Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Әлбетте, Қазақ хандығының тарихы алты



жүктеу 55.78 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі55.78 Kb.

 

 

 

21.03.2015 ж. 

Көріпкел


 

 

Думан АНАШ. 



Биыл Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл. Әлбетте, Қазақ хандығының тарихы – алты 

алаштың,  қалың  қазақтың  шежіресі.  Елге  қамқор,  жұртқа  тұлға  болған  хандар  мен  хазіреттердің, 

батырлар мен билердің тарихы. Ұлтқа ұстын болған тұлғалардың бірі, есімі елімізде, әсіресе, Шығыс 

өңірінде ерекше құрметпен аталатын Ырғызбай ата. 

Өсиет 

Ел аузында «Ырғызбай әулие» атанған бабамыз 1787 жылы дүниеге келіп, 1850 жылы 63 жасында қайтыс 

болған.  Қайтыс  боларының  алдында:  «Мені  осы  құба  белге  жерлеңдер,  зиратымды  көтермеңдер, 

ұрпақтарым  көтереді»,  деп  өсиет  қалдырған  екен.  Бұл  –  Барқытбелдің  теріскей  баурайындағы  Күмісті 

жайлауы  деген  құйқалы,  қасиет  қонған  жер.  Заманында  болашақ  Абайдың  әкесі  –  бала  Құнанбайды  ауыр 

дерттен  жазып  алған  атақты  тәуіп  туралы  халық  жадында  жатталған  жақсы  лебіз,  тылсымға  толы  әңгіме 

мол. Ырғызбай – өзі молда, 

өзі  тәуіп  һәм  әулие  кісі 

болған. Дала зертханасында 

дәрілерін сайлап, алдын-ала 

өзіне  келе  жатқан  адамды, 

жанына  батқан  ауруы  мен 

оның  емін  біліп  отырған. 

Тарбағатай 

тауларында 

өсетін  алтынтамыр,  ермен, 

жалбыз, бірсалар іспетті елу 

түрлі 


шөптен 

дәрілер 


жасаған. 

Қытай 


емшілерімен 

байланыста 

болып,  тәжірибе  алмасқан. 

Бір  ерекшелігі,  ем-домына 

ақы алмаған. Аурухана жоқ, 

ешкім 


ота 

жасамайтын 

заманда  Алланың  жіберген 

қасиетті 

құлы 

ретінде 


адамдарға  шипасы  тиген. 

Мал  әкеліп,  ризашылығын 

білдіргендерге  «жетім-жесірге  беріңдер, менің  міндетім  бөлек»  дейді  екен.  Қияметке  дейін  Жаратушының 

нұры жауып тұратын жерде адамдардың дұғасы қабыл болады дейді. Қазақта: «Алладан тіле, әулиеге түне», 

деген жақсы сөз бар. Міне, сондай қасиет қонған өңірлердің бірі – Ырғызбай әулиенің басына түнеп, дұға 

еткен  жандардың  тілегі  қабыл  болғанына  талай  мысал  келтіруге  болады.  Өзі  өсиет  етіп  қалдырғанындай, 

әулие  1920  жылдары  Шыныбай  есімді  ақсақалдың  түсіне  кіреді.  «Ей,  Шыныбай,  менің  басымда  қозы-лақ 

ойнап жүр, зиратымды көтер, саған Алла тағала береді», дейді. Шыныбайдың сол кезде малын барымталап 

кетіп, Тапберді бастауында қиналып жүрген кезі екен. Ол қара сиырының күшімен сүйреткімен тас тасып, 

әулиенің жатқан жерінің алғашқы сандықшасын қойыпты. Содан кейін тұрмысы түзелген Шыныбайдың ұр-

пақтары бүгін де бақуатты тұрады. Ал әулиенің мазарын Жымырайдың Омарбегі, Әбекбайдың Ахметі, Баях-

мет  Садықов  және  Оразай,  Мұқатан,  Тайпақ  есімді  Кіндікті  ауылының  ақсақалдары  мен  ұрпақтары  1956 

жылы көтерген. Он жыл өткен соң мазардың жанында зиярат етуге келушілер қонатын тас үй салыныпты. 

Кешеннен 50 шақырым жерде орналасқан Жәнтікей ауылындағы Ырғызбай ата мешітінің имамы Алтынбек 

Қожахметұлының айтуынша, адамдар әулиенің басына 1903 жылдан бастап келе бастаған. 

– 1986 жылы кесенеге келген 76 жастағы аягөздік қарияның айтқан әңгімесі есімде. Ол кісі аталарының бай 

болғанын  айтқан  еді.  Алайда,  1903  жылы  атасының  отар-отар  қойлары  топалаң  деген  аурудан  жаппай 

қырыла бастапты. Сол кезде малды айдап әкеліп, атаның басына иіріп түнеткен екен. Осыдан кейін ұсақ мал 

аурудан ада болып шыққан, – дейді имам. 

Кесене 

Таяуда  осы  қасиетті  мекенге  жолымыз  түсті.  Ырғызбай  ата  мазары  былтыр  табиғи  қызыл  тастан  қайта 

көтеріліп, жаңғыртылған екен. Сондай-ақ, бұл жерде жалғыз мазар емес, тұтас кешен орналасқан. Әулиеге 

зиярат етушілер сонау қыспаққа толы кеңестік кезеңде де толастамағаны белгілі. Тәуелсіздік жылдары бұл 



үрдіс  жандана  түсті.  Бүгінде  Ырғызбай  әулие  кешені  жаңадан  жүргізілген  құрылыстар  негізінде  заманауи 

зиярат  және  рухани  орталығына  айналды.  Айталық,  өткен  жылы  жаңа  талаптарға  сай,  ішінде  ыстық  және 

суық  суы,  әжетханасы,  кең  дәмханасы  және  бай  кітапханасы  мен  мұражайы  бар  үлкен  қонақүй  салынды. 

Біріккен  Араб  Әмірлігіндегі  Заир  мешітінің  үлгісімен  жасалған,  қазіргі  заманға  лайық  санитарлық-

гигиеналық  кешен  тұрғызылды.  Осы  құрылыстардың  жобасын  жасап,  зиярат  етуші  халыққа  тегін  қызмет 

етуге өткізіп берген ағайынды Сабуровтардың иелігіндегі «Ағзам» асыл тұқымды зауыты, әулеттің қазіргі 

ағасы Бәделхан Камалханұлы екен. Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, жайсаң жан өзінің бұл еңбегін 

сөз  ете  беруге  ықылас  білдіре  бермейді.  Дегенмен,  журналистердің  қойған  сұрағына  бірде  былай  жауап 

бергені бар: 

– 1989 жылы «Қияндағы ауыл» атты көркем фильм шығып, ондағы өтірік-шынды оқиғаларды, Ақсуат «ау-

ылының»  мыжырайған  тамдарын,  елдің  ұсқынсыз,  мәдениетсіз  жүріс-тұрыстарын  көріп  жаным  түршікті. 

Өзім  туып-өскен  ауылды  төмендеткен  фильм  намысыма  тиді.  Сөйтсем,  ондағы  сюжеттер,  жапырайған 

тамдар  Сарыөзек  стансасына  жақын,  ескі  ауылдардың  бірінде  түсірілген  екен.  Әлгі  фильмді  көрген  ел: 

«Ақсуатыңды  көрдік  қой»,  деп  мысқылдайтынды  шығарды.  Тіпті,  өзге  аймақтың  жұрты  қызын  Ақсуатқа 

ұзатқысы  келмейтін  болды.  Содан  қаншама  жылдар  өтсе  де,  намысты  ой  жібермей  Ақсуаттың  брендіне 

айналар деп Ырғызбай ата кешенін тұрғызуға жан-тәніммен кірістім. 

Бұл  туралы  кесене  шырақшысы  тарқатып  айтып  берді.  Ырғызбай  әулиенің  басына  зиярат  ете  келгендерді 

шын пейілімен күтіп алып, баба кешенін тап-тұйнақтай таза ұстауға қызмет етіп жүрген Болат Тағабайдың 

еңбегі  ерекше.  Шырақшылық  міндетін  ізгілікпен  адал  атқарып  жүрген  ол  қасиетті  орынға  кездейсоқ 

келмеген.  1986  жылы  әкесі  Құнанбай  мазардың  алғашқы  ескерткіш  тасын  қойған  екен.  Кеңес  өкіметінің 

кезінде мұндай іс-әрекеттер партия тарапынан қатаң шектелетін. Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыстан 

кейін  Ақсуат  ауданының  өсіп-өркендеуіне  еңбегі  сіңген  әкесінің  есімін  де  ел-жұрт  Ырғызбай  әулиенің 

Құнанбайды емдегеніне орайластырып, ырымдап қойған көрінеді. 

1990 жылы бүкіл ел болып, кесенені ақ кірпішпен қаптайды. Алайда, ширек ғасырдан кейін тозатын силикат 

соңғы жылдары үгітіле бастаған екен. Осы орайда көп уақыттан бері іштей ширығып, дайындалып жүрген 

Бәделхан Камалханұлы тәуекелге бел буып, ауқымды құрылысты бастап кетеді. 

–  Шын  ықылас-ниетімен  ұрпақтық  парызын  өтеп  жүрген,  ұлтжанды  азамат  Бәделхан  Камалханұлының 

көмегімен Павлодар өңіріндегі Баянауылдан 60 шақырым жерде орналасқан Бірлік ауылынан 25 «КамАЗ»-ға 

тиелген  тас  жеткізілді.  Шала  піскен  гранит  –  өте  құнды  құрылыс  материалы.  Кесене  құрылысының  бір 

ерекшелігі,  алдын  ала  ешқандай  сызба  сызылған  жоқ.  Бабамыздың  бұрынғы  тастан  қаланған  зираты 

сақталды.  Жалпы,  бұл  құрылыс  Алланың  құдіретімен,  бабамыздың  қасиетімен  салынды  деуге  болады. 

Өйткені  жұмыс  барысындағы  шешім  де,  құрылыс  та  тез  жүрді.  Мұндай  сәулет  формасы  Шығыс  өңірінде 

кездеспейді.  Таң  сібірлеп  атқаннан  күн  еңкейгенше  ынты-шынтымен  еңбек  еткен  шеберлер  қызыл  гранит 

тасты  балғамен  ұрып,  пішінін  келтіріп,  бар  өнері  мен  күш-жігерін  салып  бір  жарым  айда  қалап  шықты. 

Мазардың  жобасы  болмаса  да,  қасиетті  сандар  ескерілді.  Іргетасы  жеті  қабаттан  өрілді.  Кесене  біткенде 

Құдайдың  құдіретімен  үш  күмбез  шықты.  Күмбездер  күн  сәулесіне  жалтылдап  тұрады.  Әлбетте,  мазарға 

бала тілеп келетіндер көп. Сәйкестікті қараңыз, кесене күмбезі атасы сияқты, жанындағы тас үйдің күмбезі 

анасы  іспетті  болса,  мазардың  кіреберісінің  үстіндегі  кішкене  күмбез  бала  сынды  әсер  қалдырады. 

Бастапқыда мұндай көрініс шығатынын ешкім білген жоқ. Күмбезді көтеру барысында ойдан ой туып, осы 

үйлесімді композиция пайда болды. Жалпы, шошақ күмбезді зират шығыс өңіріне тән. Ағаш, темір есіктің 

бәрі  40-50  жылда  тозатын  болғандықтан,  тот  баспайтын  құрыш  болаттан  есік  қойылды.  Кешенге  осындай 

құрылыстың  салынуы,  қалың  елдің  толассыз  келуі  –  әулие  бабамызға  деген  халықтың  рахметі  деп 

ойлаймын.  Өйткені,  қысы-жазы  кісі  үзілмейді.  Шетелдерден  де  қонақтар  көп  келеді,  –  деді  кесене 

шырақшысы Болат Тағабай. 

Ырғызбай  ата  мазары  VII  ғасырдың  сәулеттік  стиліне  сай  келеді.  Мазардың  жанындағы  тас  үй  де  осы 

ансамбльді  сақтау  орайында  қызыл  гранит  таспен  қапталған.  Дала  төсінде  оқшау  тұрғанымен  күмбезге 

орнатылған  күн  сәулесінен  қуат  алатын  шамдар  түн  баласында  мазарға  жағылған  қырық  шырақ  іспетті 

кесенеге ерекше келбет беріп тұрады. 



Мешіт пен кітапхана 

Сондай-ақ, кесене жанында әйдік мешіт бой көтерді. Бұл іске елімізде көптеген мешіт салдырған Лиза қажы 

Мешітбайқызы мұрындық болған көрінеді. 2008 жылы белгілі кәсіпкер Жомарт Сәдуақасовтың қаржысымен 

салынған  мешіттің  қыш  кірпіші  Хиуадан  әкелінген  екен.  Шеберлер  кесене  аумағында  электр  қуаты 

жеткіліксіз  болғандықтан,  ерекше  кірпішті  30  шақырым  жердегі  Қожагелді  ауылында  ойып,  қажетті 

пішініне келтіріп отырған. Оюлы өрнектермен нақышталған қыш кірпіштер мешіттің ішіне де, сыртына да 

ерекше  өң  береді.  Мешіт  құрылысының  ұзындығы  мен  еніне  қасиетті  жеті  саны  таңдап  алынған.  Зәулім 

күмбезі мен төрт мұнарасы алыстан көз тартады. Жаз бойы мешіттің дауыс зорайтқышы арқылы кең далаға 

Құран  аяттары  әуезді  үнмен  тарап  жатады  екен.  Мешіттің  кіреберісіне  қарлығаш  ұя  салғанын  аңдадық. 

Жалпы, бұл кешенді қарлығаш ұя салған мекен деуге болады. Қарлығаштар жылда жаңылыспастан тура 3-4 

мамырда  ұшып  келіп,  мазар  мен  мешіт  күмбездерінен  бастап,  кітапхана,  мұражай,  қонақүй  шатырларына 

дейін ұя салады екен. 

Мешіттен кейін «Дала даналары кітапханасы» атты ғимарат орын тепкен. Бүгінде 3 мыңға жуық кітап қоры 

жинақталған  кітапханада  өте  сирек  кездесетін  кітаптар  бар.  Оның  ішінде  екі  ғасыр  бұрын  шыққан  көне 

қисса-дастандар,  араб  қарпімен,  қадымша  жазылған  Құран-Кәрім  және  медицина,  әдебиет,  тарих,  халық 


емшілігі,  әулиелік  туралы,  сондай-ақ  орыс  тіліндегі  әдебиеттер  жинақталған.  Ибн  Синаның  1954  жылы 

Ташкентте жарияланған кітабын көзіміз шалды. 

– Бұл кітапхананы ғалым Мейір Ескендіров жеке қаражатына салдырды. 2013 жылы 5 қыркүйекте ашылған 

кітапхананың  оқу  залы  бар.  Зиярат  ете  келген  жұртшылық  осы  орынға  бас  сұғып,  өзін  рухани  тұрғыдан 

байытады.  Елбасымыз  қазіргі  заманда  кітап  оқу  керектігін  жиі  айтады.  Жас  кезімізде  таң  атқанша  кітап 

оқитынбыз.  Жастарды  интернеттің  шырмауынан  құтқару  үшін  де  кітапқа  баулуымыз  керек,  –  деді  Болат 

Тағабай. 

Кітапхана  қорына  еліміздің  Премьер-Министрінің  орынбасары  Бердібек  Сапарбаев,  Президент  Кеңсесінің 

бастығы  Махмұт  Қасымбеков,  ақын,  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты  Несіпбек  Айтұлы,  Л.Н.Гумилев 

атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің  ректоры  Ерлан  Сыдықов  сынды  елге  белгілі  тұлғалар  мен 

өңірдегі Қазақ гуманитарлық-заң университеті, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Семей көпсалалы колледжі 

сияқты жоғары және орта оқу орындарының жетекшілері жеке қорларындағы сирек кездесетін кітаптарды 

сыйға  тартқан.  Болат  Тағабайдың  айтуынша,  «Дала  даналары  кітапханасына»  биылдан  бастап  арнайы 

кітапханашы бекітіліп, картотека арқылы жүйелеу жұмысы жүргізілмек. 



«Аманат» мұражайы 

Кешендегі  ерекше  нысанның  бірі  –  «Аманат»  мұражайы.  Табиғи  тастан  салынған,  екі  қабаттан  тұратын 

мұражайдың  ұзындығы  63  метрді  құрайды.  Бұл  –  Мұхаммед  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с)  құрметіне  және 

Ырғызбай әулие жасаған пайғамбар жасына сәйкестендіріліп жасалған. Аталған кешенді бұрынғы Мәжіліс 

депутаты,  кәсіпкер  Ерболат  Әпсәламов  тарту  еткен.  Мұражай  алдына  Күмісті  жайлауынан  табылған 

таңбалы  тас  қойылған.  Қазіргі  уақытта  мұражайдың  бір  қабаты  түрлі  заманның  жәдігеріне  лық  толы. 

Ерекше  энтузиаст,  коллекционер  Болат  Құнанбайұлының  15  жыл  бойы  еліміздің  түкпір-түкпірінен, 

антикварлық дүкендерден, шетелдерден жинаған және кешенге келуші қонақтар сыйлаған 2 мыңнан астам 

жәдігері  кез  келген  адамның  қызығушылығын  оятады,  көңілін  сүйсіндіреді.  Енді  екінші  қабатты  да 

толтыруға  кіріскелі  отырған  ол  заманның  куәсі  мен  өркениеттің  айғағы  саналатын  құнды  дүниелер 

шетелдерге  сатылмай,  ұстағанның  қолында,  тістегеннің  аузында  кетпей,  елдің  игілігіне  қызмет  етуі  қажет 

дейді. 


Мұражай еліміздің мемлекеттік рәміздерінен басталады. Мұндағы көк байрақтың да өз тарихы бар. Боксшы 

Қанат Ілиясов 2002 жылы Сантьяго  қаласында өткен әлем чемпионатына жолдама алғанда кесенеге келіп, 

зиярат  етеді.  Түсінде  әулие  аян  беріп,  ақ  шың  басынан  көрінеді.  Дүбірлі  жарыстан  әлем  чемпионы  болып 

оралған  ол  шаршы  алаңда  көтерген  көк  байрақты  кесенеге  сыйға  тартады.  Міне,  сол  жеңіс  туы  мұражай 

төрінен  орын  алған.  Ал  кіреберісте  «Машалла»  сөзі  ағаштан  ойылып  бедерленген.  Болат  Құнанбайұлы 

пәкістандық  Бәкар  есімді  хафиз  (Құран-Кәрімді  жатқа  білетін  әрі  сақтаушы  адам  – Б.Т.)  жігіттің  кесенеге 

арнайы келіп, екі күн бойы Құран аударғанын жеткізді. Семей медициналық университетінде оқыған Бәкар 

кесенеге  келушілерге  әулиелік  қасиет  жөнінде  саты-сатысымен  түсіндіріп  берген  екен.  Хафиз  сыйлаған 

«Машалла»  сөзі  таңбаланған  картинаның  үлкейтілген  нұсқасын  жергілікті  шеберлер  жасап  шығыпты. 

Мұражайда жеті саты, жеті терезе бар. Бұл да қазақтың қасиетті санына орай ойластырылып жасалған. Көне 

астау,  кебеже,  құмған,  ағаш  және  тастан  жасалған  қол  диірмендер,  шойын  үтіктер,  жез  самауырлар,  келі-

келісаптар  сынды  тұрмыстық  дүниелер,  түйе  шекпен,  қасқыр  ішік,  жарғақ  іспетті  ата-бабаларымыздан 

қалған киім-кешек, сүйектен жасалған қамшы, көне үзеңгілердің түр-түрі, оның ішінде сүйектен, күмістен 

жасалып,  оюланған  сәндік  үзеңгілер,  құйысқан,  өмілдірік  сияқты  ат  әбзелдері,  күміс  жүзік,  шолпы,  сырға 

сынды әшекей бұйымдары, 1841 жылы шыққан шиті мылтық, шоқпар, адырна іспетті қару-жарақ, тайтұяқ 

өлшемі, ұста көрігі, бүркіттің балдағы сынды заттар этнографиялық құнды жәдігерлер санатында. Қымбат 

жәдігерлердің  бірі  –  Нұғыман  болыстың  алтын  жіппен  тоқылған  парсы  кілемі.  Кілемді  оның  жиендері 

тапсырған. Сондай-ақ, Базар болыстың 1870 жылы Қытайдан алдырған қазаны бар. Меккеден, Түркістаннан, 

Отырардан, Хорасаннан, Мойынқұмнан, Маңғыстаудан, Саураннан жеткізілген жәдігерлердің өзі бір төбе. 

Бір  бұрышта  көптеген  домбыра  түрлері  жинақталыпты.  Сүйек  домбыра,  қос  домбыралардың  бірінің 

шанағына: 

– Өмірді үлкен домбыра деп білем мен, Егіз туған екі ішектен тұратын. Бірі  – қайғы, қабағында түнерген, 

Бірі – шаттық, әлдилеген мұратын, – деген Төлеген Айбергеновтің жыр жолдары жазылуынан-ақ Бөкеңнің 

мұражайды  жасақтаудағы  ілтипатты  ізденісін  тануға  болады.  Сондай-ақ,  қазақтың  бүкіл  хандарының 

бейнелері тізбектеле ілініп, қазақ халқына сіңірген еңбектері тәптіштеліп жазылғанын аңдадық. 

Патшалық  Ресей  мен  Кеңес  Одағы  кезіндегі  түрлі  байланыс  құралдары,  қақпан,  патефон,  радио,  ескі 



шабадан, көне фотоаппарат, таразы кірлері, жазу машинкалары да өткен дәуірдің тынысынан сыр шертеді. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал