Бүгінде әлемнің көптеген елдері өздерінің ішкі өндірісін де



жүктеу 0.73 Mb.

бет6/7
Дата15.01.2017
өлшемі0.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Осы жұмыстардың ішінде архео-

логияның алатын орны мен маңызы 

қандай?

– Сан салалы бағытты қамтитын бұл 

бағдарламаның негізгі тіні археология 

болып табылады. Себебі біздің өткен 

тарихымызды зерттеу ісінде жазба дерек-

тер өте аз сақталған. Әсіресе көне дәуір-

лерге қатысты көптеген деректерді дәл 

анықтау – қиынның қиыны. Есесіне көне 

ескерткіштер мен тарихи орындар бізде 

жетерлік. Осы орайда археологтар тапқан 

жәдігерлер тарих қатпарларында қалған 

жұмбақтарды шешуге зор мүмкіндіктер 

береді. Сондықтан да көне замандар 

құпиясын ашуда археологиялық олжалар 

негізгі әрі сенімді ақпарат көзі болып 

есептеледі. Тарихты кезінде кім қалай 

жазғаны белгісіз. Әр елдің тарихшылары 

өз еңбектерін сол дәуірде өмір сүрген 

билеушінің ыңғайына қарай жазған 

деген де жорамалды жоққа шығаруға 

болмас. Сондықтан да жазба деректердегі 

кейбір деректер мен мәліметтер көп 

жағдайда нақты шындықтан алшақ 

болып жатады. Ал заттай айғақтар белгілі 

бір тарихи кезеңнің бейнесін анықтауға 

кәдімгідей септігін тигізеді. Міне, сол ескі 

заманнан қалған қыш ыдыстарда, тас 

мүсіндер мен түрлі ескерткіш, қор-

ғандарда халқымыздың жады сақтаулы. 

Бұл дегеніңіз – көзбен көріп, қолмен 

ұстауға болатын тарих. Жал пы, қазақ 

жерін «ашық аспан ас тындағы мұражай» 

деуге болады. Біздің ұлан-ғайыр 

жерімізде қаншама көне ескерткіштер 

мен тарихи орындар, қор ған дар мен 

қалалар бар! 



– Қазақстан аумағындағы көне 

қалалар саны шамамен қанша?

– Бұл мәселеде ғалымдардың пікірлері 

әрқилы. Дегенмен, біздің есебімізше, 

қазақ даласында 500-ге жуық қала бол-

ған. Олардың 70-ке жуығы – ірі қалалар. 

Олардың алғашқысы осыдан 4000 жыл 

бұрын пайда бола бастаған. Ал қорған-

дардың саны тіпті көп. Әлі де анықтал-

мағандары қанша! Бірақ осы уақытқа дейін 

қазақтар отырықшы болып, қала салмаған, 

егіншілікпен айналыспаған, өркениет 

құрмаған, жабайы, көшпелі халық деп 

санап келді. Әлі де осы пікірді ұстанатындар 

бар сияқты. Алайда нақты тарихи деректер 

бұл жаңсақ пікірлерді теріске шығарады. 

Осы күні біз өзімізді «номад» деп атауды 

сәнге айналдырып алдық қой. Біле білген 

адамға біздің ата-бабаларымыз ежелгі 

Тұран даласында емін-еркін ары-бері 

көшіп-қонып қана қоймай, құрылысты 

игеріп, қалалар мен қорғандар салып, 

егіншілікпен де айна лысқаны анық. Қалай 

айтсақ та, Орта Азия мен Қазақ жері өрке-

ниеттің, оның ішінде далалық өрке ниеттің 

ошағы бол ғаны сөзсіз. Кезіндегі кеңес 

өкіметі тұсында төл тарихымызды танып-

білуге мүмкіндік берілмеді. Ұлы Жібек 

жолының бойында орта ғасырларда 

ғылым мен мәдениеттің орталығы болған 

Тараз, Отырар, Сарайшық, Құлан, Меркі, 

Аспа ра, Ақыртас сынды аттары әлемге 

әйгілі жүздеген қалалар тізбегі бар. 

Олардың әрқайсысы жеке-жеке зерттеуді 

қажет етеді.



– Осы орайда бізді Қазақстаннан 

тыс жерлерде қалған тарихи мұра-

лары мыз дың жайы қызықтырып отыр. 

Бұл бағытта қандай қадамдар жаса-

луда? 

– Өкінішке қарай, қазақ тарихының 

айғақтары саналатын көптеген құнды 

жәдігерлер кезінде қолды болып, өзгенің 

иелігіне өтіп кеткен. Қазақстандық ғалым-

дар оларды түгендеп, зерттеу үстінде. 

Мысалы, Ресей империясында І Петр би лік 

құрған уақытта «қызықты да құнды көне 

заттарды тауып, кунсткамераға тап-

сырыңдар» деген мазмұнда арнайы үкім 

шығарған. Содан бастап Орта Азия аумағы 

мен Қазақстан жеріндегі тарихи орындар 

мен қорғандар аяусыз тонаушылыққа 

ұшыраған. Орыс ғалым дары әскерлерімен 

бірігіп, ондағы алтын, күміс сынды басқа 

да бағалы жәдігерлерді қолды қылған. 

Кейіннен бұл үрдіс Кеңес Ода ғы салтанат 

құрған кезең де де жалғасты. Осылайша, 

түбі бір түркі тари хына қатысты мыңдаған 

мұралар Ресейдің Мәскеу, Петербор 

сияқты ірі қалаларын дағы мұражайлардан 

орын тапты. 



– Оларды елге қайтару мүмкін бе?

– Ғылымда «реституция» деген ұғым 

бар. Ол бағалы заттарды қайтару дегенді 

білдіреді. Бірақ бұл – өте қиын шаруа. Осы 

уақытқа дейін біз Эрмитаждан Тай қазанды 

ғана қайтара алдық. Ал басқа жәдігерлерді 

тарихи отанына қайтаруда көптеген қиын-

дықтар бар. Алдымен оның заңды тетік-

терін жетілдіру қажет. Ресей мұражай-

ларында біздің ғана жәдігерлер сақталып 

тұрған жоқ, Орта Азиядағы басқа да 

халықтарға тиесілі құндылықтар бар. Әр 

мемлекет өзінікін сұрап, даулай бастаса, 

үлкен проблема туындайды. Мұн 

дай 

проблема бізде ғана емес. Мәселен, 



Түркияға тиесілі біраз жәдігерлер Герма-

ния мен Лондон мұражайларында тұр. 

Ресей мен Украина тарихынан сыр шер-

тетін қаншама құндылықтарды Ұлы Отан 

соғысы жылдарында фашистер иемденіп 

кетті! Кейін Кеңес Одағы жеңіске жет кенде, 

керісінше, олар неміс жерінен бі 

раз 


дүниелерді алып кеткен. Ал Мысыр мен 

ежелгі Грекия елінің жүздеген баға жетпес 

мұралары Батыс мұражай ларында көрме-

де тұр. Бізде де басқа халықтарға қатысты 

мұралар баршылық. Мұның бәрі – белгілі 

бір тарихи кезеңдерде, аласапыран заман-

дарда орын алған жағдайлар. Сондықтан 

да бұл мәселеде төзімділік пен нәзік 

дипломатия қажет. Әйтсе де оптимистік 

тұрғыдан зер салып қарасақ, алдағы уа-

қыт  тарда Қазақстан тарапы осы мәсе-

лелердің бірте-бірте шешімін табады деп 

сенеміз. Алдымен, шеттегі жәді герлеріміз-

дің бар-жоғын анықтап, көшір мелерін 

жасауға қол жеткізу керек.

– Осыдан бірер жыл бұрын Ел ба-

сының тапсырмасы бойынша Си рия-

ның Дамаск қаласында әл-Фарабидің 

кесенесі  қайта  жаң ғыр  ты  лып,  сол 

жерден Дүние 

жүзілік фарабитану 

тарихи-мәдени орта лығын салу қолға 

алынған болатын. Оның қазіргі жайы 

қалай?

– Қазіргі кезде ол жерде құрылыс 

жұмыстары бірқалыпты жүріп жатыр деуге 

болады. Мұнымен қатар ұлт мұра сын сырт 

елге паш ету мақсатында Дамас кідегі 

Сұлтан Бейбарыстың кесенесі және Мы-

сырдың Каир қаласындағы Сұлтан Бей-

барыстың мешіті де қайта жаңғыртылу 

үстінде. Қалай айтсақ та, Сұлтан Бейбарыс 

мешіті елден жырақта орналасса да, қазақ 

халқына қатысты құнды мәдени ескерткіш 

болып есепте леді. Әйтсе де оның толық 

жөндеуден өтуіне көп қаражат қажет.

– Білуімізше, Қазақстан тарапы 

қазір бұл істі жандандыруға шамамен 

4,5 миллион АҚШ доллары көлемінде 

қаржы бөліпті. Бұл кешенді толық 

аяқтау үшін ЮНЕСКО-ның да қар-

жысын тарту көзделуде екен... Жалпы, 

көне ескерткіштер мен тарихи орын-

дарды зерттеу үшін мемлекеттен 

жеткілікті қаржы бөліне ме?

– Мұның бәрі – мемлекетіміздің игілігі 

үшін істеліп жатқан жұмыстар. Негізі, 

«Мәдени мұраға» бөлініп жатқан қаржы 

жеткілікті. Жоспардағы жобалар өз реті мен 

жүзеге асырылуда. Тек оны ұтымды игере 

білу қажет. Ал шет мемлекеттердің көмегі 

артық болмайды. Олар әсіресе архео-

логиялық жұмыстарға көптеп тар тылуда. 

Бұр ретте көршілес Ресей мен Батыстың

АҚШ пен Жапония елдерінің ма мандары 

бізбен тығыз қарым-қатынаста. Өзгелердің 

тәжіри бесіне  сүйен бей  бол майды.  Қанша 

дегенмен, олар бұл салада жаңа техно-

логияларды жақсы пайдалана алады.

– Әрине, қазір барлық салада жаңа 

үлгідегі электронды техника көмегіне 

жүгінеді. Қазақстан археологтары 

заманауи технологияларды қанша-

лықты игере алуда?

– Ақпараттық технологиялар ілгері 

дамыған бүгінгідей кезеңде компьютердің 

көмегінсіз жұмыс істеу мүмкін емес. Қазіргі 

уақытта археология саласының жұмысын 

едәуір жеңілдететін арнайы компьютерлік 

бағдарламалар бар. Біз қазба жұмыстары 

мен зерттеулер жүргіз бес бұрын белгілі бір 

аймақтарға әуеден барлау жасаймыз. 

Қазіргі кезде ғарыштан бақылау, аэрофото-

сурет және лазерлік техно логия лар ды кеңі-

нен қолданбайын ша, археологияны алға 

жылжыту мүмкін емес.

– Сіз айтып отырған жаңа техно ло-

гияларды игеретін жас археолог маман-

дар бар ма бізде? Бұлай деп отырған 

себебім, қазіргі жастар ғылымға 

қызықпайды, себебі ғылым да ақша аз 

дейтін пікірлер бар. Ал біліммен қатар, 

қара жұмысы көп, қажырлы еңбекті 

талап ететін архео логия саласында жас 

мамандардың үлесі қаншалықты?

– Ғылымның басқа саласында жас 

мамандардың қаншалықты үлесі бар 

екенін білмеймін, бірақ археологияға 

қашанда жастардың келуі төмендеген 

емес. Бұл, ең алдымен, романтикалық 

қы зығушылықтан басталса керек. Оның 

үстіне бүгінде археологиялық зерттеу 

жобала 

рына қаржы-қаражат үздіксіз 



бөлінуде. Біздің институтта да заманауи 

техноло 


гияларды мықты меңгерген, 

бірнеше тіл білетін жас мамандар көп. 

Олардың бірқатары әлемнің озық оқу 

орындары мен ғылыми-зерттеу орталық-

тарында білімін толықтырып, тәжірибе 

жинақтаған. Бұған қоса шетелде оқып 

келіп, Қазақ станда жұмыс істеп жүргендер 

де баршы 

лық. Экспедицияларға да 

алдымен жастарды жібереміз.



– Қазба жұмыстарын жүргізу бар 

да, одан соң ол жерлерді қайта қал-

пына келтіру бар. Осы орайда кейбір 

жергілікті әкімқаралар археологтарға 

қатысты теріс пікірлер айтуда. Олар-

дың айтуынша, ауыл маңында жұмыс 

жүргізген археологтардан қалған 

үйінділерді тегістеп, шұңқыр ларды 

көму жергілікті бюджетке де салмақ 

түсіреді екен...

– Бұл – бос әңгіме. Біз тек қазумен ғана 

айналыспаймыз. Белгілі бір жерлерде 

зерттеу жүргізіп болған соң, ол жерде 

қажетінше, тиісті уақытында консервация 

жасаймыз, яғни қайта қалпына келтіреміз. 

Бұл жұмыстармен негізінен «Қаз рес тав-

рация» мекемесінің маман дары айна-

лысады. Ал қазба жұмыс тары жүр гізілген 

жерде қала мен қорғандар табылса, оны 

да ашық түрде консерва 

циялаймыз. 

Әрине, кейбір жұмыстар бөлінген қаржы-

ның кешеуіл деуіне бай ланысты кейінге 

қалдырылып жатады. Жергілікті әкімдіктер 

бұл жағ дайларға түсіністікпен қарап, одан 

да біздің жағымызға шығып, қол ұшын 

бермей ме?



– Қазіргі кезде төл тарихымыздан 

хабар беретін ескерткіштер мен тарихи 

орындарды халықаралық туризм 

орталықтарына айналдыра алмай 

отырған жайымыз бар. Осы орайда 

нақты ұсыныстарыңыз бар ма?

– Қазақ жерінде туризм баяу дамып 

келе жатқанын мойындау керек. Бірақ 

бұған тарихшылар мен археологтар кінәлі 

емес. Әрине, бұл саланың дамуына біз 

мүдделіміз. Алайда біздің міндеттеріміз 

бөлек. Туризмді алға жылжыту үшін 

мемлекеттің қаржысы мен мол инвестиция 

тарту керек. Бұған қатысты Үкіметтің кезең-

кезеңімен атқарып келе жатқан өз жұмыс 

жоспары бар. Бәрі бірден бола қоймайды 

ғой. Соңғы кездері біздің елге шетелдер-

ден саяхатшылар ағылып келе бастады. 

Оларға көрсететін жерлеріміз баршылық. 

Бірақ сол туристерді орналастырып, оларға 

басқа да уақытша тұрмыстық жағдай 

жасайтындай мықты инфрақұрылым 

жасай алмай отырмыз. Бізде шеттен 

туристер тарту мәселесі жақсы жолға қойы-

лып келе жатқанымен, жаңа технологиялар 

көмегімен тарихи-мәдени мұраларымызды 

жан-жақты насихаттау жағы кемшін түсіп 

отыр. Ол үшін мәдени мұрамызды наси-

хаттайтын жеке телеарна ашу – кезек 

күттірмес мәселе. Сондай-ақ телеарналар 

мен кино 

ком 

паниялар бізбен тығыз 



байланыс орнатып, тарихи тақы рыптарға 

деректі фильмдер түсіруді көбейтуі керек. 

Қалай дегенмен, бұл проблемалардың 

бәрі де – уақытша құбылыс. Қазақстан 

әлемдік туристік орталықтардың біріне 

айналатын күн алыс емес деп сенуге 

болады.

– Кейбір Батыс ғалымдары қазіргі 

заманғы қазақтар мен көне түркі-

лердің өзара байланысы жоқ дегенді 

айтуда. Бұл пікір қаншалықты қисын-

ды?

– Мұндай тұжырым жасаушылармен 

мүлде келіспеймін. Біздің тегіміз көне 

түркілерден тарайтыны дәлелдеуді қажет 

етпейді. Біз – көк байрақтың астында бас 

біріктірген Көктүріктің ұрпағымыз!



– Бірнеше жылдан бері сіз респуб-

ликамыздың орта білім беретін 

мектептерінде археология саласын 

жеке пән ретінде арнайы оқу бағдар-

ламасына енгізу керектігін айтып 

жүрсіз. Бұл ұсынысыңызды қолдау-

шылар бар ма?

– Біз тарихы тым тереңде жатқан ел 

болсақ та, Тәуелсіз мемлекет ретінде әлі 

жаспыз. Сондықтан да ұлттық құндылық-

тарға деген көзқарастарды бірден өзгерту 

мүмкін емес. Ол үшін, ең бастысы, сана 

тәуелсіздігіне жету керек. Себебі мәдени 

мұрамызға деген оң көзқарас қалыптас-

тыру үшін адамның ішкі мәдениеті жоғары 

болуы шарт. Осы орайда мен бұрыннан 

бері ұлт тарихы мен мәдениетін кеңінен 

түсіну, көне ескерткіштеріміз бен тарихи 

орындарымызды жас ұрпақ тереңірек 

танып-білсін деген мақсатпен орта мектеп-

тер де археология саласын жеке пән ретінде 

енгізу қажет екендігін айтып келемін. 

Осы бағытта жасалып жатқан еңбек-

теріміз де аз емес. Қазіргі уақытта 6-7 

сынып оқушыларына арналған қазақ-орыс 

тілдерінде жазылған оқулықтар баспадан 

шығып, пайдалануға дайын тұр. Әзірге бұл 

ұсынысты нақты қолдап отырған құзырлы 

орындар жоқ. Десек те, біз қарап жатқан 

жоқпыз. Алда-жалда ұсынысымыз мақұл-

данып қалса, біз дайынбыз.

Әңгімелескен 

Алмат ИСӘДІЛ

ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ХИКМЕТТЕРІ

дердің тарихи-мәдени қабатының учас-

келері және ежелгі адамның өмірі мен 

қызметінің іздері бар өзге де орындар. 

Қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері 

– сәулет ансамбльдері мен кешендері, 

тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, 

көшелер, қалалар мен басқа да елді 

мекендердің ежелгі жоспарлануы мен 

құрылысының қалдықтары, азаматтық, 

тұрғын үй, өнеркәсіптік, әскери, ғибадат 

ету сәулетінің, халық сәулетшілігінің 

құры лыстары, сондай-ақ олармен бай-

ланысты монументтік, сәндік-қол дан-

балы және бақ-саяжай өнерінің 

туындылары, табиғат ландшафты.

АБАЙДЫҢ ІЗІ ҚАЛҒАН

Қоңырәулие үңгірінің ішінде Абай атамыздың 

есімі арабша жазумен жазылған тас та болған. 

Оны жергілікті тұрғындар соңғы рет 1960 жылы 

көріпті. Сол тас кейіннен көрінбей кеткен. Қолды 

болды ма, көміліп қалды ма, белгісіз. Олай дей-

тініміз, іргедегі Семей полигонында 40 жыл 

жарылыс болғанда, үңгірдің ішіндегі тастардың 

біразы құлаған болатын. 

Бір кезде үңгірдің бір бүйірінде жатқан 

жалаңаш қыздың бейнесі мүсінделген балбал 

тас болған. Бүгінде одан да айырылып қалған-

даймыз. Кім алды, қайда кетті – оны ешкім 

білмей ді...



ҮҢГІРДІҢ ӨЗ ИЕСІ БАР

Бүгінде жаз болса, Семейден шалғай жат-

қанына қарамастан, Қоңырәулие топырлаған 

тіршілік көзіне айналады. Әсіресе соңғы 

жылдары өздерін «Ақжол» атайтындардың «жо-

рығы» жиілеген. Бірақ олар киелі жерге ем іздеп 

емес, бизнестің бір тиімді жолы болған дықтан 

келеді. 


Ертеде Қоңырәулие үңгірінің алдында жарты 

құлаш сұр жылан жатады екен. Оқта-текте біреу 

бара қалса, жылан тиіспей, айбар да шекпей, 

жартастың қуысына кіріп кетеді. Мұны көзбен 

көргендер әлі де жыр қылып айтады. Кейбір 

білдік дегендердің айтуынша, сұр жылан адал, 

ақ ниетті адамдарға ғана көрінеді екен. Бүгінде 

жылан да жым-жылас, ниет-пиғыл да әртүр-

лі...

ӘУЛИЕСІ ЕЛІН АСЫРАЙДЫ 

Қазір Абай ауданында туризмді дамытудың 

2009-2010 жылдарға арналған бағдарламасы 

бойынша Қоңырәулие үңгірі үшін біраз жұмыс-

тар қарастырылған, ол жергілікті бюд жеттің 

есебінен қаржыландырылады. Алайда сел 

астында қалған, бүйірі тесік аудан бюджетінің 

қаржысы Қоңырәулиенің айбынын асыру үшін, 

әрине, аздық етеді. Сондықтан Қоңырәулиеге 

облыстық, тіпті республикалық деңгейде назар 

аударылуы қажет. 

Қазіргі кезде Қоңырәулие үңгірінің қасында 

заманауи болмаса да, екі үй тұрғызылған. Онда 

ас әзірленіп, 15-20 адам демалып, қонып шы-

ғу ға болады. Мал сойып, құран бағыштай-

тындарға да арнайы орын дайындалып, қазан-

ошақ та қарастырылған. Үңгір ішіне самаладай 

прожектор болмаса да, сығырайған электр 

жарығы тартылған. Оны жасап отырған – 

жергілікті шаруа қожалығы. Бұл игілікті істі ары 

қарай жалғастыру үшін мемлекеттің қамқорлығы 

керек. 


Ал үңгірге 20 шақырымдай жердегі Тоқтамыс 

ауылы тұрғындарының айтуынша, жазда күн 

сайын Қоңырәулиеге ондаған автобус және 

жеңіл көлікпен келетіндер қарасы молаяды. 

Сондықтан осынау ғажайып ескерткіштің басын 

жабайы күйде қалдырмай, туризмді дамытудың 

бас жоспарында арнайы көңіл бөліп, өркениетті 

шараларды қолға алсақ, жарасар еді. 



Амантай ИСИН,

тарих ғылымының кандидаты: 

– Қоңырәулиеде біз де болып, біраз зерттеу 

жұмыстарын жүргіздік. Бұл – Қазақстанда 

ғана емес, бүкіл Еуразияда өзіндік орны бар, 

мәдени-тарихи бірегей орын. Сондықтан 

оны толықтай мемлекеттің қарауына алып, 

кешенді түрде реставрация жүргізсе... Себебі 

оған жыл сайын көптеген адамдар барып, 

біраз нәрселерін бүлдіріп, өзінің тарихи 

маңызын жоя бастаған.

Молдабек ЖАНБОЛАТОВ,

шежіреші, этнограф: 

– Бұл үңгірдің бір сыры, қасиеті сол көлде 

және оның суының құрамында болып тұр. 

Дәмін татып көрсеңіз, кәдімгі әкке ұқсайды. 

Кейбіреулер автокөліктегі аккумулятордың 

суы ретінде де пайдаланған. Көлдің суы не 

азаймайды, не көбеймейді. Үңгірдегі көлдің 

Балқаш суымен жалғасқандығы жайында 

айтатындар да бар. Соңғы кезде үңгір ішін-

дегі көлді әртүрлі ауруға ем деп танитындар 

көбейді. Сондықтан онда барып, дертіне 

шипа іздейтіндер жыл сайын көбейіп келеді. 

Емдік қасиеті бар ма, жоқ па – оны да әлі 

ешкім білмейді. Сондықтан осы көл суының 

құрамы ғылыми тұрғыда зерттелуі керек. 

Ақылтай САБЫРБАЙ,

Тоқтамыс ауылдық округінің әкімі: 

– Қоңырәулие үңгірі – жекеменшік шаруа 

қожалығының иелігінде. Себебі үңгірдің ор-

наласқан жері осы шаруашылыққа қарайды. 

Үңгір басында келгендерге жол нұсқап, 

көмектесетін адамдар бар. Тү негендерге 

тамақ, көрпе-жастық береді. Жер гілікті тұр-

ғындарға тегін қызмет етсе, басқа жерлерден 

келгендерден шама-шар қынша қаражат 

алады. Алдыңғы жылдары жаз мезгілінде 

оқушылар демалатын сауықтыру лагерін ашу 

жоспарда болған. Бірақ ол Бақанастан 

ашылды. 

Роллан КЕМЕРБАЙ, 

Семей

Шыңғыс хан шындығы 

Қоңырәулиеде 

емес пе екен?

Басы 1-бетте

САНДАР СӨЙЛЕСЕ...

Астанада өткен «Мәдени мұра» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру 

жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында жария етілген мәліметтерге 

сүйенсек, аталған ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2009-2011 

жылдар аралығына мемлекет бюджетінен 2 миллиард 79 миллион теңге 

қаржы бөлінген. Яғни өткен бір жыл ішінде Тәуелсіздігімізді айқындайтын 

ұлттық рәміздерді қалыптастыруға – 66 миллион, мәдени туризмді дамытуға 

– 90 миллион, ұлттық тарихи мұрамызды әлемдік деңгейде насихаттауға – 77 

миллион, жаңа ғылыми жобаларды әзірлеуге – 77 миллион, ал археологиялық 

зерттеулер жүргізуге 119,7 миллион теңге жұмсалған. Өткен жылы 49 қорған, 

мазар мен қалашық қайта жөндеуден өткізілді. Осының арқасында Ақмола 

облысындағы Бозақ, Алматы облысындағы Есік, Қойлық, Талғар, Шығыс 

Қазақстан облысындағы Берел мен Шілікті, Қарағанды облысындағы 

Тоқтауыл, Талдысай, Жамбыл облысындағы Ақыртас, Батыс Қазақстандағы 

Қырықоба қоныстарындағы құнды жәдігерлер жарыққа шықты. Мұның 

сыртында 26 тарихи-мәдени нысанға реставрация жасалған.

С

АНД

АР СӨЙЛЕСЕ...

Астанада өткен «Мәдени мұра» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру 

жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында жария етілген мәліметтерге 

сүйенсек, аталған ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру  үшін 2009-2011 

жылдар аралығына мемлекет бюджетінен 2 миллиард 79 миллион теңге 

қаржы бөлінген. Яғни өткен бір жыл ішінде Тәуелсіздігімізді айқындайтын 

ұлттық рәміздерді қалыптастыруға – 66 миллион, мәдени туризмді дамытуға 

– 90 миллион, ұлттық тарихи мұрамызды әлемдік деңгейде насихаттауға – 77 

миллион, жаңа ғылыми жобаларды әзірлеуге – 77 миллион, ал археологиялық 

зерттеулер жүргізуге 119,7 миллион теңге жұмсалған. Өткен жылы 49 қорған, 

мазар мен қалашық қайта жөндеуден өткізілді. Осының арқасында Ақмола 

облысындағы Бозақ, Алматы облысындағы Есік, Қойлық, Талғар, Шығыс 

Қазақстан облысындағы Берел мен Шілікті, Қарағанды облысындағы 

Тоқтауыл, Талдысай, Жамбыл облысындағы Ақыртас, Батыс Қазақстандағы 

Қырықоба қоныстарындағы құнды жәдігерлер жарыққа шықты. Мұның 

сыртында 26 тарихи-мәдени нысанға реставрация жасалған.

жіреге негізделген. Бүгінде ол Римнің бетке 

ұстар басты жәдігері болып табы лады. 

Айтарлықтай тағы бір қызық – осы 

Римдегі есекке қойылған ескерткіш. Себебі 

осы бір төзімді де көнбіс жануар сонау І 

Дүниежүзілік соғыста итальян әскерінің 

жалғыз мініс көлігі болса керек. 



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№62 (288) 17.04.2010 жыл, сенбі




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал