Бүгінде әлемнің көптеген елдері өздерінің ішкі өндірісін де



жүктеу 0.73 Mb.

бет4/7
Дата15.01.2017
өлшемі0.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

– Осы 530 көне түрік 

ескерткіштерінің қаншасы қай жерде 

екенін таратып айтсаңыз... 

– Оның 180-дейі – хақас, туваларда, 

80 шақтысы – Моңғолияда, 30-40-қа 

жуы ғы – Талас өзені бойында, яғни 

Қырғыз стан аумағында, небәрі он шақтысы 

ғана – Қазақстанда. Кавказдағы Еділ-Дон 

бойын дағыларды Шығыс Еуропадағы 

көне түрік жазулары дейміз, оның саны 

100-ге жетерлік. Бұлардың түрлі түрік-

танушы ғалымдар тарапынан зерттеліп 

келе жатқанына 200 жылдай уақыт болды. 

Мысалы, біздің осы Орталық мұражайда 

екі көне жазу ескерткіші бар, олар жақсы 

сақталған. Оның бірі Тараздан табылған, 

«Атлах» деген сөз жазылған. Атлах орта-

ғасырлық қала болған. Тағы бірі – Ақтөбе 

жерінен табылған қола айна. Енді бұдан 

былай ондай жазулардың біздің жеріміздің 

әр аумағынан табылатыны сөзсіз. 

– Моңғолия жеріндегі бітік 

жазулар дың көбірек сақталуына не 

себеп? 

– Себебі ол жер түрік империясының 

орталығы болды ғой. Онда тіпті әлі күнге 

қаған, тегіндерге арналған қорықтық 

кешендер бар. Бірақ қазір олардың жай-

күйі өте аянышты халде. Мысалы, Моң-

ғолияда археологиялық мұражай тұр ғын 

үй дің жертөлесінде орналасқан. Ал жер -

тө ле дегенді өзіңіз білесіз, сыз, егер су 

кетсе ше? Біздің мұраларымыздың біразы 

сонда сақтаулы ғой. Біріншіден, сонша-

лықты ескерткішті сақтауға Моңғолияның 

шамасы жетпей жатыр. Негізінен, ол 

жазулар тек моңғолдардікі емес, күллі 

түрік жұртына ортақ құндылық қой. 

Сондықтан Қазақстан болсын, басқа да 

түрік елдері болсын көмектесуі керек. 

Түркия тарапынан біраз қаржылай көмек 

жасалды, олар мұражай орнатып, далада 

тұрған Күлтегін ескерткішін сонда енгізді, 

яғни жауын мен қардан енді сәл де болса 

жақсы сақталатын болды. Жалпы, түрік 

ескерткіштеріне түгел түрік ұрпағының 

қамқорлығы аса қажет. 



– Картаға түскен ескерткіштердің 

барлығы сақталған ба? 

– Жоғалғандары, қолды болғандары 

қаншама... Моңғолияның берген соңғы 

мәліметтері бойынша, 5000-ға жуық 

жәдігер жоғалған екен. Мысалы, мен 1892 

жы лы Радлов зерттеп, өз жазба ларында 

жазып кеткен бір жазуды әлі күнге таппай 

жүрмін. Ол тасты іздеп, Хақа сия, Тува – 

бәріне бар дым, жоқ. 

– Сонда ол тастар қайда кетуі 

мүмкін? 

– Көбі контрабандалық жолмен шекара 

асырылған және ондай жәдігер ұрлығы әлі 

күнге жалғасып келеді. Бір жағынан, оған 

Моңғолия халқының қазіргі әлеуметтік 

жағдайының төмендігі де әсер етуде. Ел өз 

еркімен қорықтық кешенді қазып, тасын 

шетелдік туристерге сатып жатса керек. 

Көбіне франциялық, гер маниялық ту-

ристер көне түрік жазу лары на көп қы-

зығады екен. Себебі керемет құнды тарихи 

жәдігер екенін олар біледі. Мысалы, ХІХ 

ғасырдың соңында финн, орыс ғалымдары 

зерттеген кейбір тастар қазір – Финлян-

дияда, Ресейде, Хақасияда. Германияда 

қыпшақ бәдіздері бар. Оларды онда 

ғалымдар алып кеткен ғой зерттеуге. 

Мысалы, Кунст ка мерада түріктер, өзіміздің 

қазақ тарға қатысты қаншама сол дүниелер 

жатыр. Оның бәрі осындай жолмен барған. 

Тіпті қытайлар кезінде Шыңғыс ханның 

тұсын дағы небір құнды кітаптарды түйе-

лерге артып алып кетіп, өртеп жіберген 

деген де деректер бар. Көрдіңіз бе, ха-

лықты тамырынан үзу, тарихынан ажырату 

сая сатының терең сыры қайда жатыр? Ал 

біздің тарихы 

мыздың бәрі сол тасқа 

қашалып жазылған ғой. Сол себепті де ол 

жаңағыдай өртеу, шапқын зауалдарынан 

аман қалған. Қазір соны түгендей алмай 

жатырмыз. Ал енді кеңес заманында 

бітіктастарды еріккен әскерлердің тіпті 

нысана қылғаны рас. Олай дейтін себебім, 

Тоныкөк жазуының жанында Кеңес Одағы-

ның әскери базасы болған. Сонда атысатын 

жау жоқ, әбден іші пысқан әскерилер 

әлгіндей тастарды көздеп тұрып атып, 

ермек еткен. Одан қалғанын моңғол мал-

шы лары мал қораға да пайдаланған. 

Дегенмен моңғол халқы жәдігерге барын-

ша құрметпен қарайды. Атамұраға деген 

олардың көңілі ерекше. Олар буддист қой, 

сондықтан әлгіндей тастарды тіпті олар 

лама секілді киіндіріп, соған табынады. Ал 

енді Хақасия мен Тува ның жағдайына 

келер болсақ, мұражай ашып, олар да 

барынша қамқорлық танытып отыр. Бұл, 

бір жағынан, дұрыс, жақсы сақталады, 

бірақ екінші жағынан олар өзінің табиғи 

ортасынан ажырап кетті. Ал Моңғолияда 

бітіктастар алғаш орнатылған қалпында, 

сол күйі сақталған. Алайда ол жақта да 

түрік жазба ескерткіштерін сақтауда 

бірқатар проблемалар баршылық. 

 – «Мәдени мұра» бағдарлама-

сының игілігінің арқасында біз 

Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштерінің 

көшірмесін елге алып келдік. 

Тарихымыз үшін бұл – ерекше оқиға. 

Алайда осы тастардың өзін алып келе 

алмаймыз ба? Жалпы, солай ету 

керек пе? 

– Олай етудің қажеті жоқ. Себебі, 

біріншіден, аталған ескерткіштер өзінің 

тарихи орнында тұрғандығымен құнды. 

Моңғолия – бізге жат ел емес, ата-баба-

мыздың жері. Сондықтан әлгі жазбалардың 

көшірмесін әкелгеннің өзі жеткілікті. Нағыз 

түпнұсқа өз тарихи отанында жатуға тиісті. 

Оны тарихи мекенінен ажырату тіпті 

ыңғайсыз іс болады. 



– Ал енді алыс шетелдердегі, 

мәселен, Еуропадағы жәдігерлерді 

ше? 

– Олар өздеріндегі құнды жәдігерді 

ешкімге бермейді. Негізінен, біз еуропа-

лықтарға жәдігерлерімізді сақтап, осы 

күнге аман жеткізгеніне алғыс айтуы мыз 

керек. Екінші жағынан, бізде мәдени 

мұраны сақтаудың заңнамалық жағы тура 

емес. Қисынға келмейтін тұстары көп. 



– Ал әңгіме соңында қайтадан 

қолыңыздағы көне түркі ескерткіш-

терінің картасына келсек, ол толық 

жасалып біткен жоқ дедіңіз. Олай 

болса, қазір қандай толықтыру 

жұмыстары жүргізіліп жатыр? 

– Бұл картаны жасауға біз 1999 жылдан 

бастап кірістік. Содан бері әлі толықтырылу 

үстінде. Картаның маңызы қандай? Ол – 

біздің қай мұрамыздың қай жерде жатқан-

дығын біліп, түгендеу үшін аса қажет құрал. 

Біз жаңа айтып кеткендей, тек қана жазба 

ескерткіштеріміздің санының өзі – 530, ал 

енді көне түрік мәдени кешендерінің 

құрамдас бөліктері өте көп. Тек қана Моң-

ғо  лияның өзінде Ордабалық, Тайба лық 

деген секілді 200-ден астам көне тарихи 

қалалардың орны бар. Оның бәрін картаға 

түсірер болсақ, онда тіпті картамыз ұзақ 

уақытқа созылады. Бұл – бір жағынан, мә-

дени мұраны тіркеу, екінші жағынан, 

сақтау. 

– Әңгімеңізге рақмет! 

Әңгімелескен Мәриям ӘБСАТТАР 

Бауыржан БАЙДІЛДӘ, Т.Жүргенов атындағы 

Қазақ ұлттық өнер академиясы кескіндеме және 

мүсін факультетінің деканы:

– Қазіргі мүсін, ескерткіштерді бетоннан да, 

мыстан да, жезден (медный металл) де жасай 

береді. Бірақ бүгінгі уақытта тастан қашайтын 

мүсіншілер көбейді. Негізі, таспен қашалып, 

жезден құйылған ескерткіштер ұзаққа шыдайды. 

Әрине, тастарды қашағанда жалпылама дене 

бітімін алады да, ал мұрын, көз т.б. дене мүше-

лерін жезден құйып жасайды. Өйткені кішкентай 

дене мүшелерін тастан қашау қиын. Тас көбіне 

морт сынып кетеді. Сондықтан ондай жерлерін 

көбіне мыстан, жезден құяды. Мұндай ескерт-

кіштердің шыдамдылығы да мықты болады. Мен 

сізге бір құпия айтайын. Ескерткішті жасар кезде 

оның технологиясына өте жауапкер шілікпен 

қарау қажет. Өйткені ескерткіштерді су мен 

жаңбыр тез мүжиді. Егер аққан су ескерткіштің 

ішіне енетін болса, дереу оның сыртқа шығатын 

жағын ойластыру қажет. Себебі тамшылап 

жиналған су қатты аязда мүсінді жарып жібереді. 



Көне заманда ескерткіштерді саз балшықпен сылап, металмен көмкеретін. Олар ұзаққа 

шыдайтын. Ал қазіргі ескерткіштерге цемент, керамика қосады дейді. Осы рас па? Ол 

қаншалықты ұзаққа шыдайды, сапасы қалай болады?

Сабырхан КЕМЕЛЕШОВ, Астана қаласы

Мүсіндер қандай материалдардан жасалады?

Сондықтан судың кіруі мен ағып кетуін 

мұқият ескерген жөн. Онымен қоса қай 

мүсін қандай материалдан жасалса да, кез 

келген материал ыстық-суыққа бай-

ланысты өзінің көлемін ұлғайтып, кіші-

рейтіп тұрады. Міне, осы жағын да ес-

керген жөн. Себебі ескерткіш ауа райына 

байланысты кеңейіп, кішірейіп тұрады. 

Осындай уақытта металдар бір-бірімен 

қажалып, тіреліп қал 

мас үшін оның 

технологиясын өте мұқият есептеу керек. 

Сонда кез келген ескерткіш ұзақ уақытқа 

дейін қалпын жоғалтпай тұрады. Мына 

орта ғасырлардан қазірге дейін сақталып 

қалған мүсіндердің барлығы осылай 

жасалған.

Еліміз 1994 жылы сәуірдің 29-ында Бүкіләлемдік мәдени және табиғи 

мұраларды қорғау жөніндегі конвенцияға қосылды. ЮНЕСКО халықаралық 

ұйымы шеңберінде қорғалуы тиіс нысандар қатарына 14 ұлттық мұрамыз 

енген. Оның үшеуі әлемде теңдесі жоқ бірегей ескерткіш саналады.

РЕТ САНЫ

АТАУЫ

ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

ТИЕСІЛІ УАҚЫТЫ

1.

Қожа Ахмет Ясауи 



кесенесі

Оңтүстік Қазақстан облысы

ХІV-XV ғасырлар

2.

Тамғалы археологиялық 



ландшафтының 

петроглифтері

Алматы облысы

б.з.д. екінші мыңжылдық

3.

Сарыарқа даласы мен 



көлдері

Солтүстік Қазақстан облысы  

4.

Меркі түркі зиярат орны Жамбыл облысы



VII-VIII ғасырлар

5.

Беғазы-Дәндібай 



мәдениет кесенесі

Қарағанды облысы

б.з.д. ХІІІ-Х ғасырлар

6.

Тасмола қорғаны



Павлодар облысы

б.з.д. VІІ-ІІІ ғасырлар

7. Ешкіөлмес 

петроглифтері

Алматы облысы

б.з.д. екінші мыңжылдық

8.

Арпаөзен петроглифтері Оңтүстік Қазақстан облысы



б.з.д. VІ-ІІІ ғасырлар

9.

Қаратау жотасы 



палеолиттік нысандары

Оңтүстік Қазақстан және 

Жамбыл облыстары

шамамен 2,6 млн жыл 

бұрын

10.


Отырар шұраты 

археологиялық 

нысандары

Оңтүстік Қазақстан облысы

б.з.д. ІХ ғасыр

11.


Ұлытау мәдени 

ландшафты

Қарағанды облысы

б.з.д. 40-30 мыңжылдық

12.

Іле Алатауы ұлттық 



саябағы

Алматы облысы

13.

Алтынемел мемлекеттік 



ұлттық табиғи саябағы

Алматы облысы

14.

Ақсу-Жабағылы 



мемлекеттік табиғи 

қорығы


Оңтүстік Қазақстан облысы

Жәдігерлер жинақтала бастады

Бірақ қатпарлы тарихтың та-

лай сырын бүгіп жатқан қазақ-

тың даласында көне мұралардың 

есепсіз көп екені белгілі. Ға-

лым  дардың зерттеуін күтіп жат-

қан мәдениет пен тарих 

тың 


материалдық құндылық тары әлі 

де жеткілікті. 

Мемлекеттік тізімге енген 

нысан дарды сипатына қарай екіге 

жіктеуге болады. Бірін шісі – қала 

құрылысы және сәулет ескерт-

кіштері, екіншісі – археология 

ес 


керт 

кіштері мен көне дәуір 

ғимараттары ансамблі. Бірнеше 

ғасыр бойы сақталып келе жатқан 

қала құрылысы немесе сәулет 

ескерт кіштері Алматы қаласы мен 

Оңтүстік Қазақстан облысында 

көп шоғыр 

ланған. Ал Астана 

қаласында мұндай нысандардың 

қатары бар болғаны – екеу. 

Облыстар мен 

орталық қалалар

Қала 

құрылысы 

және сәулет 

ескерткіштері

Археология 

ескерт-

кіштері 

Астана қаласы

2

0

Алматы қаласы



28

0

Ақмола обл.



3

1

Ақтөбе обл.



7

2

Алматы обл.



7

3

Атырау обл.



2

2

Батыс Қазақстан обл.



4

1

Жамбыл обл.



15

13

Қарағанды обл.



13

9

Қостанай обл.



6

0

Қызылорда обл.



17

4

Маңғыстау обл.



7

14

Оңтүстік Қазақстан обл.



25

8

Павлодар обл.



3

0

Солтүстік Қазақстан обл. 6



1

Шығыс Қазақстан обл.

13

2

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ның екінші кезеңі бары сын-



да республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерт кіштердің тізімі 

әзірленді. Үкіметтің 2008 жылғы арнайы қаулысымен бекітіл ген құжатқа 

218 нысан енген. 

ЖЕҢІСКЕ – 65 ЖЫЛ



Көне түркі ескерткіштерінің орналасу картасынан фрагмент

Павлодар облысы әкімінің баспасөз 

қызметінің мәліметінше, Кеңес Ода-

ғының Батыры атанған сегіз павло-

дарлықтың мүсіні қаладағы Жеңіс сая-

бағына орналастырылады. Келе шекте 

бұл ескерткіштердің қатары көбейіп, 

бақ үлкен мемориалдық кешенге айнал-

мақшы. Себебі 1941-1945 жылдары 

болған сұрапыл соғыс тан Кеңес Одағы-

ның Батыры атанып келген майдан-

герлердің жалпы саны – 22. Жергілікті 

билік олардың қай-қайсысының да 

қазіргі және келешек ұрпақ санасында 

қалуына күш салмақ. Мамырдың 9-ы 

күнгі ұлы мереке қарсаңында Павло-

дардағы Кеңес Одағы Батырлары атын-

дағы көшелер ерекше сәнделеді. Даңқ-

ты майдангерлер портреттері мен 

олардың ерлік ғұмыры туралы мағлұ-

маттар жазылған билбордтар орнаты-

лады. 


Болатбек МҰХТАРОВ

Павлодарда сегіз батырға 

ескерткіш ашылады

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Павлодар облысы орталығында 

Кеңес Одағының сегіз батырына ескерткіш ашылады. Сондай-ақ батырлар 

есімін иеленген көшелер майдангерлердің портреті бейнеленген 

билбордтармен безендіріледі.

Нәпіл 

Нәпіл БАЗЫЛХАН,

БАЗЫЛХАН, түріктанушы 

 түріктанушы 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№62 (288) 17.04.2010 жыл, сенбі                  



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

ТҮЙТКІЛ

ҚҰМШАРЫҚ


Ел тарихын оқытуға екі сағат жете ме? 

 

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ШАРТАРАП 

ҰСЫНЫС

Шабанбайлықтар 

шабылып жатыр 

Елімізде қандай 

ескерткіштің бой 

көтергенін қалар 

едіңіз?

Енді тура бір айдан соң 

Бегазы тауының бөктеріндегі 

Шабанбай би ауылына Англия, 

Голландия, Германиядан 

туристер келеді деп күтілуде. 

Алыпқашпа жел сөз емес. 

Еуропаның бірқатар туристік 

сайттарында Қарағанды 

облысы Ақтоғай ауданына 

қарасты Шабанбай би 

селолық округіндегі табиғат 

тамашалары мен туристік 

үйлер туралы жарнама 

жүргелі біраз болды. Оған 

қоса Қарағандыдағы 

«Экомұражай» қоғамдық 

бірлестігінің мамандары 

өткен жылдан бері Астанада, 

Шабанбай би ауылында 

бірнеше семинар-кеңес өткізіп, 

туристерді лайықты қарсы 

алуға дайындық жұмыстарын 

ұйымдастыруда.

Қиянатшылдарға қандай жаза бар?

Тірі адамдарға ескерткіш тұрғызуға бола ма? 

Негізі, ескерткіштерді бүлдіргендерге бәленбай айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл 

салынады немесе мынадай жылға сотталады деген секілді жаза қолданыла ма?

Талғат ТОБАҒАБҰЛОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы 

Бұл сұраққа заң ғылымының докторы, профес-

сор Арықбай Ағыбаев жауап береді:

– Қылмыстық кодексте мүсін немесе ескерт кіш-

терді қорлағандарға екі түрлі бап бар. Мәселен, 

Қылмыстық кодекстің 275-бабында өлгендердің 

мәйітін қорлағандарға, құлпытастарды, зират са-

райын дағы күмбездерді бүлдіргендерге бір жылдан 

үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы 

қолданылады. Оның да ауырлататын түрлері бар. 

Мәселен, зиратты бүлдіруді әлденеше рет қайта-

ласа, ұйымдасқан топ болып ұрлық жасаса немесе 

қор ласа, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділікті қоз-

дыру мақсатында жасалса, онда бес жылға дейін 

бас бостандығынан айыруға жазаланады. Негізі, 

мұ ның барлығы адамгершілікке жатпайтын қылмыс 

болып табылады. Екіншісі – 258-бап. Егер үйлердің 

алдына, ғимараттарға сызу салса немесе үлкен тұл-

ғаларға арналып салынған ескерткіштерді бүлдірсе, 

онда мұның жазалары аса ауыр емес. Себебі бұл 

тағылық, яғни вандализм болып табылады. Мұндай 

жағдайда төрт айға немесе бір жылға дейін бас 

бос тандығынан айыру жазасы бар. Сондай-ақ 500 

ай лық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салы-

на ды. 

Заң бойынша тірі адамдарға ескерткіш орнатуға болмайды дегенді естіп едім. Осы рас па?

Әйгерім ҚҰЛЫМБЕТОВА, Қарағанды облысы ,Жезқазған ауданы

Негізі, адамның тірі кезінде оған мүсін немесе 

ескерткіш қоюға болмайды деген заң жоқ. Алайда бұл 

қазақ дәстүріне де, тіпті ислам діні тұрғысынан да жат 

қылық болып табылады. Дегенмен еліміздегі кейбір 

суретші-мүсіншілер: «Қазақстанда тірі адамдарға ес-

керт кіш қоймау керек деген заң жоқ. Сондықтан қар-

жысын берсе, онда тұрған не бар? Қайта ауласына сәнді 

қылып қойып қояды», – дегенді алға тартады. Бұл 

жөнінде бізге ҚМДБ баспасөз хатшысы Оңғар қажы 

Өмірбек діни тұрғыда былай деп жауап берді:

– Қазір бізде ескерткіш қоюды жетістік санап, тіпті 

сол адамға деген үлкен құрметтің белгісі, символы 

ретінде қарайтындар көбейіп барады. Былайша айтқан-

да, бізде біреулерді құрметтеу керек болса, соған дереу 

ескерткіш қоямыз. Бұл діни тұрғыдан да, қазақы салтқа 

да қайшы келеді. Діни тұрғыдан айтатын болсақ, тірі 

адам тұрмақ, өлі адамның өзіне де ескерткіш орнатуға 

болмайды. Себебі бұл Аллаға серік қосып, пұтқа табы-

нушылық болып есептеледі. Екінші жағынан, оған 

апарып гүл қою, тағзым ету – тасқа табынудың бір түрі. 

Ескерткіш орнату христиан дінінен шыққан. Біз Кеңес 

өкіметі кезінде осыған үйреніп алдық. Осы үрдістен әлі 

арыла алмай келеміз. Өлген адамның басына тасты үйіп 

қойғанша, одан да құран бағыштап, артық қаржыны 

ке дей-кепшікке, жетімдерге берген дұрыс. Зираттың 

басына үлкен сарайдан күмбез орнатқанша, мектеп, 

балабақша, медресе, мешіт салдырған әлдеқайда 

сауап ты іс болады. 

 Жалпы тарих жарытылып оқы-

тылмаған мұндай жағдайда қазақ 

халқының ежелгі сәулет өнері мен 

тарихи ескерткіштерінің тіпті елеу-

сіз қалғаны айтпаса да түсінікті. 

Осыдан келіп, «соншама бай ма-

те р иалды бір ғана сынып тың оқу-

лығына әкеліп тықпаламай, әр 

сы ныпқа бөліп, кезең-кезеңімен оқытуға 

не кедергі?» деген ой туа ды. Сақ дәуірінің 

теңдессіз жәдігері ретінде алтын киімді 

адамға аз-маз тоқталған авторлар мәтіннің 

ең соңында: «Соңғы кезде зерт теушілер 

Қазақстанның шығыс және батыс 

өлкелерінен ерте көшпелілердің тамаша 

ескерткіштерін тапты. Олар – Берел қор-

ғаны, Шілікті және Аралтөбе қазыналары 

деген атпен тарих шежіресінің бетінен 

орын алды», –  деп өзге де құндылықтардан 

хабардар еткен болады. Сондай-ақ жері-

міз де сәулет өнерінің Қарахан, Жошы хан, 

Қожа Ахмет Ясауи сияқты ортағасырлық 

атақты туындылары сақталғандығы да 

жал пы мағлұмат тұрғысында ғана беріледі. 

Шындығында, мұның қай-қайсысы да – 

кеңінен тоқталып, байыпты түрде баянда-

луға тиісті ескерткіштер. Осы орайда 

архео лог ғалым Карл Байпақовтың «ар-

хео 


логиялық зерттеулер нәтижесінде 

табылған құнды мұраларымыз бен ежелгі 

жәдігерлеріміз мектепте өз алдына жеке 

пән ретінде оқытылса да, артық болмас 

еді» деген пікірі көңілге қонады. К.Бай-

пақов бастаған ғалымдардың бұл тақы-

рыпта тіпті арнайы кітап шығарып, ұсыныс 

айтып жүргеніне де бірталай жыл болған. 

Өкінішке қарай, құлақ асқан ешкім жоқ. 

Мүлде назар аударылмай, мән беріл-

мей жүрген жайттың бірі – тарих пәнін 

мұражайлармен, туристік нысанға айна-

луға лайықты тарихи орындармен сабақ-

тастыра жүргізу мәселесі. Өте қажет те 

тиім ді нәрсе екені анық. Және бұл – өр ке-

ниет биігіне ұмтылған кез келген елде кеңі-

нен қолға алынып отырған шара. Бірақ 

бізде бұған қолбайлау болар жайттар көп. 

Бұл ретте Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атын-

дағы №86 мектеп-гимназияның тарих 

пәнінің мұ ға лімі Мәдениет Мәженова: 

«Ұстаз ретінде біз мұны қуана құптаймыз. 

Дегенмен ол үшін жағдай болуы керек 

қой. Мысалы, бір ғана 45 минуттың ішінде 

қаланың бір шетіндегі мұражайға немесе 

тарихи ны 

сан 

ға қалай барып келіп, 



тамашалап үлге реміз? Ол үшін мектептің 

жеке көлігі болуы тиіс. Сабақ уақыты да 

өзге пәндерге бөгет болмайтындай кезге 

орайластырылуы шарт», – деген пікірін 

алға тартты. Әрине, жаны бар сөз. Соны-

мен қатар тарихшы ұстаз: «Тарихи нысанға 

тікелей баруға мүм кіндік болмаған күнде 

де әрбір мек тепте өлкетану мұражайларын, 

танымдық бұрыштар, көшпелі көрмелер 

ұйымдастыру, факультативтік сабақтар 

өткізу шаралары қолға алынса...» – дейді. 

Басқаша жағ дайда тарихи құнды жәді гер-

лерді оқушы ларға тереңдете таныстыру, 

оқытып-үйрету мүмкін емес. Өйткені орта 



Мәдениет МӘЖЕНОВА, 

Жалпы, тарихи-сәулет ескерткіштеріне 5-сыныпта екі сағаттық 

қана уақыт бөлінген. Архитектуралық құрылыстар, ескерткіштер 


1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал