Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



жүктеу 5.73 Mb.
Pdf просмотр
бет41/234
Дата05.11.2022
өлшемі5.73 Mb.
#23364
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   234
оқыту мен оқудың белсенді әдістері Дадли
ПСИХОЛОГИЯ!!!, Педагогикалық тәрбие әдістері 2
БІЗ ҚАЛАЙША ЖАҚСЫ ОҚИМЫЗ? 
 
Бұл әдіс Г.Гиббс зерттеуіне негізделген (1981) «Оқушыларды оқуға үйретеміз: оқушы 
көзқарасы», Мильтон Кейнс: Open University баспасы. 
Бұл кіріспе жаттығу оқушыға:  
• өзінің оқуы туралы ойлай бастауға
• өзінің оқуына әсер ететін аспектілерді айқындауға; 
• оқушы ретінде өзі туралы кейбір сәттерді аңғаруға
• өз оқуын қалай жақсарту туралы пікірталасқа араласуға көмектеседі. 
Талдау: 
1. Өз бетіңізше өткен кезеңдердегі аса жақсы емес деген оқу тәжірибеңізді еске 
түсіріңіз. Бұл мектеп, спорт немесе әуестенетін ісіңіз болуы мүмкін – сіз оқуға, білуге сонша 
ұмтылғаныңызбен де, бұл жақсы тәжірибе бола алмады. Мүмкін сіз оқудан көңіліңіз 
қалғаныңызды сезген боларсыз, немесе өзіңізге қажет деген нәрсені оқымаған шығарсыз.
Оқуыңызды егжей-тегжейлі еске түсіріңіз және содан кейін оқу тәжірибеңіздің нашар 
болуына не себеп болғанын ойлаңыз. Бұған себеп болған аспектілерді жазып алыңыз [3 
минут].
2. Енді оқу тәжірибеңіз сәтті болған оқиғаны еске алыңыз – өзіңізге қажетті нәрсені 
үйреніп алған, немесе сізге білім алған қатты ұнаған болар, не сіз оқуға аса құныққан 
жағдайларды және т.б. еске түсіріңіз. Бұған не себеп болды? Кейбір аспектілерді жазып 
қойыңыз. [3 минут] 
3. Жұп болып бір-біріңізге таңдап алған тәжірибеңіз туралы әңгімелеп беріңіз. 
Тәжірибе неліктен сәтті болғаны немесе сәтті болмағаны туралы түсіндіріңіз.
Екеулеріңіз айтқандардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды 
табыңыз. Жұптағы адамыңыз бен сіздің тәжірибелеріңізде ұқсас аспектілер болды ма? 
Пікірлеріңіз бір-біріне қарама-қайшы келетін ұстанымдар болды ма? [10 минут] 
4. Топ болып әр қатысушының кейбір түсініктемелерін жинақтаңыз. Содан кейін 
тәжірибе неліктен жақсы болатынын және неліктен онша жақсы болмайтынын сұраңыз.
 
Зерделеу: Сәтті және аса сәтті емес тәжірибелерді түсіндірген кезде мынадай 
мәселелерге көңіл бөлуге тырысыңыз: 
• Сіз не үшін оқыдыңыз, өз мақсаттарыңыз туралы айтыңыз? 
• Бұны Сіз қалай істедіңіз, Сіз оқушы ретінде қолданған стратегия? 
• Сіз және басқалар үшін сіздің оқуыңыздың нәтижелері, салдары қандай?
• Аталған оқуға қатысты сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз – оқуға дейін, оқу кезінде, одан кейін?
• Оқыған кезде сіз қашан, қайда, кіммен бірге болдыңыз, сіз болған жағдай қандай болды?
• Сіз өзіңіздің немесе біреудің оқуы туралы қызық жайларды білдіңіз бе? 

жүктеу 5.73 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   234




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет