Бүгінде әлемнің көптеген елдері өздерінің ішкі өндірісін де



жүктеу 0.73 Mb.

бет3/7
Дата15.01.2017
өлшемі0.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Нұрлан КЕНЖЕАХМЕТ, тарих ғылымының докторы, түрколог: 

– Мысалы, Жапонияның Киота деген қаласы дүниежүзі бойынша ірі туристік қала болып саналады. Онда жапонның бұрынғы 

ордалары, монастырьлері сақталған. Сол сияқты Қытайда Сянь деген туристік көне қала бар. Мұнда Қытай патшалығының 

тоғыз ордасы болған, қала маңында көптеген тарихи орындар бар. Шығыстың осы екі қаласы секілді жерлер Қазақстанда да 

жетеді. Көне Шығыс жазбаларында қазақ жеріндегі Сығанақ, Созақ, Сайрам қалалары туралы көптеген деректер келтірілген. 

Сондай-ақ Сарқант маңында кезінде қарлұқтардың астанасы болған, бүгінде орны ғана қалған Қаялық деген қала туралы 

деректер көп. Ал бұл қала туралы Қазақстанда көп ешкім біле бермейді. Тізбелей берсек, тарихи орындар жетерлік. Біз осы 

барымызды бағалай алмай, игере алмай отырмыз. Орта Азия елдерінің ішінде Өзбекстанда туризм біршама жақсы дамыған. 

Алысқа бармай-ақ, осы өзбек ағайындарымыздан көп нәрсе үйренуге болады. Қазақстандағы көне қалалар туралы туристерге 

арналған альбомдар жасап, оған бірнеше тілде деректер жазсақ, насихаттай білсек, дұрыс болар еді. Біздегі тарихи орындардың 

көпшілігі оңтүстік өңірде болғандықтан, еліміздегі туризмді де оңтүстіктен солтүстікке қарай біртіндеп дамыту керек. 

БЕЙТАРАП ПІКІР

Дайындаған 

Айнұр СЕНБАЕВА

Мәмбет 

ҚОЙГЕЛДІ,

 

тарих ғылымы-

ның докторы, 

профессор:

Дос КӨШІМ, 

«Ұлт тағдыры» 

қозғалысының 

төрағасы:

Өмірбек 

БӘЙГЕЛДІ, 

сенатор:

? А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

Дайындаған Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

– Бұл мәселеде біржақты пікір айту 

өте қиын. Қиындығы сол, Хан Кененің 

басының нақты қай жерде екенін ешкім 

де білмейді. Қырғыз ағайындардың 

Кенесары ханның басын Жетісудан 

Омбыға жеткізгені туралы нақты деректер 

болғанымен, соңғы ханымыздың бас 

сүйегінің арғы тағдыры белгісіз. Егер бас 

сүйектің нақты қай жерде екені 

анықталса, онда мемлекеттік органдар 

арқылы ұсыныс білдіріп, қайтаруға күш 

салуға болатын еді. 

Хан Кененің бас сүйегін елге қайтару мәселесін мемлекеттік дәрежеде шешетін мезгіл жеткен жоқ па?

– Мен осы мәселеге байланысты Үкіметке жасаған сауалымда бірінші Алтын 

адамның сүйегін елге қайтаруды өтіндім. Кенесары ұлтымызды отаршылдыққа қарсы 

күреске алып шыққан жауынгер, ең соңғы ханымыз ретінде жанымызға жақын. Сөйте 

тұра, Кенесарының бас сүйегін емес, бірінші Алтын адамның сүйегін қайтару мәселесін 

қойған себебім, бұл тұйыққа тіреліп шешілмей қалатын еді. Себебі ханымыздың бас 

сүйегін қайтару мәселесі саясиланып кетуі ықтимал. Егер проблема саясиланып кетсе, 

орыстар бермей қояды. Алтын адамның сүйегін орыстар зерттеу үшін ғана алғанымен, 

әлі күнге дейін сол жақта жатыр. Осыны қайтарудың уақыты жетті ғой. Алтын адамның 

мүрдесі қолымызға тигеннен кейін ғана мәселені жұмсартып, Хан Кененің басын сұрап 

алуымыз керек еді. Менің сауалымның негізі Алтын адам болғанымен, еліміздегі 

бұқаралық ақпарат құралдары Кенесарының басын қайтару мәселесін төтесінен қойды 

деп іліп әкетті. Ал менің ойым саясиландырмай, ғылыми тұрғыда қадам жасауға шақыру 

еді. Сондықтан ханымыздың басын қайтаруды ғылыми әрі дипломатиялық жолмен ғана 

шеше аламыз.

– Егер мемлекеттік дәрежеде шешу керек болса, онда 90-

жылдарға дейін шешілуі керек еді. Меніңше, Тәуел сіздіктің алғашқы 

жылдары көптеген елдер өзінің ұлттық құн дылықтарын қайтарып 

жатқан кезде осыны төтесінен қою керек еді. Тайқазанды елге 

қайтару мәселесін көтергенде Кенесары ханның басын қайтаруды 

да мәселе етіп қойсақ, бүгінгіден әлдеқайда жеңілірек болар ма 

еді деп ойлаймын. Естуімше, Алтын адамның сүйегі мен Кейкі 

батырдың басы да Ресейде көрінеді. Қазір осы мәселемен екі бірдей 

қоғамдық топ айналысып жатыр. Біріншісі – ашық жариялы түрде, 

екіншісі ешкімге жария етпей іздестіріп жатқанын жақсы білемін. 

Сол топтардың азаматтары 24-25 сәуір күндері болатын Дүниежүзі 

қазақтарының құрылтайында арнайы баяндама жасайды және 

қаулы қабылданбақ. Себебі әлі күнге дейін намысымыз тапталып 

отырғандай күйдеміз. 

ТҮР

ТКІ


ӘРЕКЕТ

ЖАН АЗЫҒЫ

 Біздің жеріміз ислами құндылықтарға 

бай және бізде түркі халықтарының та-

рихына да, жалпы адамзат тарихына да 

қатысты маңызды құндылықтар жетерлік. 

Осы құндылықтардың ішінен бір ғана 

Шың ғыс хан тақырыбын алар болсақ, 

атақты қолбасшыға қатысты қазақ топы-

рағында көптеген тарихи деректер бар. 

Егер осы деректерді біз тиісті дәрежеде 

насихаттар болсақ, Еуропа бізге бет бұрар 

еді. Өйт кені еуропалықтар Шыңғыс ханның 

Моңғо лия ға қатысын нақты деректерден 

көре алмай отыр. Ұлан Батордағы бірнеше 

Жалпы, қазіргі кезде кез келген туристің 

бөтен елге бар 

ғанда бірінші назар 

аударатыны – өзіне жасалатын жағдай, 

қауіпсіздік, қолайлы лық. Осындай жағдай 

жасалғанда ғана турист сол елдің табиғи, 

тарихи құндылық тарына қызығушылық 

танытады. Біздің елімізде әуе компаниялары 

мен  қонақ үй лер  жүйесі,  виза  беруші 

мекемелер,  мей рам ханалар,  туристік 

фирмалар бір-бірі мен байланыста жұмыс 

істемейді. Мысалы, Түркиядағы Анталия, 

Бодрум секілді ту ристік орындарды алып 

қарайық, онда туристерге қызмет 

көрсететін барлық сала жүйелі түрде және 

бір-бірімен бірлікте жұмыс істейді. Ол 

жақта тіпті жастар бөлек, егде жастағылар 

бөлек демалатындай жағ дай жасалған. 

Мемлекет елімізге келе тін туристердің 

қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Сонда 

ғана олар Қазақстанға алаң сыз келеді. 

метр лік Шыңғыс ханның ескерткішінен 

бас қа, Моңғолияда оған қатысты орын дар 

жоқ. Есесіне, қазақ жеріндегі көне түркі 

ескерткіштері орналасқан жерлер, мына 

тұрған Шыңғыстау, анау Алакөлде Шың-

ғыс   ханның өзі отырған, әскерлері ор на-

ласқан жерлер бар. Мысал үшін, Шыңғыс-

таудағы Қоңыр әулие деген үңгірде Шың-

ғыс хан жерленген деген бол 

жамдар 


айтылады. Сондай-ақ Шың ғыс ханның үл-

кен ұлы Жошы ханның Жезқазғанда жер-

ленуі секілді деректер де көпшіліктің наза-

рын аудартары хақ. Бұдан басқа ислам 

әле міндегі адамдарды атар болсақ, бізде 

көптеген сахабалар, небір әулие бабалар 

жерленген. Бізде әлемдік деңгейдегі жағ-

рафияда өте сирек кезде 

сетін табиғи 

орындар бар. Міне, алдымен осындай өз 

жеріміздің құнды лықтарын жөнге келті-

руіміз керек. Бұл мәселені билік басында-

ғылар, туризм және басқа да министрліктер 

қолға алуы керек. Таяуда Әлемдік туристік 

қауым  дастықтың мүшесі болдық. Жеке 

фир малардың мемлекеттік дәрежеде ше-

шілуі тиіс мәселелерге күйлері келмей 

жатыр. Жергілікті әкімдіктер, Үкімет адам-

дары жеке фирмаларды онша қолдай қой-

май ды. Өйткені туризмнің қыр-сырын 

олар түсіне бермейді. Қазақстанның өз 

ішін дегі туристік маршруттарды жасап, 

құнды жер лерді насихаттау керек. Мысалы, 

әуе компанияларының өкілдері ұшақта 

шет елден ұшып келетіндерге Қазақстан 

туралы ақпарат беріп, жеріміздің тарихи, 

табиғи байлықтары туралы деректерді 

шетелдік қонақтарға бірнеше тілде жеткізіп 

отырса, жақсы болар еді.

Бізге ұқсамайтын, әдет-ғұрпы мен салт-

жорасы, салт-дәстүрі мен сенім-нанымы, 

киім киісі мен жүріс-тұрысы, діні мен ділі 

өзге елдерді танып-білу, өзге мәдениеттен 

сусындау, тәлім болатын тәжірибе алу, 

жақсысынан үйрену, жаманынан жирену, 

сол арқылы өз халқыңды салыстыра оты-

рып бағалау, дүниетанымыңды кеңейту – 

этнотуризмнің ұсынатын сыйы осы болса 

керек. Сондықтан да адамдар ерте за-

маннан бері табанынан тозып, құрлық-

тарды шарлап, көк теңізді қиып өтіп, небір 

қиын дықтарды басынан өткеріп, қызық 

оқиға ларға толы саяхат жасауды армандап 

кел ген.


Бертін келе туризм индустриясы, негі-

зінен, демалыс, ойын-сауық бағытында 

да мып кетті де, этнографиялық туризм 

оның шағын ғана, өзіндік спецификасы 

бар саласы ретінде қалып қойды. Қазір 

туризмнің қандай түрі жоқ дейсіз – экстре-

малды, экологиялық, биотуризм (мысалы, 

құстарды табиғи ортада бақылайтын 

«берд вотчинг»), ауылға барып трактор 

айдап, шөп шабатын агротуризм дейсіз 

бе, сауықтыру-,бизнес-, конгресс-, секс-, 

шо пинг-, археологиялық-, фото-, діни-, 

спорт тық-, әскери туризм... санап тауыса 

ал майсыз. 

Осылардың ішінде этнотуризм қазір 

өзіндік спецификасымен ерекшеленеді. 

Өйткені мұндағы басты нәрсе – ұлттың 

өзіндік болмысын көрсете білу, оның 

тереңге тартқан бай тарихын, өнегесі мен 

Саяхаттың сырын қашан ұғамыз?

табиғи мінезін, өнері мен мәдениетін 

таныта білу. Ал бұл оңай шаруа емес. 

Өйткені замана озған сайын ұлттың, 

халықтың табиғи тыныс-тіршілігі, өмірлік 

тұрмыс-салты — бәрі де өзгеріп келеді. 

Өркениеттің алға басуы, урбанизация 

үрдісі, техниканың дамуы ұлттың болмы-

сына өз әсерін тигізбей қоймайды. Қазір 

қаймағы бұзылмаған этнографиялық ор-

та ны табу қиын. Африканың адам аяғы 

жетпеген құлан шөлінде, болмаса Амазо-

нияның ит тұмсығы батпайтын қалың 

джун глилерінде, солтүстіктің мәңгілік мұз 

құрсауында арагідік кездесетін тайпалар 

болмаса, қазір ондай ортаны қолдан жа-

сауға тура келеді. Мысалы, АҚШ-та, он-

дағы жергілікті тайпалар қоныстанған ре-

зервацияларда мұндай жасанды этно гра-

фиялық ортаны қолдан қалыптастырады. 

Содан кейін тұтастай бір тайпа өкілдері өз 

рөлдерін ойнап, киімін киіп, боянып-

сыланып, әндетіп-билеп, әйтеуір, ақшалы 

туристің көңілінен шығуға барын салады. 

Тіпті бірге суретке түссе де, ақшасын қа-

ғып алуға тырысады. Ал мұндай бутафо-

риялық, театрландырылған, жасанды 

псев  доэтнография саяхатшыға да үлкен 

әсер сыйламасы анық. Бұл – ұлттың да 

өзіндік намысына тиетін нәрсе. Сондықтан 

да уақыт өте келе ең бір дамымай қалған 

дейтін тайпалардың өзі туризмнің бұл 

түрінен бас тарта бастайтын шығар. Мәсе-

лен, «Дискавери» ғылыми-танымдық те-

ле  арнасынан ара-тұра ауылдағы қазақ-

тардың өмірі туралы хабарларды көріп 

қалып жүрміз. Расын айту керек, аса бір 

жылы сезімге бөлей қоймайды. Қазіргі 

қазақ ауылын суреттейтін бір хабарда 

ұлтымыз тым жадағай, жұпыны, тым 

қарабайыр болып көрінеді. Ол түсінікті де. 

Шетелдіктерге негізінен экзотика керек, 

Астананың архитектурасымен қазір еш-

кімді таңғалдыра алмайсың. Олар «экзо-

тика» ұғымын жабайылық, қайыршы лық-

пен астасқан кедейлік, қандай да бір ке-

містік, мінез-құлықтың ерсілігі деп түсіне 

ме, қайдам, әйтеуір, өмірдің көлеңкелі 

жағына үйір. Сондықтан да өркениеттің 

игілігінен жалыққан «еріккен қалалық-

тардың» көңілін табамыз деп «рухани 

экзотизмге» ұрынып қалып жүрмелік.

Бірақ елімізге келген турист, шынында 

да, қай елге келгенін, қандай халыққа 

қонақ болып отырғанын біліп, кейін одан 

«қазақ деген кім екен» деп сұрағанда, өзге 

жұртпен шатастырмай, мүдірмей жауап 

бере алатындай болуы керек емес пе? Ол 

үшін саяхатшыға үлкен әсер, жағымды 

эмоция, таңғаларлық тәлімдік материал, 

есте қаларлық қызық оқиға сыйлау керек. 

Ал оған бізде мүмкіндіктер жетіп-арты-

лады: сайын даламыздың табиғаты, сан 

қилы климаттық-географиялық орта, бай 

дәс түріміз, тарихи жәдігерлеріміз, қонақ-

жай халқымыз бар. Бұл жерде этнотуризмді 

туризмнің өзге де түрлерімен байланыстыра 

отырып дамыту, өткен мен бүгіннің ең үз-

дік үлгілерін ұштастыра отырып қана ба-

рымызды ұсынуды үйрену керек тәрізді. 

Туризмнің басқа түрлеріне (экологиялық, 

тарихи, биологиялық, археологиялық) 

этникалық элементтерді ұзақ сараптаудан 

кейін таңдап қоса отырып, тарихымыз бен 

ертеңіміздің симбиозын жасап, заманауи 

жаңа формаларды игеру ғана шын мә-

ніндегі танымдық туризмнің дамуына мүм-

кіндік беретінін ұмытпалық. 



Негізінде, туризмнің өзі 

этнографиялық туризмнен 

бастау алады. Қазақтың «ел 

көру, жер көру» деген ұғымы 

да дәл осы «этноту ризм» 

ұғымымен сәйкес кел се ке-

рек. «Атың барда ел таны 

желіп жүріп» деген қазақ 

этнотуризмнің маңызын ерте 

білген-ау, шамасы...

Берік ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ

Жалпы, қорған туристер үшін тар-

тым 

ды орынға айналды. Оған жететін 



жол бар болғанымен, керемет деп айтуға 

тағы келмейді. Биылғы қыс қатынас 

жолдарының бәрін жарамсыз етіп тастады. 

Қар суы қорғанға апаратын көлік жолын 

шайып кетті. Енді қорған басшылығы тара-

пынан сол жолды жаз шыға салысымен 

«Жол картасы» бағдарламасы аясында 

жөндеу туралы аудандық әкімдікке ұсыныс 

жіберілді. Берел маңында автотұрақ жә-

не әкімшілік ғимараты құрылыстары са-

лынып бітті. Қызметкерлерге арналған 

екі ғимарат нысаны да аяқталды. Алайда 

қорғанға қазір іргеде сарқырап ағып 

жатқан Бұланды (тарихи атауы – Қансу) 

өзені қауіп төндіріп тұр. Осыдан 15 жыл-

дай бұрын дәл осы өзен арнасынан асып, 

тоғыз көпірді бір-ақ бұзып кеткені ел 

есінде. Биылғы қалың қар, жауын-шашын 

өзен суын үстемелеген. «Қар суынан еш 

қауіп жоқ болғанымен, осы өзеннен қор-

ғанға қауіп төніп тұрғаны рас», – дейді 

тарихи орындағы қызметкерлер. Қорған 

ұжымының директоры Ерен Қадөшұлының 

айтуынша, осы жаздағы ең басты мәселе – 

қорғанды қоршау. Мәдениет министрлігі 

тарапынан сұралып отырған 101 млн 

теңгенің көп бөлігі де осыған жұмсалмақ. 

Содан кейін болашақта осы қорғанды 

негізге ала отырып, аймақта отандық та, 

шетелдік те туризмге жол ашатын ауқымды 

туристік кешен салу. Жай ғана емес, қазақы 

кешен. 


Ерен ҚАДӨШҰЛЫ, 

«Берел қорғаны» мұражайының 

директоры:

– Берелдің әр тасы құнды. Бұл жер-

де 70-тен астам қорған жатыр. Олар-

дың ашылмағандары көп. Сондықтан 

арам ойлы, сұғанақ көздерден де 

сақтануымыз керек. Қоршау міндетті 

түрде салынуы тиіс. Содан кейінгі мә-

селе – 50 орындық қонақүй салу. Ол 

Қатонның қарағайынан салынатын 

болады. Сұрап отырған қаржының іші-

не осы құрылыс та кірмек. Бұл маңды 

үлкен туристік кешенге айналдырса... 

Қорған туристерді тартатын жер бол-

ғандықтан, осы маңда үлкен ат қора 

салып, атпен серуендеу дәстүрін ту-

рис 

терге ұсынып, сонымен қатар 

қа 

зақы дәстүрлерді, қыз қуу, теңге 

алу ойындарын көрсетсек... Ше тел-

дік туристерді тарту деген осы ғой. 

Оларға қымыз, шұбат, құрт-ірімшік 

сын ды қазақы тағамдардың түр-түрін 

ұсынсақ... Егер осы ой жүзеге асса, ту-

ризмді дамыту саласында өте ірі шара 

жүзеге асқан болар еді.

Елмейір АХМЕД, 

Өскемен 

Соңғы кезде осы мәселеге терең үңіл-

ген зерттеушілер еңбектері де жарық көре 

бастады. Соның бірі таяуда ғана оқырманға 

жол тартқан «Шақпақ-ата жерасты ме ші-

ті және қорымының эпиграфикасы» деп 

аталады. Р.Сүлейменов атындағы Шы-

ғыс тану институты шығарған бұл еңбек 

– аталған ескерткіш маңындағы араб-

парсы тілдерінде және араб әрпімен 

жазылған жазбаларды талдаудағы тұң-

ғыш талпыныс болып табылады. Үш 

тілде (қазақ, орыс, ағылшын), аль бом 

түрінде шыққан бұл кітаптың ав 

тор-

лары Әшірбек Мүмінов мен Айтжан 



Нұрманова жазбаларды зерттей келіп, 

ондағы ең ерте жазылған жазу 1796 

жылы таңбаланғандығын анықтап отыр. 

Кітапта ұзын саны 255 жазуға түсінік 

берілген. Зерттеушілер соның бә рін ки-

рил лицаға түсіріп, аударма, сурет терімен 

қо са  жариялаған. 

Шақпақ-ата жерасты мешіті алғаш рет 

1966-68 жылдары геологтар тарапынан 

зерттелгені болмаса, күні бүгінге дейін 

шығыстанушылар назарына ілікпей келген 

еді. Сондықтан да аталған кітап-альбом  

осынау тарихи ескерткіш бойындағы бұ-

рын көпке жұмбақ болып келген жаз ба-

лар дың кілтін ашып, құпиясын ақтаруға 

жәр демдесетіні анық.         

«Қазақстанның эпиграфикалық ес-

керт кіштері» тізбесі бойынша Маңғыстау 

облысының өңірлік «Мәдени мұра» 

бағдарламасы аясында жарық көрген осы 

еңбек арқылы ел тарихын зерделеуге тағы 

бір қадам жасалды деуге болады. 



Білге КҮЛТЕГІН 

Берелге Қансудан қауіп бар

Маңғыстау мәйегін 

мөлдіреткен еңбек

Қатонқарағай ауданында 186 гектар жерді алып жатқан Берел қорға-

нының қазақ үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін бергенінен берері көп. 

Бірнеше мың жыл бойғы адам мүрдесінің сол қалпы сақталуы, тіпті өлген 

жылқылардың жер қойнауында мүлтіксіз сақталып келгендігі отандық 

ғалымдар тұрмақ, шетелдік оқымыстылардың ойын сан саққа жүгіртіп 

отырғаны бар. Әлем ғалымдары көз тігіп отырған қорғанда атқарылған 

жұмыстар мол болғанымен, атқарылу керек істер одан да асады. Қорғанда 

қазба жұмыстары жер жіби сала басталса, жазда нағыз қызған шағы. 

Археологтардың да, зерттеушілердің де жұмыстары сол кезде жанданып, 

олар топырақ астынан құндылықтарды шұқылап тұрып іздейді. 

Cырты шөлейт 

көрінгенімен, Маңғыстау 

жерінен мәйек тамады. 

Өйткені  Қазақ стан дағы  та-

рихи ескерткіштердің үш тен 

бірі осынау ұлы Үстірт пен 

марқа  Маң ғыс тау  жерінде 

жатыр. Мұндайда осынау 

киелі жерді 362 әулиенің 

мекендегеніне қалай 

сенбессің?! Тау-тастан 

қашап  са лын ған  жерасты 

мешіттерінің өзі неге тұ-

рады. Мұндай тарихи маңызы аса зор ескерт кіш Еуразияның ешбір елінде 

жоқ. Бір ғана «пірдің соңы» Бекет ата сал дыр ған үш бірдей жерасты мешіті 

теңдесі жоқ ес керткіштер қатарынан орын алады. Со нымен қатар Шопан-

ата, Масат-ата, Қараман-ата, Шақпақ-ата, Сұлтан Үпі сияқты қасиетті есім 

иелерімен байланысты ескерткіштердің әрқайсысының айтары баршылық. 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№62 (288) 17.04.2010 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz



? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Өзінің көлем кеңістігі жағынан Жошы 

мазары күмбезді құрылысқа жатады. Жебе 

тәрізді аркасы бар пештак түріндегі бас 

қасбет оңтүстік-батысқа бағытталған. Ма-

зар дың айқын төртбұрышты пішінін 5 метр 

биіктіктен әрі қарай геометриялық дәлдікте 

ирек қырлар шығара отырып, дөңгелете 

қалап кеткен. Қырлы шеңбері 1,5 метрден 

көтерілген соң, тағы да ары қарай киіз үй 

сияқтанып, мінсіз күмбез жасап кетеді. 

Ішкі күмбезі аса ыждағат 

тылықпен 

қалануы бірден көзге түседі. Ал сыртқы 

күмбезінің мавзолейді қайта қал пына 

келтіргенше тұрпайы қалануы мұқият 

қараған адамға бірден байқалатын. Құры-

лыстың төрттен бір бөлігі кірер алды на 

төртқырлана қаланған қалқаның (портал) 

үлесіне тиеді. Биіктігі – 8 метрдей, ені 2 

метр ден астам бұл мавзолей тұлғасы  

қарапайым әрі айбарландырып тұр. Осы 

қасбетті қалауда кірер жақ бетінен күм-

бездің есігіне төрткүл жолақ, өзекше қал-

дырылған. Бұл өзекшеге кезінде көк жасыл 

бирюза жалатқан кірпіш жүргізген, орнын 

қазір де аңғаруға болады.

Арқа жақта Жошы мазары бар деп естіп едім. Осы жөнінде толығырақ 

мәлімет берсеңіздер. 

Арай ТӨЛЕНҚЫЗЫ, Талдықорған 

Жошы мазары жайлы жазсаңыздар...

ЮНЕСКО

Қазақ даласының 

әлемге әйгілі жауһарлары

1892 жылы Радлов зерттеген бір 

бітіктасты әлі күнге таппай жүрмін

ЗЕРДЕ


МӘДЕНИ МҰРА

– Нәпіл аға, өзіңіз бүгінде көне 

түрік тарихи ескерткіштерінің 

картасын жасаумен шұғылданып 

жатыр екенсіз. Бұл өзі қай уақытта 

бастау алған жұмыс, қазір ол 

толығымен дайын болған ба болмаса 

қандай ескерткіштермен толығу 

үстінде? 

– XVII-XVIII ғасырларда Ресей патша-

лығы тарапынан көптеген саяхатшылар 

Сібірді, қазіргі Қазақстан мен Моңғолияны 

зерттеген. Сол кезде олар осы аймақтар-

дағы әрбір ескерткіштің топографиялық 

белгілерін қағаз бетіне түсірген. Көне түрік 

ескерткіштерінің тіркелуі мен картаға 

түсірілуі, міне, сол заманнан басталады. 

Бірақ сол карталардың көбінде ол ескерт-

кіштер жайлы нақты дерек жазылмаған. 

Кейін кеңес заманында орыстың Дмитрий 

Дмитриевич Васильев деген ғалымы, 

Перле атты моңғол ғалымы – солар шағын 

карта жасауды бастады. Түріктану ғылы-

мында көне түрік бітіктану деген сала бар

яғни көне түрік ескерткіштерін зерт тейтін 

сала. Бітік деген – көне түрік тілінде жазу 

деген сөз. Бұл туралы Махмұд Қашғаридің 

еңбектерінде бар. Біз осыны бүгін көне 

түрік руна жазуы деп жүрміз, негізі, руна 

емес, бітік жазуы. «Бітік» сөзі хақас, тува 

секілді түрік халықтарының біразында 

сақталған, тек қазақтар ұмыт қалдырған. 

Міне, осы бітіктастағы жазулар, жартас-

тардағы жазулар бар, содан соң тұтынатын 

бұйымдардағы жазуларды тіркегенде, 

2009 жылғы есеп бойынша, шамамен 530 

ескерткіш тіркеліп отыр. Мұның барлығы 

Шығыс Моңғолиядан Қара теңізге дейінгі 

аралықта Еуразия кеңістігін алып жатыр. 

Түрік империясының кезінде жауынгер 

бабаларымыздың ат тұяғы жеткен жері 

осынша ұлан-ғайыр аумақты қамтитынын 

осыдан-ақ байқай беріңіз. Бір шеті тіпті 

Украина, Дон өзендеріне дейін жетеді. 

Еділ-Дон бойындағы Хазар хандығы 

кезіндегі жазулар. Оңтүстік Сібір, Қазақ-

стан, Моңғолия, Шығыс Түркістан бар-

лығын қамтығанда 530 ескерткіш тір-

келген. 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал