Бүгінде Сыр меди ци­ насы қарқынды дамыға­



жүктеу 468.92 Kb.

бет1/4
Дата15.09.2017
өлшемі468.92 Kb.
  1   2   3   4

Бүгінде  Сыр  меди ци­

насы  қарқынды  дамыға­

нымен, 

ауыл­аймақ, 



алыс 

елді 


мекендер­

де  жоғары  білімді  меди­

ци на  мамандары  тап­

шы.  Бұл  күн  тәртібіндегі 

өзекті  мәселеге  айналып 

отыр.  Алыс  ауылдардағы 

ағайын  осы  түйткілдің 

зардабын  тартып,  ат  ары­

тып  аудан  орталығына 

аттанады.  Күрмеуі  қиын 

мәселенің түйінін тарқату 

үшін  мемлекет  пәрменді 

әрекетке  сатылап  көшіп 

келеді.  Алыс  елді  мекен­

дердің тұрғындары маман 

жетіспесе  де,  денсаулық 

пойызының  шарапатын 

көріп келеді. 

­ Соңғы 3 жылда маман 

тапшылығы 52,3 пайыздан 

37,8  пайызға  төмендеген, 

яғни  14,5  пайызға.  Бұл 

көрсеткіш соңғы жылдары 

Елбасының  қолдауымен 

«Дипломмен  –  ау ыл ға»­

бағдарламасының  нәти­

жесі  деп  білеміз.  2012­

2014  жылдары  аудандық, 

ауылдық емдеу, алдын алу 

ұйымдарына  жалпы  саны 

254  жас  маман  жұмысқа 

қабылданды,  ­  дейді  об­

лыс тық  денсаулық  сақтау 

басқармасы  басшысының 

орынбасары Сәкен Серға­

зиев.


Дей  тұрғанмен,  об­

лыста  жоғары  білімді  ме­

дицина 

мамандарының 



қажеттілігі  әлі  күнге 

сезіледі. Мәселен, акушер­

гинеколог,  анестезиолог­

реаниматолог,  неонато­

лог  және  аймақтық  педи­

атр,  терапевт  дәрігерлер 

жетіспейді.  Басқарманың 

дерегіне  сүйенсек,  осы 

күні 42 маманға қажеттілік 

бар.  Оның  ішінде  26  ма­

ман  ауылдық  емдеу,  ал­

дын  алу  ұйымдарына 

қа жет.  Аудандарға  шақ­

қан да, Арал ауданына – 2, 

Қазалы, Қармақшы аудан­

дарына  –  6  маманнан  ке­

рек, Жалағаш ауданы – 8, 

Шиелі  ауданы  3  маманға 

мұқтаж,  Жаңақорған  ау­

данына 1 медицина мама­

ны керек. 

Қазақстан  халқы  өз  таңда­

уын жасады. Кезектен тыс прези­

денттік  сайлаудың  нәтижесі  бо­

йынша  саяси  науқанға  қатысқан 

халықтың 97,75 пайызы Нұрсұл­

тан  Назарбаевқа  дауыс  бер­

ген.  Ал  Тұрғын  Сыздықовты 

ха  лық тың  1,61  пайызы  қолдаса, 

Әбілғазы  Құсайынов  0,64  па­

йыз  дауыс  жинаған.  Бұл  жолғы 

жұрт шылықтың сайлауға қаты су 

белсенділігі  рекордтық  көрсет­

кішке  жетті.  Соның  ішінде  қы­

зылордалықтардың 97,52 пайы зы 

сайлауда белсенділік танытқан.

Жексенбі  күні  таңғы  сағат 

8­ден  бастап  Сыр  жұртшылығы 

сайлау  учаскелеріне  ағыла  бас­

тады.  Бұл  күні  облыстың  әр 

түк піріндегі  сайлау  нысан да­

рында  жұмыс  қызды.  Олардың 

жұмысын 

ақпараттандырмақ 

ниет пен біз де қаладағы бірнеше 

сайлау  учаскесіне  бас  сұқтық. 

Бірінші болып Тасбөгет кентінде 

орналасқан  №226  сайлау  учас­

кесіне  кірдік.  Ауа  райының  жа­

уын­шашынды  болғанына  қа­

рамастан  мұнда  келушілердің 

қа расы  қалың  болды.  Кезек­

ке  тұрғандарынды  да  байқадық. 

Әсі ресе,  дауыс  беруге  отбасы­

мен  бірге  келгендер  басым. 

Бұдан жұртшылықтың азаматтық 

ұстанымы  нығая  түскенін  аңға­

руға  болады.  Сондай­ақ  мұнда 

өзге  ұлыс  өкілдері  де  жасы  мен 

жасамысына қарамай бірауыздан 

сайлауға  атсалысты.  Олардың 

айтуынша,  әркімнің  қалауы    ма­

ңызды. 

2-бетте

2-бетте

№ 17 (87)

30 сәуір, 2015 жыл

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Мағжан

САЙЛАУ-2015

ЕЛ ТАҢДАУЫН  

ЖАСАДЫ


Қызылордадағы  Н.Бе­

ке жанов атындағы қазақ музы­

калық драма театрының ұжымы 

ағылшындарды  тамсандырып 

қайтты.  Жазушы  Дулат  Иса­

бековтің  «Ескі  үйдегі  екі  кез­

десу»  драмасын  Англия  аста­

насы Лондонда сахналаған Сыр 

өнерпаздары айтулы ісса пардан 

зор  әсер  алғандарын  айтады. 

Тіпті, ондағы ауылын сағынған 

қазақ  балаларының  көзіне  жас 

іркілтті.  Әуежайдан  түсе  сала 

БАҚ өкілдерімен кездескен те­

атр ұжымы аталған қойылымды 

алдағы  уақытта  аудандарда  да 

сахналайтынын жеткізді.

­  Бұл  қойылым  бұрын­соң­

ды  өз  өңірімізде  қойылып 

жүрген.  Бірде  осы  қойылымды 

тамашалауға  Назарбаев  зият­

керлік 


мектебінің 

700­ге 


жуық  оқушысы  келген.  Сон­

да  зор  әсер  алғандары  сонша, 

маған  «Мен  анамның  қадірін 

енді  ұғынғандай  болдым.  Бұ­

дан  былай  анамды  ешқашан 

ренжітпеймін»  деген  де  бала­

лар  болды.  Өз  басым  осыған 

қуанамын.  Еңбегіміздің  ел 

жүрегіне  жол 

тап қанына  разымын,  ­  деді 

театрдың  көркемдік  жетекшісі 

Хұсейін Әмір­Темір. 

Ағылшындардың  өзі  сұрат­

қан  қойылымда  театр  әртістері 

Үмігүлсім  Бегімова,  Қарлығаш 

Айтжанова,  Ұғым  Баймаха­

нов,  Арай  Көшімбаевтар  өнер 

көрсетті.  Әртістердің  жоғарғы 

деңгейдегі  кәсіби  шеберлігі 

бол са керек, қаракөздеріміз бен 

қарадомалақтарымызды  былай 

қойғанда  ағылшындардың  өзі 

таңдай қаға тамсанған.

­  Ондағылар  ең  әуелі 

біздің  тілімізге  ғашық  болды. 

Өзгеше бір әуен, өзгеше бір үн 

естілгендей  болғанын  айтып, 

таңданысын  жасыра  алмады. 

Ол бізге шабыт берді. Рухымыз­

ды көтерді. Әрбір қазақ баласы 

ұлтымыздың ұлылығын осылай 

білсе  екен  дейміз.  Сайлау  күні 

біз  Англиядағы 

Қазақстан  елшілігіне  барып, 

сол  жерде  дауыс  беріп,  таңдау 

жасадық,  ­  дейді  театрдың 

көркемдік жетекшісі.

Англия  мен  Қазақстан 

арасындағы 

қарым­қатынас 

бұрыннан  дамыған.  Деген­

мен,  айта  кету  керек,  театр  са­

ласында  1970  жылы  қазақ 

өнерпаздары ағылшындар еліне 

сапарлап кеткен. Игі істі бүгінгі 

ұжым жалғап отыр. 



Дәулет ҚЫРДАН

РУХАНИЯТ


АҒЫЛШЫНДАРДЫҢ

 ҚОШЕМЕТІНЕ 

БӨЛЕНДІ 

МЕДИЦИНА САЛАСЫ МАМАНҒА МҰҚТАЖ

ҚОҒАМ

ҚЫЗДЫ 


ҚАЙДАН 

ҰЗАТЫП 


ЖҮРСІЗ?

«ҚЫЗЫЛОРДА­

ДАНСЫҢ БА, 

БАУЫРЫМ?»

«РУХАНИ 

МҮГЕДЕК» 

БОЛУДАН 

САҚТАНАЙЫҚ!



7-бетте

8-бетте

9-бетте

№ 17 (87) 30 СӘУІР, БЕЙСЕНБІ, 2015 ЖЫЛ

28-29  сәуір  күндері  аймағымызда 

«Қызылорда  облысының  жаңа  инвес-

тициялық  стратегиясы»  тақырыбында 

V  «Байқоңыр»  инвестициялық  фору-

мы өтті. Оған қатысушылар Байқоңыр 

қаласындағы мұражайды аралап көріп, 

«Союз» 


зымыран 

тасығышының 

ұшырылу сәтін тамашалады. 

Форумның  алғашқы  күнінде  Бай-

қоңырда  болған  «Қызылорда  облы-

сы  туризм  саласының  инвестициялық 

тар тымдылығы»  атты  пленарлық  мә-

жі лісте  аймақ  дамуындағы  «ЭКС-

ПО-2017» көрмесінің рөлі мен халық-

аралық және Еуропа нарығында облыс 

туризмін  дамыту  сияқты  мәселелер 

талқыға  түсті.  Қонақтарды  өңірдегі 

туризмді  бірлесе  дамытуға  шақырған 

облыс әкімі Қырымбек Көшербаев: 

- Жергілікті билік инвесторлардың 

осында  жұмыс  істеуіне  барлық 

жағдайды жасауға дайын, - деді. 

Шығысеуропалық  «FVW  Median 

GmbN» қорының маркетинг жөніндегі 

директоры  Мирослав  Рончак  турис-

терді  тарту  үшін  қызмет  көрсету  са-

пасы  халықаралық  стандарттарға  сай 

болуы  керектігін  алға  тартты.  Одан 

бөлек,  шетелдіктерді  қазақ  халқының 

салт-дәстүрімен таңдай қақтыртуға бо-

лады. 


-  Германиялық  туристерді  Байқо-

ңыр  ғарыш  айлағы  мен  Арал  теңізі 

қызықтырады. Тіпті, олар «Қазақстан» 

деген сөзді естісе, ең әуелі Байқоңырды 

аузына алады, - деді ол. 

Қазақстан  туристік  ассоциация сы-

ның  директоры  Рашида  Шайкенова 

Қорқыт ата кешенінде өнер фестивалін, 

Шиелі ауданында «Бейбіт атом күнін», 

«Түйелер керуені» мен «Қымыз» фес-

тивалін ұйымдастыруды ұсынды. Мұ -

нан  соң  форумға  қатысушылар  «Қор-

қыт ата» мемориалды кешенін аралап 

көрді. 


Форумның екінші күніндегі бас қо-

суға  әлемнің  19  мемлекетінен  қаржы 

институтарының,  бизнес  секторының 

өкіл дері қатысты. Алдымен аймақ бас-

шысы  осыған  дейін  өткізілген  төрт 

форумның  нәтижесін  айтып,  өңірдің 

әлеуметтік-экономикалық  жағдайына 

тоқталды. Ал ҚР Индустрия және жаңа 

технологиялар министрінің орынбаса-

ры  Альберт  Рау  индустрияландыру 

бағдарламасының  орындалуына  тоқ-

тал ды. 


- Осыдан 5-6 жыл бұрынғы жағдай-

мен  қазіргіні  салыстыруға  болмайды. 

Бағдарламаның  бірінші  бесжылдығы 

дағдарысқа сәйкес келгенімен нәтиже-

лі жүзеге асты. Қызылорда металлур-

гия  саласын  дамытуды  қолға  алып 

отыр.  Бұл  бағыттағы  жұмыстарға  кі-

рі сіп те кетті. Өңірде өндірісті өркен-

детуге мүмкіндік мол. Мұнда жерасты 

қазба байлықтары да жеткілікті, - деді 

вице-министр.

V «Байқоңыр» инвестициялық фо-

румы аясында 10-ға жуық келісімшарт 

жасалды. Бұл  өңір ге инвестиция тар-

ту, туризимді дамы туға мүмкіндік бе-

реді. 


Қызылорда облысы әкімінің 

баспасөз қызметі

СЕРПІН 


ҚЫЗЫЛОРДА – ИНВЕСТОРЛАР 

ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ АЙМАҚ

Аталған  түйіннің  тарқауын  ең  әуелі  сыртта 

оқып жатқан жергілікті жастарды аймаққа тар-

тудан бастау қажет болуда. Мысалы, Қарағанды 

мемлекеттік  медицина  университетінен  11  жас 

маман  ауылдық  квотамен  оқу  орнын  бітіріп, 

облысқа  жолдануда.  Ақтөбе  мемлекеттік 

медициналық  университетінен  58  жас  маман 

облысқа  келіп  жұмыс  атқаруға  тілек  білдіріп 

отыр.  Мұның  өзі  көп  мәселенің  оң  жамбасқа 

шығуына  сеп  болмақ.  Нәтижесінде  ұзын  саны 

100-ге тарта маманды елге орнықтыруымыз бек 

мүмкін.


- Рас, мамандар бізге келді делік. «Бірақ біз 

оларға қаншалықты жағдай жасай аламыз?» де-

ген  сауал  тұрады  көпшіліктің  ойында.  Өңірде 

жоғары  дәрежелі  мамандары  тұрақтандыру  

мақсатында  аймақ  басшысының  қолдауымен 

медицина 

қызметкерлеріне 

(дәрігерлерге) 

арналған  қызметтік  үйден  қажетті  мамандар 

қызметтік  пәтерлермен  қамтамасыз  етілді.  50 

пәтерлік  үйде  қазір  толықтай  дерлік  мамандар 

орналасты. Онымен қоса, республика көлемінде 

медицина  университеттерін  бітіруші  дәрігер-

интерндерге  Қызылорда  қаласының  емдеу-

алдын алу ұйымдарының базаларында интерна-

турадан өтуге толық жағдай жасалды. 2014-2015 

оқу жылы бойынша 100-ден аса дәрігер-интерн 

интернатурадан өтіп жатыр, - дейді Сәкен Сер-

ғазиев.

Алайда  аудандардағы  тапшылық  әлі  де 



азаймаған.  Осыған  байланысты  аудан  әкім-

діктері  тарапынан  тұрғын  үй  салуға  жер 

бөлу,  балабақшаға  орын  беру,  жатақхана, 

коммуналдық қызметтерін өтеу жұмыстары ба-

рысында  арнайы  жеңілдіктер  қаралып,  осын-

дай  жұмыстарды  жандандырса,  онда  баруға 

қайсыбір  маманның  болмасын,  ынтасы  артар 

еді. Сандық деректерге жүгінсек, медицина ма-

мандарымен қамтамасыз ету көрсеткіші 10 мың 

тұрғынға – 2 047 дәрігер, яғни  28,8. Бұл 2013 

жылы  27,7-ні құраған. Ал орта буын медицина 

қызметкерлерімен қамту 10 мың тұрғынға 7 658 

маманнан келеді. Бұл – 107,8, яғни өткен жыл-

дан жоғары. 2013 жылы бұл көрсеткіш 104,2-ні 

құраған болатын.  

Дәулет ҚЫРДАН

МЕДИЦИНА САЛАСЫ МАМАНҒА МҰҚТАЖ



Лидия Ким,

қала тұрғыны:

-  Президенттікке  үміт-

кер   үш  кандидаттың  ішінде 

мен  өзімнің  дауысымды  ел 

басқаруға лайықты  деп  тап-

қан үміткерге бердім. Себебі 

елімізде  көп  ұлыс  өкілдері 

өмір  сүреді.  Менің  де  Ота-

ным  –  Қазақстан.  Осы  елде 

дүниеге келдім, жоғары білім 

алып, қызметке орналастым, 

тұрмысқа  шықтым.  Балала-

рым да осы жерде оқып, білім 

алуда.  Сондықтан  маған 

елдің бірлікте, тыныштықта 

өмір сүргені маңызды

Ал  Ақмешіт  мөлтек  ау-

данында  орналасқан  №189 

сайлау  учаскесі  өзінің  500-

ші  дауыс  берушісі  мен   ең 

жас  сайлаушысына  сыйлық 

жасады.  Мұны  ұйым дас-

ты ру шылардың 

айтуын-

ша,  осы  арқылы  халықтың 



белсенділігін арттыруға бола-

ды. 


Несібелі Көшкінбай,

18 жаста:

-  Мен  -  №136  мектептің 

оқушысымын.  Бүгін  бірінші 

рет  сайлауға  қатысудамын. 

Өз  дауысымды  ел  болашағы 

жолында  аянбай  еңбек  етіп, 

болашаққа  дұрыс  бағыт-бағ-

дар жасай білетін, басшыққа 

лайықты 

деп 

тапқан 

үміткерге  бердім.  Себебі 

жастардың 

болашағының 

жарқын болуы маңызды.

Сонымен  қатар  қалаға 

қарасты  Қызылжарма  ауыл-

дық  округіндегі  №266  сай-

лау  учаскесінде  ҚР  Ұлт-

тық  ұланы  оңтүстік  өңірлік 

қолбасшылығының 

№5547 


әскери  бөлімінің  қыз мет кер-

лері  де  өз  таңдауларын  жа-

сады.  Аталмыш  бөлімде 

390  әскери  қызметші  боры-

шын өтеуде. Солардың бірі –  

жиыр ма жастағы Ерлан Иман-

баев.  Ол  Алматы  қаласы, 

Медеу  ауданынан  әскерге 

шақырылған. 

-  Отан  алдындағы  боры-

шымды өтеп жатқаныма 4 ай 

болды. Сайлауға катысып, да-

уыс бергеніме қуаныштымын. 

Мен  елдің  болашағы  үшін 

таңдауымды жасадым, - дейді 

ол.


Бұл  күні  қаладағы  бар-

лық  бағыттағы  қоғамдық 

көліктер  сағат  14:00-ге  де-

йін  жолау шыларды  тегін  та-

сымал дады.  Ал  кешке  қарай 

пре зидеттік  сайлаудың  ал-

ғаш қы  нәтижелерін  естіген 

Сыр 


жастары 

автошеру 

ұйымдастырды.  Шара  бары-

сында  40-тан  астам  кө лік 

орталық  алаңнан  бас тап 

Тұңғыш  Президент  атын-

дағы  саябаққа  дейінгі  жол-

ды  жүріп  өтті.  Онымен 

қоса  өнерлі  жастардың  қа-

тысуымен 

домбыра-думан 

ұйымдастырылды. 

Сонымен,  кешкі  сағат 

20:00-де Қызылорда бойынша 

барлық 345 сайлау учаскесінде 

дауыс беру аяқталды. Тізімге 

енген  сайлаушылардың  97 

пайыздан астамы өз таңдауын 

жасаған.  Сайлауға  қатысу 

көр  сеткіші  бойынша  98,85 

пайызбен  Шиелі  ауданы  ал-

дыңғы қатардан көрінді. Одан 

кейін Жаңақорған мен Сырда-

рия  ауданының  белсенділігін 

жоғары деп бағалауға болады. 

Онымен  қоса,  саяси  науқан 

күні облыста 38 сәби дүниеге 

келіп,  перзентханаларда  бо-

санған  аналарға  сый-сияпат 

жасалды.  Ал  кейбір  ата-ана-

лар сәбилеріне Нұрсұлтан мен 

Сайлаугүл деп есім берді. 

Дүйсенбіде  «Сыр  Ме-

диа» 


ЖШС 

жанындағы 

ОКО-да  брифинг  өткізген 

халықаралық 

бақылаушы 

Игорь  Орлов  еліміздегі  ең 

ірі саяси науқан кезінде жүр-

гізілген ұйымдастыру жұ мыс-

тарын жоғары бағалады. 

-  Мен  Ресейдің  Санкт-

Пе тер бург  қаласынан  бақы-

лаушы  ретінде  Қызылордаға 

25  сәуірде  келіп,  сайлауалды 

ұйымдастыру  жұмыстарын 

бақыладым.  Бұл  күні  бір не-

ше  учаскені  аралап,  дайы н-

дық  жұмыстарының  талап-

тарға  сай  жүргізілгеніне  көз 

жеткіздім.  Ал  26-сы  кү ні 

қаладағы  және  Сырдария 

ауданындағы  сайлау  учас-

келерінде  болып,  комиссия 

мүшелерінің  саяси  шараны 

барлық  заң  талаптарына  сай 

жүргізіп жатқанын байқадым. 

Шыны  керек,  халықтың  бел-

сенділігі көз қуантады, - деді 

ол. 


Осы  күні  облыс  әкімі 

Қырымбек 

Көшербаевтың 

қатысуымен «Тарих таңдаған, 

халық қолдаған» атты жеңім-

паздар  форумы  өтті.  Шараға 

жиналған  2  мың  адам  сай-

лауда  айқын  басымдықпен 

жеңіске  жеткен  Нұрсұлтан 

Назарбаевқа  қошемет  көрсе-

тіп,  Елбасы  жеңісі  елдің  же-

ңісі екенін атап өтті. 

-  Сын  сәтте  сыр  берме-

ген Сыр жұртшылығын ортақ 

жеңіспен 

құттықтаймын. 

Сай лауды 

ұйымдастырып, 

оны  өткізуге  атсалысқан  аза-

маттарға,  әсіресе,  жастарға, 

әрбір  жерлеске  Елбасының 

атынан 


ризашылығымды 

біл діремін.  Сіздер  қосқан 

үн  Тәуелсіз  Қазақстанның 

то ла ғай  табыстары  болып 

жаң ғыртылатынына 

кәміл 


се не      мін,  -  деді  Қырымбек 

Көшербаев. 

Форумда  аймақтың  өр-

кендеуіне  еңбек  сіңіріп  келе 

жатқан зиялы қауым өкілдері 

мен белсенді жастар жалынды 

сөз  сөйлеп,  қуаныштарымен 

бөлісті. 



Сара ОМАРОВА

ЕЛ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ



Жалғасы. Басы 1-бетте

Жалғасы. Басы 1-бетте

«Руханиятты жаңғырту» қо-

ғамдық  қоры  мен  «Әлімсақ» 

журналының ұйымдастыруымен 

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық 

кітапханада  ақын  Зейнолла 

Шүкіров  атындағы  облыстық 

жыр  мүшәйрасы  өтті.  Жас 

ақындар  арасында  өткен  жыр 

додасына  барлығы  88  талапкер 

қатысып, оның 20-сы екінші ай-

налымда бақтарын сынады. 

-  Біз  қазақтың  қабырғалы 

ақынының  атындағы  мүшәй ра-

ны  төртінші  рет  өткізіп  отыр-

мыз.  Осыдан  төрт  жыл  бұрын 

бастаған болатынбыз. Айтарым, 

жақсы көңіл бөлініп келеді. Зей-

нолла  ағамыздың  ескерткішін 

жақсы  бір  жерге  көшірмекші. 

Бұл  мәселені  қала  әкіміне  сан 

мәр те  жазып  едік.  Нәтижесі 

шы ғып  отыр.  Мені  осы  қуанта -

ды, - де ді қор төрағасы Нұрлан 

Нұрмаханов. 

Сөз маржанын тізіп сайысқа 

түскен  жастар  арасынан  суы-

рылып  шыққан  М.Мәметова 

атындағы  педагогикалық  кол-

ледж  студенті  Нәбира  Есма-

ханова 

1-орынды 



иеленсе, 

2-орын ға  Қазалы  ауданының 

жас  ақыны  Есет  Табынбаев 

қол  жеткізді.  Жүлделі  3-орын-

ды  шиелілік  Рыскелді  Жахман 

мен  қазалылық  Дина  Бөкебай 

бөлісті.

АЖ - ақпарат

РУХАНИЯТ


ЖЫР 

МҮШӘЙРАСЫ 

ӨТТІ

                                                

ТҮЙІН

Бір  кездері  «жұмыс  табу  оңай»  деп, 

ел  балаларын  жаппай  экономист,  заңгер 

мамандығына  оқуға  берген.  Қазір  екі  қолға 

бір  күрек  таппай  жүргендердің  көбі  –  осы 

сала  мамандары.  «Ауылда  жұмыс  көзі  бар» 

деп, мұғалімдікке берді. Қазір «жалақым аз» 

деп, қамығып жүрген – ұстаздар. Себебі бір 

орынға екі немесе одан да көп маман жұмыс 

істейді.  Ал  медицина  мамандары  жұмыс 

таппай жүрген жоқ, қоғам оларға зәру. 


№ 17 (87) 30 СӘУІР, БЕЙСЕНБІ, 2015 ЖЫЛ

Қазақтың ортасында 

жүріп қазақша білмеу 

мүмкін емес

-  Константин,  қазақ  ті-

лін,  қа зақ  әндерін  қалай 

үйрене бастадың? Бұл қызы-

ғушылық па әлде қоғам тала-

бы ма?

-  Қазақ тілін  бала күнімнен 

бі ле мін.  Өзім  –  қазақылықтың 

қаймағы  бұзылмаған  Сыр  елі-

нің тумасымын. Достарым мен 

көршілерім қазақ болды. Олар-

мен кездесіп, бірге ойнағанда да 

тек қазақ тілінде сөйлесетінбіз. 

Сондықтан  бірінші  сыныпқа 

барғанның  өзінде  мен  қазақ 

тілін  біліп  тұрдым.  Қазақы 

ортада  тұрып  мемлекеттік 

тілді  білмеу  мүмкін  емес 

шығар.  Оның  үстіне,  мектеп-

те  оқып  жүргенімде  қазақ  тілі 

пәнінен  түрлі  байқауларға 

қатысатынмын.  Жүлделі  екін-

ші-үшінші  орындарды  иеле-

ніп  жүрдім.  Абай  оқулары 

байқауына  қатыстым.  Қазір 

ақынның  әнде рін  орындап 

жүрмін. 


-  Қазір  қазақ  тілін  үй-

рену  үшін  түрлі  тілашар  құ-

рал дары,  жаңа  технология-

лар шығып жатыр. Сеніңше, 

мұндай  әдіс пен  қазақ  тілін 

үй рену қан шалықты тиімді?

-  Мемлекеттік  тілді  да-

мыту  үшін  барлық  жағдай 

жасалып 


жатыр. 

Мұндай 


әдістерді  қолдаймын.  Өйткені 

Қазақстанда  тұрып,  әрбір  аза-

мат мемлекеттік тілді меңгеруі 

қажет.  Мүмкін  мұндай  тех-

нологиялар  тілге  енді  ғана 

қызығушылық  танытып  келе 

жатқандарға  көмек  болар. 

Олар  қазақ  тілін  үйренуге  көп 

жеңілдік  туғызуы  мүмкін. 

Ағылшын  тілін  үйретушілер 

де  «аз  уақытта  тілді  меңгеріп 

шығасыз»  дегендей  жарнама 

беріп  жатады.  Тіл  үйретуде  де 

жаңа  әдісті  пайдаланған  жөн. 

Өз  ұлтым  –  молдован.  Солай 

бола  тұра,  қазақтың  тілімен 

қатар  салт-дәстүрін  де  жақсы 

білемін.  Әсіресе,  Наурыз  мей-

рамы  қатты  ұнайды.  Жыл  сай-

ын  оны  асыға  күтемін.  Менің 

ойымша, қазақы салт-дәстүрлер 

арқылы да мемлекеттік тілге де-

ген қызығушылықты  көтеруге 

болады. 


-  Білуімізше,  көптеген 

бай қау да  жеңімпаз  ата нып 

үлгердің. 

Шығармашы лы-

ғың дағы соңғы жаңалық тар-

мен бөлісе отырсаң...

-  Иә,  мен  вокалмен  бала 

кезімнен  айналысып  келемін. 

Республикалық, облыстық бай-

қауларға қатысып, тәжірибемді 

арттыруды  жөн  санаймын. 

Өйт кені  түрлі  сайыстар  арқы-

лы  шыңдала  түсесің.  Өзге 

қалаларды, елді танисың. Соңғы 

жаңалығым, жақында Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  20 

жылдығына  арналған  шара-

да  Елбасы  Нұрсұлтан  Назар-

баевтың  алдында  қазақтың  бас 

ақыны  Абай  Құнанбаевтың 

«Айттым  сәлем,  қаламқас» 

әнін  шыр қадым.  Сөйтсем,  бұл 

Пре зиденттің  жақсы  көретін 

әндерінің  бірі  екен.  Менімен 

қосылып шырқады. Әрине, бұл 

жағдай маған ерекше толқыныс 

пен қуаныш сыйлады. 




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал