Бүгінде қала ішінде 41 мектепке дейінгі білім мекемелері бар. Одан бөлек 22 мектеп кешенінде шағын орталықтар жұмыс жасауда



жүктеу 0.9 Mb.

бет1/9
Дата12.09.2017
өлшемі0.9 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 №36 (1271)   2 қыркүйек  

 

2015 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

балалық базары

 

2 бет.

 

„

Бүгінде қала ішінде 41 мектепке дейінгі білім мекемелері бар. Одан бөлек 22 



мектеп кешенінде  шағын орталықтар жұмыс жасауда. 2015 жылға 1170 орын ашу 

жоспарланған болса, нақты уақытта жоспарға сай 730 орын ашылды. Білім күні 

мен Конституция мерекесі қарсаңында Таразда тағы бір балабақша бой көтерді. 

«Бәйтерек» мөлтек ауданында пайдалануға берілген «Еркеназ» балабақшасы аталған 

қос мерекенің қарсаңында бүлдіршіндерге есігін айқара ашып, 66 маманды жұмыспен                        

қамтамасыз етті.                                               



777  жаңа жұмыс орындары құрылды

2015 жылдың 1 қыркүйегіне  Тараз қаласында

Шаһардың үздік 

жас дәрігері 

анықталды

 

„

ақ желеңді абзал 



жандар сахна төрінде 

ән шырқап, күй шертті. 

адам жанының 

арашашылары өнерден 

құр алақан емес 

екендіктерін дәлелдеп, 

өнер әлемінде де 

өздерін жан-жақты 

көрсете білді. 

қыстың қамын 

жаз ойла

 

„

бау-бақшаның 



барын алып, банка 

жабудың бабын 

жасайтын тіршіліктің 

көзі -  алтын күздің 

уысында. Тосап 

қайнатып, салат 

дайындаудың сыры... 

 

8 бет.

 

11 бет.


қала-қарбалас

2

//   «ЖамБыл - Тараз»  //  №36 (1271), 2 қырКүйЕК 2015 Жыл  //



 

„

«баласағұн» мәдениет сарайында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен 



қазақстан республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шара 

өтті.

мәрТебесі биіК, мерейі үсТем 

лайықтылар марапатталды

Мерекелік медальдар табысталды. 

  

Суреттерді түсірген В.Алсуфьев.



 

„

«нұр отан» 



партиясы жамбыл 

облыстық 

филиалының 

мәжіліс залында 

«қазақстан 

республикасының 

Конституциясына 

20 жыл» мерекелік 

медалімен еңбегі 

еленген бірқатар 

азаматтар 

марапатталды.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Мерекелік  жиында  сөз  алған  «Нұр 

Отан»  партиясы  Жамбыл  облыстық 

филиалы төрағасының бірінші орынба-

сары  Берік  Масат  алдымен,  жиналған 

көпшілікті  ҚР  Конституциясының  20 

жылдығымен құттықтады. 

-   Б ү г і н д е   м е м л е ке т і м і з   бе н 

қоғамымыз  Ата  Заң  арқылы  көркейіп, 

өсіп келе жатыр. Біздің Ата Заңымызда 

барлық  мәселе  қалыс  қалмай,  түгел 

қамтылған.  Бұрынғы  Конституция  мен 

кейінгі  қабылданған  Конституцияны 

салыстыратын болсақ, кейінгісі адамның 

санасы  мен  қоғамның  құрылымына 

қозғау  саларлықтай  десек  болады.  20 

жыл  бұрын  қабылданғаннан  кейінгі 

жылдары  түзетулер  енгізілгенімен, 

негізгі  баптары  бастапқы  қалпында. 

Дегенмен, осы күнге жетуімізге Консти-

туциямызда  көзделген  заңдар  арқылы 

жеттік  десем  артық  болмас,-  деп  атап 

өткен төраға орынбасары алдағы уақытта 

жетістіктерге  жетуге  Конституциямыз 

негіз  бола  беретініне  сенімін  білдірді. 

Сонымен қатар, жиналған көпшілікті Ата 

Заңымызды құрметтеп жүруге шақырды. 

Мұнан соң медальға ұсынылған аза-

маттарды «Қазақстан Республикасының 

Конституциясына  20  жыл»  мерекелік 

м е д а л ь д а р м е н   м а р а п а т т а д ы . 

Марапатталғандардың қатарында «Нұр 

Отан» партиясы Жамбыл аудандық фи-

лиалы төрағасының орынбасары Нұрлан 

Несіпбеков,  №40  «Қазақтелеком»  АҚ 

бастауыш партия ұйымының төрағасы, 

Жамбыл  облыстық  телекоммуникация-

лар  дирекциясы  –  «Қазақтелеком»  АҚ 

филиалының  пайдалану-шаруашылық 

қамтамасыз  ету  орталығының  бас-

шысы  Байқасым  Ноғайбеков,  «Нұр 

Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары Балжан 

Пернебекова және «Нұр Отан» партиясы 

Байзақ аудандық филиалы төрағасының 

бірінші  орынбасары Нұржан Тлеповтар 

болды.  Сондай-ақ  өзге  де  бастауыш 

партия ұйымдарының жетекшілері мен 

белсенділері марапатталды. 

Айсана НҰРБАП

Салтанатты  жиынға  еңбек 

ардагерлері, облыс әкімі аппаратының 

қызметкерлері, мемлекеттік мекеме-

лер мен жеке меншік ұйым басшыла-

ры, өңірдің атқа мінер азаматтары мен 

қала тұрғындары қатысты. 

-  Конституция  күні  -  біздің 

еліміздегі  ең  ұлық  мерекелердің 

бірі.  Халықтың  жүрегінен  шығып, 

сынынан өткен Ата заңымызға жи-

ырма  жыл  толып  отыр.  Кез  келген 

мемлекет  өзінің  алғашқы  қадамын 

Тәуелсіздігімен қатар Конституция-

дан бастайды. Ұлы далада алаштың 

да өз дала заңдары болған. Бүгінде 

егемен елдің Ата заңы бабалардың 

даналығы  мен  қазіргі  заман  рухын 

бірлестіріп, үйлестірген құжат. Ата 

заң ұлттар мен ұлыстардың алаңсыз 

бейбіт  ғұмыр  кешуінің  дәнекері. 

Елбасымыз Қазақстан халқы бүгінгі 

Ата Заңымыздың жасаушысы, бұл тек 

жоғары заңды мәртебе ғана емес, ру-

хани адамгершілік қуат  беретіндігін 

бірнеше  рет  атап  көрсетті.  Біз 

бүгінде  еліміздің  негізгі  заңының 

ережелеріне сәйкес бейбітшілік пен 

келісімде  өмір  сүруге,  еркін  еңбек 

ету мүмкіндігіне иеміз. Қазақстанның 

барлық жетістіктері сөзсіз, Қазақстан 

Р е с п у б л и к а с ы н ы ң   Т ұ ң ғ ы ш 

Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевпен тікелей байланысты», 

-  деп  атап  өткен  облыс  басшысы 

Кәрім Нәсбекұлы, Ата заңымыздың 

тарихынан бастап, өркениеті өрістеп 

келе жатқан мемлекетіміздің басты 

мақсаттарын да тарқатып өтті.

С о н д а й - а қ ,   ж и ы н д а 

бірқатар  азаматтарға  «Қазақстан 

Республикасының  Конституциясы-

на  20  жыл»  мерекелік  медальдары 

табыс етілді. Бұл құрметке Қазфосфат 

ЖШС директоры Мұқаш Ескендіров, 

мемлекеттік  қызмет  істері  және  сы-

байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

Агенттігі  Жамбыл  облысы  бойынша 

департаментінің  басшысы  Мақсат 

Қожамбаев,  Жамбыл облысы Қазақстан 

халқы  ассамблеясы  хатшылығының 

меңгерушісі  Лариса  Лысовалар-

мен  қатар,  бірқатар  облысқа  белгілі 

жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 

шаруа қожалықтардың басшылары мен 

әр  түрлі  сала  мамандары  ие  болды. 

Бұдан әрі сот саласының ардагерлері де 

сөз тізгінін алып, мерекелік лебіздерін 

жеткізді. Шара соңы облыстық филар-

мония өнерпаздарының орындауындағы 

концерттік бағдарламаға ұласты. 

Балалық 


базары

 

„

Таразда тағы 



бір балабақша бой 

көтерді. «бәйтерек» 

мөлтек ауданында 

пайдалануға 

берілген «еркеназ» 

балабақшасы 66 

адамды жұмыспен 

қамтамасыз етті.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Бүгінде жалпы қала ішінде 41 мектепке дейінгі 

білім  мекемелері  бар.  Одан  бөлек  22  мектеп 

кешенінде 22 шағын орталықтар жұмыс жасауда. 2015 

жылға 1170 орын ашу жоспарланған болса, нақты 

уақытта жоспарға сай 730 орын ашылды. Ағымдағы 

жылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде 

«Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімі» КММ мектеп-

ке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім 

беру тапсырмасын орналастыру байқауы арқылы 

аталған орындар пайдалануға беріліп, оның ішінде 

Тұрысов көшесі  1 мекен-жайда орналасқан «Аю» 

(300 орын) , Төле би көшесінде «Анелек» (280 орын), 

Б.Момышұлы көшесінде «Балбөбек» (қосымша 25 

орын), Рахимов көшесінде «Нұрлы сәт» (қосымша 

45орын), Братская көшесіндегі «Алпамыс» (қосымша 

80 орын) балабақшалары іске қосылып, жұмыс жа-

сауда. Жалпы айтқанда, мемлекеттік балабақшаларда 

12410, жеке меншік балабақшаларда 2728, мектеп 

жанындағы шағын орталықтарда 2030, жеке меншік 

шағын орталықта 350 бала мектепке дейінгі тәрбие 

және  оқумен  қамтылып  отыр.  Жылдың  соңына 

дейін «Арай» алқабында 280 орынды бір балабақша 

ашу жоспарланып отыр. «Балапан» бағдарламасы 

аясында  пайдалануға  берілген  №43  «Еркеназ» 

балабақшасының ашылу салтанатына Жамбыл об-

лысы әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков, қала 

әкімі Нұржан Календеров, облыстық білім басқармасы 

мен қалалық білім бөлімінің басшылары,қаладағы 

балабақша меңгерушілері мен ата-аналар қатысты. 

Аталмыш балабақшаның құрылыс жұмыстары 2014 

жылдың сәуір айында басталған болатын. Құрылыс 

жұмысына бөлінген қаражат көлемі 472 999 мың 

теңге.  Мердігері «Арайстроймаркет-2003» ЖШС. 

Мекеменің жобалық қуаттылығы 280 орын. 12 топқа 

екі тілде дәріс беріледі. Балабақшаның ашылу салта-

натында бүлдіршіндер тақпақтарын айтып, би билеп, 

қуаныштарын өнермен жеткізді. 

- ҚР Конституция күні қарсаңында игі істің куәсі 

болып отырмыз. Пайдалануға берілген балабақша 

мемлекет басшысы бағдарламасының жемісі. За-

манауи үлгіде бой көтерген балабақша  сәбилердің 

жан-жақты жетіліп, оқып, тәрбиеленуі үшін барлық 

жағдай жасалған. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп 

белгілі жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, мем-

лекет басшысының ана мен балаға деген қамқорлығы 

халықтың тұрақты өсуін қамтамасыз етіп келеді. 

Жаңадан  бой  көтерген  балабақшаның  құрылыс 

жұмыстарына  ат  салысқан  барлық  азаматтарға 

алғысымды  білдіремін.  Еліміздің  ұрпағы  үшін, 

олардың жарқын келешегі үшін барлық жағдайды 

жасайтын боламыз,- деді облыс басшысының орын-

басары. 

Бұдан әрі «Арайстроймаркет» ЖШС директоры 

Маратбек Жетібаев салтанатты түрде балабақшаның 

кілтін табыс етті. Өз кезегінде сөз тізгінін алған ата-

аналар облыс басшылығына алғыстарын жеткізді. 


қала-қарбалас

3

//   «ЖамБыл - Тараз»  //  №36 (1271), 2 қырКүйЕК  2015 Жыл  //



 

„

№40  мектеп-гимназиясында қыркүйектің 1-і білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Cалтанатты 



жиынға қала әкімі  нұржан Календеров, қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлзия заурбекова, ата-аналар, 

оқушылар мен ұстаздар қатысты.

меКТепТерде алғаШқы қоңырау соғылды

Индира БАЙҚОНЫС

Онда  алғаш    сөз  алған  мек-

теп  директоры  Алекс андр                                                        

Гибнер оқушыларды, ата-аналарды 

мерекемен  құттықтап  мектептің 

жетістіктерін  атап,  алға  қойған 

мақсаттарды  айқындады.  Он 

бірінші сынып оқушылары бүгіннен                                                                  

бастап,  Ұлттық бірыңғай тестілеуге 

дайындық  жұмыстарын  бастау 

керектігін,  бұл  жауапты  сынаққа 

ұстазбен қатар, ана-аналар да бел-

сене араласуы маңызды екенін тілге 

тиек етті.

Мұнан  кейін  қала  әкімі 

Нұржан Сәбитұлы жиналғандарды 

мерекелерімен  құттықтап,  өткен 

жылы қала мектептерінің оқушылары 

жоғары жетістікке қол жеткізгенін 

сөз етіп, мектеп табалдырығын жаңа 

аттаған жас бүлдіршіндерге сәттілік 

тіледі.


-  Ағымдағы  жылы  білім  са-

ласына  14,2  млрд.  теңге  бөлінді. 

Мектептерді заманауи технологиямен 

қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі 

түрде жүргізілуде. Осы мақсатта 47,8 

млн. теңге бөлінді. 2015 жылы мек-

тептерге 1000 компьютер сатып алын-

ды. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен                                                                                                      

88,4 млн. теңге бөлініп, қаладағы 

16  мектепке  ағымдағы  жөндеу 

жұмыстары  жүргізілді.  Бұл 

жағдайдың бәрі                                                        сай-

ып келгенде, сіздердің сапалы білім 

алуларыңыз үшін жасалып отыр,- 

деді шаһар басшысы. 

Қала әкімдігінің білім бөлімінің 

басшысы  Гүлзия  Расылханқызы 

қала мектептерінің оқушылары мен 

педагогтарын жаңа оқу жылымен 

құттықтай отырып, жаңа жетістіктер 

мен табыстар тіледі.  

Мектеп  табалдырығын  алғаш 

аттаған бүлдіршіндер өлең, тақпақтар 

айтып, ән шырқады. 

Жиын  соңында  11  сынып 

оқушысы  Әлмир Әбілов пен 1 сынып 

оқушысы  Златослава Пряничнико-

ва күмбірлеген  күміс қоңырауды 

сыңғырлатты. Содан соң оқушылар 

ала жаздай сағынып көріскен парта-

ларына жайғасты. 

Жалпы, қала бойынша жаңа оқу 

жылында  мектеп  табалдырығын 

алғаш рет 8,5 мыңнан астам оқушы 

аттады.  

ата заң аясындағы 

алқалы жиын

 

„

м. үркімбаев атындағы жастар сарайында  



«қазақстан Конституциясына 20 жыл: бастауы, 

теориясы және қазіргі заманғы тәжірибесі» атты 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 

өтті

Айсана НҰРБАП

М.Х.Дулати  атындағы  Та-

раз  мемлекеттік  университетінде 

Оңтүстік  Қазақстан  облысы  және 

Жамбыл  облысының  соттарының 

ұйымдастыруымен  өткен  шараға 

Қазақст ан  Ре спубликасының 

Жоғарғы Сотының судьясы Нұржан 

Қайыпжан,  Қырғызстан  және 

Өзбекстан  сот  жүйесінің  өкілдері, 

Жамбыл  және  Оңтүстік  Қазақстан 

облысының судьялары, ардагер судья-

лар, сот қызметкерлері, жоғары оқу 

орындарының мұғалімдері, жергілікті 

құқық қорғау органдарының басшыла-

ры және БАҚ өкілдерін қосқанда 200-

ден астам адам қатысты. Халықаралық 

ғылыми-тәжірибелік  конференция 

барысында Конституция мен мемлекет 

басшысының бес институционалдық 

реформасы бойынша сот жүйесіндегі 

заңның  үстемдігін  қамтамасыз  ету 

туралы сұрақтар кеңінен талқыланды.

Жиында  Жоғарғы  Соттың  су-

дьясы  Нұржан  Қайыпжан  Жоғарғы 

Соттың  Төрағасы  Қайрат  Мәмидің 

қатысушыларға арналған құттықтау 

с ө з і н   ж е т к і з д і .   « Қ а з а қ с т а н 

Республикасының  Конституциясы 

–  заңмен  бекітілген  жалпы  ұлттық 

ой. Онда біздің ата-бабамыздың  өз 

тағдыры мен бостандығын басқару 

мүмкіншілігі  туралы  көрсетілген. 

Қоғамның  даму  бағыты  мен 

мақсатының  сілтемесі  болып  та-

былады.  Мемлекеттің  Ата  Заңын 

қабылдаған  уақыттан  бастап 

тәуелсіз  сот  пен  басқа  құқықтық 

институттарды  құру  жұмысы  ба-

сталды.  Конституция  адамдардың 

құқығы  мен  бостандықтарының 

с о т п е н   қ о р ғ ау ы н ы ң   ж а л п ы 

бағытын  анықтайды.  Сондықтан 

ол  мемлекеттегі  заңдылықты 

айқындайтын басты бағдаршамы» - 

деген Жоғарғы Соттың төрағасы өз 

хабарламасында. 

Қазақстан  халқымен  20  жыл 

бұрын жалпы халықтық референдум-

да  қабылданған  Ата  Заңы,  тәуелсіз 

Қазақстанның  гүлденуінің  басты 

себебі екенін ерекше атап өтті. Жиын 

барысында сөз алған облыс әкімінің 

орынбасары  Ерқанат  Манжуов 

мемлекетіміздің мәртебесі артып, тең 

құқықты жағдайда даму даңғылында 

келе  жатқандығы  айбынды  Ата 

заңымыздың арқасында жүзеге асып 

отырғандығын мақтанышпен жеткізді. 

- Көптеген мемлекеттердің Кон-

ституциясына бірнеше ғасырлардың 

жүзі  болды.  Ал  біздің  Конститу-

ция небәрі жиырма жылдың ішінде 

бейбітшілік  пен  тұрақтылықтың 

тірегіне айналды. Ата заңымыздың 20 

жылдығы мен Хандығымыздың 550 

жылдық мерей тойының қатар келуі де 

ерекше жағдай. Біздің ата-бабалары-

мыз осынау азаттық пен Тәуелсіздікті 

армандап өтті. Бүгінгі Ата заңымыздан 

сол  тарихи  арман-мақсаттардың 

негізі көрініс табуда,-деді өз сөзінде 

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректоры 

Махметғали Сарыбеков.

Ко н ф е р е н ц и я д а   Ж а м б ы л 

облыстық  сотының  төрағасы                                

Р.  Алшынбаев,  Оңтүстік  Қазақстан 

облыстық сотының төрағасы Нұрсерік 

Шәріпов,  Қырғызстан  Республи-

касы  Бішкек  қаласының  Октябрь 

аудандық сотының судьясы Қайсын 

Абакиров, Өзбекстан Республикасы 

Жоғарғы  Соты  жанындағы  Зерттеу 

орталығының бас кеңесшісі Төлеген  

Абдулгазиев, М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ  заң  факультетінің  деканы 

Қайрат Нурманбетов  өз баяндамала-

рын оқыды.

Жиын  соңында  конференцияға 

қатысқан  баяндамалардан  жинақ 

әзірленді.

Еңбектері еленді



 

„

қала әкімдігінің мәжіліс залында қр Конституциясының 20 жылдығына 



арналған салтанатты жиын өтіп, онда қала әкімі нұржан Календеров 

қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси өміріне 

қомақты үлес қосқан азаматтарды елбасы жарлығымен «қазақстан 

республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен және 

облыс әкімінің, мәслихатының, ассамблеяның құрмет грамоталарымен 

марапаттады.

Индира ТӘЛІПҚЫЗЫ

Ата  Заңымыздың  мерейлі 

мерекесімен  құттықтаған    Нұржан 

Сәбитұлы  өз  сөзінде,  Қазақ  елінің 

тарихында  Қасым  ханның  «Қасқа 

жолынан»  бастау  алған  бүгінгі 

Конституциямыз – Елбасы ұсынып, 

халық қолдаған тарихи маңызы аса 

зор құжат екенін тілге тиек етті.

-  Конституцияның  өзекті 

ережелеріне сүйене отырып, біз ел 

тағдыры үшін маңызды жаңаруларды 

жүргіздік:  нарықтық  экономика-

ны  құрдық  және  демократиялық 

қ о ғ а м н ы ң   н е г і з і н   қ а л а д ы қ . 

Еліміздің  үдемелі  дамығандығын 

біздің  қаламыздан  да  байқауға 

болады. Қаламызда индустриялық-

инновациялық жобалар жүзеге асы-

рылып,  әлеуметтік-экономикалық 

дамуы  мен  мәдени  өмірінде  оңды 

динамика орын алған. Осы орайда, 

еліміздің Конституциясы өңіріміздің 

әрі  қарай  өркендеуінің  табанды 

кепілі бола алады,- деді қала әкімі. 

  Мұнан  кейін  Қазақст ан 

Республикасының  Конституциясы-

на  20  жыл  толу  мерекесіне    орай 

«Мемлекеттік  әкімшілік  қызметші 

антының мәтінін және Мемлекеттік 

әкімшілік қызметшілердің ант беру 

тәртібін  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Ре спубликасы  Президентінің 

1999  жылғы  29  желтоқсандағы 

№319  Жарлығына  сәйкес  қала 

әкімдігінің  құрылыс  бөлімінің  бас 

маманы  Кемелбек  Мұсабеков  пен 

қала  әкімдігінің  жер  қатынастары 

бөлімінің  бас  маманы  Жасұлан 

Уәлихан ант қабылдады.

Қала  әкімі  Нұржан  Сәбитұлы 

«Қазақстан  Республикасының                 

Конституциясына 20 жыл» мерекелік 

медалімен  отыз  азаматты  мара-

паттады.  Олардың  қатарында  қала 

әкімдігінің  ветеринария  бөлімінің 

басшысы  Сәкен  Жұманқұл,    қала 

әкімінің бас                  инспекторы 

Қанатбек  Нұрланов,  әріптесіміз, 

«Жамбыл-Тараз»  газеті  редак-

циясы»  жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестігінің  бас  редакторының 

орынбасары  Ерман  Әбдиев  те  бар. 

Ал    облыстық  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  е стелік  төс 

белгісімен  Қалалық  мәслихаттың 

депутаттары Гулам Умаров, Руслан 

Кан,  Эльмира  Мырза-Ғали  мара-

патталды.

Қала  әкімінің  құрмет  гра-

мотасымен  Жамбыл  облыстық 

ф и л и а л ы н ы ң   ж ы л ж ы м а й т ы н 

мүліктерді  техникалық  тексеруді 

ұ й ы м д а с т ы ру   ж ө н і н д е г і   № 1 

бөлімінің басшысы Еркін Күдертаев, 

Жамбыл  облыстық  филиалының 

ж ы л ж ы м а й т ы н   м ү л і к т е р д і 

техникалық тексеруді ұйымдастыру 

жөніндегі  №1  бөлімінің  маманы 

Несіпбек  Егембердиев,  Жамбыл 

облыстық  филиалының  жылжы-

майтын  мүліктерді  техникалық 

тексеруді  ұйымдастыру  жөніндегі 

№2  бөлімінің  маманы  Дәулет 

Дәуренбеков марапатталды.

Сондай-ақ  салтанатты  жиында 

шаһар  басшысының  қолынан  Ма-

дина Маратова, Елдос Батырбекұлы 

және  Ержан  Әлібек  алғашқы  жеке 

куәліктерін алды. 

армысың, алтын ұя мектебім! 

  

Суретті түсірген В.Алсуфьев.



Мереке

4

//   «ЖамБыл - Тараз»  //  №36 (1271), 2 қырКүйЕК 2015 Жыл  //



Даланы бөлеп ән-күйге

 

„

Тараз қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қр Конституциясының  20 жылдық мерекесіне орай қр Тұңғыш президенті 



саябағында сайын даланы жырға бөлеп, ән кешін өткізу әдетке айналған.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Қала тұрғындары әр жұма сайын ел-

басы  саябағына  көгілдір  аспан  астында 

ән тыңдап, көңіл сергітуге асық. Кезекті 

«Мәңгілік  ел  –  асқақ  әнім!»  атты  ән 

кешінде  «Шың»  фольклорлық  ансамблі 

өзінің  концерттік  бағдарламасын 

ұсынды.  Сахна  шымылдығы  Гүлнәз 

Мамыралимованың  «Мен  қазақтың 

қызымын» атты өлеңімен түрілді.

Қ а з а қ т ы ң   ұ л т т ы қ   а с п ап т а р ы н 

әуелете  көтеріп,  дәріптеп  жүрген  ан-

самбль  қылқобыз,  сазсырнай,  сыбызғы, 

шаңқобыз,  домбыра,  даңғара  сынды 

түрлі  аспаптардың  дыбысталуымен 

таныстырып,  сан  алуан  күйлердің 

ырғағына  салып,  сан  алуан  күйлерден 

үзінді  келтірді.  Ансамбльдің  мүшесі 

Гүлмира  Сабалиева  қылқобызда  «Аққу 

күйін»  нақышына  келтіре  орындады. 

Сондай-ақ,  жиналғандар  «Дайрабайдың 

күйі  Дайрабай»,  «Қарасай»,  «Адай», 

«Көроғлы», «Шернияз», «Сылқым қыз»  

сынды  күй  шертіп,  орындаушылардың 

сүйемелдеуімен көрермендер «попурри» 

де шырқады. 

Кеш  соңында  Казкоммерцбанк  «Құс 

жолы»  корпоративтік  қайырымдылық 

қорының  Жамбыл  облысы  бойынша 

«Даму»  кәсіпкерлікті  дамыту  қорымен 

бірлесе мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер 

арасындағы    «Жұлдыздарға  қара»  атты 

конкурсының  бірінші  бөлімі  бойынша 

нәтижесін шығарды. Олар білім беру,  дені 

сау отбасы,  қоғамдық бастама, мәдени 

капитал  сынды  негізгі  4  бағдарлама 

бойынша  жұмыс  атқарып  жатыр.  Жоба 

қазылар  алқасының  құрамымен  жүзеге 

асырылып,  жүзден  жүйріктерге  сый-

сияпат тапсырылды.

Дәл  осындай  салтанатты  кештің 

жалғасы  29 тамыз күні «Тараз толқыны» 

атты  үрмелі  аспаптар  оркестрлерінің  

фестивалімен жалғасын тапты.

Мерекелік  іс-шара  үрмелі  аспап-

тар  оркестрлерінің  шеруімен  бастал-

ды.  Шеруге    Қазақстан  Республика-

сы  Ішкі  Істер  Департаменті  ұлттық 

гвардиясының №5513 бөлімінің «Әскери 

керней» үрмелі аспаптар және «Оңтүстік» 

өңірлік  қолбасшылығының,  сондай-ақ,  

№85395  әскери  бөлімінің  оркестрлері  

«Баласағұн»  орталық  концерт  залының 

алдынан   саябақтағы орталық арканың 

алдына  дейін музыка әуенін ойнап келіп, 

дефеле жасап сахнаға көтерілді.

Жиналғандардың  көңілін  бей-

жай  қалдырмаған  о сынау  көрініс 

көрермендерді  ән  -  әуеннің  құшағында 

тербетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сахнада  сондай-ақ  «Жібек  жолы» 

халықтық  эстрадалық  оркестрі  де 

көпшіліктің назарына өз өнерін ұсынды. 

Концерттік  бағдарлама    барысында 

фестивальге  қатысқан  оркестрлер  ке-

зектесе өнер  көрсетіп, жиналғандардың 

құрмет-қошеметіне бөленді.

Ал 30 тамыз күні де осы саябақтың 

амфитеатрында  «Домбыра-пати»  іс-

шарасы өткізілді. 

Бұл    думанды  кеш  жалпыхалықтық 

саз құралы ретінде домбыраны,  ұмытыла 

бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге 

айналдыру және ұлттық өнерді насихат-

тау мақсатында қолға алынған.

Қазақтың  салт-дәстүрін  жаңғыртқан 

игі шараға ұлт-аспаптық өнер ұжымдары 

мен  домбырада  ойнайтын  барлық  қала 

тұрғындары алдын-ала берілген хабарла-

малар бойынша  шақырылыпты. 

Саябақ  алаңқайының  жан-жағына 

орындықтар  қойылып,  өнерпаздар  ор-

наласып,  домбыраның  құлағында  ойна-

ды.  Бұл  күн  «Нағыз  қазақ  қазақ  емес, 

нағыз  қазақтың  домбыра»  екендігінің 

дәлеліндей  болды.  Ұлттық  нақышпен 

ұштастырыла  отырып  безендірілген 

сахна  төрінде  қос  ішектің  шанағынан 

күмбірлей  төгілген  ән  мен  күй  даланы 

әсем әуенге бөледі.  

Тәттімбет,  Дина,  Сүгір,  Түркеш, 

Қазанғап, Нұрғиса Тілендиев, Әбдімомын 

Желдібаев сынды қазақтың күй өнерінде 

өз орны бар тұлғалардың туындылары на-

зардан тыс қалмады. «Шың», «Қарахан», 

«Өрлеу», және де тағы басқа да ұлттық 

өнер ұжымдары мерекелік іс-шараның өз 

дәрежесінде өтуіне атсалысты. 

Б а ғ д а р л а м а   б о й ы н ш а   к ү й                                          

тартысты  өнер  ұжымдары  бастап,  әрі 

қарай жеке орындаушылар жалғастырды.  

Домбыраның  қос  ішегінде  ойнағандар 

кешті «Көңіл ашар» күйімен аяқтады.

бостандықтың күлімдейді жазы алдан

 


5

//   «ЖамБыл - Тараз»  //  №36 (1271), 2 қырКүйЕК  2015 Жыл  //

Мереке

Әскери бөлімдегі әсерлі кеш




  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал