Бүгінгі санда: Отырар – тарихи өлке Шежіреші шерткен сыр



жүктеу 438.83 Kb.

бет1/5
Дата15.09.2017
өлшемі438.83 Kb.
  1   2   3   4   5

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№49 (1359) 

8 –14 желтоқсан

2016 жыл


1 9 9 0   ж ы л ғ ы 

н а у р ы з д ы ң   2 2 - с i н е н 

б а с т а п   ш ы ғ а д ы

Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

ОЙТҮРТКІ


ҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰРПАҒЫҢДЫ ОЙЛА

РУХАНИЯТ


Бүгінгі санда:

Отырар – тарихи өлке

Шежіреші шерткен сыр

Мәтінтану – көне 

мұрамызды 

жаңғыртады

3-бет

6-бет

4-бет

Қ а р а т а л   а у д а н ы   Ү ш т

б е 

қ а л а с ы н д а   а ш ы л ғ а н   3 2 0   о р ы н д ы 



«Балб бек» балабақшасы «Нұрлы жол» 

бағдарламасымен салынған. Білім беру 

мекемесінің ашылу салтанатына облыс 

әкімі А. Баталов қатысып, құттықтады.

– Бүгін Тұңғыш Президент күнінің 

қарсаңында Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 

«25 жұлдызды күн» аясында біз облыс 

бойынша заманауи 25 балабақша ашып 

отырмыз. Бұл облыс тұрғындары үшін 

аса маңызды, әрі үлкен шара, – деді 

А.Баталов. 

М ұ н а н   с о ң   о б л ы с   б а с ш ы с ы 

Елбасының балаларды мектепке дейінгі 

тәрбиемен қамту туралы тапсырмасын 

орындау бағытында  ңірде ауқымды 

жұмыстар атқарылып жатқанын атап 

тті. Мәселен, биылғы жылдың  зінде 

ғана облыста 97 балабақша пайдалануға 

берілген, оның 88-і жекеменшік. 

Сондай-ақ облыс әкімі мемлекеттік-

жекеменшік әріптестік арқылы мек-

тепке дейінгі мекемелер ашу ісі жақсы 

жолға қойылғанын, бүгінгі күні балалар-

ды балабақшамен қамту к рсеткіші 87 % 

құрап отырғанын айтты.

«Мәңгілік ел» монументі үшін 

 авторлар ұжымы Иманғали Нұрғалиұлы 

Тасмағамбетов, Сағындық Смаилұлы 

Жамболатов, Мұрат Амангелдіұлы 

Мансұров, Нұрлан Аманұлы  Далбай 

Мемлекеттік сыйлық иегері атанды. 

«Мәңгілік ел» қақпасы деген атау-

мен жақсы таныс бұл монумент – 

әлемдегі санаулы қалаларға тән ерек-

ше-монументалды туынды болып 

табылады. Айта кетейік, аталған нысан 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып 

бой к терген. 

дебиет саласындағы Мемлекеттік 

сыйлық белгілі жазушы Бексұлтан 

Н ұ р ж е к е е в к е   б е р і л д і .   Қ а л а м г е р 

жоғарғы марапатты биылғы жылдың 

үздік туындысына айналған « й, дүние-

ай» романы үшін алды. Бұл шығармада 

ұлт-азаттық к теріліс жылдарындағы 

қазақ халқының тағдыры суреттелген. 

нер саласы бойынша Мемлекеттік 

сыйлық «Құнанбай» толық  метражды 

к ркем фильмі үшін авторлар ұжымы 

– Досхан Қалиұлы Жолжақсынов, 

3-бет

6-бет

Тіршіліктегі ең жауапты әрі қиын борыш – дүние есігін ашқан 

нәрестеге ат қою, яғни лайықты есім таңдау. Халқымыз бұл 

мәселеге ешуақытта бейжай қарамаған. Ұл-қызының ертеңінен 

мол үміт күтіп, жолының ашық болуын, еліне қадірлі азамат 

болуын тілеп, ерекше назар аударған. Ал қазір мұндай дәстүр 

ұмытылып бара жатқаны ойландырмай қоймайды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» аясында Алматы 

облысында бір күнде 2385 орынды 25 заманауи балабақша ашылды. Жаңа 

балабақшалар Іле, Қаратал, Жамбыл, Панфилов, Еңбекшіқазақ, Талғар 

аудандары мен Талдықорған қаласында іске қосылды. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет 

пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлығының №379 

қаулысына сәйкес еліміздегі  әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық 

иегерлерінің есімдері белгілі болды.

Жалпы кез келгеніміздің бұл 

мәселеде терең ойланғанымыз 

абзал.  йтпесе, «жаман иттің 

атын Б рібасар қоядының» 

салмағы ауыр. Бұрынырақта 

« Х а б а р »   т е л е а р н а с ы н д а ғ ы 

«Тілашар» бағдарламасының 

к е з е к т і   ш ы ғ а р ы л ы м ы н д а 

сәбиге ат таңдаудың машақаты 

түсіндірілді. Құдайдан бір ұл тілеп 

зарыққан к пбалалы отбасында 

Ұлту, Ұлтуған, Ұлжан, Ұлбике 

деген қыздар бар екен. С йтіп, 

аңсаған армандарына жеткен 

ата-ана кейінгі екі ұлға Аңсар, 

Арман деп азан шақыртыпты. 

Ондай ырым-жоралғыға салсақ, 

ер балаға Айбат, Қайсар, Жігер, 

Ерлік, Толағай... дегендей рухты 

есімдер лайық. 

А л   б ү г і н д е   ұ л т ы м ы з д ы ң 

есімдер тізбегінде түрлі-түрлісі 

ріп жүр.  лемге тарап кет-

кен есімдер модаға айналды! 

сіресе қыз балалардың есімдері 

алдыңғы қатарда тұр.Мысалы, 

Даяна, Инара, Анель, Альби-

на, Милана, Айлин, Агиля, 

София...болып жалғасып кете 

береді. Мән-мағынасы қазаққа 

түсініксіз, салт-санамызға жат 

е с і м д е р д і ң   қ а п т а п   к е т у і н і ң 

себебі неде? Осы ж нінде бір сәт 

ойланып к рдік пе? Иә, қазір 

әлем жаһанданып бара жатыр. 

Түрлі мәдени экспансиялардың 

ішінде есімдердің  зі әжептәуір 

р л ойнайтын болып жүр. Ал 

қазақтың  з табиғатына жақын, 

ұлтының ерекшелігін таны-

тып тұратын есімдер неге аз 

қойылады? Шынтуайтына кел-

генде, біз тек-тамырымызбен 

байланыстырып тұратын нәрсе 

бұл  зіміздің ұлттық есімдеріміз 

емес пе? Бұл орайда бәрі де 

еліктеп-солықтаудан баста-

латынын байқау қиын емес. 

Шетелдік киноактерлер мен 

нер жұлдыздардың есімдерін 

з баласына қойған ата-ана ал-

дына қандай мақсат қояды екен? 

Бәлкім, балам да солар сияқты 

жұлдыз болсын дейтін шығар. 

Бірақ әркімнің  мірдегі  з жолы, 

з тағдыры бар екенін ұмытпауға 

тиіспіз. Мәселен, Қызылордада 

кішкентай Бен Ладен  сіп келе 

жатыр. Аты шулы лаңкестен 

а й ы р м а ш ы л ы ғ ы   –   к ү н ә с і з 

періште! Қазақ! Обал-ай!

Б і р а з   а т а - а н а   « Ш ы ң ғ ы с 

х а н »   т е л е х и к а я с ы н д а ғ ы 

 Тимучин есімін 2008 жылы 

туған бүлдіршіндеріне берген-

де балаларының заты қазақ, 

аты моңғол болып шыға келді 

емес пе?!  К шеде баласын 

« Т а м е р л а н » ,   « Я с м и н » ,   т . б . 

д е п   ш а қ ы р а т ы н   ш а л а қ а з а қ 

шүйкебастар қаптап жүр. Шым-

кент  ңіріндегі бір отбасы баспа-

налы болғанда қызды-қыздымен 

жаңа туған нәрестелерінің атын 

Жилстройбек қойыпты-мыс. 

Тіпті әлеуметтік желілер арқылы 

сондай туу туралы куәліктің суреті 

де тарап кетті. Жайшылықта 

«тәрбие – тал бесіктен» деген-

де алдымызға жан салмаймыз. 

Баланың болашағына дәл солай 

алаңдайтынымыз рас болса, оған 

ат қоюда да абай болайықшы, 

ағайын!

Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

«Ана тілі» газетінің 

меншікті тілшісі

АСТАНА


АТ ҚОЮҒА 

АБАЙ БОЛСАҚ...

6-бет

БАСПАСӨЗ – 2017



ҚАЗПОШТА

Индекс


Мерзімі

Аймақ/қала

Аудан/ауыл

Жеке жазылушылар үшін

65367

6 айға


1748,16

1859,94


12 айға

3496,32


3719,88

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

6 айға


3202,56

3314,34


12 айға

6405,12


6628,68

ТАЛДЫБЕЙІТ. ЖЕЛТАУ...



КЕЛЕСІ НӨМІРДЕН ОҚИТЫНДАРЫҢЫЗ:

Болашақ балабақшадан  басталады

Әдебиет пен өнерге 

лайықты құрмет

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!

–   Б ү г і н г і   а ш ы л ы п   о т ы р ғ а н 

балабақшалардың барлығы да жаңа 

талаптарға сай. Мұндағы мүмкіндіктер 

к і ш к е н т а й   б а л д ы р ғ а н д а р д ы ң 

ақылды, алғыр болып  суіне ықпал 

ететініне сенемін. Шын жүректен 

б а р ш а ң ы з д ы   Т ұ ң ғ ы ш   П р е з и д е н т 

күнімен және Қазақстан Тәуелсіздігінің 

2 5   ж ы л д ы ғ ы м е н   қ ұ т т ы қ т а й м ы н ! 

З о р   д е н с а у л ы қ ,   т о л а й ы м   т а б ы с , 

отбасыларыңызға береке тілеймін, - деп 

с зін қорытындылады А. Баталов. 

Құттықтау с з с йлеген ардагер 

п е д а г о г   Ұ л б о л с ы н   Д о с м о л д а н о в а 

 балалар үшін мемлекет тарапынан жа-

салып отырған барлық қолдауларға 

ризашылығын білдіре келе:

– Мектепке дейінгі тәрбие мен 

білім – жаңа білім мен табысқа жетудің 

алғашқы баспалдақтары. Облыста жаңа, 

заманауи балабақшалардың ашылып 

жатқанына қуаныштымын, – деді.

Құттықтау с зден кейін А.Баталов 

т ұ р ғ ы н д а р м е н   б і р г е   б а л а б а қ ш а 

ғимаратын аралап к рді. Топтардың 

ж ұ м ы с ы м е н   т а н ы с ы п ,   а с х а н а , 

музыкалық залда болды. Балалардың 

әзірлеген концерттік н мірлерін тама-

Рустам Одинаев, Айдос Жұмаділдіұлы 

Б е к т е м і р   ж ә н е   Н ұ р с и ф а т 

Рахымбайқызы Салықоваға берілді.

Аталған фильмде дана Абайдың 

әкесі Құнанбай  скенбайұлының 

негелі  мірі мен қайраткерлігі баян-

далады. 


С о н д а й - а қ   н е р   с а л а с ы н д а ғ ы 

Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына арналған «Тәуелсіздікке 

тарту» жұмыстар циклі үшін талантты 

қылқалам шебері Камиль Муллашев 

иеленді. Суретші К.Муллашевтың 

жұмыстары Мәскеудегі мемлекеттік 

Т р е т я к о в   г а л е р е я с ы н д а   ж ә н е 

Алматыдағы  .Қастеев атындағы 

нер музейіне қойылған. Қылқалам 

шеберінің туындылары АҚШ, Гер-

мания, Франция, Түркия, Қытай 

тәрізді бірқатар шетелдерде  нерсүйер 

қауымның назарына ұсынылған.

Р.НҰРАЛИН

шалап, оларға ойыншықтар мен естелік 

сыйлықтар табыс етті. 

Жалпы осы күні 25 балабақшаның 

б а с ы м   б л і г і   А л м а т ы   қ а л а с ы н ы ң 

маңында орналасқан халық тығыз 

қоныстанған аудандарда ашылғанын 

атап  ту керек.  Мәселен, Талғар 

 ауданында (Талғар қаласы, Амангелді, 

Қызыл Ту, Рысқұлов, Талдыбұлақ, 

Тұздыбастау, Еркін ауылдары) жалпы 

саны 800 орынды 9 балабақша, Іле ауда-

нында ( теген батыр кенті, Жаңадәуір, 

Байсерке, Қоянқұс ауылдары) 520 орын-

ды 7 балабақша, Жамбыл ауданын-

да (Үмбетәлі, Ұзынағаш ауылдары) 

470 орынды 4 балабақша, сол сияқты 

Еңбекшіқазақ ауданында (Жаңашар, 

Түрген ауылдары) 2-еу, Талдықорған 

қаласында және Панфилов (Пенжім 

ауылы), Қаратал аудандарында (Үшт бе 

қаласы) балабақша бір-бірден ашыл-

ды. Аталған нысандар ашылғаннан 

кейін облыста 3-6 жас аралығындағы 

балаларды мектепке дейінгі мекеме-

лермен қамту деңгейі Жамбыл ауда-

нында 94,2%, Талғар ауданында 89,0%, 

 Панфи лов    ауданында  85,1  %,   Іле  ауда-

нында 84,1 %, Еңбекші қазақ ауданында 

82 %, Талдықорған қаласында 87 % 

к рсеткішке жетті.

ЖЫР ДОДАСЫ



Айтыс — сөз мәйегі, жыр 

маржаны мен ой тұнығы 

молынан ақтарылатын саф 

өнеріміздің бірі. Қазіргі 

таңда ұлтымыздың баға 

жетпес құндылығына 

баланған төл өнеріміз 

– ақындар айтысы рес-

публика көлемінде көптеп 

өткізіліп келеді. Бұл да 

тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 

арқасы. Айтыскер 

ақындарымыз жүйрік аттай 

желпініп, көмекейлерінен 

жыр саулатып, тасқын су-

дай екпіндегенде еңкейген 

кәріден еңбектеген балаға 

дейін сүйсініп тыңдайды. 

Еліміздің әр өңірінде 

өткізіліп жүрген айтыстарда 

да өнерсүйер қауымның 

төкпе жырдың дара 

өкілдеріне деген ыстық 

ықыласы ерекше екенін 

көріп те жүрміз. Қазақтың 

қара өлеңіне жырдан үкі 

тағып, шындықтың шы-

нар биігінен жанартаудай 

жарқылдап, мәрттіктің, 

адалдықтың, адамдықтың 

асыл тұңғиығына 

бойлаған айтыскер 

ақындарымыздың ел 

алдындағы бағасы артпаса 

еш төмендеген емес. 

Жуырда Алматы 

қаласындаТәуелсіздіктің 

25 жылдығына арналған 

«Тәуелсіздікке тағзым» 

атты «Алтын домбыра» 

республикалық ақындар 

айтысы өтті. 

Алматыда «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті

«ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАҒЗЫМ»

2

№49 (1359) 

8 –14 желтоқсан

2016 жыл


АНА ТІЛІ

АПТА-ШОЛУ

 домна    пеші  жұмысын  бастады.

Телек пірдің тағы бір жаңалығы, аяқ киім 

ндірісімен айналысатын  «Казлегпром Алма-

ты» фабрикасын іске қосқан. Елбасы аталған 

неркәсіптің  німін сатып алғанын айтып, 

жұртшылықты, қазақстандықтарды  з тауар-

ларымызды тұтынуға шақырды. «Мен отандық 

німдерді қолдау қажеттігін үнемі айтамын. Осы 

саланы әрі қарай дамыта беріңдер, бәсекеге сай 

болып,  німдерің Италия, Франция тауарла-

рынан кем түспесін» деді Мемлекет басшысы. 

 Фабрика директоры А.Бектұрғановтың айтуын-

ша, кәсіпорын аяқ киімді италиялық технология 

бойынша шығарады.

Мемлекет басшысы шара барысында 

Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» 

рейтингінде республикамыз әлемнің 190 елі 

арасында 35-орынға к терілгенін хабарла-

ды. Сонымен бірге, жедел  згеріп жатқан за-

манымызда сандық технологиялар алдыңғы 

орынға шыққанын атап  тті. «Жаңа жаһандық 

технологиялық дәуірдің басталуымен бірге елді 

белсенді түрде индустрияландыру стратегиялық 

міндетке айналып отыр. Жалпы біз жүргізіп 

отырған саясат әлемдік тәжірибеге сай келеді» 

деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы мемлекеттің пәрменді қолдауына 

негізделген кең ауқымды индустрияланды-

ру ісі Қазақстанды дамыған елдер қатарына 

қосуға, кешенді әлеуметтік мәселелерді шешуге, 

сондай-ақ халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға 

мүмкіндік беретінін айта келе, барлық іс-шараға 

қатысушыларды алдағы Тәуелсіздік күнімен 

құттықтады.

Индустрияландыру күні аясында  ткен 

Жалпыұлттық телек пірдегі с зінен кейін 

 «Парыз» және «Алтын сапа» сыйлықтарын сал-

танатты жағдайда тапсырылды.

Б и ы л   « П а р ы з »   б а й қ а у ы н ы ң   б а с 

жүлдесіне корпоративтік әлеуметтік және 

экологиялық жауапкершілік қағидаттарын 

іске асыруда жоғары нәтижеге қол жеткізген 

«АқсайГазСервис» АҚ ие болды. Кәсіпорын 

басшысы Тілек Шектібаев жоғары марапатты 

Елбасы қолынан алды. Жеңімпаз компания 

әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге  асыруға 

жыл сайын 25 млн теңгеге дейін қаржы б ліп 

келеді. Кәсіпорын тұрақты түрде білім беру, 

мәдениет мекемелеріне қолдау жасауда, сондай-

ақ мұқтаж адамдарға к мек к рсету қорына  з 

үлесін қосады.

Қ а з а қ с т а н   П р е з и д е н т і н і ң   « А л т ы н 

сапа» сыйлығымен «Қазақстан электро-

лиз зауытының» президенті Р.Романов, 

«АтырауМұнайМаш» ЖШС директорлар 

кеңесінің т рағасы С.Түгелбаев, «Химфарм» АҚ 

директоры Р.Байғарин марапатталды.

Осы жиында «Қазақстанның үздік тауары» 

республикалық к рме-байқауының дипло-

манттарына арнаулы дипломдар табысталды. 

Байқау жеңімпаздары үш аталым – « ндірістік 

м а қ с а т т а ғ ы   ү з д і к   т а у а р л а р » ,   « Х а л ы қ қ а 

арналған үздік тауарлар», «Ең үздік азық-түлік 

 тауарлары» бойынша анықталды. Айта кеткен 

ж н, биыл «Алтын сапа» сыйлығына 100-ден 

астам кәсіпорын үміткер болған. Ал «Парыз» 

байқауына қатысуға еліміздегі 501 кәсіпорын 

тініш білдірген екен.

 Абылайхан ЖҰМАШЕВ

БАЙЫПТЫ БАҒДАРҒА – 

БАТЫЛ ҚАДАМ

АЛҚАЛЫ ЖИЫН



Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың қатысуымен 

республикалық жастар форумы бол-

ды. Бұл шараға Қазақстанның барлық 

өңірінен 1000-нан астам адам, соның 

ішінде кәсіпкерлер, өндірістің түрлі 

саласының еңбеккерлері, ғалымдар, 

студенттер, танымал спортшылар мен 

жастар ұйымдарының көшбасшылары 

қатысты. 

Елбасы Қазақстандағы 15-тен 29 жасқа 

дейінгі 5 миллионға жуық жастарды форумның 

ашылуымен құттықтап, бақыт, зор денсаулық 

тіледі. 

Жиында еліміздің түкпір-түкпіріндегі ғана 

емес, шет елде білім нәрімен сусындап жатқан 

басқа да озық ойлы Қазақстан жастары бей-

не байланысқа шығып,  здеріне к рсеткен 

қолдау-қамқорлығы үшін мемлекет басшысына 

ризашылықтарын білдірді. 

Сонымен қатар жуырда Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстандық жаңа 

индустрияландыру» атты телек пір  тті. Шара 

барысында еліміздің әр аймағында Индустрия-

ландыру картасы жобаларының тұсауы кесілді. 

Елбасы телек пір режимінде нысандардағы 

ндірісті іске қосып, жұмыстарына сәттілік 

тіледі. Индустрияландыру бағдарламасы 

жүзеге асқалы ірілі-ұсақты 961 кәсіпорын іске 

қосылған. Ашылған жұмыс орындарының 

саны 90 мыңнан асады. Аталған жобаларға 4,6 

трлн теңге жұмсалды. Барлығы «Қазақстанда 

жасалған» деген таңбасы бар 7 трлн теңгенің 

німі  ндірілді. Отандық кәсіпкерлердің т л 

мерекесі Индустрияландыру күніне арналған 

іс-шарада жиырма үш жобаның тұсауы кесілді.

Жалпы жоспар бойынша бағдарламаның екінші 

бесжылдығы аясында 400 жоба іске асуы тиіс. Бұл 

тағы 70 мың қазақстандық тұрақты жұмыспен 

қамтылады деген с з. Президент дер кезінде 

қабылданған шешім ел еңсесін тіктеп қана 

қоймай, дағдарыс құрсауынан шығуға септігін 

тигізіп отырғанын жеткізді.

Жалпыұлттық телек пір аясында Елбасының 

басшылығымен бірнеше құрылыс нысандары, 

зауыттар, фабрикалар іске қосылды. 

Солардың бірқатарына тоқталсақ,  Президент 

қамқорлығымен және бастамасымен қанат 

қаққан маңызды жобалардың қатарында «Ар-

селор Миттал Теміртау» АҚ бар. Нұрсұлтан 

Назарбаев еңбек жолын бастаған Қарағанды 

облысындағы нысанның жаңғыртылған №4 

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК АРТА ТҮСПЕК

Осы аптада Парламент Мәжілісінде палата 

Т рағасының орынбасары Гүлмира Исімбаеваның 

т рағалығымен «Отандық бұқаралық ақпарат 

құралдарының бәсекелестікке қабілеттілігі және 

дамуы мәселелері» тақырыбында Үкімет сағаты 

болды. Алқалы жиында  Ақпарат және коммуника-

циялар министрі Дәурен Абаев баяндама жасады.

«Бүгінгі таңда ақпараттық қауіпсіздік мәселесі кез 

келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мәселесіне ай-

налды. Сондықтан да Мемлекет басшысының тапсыр-

масымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 

құрылып, оған к птеген міндеттер жүктелді. Осыған 

сәйкес министрлік отандық масс-медианы жаңғырту 

және еліміздің ақпараттық кеңістігін нығайтуға 

қатысты іргелі шараларды жүзеге асыру үстінде. 

Қазір медиақұралдар бұрын-соңды болмаған жаңа 

технологиялардың арқасында пішімі мен мазмұнын 

жаңғыртып, ақпарат таратудың тың әдістерін табуда. 

Бұл – тек біздің елімізде ғана емес, жаппай әлемде 

болып жатқан үрдіс» деп с зін бастады Д.Абаев.

Министр Ақпарат және коммуникациялар 

министрлігі Қазақстан азаматтарының қандай 

ақпарат құралдарын таңдайтынын және нақты ны-

саналы аудиториялардың қажеттіліктерін анықтау 

мақсатында кең ауқымды әлеуметтік зерттеулерге 

тапсырыс бергенін тілге тиек етті. 

–   л ш е м - е с е п т е у л е р   н ә т и ж е с і н е   с ә й к е с , 

телеаудиторияның 88 пайызы қарау үшін қазақстандық 

арналарды таңдайды. Бұл ретте олардың 53 пайызы 

арналарымызды күнделікті к реді. Біздің міндетіміз – 

дәл осы санды арттыру, себебі, заманауи әлемде теле-

радио хабарларын тарату – қоғамдағы оң  згерістердің 

катализаторларының бірі болып табылады, – деді 

Д.Абаев.


Бұл үдерістегі ерекше р л – «Қазақстан» теле-

радио  корпорациясының еншісінде. Елбасының 

бастамасымен мемлекеттік тілде хабар таратуға 

к шкен «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, еліміздегі 

бүлдіршіндердің қазақ тіліне ден қоюына ықпал етуші 

«Балапан» балалар арнасы, ірі спорттық  додаларды 

к рсетуші «Қазспорт», сондай-ақ еліміздің барлық 

облыстарындағы 14  ңірлік арналар жұмыс жасауда.  

Сонымен бірге,  Дәурен Абаев отандық  БАҚ-тың 

бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын айқындап 

берді. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның 



жарнама нарығының к лемі шамамен 36 миллиард 

теңгені құрайды. Қалыптасқан жағдайда жарнамалық 

кірістер БАҚ-тың барлық шығындарын  тей алмай-

ды. Соның салдарынан контент  ндірісі т мендеуде. 

Осыны ескере отырып, министрлік қоғам назарына 

ұсынған ақпарат және коммуникациялар мәселелері 

бойынша жаңа заң жобасында бірқатар ынталандыру-

шы тетіктерді қарастырғанын айта кету керек. 

Алқалы басқосуда министр телехикаялар мәселесін 

де тілге тиек етті. 

Баяндамалар аяқталған соң Дәурен Абаев 

депутаттардың к птеген сұрақтарына жауап берді. 

Соның ішінде депутат Сауытбек Абдрахманов эфирлік 

телерадиохабарларын таратуды 2017 жылдан бастап 

цифрлық стандартқа к шіру міндеті туралы  сұрады. 

«Қаржы жағдайына байланысты бұл жұмысты атқару 

2 жылға кейінге шегерілді. Биылғы желтоқсан айынан 

бастап оны Маңғыстау облысында бастаймыз» деді 

министр.

Депутат Ирина Аронова Мемлекеттік тілдің 

қарымын арттыру мәселесі жайында сауал қойды. 

«Оны барынша қарапайымдатып, тұрмыстық 

деңгейге түсіріп жіберген жоқпыз ба» деді. «Бұл сұрақ 

те ауқымды. Тілдің сауаттылығы журналиске де, 

қабылдайтын аудиторияға да байланысты дей келіп, 

министр оны жеңілдетудің де зияны жоқтығын атап 

тті. Бұл сұрақты толықтырған Гүлмира Исімбаева 

қазақ тілінің жетік үлгісін бұрын телеарналардың 

дикторлары к рсететін еді, қазір сол мәселе 

ескерілмейтін сияқты деген ойын айтты. Оған министр 

шетелдік арналардың тілдерді жеңілдету мәселесін 

алға тартты. Ол  з с зінде тілді жеңілдету оны 

жұтаңдату емес, оны тез қабылдату жайын да ескерген 

ж н деді. Бұл сұрақты депутат Бекболат Тілеухан 

да жалғастырып, күрмеулі мәселеге алаңдайтынын 

жеткізді. Бұл орайда отандық телерадиоарналардағы 

мемлекеттік тілдің үлесін сұрады. Д.Абаев қазір 

қазақ тілінің үлесі 53 пайыздан жоғары екенін айтты. 

Күнделікті мониторинг жүргізілетінін де алға тартты.

Жиын барысында белгілі болғандай, қазір 

қолданылатын ақпарат құралының қызметін тоқтата 

тұру және таралымды конфискациялау түріндегі 

әкімшілік жазалау шарасы жойылмақ, сондай-ақ газет 

пен журнал данасын уәкілетті органға жолдауды талап 

ететін тәжірибе қолданыстан алынады.   

Сала басшысының айтуынша, мұндай шара лардың 

барлығы отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін 

арттыруға бағытталған.  Осы орайда Мәжілістегі «Нұр 

Отан» фракциясының депутаты Бақытбек Смағұл 

қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамы-

ту  үшін журналистердің әлеуметтік жағдайын к теру 

керектігін еске салды.

Депутат «журналистер тұрғын үй мәселесін тұрғын 

үй-құрылыс жинағы аясында шеше алады» деген тетік 

к п жағдайда жұмыс жасамайтынын айтты.  йткені 

«Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» 3 жылда пәтер 

құнының елу пайызын жинау үшін салымшыдан ай 

сайын 100-200 мың теңге салым салуды талап етеді. 

Бұл БАҚ қызметкерінің к бі үшін к тере алмас жүк. 

Министр журналистерді баспанамен қамтамасыз 

ету мәселесін жан-жақты қарастырып жатқанын айтты. 

Күн тәртібіндегі мәселені  талқылау барысында  

О. ксікбаев, Қ.Сұлтанов, З.Балиева және т.б. депу-

таттар ақпараттық қауіпсіздік, қазақстандық  БАҚ-ты 

 заман талабына сай дамыту ж нінде ойларымен 

б лісті. 

 

 

 



 

 

 




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал