Бүгінде әлемнің көптеген елдері өздерінің ішкі өндірісін де



жүктеу 0.73 Mb.

бет5/7
Дата15.01.2017
өлшемі0.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

жайында 6-сыныпта мүлде айтылмайды. 7-сыныпта бар, бірақ 

бар-жоғы екі сағат. Жалпы, бұл тақырыптағы мәліметтер өте аз. 

Былайынша, Отырардағы кітапхана, монша, Берел қорғандары 

сияқты басқа да көптеген құндылықтарымыз туралы неғұрлым 

көбірек білсе, артықтық етпес еді. Жалпы, қазақ тарихының 

мектепте оқытылу жайына келсек, халқымыздың байырғы 

мәдениеті есебіндегі өнер, сәулет ескерткіштеріне өте аз көңіл 

бөлінгенін байқаймыз. Сосын бізде өлкетану бойынша да 

мардымды ештеңе жоқ. Тағы бір жайт – мектептің тарих 

оқулығындағы тақырыптар қайталанып келе береді. Мысалы, 

10-11 сынып – негізінен, қайталау. Айтарлықтай жаңалығы жоқ. Екі 

сыныпта да сонау тас дәуірінен бастаймыз да, қайтадан бүгінгі күнге 

алып келеміз. Осыдан кейін бала қалай төл тарихына қызығады? 

ерткіштеріне 5 сыныпта екі сағаттық

БІР ПІКІР

Басы 1-бетте

Айгүл ІСМАҚОВА, 

филология 

ғылымының докторы:

– Бізде Алаш арыс-

та ры ның  ескерткіштері 

жоқ. Мәселен, Әлихан 

Бөкей ханов  ескерткі ші-

нің бол 


мауы себепті 

бү гінде оны қазақ ғы-

лы мының басында тұр ған тұлға екенін 

көпшілік біле бермейді. Сондай-ақ қазақ 

халқын мұсылман ел ретінде таныту үшін 

әл-Фараби  баба мыз дың  ескерткішін 

атамыздың атымен ата латын даңғылдың 

бас жағына орнатуымыз қажет. Ал бізде 

ғұлама атамыздың ескерт кіші Қазақ ұлттық 

университетінің бір бұрышында ғана тұр. 

Үшіншіден, жастарға, әсіресе аналарға 

үлгі көрсету мақсатымен қаламыздың бір 

бұрышын аналар ескерт кіштеріне арнауы-

мыз қажет. Мәселен, Домалақ ананың 

ескерткіші тұрса, оған жас жұбайлар ба-

рып, үлкен әсерге бөленіп, үлгі алар еді. 

Міне, осындай ескерткіштердің бой көтеруі 

азаматтарымыздың мәдение тін, отан сүй-

гіштігін одан сайын арттыра түседі.

Нұрмұхаммед МАМЫРБЕКОВ

Смағұл ЕЛУБАЙ, 

жазушы:

– Қазақ халқы 1918-

33  жылдары 4 ми   л лио н-

нан астам аза матынан 

айы рыл ды.  Дәл  біз  си я қ-

ты ора сан көп қандас-

тарын  жо ғалт қан  ел 

жоқ тарихта. Сон дық-

тан қалада бір төбені «Қасірет төбесі» деп 

атап, соған тағзым жасауымыз керек. 

Міне, осы төбе ашаршылықтан, репрес-

сия дан, басқа да ұлт басына төнген нәу-

беттерден қаза тапқан бауырларымызға 

қойылған ескерткіш болар еді. Екінші 

ұсынысым, қаламызда Ер Тарғын, Алпа-

мыс, Қобылан ды сынды эпос батыр ла-

рының ескерткіш терін әлі көрмей жүрміз. 

Көзге елестетіңізші, Қобыланды, Қыз 

Құртқа және батыр пыра ғы Тайбурылдың 

мүсіндері ерекше үйлесім тауып тұрғы-

зыл са, қандай керемет! Бұл жас тардың 

тарихқа деген қызығушылығын арттырып, 

оларға тәрбие беріп, мәдениеті 

мізді 


ұлық  тай  түсер  еді. 

Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, 

«Табиғат» экологиялық 

қозғалысының 

төрағасы:

– Қазақ жері ескерт-

кіштерге тұнып тұр. Біз-

дің басты міндетіміз – 

сол ескерткіштерді кең 

көлемде халыққа та-

ныту. Алматыдағы Шаңырақ елді мекенінің 

төменгі жағында 400 шаршы метрді алып 

жатқан ежелгі сақ қорғандары бар. Онда 

біздің Томирис, «Алтын адам» сияқты ел 

басқарған тарихи тұлғаларымыз жатыр. 

Егер осы қорғандарды қайта нақышына 

келтіріп жасап, болашаққа үлгі ретінде 

көрсететін болсақ, үлкен жұмыс атқарған 

болар едік. Онда жас ұрпақ тарихымыздан 

сабақ алып, өткенімізді терең білер еді. Біз 

қазіргі күні хандарымызды дәріптеп, со-

лар ға ескерткіш тұрғызып жатырмыз. Ай-

налып келгенде, олар – Шыңғыс ханның, 

яғни моңғолдардың ұрпақтары, ал біз 

моңғолдарды көтерудеміз.

Жәкен 

ТАЙМАҒАМБЕТОВ, 

археолог:

– 1980 жылдары 

Ал ма тыда  Қазақ стан-

ның Ресейге қосыл ға-

нының 250 жылдығына 

байла нысты үлкен ха-

лы қаралық  конферен-

ция өтті. Онда менің ғылыми жетекшім 

қазақ жерінде Абылай ханның ескерткішін 

тұрғызу керектігін, оған ешқан дай ескерт-

кіштің жетпейтінін айтты. Бұл пікір менің 

көкейімде әлі жүр. Қаламыздың басты 

көшесінің бірінде Абылай ханның ескерт-

кіші бой көтеруі керек деп есеп тей мін. 

Екіншіден, қаламыздың орталығынан 

Бауыр жан Момышұлына үлкен ескерткіш 

салуымыз қажет. Менің ойымша, ескерт-

кішке 28 гвардияшы-панфиловшылар 

паркі лайық болатын шығар.

Самат ӘДІЛБАЕВ, Шабанбай би селолық 

округінің әкімі:

– Экологиялық туризм жобасы 

шалғайдағы біздің ауыл үшін тамаша 

табыс көзі болайын деп тұр. Қазір 

ауылдың он шақты үйі туристерді 

қарсы алуға қамданып жатыр. Осы 

мамыр айында алғашқы топ 

Англиядан келеді деп күтілуде. 

«Экомұражай» мен туристік фирма 

мамандары бұрындары келгенде

ауылды аралатып, үйлермен 

таныстырып шыққанбыз. Он шақты 

үймен арнайы келісімшарт жасасты. 

Үйлерге арнайы спутниктік GPS-

құрылғылар орнатылды. Шетелдік 

қонақтар түсетін үйін өздері-ақ іздеп 

тауып алады. Қонақ күтіп үйренген 

елміз ғой. Ал ақысын төлеп, мал 

сүмесіне қарап отырған елге аз-маз 

тиын-тебен түсіретін «пайдалы» 

қонаққа тіпті жайылып жастық 

боламыз ғой. 

Елена КИМ, «Номадик» туристік фирмасы 

директорының орынбасары:

– Біздің жоба таза экологиялық-

танымдық бағытта құрылған. Туристер 

Сарыарқаның көз жетпес 

шартарабына тамсанып, Ақсораң-

Бегазы тауларының қатпарлы 

жынысына, қарағай-қайыңды 

орманына, Желтау мен Бегазы 

баурайындағы тарихи орындарға 

таңырқап қарайтыны анық. 

Қазақстанда жаппай туризмді де 

дамытуға мол мүмкіндіктер бар ғой. 

Бірақ біз өз еліміздің табиғатын топты 

туриске таптатпай, аялап 

қарағанымыз жөн шығар! Шабанбай 

би ауылына шетелден келетін 

қонақтар да осы ұстанымды берік 

ұстанады...

Серік САҒЫНТАЙ,

Қарағанды

Туристік бизнесі өзімізден гөрі, шетелге 

жақсы пайда түсіріп тұрған Қазақстанда 

ішкі туризм – өте кенже қалған салалардың 

бірі, бірегейі. Біздің «ішкі туризміміз» қала 

тұрғындарының ауылға жылына бірер 

мәр те барып, балық аулап, құс атып, көл 

жағасын ластап қайтуымен тынады. Ал 

«Эко  мұражай» қоғамдық бірлестігі мен 

«Нома дик» туристік фирмасы ұйымдас ты-

ратын экологиялық туризм шетелдік қо-

нақ тардың Отанымыздың табиғат тамаша-

ларын көруі түрінде, мейлінше зиянсыз 

бағытта, танымдық қалыпта орайлас ты-

рыл мақ. Ерте көктемде Шабанбай би ауы-

лына ба рып қайтқан «Экомұражай» мен 

«Нома дик» туристік фирмасының маман-

дары жер гілікті жұртшылықты саяхатшы-

ларды қарсы алу шарттарына үйретіп 

қайт ты. 

Мамыр туа Англиядан, Германиядан 

келетін қонақтарды күтуге шалғайдағы 

Шабан бай би ауылы дайындалып жа ты р ...

мектептің оқу бағдарламасында бұл 

мәселе жан-жақты қамтылмаған. 

Қорыта айтқанда, ұлтымыздың өткені 

мен тарихи-мәдени құндылықтарын мек-

теп қабырғасынан бастап жүйелі әрі егжей-

тегжейлі оқыту мәселесіне біз әлі де сал-

ғырт қарап отырмыз. Ал мұның салдары 

бүкіл ұлт ұрпағының тәрбиесі мен таным-

талғамына кері әсерін тигізетінін ойлай 

бермейтініміз өкінішті.

Қазбаларды тонауға тоқтау бола ма? 

Соңғы кезде 

Қазақстанда көне 

қорғандарды, тарихи 

ескерткіштерді тонап, 

алтын т.б. бағалы қазына 

іздеушілер көбейіп кеткені 

жөнінде мамандар 

дабыл қағып жатыр. 

Қарақшының күрегі 

мыңжылдықтар мұрасын 

аяусыз ойрандауда. «Қара 

археология» (заңсыз 

қазба жұмыстарымен 

айналысатын 

қарақшыларды осылай 

атайды) әсіресе   Қазақстан 

Тәуелсіздік алғаннан бері 

тым күшейіп кеткен. 

ОЙРАН БОЛҒАН ОБАЛАР

Тарихшылар мен археологтардың 

айтуынша, заманауи Қазақстанда тарихи 

ескерткіш-кешендердің тоналмағаны 

сирек. Қарақшылардың бірқатары көне 

қорғандардан алтын т.б. бағалы метал дар-

ды іздесе, енді бірі көне бұйымдарға, әше-

кей заттарға қызығады. 

Әрине, сұраныс болса, ұсыныс әрқашан 

табылады. Нарықтың заңы – сол. Шетел-

дік тер әуелден көне бұйымдарға әуес және 

жомарт төлейді. Ал соңғы кезде өзінің кот-

теджін кішігірім мұражайға айналдырып, 

келген қонақтарға зілдің сойдақ тісін неме-

се ортағасырлық құмыраны көрсетіп мақ-

танатын өзіміздің марғасқалар да көбейіп-

ті. 

– 2002 жылы еліміз бойынша тұңғыш 



рет Оралда облыстық Тарих және архео-

ло гия орталығы ашылды. Міне, осы орта-

лық мамандарының күшімен тұңғыш рет 

облыс аймағы түгел зерттеліп, археоло гия-

лық құндылығы бар 1966 нысан тіркеуге 

алынды, оның құрамында 10 мыңға жуық 

оба-қорған бар, – дейді Батыс Қазақстан 

облыстық Тарих және археология орталы-

ғының директоры, тарих ғылымының док-

торы Мұрат Сыдықов. – Бірақ бұл обалар-

дың көпшілігі әр заманда тоналған, 

бү  лін  ген.  Тың  игеру  кезінде  талай  қорған 

тегістеліп, жыртылып, айдалып кетті. Бірақ, 

ең өкініштісі, сан мың жылдан кейін бізге 

жеткен, Тәуелсіз Қазақстанның баға жетпес 

қазынасы саналатын осы қорғандар соңғы 

жылдары қайтадан қарақшылардың ныса-

насына айналып жатыр.

Қазына іздеген қарақшылар біздің 

заманымызға дейінгі ІІ-І мыңжылдыққа 

жататын скиф патшаларына тиесілі Қырық- 

оба кешеніне де күрек тигізіп үлгеріпті. 

Алыптығы жөнінен (ең биігі – 18,6 метр, 

диаметрі – 500 метрден артық) дүниежү-

зін де теңдесі жоқ, жалпы саны 40-тан 

асатын обалар кешенін профессор М.Сы-

д ы  қов дала пирамидасы деп атайды. 

«Бұл қарақшылар теңдесі жоқ тарихи 

құнды деректерді алғаны өз алдына, ес-

керт кішті енді қайта қалпына келместей 

етіп қиратып кетеді ғой, – деп күйінеді 

тарих магистрі, Тарих және археология ор-

талығының аға ғылыми қызметкері Руслан 

Мерғалиев. – Өйткені археология ескерт-

кіштері – біздің өлкені қоныстанған көне 

жұрттардан қалған жалғыз мұра. Мысалы, 

Ешкітаудағы палеолит кезеңінің қонысы, 

Қырықоба кешені, Лебедевка қорғандары, 

Жайық қалашығының орны бізге қаншама 

маңызды мәлімет береді. Тілін тап та, оқи 

бер». 

АРТЕФАКТЫҢ АСТЫРТЫН 

АРНАЛАРЫ

Қазына туралы ақпарат қайда? Бір 

қызығы, «Пәлен деген бай ат басындай 

алтынды түген деген жерге көміпті» деген 

аңыз кез келген ауылдан шығады. Одан 

кейін «алтын безгегін» қоздыруға біздің 

әріптестер – журналистер де әжептәуір 

үлес қосатын көрінеді. Археолог ғалым-

дар дың болашақ жоспарлары жөнінде 

баспасөз өкілдерімен сыр бөлісуге сараң 

болатын себебі сондықтан.

Ал енді ғаламторды шарлап көрсеңіз, 

«қара археологқа» қажетті құрал-жабдық-

ты жарнамалайтын арнайы сайттар толып 

жатыр. Бұл жерден қазынаны қалай қазу, 

тазалау, іздеу жөнінде ақпарат, тіпті билік-

пен, құқық қызметкерлерімен қалай тіл 

табысу туралы да ақыл-кеңес таба ала сыз.

Осылайша, керекті біліммен, қажетті 

құралмен қаруланып алып, қазынаны 

таптық делік. Енді оны қайда өткіземіз?

Бүгінде көне бұйымдарды қабылдап, 

қайта сататын антиквариат дүкендері әр 

қалада ашылған. Біздің Оралда да бірне-

шеуі бар. Міне, осы дүкендерді «қара 

қазы наны» қабылдаушы жүйенің бір бөлігі 

дейді ғалымдар. Мысалы, Ақтөбе облыс-

тық Тарих, этнография және археология 

орталығының директоры, тарих ғылымы-

ның кандидаты Арман Бисембаев Орал 

қаласында қызмет етіп жүрген кезінде 

антиквариат дүкені сөресінен археоло гия-

лық бұйымдарды талай мәрте көріпті. 

Оның шығу тегін анықтау мүмкін емес, дү-

кен қожайыны ақпарат бермейді, полиция 

келсе, тығып тастайды. 

«Вандализммен айналысып жүрген бұл 

қарақшыларға Қазақстанда тыйым болуы 

үшін олардың бірінің ұсталып, жазаланған 

прецеденті керек, – деп санайды Ә.Мар-

ғұлан атындағы Археология институтының 

директоры, академик Карл Байпақов. – 

Мысалы, Қытайда ұлттық тарихи құнды-

лықтарды тонап, бүлдіргені үшін өлім жа-

засы қолданылады».

БОЛМАЙ ҚАЛҒАН 

ПРЕЦЕДЕНТ

Обаларды ойрандап, оңай олжа іздеген 

бір топты құрықтап, өлім жазасы болма ға-

нымен, заң алдында жауапқа тар тудың 

мүм кіндігі осыдан бірер жыл бұрын орал-

дық құқық қорғаушылардың қолында 

бол ған  еді.

«2007 жылдың 30 қыркүйегі еді, – деп 

еске алады Мұрат Сыдықов. – Бөрлі ау да-

ны Жаңаталап ауылы маңындағы көне 

оба ға таңертең келдік. Келсек, оба жанын-

да шатыр құрулы, қасында Volkswagen 

мар  калы машина тұр. Қос күрек, метал л-

із дегіш құрал, обадағы жаңа қазылған 

шұңқыр – бәрі-бәрі бұл топтың қорған 

тонағыш қарақшылар екенін айқындап 

тұрды. «Ауыр жұмыстан» шаршаған болуы 

керек, біздің келгенімізді аңғармай, қатты 

ұйықтап қалған. Шатыр ішінде – екі адам, 

машинада екі адам болған сияқты. Қанша 

дыбыстап, талап еткенімізбен, олар сыртқа 

шықпай қойды. Күшке салуға қарулы 

болар деп қауіптендік. Арамызда шетел 

азаматы бар еді, сосын да тәуекелге бара 

алмадық. Оның үстіне олардың құтылмай-

тынына, қолға түсетініне сенімді едік...»

Археологтар қараниетті «әріптестері» 

жөнінде сол бойында 45 шақырым жердегі 

аудан орталығына шұғыл жетіп, хабарла-

ған. Қарақшылардың құралдары (күрек, 

металліздегіш т.б.) және фотосуреттер 

заттай айғақ ретінде тапсырылды. Батыс 

Қазақстан облыстық Тарих және археоло-

гия орталығының шағымы бойынша қыл-

мыстық іс ашылып, тергеушілер іске кіріс-

кен.


«Біз көп кешікпей қолға түскен қарақ-

шылардың сотына қатысамыз ғой деп 

жүр генбіз, – дейді Мұрат Наурызғалиұлы. 

– Алайда полициядан хабар болмады. 

Бөрлі аудандық ІІБ тергеу бөліміне қайта-

қайта хабарласып, арада жарты жыл өт-

кен де тергеуші Б.Мақашевадан жауап-

факс алдық. Сөйтсек, 2007 жылдың 19 

қараша күні тергеу тоқтатылып, қылмыстық 

іс жабылыпты. Кім білсін, дөкей біреулер 

араласты ма екен...»

Тергеу материалдарына қарасақ, оба 

жанында болған автокөліктің иесі (оны 

анықтау қиын емес еді) сол күні сол жерде 

болғанын мойындаған. Бірақ «түнде ада-

сып кетіп, шатыр құрып жатқан екі кісіге 

тап болғанын, сосын сол жерде қонып шы-

ғып, жарық түскен соң үйіне келгенін» айт-

қан. Ал әлгі екі адам туралы ештеңе біл-

мейді. Сонымен, тергеу тәмам болып ты.

Археологтар үстінен түскен бұл топтың 

тегін адамдар еместігі көрініп-ақ тұр. 

Өйткені бір машинаның бағасына бара-

бар металліздегіш құрал кім көрінгеннің 

қолында жүрмейді. Яғни осы кәсіпке бел 

шешіп кіріскен – бәлкім, бизнесін тым тәуір 

дөңгелеткен адамдар. Машина жанындағы 

қорапта автокөліктің бірнеше мемлекеттік 

нөмірі салынғаны фотода анық көрінеді. 

Осы оқиғадан кейін де оралдық архео-

логтар қорған қазған қарақшы лардың 

қолтаңбасын бірнеше рет көріпті. «Бірақ 

полицияға хабарлағаннан пайда жоқ», – 

деп қолын сілтейді Мұрат Сыдықов.



Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

Орал

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№62 (288) 17.04.2010 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz



? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ДАТ!


Карл БАЙПАҚОВ,

Қазақтың Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының 

директоры, академик:

Оның түрлері мыналар: 1) қала құры-

лысы және сәулет ескерткіштері; 2) архео-

логия ескерткіштері; 3) ансамбльдер. Сізге 

түсінікті болу үшін оларға жеке-жеке түсінік 

беріп кетейік. Ансамбльдер – оқшаулан-

дырылған немесе біріктірілген ескерткіш-

тердің, фортификация, сарай, тұрғын үй, 

қоғам, әкімшілік, сауда, өндіріс, ғылым, 

оқу мақсатындағы құрылғылар мен құры-

лыстардың, сондай-ақ діни мақсаттағы 

ескерткіштер мен құрылыстардың топтары, 

оның ішінде тарихи қалыптасқан аумақ-

тарда оқшауланған қоныстардың тарихи 

жоспарлануы мен құрылысының фрагмент-

тері. Археология ескерткіштері – тұрақтар, 

қалашықтар, қорғандар, ежелгі қоныстар-

дың, бекіністердің, өндірістердің, арна-

лардың, жолдардың қалдықтары, ежелгі 

қорымдар, тас мүсіндер, жартастағы бей-

не лер мен жазбалар, ежелгі елді мекен-

Тылсымға толы дүниеде тіпті жан-

жануарларға да қойылған сансыз ескерт-

кіштер бар. Мәселен, Минск пен Бостон 

қаласында кәдімгі торғайдың ескерткіші 

тұр. Себебі торғай бір кездері қаланы қап-

таған құрттарды жеу арқылы қаншама 

халықты аштықтан аман алып қалған. 

Сондай-ақ итке арналған ескерткіш те 

әлемнің әрбір нүктесінде бар көрінеді. 

Көбінде «адамның досы» иесіне адалдық 

жасаумен ғана емес, сондай-ақ адамдар-

ды құтқаруда да ерлік танытқан. Швей-

царияда, мәселен, ол жануарға қар көш кіні 

кезінде 86 адамды құтқарып қалғаны үшін 

мәңгілік құрмет белгісі ретінде қойыл ған. 

Ал Аляскадан күні бүгінге дейін жергілікті 

халық эскимостарды асырап отырғандығы 

үшін китке ескерткіш орнатқан. 

Италияның Капитолий жотасында 

қасқырдың ескерткіші қасқайып тұр. Осы 

бір ескерткіштің тарихи мәні тереңде жа-

тыр. Римнің негізін қалаған Рэм мен Ро-

мулды емізіп, солайша бүкіл бір ұлтты 

өрбіткен осы бір жануар деген аңыз-ше-

Ескерткіштердің қандай түрлерін білесіз?



АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

«Мәдени мұраны» түгендеу тарихшылар мен археологтардың, жалпы 

ғалымдардың ғана шаруасы емес. Елдің әрбір үлкен-кіші азаматы өз тарихын 

терең біліп, ұлттық мұрасына құрметпен қарауы керек. Осы орайда бір айта 

кететін жайт, тарихи маңызы бар құндылықтарымыздың қасиеті мен шын 

бағасын білмегендіктен, еліміздегі қорғандар мен обалардың орындары 

тоналуға жиі ұшырайды. Әрбір қорған мен балбал тастың қасына күзет қоя 

алмайсың, әрине. Бұрынғы кезде бір адам белгілі бір тарихи маңызы бар, 

құнды зат тауып алса, мемлекетке тапсырып, жәдігердің бағасынан 25 пайыз 

үлесін заңды түрде өзіне ала алатын. Ол кездегі адам психологиясы бөлек еді. 

Қазіргінің адамы алтын тауып алса, мемлекетке қайтара қоймайды. Себебі 

құнды жәдігерлердің жасырын саудасы қара базарда қызып тұр. Бүгінде 

ғаламдық проблемаға айналған жәдігерлер контрабандасын ауыздықтау 

мүмкін болмай отыр. Осылайша, қаншама жәдігерлер жекелеген адамдардың 

қолында жүр! Ал қолды болған сол заттарда археологиялық жаңалықтарды 

ашудың бір кілті жатуы да мүмкін ғой...

АЛАШҚА 

АЙТАР ДАТЫ

М

..

.

«Мәдени мұраны» түгендеу тарихшылар мен археологтардың, жалпы 

ғалымдардың ғана шаруасы емес. Елдің әрбір үлкен-кіші азаматы өз тарихын 

терең біліп, ұлттық мұрасына құрметпен қарауы керек. Осы орайда бір айта 

кететін жайт, тарихи маңызы бар құндылықтарымыздың қасиеті мен шын 

бағасын білмегендіктен, еліміздегі қорғандар мен обалардың орындары 

тоналуға жиі ұшырайды. Әрбір қорған мен балбал тастың қасына күзет қоя 

алмайсың, әрине. Бұрынғы кезде бір адам белгілі бір тарихи маңызы бар, 

құнды зат тауып алса, мемлекетке тапсырып, жәдігердің бағасынан 25 пайыз 

үлесін заңды түрде өзіне ала алатын. Ол кездегі адам психологиясы бөлек еді. 

Қазіргінің адамы алтын тауып алса, мемлекетке қайтара қоймайды. Себебі 

құнды жәдігерлердің жасырын саудасы қара базарда қызып тұр. Бүгінде 

ғаламдық проблемаға айналған жәдігерлер контрабандасын ауыздықтау 

мүмкін болмай отыр. Осылайша, қаншама жәдігерлер жекелеген адамдардың 

қолында жүр! Ал қолды болған сол заттарда археологиялық жаңалықтарды 

ашудың бір кілті жатуы да мүмкін ғой...

Мені тарихи және мәдени ескерткіштер қатты қызықтырады. Бірақ 

ескерткіштерге қатысты толық мәлімет қолымда жоқ. Сұрайын дегенім, тарих 

және мәдениет ескерткіштері жалпы қандай түрлерге бөлінеді?

Талап АХМЕТҰЛЫ, оқушы, Алматы қаласы 

Адамнан басқа тіршілік иелеріне не болмаса жансыз заттарға ескерткіш 

қоюға бола ма? Жалпы, әлемде оның қандай көріністері бар?

Рауан КЕНЖЕБАЙҰЛЫ, Тараз

Қазақ даласында 

500-ге жуық қала болған

Есек те ескерілді



– Қазақстан Тәуелсіздігін алған 

кезден бастап өзінің ұлттық мәдени-

тарихи құндылықтарын қайта жаң-

ғыртып, жаңартуға кірісті. Кейін бұл 

бағыттағы жұмыстар бір жүйеге топ-

тастырылып, 2003 жылдан бері «Мә-

дени мұра» мемлекеттік бағдар ламасы 

іске қосылды. Осы орайда ел тарихын 

зерттеп-зерделеу ісінде аталған бағ-

дарлама аясында нақты қандай 

жұмыстар атқарылу да?

– «Мәдени мұра» бағдарламасының 

аясы өте кең әрі жан-жақты. Бұл – тарих 

пен мәдениеттің, әдебиет пен тілдің, өнер 

мен архитектураның және басқа да ұлттық 

құндылықтардың қадір-қасиетін зерттеу ге, 

соларды жинақтап, ел игілігіне жара туға 

бағытталған ірі мемлекеттік жоба. 

Былтырғы жыл қазақстандық археолог 

мамандар үшін олжалы жыл болды. Атал-

ған бағдарлама аясында Жетісу жерінде 

Майбұлақ қоныс орнында қазба жұмыста-

ры жүргізілді. Алматы маңындағы Талғар 

аумағында ХІ ғасыр мен ХІІ ғасырдың 

басындағы қаланың шығыс қақпасы 

ретінде бой көтерген Тальхир қалашығы 

табылған. Бүгінде Алматы қаласының 

аумағында да орта ғасырдағы қалашық 

табылып, зерттелу үстінде. Ол жерлерден 

Х-ХІІІ ғасырларға жататын қыш ыдыстар 

та 

былды. Бұл материалдар Алматы 



қаласының жасы 1000 жыл емес, 1100-

1200 жыл екенін дәлелдейді. Жақында 

Сырдария жеріндегі Жанкент қалашы-

ғының қазба жұмыстарынан қызықты 

материалдар алынды. Бұл қала астана 

болуымен қатар, халықаралық сауда 

орталығы болған. Осы қала арқылы Батыс 

пен Оңтүстік-Батыс Еуропаға, Иран мен 

Хорезмге жолдар өткен. Бұдан бөлек 

бүгінде «Мәдени мұра» бағдарламасы 

аясындағы айрықша маңызы бар тарихи-

мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта 

қалпына келтіру, жаңғырту жұмыстары, 

қалашық, қоныс, тұрақ пен қорғанды ар-

хе о логиялық зерттеу жұмыстары ауқымды 

түрде жалғасын тауып келеді. Сонымен 

қатар Берел мен Қырқоба сақ пен сармат 

зираттарында, Жібек жолы қалаларының 

қалдықтары қалған орындарда, Түркістан, 

Қаялық, Сауран, Сарайшық сияқты астана-

лық орталықтарда, Ақыртас кешенінде 

зерттеулер, археологиялық қазба жұмыс-

тары жүріп жатыр. Айта берсе, жетерлік. 

Бұған қоса әлі де қолға алынатын жұмыстар 

көп...



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал