Білім алушыларға арналған жолбасшы-анықтамалығЫ



жүктеу 422 Kb.

бет1/5
Дата14.01.2017
өлшемі422 Kb.
  1   2   3   4   5

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН

ЖОЛБАСШЫ-АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Астана – 2013



2

2013 – 2014 оқу жылына арналған академиялық күнтізбе

№ Оқу, бақылау және 

басқа шаралар

Өткізу мерзімі

КҮЗГІ  СЕМЕСТР

1

Білім күні



1 қыркүйек 2013 жыл

2 Теориялық оқыту

2 қыркүйек – 19 желтоқсан 2013 жыл

3 Рубеждік бақылау

14 қазан – 19 қазан 2013 жыл (сабақтан кейін)

9 желтоқсан – 19 желтоқсан 2013 жыл

(сабақтан кейін)

4 Мереке күндері

15 қазан, 01 желтоқсан, 16 желтоқсан,

17 желтоқсан 2013 жыл; 1 қаңтар, 2 қаңтар,

7 қаңтар 2014 жыл

5 Қорытынды бақылау

(емтихан сессиясы)

20 желтоқсан 2013 жыл – 11 қаңтар 2014 жыл

6 Демалыс күндер

13 қаңтар – 25 қаңтар 2013 жыл

7 Практика

Барлық апта саны: теориялық оқыту – 15 апта

сессия  –  3 апта

демалыс  –  2 апта



КӨКТЕМГІ   СЕМЕСТР

1 Теориялық оқыту

27 қаңтар – 19 мамыр 2014 жыл

2 Рубеждік бақылау

10 наурыз – 15 наурыз 2014 жыл (сабақтан кейін)

12 мамыр – 19 мамыр 2014 жыл (сабақтан кейін)

3 Мереке күндері

8 наурыз, 21, 22, 23 наурыз, 1, 7, 9 мамыр

2014 жыл

4 Қорытынды бақылау

(емтихан сессиясы)

20 мамыр – 07 маусым 2014 жыл

5 Практика

Барлық апта саны: теориялық оқыту – 15 апта

сессия – 3 апта

ЖАЗҒЫ СЕМЕСТР

1 Теориялық оқыту

9 маусым – 12 шілде 2014 жыл

2 Рубеждік бақылау

7 шілде - 12 шілде 2014 жыл

3 Қорытынды бақылау

(емтихан сессиясы)

14 шілде – 19 шілде 2014 жыл

4 Демалыс күндер

21 шілде - 30 тамыз 2014 жыл



3

Құрастырғандар: Жұмыс тобы

1.  Нұрманбетова Д.Н. – ф.ғ.д., профессор, Бірінші проректор;

2.  Талтенов А.А., - х.ғ.д., профессор, Оқу ісі жөніндегі проректор;

3.  Палымбетов  Ш.Б.  –  Академиялық  мәселелер  департаментінің 

директоры;

4.  Романенко  М.Э.  –  Әлеуметтік  және  азаматтық  даму    жөніндегі 

департамент директорының орынбасары;

5.  Сапаралиева  К.С.  –  э.ғ.к.,  доцент  м.а.,  Академиялық  мәселелер 

департаменті Карьера және бизнес-әріптестік бөлімінің бастығы.

Рецензенттер:

1.  Әбдірәсілов  Е.Қ.  –  ф.ғ.д.,  профессор,  Академиялық  мәселелер 

департаменті директорының орынбасары 

Анықтамалық  көрсеткіш  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университетінің  құрылымы,  кітапхананы  пайдалану  ережелері,  білім 

алушылардың жатақханадағы тұрмыс жайы туралы жаңа мағлұматтар 

береді. Анықтамалықта оқу үдерісін кредиттік жүйемен ұйымдастыру 

жайлы  түсініктемелер:  білімді  бағалау  шкаласы,  GPA  бойынша  басты 

талаптар, емтихан сессиялары, білім алушыларды оқудан шығару және 

оларды оқуға қайта қабылдау жайында мағлұмат беріледі.

Анықтамалық  көрсеткіш  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті білім алушыларына арналған.

4

ЕҰУ  Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  мен  ғылымның  ірі  орталығы 

болып  табылады.  Кафедраларда,  ғылыми-зерттеу  институттарында  және  ғылыми 

орталықтарда 1373 штаттағы  оқытушылар жұмыс істейді, олардың 77 %-ға жуығы 

ғылым  докторлары,  профессорлар,  академиялардың  корреспондент-мүшелері, 

ҚР  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаттары,  ғылым  кандидаттары  мен  доценттер. 

Көптеген  университет  ғалымдары  біздің  республикамызда  ғана  емес,  одан  да  тыс 

жерлерде танымал. Университетте Италия, Испания, Иран, Оңтүстік Корея, Түркия, 

АҚШ,  Жапония  елдерінен  келген  шетелдік  оқытушылар  жұмыс  істейді.  Бұл  оқу 

ордасының ғылыми және білім беру бағытындағы жетістігі ғана емес, ең алдымен, 

білім алушылардың ғылыми әлеуетін көтеру үшін аса маңызды.

Бүгінде  ЕҰУ  жаңа  инновациялық  технологиялар  мен  халықаралық  білім 

стандарттарының  талаптарына  сәйкес  жоғары  білікті  мамандарды  дайындауды 

жүзеге  асырады.  2013  жылы  QS  World  University  Rankings  рейтингінің  нәтижесі 

бойынша  Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ  әлемнің  үздік  университеттері  қатарында 

303-орынды иеленді. 

Университетте  білім  алушыларға  сапалы  білім  беруді  қамтамасыз  ету  үшін 

барлық  жағдайлар  жасалған.  Қазір  біздің  университетімізде  14900-дай  білім  алу-

шы  оқиды.  Білім  беру,  тәрбиелеу,  ғылыми  және  оқу-әдістемелік  бағыттардағы 

жұмыстарды жүзеге асыратын он екі факультеттегі бакалавриатта болашақ мамандар 

65 мамандық бойынша оқиды. 

Бүгінде  Еуразия  ұлттық  университеті  –  Қазақстандағы  жетекші  орынға  ие 

болып отырған білім берудің, ғылымның, мәдениеттің орталығы. Біздің оқу орны-

мызда оқу – мәртебе. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түлектері Қазақстандағы және 

халықаралық деңгейдегі ірі ұйымдарда жұмыс істейді. Көпшілігі әлемнің жетекші 

ғылыми орталықтарында білім алуды жалғастыруда.    

Сіздерге  университет  ұсынатын  барлық  мүмкіндіктерді  пайдалана 

білетіндеріңізге, біліктілігі жоғары маман болатындарыңызға, қызметтік өсу жолын-

да үлкен биіктерден көрінетіндеріңізге шын пейілмен сенемін. 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры

Сыдықов Ерлан Бәтташұлы

  

 Қымбатты достар!

Бүгінгі  таңда  ЕҰУ  мемлекеттік  басқару  және 

халықаралық қатынастар, өнер, экономика, әлеуметтану, білім 

беру және ғылым, мәдениет аясында элитарлық кадрлар дай-

ындауды  жүзеге  асыра  отырып,  еліміздегі  алдыңғы  қатарлы 

жоғары  оқу  орындарының  бірі  болып  отыр.  Университет 

Қазақстанның  одан  әрі  гүлденуі  үшін  аса  қажетті,  жоғары 

білімді, бәсекеге қабілетті жастарды даярлайды.



5

УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

1996 жылы құрылған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – Қазақстандағы ең ірі 

ЖОО-дың бірі. Университетті ашуға еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 

Еуразиялық  одақ  құру  идеясы  негіз  болды.  Елбасының  жеке  бастамасымен 

университетке аса көрнекті еуразияшыл ғалым Лев Николаевич Гумилевтің 

есімі берілді.

2003 жылы 26 желтоқсанда университет «ұлттық» мәртебесіне ие болды. 

2000 жылдан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық дәрежедегі жоғарғы 

оқу орны болып саналады. 2001 жылы тамызда университет Мемлекеттік ак-

кредиттеуден өтті. 2003 ж., 2008 ж. және 2013 жылдары сәуір айында универ-

ситет Мемлекеттік аттестаттаудан жоғары көрсеткішпен өтті. 

2012  жылы  «Қызмет  көрсететін  үздік  кәсіпорын»  аталымындағы  ҚР 

Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанды.

Көп  салалы  жоғары  білікті  мамандар  дайындау  12  факультеттегі  65 

мамандық  бойынша  оқытылатын  бакалавриатта,  66  мамандық  бойынша 

оқытылатын магистратурада және 31 мамандық бойынша оқытылытын PhD 

докторантурада жүзеге асырылады. 

ЕҰУ – бұл жоғары білікті оқытушы-профессорлар құрамы бар жоғарғы 

оқу  орны.  Университеттің  67  кафедрасында  ҚР  Бақылау  комитетінің  ди-

пломын  алған  289  ғылым  докторы,  678    ғылым  кандидаты  мен  доценттер, 

92  PhD  докторы  жұмыс  істейді.  Барлық  штаттағы  оқытушы-профессорлар 

құрамының саны – 1373. 

Университетте оқытудың озық технологияларына сай Интернет жүйесіне 

қосылған  компьтерлік  сыныптар,  лингофон  кабинеттері  мен  дыбыс-бейне 

құрылғыларымен, интерактивті тақталармен жабдықталған дәрісханалар бар.

Еуразия  ұлттық  университеті  –  жоғарғы  оқу  орындарының  Еуропалық 

ассоциациясының,  Университеттердің  халықаралық  ассоциациясының,  Еу-

разия  университеттері    ассоциациясының,    Халықаралық  Ғылым  академи-

ясы  жоғарғы  мектебінің,  ТМД  және  Балтық  жағалауы  елдері  халықаралық 

зерттеу  ассоциациясының  толық  мүшесі.  Бұл  ЕҰУ-нің  халықаралық 

деңгейде  танымалдылығын  айғақтайды.  Университеттің  халықаралық 

ынтымақтастығын дамыту аясында Еуропа, Азия, Америка елдерінің 130-дан 

астам  жоғары  оқу  орындарымен  ынтымақтастық  қатынас  туралы  келісім-

шарт жасалды: Падуан университеті (Италия), Бабеш Боляй университеті (Ру-

мыния), Кордоба университеті (Испания), Сеуль университеті (Корея), Джор-

джия университеті (АҚШ), Клод Бернар Лион-1 және Лиль университеттері 

(Франция),  Малайзия  Технологиялық  университеті  (Малайзия),  М.В.  Ло-

моносов  атындағы  ММУ  (Ресей),  Вильнюс  университеті  (Литва),  Стам-

бул  университеті  (Түркия),  Синдзянь  университеті  (Қытай),  Олеся  Гончар 


6

атындағы  Днепропетровск  ұлттық  университеті  (Украина)  және  әлемнің 

көптеген басқа университеттері.

Болон  декаларациясына  қосыла  отырып,  Қазақстан  2005  жылдан 

еліміздің кәсіби білім беру жүйесінің еуропалық білім беру кеңістігіне енуіне 

қатысты  шараларға  белсенді  түрде  қатысып  келеді.  Бұл  бағыттағы  Еуразия 

ұлттық  университетінің  білім  беру  және  ғылым  саласындағы  қызметінің 

негізгі құраушы бөлігі – білім беру қызметтерін экспорттау және халықаралық 

білім беру бағдарламаларына қатысу.

Бүгінгі  таңда  Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ  білім  алушылары, 

оқытушы-профессорлар  құрамы  мен  қызметкерлері  келесі  халықаралық 

білім  беру  бағдарламаларына  белсенді  түрде  қатысуда:  білім  алушыларға, 

магистранттарға,  оқытушыларға  арналған  Erasmus  Mundus  академиялық 

ұтқырлық  бағдарламасы,  Еуропалық  Одақ  қаржыландыратын  TEMPUS 

университетаралық 

ынтымақтастық 

бағдарламасы, 

ITEC, 


DAAD 

бағдарламалары,  шетелдік  жоғарғы  оқу  орындарының,  Елшіліктерінің, 

Үкіметтерінің, орталықтарының алмасу бағдарламалары.

Аталған  бағдарламаларға  қатысу  Еуразия  ұлттық  университетінің 

әлемдік білім беру және ғылым кеңістігіне енуін жеделдетіп қана қоймай, өзі 

ұсынып отырған білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігі мен са-

пасын арттырады, жоғарғы білім туралы дипломдарының мәртебесін өсіреді.  

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың шетелдік әріптес жоғары оқу орындары-

мен бірге қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысуы, 

сонымен бірге ШЫҰ елдері университеттерінің, ТМД желілік университетінің, 

М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының жұмыстарына 

қатысуы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға ықпал етеді.   

Университетте жапон, неміс, үнді және иран мәдени орталықтары бар. 

Бұл  орталықтар  осы  ұлттардың  дәстүрімен,  әдет-ғұрыптарымен,  ежелгі 

мәдениетімен  танысуға  және  неміс,  үнді,  иран  тілдерін  терең  меңгеруге 

мүмкіндік береді.

ЕҰУ-де 5 оқу ғимараты, 8 жатақхана, спорт кешені, асхана, жүзу бассейні,  

«Зеренді» көлінің жанындағы  шипажай-сауықтыру кешені бар. 

ЕҰУ-де  Жастар  саясаты  орталығы,  түрлі  бағыттағы  білім  алушылық 

клубтар мен қоғамдық бірлестіктер белсенді жұмыс істейді: «Дипломатиялық 

альянс», «Көшбасшы (Лидер)», «Көңілділер мен тапқырлар клубы (Клуб ве-

селых  и  находчивых)»,  «Қаржыгер  (Финансист)»  ғылыми-білім  алушылық 

клубы, «Қазақ Елі» зияткерлік жарыссөз клубы, «Жас маман (Молодой спе-

циалист)» экономикалық бюросы, т.б. Белсенді және шығармашылық ізденісі 

бар білім алушылар үшін «Шабыт» шығармашылық бірлестігі мен оның сту-

диясы қызмет етеді.  



7

УНИВЕРСИТЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ

Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ-дың  құрылымына  мыналар 

кіреді:

•  Ректорат

•  Тіркеу офисі (Білім алушылық кеңсе):

-   Академиялық мәселелер департаменті;

-   жоспарлау және оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімі; 

-   оқу үдерісін ұйымдастыру және мониторингтеу бөлімі; 

-   карьера және бизнес-әріптестік бөлімі

  Жоғарғы білімнен  кейінгі деңгейдегі қорытынды аттеста-

циялауды ұйымдастыру бөлімі

 •  Ғылыми кітапхана

•  Ақпараттық технологиялар бөлімі

•  Даму және академиялық саясат департаменті:

-  стратегияны жүзеге асыруға мониторинг жасау бөлімі;

-  Болон үдерісі бөлімі.

•  Халықаралық ынтымақтастық департаменті:

-  халықаралық қызметті дамыту бөлімі;

-  халықаралық білім беру бағдарламалары бөлімі;

-  көптілді білім беруді және академиялық ресурстарды

  дамыту бөлімі.

•  Веб-өкілдік бөлімі

•  Ғылым және инновация департаменті:

-  ғылыми-зерттеулер бөлімі;

-  ғылыми-инновациялық қызмет бөлімі.

•  Әлеуметтік және азаматтық даму жөніндегі департаменті:

-  жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім;

-  әлеуметтік-мәдени жұмыстар бөлімі.

•  Медициналық орталық

•  Жастар саясаты орталығы

•  Спортклуб

•  Білім алушылар үйінің дирекциясы

•  Мұражай және т.б. 

Біздің мекен-жайымыз:



010008, Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 2. 

8

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ

Сыдықов Ерлан Бәтташұлы, ректор

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, 

Халықаралық педагогикалық білім беру 

академиясының академигі



Мекен-жайы: Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 2-үй, 

оқу-әкімшілік корпус, 200 каб.



Телефон: 8 (7172) 709 509             

Эл. пошта: rector@enu.kz

Нұрманбетова  Жамилә  Нүсіпжанқызы,  бірінші 

проректор

Философия ғылымдарының докторы, профессор



Мекен-жайы:  010008,  Астана  қаласы,  Мирзоян 

көшесі, 2-үй, оқу-әкімшілік корпус, 201 каб. 



Телефон: 8 (7172) 709 477             

Эл. пошта: nur@enu.kz

Оразбаев Жұматай Зейноллаұлы, ғылыми-зерттеу 

жұмысы жөніндегі проректор

Техника ғылымдарының докторы



Мекен-жайы:  010008,  Астана  қаласы,  Мирзоян 

көшесі, 2-үй, оқу-әкімшілік корпус, 246 каб.



Телефон: 8 (7172) 709 473             

Эл. пошта: urazbayev_zhz@enu.kz

Талтенов Абзал Ахатұлы, оқу ісі жөніндегі прорек-

тор

Химия ғылымдарының докторы, профессор



Мекен-жайы:  010008,  Астана  қаласы,  Мирзоян 

көшесі, 2-үй, оқу-әкімшілік корпус, 205 каб.



Телефон: 8 (7172) 709 468 

Эл. пошта: taltenov_aa@enu.kz

9

Дихан  Камзабекулы,  әлеуметтік-мәдени  даму 

мәселелері жөніндегі проректор

Филология ғылымдарының докторы, профессор



Мекен-жайы:  010008,  Астана  қаласы,  Мирзоян 

көшесі, 2-үй, оқу-әкімшілік корпус, 243 каб.



Телефон: 8 (7172) 709 472             

Эл. пошта: dikhan.kamzabek@enu.kz

Сырлыбаев Марат Қадырұлы,  қаржы-шаруашы-

лық мәселелер жөніндегі проректор

Экономика ғылымдарының кандидаты



Мекен-жайы:  010008,  Астана  қаласы,  Мирзоян 

көшесі, 2-үй, оқу-әкімшілік корпус, 244 каб.



Телефон: 8 (7172) 709 471              

Эл. пошта: syrlybayev_mk@enu.kz

Нұрманова Жанна Қадырбайқызы, ғылыми хатшы

Педагогика ғылымдарының кандидаты



Мекен-жайы:  010008,  Астана  қаласы,  Мирзоян 

көшесі, 2-үй, оқу-әкімшілік корпус, 212 каб.



Телефон: 8 (7172) 709 473            

Эл. пошта: nurmanova_zh@enu.kz

Палымбетов  Шамен  Балтабайұлы,  академиялық       

мәселелер департаментінің директоры

Мекен-жайы:  010008,  Астана  қаласы,  Мирзоян 

көшесі, 2-үй, оқу-әкімшілік корпус, 120 каб.



Телефон: 8 (7172) 709 473

Эл. пошта: palymbetov_shb@enu.kz

10

ФАКУЛЬТЕТТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

Факультет деканы – Сақ Қайрат Өмірбайұлы

филология ғылымдарының кандидаты , профессор



Мекен-жайы: Астана қ., Янушкевич к., 6, 213 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 534, ішкі: 35 200 

Эл. поштасы: kaisak1964@yandex.kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – 

Бекеева Ләззат Қуанышбайқызы 

Тел.: 8 (7172) 709 534,  ішкі: 35 208 

Эл. поштасы: ljazatbk@yandex.ru, bekeeva_lk@enu.kz

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

Болатова Гулжаухар Жамбылқызы

Ішкі тел.: 35 207

Эл. поштасы: _gulzhauhar. bolatova @yandex.ru 

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат: 

5В050400 – Журналистика 

5В042200 – Баспа ісі

5B050200 – Саясаттану

5B051400 – Қоғаммен байланыс

Магистратура (бейіндік және ғылыми-педагогикалық): 

6М050400 – Журналистика 

6M050200 – Саясаттану

Докторантура: 

6D050400 – Журналистика 

6D050200 – Саясаттану


11

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

 

Факультет деканы – Нұрбекова Жанат Құнапиақызы

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин к., 11, 201 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 480, ішкі: 34 200 

Эл. поштасы: nurbekova_zhk@enu.kz

Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары – 

Закирова Алма Болатқызы

Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин к., 11, 205 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 480, ішкі: 34 206

Эл. поштасы: zakirova_ab@enu.kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – 

Жұмаділлаева Айнұр Қанаділқызы

Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин к., 11, 205 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 480, ішкі: 34 206

Эл. поштасы: zhumadillayeva_ak@enu.kz

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары – 

Рахимжанова Мира Бейсенбайқызы

Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин к., 11, 205 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 480, ішкі: 34 206

Эл. поштасы: rakhimzhanova_mb@enu.kz

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат: 

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 

5В070300 – Ақпараттық жүйелер

5В011100 – Информатика (білім беру бағыты)

5В060200 – Информатика (жаратылыстану бағыты)

5В100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері



Магистратура (бейіндік және ғылыми-педагогикалық): 

6M070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 

6M070300 – Ақпараттық жүйелер

6M011100 – Информатика (білім беру бағыты)

6M060200 – Информатика (жаратылыстану бағыты)

6М100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері



12

Докторантура: 

6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 

6D070300 – Ақпараттық жүйелер

6D011100 – Информатика (білім беру бағыты)

6D060200 – Информатика (жаратылыстану ғылымы)

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы – Жәйшібеков Нұрболат Жұмабекұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор



Мекен-жайы: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 203 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 469, ішкі: 33 200 

Эл. поштасы: jaychibekov_ng@enu.kz

Заместитель декана по научной работе – 

Кошкарова Бакытты Салимовна 

Ішкі тел.: 33 213

Эл. почтасы: koshkarova_bs@enu.kz

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

Таспағамбетова Жанар Абдуллақызы 

Ішкі тел.: 35 215

Эл. почтасы: taspaganbetova_zha@enu.kz

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат: 

5B060100 – Математика (жаратылыстану бағыты)

5B010900 – Математика (білім беру бағыты)

5B060300 – Механика

5B070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу 

Магистратура:

6M060100 – Математика (жаратылыстану бағыты)

6M010900 – Математика (білім беру бағыты)

6M060300 – Механика

6M070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу

Докторантура: 

6D060100 – Математика



13

ЗАҢ  ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы – Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы

Заң ғылымдарының докторы, профессор.



Мекен-жайы: Астана қ., Мирзоян к., 2, 217 каб. 

Тел.: 8 (7172) 709538, ішкі: 31248

Эл.поштасы: ongarbayev_ea@enu.kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – 

Өмірзақов Пернебек Құрашұлы

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент



Мекен-жайы: Астана қ., Мирзоян к., 2, 220 каб. 

Тел.: 8 (7172) 709461, ішкі: 31296

Эл.поштасы: Оmirzakov_РК@enu.kz

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары – 

Жүсіпова Бақыт Ақылбайқызы

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент



Мекен-жайы: Астана қ., Мирзоян к., 2, 221 каб. 

Ішкі тел.: 31259

Эл.поштасы: Zhusipova_ba@enu.kz

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:


  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал