Бүгінде әлемнің көптеген елдері өздерінің ішкі өндірісін де



жүктеу 0.73 Mb.

бет2/7
Дата15.01.2017
өлшемі0.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Жалғасы 2-бетте

Мансұр Х


АМИТ (фо

то

)



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№62 (288) 17.04.2010 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz



? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Кунсткамерада жан түршіктірерлік құбыжықтар 

сақталатынын естігенмін. О баста кунсткамералар қандай 

мақсатта ашылған? 

Мұрат КАШКЕЕВ, Алматы облысы 

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 

екен. Ол қай кезден бастап аталып өтіледі? 

 Әлия ЖҰМӘДІЛОВА, Астана

ЖИЫН


Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап 

өтілді. Оны 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан 

құрылған Халықаралық ескерткіштер мен 

көрнекті орындарды қорғау мәселелері 

жө 

ніндегі кеңес ассамблеясы арнайы 



бекіт кен  болатын. 

Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарын-

да әлемнің 175 мемлекеті бар. Дү ние  -

жүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құн ды-

лық ЮНЕСКО-ның әлемдік маңы зы бар 

тарихи ескерткіштер тізіміне ен 

гі 

зілген. 


Қа зақ  даласында  әлемді  таңғал ды ра тын 

небір тарихи орындар мен ескерткіш-

тер бар екені белгілі. 2003 жылы атал ған 

тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» та ри-

хи-архитектуралық кешені, Алматы ма -

ңындағы Тамғалы тас шатқалындағы жар-

тас тарға салынған суреттер топтамасы кір-

ді. Жалпы, Қазақстанда ұлттық құндылық 

бо лып табылатын ұзын саны 25 мыңнан 

аст ам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 

ба сым бөлігі Маңғыстау жерінде жатыр. 

Ескерткіштер күні қашаннан бері аталып өтіледі?

Кунсткамерада не бар? 

Ұлттың сана-сезімін қалыптас-

тырып, халықты бір идеяға жұмылдыру 

үшін тарихи-мәдени ескерткіштердің 

рөлі ерекше. Осы мәселе әңгіме өзегі 

болған отырыстың қонағы, бүгінде 

Алаша хан, Едіге билер жатқан жердің 

әкімі болып отырған Берік Әбдіғали 

саяси маңызы бар ескерткіштердің 

жетіспей жат қандығын ерекше атап 

өтті. Шындығында да, қазақ ұлтының 

ба сынан  өткен  нәу беттерді бейнелейтін, 

ұлан-ғайыр атырапты сақтап қалған ұлы 

хандарымызға қойылған ескерткіштер 

республика бойынша сау 

сақпен са-

нарлық. Саясатта ескерткіш түгіл, сим-

волдардың өзі үлкен мағынаға ие екенін 

айтқан белгілі саясаттанушы санасы 

тәуелсіз, өскелең ұрпақтың патриоттық 

сезімін арттыру үшін Кенесары хан, Алаш 

зиялыларына арналған ескерткіштердің 

бой көтеретін уақыты жеткенін тілге тиек 

етті. «Ұлттық тарихымызда жоңғарлармен 

соғысқан хандардың өз орны бар. Ал 

кеше ғана Ресей империясының отар-

шылдығына қарсы шыққан хандар мен 

батырлардың ерліктерін насихаттау жағы 

кемшін түсіп жатыр. Оның есесіне ре-

сейлік ақпарат құралдары санамызды 

өзгертіп жатқанын байқай бермейміз», 

– дейді Ұлытаудан келген әкім. Кешегі 



Жуырда Алматы-

да Мәдениет министр-

лігі Мәдени саясат және 

өнертану институтының 

жанынан ашылған 

«Тағылым» атты мәдени-

интеллектуалдық 

клубтың кезекті отыры-

сы өтті. Тарихшылар мен 

мәдениеттанушылар бас 

қосқан клубтың негізгі 

қонағы Қарағанды об-

лысы Ұлытау ауданының 

әкімі Берік Әбдіғалиев 

болды. Бұл жолы әкіммен 

кездесудегі әңгіме са-

рыны статистикалық 

көрсеткіштер мен 

экономикалық өсімдер 

хақында емес, тарихи-

мәдени мұра ескерткіш-

теріне ерекше мән беру 

мәселесі болды. 

коммунистік идеяны насихаттаған тұл-

ғалардың ескерткіш терінен көз сүрінетінін 

жеткізген отырысқа қатысушылар қызыл 

империяға дейінгі ұлт көсемдерін біздің 

қоғамның өзі қа былдамай жатқан сияқты 

дейді. Мәде ниеттанушы ғалымдар бүгінгі 

қазақ қо 

ғамы тарихи ескерткіштерді 

архитектура ретінде ғана қабылдайды 

деген ой-пікірлерін ортаға салды. Фило-

софия ғылымының док торы, профессор 

Альмира Наурызбаева кеңестік жүйедегі 

ескерткіштердің де өзіндік тарихи мән-

маңызы бар екенін айтып, ескерткіштердің 

эстетикасына көңіл бөлінсе деген 

ұсынысын айтты. Ғалым: «Әлия мен 

Мәншүк  қыз да рымыздың  ескерткішіне 

қарасам, Отаны үшін отқа түскен қазақ 

анасының бей несін емес, милитаризмді 

насихаттап тұрған жауынгерлерді ғана 

көремін», – деп су реттеді. Осы жерде 

айта кетейік, қызу диалогтағы кейбір 

мәселелер бізді де ойлантпай қоймады. 



Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Кеткен есені ескерткішпен 

де қайтаруға болады

 – Қазақ елінің Тәуелсіздігі үшін өл-



шеусіз үлес қосты деп кейбір депутат-

тар Ресейдің тұңғыш Президенті Борис 

Ельцинге көше беруді сұрады. Егер 

елордамызда Ельцин көшесі пайда 

болып жатса, сол көшенің төріне ес-

керткішін қояйық дейтіндер де та-

былады. Жалпы, ашаршылық құрбан-

дарына арналған ескерткішке орын 

таппай отырғанда, шетелдік тұлғаларға 

зәулім ескерткіш тұрғызу дұрыс па?

Бұл сауалымызға клуб модераторы, 



Мәдени саясат және өнертану институ-

тының директоры Ерлан САИРОВ жауап 

берді:


– Ең алдымен, бізге ескерткіштану 

ғылымын қалыптастырып, дамыту 

керек. Себебі ескерткіштануды дамы-

тудың саяси факторы бар. Бұрын 

отарланған Үндістан, Сингапур сияқты 

мемлекеттерде әлі күнге дейін 

ағылшындардың ескерткіштері бар. 

Өткен заманның ескерткіштері болса 

да, олар бұл біздің өткеніміз деп әлі 

күнге дейін сақтап отыр. Сол сияқты 

бұрын орнатылған ескерткіштерге 

тиіспей-ақ, қазақ ұлтының, қазақ 

хандығының қалыптасуына еңбек 

сіңірген тұлғаларға ескерткіштерді 

көптеп орнатуымыз керек. Ал Тәуелсіз 

ел болғандықтан, біздің тарихымызға, 

мәдениетімізге еш қатысы жоқ ше-

телдік тұлғаларға ескерткіш орнату 

дұрыс емес.

Отырыста сонымен қатар мәдениет пен 

өнер инфрақұрылымын дамытуда ақпа-

раттық қызметтер арқылы көпшілік ха лық-

қа таныстыру, аймақтық мәдениетті жан-

дандыру үшін инвестиция көздерін тарту-

дың жаңа жолдарын қарастыру мә селелері 

де талқыға түсті. Жиналғандар тарихында 

небір нәубетті басынан кеш кен қазақ ұлты 

үшін ескерткіштер де есе қайтарудың бір 

жо лы деген оймен тарқасты.

ОЙТҮР


ТКІ

Зиярат туризмін 

қалай дамытамыз?

Соңғы жылдары 

жұрттың бәрі тарихи-діни 

орындарға барып, зиярат 

етеді екен дегенді жиі есті-

сек те, өзіміз көзбен көр-

мегеннен кейін бұған аса 

мән бере қоймайтынымыз 

– шындық. Таяуда Оңтүстік 

Қазақстан облысындағы 

белгілі Сарыағаш ши-

пажайында демалудың 

сәті түсіп, расында да, 

ол жаққа барғандардың 

зиярат туризміне деген 

қызығушылығының зор 

екенін байқадым. Көпшілік 

қауымның Оңтүстік 

Қазақстандағы әйгілі ке-

сенелерді көріп, оған зи-

ярат етуге деген ниетін 

сәтті пайдаланған кей-

бір жекеменшік туристік 

компаниялардың өкілдері 

сенбі, жексенбі күндері 

шипажайға еліміздің 

түкпір-түкпірінен барған 

демалушыларды саяхатқа 

алып шығады екен. 

Айнұр СЕНБАЕВА

олар саяхатшыларды көлікпен қамтамасыз 

етеді, жолдың бағытын түсіндіре отырып, 

саяхатшыларға тарихи орындар туралы 

аңыз-әңгімелер айтып, тарихи деректі 

фильмдердің дискісін көрсетеді. Сондай-

ақ таңертеңнен кешке дейін созылатын 

саяхат толықтай бейнетаспаға түсіріледі. 

Әр саяхатшы өз қалауы бойынша дискіні 

сатып алуына болады. Біздің еліміздегі 

зиярат орындары негізінен Оңтүстік Қа-

зақстан облысында орналасқандықтан, 

осы өңірде жоғарыдағы қызметтерді көр-

се тетін шағын туристік фирмалар жиірек 

кездеседі. 

Қуаныш АЙТАХАНОВ,

Сенат депутаты: 

– Біздің елімізде тарихи ескерт-

кіштер, тарихи орындар өте көп. Бұлар 

түгелдей есепке алынған. Бірақ ос ын-

дай тарихи орындарымызды ту ризм-

нің игілігіне толығымен айнал дыра 

алмай отырмыз. Қазақта қасиетті ата-

бабаларымыздың басына барып 

зиярат ету ежелден бар. Зиярат та – 

туризмнің бір түрі. Айталық, Оңтүстік 

Қазақстандағы тарихи орындарды 

былайша топтастырып: «Сайрамда 

бар сансыз баб, Түркістанда түмен баб, 

Отырарда отыз баб, бабтардың бабы 

– Арыстан баб», – деп жатады. Бұлар 

– ертеден келе жатқан, барша мұсыл-

мандар зиярат жасайтын орындар. 

Еліміздің оңтүстігіндегі Отырар, Сы-

ғанақ, Сауран, Түркістан секілді көне 

қалалардың барлығын туристік ны-

санға айналдыруымыз керек. Бізде 

туризмді дамытуға деген ниет бар, 

туризмге қатысты «Жаңа түлету», 

«Шарбақ» секілді бағдарламалар да 

жасалған. Тек соңғы жылдардағы қар-

жы дағдарысына байланысты жүйелі 

түрде жұмыс атқарылмай келеді. Егер 

зиярат туризмін дұрыс дамытатын 

болсақ, жергілікті кәсіпкерлер де жақ-

сы пайда табар еді.

Әрине, жекеменшік туристік фирма-

лардың көздегені – қаржы табу. Деген-

мен әр демалушы қалтасынан қаржы шы-

ғарғаннан кейін қызмет көрсетудің де 

жоғары дәрежеде болғанын талап ете 

алады. Қазіргі уақытта зиярат туризмін да-

 мытуға кім қашан ақша береді, мемлекет 

мұндай тарихи орындарды қашан қам-

қорлығына алады, зиярат туризмін ретке 

келтіреді деп күтіп отыратын болсақ, ше-

телдік туристер тұрмақ, өз еліміздің тұр-

ғындары да жерімізде бар рухани құнды-

лықтармен таныс болудан қалады. Зиярат 

туризмі көптеген мұсылман елдерде жақсы 

дамыған. Қажылыққа барудың өзі – зиярат 

туризмінің бір түрі. Мұсылман елдеріндегі 

зиярат туризмі мемлекеттің және діни 

басқармалардың тікелей қам қорлығында. 

Ал бізде зиярат туризмі – дін нің жөн-

жосығын білетін адамдардың на за рынан 

тыс қалғандықтан, халықтың діни 

сауатсыздығын пайдаланып, қалталарын 

қампайту үшін киелі жерлерді ойыншыққа 

айналдырған алаяқтар халықты адастырып 

жүргені баршамызға аян. Сондықтан әр-

қайсымыз қазіргі дінге деген көзқарас әл-

деқайда жөнделіп қалған уақытта сауат-

сыздық танытпай, зиярат туризмімен ай-

на лысатын жекелеген компанияларға та-

лап қойып, олардың арасында бәсеке лес-

тік тудыруға күш салуымыз керек. Біздегі 

бір нашар қасиет – өз жеріміздің құнды-

лықтарына өз қолымыз әрең жетсе де, әлі 

күнге құлдық санадан арыла алмаған-

дықтан, оған біреудің заты секілді немкетті 

қараймыз. Қазақстанның әрбір азаматы 

еліміздің рухани құндылықтарына өз үй ін-

дегі мүлкі секілді қарауға дағдылана ал-

май келеді. Киелі жерлерге барғанда та-

залық сақтауды, ластамауды, кесене лердің 

қабырғаларын сызып, құнды дүниелерге 

зақым келтірмеуді неге ойланбаймыз? 

Қазіргі зиярат туризмімен айналысып 

жүрген жекелеген фирмалар көрсететін 

қызмет түрлеріне аз-кем тоқталар болсақ, 



Туризм – экологиялық таза индус трия. Сондықтан біздің елімізде зиярат 

туризмі, жаяу туризм, экотуризм, тау туризмі, су туризмі секілді туризмнің 

қай түрін дамытсақ та, одан ұтыл маймыз. Егер мемлекетіміздің өз ішін де 

зиярат туризмін ретке келтіріп алсақ, болашақта кез келгеніміздің қалауы-

мызбен басқа да мұсылман елдеріндегі тарихи орындарға саяхат 

жасауымызға мүмкіндік туары сөзсіз. 

АҚОРДА


ТМД

Қазақстан 

Қырғызстанды 

қантөгістен құтқарды

Медведев үшжақты 

әрекетке оң баға берді

Елбасы осы мәселе төңірегінде АҚШ 

жетекшісі Барак Обама және Ресей 

Пре  зиденті 

Дмитрий 

Медведевпен 

үшеу ара кеңес болғанын айтты. Он-

да ғы мақсат – қырғыз елінде ары қа-

рай болуы мүмкін бүліктің алдын алып, 

әлемдік қауымдастықтың алаңдау-

шы 

лығын тудырмау. Бұл бағытта ба-



рын салған Елбасы Вашингтондағы 

сапа ры барысында күндіз де, түнде де 

Құрманбаек Бәкиевпен және Қырғыз-

стан дағы уақытша үкімет мүшелерімен 

бір неше мәрте сөйлесіп, нақты жағдай 

жө нінде әңгіме өрбіткен. Ал Қ.Бәкиевті 

Қа зақстанға алдыру үшін, уақытша үкі-

метпен келісімге келу де күрделі кеңесті 

қа жет етіпті. Ақыры олар біз жақтың 

ұша ғын елдеріне кіргізуге келісім бер-

ген. «Қ.Бәкиевтің түрін көріп, оны алып 

кетудің өзі де бүтіндей тарихқа та ти-

тын оқиға болды», – дейді Елбасы. Ке-

лісімдердің нәтижесінде 15 сәуір кешке 

қарай Елбасының бұйрығымен Қорғаныс 

министрлігі, Қазақстан әуе күштерінің 

борт нөмірі 04-ұшақты Бәкиевті алдыру 

үшін қырғыз еліне аттандырған. Ішінде 

ұшақ күзетіне жауапты арнайы жасақ 

жауынгерлері бар әуе кемесі Алматыдан 

15 сәуір кешкі сағат 18:30 да ұшып, сол 

күні сағат 19:15 те Жалалабадқа қон-

ған. Ал 20:15 минутта Құрманбек Бә-

киев пен оның отбасы мүшелерін отыр-

ғызған ұшақ қазақ жеріне қайтадан 

доң ғалақ тірепті. «Біздің әскери ұшқыш-

тар айтарлықтай тәуекелге барып, опе-

ра 


 

цияны сәтті орындады. Мен олар-

дың барлығына алғыс білдіремін және 

қорғаныс министріне оларды мара пат қа 

ұсыну туралы жарлық бердім», – деді 

Президент. Ұшқыштар қашан қона-

тын уақыт жақындағанша не Жалал-

абадқа не Ош қаласына қонарын біл-

меген. Алғашында қону нүктесі Ош 

болып шешіліпті. Бірақ Бәкиев мыр за 

Жалалабадтан Ошқа баруды жөн көр-

меген сыңайлы. «Жағдай осы лай болып 

шешілді. Біз қырғыз елінде болуы да, 

бол мауы да мүмкін оңтүстік пен солтүстік 

ара сындағы азаматтық соғыстың бетін 

қайтардық. Сол арқылы ЕҚЫҰ-ның аты-

нан бұл түйткілді сәтті шеше алдық», – 

дегенді атап айтты Н.Назарбаев. Ен ді гі 

мәселе – бүліктен бүлініп шыққан қыр-

ғыз елінің ахуалын аяқтан тұрғызу. Ел-

басы бұл бағытта қырғыз халқына мүм-

кіндігінше көмек берілетінін жеткізді. «Біз 

қол дан келгенше ЕҚЫҰ-ға мүше елдер 

мен басқа да мемлекеттер тарапынан 

қа 

ра 


жат жи 

нап, көмек көрсету ісіне 

жәрдем бере тін боламыз. Жалпы жағ-

дай дың, көк тем гі егін егу науқаны мен 

өзге де ішкі ах 

уал 


дың оңалуы үшін 

ба   рын ша  демеу  көр сетеміз»,  –  деді 

Елбасы қор ытынды сөзін де.

«Жасыратыны жоқ, бұл мәселені 

Ва 

шинг 


тонда Қазақстан және АҚШ 

Президенттерімен үшжақты талқыла-

ған быз. Шешім тек қана Қырғызстанның 

тұтас т ығы үшін қабылданды. Қырғызстан 

стра 

тегиялық әріптесіміз болғаннан 



кейін бұл елдің тағдыры бізді де алаң-

да т пай қоймады», – деді Дмитрий Мед-

ведев. Оның айтуынша, жалпы ал ғанда 

ынталы тараптардың бірлескен білік 

ті 

қимылдары арқасында қатерлі жағ-



дайдың таралуына жол берілген жоқ. 

Бразилиялық ақпарат құралдары өкі л-

дерінің «ТМД-ның басқа елдерінде де 

дәл осы сценарий қайталануы мүмкін 

бе» деген сұрақтарына Ресей басшысы: 

«Егер билік халықпен санаспай, тұрғын-

дар дың наразылығын тудырса, қай ай-

мақта болсын қайталануы әбден мүм-

кін», – деп қысқа жауап берді. 

Ал Қырғызстанның экс-президенті 

Құр манбек Бәкиев өзінің отставкаға кетуі 

туралы өтінішін уақытша үкіметтің штабы-

на сәуірдің 15-інен 16-сына қараған түні 

жө нелткен болатын. Сөйтіп, іс жүзіндегі 

жә не нақты билік арасындағы, аяқасты 

жаң а құрбандықтарға ұшыратуы мүмкін 

жан жал бейбіт жолмен шешімін тапты.

БРИК ұйымының Бразилияда өтіп жатқан кезекті саммиті кезінде 

Ресей Президенті Дмитрий Медведев Ресейдің, АҚШ пен Қазақстанның 

Қырғызстандағы төңкерістің жайсыз салдарын жоюға бағытталған күш-

жігерлеріне оң бағасын берді. 

«Кунсткамера» дегеніміз неміс тілі-

нен аударғанда сирек кездесетін заттар 

сақталатын бөлме деген мағына береді. 

Ең алғаш кунсткамераны Ресейде Петр I 

ашқан. Ресей патшасы І Петр 1697-1698 

жылдары Голландия мен Англияның 

ірі қалаларына жасаған сапарында не-

бір сирек кездесетін ғажайып дүниелер 

сақталған бөлмелерді көріп, кейін өзі де 

Ресейде осындай «кунштарға» арналған 

кунсткамера ашады. Тарихтағы кей-

бір деректерге сүйенсек, кезінде Петр 

І «Ресейде кемтар, құбыжық адамдар 

болмау керек, орыстар таза халық болу 

керек» деген қағидамен туа біткен кем-

тар балаларды, жаман дертке ұшы-

ра 


ғандарды, құбыжық адамдар мен 

жануар ларды өлтіртіп, олардың денесін 

осы кунсткамераға қойдырып отырған. 

Сон дай-ақ ол Ресейге тәуелді бұратана 

ха лық  тардың  этнографиялық  және  сирек 

кездесетін дүниелерін жинайтын бол  ған. 

Патшаның жинаған сирек кезде се тін кол-

лекциялары  жылдан-жылға  кө  бе йіп,  бір 

бөлмеге сыймаған соң, ол ар найы ғимарат 

салғызған.  Санкт-Пе тер  бург  қаласында 

орналасқан  бұл  ғи ма  рат  бүгінде  Ұлы  Петр 

атындағы Ресей Ғы  лым академиясының 

антропология және этнография мұражайы 

деп аталады. Мұнда көптеген халықтың 

тарихынан, тұрмысынан сыр шертетін си-

рек кез  десетін заттар сақталған. Алайда 

бұл мұра жай қазірдің өзінде көпшілікке 

адам және жан-жануарлар анатомиясын-

да си рек кездесетін құбылыстар, жан түр-

шігер 


лік құбыжықтардың коллекциясы 

сақталған кунсткамера ретінде таныс. 

Бүгін де әлемнің көптеген елдерінде осын-

дай кунсткамералар бар. 

Нұрғис

а ЕЛЕУБЕК



ОВ (фо

то

)



Бәкиевтің отставкаға кететіні 

туралы өтініші тапсырылды

Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Бейбіт Исабай мен ЕҚЫҰ-ның 

арнайы елшісі Жаныбек Кәрібжанов жұма күні Қырғызстанның экс-

президенті Құрманбек Бәкиевтің отставкаға кететіндігі туралы өтінішінің 

түпнұсқасын уақытша үкімет басшысы Роза Отунбаеваға тапсырды. 

 «Кеше таңертең Роза Отунбаева 

Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі 

мен ЕҚЫҰ-ның арнайы елшісімен кездесті. 

Олар Бәкиевтің отставкаға кететіндігі 

туралы өтінішінің түпнұсқасы бар кон-

вертті қолма-қол тапсырды. Бәкиев қыз-

меттен бас тартатындығы туралы өтінішті 

Қазақстан территориясында сәуір 

дің 


15-і күні түнде жазды», – дейді Э.Бай-

салов. Бұған дейін аталған құжат уақыт ша 

үкімет өкілдеріне факс арқылы жі берілген 

болатын. Алайда оның жалған екені 

туралы ақпарат кең тарап кеткен бо латын.

Байсалов Қырғызстанның экс-прези-

денті Таразда екенін және онда Қазақстан 

Қорғаныс министрлігіне тиесілі АН-26 

ұшағымен жеткізілгенін растады. 

«Техникалық қолдауды Қазақстан 

Қор 

ғаныс министрлігі жүргізді. Қ.Бә-



киев ел территориясын уақытша үкі мет 

келісімімен тастап шықты. ҚР Қорға-

ныс министрлігінің ұшағы Жалал-Абад 

әуежайына уақытша үкімет және халық-

аралық ұйымдармен үйлестірілген 

уақыт  та келіп қонды», – деді ол. 

Бұл ретте ол Қ.Бәкиев ұшқан әуе дәлізі 

уақыт ша үкімет бақылауында болғанын 

атап көрсетті. 

Басы 1-бетте


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№62 (288) 17.04.2010 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Бейбіт САПАРАЛЫ, 

жазушы, 

«Қағанат» консорциумының басшысы

Еркін БЕЙСЕКЕ, 

Т.Рысқұлов 

атындағы ҚазЭУ-дың маркетинг және 

коммерция кафедрасының оқытушысы

Этнотуризм арқылы отандық 

туризмді дамыта аламыз ба?

Сондықтан шетелдіктер біздің елді,  

жерді, әсіресе Семей полигоны болған 

жерді көруге ынтық болып отыр. Бірақ 

туристер Қазақстанға келгеннен кейін 

оларда біз туралы қандай пікір қалып-

тасады? Сон дықтан еліміздегі туризм ин-

фра құры лымын дамытуды бірінші кезекке 

қойған жөн. Отандық туризм су туризмі, 

тау ту ризмі, жаяу туризм, мәдени туризм, 

экологиялық туризм деп бірнеше салаға 

бөлінеді. Міне, осы туризм түрлерінің 

барлығын өз елімізде дамытуға болады. 

Біздің бір Алматы облысының өзін алып 

қарасақ, Шарын шатқалы, Таңбалы тас, 

Медеу, Алма-Арасан, Шымбұлақ секілді 

табиғи орындар жетерлік. Бірақ мұнда 

туристерді тартуға инфрақұрылым өте 

нашар. Бұл жерлерге адамдар барамын 

дегенше шаршап-шалдығып болады. 

Мысалы, өзіміздің Қазақстанның тұрғын-

дары да, шетелден келген туристер де 

Алакөлге барғысы келеді. Ол жақтың жо-

лы, туристерге қызмет көрсету деңгейі өте 

нашар. Міне, осындай мәселелерді шешіп 

алғаннан кейін ғана этнотуризмді қолға 

алуға болады. Туризм саласына байла ныс-

ты мемлекеттің 2011-2015 жыл дарға ар-

налған стратегиялық бағдар ламасы бар. 

Бірақ бұл бағдарлама тек қағаз жүзінде 

ғана, әлі іс жүзінде атқа рылған жоқ. Мыса-

лы, оңтүстік-шығыс Азияда инфрақұрылым 

өте жақсы да мыған. Онда қонақтарды 

күтіп алғаннан шығарып салғанға дейін 

өте жоғары дә режеде қызмет көрсетіледі. 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал