Библиография Абай шығармаларының аудармасы



жүктеу 28.68 Kb.

Дата13.01.2017
өлшемі28.68 Kb.

Библиография 

Абай шығармаларының аудармасы 

Абайдың таңдамалы шығармаларының 

орыс тілінде шыққан бір томдығы жұрт-

шылыққа тарала бастады. Бұл кітап 

Москва қаласында. Мемлекеттік көркем 

әдебиет баспасында басылып шыққан. Ти-

ражы 25000 дана, бағасы 7 сом. Кітап-

тың іші-сырты қазақтың ою-кестелерімен 

нақышталған. 

Кітаптың редакциясын басқарған совет-

тің көрнекті жазушыларының бірі, қазақ 

әдебиетінің игілігіне үнемі ат салысьш 

келе жатқан досымыз Леонид Соболев жол-

дас. 

«ХАЛЫҚТЫҢ



 ауыр хасіретінің ғажап 

жаршысы болған Абайдың даусы да бүкіл 

совет елінің ой-аспанын жаңғырықтырсын, 

ұлы социалистік революция қазақ халқын 

қандай қара түнектен алып шыққанын 

Советтер Одағының халықтары ұғатын 

болсын» дейді Соболев жолдас өзінің кі-

тапқа жазған кіріспе сөзінде. 

Кітапқа Мұхтар Әуезов жолдастың 

"Абай Құнанбаевтың өмірі мен еңбектері" 

деген мақаласы енгізілген. Мұхтар жолдас 

бұл еңбегінде Абайдың өмірі мен творчест-

восының алуан сырлы кезеңдерін үлкен 

шеберлікпен, ғылми терең мәнді етіп бер-

ген. 

Абай шығармаларын бүкіл совет елінің 



халықтарына, оның ішінде, әсресе, ұлы 

орыс халқына толық жеткізу біздің әде-

биетіміздің үлкен бір мәселесі еді. Бұл 

мәселе, Абай шығармаларының осы жый-

нағының басылып шығуымен байланыс-

ты бірсыпра шешілген сыяқты. 

Мұның өзі бүкіл совет әдебиетінің күр-

делі бір мәселесі екенін осы жыйнақты 

шығаруға қатысқан жолдастар терең 

ұғынған. Абайдың осы жыйнаққа енген 

таңдамалы шығармаларын (өлеңдерін, поэ-

маларын, ғаклиясын) аударуға ұлы орыс 

халқының жыйырма бес шақты ақын-

жазушылары ат салысқан. Абай шығарма-

ларын аударған Липскеров, Гатов, Кара-

бан, Липкин, Тарловский, Бродский, Рож-

дественский және басқа жолдастарға 

Абайдың бүгінгі ұрпақтары шын туысқан-

дық ниетпен алғыс айтуға тиіс. 

Бұл жыйнақтың жұртшылық сүйсінген-

дей ерекше бір хасиеті бар. Ол хасиет— 

Абай шығармаларының аудармасы түп 

нұсқадан онша алшақ кетпей бірсыпра 

дұрыс шыққанында. Жасыратыны жоқ 

Абай шығармаларының бұдан бұрын шық-

қан аудармалары түп нұсқаға жақындық 

жағынан да, көркемдік құндылығы жағы-

нан да ойдағыдай болған еместі. Ал, 

мына жыйнақ бұл жағынан көңіл толар-

лық болып шыққан. 

Абайдың осы жыйнаққа енген шығар-

маларын аударған жолдастар ұлы ақын-

ның жан толқынын, сырын, жүрегінің 

отын, ақылының алтын шұғласын, ұлт-

тық ерекшелігін, түр және мазмұн өзге-

шеліктерін орыс халқына айнытпай жет-

кізуге, орыс әдебиетінің, одан ары, бүкіл 

дүние әдебиетінің әлемінде Абайдың өз 

тұлғасын ашық көрсетуге ерінбей еңбек 

сіңірген. Біздің өлең-жыр аударушылары-

мыздың ішінде «еркін аударма» деген 

«қағиданы» көбірек қолданатын жолдас-

тар бар. Ол «қағиданы» қолдап жүрген 

аударушылардың еңбектерінің нәтижесін 

біздің бұрын-соңды орысшадан қазақшаға, 

қазақшадан орысшаға аударылған өлең-

поэмаларымыздан көріп келе жатырмыз. 

Ондай аудармалардың өмірлері онша баян-

ды бола қоймайтынын жұртшылық түсін-

ген. 


Әрине, ондай «еркін аударма» қағида-

сына Абай сыяқты ұлы ақын сыймақ емес. 

Абай шығармаларын аударған жолдастар 

еркін аударма емес, шын творчестволық 

аударма қағидасын берік ұстаған. Бұл 

жолдастар біздің кейбір аударушылары-

мызға сабақ боларлықтай іс істеген. 

Алайда, Абай шығармаларын орыс ті-

ліне аудару мәселесі әбден шешіліп болды 

деуден аулақпыз. Қай ұлы шығарманы 

алмалық, оны бірден толық жеткізіп, түп 

нұсқасындай толық құнды етіп аудара 

қою өте қыйын мәселе. Абай поэзиясының 

алуан хасиеттері мәдениетіміз, әдебиетіміз 

өскен сайын тереңдеп ашыла бермек. Сол 

сықылды, Абай шығармаларының аудар-

масы да барған сайын жақсара бермек. 

Абай поэзиясының түп нұсқасымен толық 

тең түскен, шыңына шығып тоқтаған 

аудармасын біз әзір алдан күтуге тиіспіз. 

Абайдың осы жыйнағына еніп отырған 

аудармалар бұл күнге дейін қазақшадан 

орысшаға аударылған шығармалардың 

ішіндегі ең бір бағалылары. Бірақ, осы-

лардың өзінде, түп нұсқамен салыстыра 

келгенде, кейбір алшақтау кеткен түп 

нұсқаға жетпей жатқан жерлер кездесіп 

отырады. 

Мысалы: «Бүркітші тау басында, қағу-

шы ойда, 

Іздің бетін түзетіп андағанда» дегенді. 

«Всадник с беркутом скачет во весь 

опор: 

Направление следа заметил взор» деп 



аудару, 

немесе: 


«Төмен ұшсам түлкі ерлеп құтылар» 

деп, 


Қанды көз қайқаң қағып шықса 

аспанға... 

дегенді: 

«Слишком низко мы скачем уйдет 

лиса!» 

Так подумав, он взмоет к вершинам 



гор»— 

деу, әрине, дәл аударма емес. (Жый-

нақтың 7-бетін қараңыз. Аударған С. 

Липкин). 

«Белый лоб—серебро, чей тонок чекан» 

(«қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы»). 

«Он глазами лучистыми осиян» («Аласыз 

қара көзі нұр жайнайды»); «Нос ее-слав-

но выточен на лице?») («Маңдайдан тура 

түскен қырлы мұрын»); «Шелк завидо-

вать может шее такой» («Жұп-жұмыр, 

ақ торғындай мойыны бар») деген аудар-

малар Абай берген суреттің бояуына жет-

пей жатыр. (Жыйнақтың 9 бетіндегі Тар-

ловскийдің аудармасын қараңыз). 

Әрине, Абай шығармаларын аудару жұ-

мысының қазіргі кезеңінде мұндай кемші-

ліктер болмай қалмақ емес. Бірақ, ондай 

кемшіліктерді алдағы уақыттарда жөндеп 

отыру арқылы Абай шығармаларының ең 

таңдаулы аудармаларын жасауды мақсат 

етуіміз керек. Тек Абай поэзиясы емес 

жалпы поэзия аудармасының сапасын 

көтеруге бет алуымыз керек. 

Жоғарыдағыдай бір аз кемшіліктері бо-

ла тұрса да, Абай поэзиясының осы аудар-

малары, бұрынғы аудармаларға қараған-

да, әлде қайда жоғары екенін тағы да 

айтамыз. 

Қазақстан совет жазушылары ұйымы 

мен Қазақ ССР Ғылым Академиясының 

тіл-әдебиет секторы Абай шығармаларын 

орыс және басқа ұлттар тілдеріне не ғұр-

лым көбірек, не ғұрлым сапалырақ етіп 

аударту мәселесін әр дайым құнттап, қол-

дап отыруға тиіс. Абай бүкіл дүние ха-

лықтарының тілдеріне аударылуға тиіс. 

Ол үшін Абай шығармалары, ең алдымен, 

ұлы орыс халқының тілінде жақсы ауда-

рылуы керек. 



Қасым АМАНЖОЛОВ. 

Социалистік Қазақстан. - 1945. - 22 дек. (№ 258). - 4 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал