Биыл XVІІ мәрте шымылдық түрді. Хакім Абайдың рухани мұрасын



жүктеу 441.5 Kb.

бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі441.5 Kb.
  1   2   3   4

Дәстүрлі 

түрде 


жыл 

са-


йын 

өткізіліп 

келе 

жатқан 


республикалық 

Абай 


оқулары 

биыл XVІІ мәрте шымылдық түрді. 

Хакім  Абайдың  рухани  мұрасын 

жас  буын  арасында  дәріптеудің 

озық үлгісі саналатын осынау шара 

ағымдағы  жылы  да  аса  ауқымды 

өтті.  Биылғы  жылы  да  жыр  дода-

сына тыңнан қосылып, талабы мен 

талантын  қатар  танытқан  өрендер 

мол  болды.  Байтақ  еліміздің  әр 

аймағынан  келген,  баба  мұрасын 

бойына мол сіңірген жас толқынды 

дана ақынның өз сөзімен айтқанда 

«көкірегі сезімді, тілі орамды» жас-

тар  деуге  әбден  болады  екен.  Оған 

кіл жүйріктер топтасқан, тартысты 

өрбіген  жыр  аламанында  анық  көз 

жеткіздік.

Қыркүйек  айының  8-і  күні 

Ұлылар 


мекеніне 

жолдары 


түскен  қадірменді  меймандар  мен 

байқауға  қатысушылар  қасиетті 

өлкеге  сапарлары  аясында  тарихи 

мекендерді  тамашалап,  сахналық 

қойылымдарға 

куә 


болды. 

Мәселен,  Абайдың  кіндік  қаны 

тамған  жері  Сырт  Қасқабұлақ 

маңында 


аялдаған 

қонақтарға 

ауданымыздың  «Ақсұңқар»  ақын-

дар сыныбының шәкірттері кестелі 

сөзден  өрнек  құраса,  Еңлік  пен 

Кебектің  үңгіртасында  Мамай 

негізгі  орта  мектебінің  ұжымы 

келісті көрініс сомдады. 

Мұнымен  қатар,  меймандар  Әй-

герім  бұлағының  басында  «Абай 

мен Әйгерімнің кездесуін» де тама-

шалады. Бұл көрініс С.Бекбосынов 

орта мектебінің ұйымдастыруымен 

сәтті  шықты.  Бір  сөзбен  айтқанда, 

Абай еліне аяқ басқан жандар ерек-

ше  әсерге  бөленіп,  ұлы  даланың 

ұлылығын  сезіне  алды  деуге  негіз 

бар.


Осыдан  соң  қонақтар  Қарауыл 

ауылын бетке алып, республикалық 

Абай  оқуларының  ашылу  салтана-

тына қатысты. Аудандық Мәдениет 

үйі  алдында  беташар  рәсім  өтті. 

Жиылған қауымға шағын ән шашу 

ұйымдастырылып,  соңынан  залға 

жайғасқан  құрметті  қонақтар  жыр 

додасына  қатысушылармен  таны-

сып, баяндамаға құлақ түрді.

Абай  еліне  ат  терлетіп  келген 

мәртебелі меймандар қатарында ҚР 

Білім  және  ғылым  министрлігінің 

мектепке  дейінгі  және  орта  білім 

департаментінің 

бас 


маманы 

Г.Мұздыбекова, 

Республика-

лық  ғылыми-практикалық  «Да-

рын» 

орталығының 



дирек-

торы 


Ш.Қирабаева, 

аталған 


орталықтың  әдіскері  С.Хапизова, 

Шығыс 


Қазақстан 

өңірлік 


ғылыми-практикалық 

«Да-


рын» 

орталығының 

директо-

ры  Ж.Айтпаева,  ШҚО  білім 

басқармасы  басшысының  орынба-

сары А.Сұлтанова, ШҚО қосымша 

білім  беру  орталығының  директо-

ры  Ж.Сағындықова,  Халықаралық 

қазақ 

тілі 


қоғамының 

вице 


президенті, 

Қазақстан 

Халқы 

Ассамблеясының мүшесі О.Шәріп-



баев  көпшілікке  таныстырылып 

өтілді. 


Сондай-ақ,  әр  облыстан  келген, 

жалпы  орта  білім  беретін  мектеп 

оқушылары мен мамандандырылған 

дарынды  балаларға  арналған  мек-

теп  интернаттарының  өрендері 

топтасқан  аймақ  атаулары  да 

айрықша таныстырылды. 

Осыдан  соң  алғашқы  болып 

көпшілік  алдында  сөз  алған  аудан 

әкімі  Тұрсынғазы  Мүсәпірбеков 

17  жыл  қатарынан  өткізіліп  келе 

жатқан  бәсі  басым  байқаудың 

биылғы  байқаушыларына  сәттілік 

тілеп,  құттықтау  лебізін  білдірді. 

Сонымен қатар, жыр додасының өз 

деңгейінде  өтуіне  қолдау  танытып 

жүретін  республикалық  ғылыми-

практикалық 

«Дарын» 

орта-


лығының  директоры  Қирабаева 

Шолпан және ҚР Білім және ғылым 

министрлігі, мектепке дейінгі және 

орта білім департаментінің бас ма-

маны Мұздыбекова Гүлсила, ШҚО 

білім басқармасының басшысының 

орынбасары  Айнұр  Сұлтанова  сөз 

алып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Мұнан  соң  дәстүрлі  Абай 

оқуларының  әнұраны  ойналып, 

ашылу  салтанаты  да  тәмамдалды. 

Нағыз  қызу  сайыс,  тартысты 

дода  келесі  күні  Жидебай  төрінде 

жалғасты.

Қастерлі  елді  мекендегі  бабалар 

кесенесінің  басындағы  амфитеатр-

да  бастау  алған  жыр  аламанына 

төрелік ететін әділ-қазылар алқасы 

тағайындалып,  Семей  қаласының 

Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік 

университеті,  қазақ  филологиясы 

факультетінің  деканы,  филология 

ғылымдарының  докторы,  профес-

сор,  қазылар  алқасының  төрағасы 

Айбар  Қадыров  жыр  додасына 

қатысушы  сайыскерлерге  сәттілік 

тіледі.  Айта  кетейік,  биылғы  әділ 

төрелігін берер қазылар құрамы да 

жаңадан жасақталған екен. Осынау 

төрешілердің  алдында  жылдағы 

үрдіспен  бірінші  болып  «Өлең  - 

сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңі 

бойынша  сайыскерлердің  қарым-

қабілеттері 

сыналды. 

Бірінші 


бөлімнің  өзінде  38  бала  Абай, 

Шәкәрім мұраларын жатқа оқудан 

жарысып, 

сынақтан 

сүрінбей 

оза  шапқан  өрендер  қазылар 

алқасының назарына ілігіп жатты.  

(Басы. Соңы 5 бетте)

№ 34 (394) 8 - 15 қыркүйек, 2016 жыл

Абай аудандық қоғамдық-саяси апталық газеті 

(Аудандық басылым тарихы 1935 жылдан бастау алады)

Бағасы келісімді

4 - áåò


5 - áåò

ƏЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ 

НЕМЕРЕ  ҚАРЫНДАСЫ САР-

ЖАЛДА ТҰРАДЫ

8 - áåò

АҚ ДАСТАРХАН ЖАСТАРҒА 



АҚ ЖОЛ БОЛМАҚ

ХАКІМ МЕРЕЙ ТОЙЛА-

РЫ ҚАЛАЙ АТАП ӨТІЛДІ

XVII республикалық Абай оқулары

ХАКІМНІҢ  ҚАЗЫНАСЫНАН  ҮЛЕСІ  МОЛ

РЕСПУБЛИКА ҮЗДІКТЕРІ САЙЫСТА 



Дін  мен  ұлттық  дәстүрдің  тамаша  сабақтастығы  айқын  көрінер 

күллі  мұсылман  қауымның  ұлық  мерекесі  Құрбан  айт  Абай  елінде 

ерекше көңіл күймен аталып өтілді. Аптаның дүйсенбісіне дөп келген 

осынау мейрамды қарауылдық көпшілік «Құнанбай қажы» мешітінде 

жамағат болып айт намазын оқумен бастады. Екі рәкағат уәжіб намаз-

дан соң оқылған хұтбада ауданымыздың бас имамы Болат Самырба-

ев дұға-тілек жасап, күллі жамағат Жаратқаннан елімізге тыныштық, 

береке-бірлік пен өркендеу, әр отбасыға табыс пен жетістік тіледі. 

Міне, осыдан соң Құрбан айт мейрамын мерекелеу басталып кетті. Бұл 

күні  мешіт  ауласында  ұлттық  ойындар  ойналып,  жеңімпаздарға  бәйге 

тігілді. Сонымен қатар, дініміздегі ерекше ғибадат түрі – құрбандық шалу 

рәсімін  өтеуге  ниет  еткен  көпшілік  мал  шалып,  туыс-туған  мен  мұқтаж 

отбасыларға ет таратып жатты. 

Айта  кетейік,  ата  дініміздің  ұлық 

мерекелері жылдан-жылға ұлттық реңк 

алып,  ерекше  сипатпен  өткізілуде. 

Оған  мүбәрак  мейрамдағы  мінәжатқа 

жергілікті тұрғындардың жылдағыдан 

көп  жиналуы,  ұлық  іске  ұйытқы 

болған бастамашылардың белсенділігі 

дәлел.  Алла  үйіне  арнайы  әкеліп 

құрбандық шалған жамағат қатары да 

көп  болды.  Арнайы  шара  аясында  ел 

ағалары атынан ауданның мәслихат хатшысы Ерлан Лдибаев мұсылман 

қауымын қасиетті мерекемен құттықтап өтсе,  сөз алған «Құнанбай қажы» 

мешітінің имамы Болат Самырбаев өзінің ізгі лебізін білдірді. «Құрбан айт 

баршамызға  жақсылық  әкелсін,  ел  Тәуелсіздігі  баянды  болып,  әрдайым 

тыныштық пен бейбітшілік туы желбіресін», – деген тілек білдірді. 

Спорттық  шаралардың  бастауында  ауданның  Мәдениет,  тілдерді 

дамыту,  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімінің  басшысы  Еркебұлан 

Сағындықов,  Жастар  орталығының  директоры  Мейіржан  Смағұлов  сөз 

алып, барша қауымды ұлық мерекемен құттықтады. Мешіт жамағатының 

ұйымдастыруымен арнайы киіз үй тігіліп, ақ дастархан жайылып, келген 

қонақтар дәмнен ауыз тиіп жатты. 

Ғибадат  үйінің  маңында  жалғасқан  спорттық  ойындар  да  көпшіліктің 

қызу белсенділігімен ерекшеленді. Жастар арасында жиі ұйымдастырыла 

бермейтін Жамбы ату ойыны, білектің күші сыналар қол күресі, гір тасын 

көтеру, арқан тарту, ұзындыққа секіру сынды спорттық ойындар тартысты 

өтті.  Спорттық  шара  соңында  жеңімпаздар  арнайы  ауданның  мәдениет, 

тілдерді  дамыту,  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімі  басшысының, 

сондай-ақ  Жастар  орталығы  директорының  алғыс  хаттарымен  және 

бағалы  сыйлықтарымен  марапатталды.  Мергендік  қасиеттерімен  көзге 

түскен  А.Бейбітхан  жүлделі  І  орынды,  Е.Көшкінбаев  ІІ  орынды  және 

Ә.Балташев ІІІ орынды жеңіп алса, білек күшінен байқасқан Қ.Құсайнов 

І  орынға,  О.Боқанов  ІІ  орынға  және  Е.Қырқынбаев  ІІІ  орынға  тұрақтап, 

мықтылықтарын  дәлелдеді.  Гір  тасын  қос  қолмен  көтеру  сайысы  бойын-

ша  133  мәрте  басынан  асыра  лақтырған  Қ.Құсайынов  көш  бастаса,  130 

рет көтерген М.Смағұлов ІІ орынға және 120 рет көтерген Батырбаев Аян 

ІІІ  орынға  тұрақтады.  Ал  арқан  тарту  сайысынан  Жамағат  тобы  І  орын-

ды, 70 жылғы және 80 жылғылар ІІ орынды, 87 жылғы туған жастар ІІІ 

орынды иеленді. Жеке кәсіпкер Қырқынбайұлы Ержанның демеушілігімен 

ұзындыққа секіру бойынша Е.Көкінбаев жүлдегер атанды. 

Осылайша,  сәске  ауа  мәресіне  жеткен  мерекелік  шаралар  абайлық 

жамағатқа ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Абай елі» ақпараты

Дін мен дәстүр сабақтастығы

ҚҰРБАН    АЙТТЫ   МЕРЕКЕЛЕДІ

Адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп



2

8 - 15 қыркүйек 2016 жыл

Жоба

«Тіркелген салық ставкаларының 

айлық мөлшерін бекіту туралы» Абай

аудандық мәслихатының 2012 жылғы 

21тамыздағы №6-3 шешіміне 

өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан  Республикасының  2008  жылғы  10  желтоқсандағы  №99-VI  «Салық  және  бюд-

жетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 422-бабына, Қазақстан 

Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы  №148  «Қазақстан  Республикасындағы 

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының негізінде 

Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 

1.  «Тіркелген  салық  ставкаларының  айлық  мөлшерін  бекіту  туралы»  Абай  аудандық 

мәслихатының  2012  жылғы  21  тамыздағы  №  6-3(2012  жылғы  12  қыркүйекте  нормативтік 

құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2646 болып тіркелген, “Абай елі” газетінің 

2012  жылғы  15-22  қыркүйектегі  №35  санында  жарияланған)  шешіміне    келесі  өзгерістер 

енгізілсін:

Шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын: «Біріңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін 

белгілеу туралы».

1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1.Біріңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін».

2.  Осы  шешім  алғаш  ресми  жарияланған  күннен  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң 

қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                                                     А.МУКАТАЕВ

                                                                                                                            Сессия төрағасы 

 

 

 

 

 

 

 Е.ЛДИБАЕВ

Абай аудандық 

мәслихатының хатшысы

Проект

О внесении изменений в решение 

Абайского районного маслихата

от  21августа 2012 года №6-3

«Об утверждении размеров 

месячных ставок фиксированного 

налога»

В соответствии со статьей 422 Кодекса Республики Казахстан от          10 декабря 2008 года 



№ 99-VI «О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)», статьи 

6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном 

управлении  и  самоуправлении  в  Республике  Казахстан»,Абайский  районный  маслихат  РЕ-

ШИЛ: 

1. Внести в решение Абайского районного маслихата от 21августа 2012 года № 6-3 «Об ут-

верждении размеров месячных ставок фиксированного налога» (зарегестрировано в реестре 

государственной регистрации нормативных правовых актов от 12 сентября 2012 года № 2646, 

опубликовано в газете «Абай елі» № 35от 15-22 сентября 2012 года) следующие изменения:

Изложить в новой редакции наименование решении: «Об установлении единых ставок фик-

сированного налога».

пункт 1 изложить в новой редакции:

«1.Установить единый ставок фиксированного налога согласно приложения».

  2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня 

первого официального опубликования.

 

 

 

 

 

 

 

А.МУКАТАЕВ

Председатель сессии

 Е.ЛДИБАЕВ

Секретарь Абайского 

районного маслихата                                                             

Халықтың  талабын  қанағаттандыруға 

бағытталған  кез  келген  пайдалы  көмек 

–қызмет 


деп 

аталады. 

Тұтынушыға 

мемлекеттік  қызмет  көрсету  –  толас-

сыз,  үздіксіз  процесс.  Жете  түсінбей,  біз 

күнделікті  өмірде  бұл  қызметтермен  жиі 

кездесеміз.  Адам  өмірге  келген  күннен  бас-

тап  мемлекеттік  қызметтерді  пайдаланады 

(туу  туралы  куәлік,  бала  бақшаға  орналасу, 

зейнеткерлік тағайындау, т.б.). 

Заман 

талабына 



сәйкес 

қоғамның, 

мемлекеттің  дамуы,  жаңаруы  жаңа  өмір 

сапасының  пайда  болуын  талап  етеді. 

Сондықтан  да  мемлекеттік  көрсетілетін 

қызметтердің  сапасын  арттыру  –  бүгінгі 

күнде  өзекті  мәселе.  Мемлекеттік  қызмет 

көрсету  Заңмен,  нормативті  құқықтық 

актілермен  заңдастырылып,  бұл  сферада 

үлкен өзгерістер орын алуда. 

Қазіргі  таңда  облыста  мемлекеттік  ор-

гандармен  және  басқа  мекемелермен  379 

түрлі  мемлекеттік  қызмет  көрсетіледі, 

оның  ішінде  175  –  жергілікті  атқарушы 

органдармен,  оларға  қарасты  және  оларға 

есеп  беретін  мекемелермен  (жеке),  204  – 

орталық мемлекеттік органдардың аумақтық 

бөлімшелерімен көрсетіледі. 

«Азаматтарға  арналған  үкімет»  мемлекет-

тік корпорациясымен 15 қызмет, Ұлттық банк 

филиалымен  4  қызмет  тікелей  көрсетіледі. 

Мемлекеттік  корпорация  арқылы  барлығы 

155 қызмет көрсетіледі.

2016  жылдың  бірінші  жартыжылдығында 

облыс  халқына  барлығы  3  386  645  қызмет 

көрсетілді.

ҚР  Мемлекеттік  қызмет  істері  Минис-

трлігінің  ШҚО  бойынша  Департаментіне 

мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтердің  са-

пасына қатысты 8 шағым келіп түсті. Депар-

таментпен 4 таңдаулы және 6 жоспардан тыс  

тексеру  (3  тұлғаның  өтініштері  бойынша)  

жүргізілді. 6 мемлекеттік қызметші тәртіптік 

жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1-і 

бөлім басшысы, 1 қызмет алушының құқығы 

қалпына келтірілді. 

Мемлекеттік  мекемелердің  интернет-ре-

сурстарына  тұрақты  түрде  мониторинг 

жүргізіледі, 5 интернет-ресурста мемлекеттік 

көрсетілетін 

қызмет 

заңнамасының 



бұзылғаны  анықталды.  2  лауазымды  тұлға 

тәртіптік жауапкершілікке тартылып, интер-

нет-ресурстар тиісті деңгейге келтірілді.

«Мониторинг»  АЖ  арқылы  4  жергілікті 

атқарушы  органдарда  мемлекеттік  қызмет-

терді  көрсету  мерзімінің  бұзылғандығы 

анықталып,  2016  жылдың  3  тоқсанында 

жүргізілетін  таңдаулы  тексерулер  тізіміне 

енгізілді. 

Департамент  пен  халық  арасында  кең 

көлемде  түсіндіру  жұмыстары  жүргізілуде. 

Департаменттің 

сенім 

телефондарының 



номерлері  көрсетілген  «Мемлекеттік  қызмет 

алу  кезіндегі  менің  құқықтарым»  атты 

бүктеме  әзірленді.  «Қазақстан  Өскемен» 

телеарнасында  «Мемлекеттік  көрсетілетін 

қызметтердің  сапасы»  атты  бағдарламалар 

циклі жүргізілуде. 

Департамент  бастамасымен,  облыстық 

мәслихат  сессиясының  шешіміне  сәйкес 

«Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  сапасы-

на  қызмет  алушылардың  қанағаттануы» 

тақырыбында қоғамдық мониторинг жүргізу 

үшін  облыстық  бюджеттен  қаражат  бөлінді, 

15  қызмет  түріне  мониторинг  жүргізу  2016 

жылдың екінші жартыжылдығына жоспарла-

нып отыр. 

Мемлекеттік мекемелерде қызмет көрсету-

дің регламенті мен стандарттары, мемлекеттік 

қызмет  көрсетудің  бизнес  процесі  бойынша 

ақпараттар  көрнекі  жерге  орналастырылған. 

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша 

ақпараттарды ресми сайттар арқылы да алуға 

болады. 


Әр  азамат  көрсетілетін  мемлекеттік 

қызмет  жайында  біліп  қана  қоймай, 

нақты  билік  органдарымен  көрсетілуі  тиіс 

мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  сапасын 

талап  ете  алуы  тиіс.  Бұл  мемлекеттік  меке-

мелер  жұмысындағы  сыбайлас  жемқорлық 

көріністерінің  деңгейін  төмендетуге  зор 

мүмкіндік береді. 



С.ТАСТАМБЕКОВА 

ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет 

істері Департаментінің мемлекеттік 

қызмет көрсету басқармасының бас 

маманы

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН 

ҚЫЗМЕТТЕР БАҚЫЛАУДА

  Ұлан  ауданы  бойынша  мемлекеттік 

кірістір  басқармасымен  ағымдағы  жылдың 

25  тамызында  мүлікті  және  ақшаны  жария 

ету бойынша брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Ұлан ауданы бойынша 

мемлекеттік кірістер басқармасының басшы-

сы  Абдрахманов Солтанғазы Сатыбалдыұлы 

бүгінгі  күні  Әкімдіктегі  комиссияға  құндық 

бағасы 20 млн.теңгеден асатын 43 арыз түсіп, 

оның 27 бойынша оң шешім қабылданғаныңн 

мәлім  етті.    Солтанғазы  Сатыбалдыұлы, 

тіркелмеген  мүлікті  комиссияға  жүгіну 

арқылы  жария  етудің  ерекшелігі,  бірнеше 

инстанцияларға  жүгінудің  болмауы  және 

алым төлеу қажет еместігін мәлім етті.

"Біздермен 

жарнаны 


насихаттауда 

бұқаралық  түсіндіру  жұмыстары    белсенді 

жүргізілсе  де,  Ұлан  ауданы  бойынша 

мемлекеттік  кірістер  басқармасына  шет 

елдегі  мүлік  пен  ақшаны  заңдастыруға 

жүгіну болмай тұр. Ал, мемлекет өз тарапы-

нан бізге мүмкіншілік беріп отыр. Осылайша, 

шет елдегі жылжымайтын мүлікті жария ету 

тәртібі жеңілдетілді - құндық бағаны енді жа-

рия ету субъектісі өзі белгілеп, содан 10%-дық 

алым  төлейді;  декларация  қабылданды  деп 

саналған соң, ақшаны банктік шоттан алып өз 

қалауы  бойынша  кез  келген  қажеттіліктерге 

жұмсай алады. Ең бастысы  сіздерге "қайдан 

келді?" деген сұрақ туындамайды. Сондай-ақ, 

кепілдіктер  мен  жеңілдіктер  қарастырылған. 

Сонымен  бірге,  жария  ету  субъектілерінің 

ыңғайлығы  үшін  "бір  терезе"  әдісі  іске 

асырылды,  ол  арқылы  азаматтар  сәйкес  де-

кларация  мен  қарастырылған  құжаттарды 

мемлекеттік  кірістер  органына  бармай-ақ, 

банк  арқылы  жөнелтуге  болады.  Сондықтан 

шет  елде  мүлік  пен  ақша  болған  жағдайда 

жария  етудің  жеңілдетілген  нормаларын  ба-

рынша  пайдаланған  жөн.  Осылайша  Сіздер 

өз  мүлкіңіз  бен  капиталыңызды  қорғайсыз, 

сұрақтарсыз  тыныш  өмірді  қамтамасыз 

етесіз.    Құпиялар  қалайда  ашылатындығын 

ұмытпаған  абзал,  бұған  тек  уақыт  керек, 

өйткені таяу арада жалпыға ортақ деклараци-

ялау да жақындап келеді".

Брифингті қорытындылай келе: "Мүлік пен 

капиталды  көлеңкелі  экономикадан  шығару, 

экономика тұрақтылығының және кез келген 

мемлекеттің дамуының негізгі көрсеткіші бо-

лып табылатындығын есте сақтау керек деп", 

Солтанғазы Сатыбалдыұлы  назар аударды.  

ҚҰПИЯЛАР ҚАЛАЙДА АШЫЛАДЫ...

  Риддер  қаласы  бойынша  мемлекеттік 

кірістер басқармасының басшысы Бауыржан 

Мысаевич  Бабышев  айтып  өтті.  Ағымдағы 

жылдың  5 қыркүйегінде өткізілген брифинг 

барысында  басқарма  басшысымен    мүлікті 

және  капиталды  жария  ету  бойынша  ресми 

бағдарламаның  аяқталуына  санаулы  айлар 

қалғаны  түсіндірілді,  сондықтан,  бұртпала 

жолдармен  алынған  мүлік  пен  ақша  болған 

жағдайда тездетіп осы жарнаны пайдаланған 

жөн. Яғни, заңды айналымнан бөлінген мүлік 

пен  капитал  болса,  қолжетімді  қарапайым 

тәсілдермен 

заңдастыруға 

мүмкіншілік 

беріліп  отыр.  Өйткені,  мемлекет  өз  тара-

пынан  жария  ету  субъектілеріне  барынша 

жеңілдетілген  тәсілдер,  кепілдіктер  мен 

жеңілдіктер  беруде,    неге  десеңіз  жария 

етудің  негізгі  мақсаты  –  жария  етілген 

мүліктің  арқасында  экономикаға  қосымша 

қаражаттарды енгізу.

Басқарма  басшысының  айтуынша  2016 

жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша Рид-

дер  қаласы  мүлікті  жария  етуге  сомасы  143 

млн.  834  мың  теңгеге  50  өтініш  түсті,  оның 

ішінде  137  млн.  534  мың  теңгеге  41  объект 

заңдастырылды.

"Шет 

елдегі 


мүлік 

пен 


ақшаны 

заңдастыруға 

жүгінулер 

әзірше 


жоқ.  

Сондықтан барлық риддерліктерді шет елде 

мүлік пен ақша  болған жағдайда  жария ету 

субъектісінің  тұрғылықты  жері  бойынша  

түсіндірме  алып,  жария  етуге  шақырамын.  

Бұл науқан аяқталған соң, барлық шет елдегі 

шоттар  және  жылжымайтын  мүлік  бойын-

ша  ақпарат  тексерілетін  болады.  Жария 

ету-бұл  соңғы  мүмкіндік,  осы  мүмкіндікті 

пайдаланыңыздар!»  деп,    брифингтің 

аяғында Бауыржан Мысаевич Бабышев атап 

өтті. 


 «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАРИЯ ЕТУДІҢ 

ТӘРТІБІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ»

Ағымдағы шотқа ақша енгiзiлгенiн (аударылғанын) растау туралы анықтаманың көшiрмесi 

немесе  алым  төленгенi  туралы  түбiртектiң  көшiрмесi  қоса  берiлген  арнайы  декларацияны 

тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiстер органы қабылдаған күннен бастап ақша жа-

рия етiлдi деп саналады.

Жария  етiлетiн  ақшаны  ағымдағы  шотқа  енгiзген  немесе  аударған  кезде  банк  жария  ету 

субъектiсiне жария ету үшiн ағымдағы банк шотына ақшаны енгiзу/ аударуды растау туралы 

анықтама бередi.

Жүргiзiлiп  жатқан  акция  мемлекет  пен  барлық  салық  мәселелерiн  реттеу  үшiн  соңғы 

мүмкiндiк болып табылады. Ол аяқталғаннан кейiн бүкiл әлемдегi шетелдегі шоттар бойын-

ша барлық ақпарат қайта тексерiлетiн болады. Осыған байланысты шетелдегi шоттар бойын-

ша ақпаратты жасырғаны үшiн жазаны қатайтатын түзетулер заңнамаға енгiзiлгенiн еске алу 

қажет.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал