Білім алушылардың пәнге тіркелу тәртібін анықтайды



жүктеу 121.27 Kb.

Дата28.04.2017
өлшемі121.27 Kb.

«Cырдария» университеті 

УЕ-ТО-009/06-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

«Білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау тәртібі» 

11 беттің 2-беті 

 



 

1.МАҚСАТ 

Осы білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау тәртібі (бұдан 

әрі  -  Ереже)  «Сырдария»  университетінде  кредиттік  технология  бойынша 

білім алушылардың пәнге тіркелу тәртібін анықтайды. 



 

2. ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

2.1. Осы ереже университеттің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын 

және 

білім 


алушылардың 

пәнге 


тіркелу 

үрдісіне 

қатысатын 

басқармаларында,  факультет  деканаттарында,  кафедралар  мен  басқа  да 

құрылымдарында міндетті түрде енгізілуі және орындалуы тиіс. 

 

3. СІЛТЕМЕЛІК ҚҦЖАТТАР 

2.1.    2007  жылғы  27  шілдедегі  Қазақстан  Республикасының    "Білім  туралы" 

 №319-ІІІ;  

2.2.  Қазақстан  Республикасы  Білім және  ғылым министрінің  2008  жылғы  18 

наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарында білім 

алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  және  қорытынды 

аттестаттау  өткізудің  үлгі  ережесі»  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрлігінің  13  сәуір  2010  жылғы  №168  бұйрығы,  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1 қараша 2011 жылғы №506 

бұйрығы,  ҚР  БҒМ  16  наурыз  2011  жылғы    №94  бұйрығы,  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  4  қарашадағы 

№445 бұйрықтарымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген); 

2.3.  ҚР  БҒМ  20  сәуір  2011жылғы  №152  бұйрығымен  бекітілген  

«Кредиттік 

оқыту 


технологиясы 

бойынша 


оқу 

үдерісін 

ұйымдастырудың  ережелері»  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрінің  2014  жылғы  2  маусымдағы  №198  бұйрығымен 

өзгерістер мен толықтыру енгізілген); 

2.4.  Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  ұйымдары 

қызметінің  үлгілік  қағидалары  (ҚР  БҒМ  17  мамыр  2013  жылғы    №499 

қаулысы)  

2.5.  Білім  берудің  тиісті  деңгейлерінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 

беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 

жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы 

 

4. АТАУЛАР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР 



Академиялық  кезең  (Term)  -  білім  беру  ұйымының  өз  еркімен  семестр, 

триместр, тоқсан түрлерінің біреуін белгілейтін теориялық оқытудың кезеңі 



Академиялық 

кҥнтізбе 

-(Academic 

Calendar) 

демалыс 


күндерін(каникулдар  мен  мерекелерді)    көрсете  отырып,  оқу  жылы 

барысында  жүргізілетін  оқыту  және  бақылау  шараларының  кәсіби 

тәжірибелердің күнтізбесі  


«Cырдария» университеті 

УЕ-ТО-009/06-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

«Білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау тәртібі» 

11 беттің 3-беті 

 



 

Ҥлгілік  оқу  жоспары  (ҤОЖ)    -  Қазақстан  Республикасының  жоғары  және 

жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  мамандықтарының  жіктеуіші  мен 

Жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  негізінде  әзірленетін,  міндетті 

компонент  пәндерінің  тізбесі  мен  кредиттердің  ең  аз  көлемін  және 

практиканың,  қорытынды  аттестаттаудың  барлық  түрлерін  көрсете  отырып, 

пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін 

регламенттейтін,  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  орган  бекітетін  оқу 

құжаты. 



Жеке  оқу  жоспары  -  білім  алушымен  ҮОЖ  және  элективті  пәндердің 

каталогы  негізінде  эдвайзердің  көмегімен  әрбір  оқу  жылына  дербес 

жасалатын оқу жоспары. 

Жҧмыс оқу жоспары - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу 

жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат. 



Оқу  ҥлгерімінің  орташа  балы  (Grade  Point  Average  -  GРА)-  аралық 

аттестаттау  пәндері  бойынша  кредиттердің  жалпы  санына  қарай  аралық 

аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер 

сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша 

бір  оқу  жылындағы  қол  жеткізген  оқу  үлгерімінің  таразыланған  орташа 

бағасы. 



Пререквизиттер  (Prerequisite)  -  оқылатын  пәнді  игеру  үшін  қажетті  білім, 

икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі. 



Тіркеу  офисі  -  білім  алушылардың  барлық  оқу  жетістіктерін  тіркеумен 

шұғылданатын  және  білім  сапасын  бақылаудың  барлық  түрлерін 

ұйымдастыруды  және  оның  академиялық  рейтингісін  есептеуді  қамтамасыз 

ететін академиялық қызмет. 



Эдвайзер  (Аdvisor)  -  тиісті  мамандық  бойынша  білім  алушының 

академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына 

(жеке  оқу  жоспарының  қалыптасуына)  және  оқу  кезеңінде  білім  беру 

бағдарламаларын  игеруіне  ықпал  ететін  оқытушы;  бір  тұлға  куратор  мен 

эдвайзер функцияларын қатар атқаруы мүмкін.  

Элективтік пәндер - белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы 

енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін 

әлеуметтік-экономикалық  дамытудың  ерекшеліктерін  және  нақты  өңірдің, 

жоғары  оқу  орындарында  ғылыми  мектеп  пайда  болатын  қажеттіліктерін 

есепке алатын компонентке кіретін оқу пәндері. 

Элективті  пәндер  каталогы  –  барлық  пәндердің  оқу  мақсаты,  қысқаша 

мазмұны  (негізгі  бөлімдерінің),  күтілетін  оқу  нәтижелерін  (білім  алушы 

игеретін  білімдер,  дағдылар,  құзыреттіліктерін)  көрсететін  қысқаша 

сипаттамаларынан тұратын жүйеленген аннотацияланған тізім.  

 

СУ –  «Сырдария» университеті; 



СМЖ – Сапа менеджментінің жүйесі; 

ҚР БҒМ - Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі 



«Cырдария» университеті 

УЕ-ТО-009/06-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

«Білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау тәртібі» 

11 беттің 4-беті 

 



 

ТО - Тіркеу офисі  

ПОӘК - Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

ААЖ- Автоматтандырылған ақпараттық жүйе 

ЖОЖ - Жеке оқу жоспары 

ЭПК - Элективті пәндер каталогы 

 

5. ПРОЦЕДУРАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 

5.1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

5.1.1.  Білім  алушылардың  оқу  жүктемесінің  көлемі  оқу  жылы  бойы 

игерілетін  кредиттермен  өлшенеді.  Білім  алушы  университеттегі  жалпы  оқу 

мерзімінде, яғни бакалавриатта - төрт оқу жылында; магистратурада - екі оқу 

жылында белгіленген кредит санын меңгеруге тиіс.  

5.1.2.  Оқу  жылы  межелік  бақылау,  аралық  аттетаттау  (сессия), 

қорытынды аттестация (бітіруші курс үшін),  кәсіптік практика мен демалыс 

күндері  кіретін  академиялық  кезеңдерден  (семестрден)  тұрады.  Теориялық 

оқыту кезеңінің ұзақтығы 15 апта (жазғы семестрді қоспағанда).  

5.1.3.  6  аптаға  созылатын  жазғы  семестр  өткізіледі.  Жазғы  семестрде, 

әдетте,  оқу  бағдарламасы  бойынша  меңгерілмей  қалған  пәндер,  сондай-ақ 

басқа  мамандықтан,  басқа  университеттерден  келген  білім  алушылар  үшін 

пәндер оқытылады.  

Жазғы семестрдегі оқу тек ақылы негізде ғана жүргізіледі.  

Жазғы  семестр  білім  алушының  пән  бойынша  қанағаттандырарлықсыз 

бағасын 


жоюға, 

оқу 


жоспарындағы 

айырмашылықты 

жоюға, 

пререквизиттерді  өз  уақытында  меңгеру  есебінен  өзінің  жеке  жоспарына 



түзетулер  енгізуге  мүмкіндік  береді.  Жазғы  семестр  кезінде  қажетті 

кредиттерді  меңгеру  үшін  жазғы  семестрге  екі  апта  уақыт  қалғанға  дейін 

білім  алушы  10  кредитке  тіркеле  алады.  (1-қосымша.  Жазғы  семестрге 

жазылу өтініші)  

Толық көлемде курс бағдарламасынан өткен, өту балын жинай алмаған 

білім  алушыларға  өзінің  орташа  үлгерім  балын  (GPA)  жоғарылатуы  үшін 

жазғы  семестрде  белгілі  бір  пәндерді  (мемлекеттік  емтихан  тапсырылатын 

"Қазақстан тарихы" пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде 

қайта  оқуына  және  сол  пәндерден  қайта  емтихан  тапсыруына  мүмкіндік 

беріледі. 



5.2.БІЛІМ  АЛУШЫЛАРДЫҢ  ЖЕКЕ  БІЛІМ  ТРАЕКТОРИЯСЫН 

ТАҢДАУ 

5.2.1.  ҮОЖ  мен  пәндер  (модулдер)  каталогы  негізінде  білім  алушы 

оқудың жеке траекториясын өз бетінше қалыптастырады. Білім алушы жеке 

оқу  жоспарында  көрсетілетін  міндетті  және  элективті  пәндердің  қажетті 

санын  таңдайды.  Осыдан  кейін  ҮОЖ-на  және  білім  алушылардың  ЖОЖ-на 

сәйкес  мамандық  бойынша  бір  оқу  жылына  оқу  жұмыс  жоспарлары 

құрастырылады.  

Білім алушы ЖОЖ-дың құрастырылуына және мамандықтың жұмыс оқу 



«Cырдария» университеті 

УЕ-ТО-009/06-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

«Білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау тәртібі» 

11 беттің 5-беті 

 



 

жоспары талаптарына сәйкес оқу курсын толық меңгеруге жауапты.  

5.2.2.  Жеке  оқу  жоспары  эдвайзердің  жетекшілігімен  бір  оқу  жылына 

құрастырылады.    Эдвайзерлердің  тізімін  факультет  деканы  бекітіп,  ТО-не 

тапсырады.  Магистранттар  оқуын  жеке  жоспарлауына  олардың  ғылыми 

жетекшілері (кеңесшілер) қатысады.  

5.2.3.  Білім  алушының  ЖОЖ-ына  енгізілген  кредиттердің  максимал 

саны ҮОЖ бойынша осы оқу жылы мен семестрге тағайындалған кредиттер 

саны  сәйкес  келу  керек.  Ақылы  негізде  білім  алушылар  оқу  жоспарында 

көрсетілгеннен аз кредиттер санын кіргізіп өздерінің ЖОЖ-ын құрастыруына 

болады, мұндай жағдайда жалпы оқу мерзімі ұзарады.  

5.2.4.  Пәндер  туралы  мәлімет,  сондай-ақ  олардың  қысқаша  мазмұны 

элективті  пәндер  (модулдер)  каталогында  көрсетіліп,  кафедралар  және 

эдвайзерлер  арқылы  білім  алушылардың  назарына  ұсынылады;  сонымен 

қатар университеттің веб-сайтына енгізіледі.  

5.2.5.  Оқу  жұмыс  жоспарларына  сәйкес  ПОӘК  осы  пәндер  (модулдер) 

оқылатын  семестр  басталғанға  дейін  10  күн  бұрын  «Platonus»  ААЖ-не  

енгізілуі  керек.  Осы  белгіленген  мерзімнен  кейін  жүйе  автоматты  түрде 

жабылады.

  

5.2.6. Пәндерді  (модулдерді)  таңдау  барысында  пәндерді  оқып-игерудің 



бірізділігі міндетті түрде ескерілуі тиіс. Білім алушы алдыңғы семестрде осы 

пәннің  перереквизиттерін  меңгермеген  болса,  онда  ол  бұл  пәнге  тіркеле 

алмайды.  

Бірізділікті  сақтау  мақсатымен  академиялық  қарыздарды  келесі 

теориялық  оқыту  кезеңдерінде  жою  мүмкіндіктері  туралы  ақпаратты 

академиялық  қарыздары  бар  білім  алушыларға  жеткізуге  кафедра 

меңгерушілері мен эдвайзерлер жауапты.  

5.2.7. 3 данада құрастырылған ЖОЖ-ға білім алушының қолы қойылып, 

келісімге эдвайзерге беріледі.  

Ескерту  болмаған  жағдайда  эдвайзер  ЖОЖ-ға  қол  қойып,  ТО-нің 

келісіміне  ұсынады.    Факультет  деканы  бекіткеннен  кейін  бір  данасы  білім 

алушыда  қалады,  екінші  данасын  аттестациялау  үрдісінде  пайдалану  үшін 

эдвайзер  ТО-не  береді,  ал  үшінші  данасы  эдвайзерде  сақталып,  білім 

алушының  оқу  жоспарын  орындауын  бақылауды  жүзеге  асыру  үшін  негіз 

болады. ЖОЖ-ды ТО-не өткізудің соңғы мерзімі - семестрдің бірінші аптасы.  

5.2.8.  ҮОЖ  және  білім  алушылардың  ЖОЖ  негізінде  кафедралар  оқу 

жұмыс  жоспарларын  құрастырып, 

 

университеттің  Ғылыми  кеңесінде 



бекітіледі.  

5.2.9.  Білім  алушы  ЖОЖ-ды  Академиялық  күнтізбеде  көрсетілгендей 

теориялық  оқытудың  басталуына  дейін  мамандық  бойынша  жұмыс  оқу 

жоспарының  шегінде  қайта  тіркелу  кезеңінде  немесе  бағдарлау  апталығы 

кезеңінде өзгерте алады.  

 

 



«Cырдария» университеті 

УЕ-ТО-009/06-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

«Білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау тәртібі» 

11 беттің 6-беті 

 



 

5. 3. ОҚУ САБАҚТАРЫНА ҚАТЫСУ ҤШІН ТІРКЕЛУ  

 

5.3.1.  Әрбір  пән  (модуль)  бойынша  сабақтар  және  сабақ  кестесін  құру 



білім  алушылардың  пәнге  (модулге)  тіркелу  негізінде  жүзеге  асырылады. 

Білім  алушы  мамандық  бойынша  оқу  жоспарында  көрсетілген  кредиттердің 

белгілі бір мөлшеріне тіркелуі тиіс.  

5.3.2.  Білім  алушының  алдағы  оқу  жылына  оқу  пәндерін  оқып-игеруге 

тіркелуі  «Platonus»  ААЖ-нде,  эдвайзерлердің  кеңес  беруі  арқылы  on-line 

режимінде  жүргізіледі.  Білім  алушы  өзінің  жеке  оқу  траекторияларын 

эдвайзермен  егжей-тегжейлі  талқылағаннан  соң  пәнге  тіркеу  жүзеге 

асырылады, эдвайзер бекітілген пәндерді таңдау мәселелері бойынша түсінік 

береді. 

Тіркелу мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетіледі. 

5.3.3.  Университетке  жаңа  түскендер  үшін  мерзімдері  академиялық 

күнтізбеде көрсетілетін бағдарлау (ұйымдастыру) кезеңінде кредиттік оқыту 

жүйесі, пәнге тіркеу рәсімдері таныстырылады.  

 

Бағдарлау  кезеңінде  әкімшілік  өкілдерімен,  факультет  декандарымен, 



кафедра  меңгерушілерімен,  эдвайзерлермен  кездесулер  өткізіледі.  Әрбір 

білім алушыға «Platonus» ААЖ-не енетін логин және құпия сөз беріліп, білім 

алушы сол бойынша ЖОЖ оқу пәндеріне on-line жолымен тіркейді. 

5.3.4.  «Сырдария»  университетіне  жаңа  түскендерді  тіркеу  бағдарлау 

кезеңінен өткен соң, бірінші семестр басталғанға дейін жүргізіледі.  

Қалған білім алушылар келесі оқу жылының пәндеріне және пәнді қайта 

өтуге академиялық күнтізбеде көрсетілген тіркеу кезеңінде тіркеледі.  

(2-қосымша. Пән таңдау өтініші)  

 

5.3.5. Тіркеуге жіберуге: 



▪  белгілі  бір  пәндерді  оқып-игеру  үшін  талап  етілетін  барлық 

пререквизиттерді оқып-өту; 

▪ оқу төлем ақысы бойынша қаржылық қарыздың болмауы;    

5.3.6.  Соңғы  оқу  жылында  білім  алушылардан  басқаларының  жазғы 

семестрге тіркелуі көктемгі семестрді бітіргеннен кейін жүзеге асырылады.  

5.3.7.  Пәнді  қайта  оқып-игеру  (Retake)  үшін  тіркеу  жалпы  тіркеудің 

белгіленген мерзімдерінде жүзеге асырылып, бірақ оқу үшін алдын ала төлем 

жасауды талап етеді, себебі пәнді қайта оқып-игеру барлық мамандықтар мен 

оқыту түрлері үшін тек қана ақылы түрде жүргізіледі.  

5.3.8. Білім алушылардың академиялық топтары аталған пәнге жазылған 

білім  алушылар  санының  жеткіліктілігі  бойынша  құрылады.  Міндетті 

пәндерге тіркелгендердің бакалавриатта талап етілетін ең аз мөлшері: 

▪ дәрістерде – кемінде 40 адам;  

▪ тәжірибелік сабақтарда – 20-25 адам; 

▪  білім  алушылар  контингенті  аз  мамандықтарды  санамағанда,  тілдік, 

зертханалық сабақтарда – артығы 12 адамды құрайды.  



«Cырдария» университеті 

УЕ-ТО-009/06-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

«Білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау тәртібі» 

11 беттің 7-беті 

 



 

Білім  алушылардың  академиялық  топтарының  білім  алушылар 

контингенті  шағын  мамандықтардың  элективті  пәндері  бойынша  білім 

алушылардың барлығының бір пәнге жазылу ұстанымы бойынша құрылады. 

Мұндай  жағдайда  білім  алушылардың  жалпы  саны  10-12  адамнан  артық 

болмауы тиіс. 

Білім  алушылар  саны бекітілген  ең  аз мөлшерден  кем  болған жағдайда 

пән ашылмайды. Осы пәнге жазылған білім алушыларға тіркеу аяқталғаннан 

кейін  3  күннің  ішінде  бұл  туралы  ескертіліп,  пәнді  қайта  таңдаулары 

сұралады.  

Белгілі  бір  оқу  пәніне  тіркелген  білім  алушылардың  саны  осы  пәнге 

бекітілген  ең  көп  мөлшерден  асып  кеткен  жағдайда  бұл  пән  бойынша 

қосымша академиялық топ (ағым) құрылады.  

5.3.9.  Магистратура  топтарын  құру  барысында  университет  ҚР  Білім 

және 

ғылым 


министрлігінің 

нормативтік-нұсқаулық 

құжаттарын 

басшылыққа  алады.  Академиялық  ағымдар  білім  алушылар  контингенті  аз 

мамандықтарды санамағанда максимал есеппен 20-25 адамнан құрылады.  

 

5.4.ЕРЕЖЕНІ ДАЙЫНДАУ, КЕЛІСІЛУ ЖӘНЕ БЕКІТІЛУ ТӘРТІБІ 

5.4.1.  Білім  алушылардың  жеке    жобасына  дайындаған  бөлімнің  басшысы 

және  құрастырушы  қол қойып және келісіледі: 

- Оқу істері жөніндегі проректормен; 

5.4.2.Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  аттестаттау  өткізудің  ережелерінің  жобасы  cапа  жөніндегі 

Ғылыми кеңес мәжілісінде талқыланып,  кеңес қаулысымен қабылданады.  

5.4.3.Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  аттестаттау  өткізудің  ережелері  университет  ректорымен 

бекітіледі. 

5.4.4.Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  аттестаттау  өткізудің  ережелері  университет  ректорының 

бұйрығымен іске қосылады. 

5.4.5.Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  аттестаттау  өткізудің  ережелері  сапа  менеджменті,  аккредиттеу 

және  мониторинг  бөлімінде  тіркеледі.  Бақылау  данасы  сапа  менеджменті, 

аккредиттеу  және  мониторинг  бөлімінде  сақталады.  Жұмыс  экземпляры 

танысу парағына тіркеліп, сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг 

бөлімімен  жұмыс  бабында  пайдаланады.  Тиісті  құрылымдық  бөлімдерге 

ксерокөшірме орнатылған тәртіп бойынша таратылады. 

 

5.5. УНИВЕРСИТЕТ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ӚЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ 

 

5.5.1.  Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  және 



қорытынды  аттестаттау  өткізудің  ережелері  жойылғанға  дейін  қызмет  етеді 

немесе жаңасымен ауыстырылады. 

 5.5.2. Білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау тәртібіне 


«Cырдария» университеті 

УЕ-ТО-009/06-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

«Білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау тәртібі» 

11 беттің 8-беті 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Cырдария» университеті 

УЕ-ТО-009/06-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

«Білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау тәртібі» 

11 беттің 9-беті 

 



 

 

Қосымша 



 

1-қосымша 

 

 

 

 

    «Сырдария» университеті  Тіркеу офисінің  

 

басшысы _________________________________ 



                                                  

(аты-жөні)

 

_________________________________________  



                                        (мамандық шифры және атауы)

 

мамандығы  ___________________________ оқу  



                                  

(күндізгі/ сырттай/ кешкі)

 

түрінің ____________________________________ 



                                     (мемлекеттік  грант/                 /ақылы) 

оқу негізінің ______ курс студенті  

 

________________________________________________ 



(тегі,аты,әкесінің аты) 

 

 



 

Өтініш 

 

Мені 



__________________________________________________________________________ 

( академиялық қарыздарды жою  / оқу жоспарындағы айырмашылық /

 

_____________________________________________________________________________________________



________

 

/ қосымша білім алу)

 

мақсатында келесі пәндер бойынша 20___ - 20____ оқу жылының жазғы семестріне 



қатысу үшін тіркеуіңізді сұраймын: 

 

№ 



Пән атауы 

Кредиттер 

саны 

Топтың 


болуы 

(бар/жоқ)  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қолы 

_____________ 

 

Күні 



_____________ 

 

Факультет деканы: 

 

 



«Cырдария» университеті 

УЕ-ТО-009/06-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

«Білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау тәртібі» 

11 беттің 10-беті 

 

10 



 

 

2-қосымша 

«Сырдария» университеті 

 

Пән таңдау ӛтініші 

 

20___/ 20___ оқу жылы 



 

Студенттің аты-жөні________________________________________________ 

Факультеті: __________________________________________________ 

Оқу түрі:_________________________________Оқыту негізі:______________ 

 

     (күндізгі, сыртқы, ҚО)                                           (грант, ақылы) 

 

 

Мамандық шифры___________ Мамандығы____________________________ 



 

Мекен-жайы____________________________________________________ 

Үй телефоны_________________   Ұялы телефоны ______________________ 

 

Бітіруші кафедра ___________________________________________________ 



 

 

Семестр 



Блок 

(ЖБП, 


БП, КП) 

Пән атауы 

Кредит 

саны 


Оқытушының 

аты-жөні 





Таңдау пәндері 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Студент________________      Эдвайзер_____________ / _______________/ 

 

    (қолы)                                      (қолы) 



   (аты-жөні) 

«______» _____________________20___  ж. 

 

 


«Cырдария» университеті 

УЕ-ТО-009/06-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

«Білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау тәртібі» 

11 беттің 11-беті 

 

11 



 

 

ТАНЫСУ



 

ПАРАҒЫ 

Қызметі 

Аты-жӛні 

Кҥні 

Қолы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал