, 

компьютерлік сыныптар, лингафондық кабинет, медиатека, оқу теле-

арнасы, мамандандырылған зертханалардың көмегі зор.

СӨЖ  бақылаулары  жазбаша  және  ауызша  формада  қорытынды 

нәтижені алуға бағытталып жүргізіледі. Жазбаша түрдегі бақылау кон-

спект, реферат, баяндама, шығармашылық бақылау, курс және диплом 

жұмыстары,  ғылыми  мақалалар,  аудио-  және  видеоесеп  т.б.  түрінде 

өтеді. Ал ауызша бақылау коллоквиум, конференция, іскерлік ойындар, 

баяндау, хабарлама, жеке сұхбаттасу түрінде болуы мүмкін.



33

Сабақтан қалу

Сабақтан  тек  белгілі  себептерге  байланысты  ғана  қалу  керек. 

Белгілі себептер:

•  ауырып  қалған  жағдайда  (білім  алушылар  емханасынан  алынған 

арнайы анықтама қағазы болу керек);

•  спорттық  жарыстарға,  олимпиадаларға,  конкурстар  мен 

конференцияларға қатысу (дәлелдейтін құжат болу қажет);

•  отбасылық және т.б. белгілі себептер (деканаттың рұқсаты берілген 

өтініші болуы тиіс).

Соңғы  жағдайда  сабақтан  босатылу  деканаттың  өкімімен 

рәсімделеді. Белгілі себепті растаушы құжат сабаққа келгеннен кейін 

5 күн ішінде тапсырылу керек.



Сабаққа кешігу

Сабаққа  кешігуге  мүлдем  тыйым  салынады.  Сабаққа  он  минут 

кешіккен  білім  алушы  оқытушының  рұқсатымен  ғана  қатыса  алады. 

Ал егер он минуттан көп кешігетін болса, онда сабаққа кіруге рұқсат 

етілмейді және сабақтан себепсіз қалған болып саналады.

ЕМТИХАН СЕССИЯСЫ

Емтихан сессиясы кезінде емтихандар қарастырылған академиялық 

күнтізбе бойынша өткізіледі. Білім алушы емтиханға міндетті түрде өзі 

қатысуы қажет. Білім алушы емтиханға кірерде өзімен бірге емтихан 

сессиясына  рұқсат  берілген  штамп  мөрі  бар  сынақ  кітапшасын  алу 

қажет. Білім алушы емтиханға жеке куәлікпен келу керек. 

Оқытылып отырған пән бойынша білім алушының ағымдағы рей-

тинг қорытындысы 60 пайызды, ал емтихандағы қорытынды баға 40 

пайызды құрауы тиіс. 

Алынған  қорытынды  бақылау  нәтижесіндегі  жетістік  сынақта 

бекітілген кредит санының пәнге сәйкестігінің негізін көрсетеді.

Емтихан кезінде ағымдағы қорытынды бағаны көтеру мақсатында 

қайта тапсыруға болмайды.

Қорытынды  бақылау  кезінде  қанағаттандырмайтын  баға  алған 

жағдайда  немесе  емтиханға  себепсіз  келмеген  жағдайда,  білім 

алушының тиісті пәнге кредиттері қатысты есепке алынбайды.



34

Егер білім алушы емтиханға келмесе, емтихан ведомосында білім 

алушы  фамилиясының  тұсына  «келген  жоқ»  деген  белгі  қойылады. 

Бұл академиялық қарыз болып саналады. Егер білім алушы емтиханға 

белгілі себептермен келмей қалған болса, деканат жеке тәртіппен емти-

хан қабылдауға рұқсат береді.

Егер білім алушы емтихан үстінде тәртіп бұзатын болса, ол ауди-

ториядан  шығарылып,  оның  фамилиясының  тұсына  «аудиториядан 

шығарылған» деген белгі қойылады да, ол академиялық қарыз болып 

саналады.

Егер білім алушы мемлекеттік тапсырыспен – гранттағы оқу жо-

спарына  сай  қажетті  кредитті  жинай  алмаса,  онда  білім  алушы  оқу 

жоспарында  қарастырылғандай  сол  пәнді  ақылы  түрде  оқып,  кредит 

жинауға құқылы.

Жазғы  семестр  кезінде  білім  алушыға  қарыз  немесе  айырма 

пәнінің 12 кредитін ғана жинауға рұқсат етіледі.

Қорытынды бақылау кезінде «қанағаттанарлық емес» баға алған 

білім  алушы  оқу  жоспары  бойынша  келесі  академиялық  кезеңде 

аталған пәннің барлық дәрісіне қатысып, келесі қорытынды бақылауды 

тапсыруға рұқсат алуы тиіс.

Мемлекеттік  білім  грантында  оқитын  білім  алушылар  аралық 

бақылау қортындысы бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», 

«В», «В-» бағаларымен тапсырған болса, оған шәкіртақы төленеді.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АУЫСТЫРУ, ОҚУДАН ШЫҒАРУ 

ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ ЖОЛДАРЫ

Білім  алушы  келесі  жағдайларда  Университеттен  шығарылуы 

мүмкін:

•  өз  еркімен  (соның  ішінде  басқа  ЖОО-ға  ауысуына  байланысты, 



медициналық  нұсқаулар  бойынша,  отбасылық  жағдайына  байла-

нысты және т.б.);

•  себепсіз  жағдайлармен  оқу  сабақтарына  қатыспағаны  үшін.  10 

сағаттан  артық  себепсіз  жағдайлармен  сабақ  босатқан  жағдайда 

–  білім  алушыға  ескерту  жарияланады,  15  сағаттан  артық  – 

сөгіс,  ал  студенттер  үйінде  тұратын  білім  алушы  –  студенттер 

үйінен  шғарылады.  Себепсіз  жағдайлармен  20  сағаттан  артық 

босатқан кезде – қатаң сөгіс, ал 25 сағаттан асса – Университеттен 



35

шығарылады;

•  тәртіптік қате жасағаны, оқу тәртібін, Жарғыны, осы Ережені, Ішкі 

тәртіп ережелерін, Білім алушылардың ар-намыс кодексін жүйелі 

немесе өрескел бұзғаны үшін және т.б.;

•  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  нормаларын,  Универси-

тетпен білім алуға жасалған келісімнің шарттарын бұзғаны үшін;

•  оқу төлемақысы бойынша қаржылық қарызы үшін.

Университеттен  шығуды  қалайтын  білім  алушы  Университет 

Ректорының атына оқудан шығу себебін көрсетіп өтініш жазып, оны 

тіркеп,  академиялық  ұтқырлық  бөліміне  тапсыруы  қажет.  Шығу  ту-

ралы  өтінішті  білім  алушы  Университеттен  шығу  туралы  шешім 

қабылдағаннан кейін бірден тапсыруы керек. 

Білім  алушы  сабақтарға  қатысуын  тоқтатып,  өз  еркімен  оқудан 

шығу туралы өтінішті уақытында бермеген жағдайда, білім алушы оқу 

тәртібін бұзғаны, яғни себепсіз жағдайлармен сабақтарға қатыспағаны 

үшін  оқудан  шығарылуы  мүмкін  (осы  Ереженің  12.9.1  т.  сәйкес). 

Мұндай жағдайда оқуға төленген қаражат қайтарылмайды. 

Білім алушы тіркелмеген және/немесе оқу сабақтарына қатыспаған 

немесе  оның  болмауының  себептерін  растайтын  қандай  да  бір 

құжаттарды ұсынбаған жағдайда, факультет деканаты білім алушының 

сабақтарға  келмеу  себептерін  анықтауға  қатысты  қажетті  шаралар 

қолданады.

Одан  әрі  сабаққа  қатыспаған  жағдайда,  факультет  деканы  білім 

алушыны оқудан шығару туралы бұйрық шығаруға ұсыныс береді. 

Семестр  ағымында  оқу  ақысын  төлемегені  үшін  Университет-

тен шығарылған ақылы негізде білім алушылар оқу ақысы бойынша 

қарызын өтеген жағдайда, оқудан шығарылған уақыттан бастап төрт 

апта  ішінде  қайта  қабылдануға  құқылы.  Бұл  жағдайда  білім  алушы 

Университет ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш жазып, 

оқу ақысын төлегені туралы түбіртекті қоса береді. Білім алушы оқудан 

шығарылған  уақытқа  дейін  модульдер  бойынша  алған  балдарының 

саны қайта қабылдау кезінде толықтай есептеледі. 

Университеттен  шығарылған  білім  алушыға  белгіленген  үлгідегі 

академиялық анықтама мен академиялық транскрипт беріледі.

Білім алушының ауысу немесе қайта қабылдану кезінде оқу 

курсы  пререквизиттерді  ескере  отырып  анықталады.  Игерілген 

кредиттердің сынақтарын қайта тапсыру білім бағдарламасын игерудегі 

қажетті білім беру траекториясына сәйкес жүзеге асырылады.


36

Пән  айырмашылығын  анықтау  кезінде  қорытынды  бақылау 

түрлеріндегі айырмашылықтар есепке алынбайды.

Сынақ  білім  алушының  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  әріптік 

жүйесіне ең төменгі D-дан (1,0; 50-54%) бастап, ең жоғарғы А-ға (4,0; 

95-100%) дейінгі диапазонға теңестіріледі.

Білім алушылардың курстан курсқа ауысуы жазғы семестр мен ауы-

су балының нәтижелерін ескере отырып жазғы емтихандық сессияның 

(аралық аттестация) қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

Білім  алушының  курстан  курсқа  ауысуы  ЖОО  басшысының 

бұйрығымен рәсімделеді.

Білім беру гранты бойынша оқитын студент белгіленген ауысу ба-

лын жинаған және келесі курсқа академиялық қарызбен ауыстырыл-

са, ол алушы академиялық қарызын ақылы түрде жоя алады, әрі оның 

білім гранты сақталады. 

  Білім  гранты  бойынша  оқып  жатқан,  бірақ  қайта  оқу  курсына 

қалдырылған студент  грантынан айырылады және ары қарай ақылы 

негізде оқуын жалғастыра алады.

Білім  беру  грантымен  оқып  жатқан  оқушы  басқа  ЖОО-ға  білім 

грантын сақтай отырып ауыса алады.

Жекелеген  ЖОО-ға  тағайындалған  мемлекеттік  білім  беру  тап-

сырысы  бойынша  мақсатты  орындарға,  сондай-ақ,  бөлінген  квота 

шеңберінде  педагогикалық  мамандықтарға  түскен  білім  алушыны 

басқа  ЖОО-ға  білім  беру  грантын  сақтай  отырып  ауыстыруға  жол 

берілмейді.

 Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан док-

торанттар мен магистранттарды бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыруға 

білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысын  қайта 

бөлуге өкілетті органның рұқсат ету жолы арқылы жүзеге асырылады.

Ауысу  мен  қайта  қабылдаудың  міндетті  шарттары  –  оқу-жұмыс 

жоспарының барлық талаптарын бірінші академиялық кезеңде орын-

дау және аралық аттестацияны тапсыру.



Қайта қабылдау рәсімі келесі сипатта іске асырылады:

1)  білім  алушы  өзінің  білімін  қайта  жалғастырғысы  келетіні 

жөнінде ЖОО ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш жаза-

ды. Өтінішке транскрипті қоса береді;

2)  факультет  деканы  берген  транскипт  негізінде  оқу-жұмыс 

жоспарындағы  көрсетілген  айырмашылықтары  мен  оқу  курсын 

анықтайды;


37

3)  факультет  деканының  қолы  қойылған  бұрыштама  негізінде 

тіркеу бөлімі айырмашылықтардың тапсыру мерзімдерін көрсетеді;

4)  факультет  деканының  қолы  қойылған  бұрыштамасына  сәйкес 

тіркеу бөлімінің жетекшісі, оқу жұмысы жөніндегі проректор, жоғары 

оқу орынының ректоры білім алушыны қайта қабылдау туралы бұйрық 

шығарады.

Білім алушының бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауысу рәсімі 

келесі сипатта іске асырылады:

1) білім алушы өзі оқып жүрген ЖОО ректорының атына ауысуы 

туралы өтініш жазады, жазбаша мөрмен бекітілген келісімін алғаннан 

соң,  өзі  ауысқысы  келген  ЖОО  ректорының  атына  өтініш  жазады. 

Өтінішпен қоса факультет деканының қолы қойылып, мөрмен бекітілген 

оқу  карточкасының  көшірмесін  және  транскрипін,  ұлттық  бірыңғай 

тестілеу  сертификатын  немесе  кешенді  тестілеу  қорытындысын, 

мемлекеттік  білім  грантының  иегері  куәлігінің  көшірмесін,  соны-

мен қатар өзі оқыған оқу орны басшысының атына жазған өтінішінің 

(ректордың қолы мен мөрі қойылған) көшірмесін өткізеді;

2)  факультет  деканы  берілген  құжаттар  негізінде  оқу-жұмыс 

жоспарының міндетті пәндер бөлігінің айырмашылығын және оқу кур-

сын анықтайды; 

3)  факультет  деканы  ұсынылған  құжаттар  негізінде  салысты-

ру  тізімдемесін  оқу-жұмыс  жоспарындағы  міндетті  пәндердің 

айырмашылықтарын анықтайды;

4)  факультет  деканының  қолы  қойылған  бұрыштамаға  сәйкес 

тіркеу бөлімінің жетекшісі, оқу жұмысы жөніндегі проректор, жоғары 

оқу  орынының  ректоры  білім  алушының  ауысуы  туралы  бұйрық 

шығарады.



Білім  алушының  университет  ішінде  бір  оқу  түрінен  екіншісіне 

ауысуы  және  бір  мамандықтан  басқа  мамандыққа  ауысуы  ақылы 

негізде келесі рәсімге сәйкес іске асырылады:

1)  білім  алушы  ректордың  атына  ауысу  туралы  өтініш  жазады; 

өтінішке факультет деканының растауы, транскриптің көшірмесі қоса 

беріледі.

2) факультет деканы оқу-жұмыс жоспарының айырмашылығы мен 

оқу курсын анықтайды;

3)  факультет  деканының  бұрыштамасы  негізінде  тіркеу  бөлімі 

айырмашылықтардың  тапсыру  мерзімдерін  белгілейді;  күндізгі  оқу 

бөлімінен сырттай оқуға ауысу жағдайында айырмашылықтар тапсыру 

мерзімі бір академиялық кезеңнен аса белгіленуі болуы мүмкін неме-



38

се білім алушыға көрсетілген айырмашылықты күндізгі оқу бөлімінің 

білім алушымен бірге тапсыруға мүмкіндік берілуі мүмкін;

4)  факультет  деканының  қолы  қойылған  бұрыштамаға  сәйкес 

тіркеу бөлімінің жетекшісі, оқу жұмысы жөніндегі проректор, жоғары 

оқу  орынының  ректоры  білім  алушының  күндізгі  оқу  бөлімінен 

басқасына немесе бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуы туралы 

бұйрық шығарады.

Білім  алушыны  қайта  қабылдау  немесе  ауыстыру  кезінде 

айырмашылықтарды  тапсыру  мерзімі  бір  академиялық  кезеңге 

ұзартылады,  білім  алушы  сол  аралықта  айырмашылықтары  бар 

пәндерге жазылып, оқу ақысын төлеуі, оқу бағдарламасын игеруі және 

қорытынды бақылаудан өтуі керек.

Егер білім алушы қайта қабылдау немесе ауысу кезінде оқу-жұмыс 

жоспарының  айырмашылығы  белгіленген  мерзімде  тапсыра  алмаса, 

онда осы айырмашылық академиялық қарыз болып белгіленеді және 

курстан курсқа көшірілгенде GPA анықталған кезде нөл болып жазы-

лады.


Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған және 

қайта қабылданған жағдайда игерілген оқу бағдарламалары жөніндегі 

және алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжат (академиялық 

анықтама, транскрипт) тапсырады. 




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал