Бүгінгінің бас тақырыбы (Соңы 3-бетте)



жүктеу 0.53 Mb.

бет1/6
Дата26.01.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6

T

T

Бүгінгінің бас тақырыбы



(Соңы 3-бетте)

№147 (2925) 30 желтоқсан 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

Келбет


(Соңы 5-бетте)

Пайым


«Алтынды 

сынығынАн 

тАнуғА 

болАды»


ДепутаттарДың 

белсенділігі артқан 

жыл

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


(Соңы 4-бетте)

Мен  заң  қызметкерімін. 

Бала күнімнен деп айтпай-ақ 

қояйын,  Қазақ  мемлекеттік 

университетінің заң факуль-

тетіне  оқуға  түскен  күннен 

бастап  заң  қағидаларын  тү-

сініп, заң ережелерін ұстанып, 

заңның  шарттары  бо йынша 

жүріп-тұруға  бейімдел дім. 

Сөйтіп,  заң  менің  санам да 

ғана орнығып қоймай, мі нез-

құлқымды, дәлірек айтқанда, 

бүкіл адамдық болмысымды 

заң шеңберінде қалыптасты-

рып  келе  жатқанын  сезiнiп 

өстiм. 

Санаулы күндерден соң 2016 жыл да ескі жылдардың қатарына енгелі тұр. 

Алайда, жыл ескіргенімен, оның еншісіндегі елдік оқиғалар біразға дейін ескіре 

қоймасы анық. Жыл алмасып, өткенге салауат, келешекке аманат айтар тұста 

солардың бірсыпырасын еске түсіре кеткенді жөн көрдік.

Лебіз


Жаңа жыл – баршаны 

біріктіріп, жарқын үміт 

сыйлайтын мереке

Құрметті оқырмандар!

Баршаңызды алда келе жатқан 2017 жаңа жыл-

мен құттықтаймын!

Осы мереке қарсаңында дәстүр бойынша өтіп 

бара жатқан жылдың қорытындысы шығарылады. 

Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу 

шеңберінде республикамыздың саяси-экономика-

лық салаларында жаңа жетістіктерге толы елеулі 

оқиғалар орын алды. 

Отандық  сот  жүйесі  де  еліміздің  дамуына 

өз үлесін қосты. 2016 жылы судьялар корпусы 

Ұлт жоспарында көзделген тиісті қадамдардың 

барлығын табысты іске асырды. Үш сатылы сот 

жүйесіне  көштік,  судьялыққа  үміткерлер  мен 

судьяларға қойылатын талаптар артты, Жоғарғы 

Сот жанынан инвестициялық дауларды қарайтын 

алқа, Сот төрелігі академиясы мен Халықаралық 

кеңес құрылды. Сот ісін жүргізуде ақпараттық 

технологияларды кеңінен қолдану бағытындағы 

жұмыс жалғасын тапты. Судьялар қауымдастығы 

үшін маңызды оқиға – республика судьяларының 

VII съезі өтіп, онда Судьялық әдеп кодексі қабыл-

данды. 


Аталған жұмыстардың барлығы тұрғындардың 

ұдайы сұраныстары жағдайында заң үстемдігін 

іске асырудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету-

ге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы ел соттарына 

1,7 миллионға жуық іс пен материал келіп түсті. 

Істерді қарау мерзімі барынша қысқарып,  сот 

төрелігін жүзеге асырудың сапасы артты. Сот про-

цестеріне қатысушылар арасында жүргізілген са-

уалнамалардың барлығы соттарға деген сенімнің 

тұрақты түрдегі жоғары деңгейін көрсетті. 

Келер жылы сот жүйесін жаңғырту жұмыстары 

жалғасатын болады. Басым міндеттер қатарында 

– рес публика судьяларының VII съезінің тапсырма-

ларын іске асыру, істерді қараудың сапасы мен 

же делдігін одан әрі арттыру, сондай-ақ, сот төрелігі 

жү йесінің айқындығы мен қолжетімдігін қамтамасыз 

ету.

Жаңа жыл – баршаны біріктіріп, көңілге ерекше 



шабыт пен жарқын үміт сыйлайтын, барлығымыз 

қуана қарсы алатын отбасылық мереке. Төрімізге 

қадам басқан 2017 жыл әрбір шаңыраққа бере-

ке-бірлік, молшылық және толайым табыс ала 

келсін,  армандарымыз  орындалып,  әр  ісімізге 

сәттілік серік болсын!

Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор 

денсаулық, кәсіби жетістіктер мен баянды бақыт 

тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын! 

Қайрат МәМи,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы 

Сотының төрағасы

Өткен жылдағы ең елеулі оқиға деп Парламент Мәжілісінің сайлауын айтқан орынды. 

Еліміздегі жоғары заң шығарушы орган құрамының бұл жолғы жасақталуы да кезектен 

тыс жүзеге асқан еді. Яғни, төменгі палатаның бесінші шақырылымы депутаттық 

корпустың өз бастамасымен таратылған болатын. 

Әңгіменің әлқиссасы Астанадағы ауыс-түйістер 

туралы. Себебі, елордадағы саяси оқиғалар қашан-

да ел назарында, қоғам талқысында. 

Өткенге салауат, 

келешекке аманат

Жаңа жылдарыңызбен!

2017

Жұмыс  істеген  соңғы  сес-



сиясында  «100  нақты  қадам» 

Ұлт  жоспары  бойынша  60-қа 

жуық заңды ғарыштық жылдам-

дықпен қарап, қабылдап тастаған 

Мәжіліс депутаттары өздерінің 

бұл шешімдерін заң шығарушы 

органға әлемдік экономикадағы 

дағдарыс тудырып отырған сын 

сәтте жаңа бағыт, соны идея, тың 

күштің қажеттігімен байланыс-

тырған. Бұл қоғамда түрлі пікір 

тудырды. Күлкіге де айналдыр-

ғандар болды. 

Әйтсе  де,  жұртшылық  ай-

тылған сөзге орай, жаңадан жа-

сақталған  төменгі  палата  құ-

рамынан  шын  мәнінде  жаңа 

тұлғаларды  күтті.  Алайда,  ол 

үміт ақталмай, алтыншы рет ке-

зексіз өткен сайлаудан депутат-

тық корпустың құрамы толықтай 

жаңармады.  Керісінше,  оның 

денін көнекөз депутаттар құрады. 

Әрине, депутат болған уақытын-

да бір құзырлы орындарға сауал 

жолдап, жұртшылық аманатын 

жеткізуге де дәрмені жетпеген 

біраз  депутат  кетті.  Сонымен 

қатар,  Парламенттегі  әртүрлі 

дең гейдегі жиындарда сауатты 

сауал дарын батыл қойып, елдік 

мәсе лені жеріне жеткізе қозғап 

жүретін бірқатар депутаттар да 

орнын босатты. Өкінішке қарай, 

Тұрсынбек Өмірзақов, Оразгүл 

Асанғазы сынды қалаулылары-

мыздың бүгінде Парламент төрін-

де  жоқтығы  айрықша  білініп 

тұрады. Әрине, жаңа құрамда 

азулы, білікті депутаттар аз емес.  

Нұрлан Дулат беков, Анар Жа-

йылғанова, Кәрібай Мұсырман, 

Қожахан Жабағиев, Тұрғын Сыз-

дықов сынды заңнама жобалары, 

өзекті мәселелерге өз көзқарасы, 

сындарлы ұсынысы бар қалаулы-

лардың барлығы қуантады.

Депутаттық корпустың ескі 

де  жаңа  құрамы  қаншалықты 

үмітті ақтап, жаһандық дағда-

рыспен бірге келген мәселелерді 

шешуге тегеурінділік танытты 

деген сауал ды қою әлі де ертерек 

шығар.  Өйткені,  жаңадан  жа-

сақталған депутаттық корпустың 

жұмыс  істей  бастағанына  әлі 

толық бір жыл болған жоқ. Әйтсе 

де  осы аптада Мәжілістің соңғы 

жалпы отырысын өткізген палата 

спикері Нұрлан Нығматулиннің 

айтуынша, депутаттар жұмысы-

ның қарқыны жоғары. Мәселен, 

осы шақырылымдағы Мәжіліс 

өз жұмысын бастағаннан бері 81 

заң жобасын өндіріске қабылдап, 

оның 51-ін  мақұлдап тастаған. 

Сол секілді депутаттардың заң 

жазуға деген талаптары да  жа-

ман емес. Бір жылға жетер-жет-

пес уақытта олар 9 заң жобасын 

әзірлепті.  Бүгінде Парламент 

қабылдаған заңдардың 32-сіне 

Мемлекет басшысы қол қойып, 

өмірге жолдама алды.

Соның бірі – 2017-2019 жыл-

дарға  арналған  үш  жылдық 

бюд жет  туралы  заң.  Біз  пікі-

рін сұраған депутат Жексенбай 

Қартабайұлының  айтуына  қа-

рағанда, еліміздің бүгінгі және 

болашақтағы даму деңгейі бол-

жамдарына негізделіп жасалған 

бұл құжатта халықты әлеу мет-

тік  қолдауға  байланысты  оң 

шешімдер дәйектелді. Мәселен, 

онда мемлекет кепілдік беретін 

әлеу меттік салаларға бөлінетін 

қаржылар  кемімей,  сақталды. 

Сол секілді әлеуметтік міндет-

темелер де өз деңгейінде қалды. 

Мұның сыртында «Нұрлы жол», 

индустриалды-инновациялық 

даму  сынды  ауқымды  бағдар-

ламалар да тоқтамай, жалғасын 

табуға мүмкіндік алып отыр. Бұл 

қадамның бәрі әлемдік экономи-

кадағы дағдарыс күшейіп, мұнай 

құны арзандап, бюджетке қара 

алтыннан түсетін табыс азайған 

уақытта үлкен жетістік. 



2

№147 (2925) 

30 желтоқсан 2016

zangazet@maiI.ru

ҚҰҚЫҚ

Сот корпусының 

ханымдары 

«Атырау арулары» кітабына енді

Тұсаукесер

Қамқорлық

25 ІЗГІЛІКТІ ІС



Жаңа жыл мейрамы қар-

саңында, сонымен қатар, Қа-

зақстан Республикасы Тәуелсізді-

гінің 25 жылдығына орай, «25 

ізгі іс» қайырымдылық акциясы 

шеңберінде Павлодар облысы-

ның судьялары жетім балалар 

мен ата-анасының қамқор-

лығынсыз қалған балаларға 

арналған Песчан №2 арнайы 

жалпы білім беру мектеп-ин-

тернатының тәрбиеленушілерін 

құттықтады. 

Іс-шараға  Павлодар  облыстық 

соты төрағасының міндетін атқарушы 

Е.Жан ғазин,  Судьялар одағының Пав-

лодар облыстық филиалының төрағасы 

М.Рысбеков, Павлодар облысы кәме-

летке толмағандардың істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соты-

ның төрағасы М.Дәйкенов, Павлодар 

облысының кәмелетке толмағандардың 

істері жөніндегі мамандандырылған 

ауданаралық сотының судьясы Ғ.Рахма-

тулина, «Павлодар облысының соттар 

әкімшісі»РММ басшысының міндетін 

атқарушы  Г.Темірова қатысты. 

Балалардың назарына Паровоз сай-

қымазағы мен Аязатаның қойылымы 

Н.Погодин  атындағы  орыс 

драма театрында облыстық по-

лиция ведомствосы қызметкер-

лерінің  балаларына  арналған 

жаңажылдық ертеңгілік өткізілді. 

Бүлдіршіндерге ертегілер әлемін-

дегі кейіпкерлер өнер көрсетіп, 

түрлі ойындар ұйымдастырды.

Екі  мен  12  жас  аралығындағы 

400-ден астам бала ата-аналарымен, 

ата-әжелерімен  бірге  жаңажылдық 



Атырау өңірінде 15 жыл бойы жазылған «Атырау арулары» кітабының 

тұсауы кесілді. Туындының авторы – қоғам қайраткері Рашиля Мұрса-

лиева. Кітап парасат-пайымымен, ерлігімен, өнерімен есте қалған ана-

апаларымыздың өмірі жайлы сыр шертеді.

Ұзақ жыл дайындалған кітапты шығаруға ең алғаш идея беріп, мұрындық 

болған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Иманғали 

Тасмағамбетов екен.



Электрондық тіркеу 

тиімді

Электрондық үкімет тәжірибеге енгізіліп, мемлекеттік қызметтер 

біртіндеп жаңа технологиялар арқылы атқарылатынын естігенде баста-

маны құптағандар да, жаңалыққа күдік келтірушілер де аз болмады. 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» заңын 

таныстырып, оның қазіргі жеңілдіктерін айтқанда да көпшілік көкейіндегі 

осындай екіұдай сезімді байқадық. Түсіндірме жұмыстарын жүргізген сәтте 

жұртшылық «Интернет арқылы өтініш берсек, ол қараусыз қалып кетпей ме?», 

«Өтінішіміз аяқасты болмай ма?», «Атқарылған қызметтің сапасы көңілден 

шыға ма?» деген сауалдарды жиі қоятын еді. Расында, бұрын бір құжатты 

заңдастыру үшін бірнеше мекемеден анықтама жинап, осы тілдей қағаз үшін 

қаншама кезекке тұратынын халық ұмыта қойған жоқ. Ал, енді сондай ма-

шақаты мол жұмыстың интернет арқылы бір сәтте шешілетініне көпшіліктің 

сенімсіздікпен қарауы түсінікті. Халықтың құжаттың жылдам дайындалаты-

нына ғана емес, мемлекеттік қызметтің тиімді бола түскеніне көзін жеткізу 

үшін түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру керек. Әділет департаменті 

де жаңалықтарды халыққа жеткізуге бағытталған насихат жұмыстарын бір сәт 

те бәсеңдеткен емес. Айталық, бізде қазір жылжымайтын мүлікті заңдастыру-

дағы жеңілдіктер жан-жақты түсіндірілуде. Өйткені, бұл заңның жаңалығы, 

тиімділігі аз емес. 

Айталық, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібі жаңа заңда 

барынша жеңілдетілген. Бірақ, бұл құжаттарды тексеру, қарау, заңдастыру 

жағынан салғырттық танытылады дегенді білдірмейді. Уақытты жеделдету құ-

зырлы орындардың жауаптылығын арттыру есебінен жүзеге асып отыр. Қазіргі 

кезде мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға 

сәйкестігін тексеру жақсы жолға қойылған. 

Жандос РАХЫМҒАЛИЕВ,

Алматы қалалық әділет департаменті жылжымайтын мүлікке 

құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері

көрсетіліп, ойындар мен жарыстар ұй-

ымдастырылды. Жаңа жылға сыйлық 

ретінде мектеп-интернатқа кәсіпқой 

фотостудия сыйға тартылды. Тәрбие-

ленушілердің әрқайсысы жаңажылдық 

тәтті сыйлықты қабыл алды.

Павлодар облыстық соты төраға-

сының міндетін атқарушы Е.Жанғазин 

және Судьялар одағының Павлодар 

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

ертеңгілікке келді. Бұл балақайлардың 

барлығының ата-аналары полиция қа-

тарында қызмет атқаруда. Департамент 

басшылығының атынан бүлдіршіндерді 

облыстық ІІД бастығының орынба-

сары Қайрат Оразалин құттықтады. 

Көз тартар жаңажылдық костюмдер, 

балалардың сүйікті әндері мен билері, 

ертегі кейіпкерлері қатысқан қызықты 

ойындар – барлығы жаңа жылды тағат-

сыздана күтіп жүрген балалар үшін 

ұйымдастырылды.

Демеу мен Жұлдыз Бағыттар екі 

бала тәрбиелеуде. Жұлдыз да, жұбайы 

да Ішкі істер департаментінде қызмет 

атқарады. Олардың айтуынша, мұндай 

жарқын мерекелер балаларға қуаныш 

сыйлап, олардың естерінде ұзақ сақта-

лады.


«Департамент басшылығына осын-

дай  мереке  ұйымдастырғаны  үшін 

алғысымызды білдіреміз. Осымен үш 

жыл қатарынан ІІД қызметкерлерінің 

балаларына арналған осындай ертең-

гіліктер өткізіліп келеді. Сыйлықтар да 

тегін беріледі. Балаларымызға қатты 

ұнады», – дейді полиция майоры Жұл-

дыз Бағыт.

Ұйымдастырылған ертеңгілік пен 

сахналық көріністен бөлек, әр балаға 

жаңажылдық сыйлықтар берілді. 

ІІД-нің медициналық қызметі де 

кезекті рет өздерінің қамқорлығындағы 

Полудино селосындағы балалар үйінде 

болып қайтты. Сондай-ақ, бұл жерге 

бөлім бастығы, полиция полковнигі 

Ерлан Сұлтанов бастаған Мағжан Жұ-

мабаев аудандық ішкі істер бөлімінің 

басшылығы мен жеке құрамы да келді. 

Аудандық полиция қызметкерлері мен 

дәрігерлер әр балаға сыйлық әзірлеп, 

келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен 

шын жүректен құттықтады. 



Юрий КЛЫКОВ, 

Солтүстік Қазақстан облыстық 

ІІД баспасөз қызметі

Үкімді 

орындамағандардың 

жазасы ауырлайды

Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты айыппұл тағайындау 

бөлігіндегі үкімдерді орындау сұрақтарын талқылау бойынша дөңгелек 

үстел өткізді. Шараға Көкшетау қалалық прокуратурасының қызметкер-

лері, Ақмола облыстық әділет департаментінің мемлекеттік сот орындау-

шылары және жеке сот орындаушыларынан арнайы өкілдер қатысты.

Кездесуде әділет органдарынан аймақтық жеке сот орындаушылар палата-

ларына электронды құжаттарды жолдау және тіркеу барысында туындайтын 

бірқатар сұрақтар  талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекет кірісіне енгізілетін айыппұлдар-

ды төлетуге қатысты сот үкімдерін орындау, сонымен қатар, сыбайлас жемқор-

лық қылмыстар бойынша маңызды мәселелерді көпшілік талқысына салды. 

Әділет департаменті және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының бас-

шыларына егер сот актілерін мемлекеттік органдардың және сотталғандардың 

ұзақ уақытта орындамаған немесе тиісінше орындамағаны анықталса, жазаны 

орындаудан жалтарғаны үшін айыппұл түріндегі жазаны аса ауыр жазаға ауыс-

тыру туралы ұсыныспен соттарға жүгінуге болатыны ескертілді.

 

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

облысындағы филиалының төрағасы 

М.Рысбеков балаларды және мұғалім-

дер ұжымын мерекемен құттықтап, 

оларға зор денсаулық, сабақтарын жақ-

сы оқуды және жаңа шығармашылық 

табыстар тіледі.

Павлодар облыстық сотының

баспасөз қызметі

Шара


Туындыға  бас  редак-

торлық еткен – тілші-ға-

лым Ғарифолла Әнес, ал, 

редакция алқасында жұ-

мыс атқарғандар – Фариза 

Оңғарсынова, Айгүл Әжі-

ғалиева, Қойшығұл Жыл-

қышиев, Сәрсенбай Еңсе-

генов, Бақыт Иманғалиев 

және Әбілхан Төлеуішев 

секілді біртуар азаматтар 

мен азаматшалар.

Бұл әр ғасырда елге та-

нымал болған Атыраудың 

арулары туралы мыңға жақын есімді қамтып, аты аңызға айналған аналары-

мыздан бастап, ел ағаларына тірек болған, қоғамның көркін келтірген білімді, 

білікті, өнерлі де өнегелі арулардың өмір деректерін суреттеген мазмұны терең, 

құнды басылым.

Жинақтың «Қайраткер арулар» бөліміне еніп, өмір жолдары баяндалған-

дардың қатарында сот корпусынан доғарыстағы Жоғарғы Сот судьясы Назым 

Суханова, Атырау қаласының №2 сотының төрайымы Айгүл Ташенова және 

облыстағы ардагер судьялар Балтуған Файзуллина, Сағима Жұмалиева, сон-

дай-ақ, көп жылдар бойы аудандық соттарда төрайымдық етіп, 2002 жылдың 

үздік судьясы атанған, марқұм Сәуле Дүйсебалиева жөнінде де естеліктер 

жазылған.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Бастама


Дөңгелек үстел

Қорытынды



ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙРАТ МӘМИ СОТ 

ЖҮЙЕСІНІҢ 2016 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫ-

ТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ. 

Қ.Мәми 2016 жыл сот жүйесі үшін өте табысты болғанын 

атап өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы шең-

беріндегі соттардың жетістіктері туралы айта келе, ол Ұлт 

жоспарында көзделген барлық ұйымдастырушылық және 

құқықтық іс-шаралардың орындалғандығына тағы бір мәрте 

назар аударды. Осылайша заң мен құқық үстемдігі қағидатын 

іс жүзінде неғұрлым жүйелі орындау тұрғысынан сот жүйе-

сі мен заңнаманы реформалау мүмкін болды. Осы орайда, 

Қ.Мәми: «Бұл жұмыстар сот төрелігін жүзеге асырудың сан-

дық және сапалық көрсеткіштеріне, халықаралық рейтингтегі 

сот жүйесінің орнына және ең бастысы, азаматтар құқықта-

рының сотта қорғалуының жай-күйі мен деңгейіне жағымды 

әсер етті», – деді. 

Ол Жоғарғы Соттың жалпы отырысының биылғы жылғы 

жұмысы нәтижелі болғанын атап өтті. Биыл барлығы 15 оты-

рыс өтті. Сот жүйесі туралы конституциялық заңда көзделген 

жалпы отырыстың барлық құзыреті, соның ішінде төралқаны, 

Сот жюриінің құрамын, Халықаралық кеңесті, Ғылыми-кон-

сультативтік кеңесті құру, олардың қызметінің құқықтық ба-

засын қабылдау мен жаңарту бойынша қызмет іске асырылды. 

Осы жылы алғаш рет судьялар облыстық соттың судьясы лауа-

зымын иелену тұрғысындағы ұсынымдар мәселесі бойынша 

ЕСКІ ЖЫЛ ЕЛЕУЛІ 

ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ

облыстық соттардың (Павлодар және Қостанай) жалпы оты-

рыстарының қорытындыларына шағым түсірді. 

Нормашығармашылық салада да елеулі жетістіктерге қол 

жеткізілді. Сот практикасын жетілдіру және оның біркелкілі-

гін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы сот практикасы-

ның көптеген өзекті мәселелері бойынша 16 нормативтік қау-

лы қабылданды (салыстыру үшін – өткен жылы 8 нормативтік 

қаулы қабылданды).

Жоғарғы Сот төрағасы: «Бұл жетістіктің барлығы жақсы, 

бірақ, біз осымен тоқтап қалмауымыз керек. Бізді алда күр-

делі жұмыстар мен жаңа міндеттер күтіп тұр», – дей келе, 

мүмкіндікті пайдаланып, отырысқа қатысушыларды алдағы 

мерекемен құттықтады.  



ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі

№147 (2925) 

30 желтоқсан 2016

3

zangazet@mail.ru



T T

T

T



T

қоғам


Бүгінгінің бас тақырыбы

ЕХРО-2017

Өткенге салауат, 

келешекке аманат

(Соңы. Басы 1-бетте)

Тұтас  жұрттың  тағдыры, 

мемлекеттің әлеуметтік, эконо-

микалық және басқа жағдайы 

соған байланысты болғандықтар 

шығар бұл. Күнтізбелік ретімен 

емес, мән-маңызымен өлшесек, 

ең әуелі биыл Үкіметтің ауысқа-

нын айту керек. Дұрысы, Үкімет 

басшысы. Бір емес, екі рет және 

ең ұзақ Премьер-министр болған 

Кәрім Мәсімов күзде орын босат-

ты. Өмірбаянында түрлі басқар-

маны, агенттікті, партияны һәм 

министрлікті басқарған, соңғы 

екі жыл көлемінде Премьер-ми-

нистрдің  бірінші  орынбасар-

лығын атқарып келген Бақытжан 

Сағынтаев күз басында Үкімет 

басшылығына тағайындалды. 

Айта кетерлігі, түрлі себептерге 

байланысты  соңғы  жылдары 

экс-премьерге қоғам салқын қа-

бақ таныта бастаған-ды. Негізгі 

себеп оның мемлекеттік тілді 

мең гермегендігінде жатса керек. 

Иә, Кәрім Қажымқанұлы кейбір 

Үкімет отырыстары мен басқа 

да жиындарда сәлемін қазақша 

бастаған болғанымен, мұның өзі 

оған «көмектеспеді». Бақытжан 

Сағынтаевтың Үкімет басына 

келуін қоғамның жылы қабыл-

дағаны бір есептен сондықтан. 

Әрине, Кәрім Мәсімов орнын 

босатқанымен, өзі мүлдем бос 

қалған жоқ. Ұлттық қауіпсіздік 

комитетінің төрағалығына таға-

йындалды. Сөйтіп, құпия қыз-

метке барғалы Кәрім Мәсімов 

бұрынғыдай жиі көріне бермей-

тін болды.

Сөз барысында Үкімет ауыс-

ты дегенімізбен, оның мүше-

лерінің  дені  орнында  қалды. 

Жалпы, басшысы ауысса құра-

мы түгел доғарысқа кететін өр-

кениетті  елдердегі  жүйе  біз-

ге онша тән емес. Бәлкім, бұл 

біздегі кадрлық саясаттың бір 

ерекшелігі  әрі  министрлер 

бастаған ісін аяқтасын дегендік 

шығар. Тіпті, Бақытжан Сағын-

таев Премьер-министр қызметі-

не  та ғайындалғанға  дейін  де 

министрлердің бірі келіп, бірі 

кетіп жатты. Енді соларды бір 

тізбектеп  шықсақ.  Бұл  ретте 

әуелгі әңгіме Білім және ғылым 

министрінің өзгеруінен баста-

лады. Басынан дау арылмайтын 

министрлікті басқаруға Елбасы 

ақпанда Ерлан Сағадиевті бекіт-

кені есте. Алайда, әрі экономист, 

әрі бизнесмен һәм шетелдік бі-

лімі бар, тура ердің жасы сана-

латын елуінде министр атанған 

Ерлан Кенжеғалиұлы да ведом-

ствоға жиі айтылатын сындарға 

нүкте  қоя  алмады.  Оқу  жүй-

есіне үштілділікті енгізу, мек-

тептің жоғары сыныптары мен  

ЖОО-ларда жаратылыстану пән-

дерін ағылшын тілінде оқытуға 

көшу  секілді  оның  мойнына 

алған міндеттеме лері қоғамның 

қолайына жаға қойған жоқ. Де-

генмен, жаңа жүйе біртіндеп ен-

гізіліп жатқанын көз көріп жүр. 

Үкімет құрамындағы өзгеріс Ер-



Ақмола облысында ЕХРО-

2017 халықаралық маман-

дандырылған көрмесі қар-

саңында  өңір  жастары, 

сту денттері мен жас кә-

сіп керлерінің  арасында 

«AKMOLA POWER» иннова-

циялық жобалардың облыс-

тық конкурсы болып өтті.

«Өнер – жастан, асыл – тастан» де-

мей ме халық даналығы. Жастар арасын-

да заманауи техниканы жете меңгерген, 

жай меңгеріп қоймай, оны жетілдіріп, 

жаңғырту арқылы қоғамға, өндіріске 

пайдалы жаңалықтар жасайтын талант-

ты қыз-жігіттер аз емес. Облыс аумағын-

да өтетін түрлі шараларда сондай сту-

дент жастар мен мектеп оқушыларының 

өз қолдарымен жасаған жаңа құрылғы-

лары жұртшылық назарына ұсынылып 

жатады. Өкініштісі сол, осындай жылт 

еткен  тамаша  өнертапқыш  жобалар 

қалталы инвесторлар тарапынан қолдау 

таба қоймайды.

Мәселен, Көкшетау қаласындағы бір 

орта мектепте оқушылардың қолымен 

жасалған электр қуатын өндіретін күн 

батареясы мектепті жарықтандыруға 

және жылумен қамтамасыз етуге мүм-

кіндік беріп отыр. Соның арқасында 

мектеп тегін электр қуатын пайдалануда. 

Ал, Сандықтау ауданында тұратын бір 

ауыл тұрғыны сиырдың тезегін үлкен 

темір бөшкеге салып сумен араласты-

рып езіп, содан газ өндіретін құрылғы 

жасапты. Әлгінің өндірген газы үйін 

жылытып, тамақ істеуге толығымен 

жетеді екен. Соған қызыққан өзгелер де 

ауылдың өнертапқышына «газ өндіргіш» 

жасатып алып жатқан көрінеді. 

Облыстық ішкі саясат басқармасы 

ұйымдастырған конкурс ақмолалықтар-

дың шығармашылық, білім беру және 

әлеуметтік бастамасын қолдауға, жоба-

лық зерттеу жұмысына қатысқандарды 

ынталандыруға және еліміздің үдемелі 

индустриялық-инновациялық дамуы 

бойынша мемлекеттік саясаттың басым-

дығын жүзеге асыруға игі ықпалын ти-

гізеді деген үмітпен өткізіліп отырғанын 

атап өткен артық  болмас. Облыстағы 

колледждердің оқушылары мен жоғары 

оқу орындарының студенттері қатысқан 

аталмыш шара талантты жастарды жа-

рыққа шығаруға септігін тигізеді деген 

үміт бар. 

Әр аталым бойынша үш жүлделі 

орын тағайындалған конкурстың жүл-

дегерлеріне берілетін сыйақысы да  қо-

мақты. Оған қоса, үздік инновация лық 

идея мен жобалар «Шағын-ЕХРО-2017» 

көрмесіне  қатысатындар  қатарында 

электрондық базаға енгізіледі. Конкурс-

қа қатысушылар әртүрлі аталым бойын-

ша білім беру, ғылым және инновация-

лық үдерістерге негізделген идеялар 

мен жобаларын ұсынды. Оның ішінде 

қосалқы энергия көзі, энергия тиімділі-

гі және өзге де энергетика саласының 

инновациясы, ауыл шаруашылығы, эко-

логия және табиғатты пайдалану салала-

рындағы бастамалар бар. 

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкше-

тау мемлекеттік университетінің 4-курс 

студенті Айжан Талғатқызы табиғаты 

құбылмалы солтүстік өңірде тез пісетін 

дәнді дақылдың бес тұқымын «Мирас 

жер Агрофирмасы» серіктестігінің алқа-

бында зерттеп жүр екен. Жұмсақ бидай-

дың тез пісетін тұқымын ол 56 тұқым-

ның ішінен таңдап алыпты. Енді бірер 

жылдың ішінде Айжанның қолға алған 

тәжірибесінің нәтижесі де айқындалмақ.

Аталмыш университеттің оқыту-

шысы  Маржан  Мырзаханова  ылғал 

сақтағыш гидрогель ұнтағын пайдалану 

арқылы су мен электр қуатын үнемдеу 

жобасын ұсыныпты. Су мен электр қуа-

ты үшін төлейтін ақы көлемі жыл санап 

өсіп бара жатқан қазіргі таңда мұндай 

жобаның жұртқа берер игілігі аз болмас. 

Осы университеттің тағы бір студенті 

Мәдияр Машрапов: «Соңғы жылдары 

базар маңындағы көшелерде автокөлік 

кептелісі көп орын алып жатады. Оның 

үстіне автокөлік газынан қаланың эколо-

гиялық жағдайы нашарлауда. Осы мәсе-

лені шешетін жаңа идеялық ұсынысым 

бар», – дейді бізбен әңгімесінде. 

Конкурсқа ұсынылған жобалар жас-

тар арасында еліміздің өркендеп, дамуы-

на еселі үлесін қосатын таланттардың 

аз емес екендігін анық көрсеткендей 

болды. Облыстық туризм басқармасы-

ның басшысы Шынарбек Батырханов 

төрағалық еткен комиссия мүшелері әр 

идея мен жобаны талдап қарап, тыңдап, 

тиісті бағасын берді. Жүзден жүйрік 

шыққан жүлдегерлер қатары анықталып, 

олар лайықты марапатталды. 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал