Бүгінгі нөмірде: Елің үшін самға!



жүктеу 3.08 Mb.

бет1/30
Дата16.04.2017
өлшемі3.08 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Бүгінгі нөмірде:

Елің үшін самға!

3-бет

Ең жақсы жоспар – 



уақыт талабына 

бейімделе алатын 

жоспар

4-5-беттер



Абыралы: 

айтылмаған ақиқат

7-бет

Ешкім күтпеген жеңіс



8-бет

№234 (28712)

5 ЖЕЛТОҚСАН

СЕНБІ

2015 ЖЫЛ

«Амнистиясыз-ақ түрмедегілердің 

саны азайып келеді»

Соңғы жылдары еліміздің Бас прокуратурасы мемлекеттік мүдде мен азаматтардың құқығын 

қорғауда бірқатар бастаманы жүзеге асырып, айтарлықтай нəтижеге қол жеткізді. Солардың ішінде 

түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің санын азайту бойынша жетістіктер көңіл қуантады. Атап 

айтқанда, түрме индексі бойынша Қазақстанның көрсеткіші тəуелсіздіктің алғашқы жылдарымен 

салыстырғанда, екі есеге азайды. Сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған тиісті 

міндеттерді жүзеге асыруда да аталған ведомствоның белсенділігі байқалады. Халықаралық құқықтық 

ынтымақтастық саласында да елеулі істер қолға алынды. Осыған орай біз Прокуратура күні қарсаңында 

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жақып АСАНОВПЕН арнайы кездесіп, 

аталған жобалар жөнінде əңгімелескен едік.

Жақып АСАНОВ, 

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары:

–  Жақып  Қажманұлы,  əңгі мемізді  бірден 

түрме дегілердің   санын  азайту  мəселесінен  бас-

тасақ. Себебі, бұған Елбасының өзі ерекше мəн 

беріп, тиісті орын дарға нақты міндеттер жүк те  -

ге  ні белгілі. Ендеше, алдымен осы  ған қатысты 

жұмыс тар дың тиім ділігі мен нақты нəтижелеріне 

тоқталып өтсеңіз?

–  Əуелі  тəуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында 

Қазақстанның түрме индексі, яғни, 100 мың адамға 

шаққандағы  қамауда  отырғандардың  саны  бойын-

ша əлемде 3-орында тұрғанын еске алайық. Себебі, 

ол кезде 100 мың қазақстандықтың 500-ден астамы 

түрмеде жазасын өтеп жатты. Біздің алдымызда АҚШ 

пен Ресей ғана болды. Бұл іргесін бекіткен жас мем-

лекет  үшін  өте  жағымсыз  фактор  еді.  Сондықтан, 

Қазақстан осы түйткілді шешудің əртүрлі жолдарын 

қарастырды. 

 Заманмен үндес заңғар басылым

Қазақта «аға» ұғымы айрықша 

қадірлі. Жас жағынан үлкендікті 

ғана білдірмейді. Басшы, ақылшы, 

жетекші  мағынасында  көбірек 

қолданылады.  Салыстырып 

көріңіз. Александр Пушкин орыс 

өмірінің  энциклопедиясы  сана-

латын атақты «Евгений Онегин» 

романын:

«Мой дядя самых честных правил,

Когда не в шутку занемог,

Уважать себя заставил,

И лучше придумать не мог» –

деп,  селтең  сері  геройының 

ішкі монологынан бастайды. Бізде 

өйтіп  ағасын  қыжыртатын  жайт 

кезікпейді. Ұлы Абай: «Қазақтың 

данасы,  Жасы  үлкен  ағасы»  деп 

жырлаған ғой. 

«Социалистік Қазақстан», қазіргі 

«Егемен Қазақстан» ту заманнан 

үзбей оқитын сондай аға 

əрі  дана  газетім.  Ұлы 

Отан соғысы кезі. Ауылда 

тұрамыз.  Пошта  айына 

екі рет қатынайды. Сонда 

əкелген «СҚ»-ны шыққан 

күніне қарай тізіп қойып 

жатпай-тұрмай оқитыным 

əлі есімде. Соғыстан кейін 

Қазақ  университетіне 

қабылданар  кезде  сту-

дент  атану  үшін  бір  орынға  бес 

кісі сайыстық. Сол бəйгеде озып 

шыққаным – «СҚ»-ны мұқият оқып 

жүруімнің, дүниеге көзқарасымның, 

саяси,  əдеби  тілімнің  əжептəуір 

қалыптасуына тигізген игі əсерінің 

арқасы.

Қазіргі  тəуелсіздік  дəуірінде 



аға  газетіміздің  басшылық, 

жетекшілік,  ақылшы  рөлі  тіптен 

зорайды. Форматы күрт ұлғайып, 

Ақордадағы  жаңалықтар,  ел 

алдындағы  міндет-парыздардан 

бастап,  нешеме  түрлі 

қ ы з ы қ т ы ,   қ ұ н д ы 

ақпаратқа қарық қылады. 

Пікірталас  туғызатын 

материалдарды  жария-

лаудан  да  тартынбай-

ды.  Республикамызға, 

қала  берді  жаһанға 

əйгілі  ғалымдар,  жазу-

шы,  көсемсөзшілер  – 

«Егемен Қазақстанның» 

белсенді авторлары.

Тың ой, идеяларға əрдайым жол 

ашық. Бір кезде Абайдың «Евгений 

– Татьяна» атты эпистолярлық ро-

маны аударма емес, төл туынды деп 

дəлелдеген мақаламды басқанына 

дəн ризамын. Қазақ хандығының 

550  жылдығы,  Ұлы  Жеңістің  70 

жылдығы, басқа да бүгінгі таңдағы 

өзекті,  заманауи  мəселелердің 

бəріне тиісті жауап алып отырасың. 

БАҚ-тың  нешеме  түрлі  матери-

алымен  таныса  жүре,  байырғы 

қаламгер  Мамадияр  Жақыптың 

қысқа да нұсқа халықаралық шо-

луына көз салмай өтпеймін.

Өз  басым  жібермей  құнттап 

оқитын  тақырып  –  оралмандар 

туралы  лебіздер.  Мынау  ұлан-

байтақ даламызда қазақ жұртының 

көбеюі – ұлттық қауіпсіздігіміздің 

толғақты мəселесі. Түрлі себептер-

ден қазағы азшылыққа ұшыраған 

Шығыс  Қазақстанға  –  туған 

өлкеме Қытайдан, Моңғолиядан, 

өзіміздің  оңтүстік  облыстардан 

қазақ отбасыларының қоныстанып 

жатқаны жайлы мақала, корреспон-

денцияларды қалайша мейірлене, 

рахаттана оқымассың. Жасай бер, 

аға газет!

Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ, 

Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты. 

АЛМАТЫ.

Ардақты аға газет



Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың 

төрайымдық  етуімен  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-

демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 

кезекті отырысы болып өтті.

Нысанда  болу  барысын-

да  Мемлекет  басшысына  елорда 

құрылысын жалғастыру жəне да-

мыту бағытында атқарылып жатқан 

жұмыстар  жөнінде  баяндалды. 

Мемлекет басшысына Астананың 

маңызды коммерциялық, мəдени-

сауық нысандары мен тұрғын үйлер 

құрылысының  барысы,  инфра-

құрылымды жаңғырту жəне көлік 

саласындағы  міндеттерді  кезең-

кезеңімен жүзеге асыру жұмыстары 

туралы айтылды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назар-

баев  қаладағы  архитек туралық-

көркем дік  ұйым дастыру  жұ-

мыстарымен жəне қала құры лысына 

қатысты  шешім дермен  танысты.

Бұдан  бөлек,  елорда  əкімі 

Ə . Ж а қ  с ы б е к о в   Н ұ р с ұ л т а н 

Назарбаевқа  Тəуелсіздіктің  25 

жыл  дығына орай «Астана белгісі» 

архитектуралық мүсіндік компо-

зициясының үздік эскиз-идеясына 

жарияланған республикалық кон-

курс жобаларын таныстырды.

Қазақстан Президенті нысанда 

болу барысында оның материалдық 

базасын  қарап  шығып,  қару-

жарақтардың заманауи түрлерімен, 

арнаулы  мақсаттағы  отандық 

бөлімшелердің əскери техникасы-

мен жəне жарақтарымен, сондай-

ақ, «Арыстан» қызметі музейінің 

экспозицияларымен  танысты.

Сонымен  қатар,  Мемлекет 

басшысы  мемлекеттік  орган-

дар  басшыларымен  жəне  арнау-

лы  мақсаттағы  бөлімшелердің 

командирлерімен кеңес өткізді.

Іс-шараға Президент Əкімші-

лігінің  Басшысы  Н.Нығ матулин, 

Президенттің көмекшісі – Қауіп сіздік 

Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, 

Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің, 

Қорғаныс министрлігінің, Ішкі іс тер 

министрлігінің жəне Мемлекеттік 

күзет  қызметінің  басшылары 

қатысты.


Кеңес барысында министр лік-

тер мен ведомство лардың арнау-

лы мақсаттағы күштерінің əскери 

дайындығы  жəне  оны  əрі  қарай 

дамыту,  олардың  арасындағы 

өзара іс-қимыл жəне материалдық-

техникалық жағынан қамтамасыз 

ету мəселелері талқыланды.

Елбасы  бүгінде  арнаулы 

мақсаттағы  бөлімшелерге  жүк-

телген қызметтің маңыз дылығын 

ескере  отырып,  оларға  айрықша 

көңіл  бөлініп  отырғанын  айт-

ты.  Қазақстан  Президенті  осы 

бөлімшелердің  сарбаздары  мен 

офицерлері  терроризмге  қарсы 

күрес,  құқық  тəртібін,  қоғамдық 

тыныштық  пен  конституциялық 

құрылымды  қорғау  жөніндегі 

қызметті  тиімді  жүзеге  асырып 

отырғанын атап өтті.

Нұрсұлтан  Назарбаев  арнау-

лы қызмет күштері арқылы Ақ тө-

бе  жəне  Алматы  облыстарын да, 

Алматы қаласында күрделі жауын-

герлік шаралар іске асырылғанын, 

ал  «Арыстан»  қызметінің  жа-

сақтары  1992  жылы  Шымкентте 

кепілге  алынғандарды  босату 

жөніндегі ерекше операция бары-

сында  алғашқы  əскери  тəжірибе 

жинақтағанын еске салды.

– Осылайша, арнаулы мақ сат-

тағы бөлімшелер əскери уақытта 

да,  бейбіт  кезде  де  қажет  бола-

ды.  Арнаулы  мақсаттағы  жасақ 

жауынгерінің күнделікті қызметі 

өміріне  қауіпті  қатерлермен 

байланысты  психофизикалық 

зор  ауыртпалықтарға  толы.  Бұл 

айрықша дайындық пен машықты, 

өз  ісін  жетік  меңгеруді,  қару 

қол дана  білуді,  сондай-ақ, 

психо логиялық  орнықтылықты 

қажет  етеді,  –  деді  Нұрсұлтан 

Назарбаев.



Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан». 

«Бүгінде ТүркПА Түркі Кеңе-

сіне мүше мемлекеттер ынты мақ-

тастығының пар ла мент тік өлшемі 

ретінде  белсенді  түрде  əрі  зор 

табыспен дамып келе жатыр. 2015 

жылғы  11  қыркүйекте  Астанада 

Түркі кеңесінің V сам миті өткені 

өздеріңізге  белгілі.  Бұл  саммит 

түркі дүниесіндегі мемлекеттілік 

дəстүрінің тарихи бастауы тереңде 

жатқанының  бір  дəлелі  –  Қазақ 

хандығының  550  жылдық  ме-

рейтойын  атап  өтумен  тұспа-тұс 

келуімен  ерек шеленді.  Біз  осы 

атаулы кезеңге байланысты шара-

лар барысында, өз тарихымыздың 

күл лі  түркі  əлемімен  тығыз 

бай ла ны с ты  екеніне  тағы  бір 

рет  көз  жет  кіздік.  Түркі  елдері 

тəуел  сіз дік  ал ған  ши рек  ғасырға 

жуық  уа  қыт та  туыстас  халықтар 

арасын дағы  ынтымақтастық  бұ-

рын-соңды  болмаған  деңгейге 

көтерілді.  Əлемдік  саяси  аре-

нада  Түркі  дүниесі  дейтін  жаңа 

ұғым қалыптасып, онымен барлық 

ықпалды күштер санасатын бол-

ды», – деді Қабиболла Қабенұлы.

Оның  айтуынша,  ол  өзара 

ынтымақтастықты  одан  əрі 

бір  жүй еге  түсіру  жəне  оның 

тиім ділігін  арттыру  мақсатында 

был тырғы жылы Бодрумда жəне 

биыл Ас танада өткен Түркі кеңесі 

сам миттері барысында Түркі əлемі 

интеграциясының тұжы рым дама-

сын  əзірлеу  жөнінде  тапсыр ма 

берілгенін,  ол  тұжырым дама ны 

Түркі  кеңесі  шеңберінде  қабыл -

дау ға  қажетті  дайындық  жұмы-

сына ТүркПА-ның да атсалыс қаны 

жөн деп санайтынын жеткізді.

Арнаулы бөлімшелер қай кезде де қажет



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті 

«Арыстан» қызметінің тұрақты орналасу орнында болды, деп 

хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елорданың 

бас жоспарымен 

танысты


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жос-

пары» ҒЗЖИ» ЖШС-інде болды, деп хабарлады Президенттің 

баспасөз қызметі.

Сенім грамоталарын 

қабылдады

Кеше  Ақордада  Мемлекеттік  хатшы  Гүлшара  Əб ді-

қалықова  Гана,  Джибути,  Никарагуа,  Албания  Рес пуб-

ликаларының жəне Бахрейн Корольдігінің Қазақстандағы 

Төтенше жəне өкілетті елші қызметін қоса атқаратын ди-

пломаттарынан сенім грамоталарын қабылдады.

Түркі дүниесі: түркітілдес елдерге ортақ ұғым



«Біз Қазақстанды бақуатты мемлекеттердің қатарына қосу мақсатында «Мəңгілік Ел» идея-

сын жариялаған болатынбыз. Мəңгілік Ел ұғымы – тамыры терең түркілік ұғым. Сондықтан 

да, біз құрған ынтымақтастықтың мəңгілік болатынына сеніміміз мол». Елордада Түркітілдес 

елдер  Парламенттік  Ассамблеясының  VI  пленарлық  отырысын  ашқан  ТүркПА-ның  Іс 

басындағы Төрағасы, Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов осылай деді.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Гүлшара Əбдіқалықова Гана 

Республикасының ел шісі Кодзо 

Кпоку Алабомен бол ған əңгіме ба-

рысында еліміз дің Ганамен жəне 

басқа да Аф рика мемлекеттерімен 

ынты мақ тастықты  нығайтуға 

мүдделі екендігін атап өтті. 

Джибути  елшісі  Мохамед 

Əли  Камильмен  жəне  Бахрейн 

Корольдігінің  елшісі  Ибраһим 

Юсуф Абдулла əл-Абдулламен 

кездесуде Г.Əбдіқалықова атал-

ған  елдердің  Ислам  ынтымақ-

тастығы  ұйымы  аясындағы  та-

бысты өзара іс-қимылына назар 

аудара  отырып,  Мемлекет  бас-

шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

Астана  қаласында  штаб-пəтері 

орналасатын  Ислам  азық-түлік 

қауіпсіздігі ұйымын құру тура-

лы бастамасын қолдағаны үшін 

ризашылығын білдірді.

Никарагуа елшісі Хуан Эр-

несто Васкес Арайямен кездесуі 

кезінде  Мемлекеттік  хатшы 

Қазақстан 2015-2019 жылдарға 

ЮНЕСКО-ның атқару кеңесіне 

Никарагуаның  кандидатура-

сына  қолдау  көрсеткенін  айта 

келіп,  ЭКСПО-2017  көрмесін 

өткізу құқығына Астананың кан-

дидатурасын қолдағандықтары 

үшін алғысын жеткізді.

Мемлекеттік хатшы Албания 

елшісі  Арбен  Газионимен 

екі жақты  жүздесу  сəтінде 

еларалық  диалогты  одан  əрі 

тереңдете  түсу  мүмкіндігіне 

баса назар аударды. Бұл туралы 

Албания Министрлер кеңесінің 

т ө р а ғ а с ы   Э д и   Р а м а н ы ң 

Қазақстанға  2014  жылдың 

мамырындағы  ресми  сапары 

барысында  уағдаластыққа  қол 

жеткізілген болатын.



Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан». 

Отырыс барысында «Қазақ-

стан  жолының»  жалпыұлттық 

құнды лықтарды  қастерлеу  мен 

өркендету бойынша мəселелері 

қаралды.  Отырысты  ашардағы 

сөзінде Г.Əбдіқалықова əлемнің 

көптеген  елдерінде  жағдайдың 

бірқалыпты  болмай  тұрғанын 

атап өтіп, қазіргі таңда уақытқа 

сай  қадамдарды  қарастырудың 

маңыздылығын  атап  өтті. 

Жаһандық өзгерістер мемлекет-

тен тұрақсыз жағдайларға бейім-

делген  шаралар  қабылдауды 

қажет етеді. 

Мемлекет  басшысының 

жуыр дағы  «Қазақстан  жаңа 

ж а һ а н  д ы қ   н а қ т ы   а х у а л -

да:  өсім,  реформалар,  даму» 

атты  Жол дауы  жаһандық 

дағдарыстың  жағымсыз  сал-

дарын  еңсеруге  жəне  эконо-

миканы одан əрі өсірудің жол-

дарын  көрсетуге  бағыт талған. 

Бұл үшін ел Президенті үш 

ұғыммен  теңестірілген  басты 

дағдарысқа қарсы стратагеманы 

ұсынды,  олар:  өсім,  реформа-

лар,  даму.  Жолдаудың  аясын-

да  жаңа  инвестициялық  жəне 

əлеуметтік саясат іске асырыла-

тын болады, деді өзінің сөзінде 

Г.Əбдіқалықова. 



(Соңы 2-бетте).

(Соңы 2-бетте).

(Соңы 2-бетте).

(Соңы 6-бетте).

(Соңы 2-бетте).

Мемлекеттер  басшылары 

əңгіме  барысында  екіжақты 

ынты мақтастықтың қазіргі жайт-

тарын, сондай-ақ, бірқатар өзекті 

өңірлік  жəне  халықаралық, 

соның  ішінде,  халықаралық 

терроризм  мен  экстремизмге 

қарсы  іс-қимылдың  бірыңғай 

əлемдік желісін құру мəселелерін 

талқылады.

Нұрсұлтан  Назарбаев  пен 

Владимир Путин Мəскеуде Еура-

зиялық экономикалық одақ пен 

Ұжымдық  қауіпсіздік  шарты 

ұйымы  аясында  өтетін  кезде-

сулерге  дайындық  барысын  да 

қарастырды.

Қазақстан мен Ресей лидер-

лері Украинадағы ахуал жөнінде 

пікір  алмасып,  дағдарыс  тек 

бейбіт жолмен тезірек реттеледі 

деп үміттенетіндерін білдірді.

Телефон арқылы сөйлесті



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының 

Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, 

деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 6 желтоқсан – Прокуратура күні

Жалпыұлттық 

құндылықтарға 

арналған отырыс


www.egemen.kz

2

5 желтоқсан 2015 жыл

(Соңы. Басы 1-бетте).

(Соңы. Басы 1-бетте).

(Соңы. Басы 1-бетте).

(Соңы. Басы 1-бетте).

Одан  əрі  Мемлекеттік 

хатшы  тəуелсіздік  жылда-

рында  Қазақстанда  барлық 

халқымызды  топтастыра-

тын  рухани  құндылықтар 

құрылғанын  жəне  «Мəңгілік 

Ел» жалпыұлттық патриоттық 

и д е я с ы н ы ң   н е г і з і н д е 

еліміздің  болашағының  негізі 

қалыптасатынын  атап  өтті. 

Оның  негізгі  топтастырушы 

құндылықтары  азаматтық 

теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, 

ғылым мен білімнің мəртебесін 

көтеру,  толеранттылықты 

басшылыққа алған зайырлы ел, 

деді Гүлшара Наушақызы. 

Одан əрі Мемлекеттік хатшы 

Жолдауды іске асыру шеңберінде 

қоғамдағы рухани адамгершілік, 

моральдық-этикалық 

құндылықтарды  нығайту 

бойынша жүйелі жұмыс жүргізу 

керектігін атап өтті. Осыған орай 

жалпыұлттық құндылықтарды 

қастерлеу мен дамыту барлық 

мемлекеттік органдар, бизнес-

құрылымдар, азаматтық қоғам 

үшін  маңызды  міндет  болып 

табылады.  Бүгінгі  таңда  білім 

берудің барлық деңгейлерінде 

«Мəңгілік Ел» құндылықтарын 

ескере отырып, жастарға рухани-

адамгершілік құндылықтар мен 

патриоттық тəрбиені бағдарлаған 

педа гогикалық білімді жаңғыр-

ту ды көздеген бірыңғай тұжы-

рым дама іске асырылуда. Тұтас-

тай алғанда, жалпыұлттық құн-

ды лықтарды  дамыту  бойын-

ша  қазақстандық  бірегейлік 

пен  халықтың  біртұтастығын 

нығайтуға бағытталған «Үлкен 

ел  –  үлкен  отбасы»  жобасын 

іске асыру бойынша ауқымды 

жұмыстар  жүргізілуде,  деді 

Мемлекеттік хатшы. 

Талқылаудың  қоры тын-

дылары бойынша Г.Əбді қалықова 

мемлекеттік органдарға қаралған 

мəселелер  бойынша  бірқатар 

нақты тапсырма берді. Отырыста 

қаралған  мəселелер  бойынша 

Білім  жəне  ғылым  министрі 

А.Сəрінжіпов,  Инвестициялар 

жəне даму министрі Ə.Исекешев, 

Мəдениет  жəне  спорт  вице-

министрі Ғ.Ахмедияров, Мəжіліс 

депутаты Е.Тарасенко журналис-

тер алдына шығып, өздерінің ой-

ларын айтты.

–––––––––––––

Суретті түсірген 

Ерлан ОМАРОВ.

Мемлекет  басшысы  арнаулы 

мақсаттағы  бөлімшелерге  қа таң 

іріктеу арқылы моральдық тұрғыдан 

ұстамды  жəне  күш-қуаты  мықты 

сарбаздар  ғана  келетінін  айтты. 

Сондай-ақ,  Қазақстан  Президенті 

əскери қызметшілерді мемлекеттік 

қолдау мəселелеріне де тоқталды.

– Арнаулы жасақта қызмет ету 

– кез келген жас адам үшін ерліктің, 

патриотизмнің,  туған  жерге  деген 

сүйіспеншілік  мектебі.  Арнаулы 

қызмет бөлімшелерінде қызмет етудің 

қиындығын ескере отырып, мемлекет 

əскери қызметшілердің бұл санатына 

қолдау көрсетуді жалғастыра береді. 

Қазақстан жастары сіздерге қарап бой 

түзейді, ел алдындағы борышын өтеуді 

сіздерден үйренеді, мерт болған соң 

марапатталғандардың тізімі мұның кей-

де тіпті өмірге қауіпті екенін айғақтап 

тұр, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстан -

дықтардың жаңа буынын патриоттық 

рухта тəрбиелеудің маңыздылығын 

айтты.

–  Жастар  ең  алдымен  Отанын 



сүюге тиіс. Олар бізге жат, жал ған 

идеологиялардың ықпалына түс пеуі 

керек, құқыққа қайшы жəне ізгілікке 

жатпайтын  əрекеттер  жасау  үшін 

адамдарды арбайтын, бүгінде біздің 

елде де бой көр сетіп жүрген ради-

калды  уағыз шылардың  үндеуіне 

ілеспегені  жөн,  –  деді  Қазақстан 

Президенті.

Мемлекет  басшысы  терро-

ризм мен экстремизмнің болашағы 

жоқтығына сенімді екенін білдірді.

–  Əлемде  жəне  өңірде  болып 

жат қан соңғы оқиғалар, дүниенің əр 

тарапындағы террорлық əрекеттер, 

Таяу  Шығыста  жалғасып  жатқан 

соғыс  қимылдары  терроризм-

ге  қарсы  мемлекеттік  іс-қимыл 

шараларын  жетілдіру  қажеттігін 

көрсетіп  отыр.  Осының  бəрі  қазір 

бейбітшілік,  келісім  жəне  достық 

жағдайында  өмір  сүріп  жатқан 

қазақстандықтарды да алаңдатады. 

Біздің  міндетіміз  –  осы  игілікті 

қорғау, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан  Президенті  бүгінде 

дамыған  елдердің  өзі  терроризм-

мен  күрес  мəселелері  бойынша 

қиындықтарға тап келетінін, өйткені, 

бұл нақты шекарасы айқындалмаған 

майдан  болып  отырғанын  атап 

өтті.  Сөзінің  со ңын да  Нұрсұлтан 

Назарбаев жау ын гер лерге табысты 

қызмет пен бақ-береке тіледі.

– Сіздердің еңбектеріңіз өте ауыр 

– бұл күн сайынғы ауыр жаттығу мен 

қиын сынақ. Бірақ, жас кезіңде бұл 

бір жағынан жақсы да. Бір кездегі 

жасөспірім  шағымызда  бəріміз  де 

сіздер  сияқты  болғымыз  келген. 

Бүгінгі  күннің  нағыз  батырлары  – 

сіздер. Мен əскери қақтығыстардың 

болмауын  тілеймін,  дегенмен,  бес 

қаруларыңыз  сай  болғаны  жөн,  – 

деді Мемлекет басшысы.

Сонымен  қатар,  Қазақстан 

Президенті  арнаулы  мақсаттағы 

күштердің үздік командирлері мен 

жауынгерлеріне  мемлекеттік  на-

градалар, сондай-ақ, баспанаға зəру 

əскери  қызметшілерге  қыз мет тік 

пəтер кілттерін тапсырды.

Кеңес  қорытындысы  бойын-

ша  Мемлекет  басшысы  мүдделі 

мемлекеттік  органдар  басшылары 

мен арнаулы мақсаттағы бөлімшелер 

командирлеріне  бірқатар  тапсыр-

ма берді.



––––––––––––––––––––––

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, 

Б.ОТАРБАЕВ.

Г.Əбдіқалықова  БҰҰ  Қауіп сіздік 

Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты 

емес  мүше лігіне  Қазақстанның  кандида-

турасын  қолдағандары  үшін  Никарагуа 

мен  Джибути  елшілеріне  алғыс  айтып, 

Гана,  Албания  жəне  Бахрейн  ел дерінің 

осы мəселеде біздің мем ле кетіміздің кан-

дидатурасына  қолдау  білдіретіндіктеріне 

сенім артты.   

Е л ш і л е р   М е м л е к е т т і к   х а т ш ы 

Г.Əбдіқалықовамен  кездескеннен  кейін, 

бұқаралық ақпарат құ рал дарына қысқаша 

сұхбат берді.

Бірінші кезекте сөз алған Гана елшісі 

К.Алабо:  «Біздерде  бизнес  жəне  сауда 

саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты 

жалғастыруға  мүмкіндік  бар.  Қа зіргі 

уақытта  елдеріміздің  тау ар  айналымы  40 

млн.  долларды  құрайды.  Мұны  еселей 

түсуге əлеуетіміз жетеді», –  деді.

К.Алабо  Г.Əбдіқалықовамен  кезде-

су  барысында  екі  елдің  кəсіпкерлерінің 

қатысуымен  биз нес-форум  ұйымдастыру 

мүмкін дігі қозғалғанын да сөз етті.  Сондай-

ақ, ол Гананың мұнай мен газ өндіруде жас 

мемлекет саналатындығын, ал бұл секторда 

Қазақстанның мол тəжірибесі бар екендігін 

айта  келіп,  өз  елінің  елордада  өтетін 

ЭКСПО-2017  халықаралық  көрмесіне 

қатысуға ниетті екендігін мəлім етті.

Бұдан  бөлек,  ол:  «Ганада  фут бол  өте 

жақсы дамыған. Бұл рет те елімнің талантты 

жас  футбол шылары  қазақстандық  спорт-

шыларға өз өнерлерін көрсетіп, тəжірибе 

бөлісе алар еді», – деді.

Никарагуа  елшiсi  Хуан  Эрнес то 

Васкес Арайя Қазақ станды өз еліндегі ірі 

жобаларға атса лысуға шақырды. «Бүгінгі 

күнді  Қазақстан  мен  Никарагуа  қарым-

қатынасындағы тарихи күн деп атауға бо-

лады. Себебі, біз бірінші рет Қазақстанда 

елші ретінде жұмыс бастамақпыз. Біз өзара 

байланысымызды тек саяси аренада ғана 

емес, сонымен қатар, экономикалық жəне 

сауда салаларында да дамытатын боламыз. 

Никарагуа Республикасында мұхитаралық 

арна, энергетикалық нысандар құрылысы 

секілді  үлкен  жобалар  жүзеге  асыры-

лып  жатыр.  Қазақстан  осы  жобаларға 

қатыса  алады  деп  ойлаймыз.  Ауыл 

шаруашылығымен шұғыл данатын мемле-

кет ретінде Ни карагуа сауда байланысын 

дамытуға жəне өз өнімдерімізді Қазақстан 

нарығына  шығаруға  мүдделіміз»,  –  деді 

елші. 


Ал  Бахрейн  Корольдiгiнiң  елшiсi 

Ибраһим  Юсуф  Абдулла  əл-Абдулла 

Қазақстанның  жетіс тіктерін  мақтан 

ететіндеріне назар аударды.

«Біз Қазақстанды өркениетті, мəдениеті 

жəне  даму  деңгейі  жоғары  мемлекет 

ретінде қарас тырамыз. Біз сіздердің жетіс-

тік теріңізді  мақтан  тұтамыз.  Сонымен 

қатар,  біздің  король  Қазақстанның  түрлі 

салалардағы қадамы мен жетістіктерін қада-

ғалап отырады», – деді ол.

Сондай-ақ, Ибраһим Юсуф Абдулла əл-

Абдулла өз сөзінде Қазақстан халқын келе 

жатқан  Тəуелсіздік  күнімен  құттықтап, 

Қазақстанның  Мемлекеттік  хатшысы-

мен  болған  əңгімеде  екі  ел  арасындағы 

ынтымақтастық мəселелері талқыланғанын 

айтты. Оның сөзіне қарағанда, екі елдің да-

муы жəне түрлі сала лар дағы тығыз байла-

нысына тетік болар ұқсастықтар баршылық.

«Экономикамыздың  ашық тығы 

жəне  əлемнің  ірі  компа нияларының 

Қазақстанның да, Бахрейннің де экономи-

касына сенім білдіруін біздің ел деріміздің 

басты ұқсастықтары дер едім. Осы сəттен 

бастап мен өзімді жартылай қазақстандық, 

жартылай  бахрейндік  деп  қарастыратын 

боламын. Мен екі елдің игілігі үшін қызмет 

етуге  бар  күш-жігерімді  жұмсаймын»,  – 

деді елші.  

Өз  кезегінде  Джибути  Рес пуб-

ликасының  елшiсi  Мохамед  Əли  Камиль 

екі ел арасындағы қарым-қатынас жоғары 

деңгей де екенін атап көрсетті. «Қазақ стан 

мен  Джибути  Респуб ликасы  арасындағы 

қарым-қатынасқа  көңіл  толады.  Біз дің 

құндылықтарымыз,  діни  көзқарасымыз, 

шығыс  мəде ниетін  ұстануымыз  жəне 

өмір  сүру  тəртібіміз  де  ұқсас.  Басқа  ұлт 

өкілдеріне,  басқа  дінді  ұста ну шыларға 

деген сыйластық пен құрмет мəселесінде 

Қазақ стан мен  пікіріміз  ортақ.  Біз  бірге 

кедейлікпен  күресіп,  тұрақ ты  даму  үшін 

күш салып келеміз. Сонымен қатар, Джибу-

ти Республикасы теңізге жақын орналасуы 

бойынша страте гиялық жай-күйі маңызды 

мемлекет.  Джибути  Еуропа,  Азия  жəне 

Африканы байланыстыра тын теңіз көпірі 

іспеттес.  Джибутиді  Таяу  Шығыс  пен 

Африка ара сындағы трамплин жəне Африка 

континентіне кіретін есік десек те болады», 

– деді дипломат.

Елші  Арбен  Газиони  де  Ал банияның 

Қазақстанмен  түрлі  салалар  бойынша 

байланыстар ды  нығайта  түсуге  мүдделі 

екендерін жеткізе отырып, біздің еліміздің 

зор əлеуетіне көңіл аударды. Оның айтуын-

ша, тараптар үшін туризм, білім, мəдениет 

салаларында  өзара  ынтымақтаса  жұмыс 

істеуге мүмкіндік мол.

Жалпы,  Парламент  Мəжілісі 

Төрағасының сөзінен аңғарғанымыз, 

ТүркПА  құрылғалы  бері  елеулі 

жұмыс  тəжірибесі  жинақталған. 

Сондықтан, түркітілдес елдер алдағы 

уақытта осы сабақтастықты сақтап, 

жинақталған тəжірибені пайдалану, 

Парламенттік  Ассамблеяның  озық 

қызмет  практикасын  жалғастыра 

отырып,  ТүркПА-ға  Қазақстанның 

төрағалық  етуі  аясында  елдердің 

барлық  ынтымақтастық  бағыттары 

б о й ы н ш а   ө з а р а   і с - қ и м ы л д ы 

одан  əрі  нығайту  жұмыстарын 

жүргізуге  ниетті  болып  отыр.  Ол 

үшін,  əрине,  Ассамблея  мен  оның 

қызметі  елдердің  заманауи  даму 

трендтеріне, сыртқы сын-қатерлерге 

сəйкес  келуге  тиіс.  Бұл,  ПА-ның 

халықаралық  имиджі  мен  абырой-

беделін нығайтуға, түркітілдес елдер 

бірлігін дамытудағы рөлін арттыруға 

ықпал етпек.

Осыған  байланысты  жиын  ба-

рысында  Парламенттік  Ассамблея 

қызметінің үш бағытына мəн беріліп, 

олар, біріншіден, ТүркПА 4 тұрақты 

комиссиясы  қызметінің  мазмұнын 

жаңарту  жəне  тиімділігін  арттыру, 

екіншіден,  Ұлттық  заңнамаларды 

жақындастыру  болса,  үшіншіден, 

ТүркПА-ның  бұдан  арғы  белсенді 

халықаралық қызметін жалғастыру 

екені айтылды.

«Бүгінгі  күні  қаржы  дағдарысы 

жəне  əлемдік  экономикадағы 

тұрақсыздық  жағдайында,  біздің 

елдеріміз  экономикасына  олардың 

теріс əсерін азайту керек. Біздің ел-

дер Жаңа Жібек жолы стратегиялық 

трансқұрлықтық  бағытының 

маңызды  бөлігі  болуға  бірегей 

мүмкіндік  алып  отыр.  Бұл  бағыт 

біздің барлық елдеріміз арқылы өтеді. 

Ол Жібек жолының экономикалық 

б е л д е у і   б о й ы н д а   б і р т ұ т а с 

еуразиялық  сауда-экономикалық 

кеңістік пен трансқұрлықтық көлік 

дəлізін  құруға  бағытталған.  Жаңа 

инфрақұрылымдық  жобаларды, 

логистикалық жобаларды дамытып, 

Каспийдің  транзиттік  əлеуеті  мен 

өткізу қабілетін арттыру аса маңызды 

мəселе болып отыр. Келесі жылдан 

бастап Баку – Тбилиси – Карс темір-

жолы толық қуатында жұмыс істей 

бастайды.  Келесі  жылы  біз  Батыс 

Еуропа  –  Батыс  Қытай  автомо-

биль  жолының  2787  шақырымдық 

қазақстандық бөлігінің құрылысын 

аяқтаймыз.  Бұл  Еуропаға  жүк 

жеткізу мерзімін 3,5 есе қысқартуға 

мүмкіндік береді»,– деді Қ.Жақыпов.

С о н д а й - а қ ,   о л   Т ү р к П А 

елдерінде  табиғи  ресурстар  мен 

су  ресурстарын  ұтымды  пайдала-

ну  мəселелерімен  қоса,  бірқатар 

экологиялық проблемалардың орын 

алып отырғанына, мəселен, Каспий, 

Арал  теңіздеріндегі  экологиялық 

жағдай  елеулі  алаңдаушылық 

туғызатынына  тоқтала  келе, 

осыған  байланысты  ТүркПА-ның 

Қоршаған  орта  жəне  табиғи  ре-

сурстар  комиссиясының  қызметі 

шеңберінде  Каспий  проблемала-

ры бойынша экологиялық семинар 

ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен 

қатар, ол ЭКСПО-2017 халықаралық 

көрмесі  шеңберінде  Түркі  кеңесі 

мен  біздің  Ассамблеяның  аясын-

да  Түркі  мəдениетінің  фестивалін 

өткізу  қажеттігіне  тоқталды.  «Біз 

ұсынып отырған шаралар елдеріміз 

парламенттерінің өзара іс-қимылын 

сапалық  тұрғыдан  жаңа  деңгейге 

шығарып,  біздің  Ассамблеяның 

жұмыс  тиімділігін  арттыратынына 

сенімдімін», – деді сөзінің соңында 

Қабиболла Қабенұлы.

ТҮРКСОЙ-дың  Бас  хатшысы 

Дүйсен Қасейінов аталған ұйымның 

жыл  сайын  дəстүрге  айналып 

үлгерген  бірқатар  іс-шараларды 

ұйымдастырып,  көңілді  көңілге 

жалғайтын,  жүректен-жүрекке 

жететін  рухани  көпірлер  құрып 

отырғанын  жеткізді.  «ТҮРКСОЙ 

ұйымы жыл сайын белгілі бір қаланы 

түркі дүниесінің мəдени бас қаласы 

етіп жариялап, сол қаланы əртүрлі 

іс-шаралар арқылы бүкіл əлемге та-

ныстырады.  Сонымен  қатар,  түркі 

дүниесі  мен  Еуропа  елдері  бас 

қалалары  арасында  байланыс  ор-

натып,  мəдени  қарым-қатынас  ая-

сын  кеңейтуді  мақсат  етеді.  Түркі 

дүниесінің ең алғашқы бас қаласы бо-

лып Астана бекітілсе, кейінгі жылда-

ры Ескишехир, Қазан, Мары қалалары 

бұл  эстафетаны  жалғастырды. 

Жуырда  Түрікменстанда  өткен 

ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің кезекті 

отырысында  келесі  жылы  түркі 

дүниесінің  мəдени  бас  қаласы  бо-

лып, Əзербайжанның Шеки қаласы 

таңдалды.  ТҮРКСОЙ  ұйымы 

ЮНЕСКО, ИСЕСКО, Түркі кеңесі, 

ТүркПА,  Халықаралық  Түркі  ака-

демиясы  сынды  барлық  салалас, 

беделді  халықаралық  ұйымдармен 

тығыз  байланыс  орнатып,  ортақ 

жобаларды  бірігіп  жүзеге  асы-

рып  келеді.  Түркітілдес  елдердің 

парламенттерімен де ынтымақтастық 

орнатуды одан əрі жалғастыруда», – 

деді Д.Қасейінов.

  А л   х а л ы қ а р а л ы қ   Т ү р к і 

а к а д е м и я с ы н ы ң   п р е з и д е н т і 

Дархан  Қыдырəлі  бұл  жиынды 

байырғы  бабалардың  асыл  ама-

наты  болған  ынтымақтың  заңды 

жалғасы деуге болатынын жеткізді. 

«Мəдениет  секілді  білімде  де  ше-

кара жоқ екені белгілі. Сондықтан, 

түркі əлемінің білім жəне ғылымын 

үйлестіретін  халықаралық  ұйымға 

айналған  Түркі  академиясы  түркі 

дүниесіндегі  ынтымақтастықты 

білім жəне ғылым арқылы тереңдету 

бағытында  жұмыстар  атқарып 

келеді.  Мемлекет  басшыларының 

саммитінде  берген  тапсырмаларды 

орындау мақсатында бірқатар істің 

басын қайырды. Бауырлас елдердің 

интеллектуалдық  түғырнамасына 

айналды.  Таяуда  Бакуде  өткен 

алқалы  жиында  ИСЕСКО-дағы 

байқаушы мəртебесін алды. Дүние-

жүзілік академиялар одағына мүше 

болды.  Қазақ  хандығының  550 

жылдығын, Шанаққала шайқасының 

100  жылдығын,  сонымен  қатар, 

түркі  дүниесінің  ұлы  тұлғаларын 

ұлықтады. Өзінің баспасын құрып, 

70-ке тарта кітап шығарды. Олардың 

қатарында «Манас» энциклопедиясы 

мен сөздігі, Мақтымқұлының жырла-

ры сияқты еңбектер де бар», – деді 

Д.Қыдырəлі.

Сонымен қатар, ол Түркі акаде-

миясының  бастамасымен  түркі 

əлемінің  ақпараттық  кеңістігін 

орнық тыру  мақсатында  4  тілде 

жұмыс  жасайтын  ақпараттық, 

ғылыми-танымдық  портал  құрыл-

ғанын, осы жылдың мамыр айында 

Қазақстан Республикасы Парламенті 

Мəжілісімен бірігіп, Астана эконо-

микалық форумы аясында «Каспий 

транзиттік  дəлізі»  атты  арнайы 

жиын  ұйымдастырылғанын,  бұған 

қоса,  түркі  əлеміне  тұтас  оқыту 

мақсатында ортақ тарих, ортақ əде-

биет оқулықтары əзірленіп жатқанын 

жеткізді.  «Бұлардың  жүзеге  асуы 

үшін  заңнамалық  қолдаудың  да 

қажет екені белгілі. Сондықтан, Түркі 

академиясы ТүркПА-мен бірге білім 

туралы, түркі дүниесіндегі тарихи-

мəдени ескерткіштерді қорғау сияқты 

құжаттарды  бірлесіп  əзірлеуге 

дайын.  Бұл  бізге  сөз  бірлігінен  іс 

бірлігіне  көшуге,  туысқан  елдер 

арасындағы ынтымақтастықты одан 

əрі  нығайтуға  зор  серпін  берері 

анық», – деді Д.Қыдырəлі.

Бұл  күні,  сондай-ақ,  Түркі 

кеңесі  Бас  хатшысының  орын-

басары  Абзал  Сапарбекұлы, 

Мажарстан  Парламентінің  вице-

спикері  Марта  Матраи,  Түрік  Рес-

публикасы  Ұлы  Ұлттық  Мəжілісі 

төрағасының  орынбасары  Ахмет 

Айдын,  Əзербайжанның  Милли 

Меджлисінің төрағасы Оқтай Асадов 

сынды бірқатар мейман сөз сөйлеп, 

ТүркПА-ның  маңызы  мен  рөлі 

жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Арнаулы бөлімшелер қай кезде де қажет

Түркі дүниесі: түркітілдес 

елдерге ортақ ұғым

Жалпыұлттық құндылықтарға 

арналған отырыс

Сенім грамоталарын қабылдады



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал