Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



жүктеу 5.73 Mb.
Pdf просмотр
бет12/234
Дата05.11.2022
өлшемі5.73 Mb.
#23364
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   234
оқыту мен оқудың белсенді әдістері Дадли
ПСИХОЛОГИЯ!!!, Педагогикалық тәрбие әдістері 2
 
 
 
 


15 
ӘУЕ ШАРЫ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар:

басқалармен жұмыс; 

ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу; 

ақпаратты басқару. 
 
Жалпы сипаттама 
Бұл әдісті жоспарлау құралы ретінде пайдалануға болады. Ол оқушыларда 
проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, белгілі бір іс-шараны жоспарлап, 
ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Сыныпты жоспарлау 
Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында, болмаса топтар үстел басында 
жұмыс істей алады. 
 
Жұмыс алгоритмі 
1. Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі.
2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі:
- Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің 
есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар.
- Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты 
болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады.
- Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі 
жасайтын факторларды жазады.
- Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына 
тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа 
қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.
- Шарды бағытынан не шатастыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны 
орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.
3. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жоспарлау үдерісін одан әрі жақсарту 
мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады.
4. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты қосымша тәсілдерді пайдалануға 
болады.

жүктеу 5.73 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   234




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет