Бүгінде қала ішінде 41 мектепке дейінгі білім мекемелері бар. Одан бөлек 22 мектеп кешенінде шағын орталықтар жұмыс жасауда



жүктеу 0.9 Mb.

бет2/9
Дата12.09.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

„

қазақстан республикасының Конституциясының 20 жылдығына орай 



қаламыздағы қр ұлттық ұланның арнайы № 5513 әскери бөлімінде 

мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Ат алмыш  жиынға  офицерлер,  әскери 

бөлім  ардагерлері,  келісім-шарттағы  әскери 

қызметшілер  мен  Отан  алдындағы  азаматтық 

борышын өтеп жүрген сарбаздар қатысты.

Салтанатты  шараның  ашылу  салтанатында 

сөз сөйлеген №5513 әскери бөлімінің командирі, 

подполковник  Бағдат  Нарбаев  алдымен  әскери 

қызметте  жүрген  әскери  қызметшілерді  ҚР 

Конституциясының  20  жылдық  мерекесімен 

құттықтады. Ол өз сөзінде осы күнге жетуіміздің 

негізі болған Ата Заңымыз екендігін тілге тиек 

етті.

-  Ғасырлар  бойы  аңсаған  еркіндік  пен 



тәуелсіздігімізді  алдық.  Енді  өз  тағдырымыз 

өз  қолымызда.  Кез  келген  мемлекеттік  күрделі 

мәселелерді  ешкімнен  ақыл  сұрамай-ақ  өзіміз 

шешуге Тәуелсіздігіміз бен Конституциямыздың 

арқасында мүмкіндік туған болатын. Шекарамыз 

мызғымас, халқымыз біртұтас болды. Біз ел бо-

лып жүрек қалауымызша Елтаңбамызды, Туымыз 

бен Әнұранымызды бекіттік. Біздің де хандары-

мыз болған, батыр, билеріміз бен шешендеріміз 

болған текті ел екендігімізді дәлелдедік. Осының 

бәрі Конституциямыздың арқасы,- деген әскери 

бөлімнің  командирі  өзі  басқарып  отырған 

бөлімнің  жұмысына  да  тоқталып  өтті.  Мұнан 

кейін құттықтау лебізін білдірген №5513 әскери 

бөлім  ардагерлері  төрағасының  орынбасары, 

запастағы  подполковник  Ақайдар  Дүйсенбиев 

жиналған  көпшілікті  ҚР  Конституциясының 

20  жылдық  мерекесімен  құттықтап  өтті.  Ол 

сондай-ақ  Тәуелсіздіктің  басты  құжаты  болған 

Ата Заңымыз жетістіктердің арқауы болғандығын 

айтты.

Ашылу  салтанатынан  кейін  ҚР  Ұлттық 



Ұлан  Бас  қолбасшысы,  генерал-лейтенант 

Р.Жақсылықовтың мерекелік бұйрығымен әскери 

қызметшілер  Ұлттық  Ұлан  бейнеленген  қол 

сағатымен, «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» 

төс белгісімен, Мақтау қағазы және Алғыс хат-

тармен марапатталды. Сонымен қатар «Оңтүстік» 

өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-

майор Ә.Сералиев және бөлім командирі, подпол-

ковник  Б.Нарбаевтың  бұйрығымен  сарбаздарға 

ефрейтор  әскери  атағы  берілді.  Сондай-ақ  4 

сарбазға 10 күндік демалыс берілді. 

Мерекелік  жиын  соңы    «Оңтүстік»  өңірлік 

қолбасшылығының  шығармашылық  тобының 

концерттік бағдарламасына ұласты. 

Жұптары жарасқан жас 

жұбайлар


 

„

ата заңымыздың 20 жылдығына орай облыс 



әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы 

демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен 

қала әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «үлкен 

ел - үлкен отбасы» атты жас жұбайлар шеруі өтті.

Индира БАЙҚОНЫС

Оған  дәл  30  тамыз  яғни  Конституция  күні  заңды  некеге  тұрған  10  от-

басы  қатысты.  «Махаббат  аллеясына»  беттеген  жастардың  құрметіне  Тараз 

мемлекеттік  педагогикалық  институтының  «Жібек  жолы»  оркестрі  «Мен-

дельсон» маршын орындап, жас жұбайлар қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті.  

Облыс  әкімдігі  жанындағы  әйелдер  істері  және  отбасы  демографиялық 

саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Айман Кәрімова жас жұбайларды 

заңды некелерімен құттықтап, оларға мол бақыт тіледі.

Мұнан кейін бақыттан жүздері бал-бұл жайнаған жас отау иелері өмірде 

жұптары  қосылмаған  қос  мұңлық  Болат  пен  Айнұрдың  ескерткішіне  гүл 

шоқтарын қойды. 

Конституциямыздың  20  жылдық  мерейлі  мерекесіне  орай,  шаңырақ 

көтерген  отбасылардың  бірі  Мұхтар  Сейдуалиев  пен  Шапағат  Бағдатқызын 

сөзге тарттық. 

 «Отан отбасынан басталары анық. Отбасылық  құндылық, ол Отанымыздың 

да өсіп-өркендеуінің басты  кепілі. Мұны біз де жақсы түсінеміз. Дәл осы күні 

заң  жүзінде  ерлі-зайыпты  атанғанымызды  мақтан  тұтамыз»  -  дейді  өмірлік 

жарын тапқан Мұхтар Сейдуалиев.

Жалпы,  қалалық АХАТ бөлімі мамандарының сөзіне қарағанда, 30 тамыз 

күні шаһарда 23 жұп   заңды некеге тұрған.

Жиырма жыл - аспан кірсіз, ажарлы ән! 

  

Суреттерді түсірген В.Алсуфьев.



әлеуМет

6

//   «ЖамБыл - Тараз»  //  №36 (1271),  2  қырКүйЕК  2015 Жыл  //



 

„

нұротандықтар мектеп оқушыларын оқуға қажетті құрал-



жабдықтармен қамтамасыз етті.

Жақсыдан шарапат

Ешкімге айыппұл салынбайды



 

„

ел ішінде «жеке куәлікті жыл соңына 



дейін жаңа чиптік үлгіге ауыстырмаса, 

айыппұл салынады екен» деген алып–

қашпа әңгіме тарап отыр. мұндай 

қауесетке сенген азаматтар Халыққа 

қызмет көрсету орталықтарында ұзын-

сонар кезекке тұрып, жеке бастарын 

куәландыратын құжаттарын жаппай 

ауыстыруда. осы мәселеге орай, сала 

мамандары журналистердің басын 

қосып, баспасөз мәслихатын өткізді.

Индира БАЙҚОНЫС

Облыстық ішкі істер департаментінің 

көші-қон  полициясының  басқармасы 

басшысының  орынбасары  Талғат                        

Базаралиев  елдің  жаппай  дүрлігуіне 

ешқандай себеп жоқ екенін, ескі куәлікті 

жаңа  үлгіге  ауыстырмаған  жағдайда 

ешкімге  айыппұл  салынбайтынын 

жеткізді. 

- Азаматтардың жеке куәліктерін жаңа 

чиптік үлгіге ауыстыру өз еркілері. Ешкімге 

айыппұл салынбайды.  Көп кісілер мұны 

дұрыс түсінбей, ХҚКО-ға жүгіруде. Чиптік 

жеке куәліктің тиімділігіне тоқталатын 

болсам,  әрбір  адам  ғаламтор  арқылы 

мекенжайлық анықтама, зейнетақы ауда-

рымдары туралы жазба алу, әлеуметтік 

жеке код, коммуналдық қызметтерді төлеу, 

баланы балабақшаға кезекке қою, дәрігер 

қабылдауына жазылу тағы басқа қызмет 

түрлерін үйден шықпай-ақ пайдалана 

алады,- деді Талғат Жамбырбайұлы. 

Б а с қ а р м а   б а с ш ы с ы н ы ң 

орынбасарының айтуынша, электрондық 

үкіметтің игілігін ескі үлгідегі жеке куәлік 

иелері көре алмайды. Сондықтан облыс 

және қала халқын осы бір іске белсене 

атсалысуға шақырды. 

Жалпы, қалада ескі куәлікпен жүрген 

азаматтардың саны - 54471-ді құраса, 8679 

тұрғын чиптік үлгіге ауыстырып үлгерген. 

Атап өткен жөн, тек жеке куәліктің 

мерзімі аяқталған уақытта ғана ел азамат-

тары әкімшілік жауапкершілікке тарты-

лып, айыппұл төлейді.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

«Нұр  Отан»  партиясы  Жамбыл  облыстық 

және  аумақтық  филиалының  ұйымдастыруымен 

партияның  «Бақытты  балалық»,  «Бақытты  от-

басы» жобаларын жүзеге асыру үшін  «Мектепке 

жол»  акциясы  аясында  партияның  облыстық 

және  аумақтық  филиалдары,  бастауыш  партия 

ұйымдары, Саяси кеңес мүшелері тарапынан жал-

пы облыс бойынша 210 жағдайы төмен отбасынан 

шыққан және жетім балаларға мектеп формалары 

мен  оқуға  қажетті  құрал-жабдықтар  тапсырыл-

ды.  Нақты  уақытта  бұл  игі  бастама  еліміздің 

түкпір-түкпіріндегі  қаракөздерімізді  қатарынан 

қалдырмай,  балалық  шақтың  бақытына  бағыт 

сілтеп отыр. Әулиеата өңірінде де келешекке назар 

салып  жүрген  қайырымды  жандар  аз  емес.  Жар 

құлаққа жар салып жатпаса да, қолдарынан кел-

генше аталмыш жобаны жыл сайын өз деңгейінде 

өткеріп, қалың елдің ізбасар ұрпағына қол ұшын 

созуда.  Бұл  сәтте  барлық  игі  бастаманың  басы 

қасынан табылып жүрген «Нұр Отан» партиясын 

да  атап  өтпеуге  болмайды.  Күні  кеше  ғана  қала 

өміріне жан бітіріп, ақ көйлек пен ақ бантик таққан 

өскелең  ұрпақ  алтын  ұя  мектептеріне  ат  басын 

бұрып, аяулы ұстаздарымен қауышты. Биылғы оқу 

жылындағы бала қуанышына партияның облыстық 

филиалы  да  өз  үлесін  қосты.  Атап  айтқанда, 

қалалық  №54  мектептің  оқушылары  Дариға 

Арғынбаева  мен  Ақбөпе  Ақыл,  №25  мектептің 

оқушылары  Қанағат  Таласбек,  Алма  Қаршыға 

және Ержігіт Орынбасарға мектеп формалары, аяқ 

киім,  спорттық  үлгідегі  киім,  сөмке  және  оқуға 

қажетті жабдықтар табыс етілді.         

 Бүлдіршіндерге бұл базарлықты өз қолымен та-

быс еткен партия облыстық филиалы төрағасының 

орынбасары Шәбден Тілеумұрат өз сөзінде аталған 

оқушылар  мен  олардың  ата-аналарын  жаңа 

оқу  жылымен  құттықтап,  бүгінгі  күнде  оқудан 

алдарына  жан  салмай  келе  жатқан  балалардың  

алдағы  уақытта  ел  тізгінін  ұстайтын  білімді  де 

білікті,  өнерлі  де  өрелі,  ата-анасы  мен  елінің 

мақтанышына  айналып,  өздері  де  кейінгілерге 

қарайласып  жүретін  азамат  болатынына  үлкен 

сенім артатындығын жеткізді. Игі шара соңында 

бес отбасының үміт артып отырған оқушыларына 

өздеріне тиесілі базарлықтары табыс етіліп, ата-

аналар тарапынан алғыстар айтылды. 

қамқорлық - келешек кепілі.  

  

Суретті түсірген А.Рысмахан



Тұрғындардың тілегі 

ескерусіз қалмайды



 

„

«нұр отан» партиясы Тараз қалалық 



филиалында қр Конституциясының 20 

жылдығына орай және республикалық акция 

аясында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. 

Шынболат  СЕЙДУАЛИЕВ

Қоғамдық қабылдау жұмысын Тараз қалалық прокурорының орынбасары Сәкен 

Жорабеков, Тараз қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Бекен Абдуллин, Қалалық 

әділет басқармасы басшысының орынбасары Нағима Ақынбекова, Тараз қаласы 

әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімше басшысы Бауыржан Молдашев және Тараз 

қалалық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Эльмира Мырза-Ғали жүргізіп 

отырды. 

Қоғамдық қабылдауға алғашқылардың бірі болып келген 13 мөлтек аудан, 14 үй, 68 

пәтердің тұрғыны Аязбек Кішкенбаев 11 сынып оқушысы Тілеймін Өмірзақты мектеп 

формасымен қамтамасыз ету үшін қол ұшын беруді сұрады. Дәл осындай мәселемен 

келген Шөлдала алқабы, Ветеран көшесінің тұрғыны Елена Архинова мектепке бару 

үшін материалдық көмек көрсетуді сұрап келген. Бұл екі тұрғынның жағдайымен толық 

танысып, әңгімелерін мұқият тыңдаған қоғамдық қабылдауды жүргізушілер мәселелерін 

бірден қанағаттандырып берді. Оларға білім бөлімі және «Нұр Отан» партиясының 

қалалық филиалы мектеп формасымен және сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен 

толық  қамтамасыз етті.  

Сондай-ақ 1 мөлтек аудан, 29 үй, 40 пәтердің тұрғыны Залханбек Жайшыбековтің 

пәтерінде осы жылдың 17 шілдесінен бастап электр жарығы жоқ. Қалалық ТГЭС-ке 

қоңырау шалса, ешқандай шара қолданбай отырғандығын жеткізді. Осы мәселені 

оңтайлы шешіп беруді сұрады. Аталған жайтқа толық қаныққан Тараз қаласы 

прокуратурасының бөлім бастығы Бекен Абдуллин алдағы уақытта назарда ұстап, оң 

шешіп беруге уәде берді. 

Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғындарының басым көпшілігі әлеуметтік 

жағдайларын қозғай келгендер болды. Олардың басым көпшілігінің мәселелері сол 

жерден өз шешімдерін тауып жатты. Қоғамдық қабылдау жұмыстары алдағы уақытта 

да өз жалғасын таппақ.  

мүмкіндігі шектелмеген жандар

 

„

жамбыл облысындағы «асар» мүгедектермен 



жұмыс істейтін ұйымдар одағының» 

ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі 

жандардың қолөнер бұйымдарының көрмесі 

болып өтті. сондай-ақ, бұл іс-шараның жалғасы 

мектеп жасындағы балаларға сый-сияпат 

жасаумен жалғасын тапты.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Мүгедектер құқығын қорғайтын ҮЕҰ-ның атсалысуымен мүмкіндігі шектеулі жан-

дар компютерге бейімделіп, барынша сауатты үйреніп жүргендігін де айта кеткен жөн.

«Мүгедектердің жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігі,бүгінгі таңда мүмкіндігі 

шектеулі жандар жасаған бұйымдарымен мақтана алады. Бұл бұйымдар ең алдымен 

жүрегіңе жылылық сыйлайды.

Мұнда не жоқ деңіз?! Жарқ-жұрқ еткен қолөнер бұйымдарының сан алуандығы 

мүмкіндігі шектеулі жандардың – мүмкіндігі мол екендігін айғақтап тұрғандай. Кілтке 

тағатын брелоктар, тігін жұмыстары, моншақтан өрілген білезіктер, мүсіндер, тастармен 

безендірілген түрлі заттар көздің жауын алады. 

Сондай-ақ, қолөнер бұйымдарының арасынан үлпілдек сөмке, тоқылған шұлық 

пен аяқ киімдер,  ағаштан жасалған қораптарды, тіпті кәдесыйларды да көруге болады. 

Олардың арасынан арманға қолын созғандай жел тербеткен алқызыл желкенді алып кеме 

де мен мұндалап тұр.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі де осынау іс-шараға кеңінен дайында-

лып келгені байқалады. Олар кір қыстырғыш, түймелер, киім ілгіштер сонымен қатар, сүлгі, 

қолғап, төсек жапқыштардың түр-түрін ұсынған. Қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген 

жастықтар мен көрпешелер де бірден көзге түседі.

 «Нұр бала» жобасы бойынша келген қатысушы балғындар да үлкендерден қалысар 

емес. Олар балаларға арналған суреттер, ермексаздан жасалған ойыншықтар мен тоқылған 

себеттерін ала келіпті.

Ал көрмеден кейінгі көтерілген бұл күнгі екінші мәселе инклюзивті білім алу жобасы 

бойынша мектепке баратын балаларға арналды. Бұл жобада 20 бала қамтылған. Олардың 

оны 1-ші сыныпқа аяқ басса, төртеуі мектепке дайындалып, алтауы үйде оқытылатын 

балғындар екен. Бұл балалар он жасқа толғанша педагог мамандардың қадағалауында 

болады. Олар балаларға дәріс берумен қатар, үй тапсырмасын орындауға да көмектеседі. 

Мектепке қадам басқан мүмкіндігі шектеулі оқушыларға сөмкелер мен қажетті құрал-

жабдықтар табыс етілді. Ал өздерінің алғысын өнерімен жеткізгісі келген бүлдіршіндер 

өз мүмкіндігінше ән салып, би билеп, сахналық көрініс те қойып берді.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Лариса 

Лысова:



Дарынсыз адам да, бала да болмайды. Мына көрме соның айғағы. Мен бұл 



жерден керегіме жаратып қана қоймай, сондай-ақ, жаныма жылу сыйлайтын дүниелерді 

көрдім. Себебі, мұны ерекше жандар жасаған. Біз балғындардың иппотерапиясына бұрын 

жылқы сыйлағанбыз. Балалар оған Алмаз деп ат қойыпты. Енді міне мектепке қажетті 

керек-жарақтарын тарту етудеміз, - деді.

Өмірдің ізін кестелеп. 

  

Суретті түсірген О.Макарова



кӨкейкесті

7

//   «ЖамБыл - Тараз»  //  №36 (1271),  2  қырКүйЕК  2015 Жыл  //



азық-түлік бағасы тұрақты

 

„

Өткен аптада әлем нарығындағы ықпалы жоғары доллар бағасы күрт көтеріліп, 



жұрт біраз дүрлікті. ал бүгінде  халықты «күнделікті тұтынатын азық-түлік 

бағасы  көтеріле ме?» деген сауал алаңдатуда. осы мәселеге орай, қала әкімі 

нұржан Календеровтың бастамасымен қаладағы сауда орындарында бағаның 

тұрақтылығын бақылайтын арнайы комиссия құрылды.

баға бақылауда. 

  

Суретті түсірген В.Алсуфьев



Индира БАЙҚОНЫС 

Комиссия жетекшісі болып қала әкімінің 

орынбасары Жақсылық Сапаралиев бекітілді. 

Қазіргі таңда комиссия мүшелері күн сайын 

шаһардағы сауда орындарын аралап, тауар 

бағасына бақылау жүргізіп отыр. Осындай 

кезекті бақылау Конституция күні де жүрді. 

Жақсылық Мырзабекұлы мен  бірқатар қала 

әкімдігіне қарасты бөлім басшылары Сәтбаев 

көшесінде орналасқан «Себет» азық-түлік 

дүкендер желісіне  ат басын бұрып, ондағы 

бағаның жай-күйімен танысты.

 - Бізде баға тұрақты. Ешқандай азық-

түліктің  бағасы  көтерілген  жоқ.  Әзірге 

сырттан тауар тасымалдап жатқан жоқпыз. 

Қымбаттаған күннің өзінде, сырттан келетін 

тауарларға 15-20 пайыз қосылса, отандық 

өнімдерге 7-8 пайыз үстеме қосылуы мүмкін. 

Қазір қалада 5 дүкеніміз бар. Алдағы уақытта 

тағы бесеуін ашу жоспарда бар, - деді  аталған 

сауда орнының менеджері Мария Нигай. 

Жақсылық Сапаралиев бұл жерде  көкөніс 

бағаларының төмен екенін атап өтті. Мұнда 

картоптың  келісі - 59, пияз – 49, қияр 65 

теңгеден сатылып жатыр. Ал қант келісі – 179 

теңгеден сатылуда. Мария Нигайдың айтуын-

ша, бүгінде қантқа ешқандай тапшылық жоқ. 

Келесі кезекте бақылаушы топ «Арзан» 

азық-түлік сауда орталығында болды.  Мұнда 

баға басқа дүкендерге қарағанда арзан екені 

байқалады.  Бастысы,  халыққа  ең  қажетті 

азық-түліктің бағасы тұрақты. Мәселен, қант 

келісі – 154, бір бөлке нанның бағасы – 40 

теңге,   жұмыртқаның бір данасы – 15 теңге 

тұрады екен. 

Сонымен  қат ар,  мұнда  мектеп 

оқушыларының дәптерлері мен қаламсаптары 

да жеңілдетілген бағамен сатылуда. 

Тексеру  аяқталған  соң  Жақсылық  Са-

паралиев қала дүкендерінде баға тұрақты 

екенін және бұл мәселе комиссияның жіті 

бақылауында тұрғанын атап өтті.  

Бүгінде  Тараз  қаласында  ірілі-ұсақты                  

500-ге  жуық  дүкен  бар.    Бұл  сауда 

орындарының барлығы комиссияның наза-

рында тұр. Азық-түлік мәселесіне орай, қала 

тұрғындарының алаңдауына еш себеп жоқ. 

Жол қауіпсіздігі басты назарда



 

„

Тараз қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары ерік Көшербаевтың 



төрағалығымен 2015-2016 оқу жылының басталуына орай жол қауіпсіздігінің 

жай-күйін пысықтау мақсатында комиссия отырысы өтті. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Жиынды  Ерік  Көшербаев 

ж ү р г і з і п   о т ы р д ы .   О л   ө з 

сөзінде  қаламыздағы  мектеп-

ке  баратын  жолдарда  әлі  де 

болса  кемшіліктердің  барын 

жеткізді.  Мәселен,  Құмшағал 

және  Шөлдала  алқаптарында 

мектеп  маңындағы  жолдар-

да  автокөліктер  аса  қатты 

жылдамдықпен  жүретіндігін 

ескертіп,  ол  жерлерде  жаяу 

ж ү р г і н ш і л е р   ж о л а ғ ы н ы ң 

жоқтығын  баса  айтты.  Бұл 

жағдай  мектепке  қатынайтын 

о қ у ш ы л а р д ы ң   ө м і р і н е 

айтарлықтай  қауіп  төндіріп 

тұрғандығын  атап  өтті.  Осы 

мәселе  бойынша  қала  әкімінің 

орынбасары  сала  мамандарына 

сол  жердегі  жол  қозғалысын 

реттеу  туралы  тапсырма  берді. 

Дегенмен,  қала  көшелерінде 

оқушылардың  қауіпсіздігін 

сақтау  мақсатында  қалалық 

білім  бөлімі  мен  ішкі  істер 

органдарының  қызметкерлері 

бірлесіп жұмыс жасау керектігін 

де ескертті. 

Отырыста сөз алған Ішкі Істер 

басқармасының өкілі, аға лейте-

нант  Болат  Мырзаев  басқарма 

тарапынан  мектеп  маңындағы 

тиісті  жол  белгілерінің  ор-

наласуы  тұрғысында  сарап-

тама  жасалғандығын  және 

орналаспаған кейбір аумақтарда 

орналастыру жұмыстары жүріп 

жатқандығын жеткізді. Сондай-

ақ  басқарма  тарапынан  әрбір 

инспекторға  аумақтар  беріліп, 

олар  өзіне  тиесілі  мектептер-

де  жол  қауіпсіздігінің  алдын 

алу  мақсатында  іс-шаралар 

жүргізетін  болады.  Соны-

мен  қатар  қыркүйектің  1-нен                        

бастап  жол  патрульдік  по-

лиция  қызметкерлері  мектеп 

маңындағы  әрбір  бұрылыста 

кезекшілік  жүргізетін  болады. 

Кезекшілік  ауысымдардағы 

с а б а қ   т о л ы қ   б і т к е н ш е 

жалғасатын көрінеді.

  Мұнан  соң  сөз  сөйлеген 

Тараз  қаласы  әкімдігінің  білім 

бөлімі  басшысының  орынба-

сары  Уәлихан  Байдуанов,  оқу 

жылының  басталуына  байла-

нысты  қалалық  білім  бөлімі, 

Ішкі  Істер  органдарының 

қ ы зм е т ке рл е р і м е н   т ы ғ ы з 

қарым-қатынаста  жұмыс жасап 

жатқандықтарын тілге тиек етті. 

-  «Қауіпсіз  жол»  акциясы 

барысында  арнайы  жоспар  жа-

салып,  қаладағы  барлық  мек-

тептерге  таратылып  берілді. 

Ендігі  жерде  сол  жоспарға 

сәйкес,  1-ші  қыркүйектегі 

тәрбие  сағаттарынан  бастап, 

«жолда жүру ережесі» пәні 1-4 

сыныптар  және  5-7  сынып-

тар  арасында  тұрақты  түрде 

жүргізіліп  отыратын  болады. 

Бұл пәннің арнайы бағдарламасы 

бар.  Сонымен  қатар  әрбір  мек-

тепте  арнайы  бұрыштамалар 

жасалып,  онда  бағдаршамның 

макеттері  қойылған.  Осы                                                 

бойынша  1  сынып  оқушылары 

үйреніп, дағдыланатын болады,-

деген  Уәлихан  Байдуанов                                      

1 сынып оқушылары ата-анасы 

келіп  алып  кетпейінше,  сыртқа 

шығарылмайтындығын жеткізді. 

Сондай-ақ  бөлім  басшысы 

орынбасарының  айтуынша, 

қазіргі таңда қала мектептерінде 

оқушыларды тасымалдайтын 10 

автокөлік  бар,  оның  6-ы  жаңа. 

Техникалық жағдайлары талапқа 

сай.  Мұнымен  қоса  Уәлихан 

Байдуанов өз сөзінде, Құмшағал 

алқабындағы  №56  мектептің 

алдындағы аялдаманы ауыстыру 

жөніндегі  ұсынысын  білдірді. 

Оның  себебі,  сол  аумақтың 

тұрғындары  аялдаманы  көңіл 

көтеретін  орынға  айналдырып 

алған.  Яғни,  жастардың  бас 

қосатын  орны.  Айтылған  бұл 

ұсыныс  жөнінде  қала  әкімінің 

орынбасары  алдағы  уақытта 

қаралып,  тиісті  жағдайлар 

жасалатындығын жеткізді.

Сондай-ақ  «Автотранссиг-

нал»  ЖШС-нің  өкілі  Виктория 

Пархоменко  қаладағы  мектеп 

маңында  қойылып  жатқан  жол 

белгілері  туралы  айтып  өтті. 

Биылғы  жылы  382  метр  «ле-

жащая  полиция»  орнатылған 

болса,  «Арай»  және  «Көктем» 

иіндеріндегі  оқушылар  мек-

тепке  қатынайтын  көшелерде 

бағдаршамдар  іске  қосылған. 

Дегенмен,  мекеме  тарапынан 

кемшіліктер  де  баршылық. 

Себебі,  жыры  бітпей  келе 

жатқан  Саңырақ  батыр  мен                                                                                       

Б а у ы р ж а н   М о м ы ш ұ л ы 

көшелерінің 4-бұрылысында 2 ай 

бұрын орнатылған бағдаршам әлі 

де болса іске қосылмаған. Бұл жер-

ден оқушылар мөлтекаудандарға 

жиі  өтеді.  Аталған  олқылық 

жөнінде мекеме өкілі алдағы апта 

ішінде қалыпқа келтірілетіндігін 

жеткізді. 


8

//   «ЖамБыл - Тараз»  //  №36 (1271), 2 қырКүйЕК   2015 Жыл  //

кӨкЖиек

тараз - тарихи мекенім

 

„

қазақстан республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерекесіне 




1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал