Биыл елімізде алғаш рет тойланған Алғыс айту күнін



жүктеу 210.87 Kb.

Дата06.05.2017
өлшемі210.87 Kb.

Алғыс айту парызым

Биыл елімізде алғаш рет тойланған Алғыс айту күнін 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 

ерекше көңіл күймен атап өтті.

 

Жастар саясаты департаменті «Жақсылық жолы» қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. 

Акциядан түскен қаржы тұрмысы төмен отбасыларға тапсырылатын болады.

Халқымыздың игі дәстүрінің бірі - «Бата беру» сайысына факультеттер белсенді қатысты.

Медиаорталық «Қазақстанға жол» сериясы негізінде қазақстандық этностар жайындағы бейнеба-

яндар топтамасын университетішілік телеарна арқылы көрсетті.

№1 (67)

5 НАУРЫЗ 2016 ЖЫЛ



қымбатты арулар!

Спраздником, дорогие женщины!

Мерекелеріңізбен,

Аса құрметті профессор-оқытушылар 

мен университет қызметкерлері!

Қадірлі аналар, құрметті арулар!

 

Баршаңызды көктем мерекесі 8 наурыз - халықаралық 



әйелдер күнімен құттықтаймын!

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 

университетінің әлеуеті нығайып, еліміздегі алдыңғы 

қатарлы жоғары оқу орындарының қатарынан

орын алуында Сіздердің үлестеріңіз аса зор.

Университеттің сан салалы қызметіндегі, білім мен 

ғылымды дамытудағы, кәсіби білікті

мамандар дайындаудағы өлшеусіз еңбектеріңіз үшін

Сіздерге құрметімді білдіремін.

Биылғы көктемнің ерекшелігі, Тәуелсіздіктің

25 жылдық мерейтойлық жылында ұлттық күнтізбеміз 

мерекелік датамен - Алғыс айту күнімен толықты.

Алғыс айту күні қазақстандық патриотизмнің, достық 

пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні. 

Түрлі этностың қайталанбас өрнегін сақтап, біртұтас 

Қазақстан халқы бірегей артықшылықтар иесіне айналды. 

Аспаны ашық, арманы асқақ Алаш арулары, 

университетіміздің ардақты қыз-келіншектер қауымы,

төл мерекелеріңіз - халықаралық әйелдер

мерекесі күні  құтты болсын! 

Досмұхамедов университетінің аяулы ұстаздарына,

ару студенттеріне ықыласпен ризашылығымды білдіремін!

Берекелі елдің ынтымағы мен ырысын тасытқан 

ниеттеріңіз қабыл, болашағымыз баянды, ұрпағымыз 

ибалы, отбасымыз берік, еліміздің іргесі мықты болсын! 

Көктемнің алғашқы шуағымен қатар келетін осынау 

мерекелі күні жүздеріңіз жадыраңқы,

көңілдеріңіз шат болуына тілектеспін! 

Игі тілекпен, ректор, профессор Б.Мамраев

Құрметті  әріптес

қыз-келіншектер!

Біз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен 

бірге 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні де 

келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші 

қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік 

жанды қыздар қауымының төл мерекесі. 

Сіздерге қызметкерлердің қамқоршысы аталған 

кәсіподақ ұйымы атынан сарқылмайтын 

денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Лайымда 

аспанымыз ашық, күніміз нұрлы болғай!

 

 

 



 

 

 



 

Қылышбай СҮНДЕТҰЛЫ,

университеттің бастауыш

кәсіподақ ұйымының төрағасы



ОҚИҒАЛАР

КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ:

ЖАҢА КАДРЛЫҚ САЯСАТ 

Конференцияда мемлекет аппа-

ратын кәсібилендіру, мемлекеттік 

қызмет және қоғамдық бақылау, 

5  институционалдық  рефор-

маны жүзеге асыру шеңберінде  

мемлекеттік  қызмет  кадрла-

рын  даярлаудағы  заманауи 

әдістер,  кәсіби  мемлекетті 

қалыптастырудағы құқық саласы 

кадрларын дайындаудың талапта-

рын жүзеге асыру  және басқа да 

келелі мәселелер талқыланып, сөз 

сөйлеушілердің ұсыныстары мен 

пікірлері назарға алынды.

Ғылыми жиынға Мемлекеттік 

қызметкерлерді қайта даярлау, 

біліктілігін арттыру және тілдерді 

оқыту өңірлік орталығы дирек-

торы м.а. С.Құбашева, Атырау 

мұнай және газ институтының 

проректоры А.Майдырова, Аты-

рау  инженерлік-гуманитарлық 

и н с т и т у т ы н ы ң ,   Ат ы р ау 

қаласындағы  колледждердің 

оқытушылары, университеттің 

профессор-оқытушылар құрамы, 

студенттер, БАҚ өкілдері қатысты. 

Университет  проректоры 

Ғалия Салтанова жиынды кіріспе 

сөзбен ашып, кәсіби мемлекетті 

дамытудың маңыздылығына, осы 

бағытта оқу орнында атқарылып 

жатқан іс-шараларға тоқталды. 

Қазақстан  Республикасы 

Мемлекеттік  қызмет  істері 

министрлігінің  Атырау  об-

лысы  бойынша  департаменті 

мемлекеттік  қызмет  және  сы-

байлас жемқорлық профилакти-

касы басқармасының басшысы 

Шыңғыс Әлекешев «Мемлекеттік 

аппараттың  кәсібилендірілуі» 

баяндамасында  Ұлт  жоспа-

рын  жүзеге  асыру  бойынша  

мемлекеттік қызметке қойылатын 

жаңа  талаптар,  мемлекеттік 

қызметшілердің  мансаптық 

өсу қағидалары және басқа да 

мәселелер жайында айтып өтті. 

Университеттің экономика және 

құқық  факультетінің  деканы, 

экономика ғылымдарының кан-

дидаты  Қансұлу  Өтепқалиева 

«Мемлекеттік  қызмет  және 

қоғамдық бақылау» баяндама-

сында мемлекеттік қызметтің са-

пасын  арттырудағы  қоғамдық 

бақылау  мен  қоғамдық  кеңес 

жұмыстарына тоқталды. 

«Тәуелсіз Қазақстанның про-

куратурасы: кадрлардың кәсіби 

біліктілігін арттыру мәселелері» 

тақырыбында  Атырау  облысы 

прокуратурасының  соттарда 

мемлекет мүддесіне өкілдік ету 

басқармасының басшысы, кіші 

әділет кеңесшісі Бағытжан Калиев  

баяндады. 

Атырау  мұнай  және  газ 

институтының  проректоры 

Айгүл  Майдырова  өз  сөзінде 

қазіргі  кездегі  мемлекеттік 

қызметтегі өзгерістер, мемлекеттік 

қызметшінің мансаптық өсуі мен 

еңбек  нәтижесінің  бағалануы 

туралы  біздің  еліміздегі  және 

шетелдік тәжірибелерге талдау 

жасады. 

Ат ы р ау   о бл ы с ы   ә к і м і 

аппаратының  «Мемлекеттік 

қызметшілерді  қайта  даяр-

лау,  біліктілігін  арттыру  және 

тілдерді оқыту өңірлік орталығы» 

КМҚК    біліктілігін  арттыру 

бөлімінің  меңгерушісі  Ла-

ура  Ғазизова  өз  баяндамасын 

мемлекеттік  қызметшілердің 

кәсіби құзіреттілігін арттырудағы 

Өңірлік орталықтың қызметіне 

арнады. 

Республикалық «Казахстанская 

правда» газетінің меншікті тілшісі, 

экономика мамандығының маги-

странты Ринат Құлмағамбетов 

мемлекеттік қызметшінің беделін 

қалыптастыру, олардың БАҚ-тағы 

жағымды келбеті жайындағы ой-

ларын ортаға салды.

С о н ы м а н   қ а т а р   у н и -

верситет  ғалымдары,  ме-

неджмент  кафедрасының 

меңгерушісі Райхан Уталиева, 

азаматтық  құқықтық  пәндер 

кафедрасының  меңгерушісі 

Әділбек Тұрдалиев, қылмыстық 

құқықтық  пәндер  және  кри-

миналистика  кафедрасының 

меңгерушісі  Жанна  Шаяхме-

това мемлекеттік қызметшілерді 

дайындау бағыттары бойынша 

өз  ойларын  айтса,      Инфор-

матика  мамандығының  маги-

странты Жанар Ермагамбетова 

білім мен ғылым интеграциясы 

жайындағы пікірімен бөлісті. 

Баяндамалар тақырыпқа сай 

инфограммалар және слайдтар-

мен сүйемелденді. Қатысушылар 

тақырыптық  кітап  көрмесімен 

және университет оқу-ғылыми ла-

бораторияларымен танысты. 

Конференция  соңында  ба-

яндамалар  мен  жарыссөзге 

қатысушылар пікірлерін ескере 

отырып,  өз  ұсыныстарын 

қабылдады.

 

Гүлфайруз 



ҚАЙЫРҒАЛИЕВА

Праздник


памяти и дружбы

29 февраля в конференц-холле АГУ имени 

Халела Досмухамедова прошла областная 

научно-практическая конференция «Ұлы 

Дала Елінде тоғысқан тағдырлар: тарих 

және тағылым», организованная Ассам-

блеей народа Казахстана Атырауской об-

ласти, КГУ «Қоғамдық келісім», Атыра-

уским государственным университетом 

им.Х.Досмухамедова и научно-экспертной 

группой АНК.

В работе конференции актив-

ное  участие  приняли  ученые, 

представители этнокультурных 

объединений, молодые ученые, 

студенты.

Работа конференции была по-

священа  Дню  Благодарности, 

который  казахстанцы  в  этом 

году отмечают впервые.

На  конференции  выступили 

профессор  Атырауского  го-

сударственного  университета 

им.Х.Досмухамедова,  доктор 

исторических наук Бердигожин 

Лескали  Базаргалиевич,  пред-

седатель Атырауского филиала 

Всемирной Ассоциации казахов 

Алимгереев Утепберген Алимге-

реевич, профессор Атырауского 

института нефти и газа, член на-

учно-экспертного  совета  АНК 

Атырауской области Утельбаев 

Карим Токтарович, представи-

тель молодежного крыла корей-

ского этнокультурного объеди-

нения  «Тхоньил»  Ю  Валерия, 

студент 2-курса Досмухамедов 

университета  Чалов  Елисей, 

председатель грузинского этно-

культурного объединения «Иве-

рия» Бобохидзе Зураб Гедевано-

вич и т.д. В своих выступлениях 

докладчики рассказывали исто-

рию депортированных народов 

в Казахстан и о значении Дня 

Благодарности для них.

В рамках конференции была 

представлена  выставка,  показ 

видеофильмов о депортации на-

родов СССР в Казахстан.

Пресс-служба

облыстық ғылыми-практикалық конференция



28 қаңтарда Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу-

ге арналған облыстық іс-шаралар аясын-

да университетте «Кәсіби мемлекет: жаңа 

кадрлық саясат» атты облыстық ғылыми-

практикалық конференция өткізілді.    

Заседание НЭГ

в институте АНК

В институте Ассамблеи народа Казахстана 

Атырауского государственного универси-

тета состоялся круглый стол на тему «Роль 

депутатской группы АНК Мажилиса Пар-

ламента РК в реализации казахстанской 

идентичности и общенациональной идеи 

«Мәңгілік Ел».

 В работе круглого стола принимали участие члены научно-экс-

пертной группы АНК Атырауской области, представители этно-

культурных объединений, преподаватели и студенты университета. 

Заместитель  председателя  НЭГ,  доктор  философских  наук 

О.Бекежан, руководитель секции «Государственная этнополитика», 

профессор АИНГ М.Утельбаев в своих выступлениях говорили о 

важной миссии депутатов Мажилиса от АНК в сохранений мира, 

толерантности в стране. 

Члены группы проректор АИГИ Ж.Хасанова, руководитеь пресс-

службы АГУ Г.Кайргалиева рассказали о формировании идентич-

ности и единства народа на основе граждансства. Также свои мне-

ния высказали кандидат филологических наук, профессор АИНГ 

В.Ермольчева, заведующий лабораторией социологических иссле-

дований АГУ А.Турапи. 

Асел КЕНЖЕТАЙ


ЖАСТАР ҰЛТЫ

АБАЙ МҰРАСЫ - 

ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

Өткен жылы қазақ халқының ұлы ақыны 

Абай Құнанбайұлының туғанына 170 

жыл толды. Осы орайда 4 ақпан күні уни-

верситетте ұйымдастырылған «Абай 

мұрасы - халық қазынасы» атты ғылыми-

тағылымдық шарасы мазмұндылығымен 

ерекшеленді. 

Іс-шараның аясында философия ғылымдарының кандидаты, про-

фессор Әбдірайымов Шақанай Әміржанұлының «Абай жұмбақтығы 

- философиялық мәселе» атты үш бөлімнен тұратын кітабының 

тұсаукесер рәсімі өтті.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 

профессоры  Қадыр  Жүсіп  жиынды  кіріспе  сөзбен  ашып,  Абай 

әлемінің  қазіргі  кездегі  маңызына,  дүниеге  қазақ  деген  ұлы 

халықтың бар екенін танытқан Ұлы Абайға арналған кездесудің 

мақсатына тоқталды. 

Осыдан кейін университеттің бірінші проректоры, профессор Бахыт 

Ахатұлы Жаутиков пен кітап редакторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-

нің профессоры Әубәкір Дәуренбек «Абай жұмбақтығы - философиялық 

мәселе» кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін жасады.

Жиынға арнайы келген қонақ, философия ғылымдарының док-

торы, профессор Әубәкір Дәуренбек кітаптың баспаға дайында-

луы, кітаптағы автордың философиялық көзқарастарына тоқталды: 

- Бүгінгі кезең Абай әлемі деңгейін дүниежүзілік өзгерістермен 

қабыстырып,  заманға  сай  зерттеу  -  заман  талабы.  Абай 

шығармашылығына тұтастық беріліп, Абайдың философиясының 

зерттелуі тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болды. Абайдың 45 қара 

сөздері, бәрі де батыстың философиялық дүниелерінен бірдебір 

кем  емес.  Абай  бабамыздың  шығармашылығының  мазмұнын 

ашатын  «Үшкіл»  теориясының  ғылыми  мүмкіндіктері  алынды. 

Оның бағыттарын Абайдың қоғамдық-саяси көзқарастары, Абай 

мен  Мұхтар  шығармашылығы,  бұның  халықтық,  ұлттық  және 

ұлтжандылық қасиеттері, үшінші - Абай философиясы туралы ой-

лар, болжамдар құрайды. 

Философия ғылымдарының докторы, Алматы энергетика және 

байланыс  университетінің  профессоры  Сәбит  Мұрат,  техника 

ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профес-

соры, Дәурен Ахметбаев аталмыш еңбектің жазылуы мен жарияла-

нуы жайында айта келе, Абай философиясының ұлттық болмысты 

танудағы ролін, оның маңызын атап өтті.

Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-нің  философия  кафедрасының 

меңгерушісі,  философия  ғылымдарының  докторы,  профессор 

Г.Нұрышева ғалымның зерттеулеріндегі Абай шығармашылығындағы 

әйел бейнесінің сипатталуы бойынша ойларымен бөлісті. Сонымен қатар 

өзінің еңбек жолын осы оқу орнынан бастаған ғалым университеттің 

ғылыми кітапханасына бірнеше кітаптарын сыйға тартты.

Досмұхамедов университетінің профессоры Қадыр Жүсіп Абай 

мен  Мұхтар  шығармаларындағы  параллельдерді  терең  зерт-

теу  негізіндегі  профессор  Шақанай  Әбдірайымовтың  ғылыми 

жаңашылдығына мән берді. 

Тұсаукесерге  қатысқан  профессор  Ш.Ә.Әбдірайымовтың 

ұрпақтары атынан сөз алған қызы Райхан Шақанайқызы әкесінің 

ғылыми мұрасы, оның өмір бойғы талмай ізденісінің нәтижесінде 

қалың  көпшілікке  жолдама  алған  кітаптарының  Абайдың  мол 

мұрасының халық қазынасына айналғандығының дәлелі екендігіне 

баса назар аударды. 

Кітаптың  тұсаукесер  рәсімінде  қатысушылардың  назарына 

Шақанай Әміржанұлы туралы бейнебаян ұсынылды.

Кездесу соңы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 

университеті  музыкалық  білім  мамандығы  студенттерінің 

концертімен жалғасты. Абай оқулары байқауларының жеңімпаздары 

Ақерке  Нағимова  мен  Рахымжан  Орынбасаров  Абайдың  қара 

сөздерін оқыса, университет хоры Абайдың «Көзімнің қарасы», 

«Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындады.

Шараға қатысушылар «Абай мұрасы - халық қазынасы» атты 

кітаптар  көрмесін  тамашалап,  университет  зертханалары  мен 

мұражайына экскурсия жасады.

Сара ҚАЙЫРҒАЛИ

«Менің жетістігім - 

Тәуелсіздік жетістігі»

жастар форумы



Университеттің бір топ белсенді жастары 27 қаңтарда Қазақстан 

Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың 

қатысуымен Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республика-

сы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің жетістігім - 

Тәуелсіздік жетістігі» атты жастар форумына қатысты. 

Форум аясында делегация мүшелері С.Бәйішев 

атындағы  Ақтөбе  университетінің  Жастар 

комитетінің  мүшелерімен  кездесті.  Форум 

А.Жұбанов атындағы университеттің Студенттер 

Сарайы ғимаратында өткен форум 900-ге жуық 

студент қатысты. 

А й м а қ а р а л ы қ   ф о р у м ғ а   Қ ы з ы л о р д а , 

Маңғыстау,  Атырау,  Батыс  Қазақстан  және 

Ақтөбе облыстарының жастарымен қатар Ресей 

Федерациясының Оренбург облысынан делега-

ция келді. 

Іс-шараның басты қонақтары қатарында Ақтөбе 

облысының  әкімі  Бердібек  Сапарбаев  және 

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  хат-

шысы Г.Әбдіқалықова болды.

Атырау облысы делегациясы мүшелері форум 

аяқталғаннан кейін Ақтөбе қаласының тарихи-

мәдени  нысандарымен  танысу  экскурсиясына 

қатысты. 



Данагүл ЖАЙЛАУБАЕВА, 

форум делегаты, 

Жастар саясаты департаментінің 

директоры

Жастар сайлауды 

қолдайды

Биылғы жылы 20 наурызда Мәжіліс депутаттарының кезектен 

тыс сайлауы өтетінін бәріміз білеміз. Әлемдегі өзгерістер аясында 

сайлау өткізу кезек күттірмес маңызды шешім. Себебі, нарықтағы 

туындап отырған экономикалық ахуал осыған итермелеп отыр. 

Жаһандық сындар алдында еліміздің өзіндік жауап қайтаруының 

бірі болып, қолдағы бар қаржының шашауын шығармай үнемді 

пайдалану, келешектің кілті болар жоспарлы науқандарды да ша-

шауын шығармай өткізу.

Осы тұрғыдан алғанда, Пар-

ламент  Мәжілісінің  сайлауын 

өткізу өте орынды мәселе және 

бұны еліміздің жастары да, Халел 

Досмұхамедұлы атындағы Аты-

рау мемлекеттік университетінің 

студенттері де қызу қолдайды деп 

білемін. Жағдай ушыққанда әрекет 

етуді емес, алдын ала ойластырып, 

қиындықтан қысылмай өтудің жо-

лын ойластырған, әлбетте, ұтады. 

Елбасымыз-  Қазақстан  Респу-

бликасы Президенті Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың осынау 

қадамға  баруының  астарында 

да  ұтылып  қалмаудың,  ұлтын 

үлкен жеңіске жетелеудің мақсаты 

жатқаны анық. 

Осыдан шығар болсақ, мәжіліс 

пен  маслихат  сайлауының 

бірге  өтуінің  тиімділігі  өте 

зор. Өйткені, дағдарыс кезінде 

Қазақстан  үшін  әрбір  ұтымды 

ой,  еліміз  үшін  пайдасы  зор 

бастамалардың  бірі  болмақ. 

Сайлаудың маңызын халық та, 

сайлауға  қатысатын  кандидат-

тар да, сайланған депутаттар да 

терең түсінуі тиіс. Біз, жастар – 

болашақ  үміткерлер арасында 

ел  үшін  еңбек  ететін,  халық 

мүддесін  қорғайтын  тұлғалар 

болғанын  қалаймыз.  Әсіресе, 

дүниежүзілік  қаржылық-

экономикалық  дағдарыстың 

елімізге  тигізіп  жатқан  теріс 

әсерінің алдын-алу мақсатында 

да халықтың өзі таңдайтын пар-

тия депутаттары біраз қажетті іс-

шаралар атқарады деп сенеміз.

Жастар  -  елдің  болашағы, 

м е м л е к е т т і   а л ғ а   қ а р а й 

жетелейтін үлкен стратегиялық 

күш.  Елбасымыз  айтқандай, 

«Жастары мықты ел - мәңгілік 

ел  бола  алады».  Ендеше, 

Қазақстан  жастары  болып, 

сайлауға атсалысайық.

Әсел КЕНЖЕТАЙ,

Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік 

университетінің

баспасөз хатшысы


МЕРЕКЕ

Баянсұлу


Сұлу хатшы Баянсұлу

Түнде, таңда, әрқашанда

Баянсұлу - ояу сұлу.

Университет жайлы

Ақпаратты жатқа соғып,

Жаяр сұлу - Баянсұлу!

Айсұлу

Бізде, білсең, сұлулар көп,



Соның бірі - ол - Айсұлу!

Әдебиет аймағында

Ширегіне келмейді оның

Талай сұлу, талай сұлу!

Шәкірттерін уысында.

Ұстайды ол өлең үшін.

Айсұлудың әр дәрісі - 

Тұңғиық та өрелі шың!

Ажар

Алдаспандай жарқылдап,



Сөйлегенде сөз алып.

Кір - қоқыстан кетеді

Көкірегі тазарып.

Мына биік аспанды 

Кеудесімен тіреп тұр.

Микрофон тисе қолына

Болмай қалар бұл маңда,

Одан асқан лектор! 

Күләш

Кітабымен Мағжанды



Атырауда сайратты.

Мақала жазбайтын

Талайды «жайратты»!

 Мерейлі жаста да

Болмайды кемуге!

Маржандай дүние

Жарқылдар 50 - де. 

Зумрат


Ракета бар бізде

Ұшатын зымырап.

Зулайды әр кезде

Сұлу қыз Зумрат.

Ұсынған жұмысты

Тастайды тындырып.

Зулаумен бір нәрсе

Алмасын сындырып!

Сәуле

Асықпай сызылып,



Келеді сұлу Сәуле.

Көңілдер бұзылып

Кейбіреу болады әуре!

Жай басып самарқау

Жүргендей бақшада.

Батыстан күн шығып,

Жайық теріс ақса да!

Шолпан


Жұлдызды халық ұнатқан

Жарқырап туған таңда.

Шолпан да бізді бастайды

Тек қана алға!

Басталды оның ғылымы - 

Дастаны бізде.

Болса екен дейміз әрқашан

Аспаны бізде!

София 

Үздік доктор бар бізде



Жұртты үйірген сәнімен.

Таңқалдырған шетелді

«Софмая» атты нәрімен.

Сұлу жүзі жарқырап,

Журналдарды жаулаған.

Төлегенді таңғалтқан

Қыз Жібектен аумаған.

Анарға


«Ай - хай» деген өз үйім,

Ойлап едім болса деп.

Ең болмаса Жиренше

Арманындай қонса деп.

Екі аяғың шықпайтын

Жатқаныңда көсіліп.

Берді Алла баспана

Көлемімен өсіріп.

Үмітіңді үзбедің

Алам дедің қалайда.

Алдамады нұрлы арман. 

Нефертити сияқты

Шалқай еркін сарайда!

Жақындасаң маңына

Сезесің бір жылылық.

Лебінен тарайды.

Бойындағы ұлылық.

«Софмаяның» даңқына

Континенттер елеңдеп.

Тамсанады алыстан

Бір - бір татып көрем деп.

Жүрсе дағы София

Шетелдікті таңқалтып.

«Софмаядан» ешқашан

Көрмегенбіз дәм татып.


ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

Шәкірт жүрегіне жол 

тапқан ұлағатты ұстаз

Ұстаздық - ұлы жол. Өйткені дәл осы салада ұлт болашағы 

тәрбиеленеді. Ал бүгінгі білім жүйесінің бағыты қалай? Кейінгі 

буынның беки түсуіне мұғалімдердің үлесі қандай? Осы жайында 

талай жыл білім беру көкжиегінде тер төккен тәжірибелі ұстаз, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 

қауымдастырылған профессоры, ҚР Білім және ғылым 

министрлігі ұйымдастырған дәстүрлі «Жоғарғы оқу орнының үздік 

оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы Бақытгүл 

Толыбекқызымен аз-кем сырласқан едік.

-Бақытгүл  Толыбекқызы, 

әңгімемізді  сіздің  балалық 

ш а ғ ы ң ы зд а н   б а с т а с а қ . 

Бала  күніңізде  кім  болуды 

армандадыңыз? Жалпы сіз фи-

зика пәнін өз қалауыңызбен 

таңдадыңыз ба, әлде өзгелердің 

ықпалы тиді ме?

- Әрине, мен бала кезімнен ба-

стап есеп шығаруға өте құмар 

болдым. Мұғалім болсам, өскелең 

ұрпаққа білім берсем деген ар-

маным  болды.  Сол  арманмен 

КазГУ-дің физика факультетіне 

түстім. Жалпы физика пәнін өз 

қалауыммен таңдадым. 

- Білім саласындағы бүгінгі 

күннің өзекті мәселесі не деп 

ойлайсыз?

- Менің ойымша, кез-келген елдің 

болашағы білім беру жүйесінің 

және  зиялылар  қауымының 

деңгейіне байланысты болатыны 

анық.  Олай  болса  білім  беру 

жүйесін тиімді құра білген ұлттың 

еңсесі биік, абыройы да жоғары 

болмақ. Сонымен қатар бүгінгі 

жаһанданған әлем бізден келешек 

ұрпағымыздың ғаламдық білім 

жарысында  бәсекеге  қабілетті 

болғанын талап етеді. Өйткені 

ұлтты  ұшпаққа  шығаратын 

маңызды сала - білім мен ғылым. 

Сондықтан да, менің пайымымша, 

білім саласында ғана емес, барлық 

бағытта да бүгінгі күннің ең өзекті 

мәселесі - жастардың ақыл-ой 

әлеуетін барынша дамыту, ұлттық 

сезімдерін ояту, патриоттық рухты 

қалыптастыру. Демек, ұстаз, от-

басы, қоғам арасында өзара тығыз 

ынтымақтастық орнаған жағдайда 

ғана білімді де білікті ұрпақты 

тәрбиелей алатынымыз сөзсіз. Бұл 

өз кезегінде баршаның мойнына 

үлкен жауапкершілік жүктейтіні 

белгілі.

- Ал, қазіргі жас мұғалімдерге 

қандай ақыл айтар едіңіз, оларға 

көбінесе  қандай  қасиеттер 

жетіспейді? 

-Қазіргі жас мұғалімдер, әрине, 

олар жан -жақты болып келеді. 

Өйткені заманға сай, технологияға 

сай қызмет етуде. Дегенмен, жас 

мұғалімдер көп еңбектенбейді. 

Шығармашылық табыстарға жету 

үшін әлі де ізденулері қажет.



-  Шәкірттеріңіздің  ара-

сында  өзіңіз  үміт  күтетін, 

жетістіктерімен ерекшеленіп 

жүргендері бар ма?

-Болашағынан  үміт  күтетін 

алғыр  жастар  бар.  Физика 

мамандығының 2-курс студенті 

Қабиден Қыдыр, 4-курс студенттері 

Еділжанқызы Фариза, Узагалиева 

Айсұлу  сияқты  студенттеріміз 

ғылыми-тәжірибелік конференци-

яда өз белсенділіктерін танытып, 

жетістікке жеткен болатын.



-  Сіз  үшін  бірінші  орында 

отбасыңыз ба, әлде жұмысыңыз 

ба?

-Жұмысым менің екінші от-

басым.  Жұмысым  мен  үшін 

маңызды. Сондықтан отбасы мен 

жұмысты бөліп алып қарау қиын. 

Дегенмен, әрине отбасы бірінші 

орында болу керек. 

- Үлгілі және жан-жақты ана 

мен жар болудың құпиясымен 

бөлісе аласыз ба?

-Отбасындағы  ең  басты 

құндылықтар - өзара түсіністік, 

өзара қолдау мен көмек, - деп 

ойлаймын. Мен ананың аяулы 

алақанын, әкенің асқаралы сүйеуін 

сезініп өскен жанмын. Әкем мен 

шешем әрдайым біздің тату-тәтті 

болып,  бір-бірімізге  қолұшын 

беруіміз керектігін түсіндіріп оты-

ратын. Осындай отбасында әдеп-

инабат, адалдық пен ақпейілдік 

үстемдік етеді. Үлгілі және жан-

жақты  ана  мен  жар  болудың 

құпиясы осында ма деп ойлаймын.

- Баланы тәрбиелеуде қандай 

көзқарастарды  ұстанасыз? 

Өзіңізді қатал немесе өте жұмсақ 

анамын деп айта аласыз ба?

-Меніңше, кез келген бала үшін 

ата-анасы - ол құрылысшы бола 

ма, яки ғалым, академик, жазушы 

бола ма - әркімнің өз ата-анасы 

өзіне ардақты, өзіне әулие ғой. Әке 

мен ана баланы бірге тәрбиелеу 

керек, себебі бала тәрбиесіндегі 

әкенің орны ерекше. Әкенің қатал 

талабын және тәрбиесін көрген 

бала ертең қоғамда да, өз отба-

сында  да  шешуші  тұлға  бола 

алады. Әке қашанда баланы сөзбен 

емес, өзінің ісімен тәрбиелеуі тиіс 

Менің де әкем солай. Әкемнің 

сондай  сыйлы,  құрметті  бо-

луы тек ұрпағына ғана емес, ар-

тында қалған ағайын-туған, ел-

жұртына мерей, мақтаныш. Әке-

шешемнің арқасында қазақтың 

игі жақсыларын көрдім, солардың 

ғибратын  тыңдадым.  Қазақта 

«көргені  жақсы»,  «көргенді 

жердің баласы» деген сөз бар. 

Мен  сол  көргені  жақсының 

қатарынанмын. Анам екеуі ерлі-

зайыпты өмірдің тамаша үлгісін 

көрсетті. Ол дегеніңіз, көкірек көзі 

бар, тағылым аламын деген балаға 

таптырмайтын үлгі-өнеге емес пе? 

Бойыма сусындаған тәрбиені енді 

балаларыма берудемін. Өз басым 

қатал анамын деп айта алмаймын. 

-Бос уақтыңызда әлеуметтік 

желілерде отырасыз ба?

-Әрине отырамын. Теледидар 

қарауға уақыт болмағандықтан 

ақпарат  тарататын  сайттарды 

оқып,  соңғы  жаңалықтармен, 

әсіресе, саяси жаңалықтармен та-

нысып отырамын.

-Жұлдыз-жорамалға сенесіз 

бе?

-Бұл мүлдем дұрыс емес деп 

кесіп айтудан аулақпыз, әрине. 

Алайда, «жұлдыз-жорамал» деп 

аты айтып тұрғандай, бұл жай ғана 

болжам, жорамал болғандықтан, 

оның жүз пайыз сәйкес келетініне 

ешкім  де  кепілдік  бермейді. 

Сондықтан, өз-өзімізді орынсыз 

алдамай,  жұлдыз-жорамалды 

тек  болжам  ретінде  ғана 

қабылдағанымыз жөн. 



- Әңгімеңізге рахмет. Болашақта 

көптеген шығармашылық та-

быс тілеймін. Шәкірттеріңіздің 

құрметі мен махаббатына бөлене 

беріңіз. 

Сұхбаттасқан

Әсел КЕНЖЕТАЙ

Сұлулардың сұлуы

Таныңыздар Бақытты

Оны күнде көрсем деп

Жойып жүрмін уақытты!

Жібектей сөзі есілген,

Естіледі мақпалдай.

Ал жүзіне қарасаң,

Атқан жаңа ақ таңдай!

Жалт - жұлт еткен

көз қандай,

Шыңыраудың мөлдірі.

Үлбіреген тамағы

Қас сұлудың өндірі.

«Қыз жібек» деген клубын

Шырқатады жырындай.

Көріктінің талайын

Көргің келсе жұлындай.

Сол клубка жігіттер

Сығалайды есіктен.

Махаббат жайлы сөздерді

Талайлары есіткен.

Бақыт, қыздың бақыты - 

Жігіттер ғой мәңгілік.

Оларды да шақырып,

Өткізсейші жандырып,

Өмірлерін ән қылып.

Бақыт


Көзі тұздай бір қыз бар,

Оның аты - Ақмарал.

Көргің оны келсе егер.

Кітап деген баққа бар!

Мұқағали өлеңін

Жатқа соғар ғаламат.

Елемейді көлемін,

Тақырыбын салалап.

Жырға әуес ұл - қыздар

Жүрер оның қасында.

Үйіреді маңына

Таланттарды расында.

Қамалайды айнала

Ақын біткен жан - жағын.

Кеш өткізіп жатады

Күмбірлетіп залдарын.

Шәкірттерді Ақмарал

Кітабына жақын қып.

Жіберер - ау бәрін де

Ылғи ұлы ақын қып.

Ақмарал

Әріптестерге арналған достық өлеңдер авторы



Қадыр Жүсіп, идеясы - Қылышбай Сүндетұлы

ЖАҢАЛЫҚТАР

НОВОСТИ

NEWS 

Университет қонағы 

-Аңсаған Мұстафа

Кезде суге  «Ақ  бо саға» 

газетінің бас редакторы Шолпан 

Ұғыбайқызы,  Атырау  облысы 

тарихи-өлкетану мұражайының 

басшысы  Харипова  Рашида 

Ерімқызы, «Қыз Жібек» қыздар 

клубының  мүшелері,  дизайн 

және  бейнелеу,  журналистика 

мамандықтарының студенттері 

қатысты.

 Ғаламторға салған суреттері 

арқылы әлемге танымал болған 

талант  иесі,  қазақтың  сана-

улы иллюстраторларының бірі, 

өзіміздің  жерлесіміз  Аңсаған 

Мұстафа студенттермен кездесуге  

әлеуметтік тақырыптарға арналған 

«Сөйле, сурет!» атты  графикалық 

суреттерінің біразын ала келіпті.

Талантына  ең  бірінші  куә 

болған, өнерінің өрге жүзуіне өз 

ақыл-кеңесін берген, автордың 

ең алғаш еңбек жолын бастаған 

«Ақ  босаға»  газетінің  бас  ре-

дакторы, Мұстафа Аңсағанның 

анасы Шолпан Ұғыбайқызының 

айтуынша,  оның  қазақ  жаста-

рына арнап салынған суреттері 

түрік,  жапон,  грузин,  қырғыз, 

ағылшын,  орыс  және  тағыда 

басқа  оншақты  тілдерге  ауда-

рылып, әлемді  шарлап кеткен. 

Өзінің 11 жасында-ақ “Ақ босаға” 

газетінде еңбек етіп, қоғаммен ер-

терек араласа бастаған. Басылымда 

әлеуметтік мәселелер көтерілетін 

болғандықтан, барлық суреттері 

өмірден алынған екен. Әсіресе жас 

қыздардың жүкті болуы, отбасылық 

жанжалдардың бала санасына кері 

әсері, ғаламторға тәуелділік және 

т.б көптеген әлеуметтік мәселелерді 

тақырып  етіп,  қылқаламымен 

көрерменнің санасына жеткізе 

білді, - дейді анасы.

Кеш  барысында  әлеуметтік 

желі арқылы автордың өнеріне 

тәнті  жастар,  Досмұхамедов 

университетінің  белсенді 

студенттері толғандарып жүрген 

сұрақтарын қойып, үздік сауал 

иелері  Аңсаған  Мұстафаның 

қолтаңбасы бар арнайы футболкаға 

ие болды. 

Жиын соңында қатысушылар ав-

тормен фотосуретке түсіп, естелік 

сыйлықтар тарту етті.

11  ақпан  күні  универси-

тет студенттері «Сөйле, сурет» 

аталған  Аңсаған  Мұстафаның 

жеке көрмесін «Атырау» сауда 

орталығынан тамашалады. 

Әсел КЕНЖЕТАЙ

Оператор шеберлігі - 

үлкен өнер

27 ақпан күні Х.Досмұхамедов атындағы 

Атырау мемлекеттік университетінің 

медиаорталығында «Журналистика» 

мамандығының студенттеріне арналған 

шеберлік сыныбы өтті. Бұл кезде-

су студенттердің тележурналистика 

саласындағы  кәсіби біліктілігін арттыру 

мақсатын көздеді.

Болашақ  телеоператорларға 

арналған,  жалпы  тележур-

налистиканы  таңдаған  жа-

стар  үшін    шеберлік  сыны-

бын  облыстық  «Қазақстан-

Атырау» телеарнасының білікті 

маманы,  тәжірибелі  телеопе-

раторы  Тілекқабыл  Ғұмаров 

өткізді.  Оның  айтуынша,  те-

левизия  туындыларының 

көркемдік  сапасын  артты-

руда телеоператорлық өнердің  

алар  орны  айырықша.  Жеке-

леген  бейнелерді  лайықты 

әрі  кәсіби  жоғары  деңгейде 

түсірудің өзі камераны  дұрыс 

орналастырудан,  сурет  ны-

саны  мен  камера  екеуінің 

арасындағы  қашықтықты  дәл 

сәйкестіруден,  түсіру  нүктені 

нақты  белгілеуден  басталатын 

күрделі өнер.  Көрермен назарын 

эфирге  аудару  үшін,  бейнеба-

янды жандандырып, мазмұнын 

тереңдету үшін жекелеген бей-

неден  басқа  понарамалық, 

ракурстық,  «наезд»,  «отьезд» 

тәсілдерін  пайдалану  сияқты 

тәжірибелерімен  бөлісе  оты-

рып,  журналисттің  идеясын 

көрерменге  нақты  әрі  әдемі 

көрсетуде    телеоператордың 

ат қ а р ат ы н   р ө л і   е р е к ш е 

екендігіне тоқталды. 

Тәжірибиелі телеоператордың 

шеберлік сыныбы студенттердің 

теле  журналистикаға  деген 

қызғушылығын арттыра түсті.

Жастар Мұқағали өлеңдерін жатқа оқыды

4  ақпанда  ғылыми  кітапхана  мен 

гуманитарлық  ғылымдар  және  ше-

тел  тілі  факультеті  студенттерінің 

ұйымдастыруымен «Мұқағали - мәңгілік 

ғұмыр» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Шара  барысында  ғылыми  кітапхана 

директоры А.Даутқұлова ақын жөнінде 

мағлұмат беріп, ақынның өз дауысымен 

жазылған «Пай, пай өмір» атты бейнеро-

лик көрермендер назарына ұсынылды. 

Гуманитарлық  ғылымдар  және  шетел 

тілдері факультетінің жанынан құрылған 

«Нұр» жас ақындар клубының мүшелері 

ақиық  ақынға  арналған  жүрекжарды 

өлеңдерін  арнаса,  өзге  студенттер 

ақынның өлеңдерін оқыды. 

Ақынға арналған кеш 9 ақпанда уни-

верситет фойесінде жалғасты. Көркемсөз 

шеберлерінің байқауы түрінде өткен бұл 

шараның  мақсаты  қазақ  поэзиясының 

Хаңтәңірі  атанған  Мұқағалидың 

қайталанбас қасиеттерін оқырмандарға 

насихаттау,  ақын  шығармаларының 

идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, өлеңді 

мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру бо-

латын. 


Педагогика  кафедрасының  доценті 

Айдар Сабыров ақын шығармашылығы 

туралы  өз  ойымен  бөліссе,  педаго-

гика  және  психология  факультетінің 

оқытушысы  Баршагүл  Стамгазиева 

ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

Ал,  республикалық  «Абай  оқулары» 

байқауының  жеңімпазы,  Мұқағалидың 

100-ден аса өлеңін жатқа білетін Нагимова 

Ақерке ақынның бірнеше өлеңін оқып, 

көрермендерді  ақын  шығармаларымен 

сусындатты.

Шараға  қатысқан  белсенді  студент-

тер Нагимова Ақерке, Абат Арман, Зи-

неденов  Еркебұлан,  Таушова  Назгүл, 

Таңатаров Қуаныш, Зайдуллина Кәмшат, 

Мерей  Арыстан,  Орынбасаров  Рахым-

жан, Қайдаров Ринат университетіміздің 

ректорының  Алғыс  хатымен  марапат-

талды. 


«Поэзия!  Менімен  егіз  бе  едің?» 

атты  кітап  көрмесі  мен  бейнебаян  да 

көрерменге мол мағлұмат берді. 

18  ақпанда  осы  бағытта  жоғарғы 

о қ у   о р н ы н а   д е й і н г і   д а й ы н д ы қ 

факультеті Қытай, Өзбекстан, Монғолия 

мемлекеттерінен  келген  тыңдаушылар 

арасында «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» 

атты  музыкалық-шығармашылық  кеш 

ұйымдастырды.  Кеште  ұлы  ақынның 

ш ы ғ а рм а ш ы л ы ғ ы н а н   т а ң д аул ы 

өлеңдері  оқылып,  әндері  шырқалды. 

Сондай-ақ, Қытай мемлекетінен келген 

тыңдаушылар  арасынан  Талап  Ерзат, 

Бағдат Тілектер өздерінің жүрекжарды 

өлеңдерін  ақынның  рухына  арнады. 

Кешке  гуманитарлық  ғылымдар  және 

шетел тілдері факультетінің деканы, про-

фессор А.Ахмет, университеттің №2 оқу 

залының кітапханашысы Н.Умбеталиева, 

жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық 

факультетінің  деканы  Б.Асановалар 

қатысып, ақын шығармашылығы туралы 

өз ойларымен бөлісті.



Баспасөз қызметі

10 ақпанда  Х.Досмұхамедов атындағы Аты-

рау мемлекеттік университетінің «Жайық» 

мәдени-спорт кешенінде белгілі қылқалам 

шебері, иллюстратор, блогер Аңсаған 

Мұстафаның әлеуметтік тақырыптарға 

арналған «Сөйле, сурет! » атты университет 

жастарымен кездесу кеші өтті. 

Биыл қазақтың әйгілі лирик ақыны Мұқағали 

Мақатаевтың туғанына 85 жыл. Осыған орай оқу ор-

нында бірқатар арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. 

ФАКУЛЬТЕТ 

ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

НОВОСТИ ФАКУЛЬТЕТОВ

АТЫРАУЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛДЫ

Семинарды  Досмұхамедов 

университетінің ректоры, про-

фессор Бейбіт Баймағамбетұлы 

Мамраев  салтанатты  түрде 

ашып,  қатысушыларға  кур-

сты  өткізетін  Қазақстан  Ре-

спубликасы  мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты, педаго-

гика  ғылымдарының  докторы, 

профессор Құсайынов Асқарбек 

Қабыкенұлын таныстырды. 

А.Құсайынов  Қазақстан 

Педагогикалық  Ғылымдар 

Академиясының  президенті, 

«Вестник» АПНК журналының 

бас  редакторы,  Ресей  білім 

академиясының шетелдік мүшесі, 

5  отандық  және  халықаралық 

академиялардың  академигі, 

бірқатар жоғары оқу орындарының 

«Құрметті профессоры», еліміздің 

білім беру саласы бойынша та-

нымал  маман.  40-қа  тарта 

монографиялардың, оқулықтар 

мен оқу құралының, 9 кітаптың, 

300-ден аса ғылыми және мерзімді 

басылымдарда  жарық  көрген 

мақалалардың  авторы  Асқар 

Құсайынов университетіміздің 

кітапханасына  өзінің  бірнеше 

құнды кітаптарын сыйға тартты.

Сонымен  қатар  профессор 

А.Құсайынов университет рек-

торы Бейбіт Баймағамбетұлына 

Қазақстанның  Педагогика 

ғылымдарының Академиясының 

толық мүшелігі туралы куәлікті 

табыс етті.

Қазақстандағы салыстырмалы 

педагогика ғылымдарының негізін 

салушы Асқар Қабыкенұлы се-

минар барысында еліміздегі орта 

білім берудің ағымдағы жағдайына 

талдау  жасап,  мектепте  білім 

беру сапасын жақсарту бойынша 

әлемдік тәжірибеге шолу, білім 

сапасының негізгі принциптері, 

оқытудағы даралық ерекшеліктер 

мен даму деңгейін диагностикалау 

тақырыптарына тоқталды. 

Курсқа жоғарғы оқу орнының, 

колледждердің  оқытушылары, 

мектеп  мұғалімдері,  маги-

странттар  мен  студенттер,  Ба-

тыс Қазақстан облысынан келген 

мұғалімдер қатысты.

Тыңдаушыларға ҚР-ның Педаго-

гика ғылымдары академиясының 

сертификаты тапсырылды.

Ун и в е р с и т е т   Ғ ы л ы м 

кеңесінің шешімімен Асқарбек 

Қабыкенұлына Х.Досмұхамедов 

университетінің Құрметті профес-

соры атағы берілді. 



Әсел КЕНЖЕТАЙ

18-19 ақпанда  университетте «Орта білім 

беру сапасын арттыру проблемалары және 

оларды шешу жолдары» тақырыбында 

атыраулық педагогтарға арналған екі 

күндік біліктілікті арттыру курсы өтті.  

СТУДЕНТТІК ДЕКАНАТ ЖАРАДЫ

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің апталығы 

аясында Атырау қаласының №15, 19 орта мектептерінің 

оқушылары факультетке келіп, мамандықтармен та-

нысты. Мектеп оқушыларын факультеттің студенттік 

деканаты қарсы алып, университетпен таныстырды.  

Факультет  жетістіктері  көрмесі  ұсынылып,  ви-

деоролик  көрсетілді.  Мектеп  оқушылары  геогра-

фия  кафедрасының  аға  оқытушысы  Е.С.Қабиевтің 

«Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған аймақтар» 

тақырыбындағы интерактивті дәрісін тыңдады. 

УНИВЕРГЕ САЯХАТ

2016 жылғы 1 ақпан күні Х.Досмұхамедов атындағы 

Атырау  мемлекеттік  университетінің  гуманитарлық 

ғылымдар және шетел тілдері факультетінде факультет 

апталығы аясында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

«Ашық  есік  күніне»  №23  және  №34  мектеп 

оқушылары  қатынасты.  Шара  барысында  кафедра 

меңгерушілері оқушыларға өз мамандықтары бойынша 

ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушыларға универси-

тет пен факультет ішіне экскурсия ұйымдастырылды. 

Оқушылар шарадан жақсы әсер алып тарқасты.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА 90 СТУДЕНТ ҚАТЫСТЫ

2016 жылғы 15 ақпанда психология және педагогика 

факультетінің апталығы аясында «Педагогика» кафедра-

лабораториясының ұйымдастыруымен «Білімді жастар 

– жарқын болашақтың кепілі» тақырыбындағы маги-

странттар мен студенттерге арналған факультетішілік 

ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Конференция 3-секциядан құралды:

1-секция: «Мектепке дейінгі және бастауыш білім 

берудегі инновациялық технологиялар»;

2-секция:  «Мәңгілік  ел»  идеясы  мән-мәтініндегі 

психологияның өзекті мәселелері;

3-секция: «Еліміздің тәуелсіздік жылдары: білім мен 

тәрбие».


Конференцияға секция бағыттарына сай 90-ға жуық 

баяндама  түсті.  Конференцияны  университеттің 

ғылыми  жұмыстар  және  халықаралық  байланыстар 

жөніндегі  проректоры  С.Н.Идрисов  кіріспе  сөзбен 

ашып, студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы болашақ 

өмірлеріне нақты бағдар беретіндігіне назар аударды. 

Сонымен қатар конференцияға факультет деканы, 

п.ғ.к.,  доцент  Л.Е.Қойшығұлова  қатысты.  Конфе-

ренция  жұмысын  жүргізген  «Педагогика»  кафедра-

лабораториясының  меңгерушісі,  п.ғ.д.,  профессор 

Ш.И.Джанзакова іс-шараны қорытындылап, жастардың 

ғылыми ізденістеріне сәттілік тіледі.



ӨНЕРЛІ СТУДЕНТТЕР КІШІ ӨНЕР

АКАДЕМИЯСЫНА БАРЫП КЕЛДІ

17  ақпан  күні  өнер  және  спорт  факультетінің 

апталығы  аясында  аталмыш  факультет  студенттері 

Н.Тілендиев  атындағы  кіші  өнер  академиясында 

оқушыларға  кәсіби  бағыт-бағдар  беру  бойынша 

«Болашаққа - жарқын жастармен» атты кездесу өткізді. 

Кездесу  барысында  музыка  және  өнер,  бейнелеу 

өнері және дизайн кафедрасының студенттері өздерінің 

төл туындылары, қиялдарынан шыққан көздің жауын 

алар  сән  үлгілерін  көрсетіп,  көркемөнерпаздар  өз 

өнерлерін ұсынды.

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДАР -

ФИЗМАТТА

2  ақпан  күні  физика,  математика  және 

ақпараттық  технологиялар  факультетінде 

«Стандарттау,  сертификаттау  және  метроло-

гия»  мамандығының  3  курс  және  «Матема-

тика» мамандықтарының 1 курс студенттерінің 

ұйымдастыруымен «Алтын сапа» тақырыбында 

интеллектуалдық  ойын  және  «Достық  -  асыл 

қазына» атты семинар өткізілді.

Интеллектуалдық ойында студенттер білімімен 

қатар,  ойлау  қабілеті,  шапшаңдығы  және 

кәсіпкерлік қабілеттерін көрсете білді. 

Ал, студенттерді шынайылыққа, адамгершілікке, 

әдемілікке,  қарапайым  және  адал  дос  болуға 

тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған семи-

нар жоғарғы деңгейде өтті.



ФАКУЛЬТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖЕТІСТІГІН НАСИХАТТАДЫ

Университетте  Жастар  са-

я с ат ы   д е п а р т а м е н т і   ж ә н е 

Медиаорталықпен  факультет-

тер  апталығы  ұйымдастырылды. 

Апталық мақсаты- университетте 

студенттік  өзін-өзі  басқаруды 

дамыту,  белсенді  студенттік 

к ө ш б а с ш ы л а р д ы   а н ы қ т ау, 

студенттік  ұйымдар  қызметінің 

ұйымдастырылуын  алға  қою. 

Осыған  орай  Экономика  және 

құқық факультетінің апталығы 2016 

жылдың  8-12  ақпан  аралығында 

факультет студенттік деканатының 

ұйымдастыруымен  болып  өтті. 

Бірінші күні «Білімді өнерлі жастар-

болашақ кепілі» атты апталықтың 

ашылу салтанаты, Ашық есік күні 

ұйымдастырылса,  апталықтың 

қалған  күндері  «Угадай  мело-

дию»  сайысы,  «Эрудит»  ақыл-ой 

интеллектуалдық  сағаты,  «Сала-

уатты өмір-көтеріңкі көңіл» атты 

эстафета ойындарымен жалғасты. 

Апталық барысында Елбасының 

Қазақстан  халқына  жолдауын 

талқылау  мақсатында  «Ұлт  жо-

спары- Қазақстандық арманға ба-

стайтын  жол»  атты  ашық  сабақ, 

«Қазіргі  жастар  қоғамындағы 

технологиялық  прогрестің  әсері» 

дебаты жоғары деңгейде өтті. 

Ф а к у л ь т е т т і ң   б е л с е н д і 

студенттерімен ұйымдастырылған 

апталық  студенттік  деканат 

қызметін  жақсы  жағынан  на-

сихаттап,  болашақ  мамандар-

мен  студенттік  өмірдің  қиын  да 

қызықты шақтарын әсерлі көрсетіп 

берді.

ФАКУЛЬТЕТТЕР АПТАЛЫҒЫ


УНИВЕРСИТЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Газет «Атырау-Ақпарат»

ЖШС баспаханасында

басылды. Тапсырыс № 284

Баспаның мекен-жайы:

Атырау қаласы,

Ж.Молдағалиев көшесі, 29А үй

Тираж 1000 дана

Қазақстан Республикасы

Атырау каласы

Студенттер даңғылы, 212

Әсел Кенжетай

Көңілді старт

Университ факультеттері апталығы аясында «Жайық» мәдени-

спорт кешенінде  «Көңілді старт» спорттық-сауықтыру іс-шарасы 

өтті. Сайысқа «Тұлпар» және «Жалын» топтары қатысты. Сайысқа 

қатысушылар  баскетбол,  футбол  тәсілдерімен  эстафета,  жеңіл 

атлетикалық  кедергілерден  жоғарыдан,  төменнен  жүгіріп  өту, 

гимнастиқалық  төсеніштен  алға  қарай  домалау,  шығыршықпен 

жүгіру, «тоннель» эстафетасы, лекте допты жарыстыру, аударыспақ, 

теңге алу, әуедегі таяқ, құрамдастырылған эстафета, яғни  баскетбол 

добын аяғына қысып бағанаға дейін жүгіру, кері қарай секірмемен 

жүгіру сияқты спорттық ойындар бойынша жарысты. 

Сонымен қатар 1 курс студенттері арасында салауатты өмір сүру 

салтын насихаттау, достық пен сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында 

спорттық  гимнастикадан  өткен  жарыс  та  ерекше  әсерлі  болды. 

Жарысқа 175 студент қатысты. 

Нәтижесінде  III  орынды  «Қаржы»  мамандығының  109-топ 

студенті Еділ Айгерім, II орынды «Қаржы» мамандығы 110-тобының 

студенті  Рахимова  Диана,  I  орынды  «Тарих»  мамандығының 

102-тобының студенті Асқарова Жанар жеңіп алды. 

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мадақтамалармен 

және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды. 

Палуандар

жарысы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің  



«Жайық» мәдени-спорт кешенінде университет студенттері ара-

сында «Қазақша күрестен» жарыс өтті.

Досмұхамедов университетінің студенттері арасында өткен бұл 

жарыс 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай 

ұйымдастырылды. Жарысқа барлық факультеттерден 55, 60, 66, 74, 

82 кг. салмақ бойынша 39 палуан қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша Азимов Асланбек – III орынды, 

Зинолла Ақылбек -  II орынды, Чапаев Асқар - I орынды жеңіп 

алды.  Университет  палуаны  атанған  жігіттерді  жеңістерімен 

құттықтаймыз!

Жарыстың жабылу рәсімінде сөз алған университет ректоры, про-

фессор Б.Б.Мамраев спорттың жастардың өз уақытын тиімді пайда-

лану, денсаулығын шыңдау үшін аса маңыздылығын атап өтті. Соны-

мен қатар аталмыш сайысты ұйымдастырған спорт кафедрасының 

оқытушысы Рафаэль Хабировке алғысын білдірді. 

Оқу орнының дамуына, оның ішінде спорттық білім беру саласына 

үлес қосқан еңбек ардагері Қадырханов Бисенбай Қадырханұлы 

«Спорт ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Ұжым атынан Би-

сенбай Қадырханұлын марапатымен құттықтаймыз!

Баспасөз қызметі

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!



Х.Досмұхамедов 

атындағы

Атырау мемлекеттік 

университетінің «Дене 

тәрбиесі және спорт» 

мамандығының І курс 

студенті Назым

ИЩАНОВАНЫ

Астанада әйелдер

боксы бойынша өткен 

ел чемпионатының 

алтын алқасын 

иеленуімен 

шын жүректен 

құттықтаймыз!

Спартакиада өте тартысты, әрі 

қызықты өтті. Әсіресе, баскет-

бол, футбол, арқан тарту, волей-

бол түрлерінен қатынасушылар 

өткен жылғымен салыстырғанда 

өздерінің дайындық деңгейінің 

жоғарғы сапада екенін көрсете 

білді. Жалпы техникалық және 

тактикалықты  дайындықты 

көрс ете  білген  команда-

лар  қатарына  баскетболдан, 

шахматтан,  үстел  теннисінен 

«Өнер және спорт» факультетін, 

мылтық  атудан  шаруашылық 

д е п а р т а м е н т і н ,   ж е ң і л 

атлетикалық  кросс,  волейбол, 

футболдан  ректорат  команда-

сын, арқан тартудан экономика 

және құқық факультетін ерекше 

атап өтуге болады. 

Спартакиада  қорытындысы 

бойынша төмендегі командалар 

жүлделі орындарға ие болды: 

І орын - Ректорат құрама ко-

мандасы.


ІІ  орын  -  Өнер  және  спорт 

факультеті.

ІІІ  орын  -  Гуманитарлық 

ғылымдар  және  шетел  тілдері 

факультеті.

Сонымен  қатар  үздік  ойын-

шылар да арнайы сыйлықтарға 

ие болды.

С юбилеем, уважаемый

Анатолий Владимирович!



Поздравляем

замечательного педагога,

наставника, профессора

Анотолия Владимировича БЛОХИНА

с 70-летием! 

Вы прошли большой профессиональный путь,

снискали уважение коллег по университету,

признание студентов. 

Вы всегда принимаете активное участие

в общественной жизни не только университета,

но всего региона. Мы высоко ценим Ваш

профессионализм и педагогическое мастерство. 

В этот особенный день желаем Вам оптимизма,

отличного настроения, крепкого здоровья!

Ректорат

Оқытушылар мен 

қызметкерлердің дәстүрлі 

спартакиадасы



Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 11 мен 21 аралығында Аты-

рау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары және 

қызметкерлері арасында дәстүрлі 64-ші спартакиада өткен бола-

тын. Спартакиада жарыстары баскетбол, волейбол, үстел теннисі, 

жеңіл атлетикалық кросс, арқан тарту, шахмат, футбол сияқты 

спорттың 8 түрінен өтті.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал