Бүгінде қала ішінде 41 мектепке дейінгі білім мекемелері бар. Одан бөлек 22 мектеп кешенінде шағын орталықтар жұмыс жасауда



жүктеу 0.9 Mb.

бет9/9
Дата12.09.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

мекенжайымыз: 

Тараз қаласы, Желтоксан көшесі,78, 2 қабат. 

e-mail: zhambul_taraz@mail.ru

құрылтайшы - Тараз қаласының әкімдігі

 менШіК иесі:

  «жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» жШс

Газет қазақ және орыс тілдерінде 

аптасына бір рет шығады. 

Газет «Сенім» баспа 

орталығы» ЖШС-

інде жарық көрді.

Тараз қ., Төле би 22.

спорт


19

//   «ЖамБыл - Тараз»  //  №36 (1270), 2 қырКүйЕК  2015 Жыл  //



Келесі белес – рио-де 

жанейро олимпиадасы

Жамбылдық 

көкпаршылар – 

ел  чемпиондары

Саламаттылық- 

өмір салтымыз



– елдос, күллі қазақ жұртына тарту еткен 

жарқын жеңісің құтты болсын! 

– Рахмет.  Қазақ елінің бас қаласы Астанада  

әлемнің 120 мемлекетінен, 700-ден аса балуанның 

басын қосқан әлем чемпионаты жоғары деңгейде 

өтті. Төртжылдықтың басты бәсекесі Олимпиаданың 

жолдамасы үлестірілетін жауапты жарыста,  оның 

үстіне, өз елімізде миллиондаған жанкүйлердің үмітін 

ақтап,  жеңіс мінберінен табылу әрбір спортшының 

асыл арманы. Аллаға шүкір, менің  де осы бір арман-

тілегім  орындалды.  Дзюдодан 2009 жылы Максим 

Раков әлем біріншілігінде топ жарса, араға 6 жыл 

салып, отандастарыма алтын медаль сыйлау менің 

маңдайыма жазылған екен. Қуанышымда шек жоқ. 

Осы орайда, мені үнемі қолдап-қолпаштап отыратын 

ата-анама, бапкерлеріме алғысым шексіз. Келесі 

жылдың мамыр айында дзюдо күресінің ережесіне 

сай, балуандардың  түрлі жарыстарда жинаған ұпай 

сандары есептеліп, үздіктері Бразилияға аттанады. 

Ендігі көздеп отырған басты мақсатым – Рио-де 

Жанейро олимпиадасында топ жару. 



–  Сенің  татамидегі  ешбір  қарсыласың 

осал болған жоқ. Әсіресе, осы чемпионаттың 

жеңімпаздары атанған жапондықтардың алдын 

орап кету оңай емес. өзіңнің сыралғы қарсыласың 

«күн шығыс елінің» өкілі Тору Сисимеге ерекше 

дайындалған боларсың...

– Иә, Тору Сисиме екеуміз осыған дейін алты рет 

кездесіп,  осы жолы оны төртінші рет ұттым. Шынын-

да дзюдо жапон ұлтының төл күресі болғандықтан, 

олардың балуандары татамиде жеңіс үшін жан алысып, 

жан берісуге дайын тұрады.  Өздеріңіз көргендей, 

жапонның ұл-қыздары да осы біріншіліктің чемпион-

дары атанды. Текті қазақтың бойындағы бұла күш пен 

қайсарлық кез-келген қарымды қарсыластың мысын 

баса алады. Тек табанды еңбек пен жеңіске деген жігер 

болса болғаны.  Біздің ұлттық құрама жігіттеріне бір 

жеті бойы болысып, қатардағы жанкүйер ретінде 

тілеулерін тіледім. Қоржынымызда бір ғана алтын 

мен күміс түсті деп еңсемізді түсірмейік. Балуандар 

осындай дуы басым додаларда ысылып, тәжірибелері 

толыса түседі. Бұйыртса, Ермек Иманбеков баптайтын 

құрамамыз үлкен табыстарға қол жеткізеді деп сенемін.

–  Ал  финалда  екі  қазақтың  белдескені 

қаншалықты қиындық туғызады? Кешегі жары-

ста Рустам Ыбыраевпен белдессең, оның алдында 

Будапештте өткен Гран При жарысында Айбек 

Имашевты ұтқан едің...

– Әрине, өз қандасыңмен күресу оңай емес. 

Былайша айтқанда, бәріміз бір терінің пұшпағын 

илеп жүрміз. Бірақ, спортта достық, таныс-тамырлық, 

ағайынгершілік деген мүлде болмауы тиіс. Әр адам 

өзінің алдына қойған мақсатын жүзеге асыр үшін 

ақтық демі шыққанша күресе білуі керек. Құрамадағы 

Рустам мен Айбек те мықты жігіттер. Бірақ, Олим-

пиада ойындары иек астында тұрғанда, қолындағы 

жеңісті кім бере салғысы келеді дейсіз?



– Ал жамбылдық балуандардың бет алысы 

қалай?

–  Қасиетті  Жамбыл  өңірі  чемпиондардың 

өлкесі ғой.  Қазір облыс орталығы мен аудандарда 

да дзюдомен айналысқысы келетіндер көп. Оларға 

тиісінше жағдай да жасалған. Талай жарыстарда 

оқ бойы оза шауып жүрген Әзіз Қалқаманұлы мен 

Дәулетхан Жақыпов ұлттық құраманың мүшелері. 

Бұл жігіттердің асар асулары әлі алда деп білемін.



– елдос, дзюдоның әліппесімен қай жасыңда 

таныстың?

–  Менің  әкем  жас  күнінде  еркін  күреспен 

шұғылданған. Бәлкім, балуандық өнер әкемнің 

қанымен өн бойыма дарыған болар. Негізі қазақтың 

қарадомалақтары  күрестің  әліппесімен  үйде, 

ауылдың  ауласынан  бастап  таныса  бастайды 

ғой. Кішкентай кезімнен үйдегі бауырларыммен, 

көршінің балаларымен күреседі екенмін. Туған 

ағамның жетектеуімен дзюдо күресімен бес жасым-

нан бастап айналыса бастаппын.  Еміс-еміс есімде, 

ағам екеуіміз спорт мектебіне барып тұратынбыз. 

Сол жерде алғашқы бапкерім Ахмет Жұмағұловпен 

танысып, содан бері күрестің жолын біржолата 

қуып келемін. 



– Меніңше, қазіргі таңда қазақтың әрбір 

қарадомалағы кино немесе эстрада жұлдыздарына 

емес, Қазақ елінің атын шығарып, атой салып 

жүрген  өзің  секілді  бейбіт  күннің  батырла-

рына  еліктейді.  Ұлтымыздан  шыққан  әлем 

чемпионының жанкүйерлері күн санап артып 

отырған болар?

– Рас. Елорда төрінде қазағымның көк туын 

желбіретіп,  ән  ұранын  шырқатуды  іштей  тілеп 

жүрдім. «Алау» мұз айдынына келіп, балуандарды 

демеп отырған ағайынның қатары да қалың болды.  

Жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион атанған соң 

әр қазақ мені туған бауырындай көріп, төрлерінен 

орын  ұсынып  жатыр.  Қазір  көшеде,  қоғамдық 

орындарында ыстық ілтипаттарын білдіріп, суретке 

түсуге ниет білдіретіндер көп. Жалпы, қай салада 

болмасын, еңбектің еленгені үлкен бақыт қой. Әрбір 

спортшыны жеңістің тәтті дәмі жігерлендіреді, 

қайрап-қайраттандыра  түседі.  Әлбетте,  елдің 

маған артқан үлкен сенімін, ақжарма тілегін жан-

жүрегіммен сеземін. Мұның өзі мойнымда тұрған, 

маған босаңсуға мұрша бермейтін жауапкершілік.  



– елдос, ел мақтаған жігітті қыз жақтайды 

емес пе? Сенің әлеуметтік желідегі парақшаңа 

көптеген арулар жылы лебіздерін білдіріп жа-

тады. өзіңдей азаматқа жар болғысы келетін 

сұлулардың санында есеп жоқ. Қыздарды «елдос 

қашан отбасын құрады екен» деген сауал маза-

лайды…

–  Қыздар  дейсіз  бе?  Үйленуге  алдыма 

қойған мақсаттарым жол бермей тұр (күліп). Рас, 

спортшылардың көп уақыты үйде емес, түзде өтеді 

ғой. Оның үстіне, жоғарыда атап өткенімдей, Рио-

де-Жанейро олимпиадасында елімнің мемлекеттік 

Гимнін орындату үшін аянбай тер төгуім керек.  

Орыстың бір әнінде шырқалатындай: «Алдымен 

ұшақтар,  сосын  ғана  қыздар»  демекші,  арулар 

күте тұрар. Құдай қаласа, бақыт құсымды қолыма 

қондыратын күн де туар… 

–  Спорттан  тыс  немен  айналысқанды 

ұнатасың?

– «Әу демейтін қазақ жоқ» демекші, доста-

рыммен караокеге барып, қазақтың әуезді әндерін 

шырқағаннан  жаным  рахат  табады.  Мені  тәп-

тәуір әнші деуге әбден болады (күліп). Одан кейін 

қолым қалт ете қалса, осындағы отбасыма, туған-

туыстарыма  асығамын.

 

„

Көкшетау қаласында  1997-



1999  жылдары  дүниеге келген  

жасөспірімдер арасында 

көкпардан, аударыспақтан, 

теңге ілуден және жамбы атудан 

Қазақстан чемпионаты өтті. 

Байрақты бәсекеде жерлестеріміз 

жеңіс тұғырынан табыла білді.

Көкпардан  облыс  намысын  қорғаған 

жасөспірімдер құрама командасы іріктеу кезеңінде 

өз тобында Батыс Қазақстан облысын 7-0 есебімен, 

Ақтөбе  облысын  9-1  есебімен  және  Оңтүстік 

Қазақстан облысының командасын 5-3 есебімен 

ұтып, финалға жолдама алған. Тақымдары мықты 

жігіттер ақтық ойында Ақмола облысының коман-

дасымен кездесіп, 14-0 есебімен ойсырата ұтып, ел 

чемпионы атанды.

Ал аударыспақтан 70 келіден жоғары салмақта 

жерлесіміз Ернар Жарылқасын финалдық кездесуде 

Ақмола облысының палуаны Алихан Шпекбаев 

басым түсіп,  І орынды жеңіп алса, теңге ілуден 

Төлеген Асанов ІІІ орынды қанағат тұтты. Жамбы 

атудан  Нұрболат Сарбаев ІІІ орынға ие болды.



 

„

Орталық  «Достық»  алаңында 



қала тұрғындары арасында 

«мәңгілік ел – менің Қазақстаным!» 

атты велошеру  өтті. Облыс әкімінің 

орынбасары Ерқанат манжуов 

қала халқы мен веломарафонға 

қатысушыларды  ҚР Конституциясы 

күнімен құттықтады

Алдымен,  Ерқанат  Нұрбапаұлы  Қазақ 

хандығының  550  жылдығына  орай    Сары-

су,  Талас,  Жамбыл  аудандарынан  облыс 

орталығына дейін алқынбай жүгіріп жеткен 70-

ке жуық желаяқшыларға салауатты өмір салтын 

ұстанғандары үшін алғысын жеткізіп, олардың 

капитандарына арнайы кубок тапсырды. 

Мұнан кейін облыс әкімінің орынбасары дәл 

мереке  күні  ұйымдастырылған  веломарафонға 

қатысушы 700-ге тарта азаматқа  сәттілік тіледі. 

Жалпы, веложарысқа облыс әкімінің аппараты, 

облыс әкімдігінің басқармалары,  құқық қорғау 

және сот органдары, аумақтық басқармалар мен 

мекемелердің, қала мекемелері, жоғарғы және ар-

найы орта  оқу орындарының студенттері қатысты.

Веломарафоншылар Төле, Абай даңғылдары 

мен  Желтоқсан, Сүлейменов көшелерін басып 

өтті.

Сондай-ақ,  Ата Заңымыздың 20 жылдығына 



орай,  қала  әкімдігінің  дене  шынықтыру  және 

спорт  бөлімінің  ұйымдастыруымен  отбасылық 

жарыс өтті. 

Оған спортты өмірлік серіктеріне айналдырған 

6 отбасы қатысты. Жарысқа қатысушылар доп 

лақтыру, жүгіру, кір тасын көтеру, шармен ойнау 

тағы да басқа ойындар ойнап, өзара сынға түсті. 

Жарыстың  барлық  шарттарын  мүлтіксіз 

орындаған  Карчаевтар  отбасы  бірінші  орынға 

ие  болса,  Сумалиевтер  отбасы  екінші  орынға 

табан  тіреді.  Ал  үшінші  орын  Мырзабаевтар 

әулетіне  бұйырды.  Барлық  қатысушыларға 

ұйымдастырушылар  арнайы  дипломдар  мен 

сыйлықтар табыс етті. 



 

„

Балуан Елдос Сметовтың 



есімі қазақ спорты тарихында 

алтын әріптермен жазылып 

қалары сөзсіз. Бір апта бойы 

Астана шаһарында төрткүл 

дүниенің кіл мықты татами 

шеберлері бас қосып, әлемнің 

үздік дзюдошыларын анықтады. 

Дүбірлі дода да жерлесіміз 

Елдос баһадүрдің бағы мен 

бабы қатар келісіп, дзюдо 

күресінен қазақ ұлтынан 

шыққан тұңғыш әлем чемпионы 

атанып, Алаштың мерейін 

үстем етті. Шүкір, шынашақтай 

ғана шымыр оғланымыздың 

ауыз толтырып айтатын 

жетістіктері шаш етектен. Қазір 

Елдостың қоржынында бәсі 

биік Олимпиада алтынынан 

басқа барлық жарыстардың 

жүлделері бар. Жамбылдық 

жампоздың ендігі мақсаты – 

келесі жылы Бразилия жерінде 

түндігі түрілетін XXXI жазғы 

Олимпиада ойындарында жеңіс 

тұғырына көтерілу.

Елдос СмЕТОВ, дзюдо күресінен әлем чемпионы:

бетті дайындаған: индира байқоныс

алуан

20

//   «ЖамБыл - Тараз»  //  №36 (1271), 2 қырКүйЕК  2015 Жыл  //



 

„

ата заңды киелідей аялап, қастерлеу – ұлттың ұлы парызы деп санайтын облысымыздың белсенді 



жастары Тәуелсіз мемлекетіміздің әр тұрғыны «балмұздақтай тәтті ғұмыр кешсін» деген ниетпен қала 

тұрғындарына тегін 100 келі балмұздақ таратты. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ                               

Орталық «Достық» алаңында 

облыстық жастар орталығының 

ұйымдастыруымен  өткен «Тәтті  

20  жыл»  акциясы  аясында 

тегін  таратылған  балмұздақтан 

мерекелік  кешті  тамашалауға 

келген әр тұрғын ауыз тиді. Осы 

арқылы  тұрғындардың  көңіл-

күйлері көтеріліп, бір серпіліп-

ақ  қалды.  Балмұздақ  қандай 

тәтті болса, тәуелсіз мемлекеттің 

Мәңгілік  елге  айналуы  әрбір 

қазақстандық  азамат  үшін, 

өскелең ұрпақ үшін одан да тәтті 

арман,  межелі  мақсат  екендігін 

түйсіндіруге тырысты жастар. 

Мұнан соң Жамбыл облыстық 

іскер  әйелдер  қауымдастығы 

ұйытқы  болған    «Бауырсақ 

PARTY»-де  қала  тұрғындары 

өзара  сынға  түсті.  Ойынның 

шарты  бойынша  берілген  3 

минуттың  ішінде  30  тоқашты 

жеп  тауысу  шарт.  Ұлттық 

тағамымызды  насихаттайтын 

жарыста 10 үміткер бақ сынады. 

Бұл  жарыс  қорытындысында 

жүлдегер  мен  жеңімпаздарға 

ұйымдастырушылар  тарапы-

нан ескерткіш сыйлықтар табыс 

етілді. Сондай-ақ іс шара бары-

сында «Қара жорға» биіне  бүкіл 

халық жұмыла биледі. 

Ал  Т.Рысқұлов  атындағы 

орталық  саябақта  демалған 

жұрт  «жайдарманшылардың» 

қалжыңына  бөленді.  Аталмыш 

ойынға өңіріміздің үздік команда-

ларынан өзге Алматы және Шым-

кент қалаларынан да әзілкештер 

келіп  қатысты.  Бұл  кештің  ар-

найы  қонағы  «Қазақстан  КВН 

одағы»  РЖҚБ  Президенті  Есен 

Елеукен болды. Мерекенің шы-

райын  кіргізген  әзілге  толы 

кештің  қорытындысында  1 

орынды «Болашақ» колледжінің 

құрамасы  иеленіп,  Кубокті 

қанжығаларына  байлады.  2 

орынды  Абай  атындағы  Жам-

был  гуманитарлық  колледжінің 

«Бұзық  қыздар»  командасы,  3 

орынды  Алматылық  «Номад» 

құрамасы  өзара  бөлісті.  Шара 

соңында  «Астана  Синема»  ки-

нотеатры  көрермендер  үшін 

арнайы  сыйлықтар  ойнатып, 

жеңімпаздарға табыс етті.

Бұдан  әрі  мерекелік  кеш 

орталық  «Достық»  алаңында 

ко н ц е рт т і к   б а ғ д а рл а ма м е н 

жалғасын  тапты.  Мерекелік  шо-

уда  жастардың  сүйікті  әншісі, 

эстраданың  жарық жұлдызы Әли 

Оқапов  өнер  көрсетіп,  жиналған 

жұртшылықтың  көңілінен  шыға 

білді.  Сондай-ақ  өңіріміздің 

өнерпаздары  да  әуелеген  сазды 

әндерімен  тұрғындардың  құлақ 

құрышын  қандырып,  мерекелік 

көңіл-күй  сыйлады.  Думан  соңы 

аспан көгіндегі ғажайып отшашу-

мен түйінделіп, халықтық серуен-

ге ұласты.    

құттықтаймыз!

Т а р а з   қ а л а с ы н д а ғ ы   Ш о н а 

Смаханұлы атындағы № 44 қазақ орта 

мектебінің  директоры  Жақсыбеков 

Баймұрат  Жақсыбекұлын  «Қазақстан 

мәслихаттарына  20  жыл»  мерекелік 

медалімен марапатталуымен және 2015-

2016  оқу  жылының  басталуымен  шын 

жүректен құттықтаймыз.

Мерекелік медаль куәлігіндегі: «Қазақстан 

Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік 

басқару 


және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына 

қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады» деген ұлықтау мәтіні Баймұрат 

Жақсыбекұлының білім беру ісіне арнаған күллі еңбек жолының тек 

ұстаздық етіп, ұрпақ тәрбиелеумен ғана шектеліп қоймай, жергілікті 

мемлекеттік басқару ісіне де көп еңбек сіңіргенін аңғартады.

Мектептегі игі істерге ұйытқы болып,  барша ұстаздар ұжымын 

мақсаткерлік істерге жұмылдырып, мектеп шәкірттерін жоғары биіктерден 

көрінуге талпындырып,  үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар атқарып 

отырған  мектеп  басшысы    Жақсыбеков  Баймұрат  Жақсыбекұлын 

мерекелік марапатымен тағы да құттықтай отырып, өзіне және отбасына 

аман-саулық, зор денсаулық, ұлағатты ұстаздық қызметіне – зор абырой, 

басшылық жұмыстағы белестеріне – биік-биік асулар, мектептен түлеп 

ұшар мықты-мықты түлектер, ұстазым деп мақтанып жүрер шәкірттер 

тілейміз.

Тараз қаласындағы Шона Смаханұлы атындағы 

 

 



  

№ 44 қазақ орта мектебінің ұжымы



ШаТТық КӨңіл сыйлаған 

ұлан-асыр Той-думан


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал