Биыл да мереке қарсаңында ауданымызда жылдағы үрдіс бойынша түрлі шаралар



жүктеу 381.64 Kb.

бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі381.64 Kb.
  1   2   3

Биыл да мереке қарсаңында ауданымызда 

жылдағы  үрдіс  бойынша  түрлі  шаралар 

ұйымдастырылды.  Осындай  маңызды  шара 

кент 


орталығындағы 

Ш.Ермағанбетова 

атындағы  №246  орта  мектепте  өтті.  Кейінгі 

буын  өкілдеріне  елімізге  егемендіктің  оңай 

келмегенін,  осы  жолда  қаншама  ғасырлар 

бойы  бодандық  бұғауын  бұзып  кете  алмай 

бұлқынған  бабаларымыздың  қан  мен  тері 

төгілгенін, 

Тәуелсіздіктің 

қадір-қасиеті 

мен  мән-мағынасын  жастардың  санасына 

сіңіріп,  олардың  бойында  патриоттық 

тәрбие  қалыптастыру  мақсатында  өткен 

«Желтоқсан  желі  ызғарлы»  тақырыбындағы 

мерекелік  шара  Тәуелсіздік  үшін  күрескен 

бабаларымыз 

бен 

қыршын 


кеткен 

жастарымыздың арман-мұратын жаңғыртты. 

Кешті  мектеп  директорының  тәрбие  ісі 

жөніндегі орынбасары Е.Жамалатов жүргізіп 

отырды. 

Мерекелік  шараның  шымылдығы  сах-

налық  қойылыммен  ашылды.  Қойылымда 

жоғары  сынып  оқушыларының  қатысуымен 

1986  жылы  желтоқсан  айында  еліміздің 

тізгінін  жат  жұртқа  беріп,  өзге  ұлттың 

өкілінің  билеп-төстеуіне  ашық  наразылық 

білдіріп,  алаңға  шыққан  қазақ  жастарының 

басына  қара  бұлт  үйірілген  сұрықсыз  кезең 

сәтті  суреттелді.  Сондай-ақ  қойылым 

барысында  Қайрат  Рысқұлбеков,  Ләззат 

Асанова,  Сәбира  Мұхамеджанова  және 

тағы да басқа сол жылдары жазықсыз жапа 

шегіп, құрбан болған өрімдей ұл-қыздардың 

алаңға  шыққандағы  «қазақ  елін  тек  қазақ 

ұлтының  өкілі  ғана  басқарсын»  деген  өр 

дауысты  талабы  мен  сот  алдында  да 

ажалдан  қаймықпай:  «Қайрат  деген  атым 

бар,  Қазақ  деген  затым  бар.  Еркек  тоқты 

құрбандық,  Атам  десең,  атыңдар»  деген 

қайсар  рухты  образдары  оқушылардың 

сомдауымен  барынша  шынайы  шығып, 

көрермендердің  жанарларына  жас  үйірді. 

Алайда,  сахналық  қойылымдағы  көрініс 

көпшіліктің  көңілін  жасытқан  жоқ,  керісінше, 

ел  егемендігі  үшін  бастарын  бәйгеге  тіккен 

қазақ  жастарының  ерлігі  рухтандырып, 

Тәуелсіздіктің  қадір-қасиетін  арттыра  түсті. 

Мерекелік кеште сөз алған мектеп басшысы 

Г.Құрманбаева  оқушыларға  еліміздің  басты 

мұраты,  ұлтымыздың  басты  құндылығы  – 

Тәуелсіздігіміздің  оңай  жолмен  келмегенін 

ұғындыруда  шараның  маңызы  зор  екенін 

айта келе, азаттық аңсап өткен бабалардың 

сан  ғасырлық  арманын  жүзеге  асырып,  ел 

еркіндігі  үшін  опат  болған  боздақтардың 

аманатын,  Тәуелсіз  мемлекетті  аяғынан 

тұрғызып,  әлемге  танытқан  Елбасының 

сенімін  ақтауға  шақырып,  мерекемен 

құттықтады.  Шара  барысында  мектеп 

оқушылары  мен  ұстаздар  патриоттық 

тақырыпта  ән  шырқап,  Тәуелсіздік  арқау 

болған ақындардың рухты жырларын оқыды. 

Қуат АДИС.

“АТАМЕКЕН” ЕҢБЕКШІЛЕРІ 

ҮШ АВТОКӨЛІК ИЕЛЕНДІ

ЕЛ ТЫНЫСЫ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЕРТЕҢІ АЙҚЫН

РУХТЫ ӨРЛЕТКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ



№101

(9174)

23 желтоқсан    

сәрсенбі 

2015 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ

ИНВЕСТОРДЫҢ ИГІЛІГІ

АУДАНЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНДІРІС КӨЗІ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДЕСЕК, БҰЛ САЛАДАҒЫ 

АУҚЫМДЫ ТІРЛІКТІ АТҚАРУДА АЛА ЖАЗДАЙ АТТАН ТҮСПЕЙ, ЕҢБЕК ЕТКЕН АЗАМАТТАРДЫҢ 

ҮЛЕСІ ЗОР. ЕЖЕЛДЕН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ БАР ЕҢБЕК АУЫЛЫНЫҢ СЫР МАРЖАНЫН 

ӨСІРУДЕ ЖЫЛДАР БОЙЫ ЖИНАҚТАҒАН ТӘЖІРИБЕСІ БАР. ҚАЗІРГІ ТАҢДА 90-НАН АСТАМ АУЫЛ 

ЕҢБЕККЕРЛЕРІ “АТАМЕКЕН” ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА ЕҢБЕК ЕТЕДІ. АТАЛҒАН 

ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНА АУЫЛ АЗАМАТЫ ШӘКИЗАТХАН ЫСҚАҚОВ БАСШЫЛЫҚ ЖАСАЙДЫ.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН 

НАЗАРБАЕВ МӘСКЕУ ҚАЛАСЫНДА 

ӨТКЕН ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРТЫ 

ҰЙЫМЫНЫҢ (ҰҚШҰ) ҰЖЫМДЫҚ 

ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ СЕССИЯСЫНА ЖӘНЕ 

ЖОҒАРЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

ОДАҚ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ.

Іс-шараға  Армения  Республикасының 

Президенті  С.Саргсян,  Беларусь  Респуб-

ликасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз 

Республикасының  Президенті  А.Атамбаев, 

Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, 

Тәжікстан  Республикасының  Президенті 

Э.Рахмон  және  Еуразиялық  экономикалық 

комиссия  алқасының  төрағасы  В.Христенко 

қатысты.


Кездесу  барысында  ЕАЭО-ға  мүше 

мемлекеттер  басшылары  одақ  қызметінің 

түрлі  аспектілері  мен  қазіргі  жұмысының, 

соның  ішінде  ұйымдастырушылық-кадрлық 

мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь тарапына 

және  жеке  А.Лукашенкоға  ЕАЭО  төрағасы 

ретінде  жыл  бойы  атқарған  жұмысы  үшін 

алғыс айтты.

Қазақстан Президенті біздің ел Еуразиялық 

экономикалық  одақтың  қызметіне  айрықша 

маңыз  беретінін,  бұл  одақ  оған  мүше 

мемлекеттердің дамуы үшін зор әлеуетке ие 

екенін атап өтті.

Әлемдік  экономикалық  конъюнктураның 

тұрақсыздығына  байланысты  2016  жылдың 

күрделі  болатынын  және  бізге  айрықша 

жағдайда  жұмыс  істеуге  тура  келетінін 

түсінеміз.  Қазақстан  интеграциялық  бірлес-

тігіміздің одан әрі дамуы үшін бар күш-жігерін 

салады және төрағалық еткен кезінде Шанхай 

ынтымақтастығы  ұйымымен  байланысты 

терең дету бағытында белсене жұмыс істей тін 

болады. Бұл біздің мүмкіндіктерімізді кеңей-

тіп,  ЕАЭО-ны  күшейтеді,  –  деді  Мемлекет 

басшысы.


Сонымен  қатар  іс-шара  барысында 

тараптар  Украина  мен  ЕО  арасында  2016 

жылғы  1  қаңтардан  бастап  еркін  сауда 

аймағы  іске  қосылатындығына  байланысты 

бірлескен іс-қимыл стратегиясын талқылады. 

Келесі  жылы  ЕАЭО  аясындағы  алыс-беріс 

тауарларын  электронды  декларациялауға 

көшуге шешім қабылданды.

Мемлекеттер  басшылары  Еуразиялық 

экономикалық одақтың 2016 жылға арналған 

бюджетін,  сондай-ақ  ЕЭК  алқасының  жаңа 

құрамы мен алқа мүшелері арасындағы мін-

деттер бөлінісін бекітті.

Халықаралық  ынтымақтастықты  дамыту 

мақсатында  ЕАЭО  мен  «Жібек  жолының 

экономикалық  белдеуін»  түйістіру  жөніндегі 

баяндама тыңдалды.

Отырыс  барысында  одақ  аясындағы 

автомобиль тасымалы саласын кезең-кезеңі-

мен  ырықтандыру  бағдарламасына  өзге-

рістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Сонымен  қатар  2016  жылы  одақтың 

Комиссия  алқасынан  басқа  барлық  орган-

дарына Қазақстанның төрағалық етуі жөнінде 

шешім қабылданды. 

Ең  алғаш  2005  жылы  іргесі  қаланған  “Атамекен” 

шаруа  қожалығы  бүгінде  он  жылды  артта  қалдырды. 

Уақыт  –  ең  әділ  төреші  дейтін  болсақ,  осы  мерзім 

аралығында  шаруашылықтың  ісі  ілгері  басып  келеді. 

Соның  бір  айғағы  –  биыл  1463  гектар  жерге  күріш 

егіп,  оның  әр  гектарынан  орташа  50  центнерден  өнім 

алынды.  Сонымен  қатар  160  гектар  ескі  жоңышқа 

күтімге  алынып,  260  гектар  жаңа  жоңышқа  егілді.

Шаруашылықтың  техника  паркі  түгелдей  жаңартылған. 

Еңбекақыға қарызы жоқ. Есесіне, еңбекшілердің 

басым  бөлігіне  еңбекақыдан  бөлек,  төмені-90 

мың теңгеден сыйақы берілген. 

Егін жұмыстарының қорытындысымен өткен 

жылы  еңбек  озаттары  екі  жеңіл  автокөлікті 

иеленсе, биыл үш азаматқа темір тұлпар табыс 

етілді. Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 

ауылдық  мәдениет  үйінде  ұйымдастырылған 

шарада ауыл әкімі Д.Алтынбаев және “Атамекен” 

шаруа  қожалығының  төрағасы  Ш.Ысқақов 

ауыл  тұрғындарын  Тәуелсіздік    мерекесімен 

құттықтады. 

Осыдан  соң  Ш.Ысқақов  ауылдың  шаруа-

шылық  жұмыстарына  еңбектері  сіңген,  бүгінде 

зейнеткерлік  демалысқа  шыққан  М.Өмірзақов, 

Р.Жұбатқанов,  Қ.Көзденбаев,  Ғ.Шарападинова 

секілді  аға-апаларға  алтын  сағат  тағып, 

иықтарына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.  

Ал  отыздан  астам  еңбек  озаттары  “Алғыс 

хаттармен”  марапатталып,  олардың  әр-

қайсысы  қабырғалық  теледидар,тоңазытқыш, 

газ  плитасы,  бөлме  жихаздары  сияқты 

баға лы  сыйлықтарды  иеленді.  Ал  ерекше 

еңбегімен  танылған  Жеңіс  Сәтенов,  Дастан 

Мұратбаев,  Мұхтар  Бимахановтарға  жеңіл 

автокөліктер сыйға тартылды. 

Сондай-ақ ауылдағы М.Байділдаев атындағы №232 

орта  мектептің  отыз  оқушысына  Астана  қаласындағы 

шырша мерекесіне қатысуға жолдама берді. Мектептің 

спорт  залына  волейбол,  баскетбол,  футбол  доптарын 

сыйлады.

  Ауылдағы  “Батыр  аналар”  ансамблі    өздерінің 

тарапынан  ауыл  азаматы  Ш.Ысқақовтың  отбасына 

ұлттық қолөнер бұйымдарын тарту етті.

Мерекелік шараға  шаруашылық төрағасының арнайы 

шақы руымен келген “Қорқыт құрамасы” Қызылорда КТК 

өнер көрсетіп, думанды кештің ажарын аша түсті. 

Ғ.ӘБІЛДА.

Дүйсенбі  күні  Қызылорда  қаласы  орталық  алаңда  жаңа 

жыл мерекесінің шырайын келтіріп, айшықтай түсетін шырша 

шамы  жағылды.  Оған  облыс  әкімі  Қырымбек  Көшербаев 

қатысып,  жиналғандарды    табалдырығымыздан  аттағалы 

тұрған  жаңа  жылмен  құттықтады.  2015  жылы  аймағымызда 

атқарылған  айтулы  істерді  тілге  тиек  етіп,  келер  жылда  да 

аймақ мерейінің арта түсуін тіледі.

– Мереке мен мейрам адам өмірінің сәні. Өткенге салауат 

айтып, ертеңге тілек айтатын ерекше уақыт. 2015 жыл тұтас 

ел үшін соның ішінде Сыр елі үшін сыны мен сәні қатар жүрген 

жалпы алғанда жетістігі мол жыл болды. Күріштен рекордтық 

өнім алдық. Өңдеу өнеркәсібі төрт есеге өсті. Құрылыс көлемі 

3,5 есе артты. Қызылорда қаласында құрылыс көлемі 8 есе 

өсті. Елді мекендерге су мен газ тартылды. Осының бәрі Сыр 

халқының  ақ  ниетпен  жасаған  еңбегінің  нәтижесі.  Қадірлі 

жерлестер секемінен сенімі, күдігінен үміті көп тағы бір жаңа 

жыл  жақындап  қалды.  Шырша  шамы  әр  үйдегі  жақсылық 

пен  жеңістің  отын  лаулатып,  табыс  пен  молшылықты 

маздатсын.  Сіздерге  ізгілік  пен  игілік,  дендеріңізге  саулық, 

шаңырақтарыңызға құт пен береке тілеймін, – деді Қырымбек 

Елеуұлы.


Одан әрі Хьюстонда өткен әлем чемпионатында алтыннан 

алқа таққан ауыр атлет Александр Зайчиков  шырша шамын 

жақты.  Осылайша  ертегідегі  қалашықтай  безендірілген 

орталық  алаңның  сәні  мен  салтанаты  арта  түсті.  Көпшілік 

назарына  театрландырылған  көрініс  ұсынылып,  балақайлар 

ерекше  шаттанды.  Аяз  ата  мен  ақшақарды  ортаға  алып, 

ән  шырқап,  би  билеген    ертегі  кейіпкерлері  жиналғандарға 

көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Айта кетейік, Сыр елінде шырша 

шамы  тәуелсіздік  күнінен  кейін  жағылып  отыр.  Бұл  үрдіс 

бірнеше жылдан бері сақталып келеді. 



ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Н.НАЗАРБАЕВ МӘСКЕУДЕ І ДӘРЕЖЕЛІ 

СЕРГИЙ РАДОНЕЖСКИЙ ОРДЕНІМЕН 

МАРАПАТТАЛДЫ

 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде І 

дәрежелі Сергий Радонежский орденімен марапатталды, - 

деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Қасиетті  Сергий  Радонежскийдің  орденімен  орыстың 

православие  шіркеуінің  иерархтары  мен  клириктері, 

сонымен  қатар,  халықтар  арасындағы  бейбітшілік  пен 

достықтың нығаюына мол еңбек еткен мемлекет және қоғам 

қайраткерлері марапатталады. 

Марапаттау  рәсімі  Құтқарушы  Христос  храмында  өтті. 

Сонымен қатар, шара кезінде Назарбаев пен Мәскеу және 

Бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің кездесуі болды. 

Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  Ресей 

астанасына  ҰҚШҰ  ұжымдық  Кеңесінің  сессиясына  және 

Жоғарғы  Еуразиялық  экономикалық  кеңесіне  қатысу 

үшін  барды.  Бұл  шаралар  21  желтоқсанда  Мәскеуде  өтті. 

Сонымен қатар, саммитер алаңында Нұрсұлтан Назарбаев 

Ресей  президенті  Владимир  Путинмен  екі  жақты  кездесу 

өткізді. Осыған дейін екі жақты кездесу барысында Сирия 

мен  Украинадағы  жағдайды  және  Мәскеу  мен  Астананың 

сауда-экономикалық  қарым-қатынасы  талқыланатыны 

жайлы хабарланған еді.



КҮНТІЗБЕДЕГІ ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 16-ШЫ ЖҰЛДЫЗЫ ЕЛІМІЗ ҮШІН 

ЕРЕКШЕ ҚАСТЕРЛІ КҮН. ОСЫ АЙТУЛЫ КҮНДІ БИЫЛ РЕСПУБЛИКА 

ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ МӘРТЕ АТАП ӨТТІ. БҰЛ – ҰЛАН-

БАЙТАҚ ДАЛАНЫ СЫРТ КӨЗДЕН ҚЫЗҒЫШТАЙ ҚОРЫП, ЕГЕМЕН ЕЛ

ДЕРБЕС МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫ АҢСАП ӨТКЕН БАБАЛАР АРМАНЫНЫҢ 

ОРЫНДАЛҒАН КҮНІ. БҰЛ – КЕШЕГІ ТОТАЛИТАРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАСАҢ 

ҚАҒИДАСЫНА ҚАРСЫ ШЫҒЫП, ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА ЖАНДАРЫН 

ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛҒАН ҚЫРШЫН ЖАСТАРДЫҢ АҚ ҚАР, КӨК МҰЗ 

ҮСТІНЕ АЗАТТЫҚ АЛАУЫН ЖАҚҚАН КҮН. СОНДЫҚТАН БҰЛ КҮН БІЗ 

ҮШІН ЕҢ ҚАСИЕТТІ ДЕ, ҚАСТЕРЛІ.

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

КӘСІБИ МАМАН ЖҰМЫСШЫ ӨНДІРІСТІҢ ТІРЕГІ

ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ

№101  (9174)   23.12.2015

2

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНІҢ 

ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРЫ

2015  жылғы  31  қазанда  Мемлекет  басшысы  Ақордада 

Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  процестік  кодексіне 

журналистердің қатысуымен жариялы түрде қол қойды.

Мемлекет  басшысы:  «Осы  құжаттың  мемлекетіміз  үшін, 

Қазақстанның  әрбір  азаматы  үшін  маңызы  зор  екендігін 

ескеріп,  алғаш  рет  Заңға  жариялы  түрде  қол  қою  рәсімі 

өткізіліп отыр. Бұл халыққа Заңның мәнін жақсырақ жеткізуге 

мүмкіндік береді», – деп атап өтті. Қазақстандықтарға арнаған 

үндеуінде  Президент  жаңа  Азаматтық  процестік  кодексі 

Қазақстан  Республикасының  құқықтық  кеңістігін  түбегейлі 

жақсартатынын ерекше атап өтті.

Жаңа Азаматтық процестік кодексі Мемлекет басшысының 

2009  жылғы  24  тамыздағы  №  858  Жарлығымен  бекітілген 

2010-2020 

жылдар 


аралығындағы 

құқықтық 

саясат 

тұжырымдамасын,  сондай-ақ  2013  жылғы  қарашада  өткен 



Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде қойылған 

міндеттерді орындау мақсатында әзірленді.

Президент  Н.Ә.Назарбаев  судьялар  съезінде    істі  қарау 

тәртібі процесс тараптары үшін ыңғайлы әрі жедел болуына, 

олардың татуласуына және заманауи технологияларды кеңінен 

пайдалануға  бағытталуы  тиістігіне  айрықша  назар  аударған 

болатын.  Бұған  қоса,  Мемлекет  басшысы  сот  шешімдерін 

қайта қарауды талап ететін жағдайлардың ара-жігін ажыратып 

беретін  заңнамалық  түрде  негізделген  әдістемені  әзірлеп 

енгізу жөнінде  тапсырма берді.   

Жаңартылған  Азаматтық  процестік  кодексі  «100  нақты 

қадам  –  баршаға  арналған  қазіргі  заманғы  мемлекет»  Ұлт 

жоспарында  көзделген  шараларды  тәжірибеде  іске  асыруға 

мүмкіндік  береді.  Жаңа  Кодексті  қабылдау  Заң  үстемдігін 

қамтамасыз  етуге  зор  үлес  қосады.  Ол  барлық  заманауи 

негізгі  институттарды  сақтап  қана  қоймай,  сонымен  қатар 

қазақстандық құқықтық тәжірибені әлемдік озық стандарттарға 

жеткізетін өзгерістерді енгізді.

Азаматтық  процестік  кодексінің  мақсаты  –  азаматтардың 

және  заңды  тұлғалардың  конституциялық  құқықтарын, 

бостандықтары  мен  Заңды  мүдделерін  сотта  тиімді  қорғау, 

дауларды  қарау  мен  шешудің  жеделдігін  арттыру,  сот 

актілерінің сапасын қамтамасыз ету.

Азаматтық  процестік  кодексі  жобасын  Парламентте 

қарастыру  барысында  Заң  жобасына  «Заң  үстемдігі» 

саласындағы  институционалдық  реформалар  бойынша 

«100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарын  іске  асыруға  бағытталған 

нормалар енгізілді.

Кәмелетке 

толмағандардың 

істері 

жөніндегі 



мамандандырылған 

ауданаралық 

соттың 

соттылығы 



кеңейтілді, ол осындай істерді қарау ерекшелігімен келісіледі 

және  балалардың  мүддесін  қорғауға  бағытталған.  Осындай 

істерді сотқа баланың тұрған жері бойынша заңды өкілдерінің 

өтінішхаттары негізінде беру мүмкіндігі белгіленді. 

Істі сот талқылауына дайындау.

Процестің  осы  сатысы  оңтайландырылды,  оны  жүргізу 

мерзімі ұзартылды.

Бастапқыда  тараптар  жазбаша  құжаттармен  алмасады. 

Судья істің талқылауына мүдделі адамның сотқа арыз бергені 

туралы  хабарлайды.  Осы  сатыда:  дәлелдемелер  туралы, 

соның ішінде сараптама тағайындау туралы, қарсы талап қою 

және тағы басқа мәселелер шешіледі. Қорытындысы бастапқы 

сот отырысында бекітіледі. 

Сот  тараптарға  олардың  құқықтары  мен  міндеттерін, 

соның  ішінде  тараптар  қарау  мерзімін  қасақана  кешіктіруге 

жол  берместен,  басқа  адамдардың  құқықтарын  теріс 

пайдаланбастан, өздеріне тиісті барлық процестік құқықтарын 

адал қолдану керектігін түсіндіреді. 

Сот осы сатыда шешім шығаруы мүмкін. Сот талқылауына 

дейінгі  дайындық  әрекеттерін  орындау,  әдетте,  бір  немесе 

екі  сот  отырысында,  істің  қаралғанының  кепілі  болып 

табылады. 

Ұлт жоспарының 20-қадамын іске асыру үшін Жоғарғы Сот 

электронды  сот  төрелігін  дамыту  бағытында  бірқатар  жұмыс 

атқаруда. 

Қолжетімділік, ашықтық және жариялылық – қазіргі заманғы 

демократиялық мемлекет сот жүйесінің үш негізгі стандарты. 

Халық үшін сот жүйесінің барынша ашық және қолжетімді болуы 

үшін заманауи технологиялар енгізілді және қолданылады. ҚР 

Жоғарғы  Сотының  сайтында  «Сот  құжаттарымен  танысу», 

«Сот кабинеті», «Электрондық сот шақырту қағазы» және тағы 

басқа сервистер енгізілді.

Арыздар  мен  басқа  құжаттарды  беру,  мемлекеттік 

бажды  төлегені  туралы  төлем  құжаттарын  ұсыну,  процеске 

қатысушыларды 

хабарландыру, 

тараптардың 

істің 


материалдары және сот отырысының хаттамасымен танысуы, 

сот  актілерін  жіберу  қазіргі  уақытта  ақпараттық  техникалық 

құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. 

Қолданыстағы  сервистер  істерді  қараудың  процестік 

мерзімдеріне  бақылауды  жүзеге  асырады,  процеске 

қатысушылармен  қарым-қатынасты  барынша  азайтады,  сот 

ісін  жүргізуді  жеңілдетеді,  сот  жүйесінің  ашықтығын  және 

қолжетімділігін  кеңейтеді,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

әрекет  етеді  және  азаматтардың  уақыты  мен  мемлекеттің 

қаражатын үнемдейді. 

Сот  ісін  жүргізу  процесіне  жаңа  технологиялар  толассыз 

енгізілуде,  ол  процесті  жеңілдетеді  және  жеделдетеді,  сот 

төрелігіне  қолжетімдікті  және  азаматтарды  тиісті  түрде 

хабарландыруды қамтамасыз етеді, қағаз рәсімдерін азайтады, 

процестік емес қарым-қатынастарды барынша төмендетеді.

Арыздар  мен  басқа  құжаттарды  беру,  процеске 

қатысушыларды  хабарландыру,  сот  арқылы  санкциялау, 

дәлелдемелерді  қашықтықтан  зерделеу,  тараптардың  іс 

материалдарымен танысу, процесті тіркеп жазу, сот актілерін 

жіберу  және  атқарушылық  құжаттардың  көшірмесін  беру 

ақпараттық  техникалық  құралдарды  қолданумен  жүзеге 

асырылатын  болады.  Барлық  шешімдер  жарияланады, 

ашықтық  жоғары  деңгейде  және  әрбір  азамат  өз  ісімен  не 

болып жатқанын көре алады, хаттамамен, сот шешімімен, сот 

практикасымен таныса алады. 

Е.ЕСЖАНОВ,

Қызылорда облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының 

бас маман сот отырысының хатшысы.

«ХАЛЫҚ 


МАРКАСЫ 2016» 

ХАЛЫҚТЫҚ ДАУЫС БЕРУ 

ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА 

Осы жылдың басында мемлекет 

басшысының бастамасымен Республика 

бойынша «Қазақстанда жасалған» 

акциясы бастау алды. Акцияны қолдау 

мақсатында ағымдағы жылдың  мамыр 

айынан бастап  қазан айына дейін азық-түлік 

өндірушілер арасында жалпыұлттық бірінші 

«Халық Маркасы» байқауы ресми түрде EXPO 

MILANO 2015 Халықаралық көрмесінің «Әлемді тамақтандыру» тақырыбымен 

ұштастырылып,  сонда  27 қазақстандық компанияларды алғашқы рет марапаттау 

шарасы өтті.

Мұндай үлкен іс-шара мемлекетімізге тек үлкен абырой алып келгені анық.

Енді  «Халық Маркасы 2016» байқауын Бразилия мемлекетінде өтетін РИО-16 

жаздық Олимпиада ойындарымен ұштастырылып өткізу жоспарланып отыр. 

Жобаның негізгі мақсаты: отандық өнім өндірушілердің өнімдеріне баға беру 

арқылы өнім маркаларының танымалдылығын арттыру, жалпы  өнім маркаларының 

қаншалықты сұранысқа ие екенін анықтап, жыл жеңімпазын табу.

«Халық Маркасы» белгісін алу -  тұтынушылар арасында танымалдылыққа ие 

болу кепілі. 

Байқауға қатысу арқылы, өңірлік компаниялар өз өнімдерінің сапасы бәсекеге 

сай екенін  дәлелдеп, тұтынушылар арасында үлкен сенімге ие болары анық. 

Ал тұтынушы өз таңдауында сенімділікке жетеді! 

Жылдың соңына дейін жеңімпаз атанған 27 кәсіпорын  «Халық Маркасы» 

таңбасымен өз   өнімдерін таңбалап шығарады. Бұл таңба ВТО - ға кірген 

шағымызда, өз отандық өнімімізді айқара анықтап тұратыны анық. 

Осыған орай Сіздің осы игі іске арналған Халық Маркасы жобасын 

қолдап, насихаттау іс шарасына белсенді араласып,  серіктес 

болатыныңызға сенім білдіреміз. 

Жоба жетекшісі                Римма Тажібаева

+7 771 442 27 78

e-mail:halykmarkasy@mail.ru 

  www.halykmarkasy.kz.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ 

ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ» МЕРЕКЕСІ 

ҚАРСАҢЫНДА БІЗДІҢ ТҰҢҒЫШ 

ПРЕЗИДЕНТІМІЗ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 

ЕЛ АЛДЫНА ШЫҒЫП, ХАЛЫҚТЫҢ 

КӨҢІЛІНЕ ДЕМЕУ БОЛАР,  ЖҮРЕГІНЕ 

СЕНІМ БЕРЕР «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА 

ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, 

РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» АТТЫ  ЖОЛДАУЫН 

ЖАРИЯЛАДЫ. ЕЛБАСЫ ӨЗ СӨЗІНДЕ 

ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢА ҚАТЕРЛЕРМЕН 

БІРГЕ, ТЫҢ МҮМКІНДІКТЕР ДЕ ҚАТАР 

ӨРБИТІНІН АЙТТЫ.

Жалпы  дағдарыстың  дабырмен  емес, 

сабырмен 

ғана 


шешілетінін 

ұқтырды. 

Бұл    Жолдау  –  даналықпен,  ұлы  ақылмен 

астасқан асыл қазына. Егер байыбына барып 

қарасаңыздар, әр сөзінің  артында астар, әр 

ойының  астында  әр,  әрбір  жоба-идеясының 

ар  жағында    жаһанның  қажетіне  жарар 

жауһар  тұнып,  болашаққа  шұғыла  шашырап 

тұрғанын  аңғару  қиын  емес.  Оны  іске  асыру 

– бізге, билік пен халыққа шарт. «Тәуелсіздікті 

баянды  ету  –  оған  қол  жеткізуден  де  қиын» 

деді Елбасымыз. Ол мемлекетіміздің тұғырын 

мызғымастай  нығайта  түсу  үшін  бізге  әлі 

талай  өткелі  күрделі,  өкпегі  көп  бұралаң 

жолдардан өтуге тура келетінін қадап айтты. 

Шындығында  да  ендігі  барлық  ісіміз,  қимыл-

әрекетіміз  сан  ғасыр  ата-баба  аңсаған 

Тәуелсіздікті әрі қарай аман сақтап, басымызға 

қонған  бақыт  құсын  аялауға,  экономиканы 

даму  даңғылында  сақтауға  бағыттауымыз 

керек сияқты. Биылғы жолданған Жолдаудың 

ерекшелігі  сонда:  жаһандық  дағдарысты 

жағдайларға байланысты Елбасының аталған 

қиындықтардан шығудың 5 бағытын айқындап 

бергендігінде  және  де  Жолдау  Дүниежүзілік 

сауда ұйымына кіруімізбен қатар қабылдануы, 

барлық  сала  қызметкерлеріне  еселенген 

жауапкершілік қосатынын түсінуіміз керек.

«Өрік  піс,  аузыма  түс»  деп  әндететін 

дәурен  әлемде  әлдеқашан  өткен.  Енді  қолы 

қимылдап,  еңбек  қылмаған  жанды,  қоғамды 

жаңа  туған  дәуір  жарылқамайды.  Біздің 

елімізге,  әрбір  қазақстандыққа  енді  өзінің 

бәсекеге қабілетті екенін паш етуге тырысуға 

тура  келеді.  Өсер  ел,  озар  ел  өткен  шақпен 

өмір сүрмейді. Бүгінгі дәуірдің  бүлкіліне ілесіп 

қана  қоймай,  озудың,  алға  шығудың  жолын 

таба  білу  қажет.  Сонда  ғана  біздің  еліміз 

бәйгенің  алдын  бермейтін  келешегі  кемел 

Мәңгілік елге айналары хақ.

Біздің  Елбасымыз  ештеңеге  қарамастан 

халықты  әлеуметтік  қолдау  шараларын 

жүзеге  асырып  келеді.  Оның  айғағы  2016 

жылдың  1  қаңтарынан  бастап,  денсаулық 

сақтау,  білім  беру  саласы  қызметкерлерінің  

еңбекақысы  орташа  алғанда  28-29  пайызға 

дейін  артатыны.  Бұл  дегеніңіз  сала 

қызметкерлеріне зор жауапкершілік жүктеледі 

деген сөз.

Дана  халқымызда  «Білекті  бірді  жығады, 

білімді  мыңды  жығады»  деген  қанатты  сөз  

бар. Қазіргі уақытта әлемнің барлық дамыған 

елдері білімге, ғылымға барынша көңіл бөлуде. 

Сондықтан, еліміздің білім беру жүйесі деңгейін 

халықаралық  стандарттарға  сәйкестендіру 

замана  талабынан  туындап  отыр.  Отандық 

білім  беру  жүйесі  ең  алдымен  жаңа 

технологияларды  батыл  қолданатын,  еңбек 

өнімділігін тұрақты арттыратын, үздік әлемдік 

стандарттар  негізінде  жұмыс  жасайтын 

мамандар  даярлауға  басты  назар  аударуы  

қажет.  Еліміздің  жалпы  еңбек  қоғамы  екенін 

ұғатын ұрпақ тәрбиелеу.  Еңбекке тәрбиелеу 

ата-ананың  ғана  міндеті  емес,  сонымен 

қатар мектептің де міндеті. Сондықтан да біз 

ұстаздар  қауымы,  әр  оқушының  санасы  мен 

жүрегіне  жететіндей  шығармашылықпен, 

педагогикалық  шеберлікпен    жұмыс  істеп, 

өзіміз де үлгі болуымыз керек.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Мен 

2017  жылдан  бастап  жаңа  жоба  –баршаға 

арналған  тегін  кәсіптік-техникалық  білім» 

бағдарламасы басталатынын айтты. Бұл осы 

Жолдаудағы  жаңаша  бастамалардың  бірі 

әрі  маңыздысы  деп  санаймын.  «Бақытыңды 

жер-көктен  іздеме,  еңбектен  ізде»  демекші, 

жастарымыз еңбектің қадірін біліп, белгілі бір 

кәсіп  иесі  болып,  техникалық  мамандықты 

меңгеріп шықса, елімізге де, өзіне де пайдасын 

тигізері сөзсіз. Мектеп бітіріп, жоғары немесе 

арнаулы  білім  ала  алмағанның  өзінде, 

бастапқыда  техникалық-кәсіптік  мамандық 

алып,  азамат  ретінде  қалыптасып,  қоғамның 

беделді  мүшесі  болып  шығуға  болатынын 

айтты.

Елбасы жастарды жұмысшы мамандығын 



белсенді меңгеруге шақырды. 

Біздің  жастарымыз  білімді,  еңбекқор, 

бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап 

дағдылануы  тиіс,  жұмыс  пен  сұраныс  бар 

өңірлерге қорықпай, батыл барулары  керек. 

Ең бастысы – халқымыз Тұңғыш Президенттің 

айналасына  топтасып,  қандай  жағдайда 

да  ауызбіршілігін  сақтауы  керек.  Еңселі  ел, 

қаймағы  бұзылмаған  халық  қалпымызды 

сақтасақ қана ілгері дамуға даңғыл жол ашыл

ады.                                                                                                                                          

Мектеп  ұжымы  Елбасы  Жолдауын  

бірауыздан қуаттайды, қолдайды.



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал